Қазақ шежіресі түсінігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Пән: Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Қазақ тарихы - шежіре
Орындаған: Тынысбек Н.З.
Тобы: 101 ЕШТ
Тексерген: Адилова Ф.А.
Алматы 2024
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
Қазақ шежіресі түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Қазақ шежіресі туралы ойлар мен жазбалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
Кіріспе
Шежіре (арабша шаджарат -- бұтақ, тармақ) -- тарих ғылымының халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми Шежіре барлық халықтарда кездеседі. Ресей, Германия,Англия, Франция және көптеген шығыс елдерінде Шежіренің көп томдық жинақтары шыққан. Башқұрт, өзбек, түрікмен, қырғыз, Сібір халықтарында Шежіре дерек көздері ретінде молынан кездеседі. Шежірені шежіреші қарттар ауызша таратып отырған. Сондықтан оны кейбір ғалымдар далалық ауызша тарихнама (ДАТ) деп те әспеттейді. Кеңес өкіметі заманында Қазақстанда Шежірені зерттеу, оны тарихи дерек ретінде пайдалану идеологиялық саясат әсерінен көп қолға алына қойған жоқ. Дегенмен,Х.Арғынбаев, М.Мұқанов, В.Востров, т.б. этнолог ғалымдар еңбектері тарапынан ішінара көрініс тапты. Жалпы Шежірені жинақтаған көнекөз қариялардың көмегімен қазақтың ру-тайпаларының өткені туралы біршама мәліметтер алуға болатындығы 18 ғасырда белгілі болды. 18 -- 19 ғасырларда мұндай Шежірелердің біразын Н.Аристов, А.Левшин, В.Григорьев, Л.Мейер, П.Рычков, М.Тевкелев,Н.Гродеков, И.Андреев, Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин, Ә.Диваев,т.б.зерттеушілер жазып алып, ғылыми айналымға енгізді. Алынған жинақтар Шежіре деректері орта ғасырлардан бастау алатындығын, тіпті жекелеген нұсқалары Адам атадан басталатындығын айқындады. Кейбір Шежіре нұсқалары ортағасырлық деректемелермен де ұштасып жатты. Рашид әд-Дин, Ұлықбек, Әбілғазы, Бейбарыс, ибн Халдун, т.б. көптеген ортағасырлық авторлардың еңбектерінде белгілі бір тұлғалардың, ру-тайпалардың, халықтардың шығу тегі таратылып, бірнеше ұрпақтар алмастығы өрбітіліп отырды.
Қазақтың шежірелік мұрасына қатысты пайымдаулардың түйіні мынаған саяды:
Қазақстан тарихын жазу барысында Еуразия көшпелілері туралы, оның ішінде түркі тілдес халықтар жайында жазылған байырғы және ортағасырлық еңбектердің баршасы тілі мен діліне қарамастан қаперде болып, ғылыми сараптан өткен деректер рухани айналымға түсуге тиіс.
Еңбектері шежірелік сипатта жазылған, әсіресе Алтын Орда ұлысынан бергі кезеңді тілге тиек еткен төл авторлардың еңбектері Қазақстан тарихы үшін аса құнды дерек көзі болып табылады.
Қазақтың фольклорлық мол мұрасындағы (тарихи өлең-жырлар, аңыз-әңгімелер, шежірелік баяндар, мақал-мәтелдер, т.б.) деректерді өмір шындығымен шендестіре отырып, Қазақстан тарихының мазмұнын байытатын қыруар мағлұмат сүзіп алуға болады.
Негізгі бөлім
1.1 Қазақ шежіресі түсінігі
Қазақ шежіресінің жазылу тарихы және деректік құндылығы Отан тарихының өн бойында талай өліп, талай тірілген халқымыздың соңғы ғасырлар бедерінде де аласапыран азаптар мен тауқыметтерді бастан молынан кешкенін соңғы жылдарда ғана тәуелсіздік алғалы ашық айтуға мүмкіндік алдық. Қазақ тарихында жабулы қазан күйінде қалып келген салалардың бірі - шежіре тарқату еді. Қазақ арасында ежелден жалғасқан үлгісі бар бұл дәстүрге патша үкіметі қазақ жерін жаулап алысымен-ақ айырықша көңіл аударып, отарлауға көмегі тиеді деген ниетпен оны жинау үшін жер-жерге экспедициялар аттандырған. Орыс зерттеушілері: А.Левшин, В.Вельяминов-Зернов, Н.Аристов, А.Харузин, Т. Е.Грумм-Гржимайлолар жазып алған қазақ шежірелері бірталай ғылыми тұрғыда құндылығынан басқа-түптің түбінде алысты көздеген пиғыл, кімнің қай руға жататындығын анықтау арқылы оларды бір-біріне айдап салу, сөйтіп отаршылдықтың бөлшекте-де, билей бер дейтін сынынан өткен ұранын жүзеге асыруға бағытталған саясат үшін керек болған сияқты. Осы орайда қысқаша болса да шежіре сөзінің шығу төркініне тоқтала кетсек, бұл ретте шежіреде басқа атаулар секілді екі бағытта төркіндетіледі. Оның бірі-халықтық этимология. Бұл бойынша, шежіре -шеш және іре деген екі сөзден құралып, халықтың шығу тегін тарата шешіп, бөлшектей саралайтын атауды жасаған секілді. Ал, кейін шежіре айтылуы, естілу заңдылықтарына қарай шежіреге айналғанға ұқсайды.
Екіншісі - ғылыми тұжырым. Ол бойынша, шежіре сөзінің шығу төркіні арабтың-бұтақ, тармақ деген мағана беретін шат-жарат дейтін көрінеді.
Жалпы, шежіре қазақ қоғамында белгілі бір функционалды қызмет атқаратын көшпелілер қатынасының институты деп білеміз. Осыны дәлелдеу үшін, шежіре ұғымының мағанасын анықтау керек.
Шежіре сөзі дұрыс түсінілмейтін тәрізді. Ғылымда осы жөнінде екі-үш түрлі пікір бар. Басым көпшілігі, шежіре араб тіліндегі шат-жарат, яғни, ағаш сөзінен шыққан, арабтарда ата-тек, ағашы және іре сөздерінің бірігуінен пайда болған сөз дейді. Шежіре сөзінің семантикалық мағанасын анықтап, терминологиялық тұрғыдан бекітуде үлкен мән бар. Қазақ халқында қолданылатын шежіре арабтарда шартты түрде екі сөздің изафеттік тіркес түрінде аш-шаджарат аннысб деп қолданылады.
Шежіре сөзі -- қазақ, қалмақ, татар, башқұрт, ноғай, алтайлық, көшпелі өзбектер және басқа көшпелі халықтарға ортақ. Осы халықтардың сөздіктеріне сәйкес, шежіре монғол, тува, алтай, қалмақ, ұйғыр, көне түркі тілдерінде кеуде, жад, жадында сақтау, есте сақтау, шығарма мағыналарында қолданылатыны белгілі. Бұл сөз көрсетілген этностардың тіл ерекшелігіне байланысты өзгешелеу айтылса да, сөз түбірі бар. Салыстырсақ, шежіре, цээжер, шээжиллээр, шасар, чээджер дасх деген түрлі атаулар шығады.
1.2 Қазақ шежіресі туралы ойлар мен жазбалар
М. Ж. Көпейұлы өз сөзінде: Біздің бұл қазақта тасқа таңба басқандай анық шежіре жоқ. Оқуға сенген ұмытшақ" деп оқуды керек қылмаған. „Жазуға сенген жаңылшақ" деп жазуды керек қылмаған. Оқу мен жазудың жоқтығынан жазылған шежіре болмаған. Естігенін ұмытпайтұғын құлағының тесігі бар, кеудесінің есігі бар, ұқпа құлақ жандар болған. Сондай жандардың айтуымен кеудесі хат, естігені, көргені жад болған қариялар кейінгіге ауыздан-ауыз алып айтумен үлгі-өсиет қалдырған" деуі көшпелі халықтардың ұғымында адамның кеудесі, ақпарат жиылатын құбылыс ретінде көрсетіледі. Бірақ, ең бастысы, М.Ж.Көпейұлы өзінің тарихи шығармашылығында шежіре сөзін тек бір жұқа генеологиялық тізбе ретінде көрсетпей „шежіре" ұғымының астарында „тарих" ұғымына жататынын көрсетеді. Шежіре-ерекше этномәдениеттік құбылыс, ол көшпелі қоғамда өзіндік институционалды және функционалды қызмет атқаратын, көшпелі этностардың қоғамдық-саяси жүйесінің қажетті бөлігі. ХХғ. зиялыларымыздың бірі -- А.Байтұрсынов: „Шежіре-өткеннен дерек беретін сөздің бір түрі. Шежіреде уақиғадан гөрі өткендердің түс, туысы көп айтылады"-дейді. Халқымыздың белгілі қайраткерлерінің бірі, тарихшы М.Тынышбаев: „Қазақ халқының әрбір руының генеологиясын алдын ала зерттемей, сондай-ақ, оның қай кезде, кіммен қақтығысқанын анықтап алмай, қазақ халқының тарихи тағдырының жалпы бітімін елестету мүмкін емес" деп, ол әрбір рудың генеологиясына хронологиялық ретпен қысқаша түрде тоқталып өтеді. Осындай тұжырымға келген ол қазақтың шежіресі туралы қазақтың өзінен артық ешкім білмейді деген ой қорытады. Өйткені шежіре-халықтың атадан қалған асыл мұрасы, қасиетті тарихы. „Шежіре" (шад-жарат-бұтақ, тармақ)-халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы. Шежіренің мақсаты-лек-легімен дүниеге келіп жатқан ұрпақтарымыздың: „Біз кімбіз, қайдан келдік, ата-тегіміз кім, олар қандай жерді мекендеген, қандай ел болған? Қандай мемлекет құрған немесе қандай мемлекеттің құрамында болды? Бабаларымыз адамзат тірлігіне қандай үлес қосқан, дүниежүзіне мәшһүр ғылым, жауынгер-жаһангер, жаһанкез бабаларымыз болды ма?" деген сауалдарға жауап іздейді. Бұл деректерге қарағанда, қазақтың абыздары ескі замандағы оқымысты бақсылардың дәстүрін соңғы заманға дейін сақтап келген, солардың қалдығы деуге болады деп Ә.Марғұлан жазады. Ауызша тарих айту дәстүріне байланысты терминдердің этимологиясын талдау -- шежіре зерттеуде қолданылатын категориялардың түркі шығу тегін анықтаумен байланысты, шежіре, шежіреші, шешен, қария, абыз деген дей сөздердің семантикасына қатысты. Шежірешілер өздерінің аса орнықты қалыптағы есте сақтай білу қабілеттеріне сәйкес мол тарихи мирасты келесі ұрпаққа жеткізушілер және өздері ғұмыр сүріп отырған кеңістікте баршаның зердесіне жеткізушілер. Қазақтың әрбір ру-тайпасының, әрбір жүздің өз шежіресі болды. Бұл шежірешілер қазақтың байырғы күнтізбесін ай, күн есептерінде, әдет-ғұрып, салт-сана заңдарын да жақсы білген. Кейін келе осы ауыздан-ауызға көшіп келген ауызекі тарих-шежірелер қауырсын қаламмен жазылып, ру басылары мен билердің, хан-сұлтандардың қолында сақталатын болған. Қазақтар ішінде әрбір отбасының өз шежіресі болуымен бірге, әр ру, тайпа және жүздің өз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz