Абайдың философиялық ойлары


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Ғылыми Жоба: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕ АБАЙДЫҢ КӨРКЕМДІК МҰРАСЫН НАСИХАТТАУДЫҢ АУДИОВИЗУАЛДЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Дайындаған студенттер: Мақсат Рахымберді
Мерей Ақылбек
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Абай шығармаларының Орталық Азия елдеріне ғаламтор арқылы насихатталуы . . . 5
2. 2 Абайдың философиялық ойлары . . . 10
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 16
Аңдатпа
Л. Н. Гумлев атындағы Еуразия Ұлттық Университетің студенттері Мақсат Рахымберді мен Мерей Ақылбектің «Орталық Азия Елдерінде Абайдың Көркемдік Мұрасын Насихаттаудың Аудиовизуалды Ерекшеліктері» атты ғылыми жобасы бүкіл әлемге танымал Абай Құнанбаев атамыздың шығармаларын Қазақстанмен көршілес елдерге ұсынылған аудиовизуалды ерекшеліктеріне тереңірек тоқталып, саралау.
Ізденушілер Абайдың шығармаларын заманға сай жасылынған қырларын жеке-жеке қарастырып, олардың тәрбиелік, үгіт-насихаттық жақтарына басым берген.
Абайдың ел саясатына араласуы, оның қазақ халқын сауатты, көзі ашық елге айналдырсам деген ұлы мақсаты аудиовизуалды бағытымен жасалған тың дүниелер халыққа қандай әсер сыйлаған білу.
Ақынның ел басқару ісіндегі дана көзқарастары мен қара сөздеріндегі ұлағатты ой түйіндері оның шығармаларының негізгі арқауы болып тарқатылады. Абайдың әрбір сөзі қиюын тауып шебер қиыса байланыса отырып, терең мағынаны білдіреді, жақсылыққа үндейді. Сол себепті Абайдың сөздері Орталық Азия халықтарына берері көп.
Кіріспе
Абай туралы сөз айту, не болмаса сөз жазу бір жағынан оңай да, екінші жағынан өте қиын. Абайды оқуға кімнің болса да ынтасы зор және одан әркім өзінше, нәр алып сонымен бірге оны өзінше қабылдайды. Абай кімнің болса да жүрегіне еніп оған өшпес із қалдырады. Абай туралы әркімнің өз түсінігі бар, сондықтан әркімнің өз ойы бар. Абай әлемі жатқан бір тұтас дүние. Ол-бүкіл әлем болмысын қамтиды. Сондықтан Абай шығармаларынан бүкіл әлемнің сырын түсініп, керемет құпиясын көре аламыз. Ол үшін оны көретін жүрек көзі болу керек. Абай туралы ой айтудың, не болмаса сөз жазудың қиындығы осында жатыр деп ойлаймын.
Абай тұлғасының ұлылығын, асқақтығын сезіну үшін оның рухани әлемін тұтас қамтыған тұста ғана, ақынның шалқар жан дүниесінің ұлылығына көзімізді шын жеткізе аламыз. Сонда ғана ұлы ойшыл ақынымызды ардақтау ғана емес сонымен бірге оның ұлы мұрасын өмірде кеңінен қолданып өз өмірімізді соған үйлестіруге мүмкіндік туар еді.
Абай шығарамаларын бір рет қана оқып қоймақ түгілі, тіптен оның шығармаларын жаттап алу да аз, мәселе, оны түсінде. Абай адам санасы кемелденіп толысқан сайын түсінікті бола бастайды. Әр ұрпақ абайдан өз түсінігін табады.
Абайдың асыл мұралары қазір де өзекті жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды құрал болып отыр. Ендеше бүгінгі ұрпақ біз үшін Абай-ұлы ұстаз ал оның мұралары“Мәңгілік елдің таусылмас асыл қазынасы” Өлді деуге сыя ма ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған - деп ақынның өзі айтып кеткендей Абай бүгін жарқын бейнесімен жалынды жырымен нақыл сөздерімен бізбен бірге жасасып келеді.
Ұлы Абай-қазақ халқының руханияты мен мәдинетінің символы. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты ал даналығы қазіргі заман мен үндес. Абай шығармашылығымен танысу сананы оятып ойға ой қосады жаңа көңіл күй мен сезімге бөлейді асыл армандарға жетелейді өзіңді өзің талдап тазартуға итермелейді.
Қазіргі кезде елімізді толғандыратын мәселелердің бірі жастарды адамгершілікке, әдептілікке, адалдыққа, имандылыққа баулу. Сондықтан мен осытақырыпты таңдауға шешім қабылдадым. Ел жұрттың болашағын ойлап халықты ауыр тұрмыстан азаптан құтылудың жолын меңзеп оқу-білімге шақырған адамның сол кездегі жаман қасиеттерінің бәрін санап атап көсетіп содан арылуға жақсылықты өн бойына жинауға яғни тәрбиеге көп көңіл бөлген. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашу сияқты рулық тартым бітпейтін дау-жанжал елдің сиқын бұзатынын еш мақсатсыз бос жүрген халықты көріп қатты қынжылған. Ел ішіне іріткі салатын өтірікпен мал жиып байыған би-болыстарды өлеңмен шенеген Қазақ даласында қазіргі психологтя ғылымы тұрғысынан бірінші болып Абай «адам» деген ұғымға анықтама берген Адам-ұғымы-педагогика мен психология ғылымында негізгі пәндік ұғым.
Абайдың адамгершілік идеалы мұраты принципі-қысқаша ғана «Адам бол» деген формулаға тұжырым. Адам болу-кісіліктің кісісі шын мәнінде азамат болу қара бастың қамы тіпті бүкіл адамзаттың қамын ойлайтын өзін өзі зор тұтып надандарды менсінбейтін дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын азамат болу. Абай қазақ жастарын жел өкпе әр нәрсеге көрсе қызыр болмай өнерді үйренуге табиғатты тануға ғылыми көзқарасқа негізделген тиянақты білім алуға үндеді. Жастардың мінез-құлық адамгершілік тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.
Абай Тез үйреніп тез жайма,
Жас уақытта көңіл-гүл деп жазған
Зерттеу мақсатым, Абай Құнанбайұлының айтып өткен ақыл өсиеттерін айта отырып жастардың қабілетін айқындап әдебиет сахнасына тағы да Абайдай текті даналарды оятқым келеді және де Абайша қара өлең ұйқасымен бүгінгі таңда қолыма алған өлең жинақтарымды шыңдай түстім нәтижесінде Хакім Абай атты өлеңім халықаралық сайыстарда топ жарып жастар арасына тарала білді.
Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған "кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобаға жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы "Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.
“Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс”, -Н. Ә. Назарбаев.
Негізгі бөлім
2. 1 Абай шығармалары Орталық Азия елдеріне ғаламтор арқылы насихатталуы.
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Өр Абайдың төтеген кім бетіне.
Ақын атын таратқан әрбір тұсқа,
Өлеңменен өлмейтін салған нұсқа.
Арғын, найман сөзіне таңырқаған,
Қандай арман бар дейсің бұл туыста.
Ж. Жабаев.
Бүгінде Абай есімі әлемнің үздік ақын, жазушыларымен қатар жазылады. Шекспир, Гете, Пушкин сынды ұлы тұлғалармен есімі қатар аталуы, ақынның шығармаларының сыры, мәні тереңде екенін аңғартады. Бұған дәлел Финлияндиядағы “Qide Oy” компаниясына тиесілі «Central Asia Guide» сайтына Абай туралы мақала жариялаған. Дерек көзі; https://central-asia. guide/kazakhstan/kazakh-culture/kazakh-people/abai-kunanbaev/
Сайтта Орталық Азия мемлекеттері туралы ақпараттар таратылады. Бес мемлекетің (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан) салт-дәстүрі, туризм саласы, сондайық ұлы тұлғалары туралы деректер жарияланған. Абай атамыздың отбасы, атқарған қызметі, еңбек жолына қатысты көз қарастарын білдірген. Әсіресе, орыс жазушыларының еңбектерін қазақ тіліне аударма жасауына ерекше мән берген.
Одан бөлек, әлемдік үздік ақындарының өлеңдерін жариялаушы «ALLPOETRY. COM» сайтында Абайдың шығармаларын (өлеңдерін, әндерін) ағылшын тіліне аударып жариялаған. Дерек көзіне сілтеме; https://allpoetry. com/Kunanbaev-Ibragim-Abai
Көзімнің қарасы әнінің аудармасы
«Жаз» өлеңі
Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған . . . ») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері - «Йузи-рәушән», екіншісі - «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 - 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы - «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі - өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі - ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі - өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.
Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік - шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің - сезім мен қыйсынның, түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.
Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы - жүйеге бейімделген біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге қасиеттік деп саналатын- арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық, жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда, Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.
2. 3 Абайдың философиялық ойлары
Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.
Кемелдену, жетілу - адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай. Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол - рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді.
Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі - женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл - адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.
Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді.
Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы философиялық шығармасы жоқ. Дегенмен, Абайдың көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында "… адам мен адамгершілік, ар, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз. Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде, 1920-30 жылдарда ақынның идеялық мұрасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, «Абай философиясын» діншілдігі басым әдеттегі буржуазиялық идеалистік философияның жамап-жасқаған біртүрі деп дәлелдемек болушылар да табылды [2, 26] . Көрнекті мәдениет қайраткерлері мен жазушылар: С. Мұқанов, - Абай бұл сөздің ұнамды мәнінде ең озық реалист-суреткер болды және сонысы үшін де біз оны құрмет тұтамыз, сондықтан да оның әдеби мұрасы біз үшін баға жетпес байлық болып табылады, тап солай болғандықтан да қазақ халқы Абайды өзінің аса ірі ұлттық ақыны деп біледі»
Ақын шығармалары 19 ғасырда да Қазақстанда демократиялық қоғамдық ойдың қалыптасып, дамуына негіз болған басты-басты идеялық үш қайнардан нәр алды:
1) қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен замандардағы жазба ескерткіштерінен сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр;
2) ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары;
3) орыстың материалистік философиясы мен демократиялық мәдениеті, сол арқылы дүниежүзілік (ең алдымен Батыс Европаның) философиялық ойдың жетістіктері.
Әуезов бұл идеялық бағыттарды бір-бірімен табиғи ұштасып, жалғасып кететіндігін айта келіп, Абай дәуірі үшін осылардың ішінде үшінші қайнармен, орыс классиктерінің шығармаларымен таныстықтың маңызы аса зор болғанын, Қазақстандағы қоғамдық ойдың болашақта жандана түсуіне ықпал еткенін атап көрсетті.
Ғалым Абайдың орыс әдебиетімен және философиялық озық ойымен байланысын оның аударған шығармаларының санымен немесе оған революционер демократтар идеясы ықпал етті деген қарапайым түсініктерді еске алумен ғана дәлелдемек болған «жеңіл-желпі, қара дүрсін пікірлерге» қарсы шықты. Ол Абай шығармашылығының өткен заман ойшылдарының теориялық мұраларымен байланысын анықтайтын мәселелердің тым тапшы зерттелгеніне өкініш білдірді; Абайдың орыс әдебиетіне ғана емес, сонымен қатар адамзаттың бүкіл рухани мәдениетіне қатынасын тұтастай даму үстінде «орыс және қазақ халқының байланыстарын сол кезеңнің мазмұнын анықтайтын саяси оқиғалармен тығыз органикалық байланыста карастыратынының» методологиялық маңызы аса зор [3, 148-149 б. ]
Өз заманының ғұламасы болған Абай көптеген орыс жазушылары мен философтарының, әсіресе, А. С. Пушкиннің, М. Ю. Лермонтовтың, И. А. Крыловтың, В. Г. Белинскийдің, А. И. Герценнің, Н. Г. Чернышевскийдің, Н. А. Добролюбовтың шығармаларын оқып, зерттеді, орыс революционер-демократтарының озық ойы, оның дүниетанымының қалыптасуына үлкен ықпал етті.
Ойшыл-ақын ежелгі заман философтары Сократ, Платон, Аристотель, сондай-ақ, Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен де жақсы таныс болды; Батыс Европа философиясын, дәлірек айтқанда Р. Декарт, Б. Спиноза, Г. Спенсер, Л. Фейербах еңбектерін оқыды: « . . . өзінің рационалдық философиясын Абай кездейсоқ жасай салған жоқ, алдымен осындай бай мектептердің оқуынан өтіп алып, сөйтіп, бұларды өзінің творчестволық өңдеуінен өткізген соң ғана жасай алды» [4, 141-б. ]
Ол Ч. Дарвиннің даму теориясы мен анатомиялық ілім негіздерін білді. Абайдың жаратылыстану ғылымындағы білімінің кеңеюіне орыстың материалистік психологиясы, нақтырақ айтқаңда И. М. Сеченов пен К. Д. Ушинский еңбектері маңызды қызмет атқарды. Ақынның дүниетанымына сол кезеңде Семейде тұрған, саяси аударылған адамдарымен достығы игі әсерін тигізді. Олардың арасында Е. П. Михаэлис, Н. И. Долгополов т. б. демократтардың идеясында тәрбиеленген алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдері бар еді. Абайдың көптеген өлеңдерінде терең философиялық ойлары, табиғатқа, таным, ақыл жайлы толғаныстары көрініс тапқан.
(Абай және рухани бостандық мәселесі)
Адамзаттың тарихы - Рухани Бостандықтың тарихы.
Әлмисақтан бері ақыл иесінің Сыртқы Дүниенің, Ішкі Әлемнің, Қоршаған Ортаның өктемдігіне қарсы күресі еш толастаған емес. Дін де, Мемлекет те, Қоғамдық құрылымдар да оның "жан бостандығына" (Абай) ұмтылған құштарлығын қанағаттандырмаған. Өктемдіктің жолы күшейіп, оның тамыры "үкімет зорлығы" (Абай) арқылы рухани тәуелділікке барып тірелді. Жаһилдік бұл түзілімнің адамзатты арандатқанына да ықылым заман өтті. Әлмисақтан басталған өктемдік XX ғасырда өзінің шегіне жетті. Сол жаһилдік өктемдікті жүргізушілер де, оған қарсы тұрушылар да өзара күресті еш тоқтатқан жоқ.
Даналардың ойы осы қарама-қайшылықты шешіп беруге дәрменсіздік танытты.
Жаһилдік отарлау рухы өмір сүріп тұрғанда Рухани бостандықтың рухы да өлмек емес. "Жан бостандығына" жету жолында түрлі амал іздеп, қилы-қилы тағдырды басынан кешіп, түрлі діни сенімдерді ұстанып, соны медет тұтқан ұлттар мен ұлыстардың мүддесі рухани мойынсұнбауға алып келеді.
Мұны ұлттық мүдде деген ұғым толық бере алады.
Қаншама дана, инсаншыл, әділетті болғанмен өз ұлтының мүддесі үшін бүйірі бұрмаған данышпан жоқ.
Аристотель - Ескендір Зұлхарнайынның, Конфуций - Хань патшалығының, Гете - неміс шаһзадасының, Пушкин - орыс империясының, Бұқар жырау - Абылайдың, Нысанбай - Кенесарының рухымен өмір сүрді. Бұлардың ешқайсысы өз заманының шапанын шешіп тастаған жоқ.
Ал олардың ішкі бұлқынысы мен буырқанысына келетін болсақ, оның тегеурінінің түпкі топшысы - рухани тәуелсіздік.
Ұлылар алмағайып күйсіз ("раздвоение личности") даналық кемерінен аспаған. Олар өз заманының рухымен, бірақ іштей қасарысып, тістесіп, тісін басып өмір сүрді. Бұл ретте орыс ойшылы Н. А. Бердяевтің:
"Тек кана Пушкинде ғана, озық ойлы бірден-бір орыс адамында ғана өмірге басқаша көзқарас жылт ете түсті. Пушкин өзінің бойына зиялылардың ойлау жүйесі мен империялық ойлау жүйесін қатар сіңіре алды. Ол төңкерісшіл өлеңдер жазды, бірақ та ол ұлы державалық орыс өктемдігінің ақыны болып қалды" - деген пікірі өте дәл айтылған.
Қандай ғұлама болмасын оның санасында өзі өмір сүрген дәуірдің сәулесі мен көлеңкесі түспей тұрмайды. Мұндай құбылыстан Абай да бойын аулақ сала алмаған.
Ол жөнінде Мұхтар Әуезов:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz