Гносеологиялық скептицизм


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Химия және химиялық технология факультеті
СӨЖ
Тақырыбы: Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм
Оқытушы: PhD Философия докторы,
Философия кафедрасының аға оқытушысы
Балабекұлы Д.
Студент:Серік Нұрдана
Мамандығы:ХИ
Алматы, 2024 ж.
Жоспар:
-Кіріспе
-Негізгі бөлім
Гносеология жайлы түсінік және оның түрлері мен айырмашылықтары
-Қорытынды
Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм
Философия болмыс, таным, сана, рух, тіл секілді көріп, қолга ұстауға болмайтын бірақ үлкен зерттеуді қажет ететін тақырыптарды қамтиды. Сонын бірі - гносеология такырыбы. Бірақ ең бірінші таным терминін ашып алайык. Ең бірінші таным бойынша Платон өз ойын білдірді: Таным-қоршаған орта мен оның құбылыстары туралы білім алу мен оны жетілдіру. Танымның өзіндік құрылымға бөлінеді:
Субъект - танымды кеңейту жолында көптеген іс тындыратын адам. Мысалы біз бір терминді тусіну ушін оны іздестіріп оқимыз, соның арқасында танымымыз кеңейеді.
Объект - сіз оқыған нәрсе, яғни зат.
Мотив - біздің жасап жаткан нәрсеміз. Бір нәрсенің болашақта жемісін алу үшін істеу. Мысалы, тал егу - жемісін жеу үшін, университетте оқу - дұрыс мамандық иесі атанып, өз наныңды табу ушін.
Мақсат - әлем туралы нақты білім алу, түсіну, реалды ойлау
Шешім, нәтиже - бұл құбылыс туралы алып шыққан таным.
Таным кеңею үшін көп оқып, практика жүзінде көріп, ұстап, біліп, зерттеп, сезініп, қимыл жасау керек.
Ал гносеология деген не? Гносеология - танымның бір бөлшегі, яғни бізді қоршаған ортаны тану, адам танымының сипатын, білім формаларын, оны тереңінен зерттейді. Сол себептен философиядағы аукымды тақырып болып қарастырылады. Көбіне гносеология термині мен эпистемологияны алмастырып, бір ұғым ретінде көреді. Негізінен екеуінің айырмашылығы: гносеология субъект танымының көзқарасына байланысты процессті зерттеуі. Таным туралы түсінігі жоқ адам ешқашан гносеологияның не екенін түсінбейді. Себебі екеуі мықты біріккен терминдер және гносеология танымның орта категориясы.
Таным - адам санасы аркылы көп нәрсені білуге ұмтылуы, айналасын зерттеуі, білім іздеп, ой - өрісін арттыруы. Гносеология одан күрделірек процесс, танымның жоғары деңгейі бойынша зерттейміз. Оның мақсаты -материалды әлем мен сананы ұштастыру арқылы көп оқып, зерттеу. Ол әлемді толық тани алу мүмкін бе деген ең күрделі әрі даулы сұраққа жауап іздейді.
Шешім ретінде гносеологияны 3 тармақ - бағытқа бөлеміз:
1. Гносеологиялық оптимизм
2. Гносеологиялық агностицизм
3. Гносеологиялық скептицизм
Гносеологиялық оптимизм - әлемді толық тануға болады, бірақ бұл процесс өте ұзақ деп пайымдайды. Жалпы аталып тұрғандай оптимизм сөзі жарқын дегенді білдіріп, жақсы ойға ғана жетілдіреді. Бұл жерде адам танымы әлемді тани алатындай өте кең деп сипатталып, білімнің арқасында таным кеңейеді деп есептейді. Гносеологиялық оптимизде ең басты кағидасы бұл адам танымының кеңдігін, адам баласының қабілеті әрі мүмкіндіктері шексіз деп түсіндіретін бағыт. Бұл бағытты екі көзқараста жүрген немістің классикалық философиясының негізін салушысының бірі Г. Гегель мен социолог, экономист, неміс философы және коғам қайраткері К. Маркстің өзі құптайды. Негізінен олардың бірі материалистік, ал екіншісі идеалистік көзқараста болса да, гносеологиялық оптимизм бағытымен жүрген дұрыс деп санайды. Ежелгі философ Аристотель де өз еңбектерінде адам баласы мүмкін емес деген жетістікке де жетеді, олар дұрыс білім алса, әлемді жаулай алады деген болатын.
Оған кері агностицизм термині. Бұл адамның таным мүмкіндіктері шектеулі деп сенетін ұстаным. Осы бағытты ұстанатындар әлеуметтік процесс заңдылығы мен заттың мәнін түсіну мүмкін емес деп есептейді. Агностицизм ұғымын XIX діни сайыстарда ғылыми көзқарастар айқындаушы ретінде 1869 жылы Т. Гексиль енгізген. Сонымен қоса, И. Кант еңбектеріндегі антиномиялар агностицизм ілімінің негізгі көзі болып есептелінеді.
Келесі және соңғысы - скептицизм. Бұл агностицизмге жақынырақ тұжырым деп айтуға болады. Бірақ скептицизм агностицизмге қарағанда дүниенің танылуын жоққа шығармайды, тек оның дәйектілігіне күмән келтіреді. Басқаша айтқанда, бұл бағыт шындық туралы абсолютті сенімді және шынайы білімге қол жеткізуге күмән келтіреді. Негізі скептицизмнің түрлері көп болады. Мысалы, қарапайым, діни, философиялық және ғылыми. Философиялық скептицизм дегеніміз - білімнің шындығына күмән келтіру. Ежелгі скептицизм Пиррон, Энесидем, Секст Эмпирик сияқты философтардан бастау алған. Ал Пиррон осы бағыттың негізін қалаушы болып есептелінеді. Кейін скептицизм алуан түрлі формаларға ие болады және негізінен белгілі бір нәрсені қабылдамауды, кез келген бізді қоршаған заттарды сұрақ астына алуды талап етеді, яғни ойлаудың сыни көзқарасы түрінде көрінеді. Жалпы алғанда, скептицизм саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және тағы да басқа догмаларды бұзуға бағытталған философиялық ілім болып табылады. Философиялық скептицизм ештеңені тұжырымдамайды, бірақ сонымен бірге ештеңені жоққа шығармайды. Бұл кезде нәтиже емес, үдерістің өзі құнды.
Әлемнің скептикалық бейнесі пластикалық, әртүрлі көзқарастарға ашық, "жақшадан тыс" ештеңені шығармайды және шындықты іздеумен айналысады. Мен бұны скептицизмнің ең жақсы қасиеттерінің бірі деп санаймын. Скептицизм жалпы қабылданған нәрсеге деген сенімді бұзады, өз пікіріне, жеке психикалық болмысына құқықты негіздейді. Скептицизм пайда болған кезде әлем қазірдің өзінде күрделі және көпшілікке түсініксіз болды, ал адам түсініктің елесін жоғалтты; сонымен бірге ол әлемнің диктатурасынан құтылды. Тағдырды дәстүрлі қабылдау кенеттен ескірді: адам әлемнен бөлініп, өзін одан ерекшелеп, өзіне өзі қолдау болды. Гносеологияның тәртіптік қалыптасуы оның негізгі пәндік-объектілік қарама-қайшылықтары туындап, адам білімінің сенімділігінің қайнар көздері мен шарттарын анықтау міндетіне баса назар аударылған қазіргі заманда орын алады. Классикалық гносеология әмбебап, өзгермейтін және абсолютті ақиқаттың ғылыми идеалына бағытталған. Оның кепілі табиғи шындықтың (объектінің) маңызды логикалық байланыстары болып табылады. Сонымен бірге, бұл байланыстарды танитын субъект ғылыми объективтілікті сақтауы керек, яғни дәстүрлер немесе билік тарапынан айтылған теріс пікірден, психологиялық бейімділіктен, заттардың табиғи тәртібіне ерікті түрде араласудан ада болуы керек. Ол өзін «таза» ақыл арқылы шындықты ашатын мүддесіз бейтарап бақылаушы ретінде көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz