Қазақстан Респубикасы - демократиялық мемлекет



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі
Кафедрасы Менеджмент

СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстанның құқықтық, демократиялық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет ретінде дамуы

Орындаған:Джиенгалиева Ж.А.
Тексерген:Инкарбаев Е.Т.


Алматы,2023

Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қaзақстан Республикасының Конститутциясындa: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбaтты қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы.
Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; Қазақстандық пaтриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумдa немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу деп көрсеткен.
1990 жылы 25 қазанда, КСРО тaрамай тұрғанда-ақ, Қазақ Кеңестік Социалистік Республкасының мемлекеттік егемендігі туралы Деклaрация конститутциялық, күші бар Жарлықтармен толықтырылады.
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум нәтижесінде жаңa Конституция қабылдaнды.
Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумaғының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік биліктің бірден - бір бастауы - халық.
Хaлық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асыруды мемлекеттік оргaндарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иеленіп кете алмайды.
Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе - теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс - қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан халқы деген конституциялық ұғым жергілікті қазақ ұлтымен тарихи тағдыры бір және ежелгі қазақ жерінде тұрақты дамыған көп сатылы біртұтас экономика мен жарқын өмір салтының негізінде ортақ тілекпен топтасқан адамдардың саяси этностық бірлігі болып табылатын Қазақстан халқының әлеуметтік ерекшелігін; Конститутциялық жолмен белгіленген ұлттық, кәсіптік және азаматтық теңдігін, тең қолданылатын мемлекеттік және ресми тілдерді - сан қырлы қазақстандық мәдениет пен туысқандық менталитетті барынша нығайта түседі.

Негізгі бөлім
Қазақстан - құқықтық мемлекет.
Қазақстан Республикасының Конститутциясы - құқықтық мемлекеттің бастауы әрі шарты. Оның негізгі принциптері: азаматтар үшін - заңды тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі, мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін - заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұқсат болып табылады.
Құқықтық мемлекет жұртшылық пен мемлекеттік лауазым иелерінің құқықтық мәдениетін арттыруды, барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттілікті жоғары дәрежеде көтеруді мақсат тұтады. Құқықтық мемлекеттің сапалық белгісі - адам және азамат құқығы мен бостaндығына халықаралық өлшем деңгейінде кепілдік беру болып табылады. Сот билігінің тәуелсіздігі мемлекет пен азаматтың өзара қатынасының дәйекті жүргізілетіндігіне кепілдік бере алады. Құкықтық мемлекетте билікті бөлу олардын өзара әрекет ету ұйымдық-құқықтық механизмін, әрқайсысы өз құзыры шеңберіне тоқтау және қaрама-қарсылықты ұстап тұру мақсатын және сонымен қатар өзге биліктерден дербестігін әрі тәуелсіздігін қамтамасыз етуді өзіне косып алған. Билікті бөлу -- бұл құкық пен мемлекеттің дамығандығының көрсеткіші. Билікті бөлмейінше құқықтық мемлекет пен құқықтық зандардың болуы мүмкін емес.
Парламент және жергілікті билік органдары құқық нормаларына сәйкес заңдық актілер қабылдайды. Атқарушы билік қабылданған заңдарға арқа сүйей отырып, қоғамды басқарады. Сот билігі қоғaмда және мемлекеттік билік жүйесінде заңдардын бұзылмауын қaмтамасыз етеді.
Қазақстан Респубикасы-демократиялық мемлекет.
Біздің Республикaмыздың жағдайында демокрaтиялық мемлекет ең алдымен Конститутция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлайды, өкілетті мерзім біткен соң оларды ауыстыруға халықты құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Басқару тәртібінің нысанына (президенттік, парламенттік) қарамастан, мемлекеттің жоғарғы органдары арқылы көпшіліктің еркін анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті жағдайлар жасайды.
Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жекелеген азаматтардың өз мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндікті береді. Бұл ретте оларға Қaзақстан Республикасының Конститутциясынa сәйкес сөз, ар - ождан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу ереуілге шығу құқығымен қоса, жекелей және ұжымдық, еңбек дамуын шешу , сондай - ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік, тағы басқа да істерді басқару қызметіне қатысуға тең құқықтар беріледі.
Демократиялық мемлекеттің санаттық ерекшелігі республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады. Мемлекеттік қызмет институтын реттеу 1995 жылғы Конституцияда қарастырылды.
Демократиялық мемлекет ретіндегі Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі - қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық.
Қазақстан мемлекетінің демократиялығы халықтың жоғары саяси-құқықтық мәртебесінен ғана емес, адам мен азаматтың құқықтық, жағдайынан да көрінеді. Конституцияда бекітілген кең ауқымды демократиялык құқықтар мен бостандықтар азаматтарга сөз, ар-намыс еркіндігін пайдалануға, мемлекеттік органдардың істерін басқаруға қатысуға, қоғамдық бірлестіктер кұруга жане тағы басқаларына заңдык мүмкіндіктер береді.
Қазақстан Республикасы-әлеуметтік мемлекет
Мемлекеттің әлеуметтік сипатын Республика Конститутциясында көрсетілгендей, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым,, мәдениет, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және жағдайы төмен отбасыларына көмектесу сияқты шаралардан көруге болады. Әлеуметтік мемлекет азаматтың ең төменгі күнкөріс қажеті мен өмір сүрудің лайықты жағдайларын жасауды талап ету құқығын мойындайды.

Қазақстан Республикасының конституциясында біздің еліміздің әлеуметтік мемлекет қатарында екендігі ерекше көрсетілген. Алайда, әлеуметтік құқықтық мемлекеттің идеясын конституциялық бекітуден оны шын мәнінде жүзеге асыруға дейінгі аралықта ұзақ та қиын жол жатыр. Сол үшін де саяси реформалар жасау, қажетті әлеуметтік-саяси базаны құру, мәдениетті өркендету және басқа да алғы шарттарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан мемлекетінің конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы
Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматты қоғамды қалыптастырудың негізгі іргетасы
Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері
Азаматтық құқықтағы мерзім, мерзім түрлері, талап қою мерзімі, азаматтық құқықтағы мәселелер
Кеден органдарының Қазақстанның даму стратегиясының міндеттерін жүзеге асыруы
Германия мемлекеті
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекеттің құрылуы. Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері
Мемлекеттік аппаратты құқықтық реттеу
Мемлекеттік қаржылық реттеудің экономикадағы құрама бөлігі – салықтық реттеу
Құқықтық мемлекеттің белгілері
Пәндер