Өткізу циклы аудиты жайлы жалпы ережелер


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
-Тарау Өткізу циклы аудиты жайлы жалпы ережелер
1. 1. Өнімді өткізу циклын есептеу әдістері . . . 4-7
1. 2. Өнімді өткізу бойынша шығындарды есептеу аудиты . . . 8-11
1. 3. Өнімді өткізуден түскен табысты есептеу аудиты . . . 12-16
- Тарау Өткізу циклы аудитінің негізгі процедуралары
2. 1. Өткізу циклының әдістемесі . . . 17-20
2. 2. «Южполиметалл» ЖАҚ дайын өнімді тиеп жөнелту және өткізуді тексерудің мысал бағдарламасы . . . 21-22
Қорытынды . . . 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 24
Кіріспе
Өткізу циклының аудиті жұмыстардың және қызметтердің өткізілуін қарастырады, ол дайын өнімнің есебіне ұқсас, тек қана бір айырмашылық бар бұл жерде өткізу тікелей жұмыс және қызмет көрсетіліп жатқан өндірістік шоттардан жүзеге асырылады, яғни 221 «Дайын өнім» шотының орнына 900 «Негізгі өндіріс», 920 «Көмекші өндіріс», 940 «Әлеуметтік сала» шоттарынан.
Өткізу циклының аудиторлық тексерілуі сонымен қатар аудиттің жүзеге асырылып жатқан объектілеріне, және жүзеге асырылуының әдістеріне тәуелді шаруашылық операциялар бойынша жүзеге асырылуы тиісті. Осылай, өткізудің тексерілуі жүргізіледі: өнімнің консигнациялық негізінде; сатып алынған тауарлар; бөлшек сауда кәсіпорындарынан сатып алынған тауарлар; негізгі құралдар және МЕА; құнды қағаздар; басқа да активтер.
Кәсіпорындар өзінің дайын өнімнің бір бөлігін келісім-шарт негізінде өткізу бөлшек саудаға өткізуі мүмкін. Консигнациялық негіздегі операцияларды тексеру кезінде келісімнің бар боуын орнату керек, оның шарттары бойынша босатылу құны немесе келісім-шарттық құны, өткізу мерзімі, өткізудің мүмкінсіздігі жағдайында қайтарудың шарттары, бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығының пайызы, және көптеген басқа да сұрақтар қарастырылуы мүмкін.
-Тарау Өткізу циклы аудиты жайлы жалпы ережелер
1. 1. Өнімді өткізу циклын есептеу әдістері
Өнімді жөнелту және өткізу бойынша операциялардың жазбаларының дұрыстығы арнайы ведомостердегі жазбалар бойынша тексеріледі. Бұл кезде тексеруді өткен айдың осындай ведомостердің мәліметтерінен өткен айда төленбеген қалдықтарды көшірілуінің дұрыстығын орнатудан бастайды.
Аудитор жөнелтілген және дайын өнімнің нақты өзіндік құнының есептеудің дұрыстығын тексеру керек, бұл кезде ерекше көңілді есептеу әдісінің қолданудың дұрыстығына, және арифметикалық нәтижелерге бөлу керек (нақты өзіндік құн әдетте есептушілік жолмен анықталады, ал өнімнің өндіріснің басқару есебі нақты есептік бағалар бойынша жүзеге асырылады) . Дайын өнімнің нақты өзіндік құнын есептен шығару, сонымен қатар келесі проводка бойынша жүзеге асырылады: Дт 801- Өткізілген дайын өнімнің өзіндік құны және Кт 221-Дайын өнім.
Осы кезде қалдықтар 301 «Алынуға тиісті шоттар» шоты бойынша қалдықтармен және Бас кітаптың көрсеткіштерімен сай болуы керек. Кейінен оларды бұйрық-наклоднойлардың, төленуге тиісті жалпы сомманы және ҚҚС есептеудің көрсеткіштерімен салыстырады, кейінен арнайы қатарларда салықтық шот-фактуралардың және төлем талап-тапсырмаларының негізінде жазбалардың дұрыстығы тексеріледі.
Есеп айырысулардың аудитінің әдістемесі елеулі шамада ішкі (ішкі шаруашылық) бақылау жүйесінің жағдайна тәуелді болады. Егер ұйымда есеп айырысулардың бақылау жүйесі өте жақсы болса, онда аудит тәуекелділігі шамалы болады, ал аудиторлық куәліктерлің саны әлсіз бақылау жүйесінен қарағанда аздау болады. Аудитор ішкі бақылау жүйесін түсінуіне жету керек, бұл рационалды жоспарлауға және аудиторлық куәліктерді жинауға, нақты бақылаушылық сәттерді анықтауға серпіліс береді. Ішкі бақылау жүйесін бағалау үшін тесттілеуді жүзеге асыру керек (қосымша ) .
Өткізілген дайын өнім, орындалған жұмыстар және қызметтер үшін ақшалардың дұрыс түсуі 451 «Касса», 441 «есеп айырысу шоты», 431 «Валюталық шот» және т. б. шоттарда тексеріледі, олардың 301 «Алынуға тиісті шоттар» шоты бойынша сәйкестілігі орнатылады. Жұмыстарды және қызметтерді өткізілуін қандай өнгдіріс өызмет көрсетті немесе жұмысты орындағанына байланысты негізгі немесе көмекші өндірістің шоттары бойынша тексеру керек. [110. бет. 265] .
Өнімді өткізу аудиті кәсіпорын дайын өнімді өткізудің астына (под реализацию) дайын өнімді тапсыру операциялары бойынша жүзеге асырылады, яғни өткізу процессін жеделту үшін консигнациялық негізде жүргізіледі. Бұл кезде арнайы екі субшотты ашады 221-1 «Қоймадағы дайын өнім» және 221-2 «Консигнацияға берілген дайын өнім». Аудитор қабылдау және тапсыру құжаттардың дұрыс рәсімделуін, сонымен қатар дайын өнімнің өткізілмеген бөлімін қайтарудың дұрыстығын тексереді. Өткізуден табысты немесе дайын өнімді өткізуден табысты және ҚҚС дұрыс есептелуін тексереді. Жыл соңында өткізу, яғни консигнация бойынша жүзеге асырылған операциялар бойынша табыстар мен шығындардың шоттардың жабылуының дұрыстығы тексеріледі.
Сатып алынған тауарлар аудиті 222 «сатып алынған тауарлар» және 223 «Басқа да тауарлар» шоттарында жүзеге асырылады: сатып алынған тауарларға шоттарды тексеру келесі субшоттар бойынша жүргізіледі: 222-1 «Қоймадағы тауарлар», 222-2 «Тауар астындағы және сатылуға ыдыс». Бұл кезде келесіні есепке алу керек, ыдысты тексеруді келісімнің шарттарына сай жабдықтаушыларға қайтарылуы тиісті, және сонымен қатар ыдысты жинаушы кәсіпорындарға тапсыру құжаттары бойынша ыдыстарын жеке тексеру қажет. Тексеруді сонымен қатар тауарлардың және ыдыстың қозғалысының бар болуы туралы жиынтық ведомостер, кәсіпорын бухгалтериясында тауарлардың қозғалысы және бар болуы туралы есеп беруі және материалды жауаптың тұлғалардың есеп беруі бойынша немесе сол мазмұндағы машиналық ақпаратты тасымалдаушылар бойынша жүргізіледі. 222, 223 шоттың дебеті және 671 «Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу» шотының кредиті бойынша ай соңында жолдағы (қоймаға келіп түспеген) тауарлардың құны жеке тексеріледі. Келесі айдың басында жолдағы тауарлардың қалдықтарының соммасына бұл шоттар сторнолданады және кері проводка беріледі, оның дұрыстылығын аудитор тексеруі керек.
Өткізілген тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнының аудиті 801-«Өткізілген дайын өнімнің (жұмыстардың және қызметтердің) өзіндік құны» шоты бойынша жүзеге асырылады. Бұнда есеп нақты өзіндік құн бойынша жүзеге асырылды. Нақты өзіндік құн бойынша дайын өнімді қоймадан босатудың дұрыстығы 801 дебеті және 221 «Дайын өнім» кредиті бойынша шоттардағы бұйрық-наклоднойлар бойынша тексеріледі. Орындалу актілері бойынша орындарында тапсырылған жұмыстар және қызметтер 801 шоттың дебеті және 900 «Негізгі өндіріс» немесе 920 «Көмекші өндіріс» шоттарының кредиті бойынша тексеріледі. Сатып алушыларға босатылған дайын өнім, орындалған жұмыстар және қызметтер үшін ұсынылған соммалар шот-фактуралар және 301 шоттың дебеті және 701 «Негізгі қызметтен табыс», 633 - «Төленуге тиісті салықтар» шоттарының кредиті бойынша есепті-төлемдік құжаттары бойынша тексеріледі.
Аудитор сонымен қатар ай соңында 801 шоттың дебеті бойынша есепке алынған өткізілген тауарлардың, қызметтердің және жұмыстардың өзіндік құны ай соңында осы шоттың кредитінен 571 «Жиынтық табыс (зиян) » шотының дебетіне есептен шығарудың дұрыстығын тексереді, бұл жазбадан кейін 801 шот жабылады.
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өткізу бойынша шығындардың аудитін 811 «Тауарларды (қызметерді, жұмыстарды) өткізу бойынша шығындар» шоты бойынша жүргізу керек.
Аудитор өнімнің өзіндік құнына ыдыстың құны енгізілгендігін немесе ыдыссыз және қорапсыз жөнелтудің қарастырылғандығын анықтау керек, бұл 811 шот бойынша есепке алынады. Бұдан басқа, бұл шотқа егер өнімді қоймаға тапсыруға дейін өндірістің технологиясымен қарастырылса, онда жөнелту станциясына дейін өнімді тасымалдау бойынша сияқты шығындар, оны көліктік құралдарына тиеу, оны өткізу орындарында сақтау үшін арналған жайларды ұстау; аударымдармен сатушылардың және басқа да қызметкерлердің еңбек ақысы деген шығындар сияқты шығындар жатады. Келесіні есепке алу керек, өнімді өткізумен байланысты және сатып алушылармен қайтарылатын шығындар 811 шотында бейнеленбейді.
1. 2. Өнімді өткізу бойынша шығындарды есептеу аудиты
Өткізу бойынша шығындар өнімді өткізу бойынша шығындарды есепке алудың арнайы ведомостісінде кәсіпорында бекітілген шығындардың баптарының номенклатурасы бойынша тексеріледі. Бұл еңбек ақыны есептеу, әлеуметтік сақтандыруға аударымдар, ыдысқа және қорапқа шығындар, жарнамалық шығындар, өнімді сақтауға арналған жайлар үшін жалгерлік төлемдер, өткізу процессінде қолданалатын материалды емес активтер және негізгі құралдардың амортизациясының есептеулері, өткізумен байланысты есеп беру соммаларды төлеу. Кезең соңында өткізу бойынща шығындар 571 «Жиынтық табыс (зиян) » шотына есептен шығарылады.
Негізгі қызметтен табыстың аудиті 701 «Дайын өнімді өткізуден табыс» шоты бойынша жүзеге асырылады. Табыстарды тексеру тиелген өнімдердің төлем талап-тапсырмалары бойынша, және 701 шоттың кредиті бойынша бейнеленген салықтық шот-фактуралар бойынша, және негізгі және көмекші өндірістің цехтарымен орындалған жұмыстарды және қызметтерді қабылдау актісі бойынша жүргізіледі.
Тиелген өнім, орындалған жұмыстаржәне қызметтер бойынша нақты төлем соммасын ДТ 441, 431 және Кт 301 «Алынуңа тиісті шоттар» шоттардағы банк көшірмелері бойынша тексеріледі. Аудитор дайын өнімді өткізуден алынған табыстың соммасын жиынтық табысқа жатқызудың дұрыстығын 701 шоттың дебеті және 571 «Жиынтық табыс (зиян) » шотының кредитінің проводкасы бойынша тексереді.
Тексеруден табыстың басқа да шоттары өтуі тиісті, егер олар кәсіпорында орын алса, мысалы, 702- «Сатып алынған тауарларды өткізуден табыс», 703 «Құрылыс-монтажды жұмыстардан табыс», 705 - «Жалдан табыс».
Тексеруге сонымен қатар негізгі емес қызметтен табыстардың шоттары да жатады: 721-«Материалды емес активтерді сатудан табыс», 722 - «Негізгі құралдарды сатудан табыс», 723 - «Құнды қағаздарды сатудан табыс», 725 - «Бағамдық айырмашылықтан табыс». Барлық жағдайларда тексерілетін объекттің есебінің ерекшеліктеріне және мәселесіне түсінуі керек, кейіннен олардың аудитін жүзеге асыру болады.
Кәсіпорын өнімді түзілген келісім-шарттарға сай өткізеді, сәйкесінше кәсіпорын аудиторы келісімнің шарттары әрекеттегі заңдылыққа қайшы келмейтіндігін тексеру керек, бұдан басқа тексеруден барлық қажетті лицензиялар және куәліктердің бар болуы, олардың мерзімі өткізілетін өнімнің лицензиялық талаптарына сай екендігі, өнімді, жұмыстарды және қызметтерді өткізумен байланысты барлық операцияларды лауазымды тұлғалармен санкционалдау өтуі керек.
Кейіннен кәсіпорын аудиторы босатуға және маркетингтік бөлімде өнімді жөнелтуге және маркетингтік бөлімде өнімді жөнелтуге арналған бұйрық-наклоднойларды дұрыс рәсімдеуді тексеру керек. Бұйрық-наклоднойлардың негізінде кәсіпорын бухгалтериясында есеп айырысулық-төлемдік құжаттар жазылып береді, бухгалтерияға көліктік наклоднойлар түседі, оларда темір жолдық тарифтің және енгізу фрахтын соммасы көрсетіледі. Аудитор бұйрық-наклодной және көліктік наклодной негізінде көрсетілген құжаттарды толтыру соммалардың дұрыстығы тексеріледі. Сонымен қатар, төлем үшін банкке ұсынуға арналған төлем талап-тапсырмалардың көшірмелерінің уақыттылығы тексеріледі. Аудитор келесіні есепке алуы тиіс тиеп-жөнелтілген өнім жабдықтаушының меншігінде оны сатып алушымен төлегенге дейін қалады, бұл кезде өнімді өткізудің барлық фактілерін бейнеленгендігін тексереді, яғни бухгалтерлік есепте және есеп беруде тіркелгендігін тексереді.
Тексеруге жататын келесі құжаттың бірі болып «Өнімді (жұмысты, қызметті) тиеу, босату және өткізудің есебі» деген ведомосі табылады, ол өнімді жөнелту және өткізу бойынша бастапқы және жинақтаушы құжаттардың негізінде толтырылады: шот-фактуралар, бұйрық-наклоднойлар, олардың негізінде жазылып беретін төлем талаптары, тапсырмалары. Шотты төлеу туралы белгі ведомоске есеп айырысу шотынан немесе осы операциялар үшін арнайы ашылған шоттарынан банктен
көшірмелерінің негізінде қойылады.
Кәсіпорын аудиторы тексеру кезінде өткізу циклын келесі топтарға бөлуі керек:
а) сатып алушыларға тапсырылған, төлем мерзімі түспеген есеп айырысу құжаттары бойынша жөнелтілген тауарлар және тапсырылған жұмыстар;
б) сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен уақытысында төленбеген есеп айырысу құжаттары бойынша жөнелтілген тауарлар және тапсырылған жұмыстар;
в) сатып алушыларда жауапты сақталуындағы тауарларды оларды төлеу бойынша соңғылардың бас тартуына байланысты.
Аудитор жоғарыда аталған ведомостің немесе өнімді жөнелту, босату және өткізу бойынша машинограммалардың негізінде 301 «Алынуға тиісті шоттар» шотын тексеру керек, олардың нәтижелерін, бір жағынан, қызмет түрлері бойынша табыс шоттарының көрсеткіштерімен, өнімді өткізу және жөнелту бойынша әр шаруашылық операциялар бойынша көрсеткіштерімен, өткізу соммасынан қабылданған пайызда ҚҚС шотымен салыстыру керек, ал екінші жағынан, 441, 451 және т. б. ақшалай шоттарымен корреспонденциядағы 301 шотымен салыстырады.
Тексерудің маңызды ауданы болып - жөнелтілген және өткізілген өнімнің нақты өзіндік құны - табылады, себебі есепте тауарлы-материалдық қорлардың «есептік бағалары» нақты өзіндік құн бойынша әр аәдың соңында оның түзетілуін талап етеді: ай басындағы қалдық + өткізу тәртібіндегі жөнелту = жиынтық. Айдың соңында қалдыңтың нақты өзіндік құнының және өндірістен түскен бұйымдардың олардың есептік бағасы бойынша пайыздық құнына қатынасы анықталады. Табылған пайыздық қатынас бойынша ай ішінде жөнелтілген дайын өнімді нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді және 221 шоттың кредитінен 801 шоттың дебетіне жатқызады. Сондықтан аудитор үшін жөнелтілген және өткізілген өнімнің өзіндік құнын анықтаудың дұрыстылығын, және оны өткізумен байланысты барлық шығындарды тексеру маңызды болып табылдады.
Өнімді өткізудің маңызды бөлігі шот-фактурада бейнеленетін ҚҚС-ның соммасының дұрыстығын тексеру болып табылады, ол келісім-шарттарда, шоттарда және наклоднойларда келтірілген соммалармен сай келетіндігін тексеру керек. Бұдан басқа, бастапқы құжаттар бойынша есеп беру кезеініңде бухгалтерлік есепте өнімді өткізудің барлық фактілерінің келтірілгендігін тексеру қажет. Айтылып кеткендей, аудитте өнімді өткізуден қаржылық нәтижені, өнімнің өзіндік құнын анықтаудың дұрыстығын, сонымен қатар оларды есептен шығарудың дұрыстығын тексеру маңызды ойға ие, ол үшін бастапқы есептің мәліметтерін тексеру керек, және де оларды анықтаудың әдістемесін қолданудың дұрыстығын тексеру керек.
1. 3. Өнімді өткізуден түскен табысты есептеу аудиты
Кәсіпорын аудиторы өнімді өткізуден табыс соммаларын жиынтық жылдық табыс (зиян) шотына жатқызылуының дұрыстығын тексеру керек: 701 «Негізгі қызметтен табыс» шотының дебеті және 571 «Жиынтық табыс» шотының кредиті, немесе өнімді өткізуден шығындарды есептен шығарудың дұрыстығын тексеру: 571 шоттың дебеті және 801 шоттың кредиті, және бұл кезде нақты өзіндік құн бойынша қоймадан жөнелтіліген дайын өнімнің шоты жабылады: 801 шотының дебеті және 221 шоттың кредиті.
Тексеру барысында аудитор қаржылық нәтижелердің ішкі бақылау жүйесінде түсінігіне ие болуыға міндетті, оның сенімділігін бағалау қажет және өзінің жұмысында тексерілген жүйеге сүйенуге болатындығы туралы шешім қабылдайды. Ол үшін аудитор берілген нақты ұйымда өзінің білім тәжірибесін, персоналды сұрап-шығуын, бухгалтерияның және функционалды бөлімшелердің әдістемесі және процедуралары бойынша қағидаларды және инструкцияларды, құжаттармен және жазбалармен танысуды, кәсіпорынның шаруашылық қызметін зерттеуді қолданады. Қаржы нәтижелерінің ішкі бақылау жүйесінің жұмыс әрекеттілігін және сенімділігін зерттеу барысында төменде келтірілген тесттілер қолданылуы мүмкін. (қосымша ) .
Аудитор бастапқы құжаттар бойынша әр консигнант бойынша есепке алынған тауарлардың, дайын өнімнің құнын, және олардың бухгалтерлік есепте сай келетіндігін тексеру керек. Бұл кезде ерекше көңілді қайтарылған дайын өнімге бөлу керек, жетіспеушіліктер, бүлінушіліктер жоқ па, бұзылу, сыну себептері бойынша акт, кәсіпорын, филиал табысының есебіне есептен шығару актілері сияқты қосымша құжаттардың бар болуын тексереді. Бұдан басқа консигнанттарға босатылған дайын өнімнің түрін және ассортиментін, сонымен қатар өткізудің құнын орнату керек, бұл жерде өткізуден табысты басқа мақсаттары үшін уақытша қолдануға болатын мүмкіндіктерін беретіндей етіп жасалған келісім-шарттың немесе құн бойынша төмендетілуі жоқ екендігін, арнайы таңдалған консигнанттар үшін дайын өнімнің бөлек партияларының нақты өзіндік құнын төмендету фактілерінің жоқ екендігін орнату қажет. Бұл мақсаттары арнайы осы мақсаттар үшін ашылатын 221шоттың субшоттарын тексереді:
221-1 «Кәсіпорын қоймасындағы дайын өнім»;
221-2 «Консигнацияға берілген дайын өнім».
Бұл шоттардан басқа баланстан тыс шотарында 004 - «Консигнацияға (комиссияға) қабылданған тауарлар» шоты қарастырылған.
Осылай, конгигнация алынған тауарлар қайтарылған кезде келесідей проводка тексеріледі: біріншіден, консигнанта (тауар иесі) - 221-2 «Консигнацияға берілген дайын өнім» шоттың кредитінен 221-1 «Кәсіпорын қоймасындағы дайын өнім» шотының дебеті бойынша проводкалардың дұрыстығы және қайтарылған тауардың соммасының толықтылығы, ал консигнаторда - 004 - «Консигнацияға (комиссияға) қабылданған тауарлар» баланстан тыс шотының кредитінің проводкасы бойынша өткізуге алынған қайтарылған тауарлардың шотынан алудың дұрыстығын тексереді.
Аудитор дайын өнімнің қайтарылған бөлігін есепке алумен табыстардың барлық соммаларын есептеудің дұрыстығын орнатады.
Сырттағы заңды және жеке тұлғалармен тауарлы-материалдық құндылықтарды тексерілуі өкілетті тұлғалардың рұқсатымен жүзеге асырылуы тиісті, егер бұл материалды құндылықтар өндірістік қызметте қажет болса. Бұдан кейін барлық бастапқы құжаттар жеткілікті сәйкесі үлгіде толтырылғандығын тексеру керек, бұл кезде келесіге көңіл бөлу керек өткізу үшін бекітілген бағалар берілген тауарлы-материалдық құндылықтардың номенклатурасына сай екендігіне, олар уақыты бойынша сай келетіндігіне, себебі, практикада нарықта және кәсіпорынның өзінің ішінде тауарлы-материалдық құндылықтарға бағалардың төмендеуі және жоғарлауы орын алады. Осыған байланысты осы жағдаймен пайдалану үшін жеке тұлғалар барлық қажетті құжаттарды артыңғы күнімен рәсімдейді, яғни «тиімді» бағалар болған күнімен, ал тауарлы-материалдық құндылықтарды фактілері бойынша бойынша, немесе, бір рет рәсімделген құжаттарды бағалардың төмендеуі жүзеге асқан алдағы күндердегі «тиімді» жаңа баға бойынша қайтадан өзгертеді. Практикада төмеңгі сапалы және соған сәйкесінше төмеңгі құндағы тауарлы-материалдық қорлар жазылып беріледі, ал шынында жоғары сапалы қымбат тауарлы-материалдық қорлар тиеліп жөнелтіледі, бұл әрине материалды жауапты тұлғалармен келісуімен немесе кәсіпорын басшылығының нұсқауымен жүзеге асырылады. Сондықтан аудитор тексеру барысында қайта сұрыптау фактілері қателермен, немесе пайда табу мақсатында арам пайдаланушылықпен байланысты болады.
Түгендеу кезінде есептен шығару актісіне жарамды, толық құнды тауарлы-материалдық қорларды енгізуі мүмкін, ал кейіннен оларды төмендетілген баға бойынша өткізеді немесе толық құнды материалды қорларды шығарып оларды ақауланған, кондициялық емес өнім ретінде сатуы мүмкін. Бұндай жағдайларда аудитор қажетті дәлелдемелерді табуы керек және оларды жұмыс құжатында рәсімдейді, ал олардың нәтижелерін кәсіпорын басшылығына, меншік иесіне ұсынады.
Өткізу циклына сонымен қатар негізгі құралдар және материалды емес активтерді өткізу процессі жатады. Біз оларды бірге қарастырамыз себебі, негізгі шаруашылық операциялары бойынша бұзушылықтар бірдей, бірақ егер бөлек атаулық баптар бойынша қарастырсақ, онда олардың әр қайсысында бұзушылықтар соншалықты айрылады, қаншалықты олар өзінің мазмұны және сипаты бойынша ерекшелінеді. Сонымен, аудиторға олардың бастапқы, қалдық құнын анықтау дұрыстылығын тексеру керек, оларды өткізу кезінде олар қаншалықты құжаттық дұрыс орнатылғандығын тексеруі қажет. Бұл кезде ол кәсіпорында бар құжаттары бойынша қалдық құнын, қалдық құнын орнатқан арнайы комиссиясының тұжырымдаған актісін тексеру керек. Аудитор бұл жерде негізгі құралдардың және материалды емес активтердің объектілерінің нақты құнын төмендетуге ынтасы жоқ екендігін анықтауы керек. Аса көңілді негізгі құралдардың объектілеріне бөлу керек, олардың төмендетілген бағада сататын жақты басшылығын білдіретін заңды тұлғаларға немесе жеке тұлғаларға, туысқандарға, жалған тұлғаларға сатылуын тексеру керек. Бұндай жағдайда аудитор тұрақты әрекет ететін немесе құрылтайшылардың немесе өкілеттелердің жиналысының шешімі бойынша комиссияны құру бойынша кәсіпорынның басшылығының бұйрығынығ бар болуын тексеру керек. Комиссияның құрамына компетентті мамандар кіруі қажет: бас инженер, директор орынбасары, бас бухгалтер (оның орынбасары), материалды жауапты тұлғалар, меншік иесінің өкілі, мелекеттік автоинспекциясының өкілі (автокөлікті есептен шығару кезінде) . Негізгі құралдардың жеке түрлерін есептен шығару кезінде комиссияға сәйкес мамандарды кіргізеді, мысалы, инженер-энергетик, зоотехник және т. б. мамандар.
Кәсіпорын аудиторы объктілерді жою немесе өткізу, капиталды жөндеудің орына демонтаждаудың мақсаттылығы туралы жасалған актілердің дұрыстығын, объектіні оны кейінгі өткізумен есептен шығарудың нәтижелерін есептеулердің дұрыстығын тексереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz