Жобалау мен шығармашылық


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті КЕАҚ

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЖОБАЛАУ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Студенттің аты-жөні: Ахметбекова Еркежан

ББ мен курсы: 3 курс, «6В01705 - Шетел тілі: екі шетел тілі»

Ғылыми жетекшінің аты-жөні: Омарбекова Гульжан Муратқызы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті

«Қорғауға жіберілді»

Шетел тілдері және аударма ісі

БББ жетекшісі Д. М. Жабыкбаева

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЖОБАЛАУ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

«6В01705 - Шетел тілі: екі шетел тілі»

Орындаған ШТҚ 312 тобының студенті

Ахметбекова Е.

Ғылыми жетекшісі Омарбекова Г. М.

Оқытушы-ассистент, магистр

МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ: Кіріспе . . .
3
МАЗМҰНЫ: Негізгі бөлім . . .
МАЗМҰНЫ: 1. 1 Жоғары сынып білімгерлерінің коммуникативтік құзіреттілігін жобалау әдісін пайдалана отырып қалыптастыру әдістемесі . . .
5
МАЗМҰНЫ:
  1. Жобалау әдісін пайдалану арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері.
  2. Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін жүргізілген тәжірибе жұмыстарының нәтижесі . . .

9

20

МАЗМҰНЫ: Қорытынды . . .
30
МАЗМҰНЫ: Пайдаланылған әдебиеттер . . .
32

КІРІСПЕ

Ғылым мен техниканың дамыған заманында әрбір болашақ ұстаздың негізгі мақсаты білімді де білікті, жан жақты дамыған, болашақтың тұтқасын мықты ұстар тұлға тәрбиелеу негізгі мақсат болып табылады. «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам . . . » деп Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай мемлекетіміздің дамыған елдердің алды болуы үшін білім беру саласына үздіксіз жаңалықтар енгізу үлкен қажырлы еңбек пен тәжріибені талап етеді. Осы міндеттерді орындау барысында білім саласына ауқымды өзгерістер енуде. Себебі еліміздің болашағы жаңа педагогикалық технологияларды жетік меңгерген ұрпақтың қолында екені сөзсіз. Немістің ұлы педагогы А. Дистерверг былай деген: «Нашар мұғалім шындықты хабарлап қояды, ал жақсы мұғалім оны табуға үйретеді». Шындықты табу үшін білімгер шығармашылықпен ойланады. Шығармашылық сөзінің түбірі «шығу, ойлап табу» дегенге келеді. Ал жоба ұғымы латын тілінен аударғанда алға жетелеу, қарыштау деген ұғымды білдіреді. Демек, жоба мен шығармашылық сөзін бірге қарастыруға болады. Жоба әдісін қолдану арқылы оқушылар өз бетімен қажетті хабарды жинақтай отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндіктері артады. Жоба әдісін шетел ғалымдары, атап айтсақ, Дж. Дьюи, К. Поппер, Г. Саймон, В. Х. Килпатрикті атап өтсек, қазақ ғалымдарының ішінде С. Бахишеваның қосқан үлесі орасан зор. С. Бахишева «Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы» атты кітабында жобалау әдісінің маңызы туралы толық мәлімет берген. Жоғарыда айтылғандардың барлығы зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

Зерттеудің пәні: жоғары сынып оқушыларының коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру үшін жобалау әдісін қолдану (атап айтқанда, ағылшын тілі пәнін басқа пәндермен байланыстыра отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін, сыни ойлау қабілетін дамыту) .

Зерттеу нысаны: орта мектептегі ағылшын тіліндегі оқу іс-әрекеті.

Зерттеудің мақсаты: Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ағылшын тілі сабағында коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру үшін жобалау әдісін қолданудың ұйымдастырушылық-педагогикалық негіздерін анықтау және ғылыми негіздеу.

Зерттеу барысында төмендегі міндеттер шешіледі:

  1. Оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру барысында жобалау әдісін дамытудың психологиялық-педагогикалық мәні айқындау.
  2. Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастырудың жолдары анықтау.
  3. Ағылшын тілін оқытуда жоғары сынып оқушыларының коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастырудың тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.

Зерттеудің болжамы: ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру үшін жобалау әдісін қолдану тиімді болады, егерде:

  • оқушылардың шығармашылық әрекетке қатысуы қамтамасыз етілсе;
  • коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары мен әдістерін таңдау жүзеге асырылса;
  • жоғары мектептегі заманауи білім беру тәжірибелерімен іске асырылса.

Зерттеудің жетекші идеясы: әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, шығармашыл, ой-өрісі кең, білімді де білікті жеке тұлға қалыптастыру міндеті қойылған.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  1. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру үшін жобалау әдісін дамытудың психологиялық-педагогикалық мәні айқындалады.
  2. Оқу процесінде шығармашылық тапсырмалар жүйесімен жұмысты тиімді ұйымдастырудың жолдарын анықтап, теориялық негізделеді және тәжірибеде тексеріледі.

Зерттеудің теориялық маңызы: сабақ барысында оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру, пәнаралық байланыс орната отырып, жағдаяттарды табу және шешу, логикалық ойлау қабілетін дамытудың теорияық негіздері.

Зерттеудің практикалық маңызы: тәжірибелік-эксперимент жұмыстары Талдықорған қаласындағы № 14 мектеп-гимназиясында жүргізіледі. Тәжірибелік-эксперимент жұмысына 52 оқушы қатысады.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі теориялық-әдіснамалық және практикалық тұрғыда дәлелденуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, зерттеу мақсатына, міндеттеріне, нысанына, пәніне сәйкес кешенді әдістердің логикалық тұрғыда қолданылуымен, теориялық тұжырымның нәтижелілігімен, эксперименттен алынған нәтижелердің жоғары сынып мұғалімдерін даярлайтын факультеттер мен бөлімдерде қолданылуымен қамтамасыз етіледі.

Зерттеудің құрылымы: Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан, үш бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Жоғары сынып білімгерлерінің коммуникативтік құзіреттілігін жобалау әдісін пайдалана отырып қалыптастыру әдістемесі

Ағылшын тілі пәнін оқытудың негізгі мақсаты - оқушының айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым қабілеттерін дамыта отырып, тұлғаның тілдік қабілетін қалыптастыру, ағылшын тілін басқа пәндермен (ағылшын-тарих, ағылшын-информатика, ағылшын-әдебиет, т. с. с. ) сабақтастыра отырып, білім сапасының артуына, оқушылардың қызығушылықтарын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін, интелектуалдық-танымдық, іскерлік сапаларын, қарым-қатынас біліктілігін, әлеуметтік бейімделігін, рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуға септігін тигізу. Әлемдік педагогикада жоба технолоиясы ешкіге жаңалық емес, себебі бұл барлық елде кең таралған технологияның бірі болып табылады. Жоблау әдісінің негізін салған ғалымның бірі - Дж. Дьюи. Ол жобаны - тәжірибе мен теорияны бір-бірімен байланыстыра отырып оқыту деп түсіндірген болатын. Себебі, оқушы теорияда алған тәжірибесін практикада көрсете білуі қажет. Бұл технологияның ұраны - «Барлығы өмірден және барлығы өмірге». Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы жобалау технологиясымен таным үрдісінде зерттеулер жүргізіп, қоршаған ортаны лаборатория ретінде қолданып, нәтиже шығаруға жетелейді. Конфуцийдің «Маған айтып берсең - ұмытып қаламын, көрсетсең есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң - үйренемін» деген қанатты сөзі жобалау әдісіне саяды. Аталған технологияның да негізгі мақсаты - келер ұрпақты оқыта отырып, оның еркіндігін қалыптастыруға, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру.

Мақсаты:

  • Оқушыларды өз бетімен іздену-зерттеу практикасына жұмылдыру үшін қажетті ақпараттар мен материалдармен қамтамасыз ету.
  • Оқушыны оқыта отырып, оның дамуына, еркін жұмыс жасауына, шешім қабылдауына дағдыландыру, жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік беру.
  • Білім үрдісіне: «оқушы-ата-ана», «оқушы-мұғалім», «оқушы-оқушы», «оқушы-әкімшілік» бірлесуі.

Жобалау әдісі бойынша оқытудың сипаттамасы:

  1. Маңыздылығы. Білімгерлердің дамуын қамтамасыз ету үшін көкейтестілік жинақтық жобаларға олардың белсенділігі.
  2. Тапсырмалар мен оның ережелері күрделі міндеттерді белсенді түрде орындауға ынталандырады.
  3. Оқытудың қызықтыру сипаты. Сабақ барысында білімгерлердің «ізденемін, дамимын, оқимын» деген ішкі қалауының, маңызды жұмыс жасау қабілетінің, жасалған жұмыстардың бағалануы.
  4. Пәнаралық байланыс сипаты.
  5. Оқушылар өз жобаларында пәнаралық байланысы бар тапсырмаларды орындауы.
  6. Жұмыстың дұрыстығы мен бұрыстығы.
  7. Жұмыстың бірігіп орындалуы.
  8. Өзара сайластық.

Саралау кезінде мұғалім мен оқушының негізгі іс-әрекеті қандай?

Мұғалім:

  • Нақты мақсат-міндет қою;
  • Оқушымен біріге отырып, жағдаятты қарастырып алу;
  • Мұғалім мен оқушы өз ойларын, идеяларын ұсынады;
  • Берілген үлгі бойынша жобаны сипаттайды;
  • Эдвайзер, эксперт, менеджер рөлін атқарады, оқушылардың іс-әрекет жетістіктерін және шығарған қорытынды-нәтижелерін бағалайды, түрлі жарыстарға жобаларды ұсынады.

Оқушы:

  • Жағдаятты талқылайды;
  • Міндеттерді қалыптастырады;
  • Жоспарлайды;
  • Қажетті ақпаратты таңдап, жинайды;
  • Зерттеу әдістерін іздестіреді;
  • Жинаған мәліметтерін талдайды;
  • Аралық қорытындыларды талқылайды;
  • Мультимедиялық презентация, фильм, шығармашылық есеп жасап қорғайды.

Жобалардың классификациясы:

  • Оқушылардың санына қарай: жоба жеке немесе топтық болады;
  • Оқу пәні мен мазмұнына байланысты бірпәндік немесе пәнаралық болады;
  • Қатысушылар құрамына байланысты әртүрлі жастағы оқушылар, жалпымектептік, мектепаралық, халықаралық болады;

Жоба қысқа мерзімді 1 - апта, орта мерзімді - 1-4апта, ұзақ мерзімді - 4 апта-1 жылға дейін болып бөлінеді. Жоба - жазбаша есеп немесе ауызша есеп арқылы, анимациялық немесе мультимедиялық презентация бойынша, фильм не қойылым арқылы қорытындыланады.

Кесте 1 - Жобалардың дидактикалық кескіндемесі

1
Іс-әрекет түрі бойынша
Зерттеу, шығармашылық, рольдік-ойындық, ақпараттық, тәжірибелік-бағыттық
1: 2
Іс-әрекет түрі бойынша: Пәндік мазмұны бойынша
Зерттеу, шығармашылық, рольдік-ойындық, ақпараттық, тәжірибелік-бағыттық: Моножобалар, пәнаралық жобалар
1: 3
Іс-әрекет түрі бойынша: Үйлестіру сипат бойынша
Зерттеу, шығармашылық, рольдік-ойындық, ақпараттық, тәжірибелік-бағыттық: Ашық үйлестіру жобалары, жабық үйлестіру жобалары
1: 4
Іс-әрекет түрі бойынша: Өзара қатынас сипаты бойынша
Зерттеу, шығармашылық, рольдік-ойындық, ақпараттық, тәжірибелік-бағыттық: Ішкі, аймақтық, халықаралық
1: 5
Іс-әрекет түрі бойынша: Қатысушылардың саны бойынша
Зерттеу, шығармашылық, рольдік-ойындық, ақпараттық, тәжірибелік-бағыттық: Жеке, жұптық, топтық
1: 6
Іс-әрекет түрі бойынша: Мерзімі бойынша
Зерттеу, шығармашылық, рольдік-ойындық, ақпараттық, тәжірибелік-бағыттық: Қысқа, орта, ұзақ мерзімді

Тіл үйренуге байланысты жоба - мұғалімнің арнайы жоспарлап, шығармашылық өніммен аяқтаған, оқушының өз бетімен орындайтын тапсырмаларының жиынтығы.

Жобалық оқыту әдісін келесі кесте түрінде қолдануға болады:

Кесте 2 - Жобаны орындау дәйектілігі

Кезеңдер
Міндеттер
Оқушы іс-әрекеті
Оқытушы іс-әрекеті
№: 1
Кезеңдер: Мақсатты анықтау
Міндеттер: Тақырыпты анықтау, бір немесе бірнеше мәселені айқындау. Жұмыс тобын таңдау
Оқушы іс-әрекеті: Ақпаратты толықтырады. Тапсырманы талқылайды, мәселелерді анықтайды
Оқытушы іс-әрекеті: Оқушының қызығушылығын тудырады, мақсаттарын түсіндіреді, бақылау жасайды
№: 2
Кезеңдер: Жоспарлау
Міндеттер: Мәселені талдау, болжамдар ұсыну, әрбір болжамды негіздеу
Оқушы іс-әрекеті: Болжамдар ұсынады, міндеттерді айқындайды
Оқытушы іс-әрекеті: Талдау жасауға көмек береді, бақылайды
№: 3
Кезеңдер: Алынған болжамдарды тексеру әдісін таңдау
Міндеттер: Алынған болжамдарды тексерудің әдістерін, дерек көздері мен ақпараттарды талқылау
Оқушы іс-әрекеті: Тексеру әдістерін талқылайды, тиімді нұсқасын таңдайды, дерек көздерін анықтайды
Оқытушы іс-әрекеті: Бақылайды, кеңес береді.
№: 4
Кезеңдер: Орындау
Міндеттер: Болжамды дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын ақпараттарды іздестіру. Жобаны орындау
Оқушы іс-әрекеті: Ақпараттармен жұмыс жасайды. Идеяларға талдау жасайды. Жобаны ресімдейді
Оқытушы іс-әрекеті: Бақылау жасайды, талдау үдерісіне бағыттайды
№: 5
Кезеңдер: Жобаны қорғау
Міндеттер: Жоба нәтижелерін ұсыну, жобаны бағалау
Оқушы іс-әрекеті: Жобаны қорғайды, жобаны ұжымдық бағалауға қатысады.
Оқытушы іс-әрекеті: Ұжымдық талдауға және жоба нәтижелерін бағалауға қатысады

Орыс ғалымы А. В. Қонышеваның айтуынша, жобалау әдісін қолданудың негізгі мақсаты төмендегідей:

  • оқыту процесінде ғылыми-зерттеу процестерін жетілдіру;
  • зерттеу мәселелеріне байланысты жеке қызығушылықтарды жүзеге асыру;
  • оқушының тілдік негіздерін қалыптастыру;
  • тілді меңгеру деңгейін көрсету;
  • оқушының белсенді дамуына жағдай жасау, оның өзіндік пікірін жетілдіру;
  • оқушының топпен жұмыс жасау туралы түсініктерін жетілдіру.

Оқушылардың білім сапасын көтеру, шығармашалық қабілетін арттыру, жұмыстың сапасын анықтайтын ерекше дидактикалық процестің бірі - жобалау әдісі. Ағылшын тілінде жобалау әдісін пайдаланудың ерекшелігі сол - ағылшын тілін меңгеру оқушының бақылауында болғанымен, ол негізі оқушының өз еркіне байланысты. Жобалау жұмысы тіл үйренудің формалдық сипатын жоюға, тілді үйренудің тәжірибелік нәтиже беруіне ықпал етеді. Жоба мұғалім мен оқушының функционалдық міндеттерін өзгертеді. Оқушы ағылшын тілін үйренуде оның мазмұнын таңдауда белсенді болса, мұғалімнің негізгі жұмысы - кеңес беру, көмектесу, ойында қатысушы қызметін атқара алады.

Жобалау әдісі арқылы ағылшын тілін үйренуде, ағылшын тілінің оқу-әдістемелік құралдарын, бағдарламаларын талдау арқылы және тест, сұрақ-жауап, жаттығу-тапсырмалар арқылы жеткізуіне болады.

Жоғарыда айтылған дәйектерді саралай келе, мынандай қорытындыға келдік:

1. Тілді жобалау әдісі арқылы меңгеру - оқушылардың танымдық қызығушылығына, шет тілін практика жүзінде қолдануға, оқушы мен мұғалім арасындағы жауапкершілігіне, мақсатты айқындауына, жұмыс нәтижесі сияқты қағидаттарды ескеруі тиіс.

2. Жобалап оқыту әдісі арқылы оқушының ағылшынша мәтінді өздігімен оқып, тыңдаушыға жеткізе отырып, ұйымдастыру қабілетін дамытуға, жағдаяттың шешімін тауып, теорияда алған білімін практикада қолдануға дағдыланады. Мәселені бір жақты ойлап қана қоймай, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы шешуге мүмкіндік туғызады.

Жобалау әдісінің негізін қалаушы Д. Дьюи оқушының интеллектуалдық қабілеттерін дамытудың, өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастырудың маңыздылығын назарға ала отырып, мәселе осы білімді игеру әрекетін ұйымдастырудың тетігін табуда екенін баса айтқан болатын. Ал проблеманы өздігінен шешу мақсаты тікелей жобалай оқыту технологиясы талаптарына сәйкес келеді. Өйткені проблеманы шешуге дайын адамның бойында өзінің танымдық әрекетін жоспарлау, ойлау жүйесінің икемділігі, нәтижеге жетуге деген құлшыныс, өз қатесін түсіну және оны дер кезінде жөндей білу, метатанымдық қабілет, өзгелермен тіл табыса отырып шешім жасау жолдарын іздестіре алу секілді қабілеттер қалыптасады.

Жобалау әрекеті барысында тек қана коммуникациялық қатынаста болу емес, белгілі бір өнімді құрастыру барысындағы іскерлік коммуникация жүреді, ол оқушылардың оқу-тәжірибелік мәселелерін шешу мақсатын көздейді. Сондықтан, осы жағдайда оқушы құзыреттіліктерінің қалыптасуы тиімді жүзеге асырылады.

Жобалауда коммуникациялық қатынастарды бағалау барысында төмендегі фактілер ескерілуі тиіс:

- Жоба (шығармашылық жұмыс) негізінен оқушылардың топтық әрекеті арқылы орындалғаны;

- Жұмыстың орындалуы барысында педагог балалар әрекетін ұйымдастырушылық-мазмұндық, жоспарлау және қадағалау қызметтерін атқаруы;

- Презентация жасауда аудитория болуы, бағалау комиссия болуы, бағалаудың ашық жүруі, қатысушылардың марапатталуына ерекше назар аударылуы тиіс [9, 147 б. ] .

  1. Жобалау әдісін пайдалану арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері

Жобалау әдісін пайдаланудағы мақсат - сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақта әр түрлі мәселелердің шешімін таба білуге, қоғамдық ортада тез бейімделуіне қызығушылығын арттыру. Егер оқушы жоба тақырыбын дұрыс таңдап, мақсат-міндеттерін нақты қойса, жобада мақсатқа жету жолдарын айқын көрсетіп, орындай алса - ол болашақта дара тұлға болып қалыптаса алады. Түрлі мәселелерде шешімдерін дұрыс тауып, жағдаяттан шығу жоллдарын білсе, топпен, жқппен, жеке жұмыс жасауға дағдыланса, мектеп қабырғасын аяқтағаннан кейін кез келген ортада дұрыс бағдар бере алатын, өмірге деген өзіндік көзқарасы бар тұлға қалыптасады. Сонымен, жобаның мақсаты - шығармашылыққа, тапқырлыққа, ғылыми ізденіске жетелеуде. Жобалау әдісі - топтық, жұптық, жеке болып бөлінетінін жоғарыда тілге тиек еттік. Ал, сол жобаның нәтижесі жемісті болуы үшін дұрыс жоспарлай білуіміз қажет.

Жұмыстың бөлімдері.

Жұмыстың мазмұны.

Мұғалімнің тəрбиелік мақсатты шешудегі негізгі іс-əрекеттері.

Оқушылардың іс-əрекеттері.

1. Дайындық кезеңі

  • Жоба тақырыбын анықтау.
  • Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталандырады.
  • Топтағы əрбір оқушының пікірін ескере отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді.
  • Əр оқушы өмірлік тəжірибесіне (егер ол болса), сүйене отырып, өз ойын ортаға салады, бірігіп жобаның мақсаты анықтайды.

2. Жоспарлау

  • Топқа бөлу. Ақпарат жинау жəне талдаудың жолдарын көрсету. Əрбір топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтау.
  • Оқушыларды өз бетімен акпарат жинауды бағыттайды. Əрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылау шешімін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі. Оқушылардың жобасы бойынша күнделігін тексереді.
  • Топ арасында əркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарын анықтау жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап, бірінші нəтижеге жету уақытын белгілейді. «Қоғамдық» тапсырманы орындауға дайындығын көрсетеді.

3. Зерттеу жұмысы.

  • Ақпарат жинау, аралық нəтижені талдау, зерттеудің негізгі құралдары: сұхбат, анкета бақылау, алынған түрлі ақпаратты талдау.
  • Оқушы күнделігін бақылап, əрбір жетекшісімен топ мүшелерімен жеке-жеке сөйлесу, талдау, нəтижені салыстыру арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру.
  • Жеке жəне жұптық жұмыс, анкета сұрақтарын құрастыру. Қажет болса сценарий жазу, қоғамдық ұйымдар мен қарым-қатынас қалыптастыру. Білімін əр пəндік салада кеңейтеді, түрлі қоғамдық жұмыстармен танысады, шығармашылық, белсенділік, талаптылық қасиеттерін бойында қалыптастырады.

4. Нəтижені талқылау.

1. Ақпаратты талдау, шешім шығару, жоспарлау.

2. Бақылайды, кеңес береді.

3. Проблемаларды сұрақтарды анықтап, оның шешімін шығаруға дайындалады.

5. Жұмыстың тұсау кесері.

1. Тыңдайды, проблемалық сұрақтарды қоя отырып, оқушыны сөйлетуге мүмкіндік жасайды.

2. Алынған нəтиже туралы есеп береді. Бір-бірін мұқият тыңдайды, сөйлеу мəнерін ескере отырып, бір-бірінің ойларын жалғастырып отырады, кері байланыс жүргізіледі.

6. Бағалау жəне жоспарлау.

Технологиядағы жобаның түрлері:

  • Ғылыми жоба;
  • Шығармашылық жоба;
  • Ойын түріндегі жоба;
  • Ақпараттық жоба жəне т. б түрлері бар.

Сонымен, оқушыларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-əрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау - жобалау технологиясының негізі. Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдында əр кезеңде мақсат қоя біліп, сол мақсатқа қол жеткізудегі іс-əрекеті. Қытай мақалының естігенімді-ұмытамын, көргенімді-есте сақтаймын, өзім істегенімді - меңгеремін дегені - бұл технологияның негізгі ұстанымы.

Жобада оқытушы, сарапшы, үйлестіруші немесе қосымша мәліметтерді беруші рөлін атқарады. Өз күшімен жоба-тапсырманы орындауда тіл үйренушілер өз жұмыстарын жоспарлау, оның нәтижесін болжау, бірігіп жұмыс істеу сияқты өз бетінше жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді.

1-кезең дайындық кезеңі. Тақырып таңдау, оны құрастыру, міндеттерін белгілеу, ұйымдастыру, талқылау, жоба мазмұнымен танысу. Мұнда оқытушымен бірге оқушы жобаның тақырыбын, мақсатын анықтайды.

2-кезең. Материал жинау, материалды өңдеу, толықтыру. Оқушылардың жинаған тілдік материалдарын, алғашқы нәтижелерін қорытындылап талқылау, келесі ққосымша материалды, жаңа материалды іздестіру. Жоба үй тапсырмасы ретінде материалды қолдана отырып сұхбат жасауға беріледі, лексикалық, грамматикалық материалдар өңделінеді, кесте беріледі.

3- кезең. Сөйлеу кезеңінде алынған материалды қолдану, жоба жұмысын аяқтайды.

4-кезең . Қорытынды шығару, жобаның презентациясы.

Осылайша жоба жұмысымен әр оқушы ағылшын тілінде сөйлейді. Әр оқушы өз ойын айтуға, дәлелдеуге тырысады. Ауызша сөйлеуді жетілдіруге үлкен мүмкіндік береді.

Жоба жасауда мультимедиялық бағдарламаны қолдану әдісінің көп артықшылықтары бар. Ол әр түрлі сөйлеу түрлерін жаттықтыру және оларды әр түрлі түрде үйлестіруге, тілдік құбылыстарды білуге, лингвистикалық құбылыстарын қалыптастыруға, коммуникативті жағдайларды құруға, тілдік және сөйлеу әрекеттерін машықтандыруға, сонымен қатар қатысушылардың жеке өзіндік жұмыс жүргізулеріне мүмкіндік береді.

Таңдалған тақырып бойынша жоба (презентация) жасағанда оқушылар интернет желісін пайдалана отырып, тақырып туралы ең қызықты оқиғаларды, мәліметтерді іріктеп алады. Жобадағы мәліметтерді игерудегі ең маңыздысы оқушылар көрнекілікті, анимацияны, дыбыстарды қолданады. Оларға: суреттер, хаттамалар, маңдайша жазулары, жарнамалар, кестелер, диаграммалар жатады.

Сөйлеу барысында оқушылар әр слайдқа толық мәліметтер береді. Өз ойын ашық айту жоба құрушы логикалық, тілдік, грамматикалық жағынан дұрыс құруға ұмтылады.

Оқу - жобамен жұмыс істеген кезіндегі ең негізгі бөліктердің бірі. Жобаға керекті мәліметтерді алу үшін қатысушылар баспа мәліметтеріне сараптама жасауына тура келеді. Жұмыс кезінде оқушылар анықтамалармен, энциклопедиялық сөздікпен жұмыс істейді.

Тыңдау - оқыту құралы және нысан ретінде жобада қолданады. Тыңдаудың ең бірінші қызметі - жобаны қорғаушы сөйлеген кезде оның сөзін басқалар тыңдайды, жаңа мәліметтерді ерекшелеуге, ал екінші жағынан кейбір түсініксіз сөздерді тастап кетіп, мәтінді түсінуге дағдыланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Графика және жобалау пәнінің маңызы
VIII-IX сыныптарда жобалау әдісін сыныптан тыс ағылшын сабақтарында қолданудың теориялық негіздері
Ағылшын тілі сабағында жобалау әдісін қолдану
Сызу және жобалау графикасы пәндерін оқыту әдістемесі
12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕГІ ЖАҢА ГРАФИКА ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ ОҚУ ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫНДА ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ
Бастауыш мектептегі оқушылар мен мұғалімдердің жобалық әрекеттері
Баланы ойлауға үйрету
Ағылшын тілінен сыныптан тыс сабақтарда жобалау әдісін қолдану әдістемесі
Педагогикалық әрекеттерді жобалау технологиясы
Оқушылардың жобаны орындауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz