Кәсіпорын және қаржылық жағдайдың жіктелуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Кәсіпорын қаржылық жағдайының
көрсеткіштері тақырыбы бойынша
Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша

Орындаған

студент
Мусагитова Айша
мамандық
04130100
Менеджмент
курс
2
топ
МН(К)-232
Тексерген

оқытушы
Молдыбаева Т.К
Баға

АЛМАТЫ, 2023
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. КӘСІПОРЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Кәсіпорын және оның қаржылық жағдайының маңызы ... ... ... ... ... ... ... . .4
1.2. Кәсіпорын және оның қаржылық жағдайының жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ..6
2. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ МОНТАЖАРНАУЛЫҚҰРЫЛЫСАҚ-ДА АЛАТЫН ОРНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.1 МонтажарнаулықұрылысАҚ-ның қаржылық жағдайдың ерекшелігі ... ... ... ... ... .7
2.2 МонтажарнаулықұрылысАҚ-ның қаржылық жағдайының дамуына кедергі
жасайтын факторлар және мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... 8
3. МОНТАЖАРНАУЛЫҚҰРЫЛЫСАҚ-НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ДАМЫТУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
3.1 МонтажарнаулықұрылысАҚ-ның қаржылық жағдайдың дамыту тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3. МонтажарнаулықұрылысАҚ-ның қаржылық жағдайындағы мәселелерді шешу және де қаржылық жағдайды нақты дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..10
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Қаржылық жағдайға келетін болсақ негізінен әрбір кәсіпорында немесе коммерциялық ұйымдарда өте маңызды болып табылады. Кәсіпорын - қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яғни заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім (тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді.Әр кәсіпорының қаржылық жағдайы сол кәсіпорын үшін ғана емес біздің мемлекетіміз үшін маңызы бар.
Кәсіпорын қаржысы - бұл қаржылық ресурстарды қалыптастыру, орналастыру және пайдалану процесінде пайда болатын ақшалай қатынастар жүйесі.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржылық ресурстарды: өткізілген өнім (тауарлар, жұмыстар мен қызметтер) бойынша түсетін ақшалай құралдарды, банк несиелері мен қарыздарды, арнайы қорлардан уақытша тартылған бос құралдарды қалыптастыру, орналастыру мен пайдаланумен бейнеленеді. Нарықтық жағдайға көшумен бірге кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оны жақсарту жолдарын іздеу туралы мәселелер пайда болды. Бұл сұрақтардың актуальділігі бөлек кәсіпорындардың және жалпы өндірістің жұмысына жақсы жағдайлар жасау қажеттілігімен анықталады.
Мен бұл тақырыпты таңдаған себебім кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайдың маңызы туралы зерттегім келді.
Осы курстық жұмыста алдыға қойған мақсаттарым:
1) Қаржылық жағдай ұғымы;
2) Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
3) Кәсіпорынның қаржылық жағдайының мемлекетімізге маңызы;
Курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік негіздер - Қазақстан Республикасының экономиканы салықтық реттеу мәселелері жөніндегі заңдық және нормативтік актілері, мерзімдік басылымдардың материалдары, Қаржы министрлігінің статистикалық мәліметтері мен нұсқаулық нормативтік материалдары.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі нарықтық жағдайдағы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы оның тұрақты өнімінің кепілі болып табылатынында. Егер кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты болатын болса, ол басқа кәсіпорындар алдында біршама артықшылықтарға ие болғаны.

1. КӘСІПОРЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Кәсіпорын және оның қаржылық жағдайының маңызы

Кәсіпорын - қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді.
Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңды тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады.
Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоты мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері, бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді.
Қаржы -- мемлекеттің, аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңды және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат (категория), осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Қаржы санаты қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйені көрсетеді, осы жүйе жағдайында және құрамында қаржы жүйесі әрекет етеді. Ақша қатынастары қаржы қатынастарын қалыптастырады, бірақ ақша қатынастарының бәрі бірдей қаржы қатынастары болып табылмайды, тек олардың ақшалай қаражат қорларының жоспарлы түрде құралуымен, бөлінуімен, пайдаланылуымен байланысты бөлігі ғана қаржы қатынастары болып табылады, мысалы, жеке тұтынуға, айырбастауға жұмсалатын ақшалай
қаражат (бөлшек сауда тауар айналымы, көлік, коммуналдық, тұрмыстық, ойын-сауық қызметтеріне, сондай-ақ қоғамның жекелеген мүшелері арасындағы сатып алу-сату үдерістеріне жұмсалатын ақша енгізілмейді). Қаржы қоғамдық өндірісті басқарудың экономикалық әдістерімен тығыз байланысты, олардың құрамына кіреді, экономиканы басқарудың барлық жақтарына ықпал етеді.Мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы, кәсіпорындардың (фирмалардың) арасындағы қаржы қатынастары маңызды рөл атқарады. Алғашқы жағдайда олар мемлекеттік бюджетке төлемдер, салалық не аумақтық деңгейлердегі ұйымдардың түрлі қорларына аударымдар жүйесін қамтиды, екінші жағдайда өндірістік кәсіпорындардың арасындағы, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау, бөлшек сауда, қызмет көрсету саласы ұйымдарының арасындағы өзара байланыстарды қамтиды.
Кәсіпорын қаржысы - бұл қаржылық ресурстарды қалыптастыру, орналастыру және пайдалану процесінде пайда болатын ақшалай қатынастар жүйесі.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржылық ресурстарды: өткізілген өнім (тауарлар, жұмыстар мен қызметтер) бойынша түсетін ақшалай құралдарды, банк несиелері мен қарыздарды, арнайы қорлардан уақытша тартылған бос құралдарды қалыптастыру, орналастыру мен пайдаланумен бейнеленеді. Нарықтық жағдайға көшумен бірге кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оны жақсарту жолдарын іздеу туралы мәселелер пайда болды. Бұл сұрақтардың актуальділігі бөлек кәсіпорындардың және жалпы өндірістің жұмысына жақсы жағдайлар жасау қажеттілігімен анықталады.
Қаржылық талдау мен қаржылық жағдайды талдау түсініктерін шатастырмау керек. Қаржылық талдау - әлдеқайда кең түсінік, өйткені ол қаржылық жағдайды талдаумен қатар табысты, өнімнің өзіндік құнын, өткізуді қалыптастыру мен бөлуді талдауды және басқа да сұрақтарды кіріктіреді. Қаржылық жағдайды талдау - бұл қаржылық талдаудың бір бөлігі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның коммерциялық, өндірістік және басқа іс-әрекеттеріне қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуімен, оларды орналастыру мен пайдаланудың мақсатты бағытталуы мен тиімділігімен, шаруашылық жүргізудің басқа субъектілерімен қаржылық қатынастарымен, төлемқабілеттілік пен қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақытында қаржылық төлемдерді жүргізуі оның жағымды қаржылық жағдайы туралы айтады.
Кәсіпорынның қаржысы бірыңғай жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтанбаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты немесе ұлттық байлықты - халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржының негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.

Кәсіпорынның қаржысы қаржы жүйесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады. Кәсіпорындар қаржысының сферасының шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарының көпшілік бөлігін шоғырландырады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді. Сондықтан да қаржылық жағдайы тұрақты әрбір кәсіпорын қоғам өмірінде, мемлекеттік ішкі қадам басып дамуында маңызды рөл атқарады.
Кәсіпорындар қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді.

1.2. Кәсіпорын және қаржылық жағдайдың жіктелуі

Негізінен жоғарыда атап өткендей қаржылық жағдай не екенін түсіндік бірақ сонымен қатар оның көптеген түрлері бар.Олар жеке тұлғаның қаржылық жағдайы,кәсіпорынның немесе ұйымның қаржылық жағдайы,мемлекеттің қаржылық жағдайы,жеке инвесторлардың қаржылық жағдайы және де т.б.
Оларға қысқаша тоқталып кететін болсақ:
1. Жеке тұлғаның қаржылық жағдайы-бұл оның жеке қаржысының жағдайы, оның ішінде кірістер, шығыстар, банктегі шоттар, активтер мен қарыздар.
2. Кәсіпорынның немесе ұйымның қаржылық жағдайы-бұл оның қаржылық міндеттемелерінің, активтерінің, жеткізушілер мен несие берушілер алдындағы қарыздарының, сондай-ақ төлем қабілеттілігі мен кірістілігінің жағдайы.
3. Мемлекеттің қаржылық жағдайы-бұл мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік қарыздардың, салық түсімдері мен шығыстарының, сондай-ақ елдегі жалпы экономикалық жағдайдың жағдайы.
4. Нарықтың қаржылық жағдайы-бұл акциялар, облигациялар, валюта және тауарлар сияқты қаржы құралдарының жағдайы, сондай-ақ бағаның өзгеруі, сауда көлемі және нарықтың жалпы тұрақтылығы.
5. Жеке инвесторлардың қаржылық жағдайы-бұл олардың инвестициялық портфелінің, кірістерінің және инвестициялауға байланысты ықтимал тәуекелдерінің жағдайы.
6. Зейнетақы қорларының қаржылық жағдайы-бұл олардың активтерінің, кірістілігінің және қатысушыларына Зейнетақы төлеу қабілетінің жағдайы.
7. Жеке жобаның немесе бағдарламаның қаржылық жағдайы-бұл оның бюджетінің, қаржылық ресурстарының, кіріс құрылымының және мақсатқа жету мүмкіндігінің жағдайы.
8. Отбасының қаржылық жағдайы-бұл барлық отбасы мүшелерінің жиынтық кірістері, шығыстары, жинақтары, қарыздары және қаржылық міндеттемелері.

Негізінен кәсіпорының қаржылық жағдайының жіктелуіне келетін болсақ негізінен оны 4 түрін анықтады: қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы, қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы, тұрақсыз қаржылық жағдай, дағдарыстық қаржылық жағдай

1.Қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы ұйымның немесе жеке тұлғаның кез-келген экономикалық жағдайда өз қаржысын сәтті басқару қабілетін білдіреді. Бұл дегеніміз, қаржылық жағдай экономикадағы немесе сыртқы факторлардағы мүмкін өзгерістерге тәуелді емес және тұрақты болып қалады.
Қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығының мүмкін көрсеткіштеріне мыналар жатады:
1. Жеткілікті қаржылық ресурстардың болуы: ұйым немесе жеке тұлға ағымдағы және болашақ міндеттемелерді жабу үшін жеткілікті қолма-қол ақшаға ие болуы керек
2. Табыстың сенімділігі мен тұрақтылығы: тұрақты қаржылық жағдай уақытша немесе кездейсоқ факторларға тәуелді емес тұрақты және сенімді кіріс көздерінің болуын болжайды.
3. Қарызды тиімді басқару: ұйым немесе жеке тұлға басқарылатын қарыз деңгейіне және міндеттемелерін уақытында төлеу қабілетіне ие болуы керек.
4. Кірістердің әртүрлілігі: әр түрлі кіріс көздерінің портфолиосына ие болу тәуекелдерді азайтуға және бір немесе бірнеше кіріс көздері өзгерген жағдайда тұрақтылықты қамтамасыз етуге көмектеседі.
5. Рентабельділік деңгейі: қаржылық тұрақтылық рентабельділік деңгейімен де байланысты. Рентабельділік неғұрлым жоғары болса, ұйымның немесе жеке тұлғаның шығындарды жабу және болашақ өсуге инвестициялау үшін жеткілікті ресурстарға ие болу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Қаржылық жағдайдың жалпы абсолютті тұрақтылығы әр түрлі факторларға байланысты және әр ұйым немесе жеке тұлға үшін әр түрлі болуы мүмкін. Бұл көрсеткіштер неғұрлым жақсы болса, ұйым немесе жеке тұлға соғұрлым қаржылық тұрақты болып саналады.
2.Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы компанияның немесе жеке тұлғаның ағымдағы және болашақ қаржылық міндеттемелерді қанағаттандыру үшін жеткілікті қаржылық резервтері мен кірістілік деңгейі бар екенін білдіреді.
Қаржылық жағдайдың тұрақтылығын бірқатар факторлар бойынша бағалауға болады, соның ішінде:
1.Өтімді активтердің жеткіліктілігі: ағымдағы міндеттемелерді жабу үшін жеткілікті қолма-қол ақшаның немесе оңай айырбасталатын активтердің болуы.
2.Қарыз деңгейі: қарыздың төмен деңгейі және пайыздар мен несиенің негізгі сомасын төлеудің ақылға қонымды мүмкіндігі.
3.Рентабельділік: компанияның ағымдағы және болашақ міндеттемелерді жабу үшін пайда табу мүмкіндігі.
4.Табыс көздерінің әртүрлілігі: тәуекелдердің әртараптандырылуын қамтамасыз ететін және бір көзден алынған кірістің төмендеуі жағдайында қаржылық қиындықтардың ықтималдығын төмендететін бірнеше тұрақты кіріс ағындарының болуы.
5.Қаржылық жоспарлау және бақылау: қаржылық көрсеткіштерді анықтауға және бақылауға және тұрақтылықты сақтау үшін шаралар қабылдауға көмектесетін жоспарлау және бақылау жүйесінің болуы.
6.Икемділік және резервтеу: нарықтағы күтпеген жағдайларға немесе өзгерістерге жауап беру үшін жеткілікті қаржылық ресурстардың болуы.
Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз ету ұйымдар мен жеке тұлғалар үшін маңызды міндет болып табылады, өйткені бұл оларға ағымдағы қаржылық міндеттемелерді сәтті шешуге және ұзақ мерзімді тұрақты қаржылық позицияны құруға мүмкіндік береді.
3.Қаржылық жағдайдың тұрақсыздығы адамның немесе ұйымның өз қаржысын басқаруда және тұрақтылық пен тұрақтылыққа қол жеткізе алмауында қиындықтар бар екенін білдіреді. Бұған әртүрлі факторлар себеп болуы мүмкін, мысалы, бюджетті дұрыс жоспарламау, артық шығындар, табыстың төмен деңгейі, қарыз, Бизнестің рентабельділігі және т. б.
Қаржылық жағдайдың тұрақсыздығы ағымдағы шығындарды, қарыздар мен несиелік міндеттемелерді жаба алмау, мүліктің немесе бизнестің жоғалуы, банкроттық және қаржылық қабілетсіздік сияқты ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Қаржылық жағдайдың тұрақсыздығын шешу үшін кірістер мен шығыстарға талдау жасау, бюджет пен қаржылық жоспар құру, қажетсіз шығындарды азайту, кірістерді көбейту, қарыздар мен қарыздарды өтеу, қаржылық кеңес беру немесе бухгалтерлік есеп бойынша кәсіби көмек тарту маңызды.
Қаржылық жағдайыңыздың тұрақтылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қаржыңызды мұқият бақылауға және басқаруға тырысыңыз.
4.Дағдарыстық қаржылық жағдай-бұл адамның, компанияның немесе мемлекеттің қаржыға қатысты күрделі проблемалары бар жағдай. Бұған қарыздың жоғары деңгейі, қолма-қол ақшаның жетіспеушілігі.
Бизнестің шығыны, несиелер мен қарыздарды өтеу мүмкін еместігі, ағымдағы шығындарды жаба алмау және т. б.
Қаржылық дағдарыстың әртүрлі себептері болуы мүмкін, мысалы, қаржыны дұрыс басқармау, тауарларға немесе қызметтерге сұраныстың төмендеуі, экономикалық құлдырау, заңнаманың өзгеруі, қаржылық алаяқтық және т.б. ол жеке жағдайда да, бүкіл ел экономикасын қамтуы мүмкін.
Мұндай жағдайда дағдарысты еңсеру үшін түрлі шаралар, соның ішінде қарыздарды қайта құрылымдау, инвестицияларды тарту, шығындарды азайту, қаржыны басқаруды жақсарту, жаңа табыс көздерін іздеу және т.б. дағдарыстық қаржылық жағдай жағдайды одан әрі нашарлатпау үшін мұқият талдауды, жоспарлауды және шұғыл шаралар қабылдауды талап етеді.

1.3 МонтажарнаулықұрылысАҚ қаржылық жағдай негізі ретінде

1965 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Қазақ ССР монтаждау және арнайы құрылыс жұмыстары Министрлігінің монтаж ұйымдарының міндеттерін үйлестіру қызметін орындау үшін 1992 жылы Монтажарнаулықұрылыс Компаниясы Акционерлік Қоғамы құрылды, оның мамандарының қатысуымен Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің мынадай бетке ұстар - Павлодар, Шымкент және Атырау мұнайөңдеу зауыттары, Балхаш және Жезқазған мыс балқыту комбинаттары, Шымкент және Өскемен қорғасын және титанмырыш комбинаттары, Жамбыл және Шымкент фосфор зауыттары, және де ондаған жалпы мемлекеттік міндеттерді атқаратын нысаналар сияқты ірі өнеркәсіптердің құрылысы салынған.
1994 жылы Қазақ ҚСР монтаждау және арнайы құрылыс жұмыстары Министрлігінің базасында құрылған Монтажарнаулықұрылыс Компаниясы Акционерлік Қоғамы Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторындағы көпбейінді құрылыс компанияларының бірі болып табылады және 25 жыл бойы ірі өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыруға табысты қатысып келеді. Барлық жұмыстар өндірістік және басқарушылық қызметке тартылған қызметкерлердің қауіпсіз, салауатты еңбек және тұрмыс жағдайларын міндетті түрде қамтамасыз ете отырып орындалады. Компанияның ISO 9001-2015, ISO 14001-2015, OHSAS 18001-2007 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестікке аттестатталған және қолданыстағы сертификаттары бар.
Біздің Тапсырыс берушілеріміз мынадай компаниялар болып табылады: Теңізшевройл,Tengizchevroil (TCO), Agip KCO, Қарашығанақ,Karachaganak Petroleum Operating B.V. (KPO), North Caspian Operating Company N.V. (NCOC), Жайықмұнай,Zhaikmunai LLP, Maersk Oil Kazakhstan, Қазхром,KAZCHROME және басқалары болып табылады.Компанияның өнеркәсіптік құрылыста толық аяқталған ИЖҚ (жобалау, жеткізу, құрылыс, іске қосу алдындағы, іске қосу-жөндеу) жобалары бойынша жұмыстарды орындау тәжірибесі бар.
- Жобалау
- Жеткізілім
- Құрылыс
- Іске қосу және жөндеу алдындағы
- Іске қосу және жөндеу
Жеке ресурстарымен, сондай-ақ шетелдік әріптестермен консорциумда Қазақстан Республикасында құрлық және теңіз жобалары бойынша техникалық күрделі жұмыстар орындалды.
Компанияның бейіндік қызметінің негізгі бағыттарына келесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік тәуекелдердің жіктелуі
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі мен саясатының негіздері
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдікті төмендету жолдары
Мұнай- газ өндіру кәсіпорындарының инвестициялық қызметі
Инвестициялық әрекеттің объектілері
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
Сыртқы реттелмейтін тәуекелді басқару
Инвестицияның жіктелуі
Тәуекел мәні, функциялары және жіктелуі
Пәндер