Қазақ поэзиясының тарихи контексті


«Қазақстандық Халықаралық Колледж» ЖШС
Қайсар Дария Бақытжанқызы
ПОЭЗИЯНЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Курстық жұмыс
Жетекші Жабаева Айдана Адильхасыновна
Тапсыру күні «__»2024 г.
Қорғау күні «__»2024 г.
Бағалау
Астана, 2024
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І БӨЛІМ. Поэзияны аударудың теориялық негіздері . . . …4
1. 1 Көркем аудармаға шолу . . . 4
1. 2 Қазақ поэзиясының тарихи контексті . . . 5
1. 3 Қазақ поэзиясының стилистикалық және тілдік ерекшеліктері . . . 5
1. 3 Қазақ поэзиясын аударудағы қиыншылықтар және тәсілдер . . . 6
II БӨЛІМ. Поэзиялық шығармаларды аудару . . . 7
2. 1 Абай Құнанбаев «Жаз» өлеңінің үзіндісінің аудармасына талдау . . . 7
2. 2
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 20
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 21
ҚОСЫМШАЛАР 22
КІРІСПЕ
Бұл курстық жұмыс поэзия аудармасының ерекшеліктеріне арналған. Сонымен қатар, басты назар қазақ-ағылшын тілдеріне аударылады. Жұмыста мәселенің теориялық аспектісі қарастырылады және осы саладағы аударма қызметінің тарихы қозғалады. Тағы да қарастырылатын жағдай, бұл поэзияны аудару барысында туындайтын қиыншылықтар мен тәсілдер. Онымен қоса, жұмыста поэтикалық шығарманың өзіндік аудармасы, содан кейін оны кешенді талдау ұсынылған.
Таңдалған тақырыптың өзектілігі бұл поэтикалық аударманың аударма қызметіндегі ең қиын бағыттарының бірі болғандығы және болып қала беретіндігі болып табылады. Қазақ әдебиетін ағылшын тіліне аудару мәселесі қазіргі кезде зор мәнді алып отыр. Поэзияны аудару кезінде адекваттылыққа жету жолдары мен құралдары туралы мәселе көркем аударма теориясында ең аз дамыған мәселелердің бірі болып табылады. Жұмыстарды аудару барысында, әсіресе, поэзияны аудару барысында әрбір сәт мұқият талдауды талап етіп, аударудың бірнеше тәсілдерін тудырады. Сонымен қатар, поэтикалық аударманың дәлдігі мен адалдығын бағалаудың жалпы қабылданған және басты критерийлердің болмауы, бұл мәселені және қиындықтарды шешуді қажет етеді.
Жұмыстың мақсаты - поэзияны аударудың жетекші тенденцияларына байланысты қазақ поэтикалық шығармаларын ағылшын тіліне аударудың ерекшеліктерін бөліп көрсету. Сонымен қатар, поэзияны аударудағы ерекшеліктер жайлы бір ойға келу.
БӨЛІМ I. ПОЭЗИЯНЫ АУДАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Көркем аудармаға шолу
Өркениет пен өркениеттің, әртүрлі халықтардың, олардың мәдениеттерінің бір-бірімен табысып, танысуы үшін оларға ортақ қандай да бір белгі немесе зат болуы керек. Яғни, бірін-бірі танып, білу үшін оларға қандай да бір ақпарат жүйесі керек. Бұндай танысу жүйесінің бірі - көркем аударма болып табылады. Басқа тілде сөйлейтін басқа елдің тарихын, әлемін, оның мәдениетін, яғни көркем әдебиетін біз аударманың көмегі арқылы танып-білуімізге болады. Әрине, бір аударма арқылы ғана халықтың мәдениетін түсініп, оны ұғып алу оңай емес және түпнұсқадағыдай нәтиже ала алмаймыз, бірақ көркем аударма арқылы біз кішкене болсын танып, біле аламыз. Көркем аударма дегеніміз - бір тілде жазылған әдеби туындыны екінші тілдің құралдары көмегімен оқырмандарға жеткізу және түпнұсқасының стильдік, көркемдік ерекшеліктерін мейлінше нақты сақтап көрсету. Аудару мақсаты шығарманың құрылымдық мағынасын терең ұғып, аудармашының тілдік безендіруін шебер қолдануында.
Көркем аударманың бір түрі - бұл поэзиялық аударма. Поэзия (гр. poіesіs, poіeo - жасаймын, тудырамын) - өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. Поэзия сөздің ырғақтық құрылысына, ұйқасына негізделеді. Поэзия ұғымы өлеңмен жазылған шығармаларды көркем прозадан ажырату үшін қолданылады. Поэзиялық шығармаға сезім күйі, әсерлілік тән, ал прозалық туындыларда баяндау, бейнелеу жағы басым келеді. Поэзияның көркемдік сипаты мен бейнелеу құралдарын, тілдің ырғақтық, интонация байлығын қолдануында елеулі өзгешеліктер бар. Поэзиялық шығармаларға тән айрықша қасиет - өмір құбылыстарын терең эмоциялық сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды көркем бейнелеу. Орыс әдебиеттанушысы В. Г. Белинский: “Поэзия - тұтас өнер, онда үн де, сурет те, айқын айтылған пайымды түсінік те бар. Ол бар өнердің ерекшелігін бойына жиып, бүкілінің ұйытқысы болады” дей келе поэзияны тегі мен түріне қарай лирикалық, эпикалық, драмалық жанрларға жіктеді. Қазақ поэзиясында Абайдан кейінгі дәуірде Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, т. б. қаламгерлер сөз өнерін жаңа мазмұн мен образдық жүйе, көркемдік бояу-нақыштармен байыта түсті.
Поэзия аудармасы - қайта түлеген рухани құндылық. Поэзияны аудару - аударма түрлерінің ішіндегі ең күрделісі болғандықтан, ол поэзия шығармашылығынан да күрделі. Поэзия аудармасында аудармашы мәтінді өзінше пайымдау, бажайлау тұрғысынан бөлекше жауапкершілік жүктелетіндіктен, аудармашыдан лингвистика мен аударма теориясы саласында жеткілікті дайындықпен қатар, әдебиетшілік, мәдениеттанушылық, стилистік дарын да талап етіледі.
Егер поэтикалық жұмыстың түпнұсқасы автор мен оның ұлтының өкілдері арасындағы рухани қарым-қатынас тәсілі ретінде әрекет етсе, онда аударылған поэтикалық мәтіннің көмегімен автор мен басқа мәдениетке жататын оқырман арасында туындайтын күрделі байланыс процесі жүзеге асырылады. Бұл ретте аудармада уақытша, этникалық, психологиялық факторларды қоса алғанда, әртүрлі факторлар ескерілуі тиіс.
1. 2 Қазақ поэзиясының тарихи контексті
Қазақ поэзиясының тарихи контексті оның көшпенділер мәдениетімен тығыз байланысты. Бұл поэзияның дамуында табиғаттың, ерліктің және отбасылық құндылықтардың маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Қазақ поэзиясының бастауы ауыз әдебиетіне барып тіреледі, онда ақындар мен жыраулар өздерінің шығармашылықтарын халыққа жеткізген. Бұл шығармалар көбінесе халықтың тарихын, батырлардың ерліктерін және өмірдің әлеуметтік аспектілерін бейнелеген.
Орта ғасырларда қазақ поэзиясы күрделі әлеуметтік және саяси оқиғалардың фонында дамыды. Бұл кезеңде ақындар мен жыраулар өз шығармаларында халықтың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрес, әділеттілік пен адамгершілік құндылықтарын насихаттаған. Мысалы, Қазтуған жырау, Асан Қайғы сияқты тұлғалар өздерінің шығармашылықтарында қоғамдық өмірдің әлеуметтік мәселелерін көтеріп, халықтың рухын көтеруге үлес қосты.
XIX ғасырға қарай қазақ поэзиясы жазба дәстүріне көшті, бұл оның дамуына жаңа бағыт берді. Абай Құнанбаев сияқты ақындар қазақ поэзиясының классикалық үлгісін қалыптастырды. Абайдың шығармалары қазақ поэзиясындағы философиялық ойдың және көркемдік бейнелеудің жоғары деңгейін көрсетеді. Оның шығармаларында адамның ішкі дүниесі, ғылым мен білімге деген құштарлық, әлеуметтік әділеттілік мәселелері көтеріледі.
XX ғасырда қазақ поэзиясы кеңестік кезеңнің ықпалымен өзгерді. Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіров, Мағжан Жұмабаев сияқты ақындар мен жазушылар қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтерді. Олардың шығармаларында қазақ халқының тарихы, мәдениеті және өмір салты көрініс тапты. Сонымен қатар, олар қазақ поэзиясының стильдік және тілдік құралдарын дамытуға үлкен үлес қосты.
Қазақ поэзиясының тарихи контексті оның әртүрлілігін және байлығын көрсетеді. Ол ұлттық бәрегейлікті, қоғамдық мәселелерді және адамзаттың мәңгілік тақырыптарын қамтиды. Бұл поэзия халықтың рухын, ұлттық мұрасын және әлемдік мәдениеттегі орнын бейнелейді.
1. 3 Қазақ поэзиясының стилистикалық және тілдік ерекшеліктері
Қазақ поэзиясының стилистикалық және тілдік ерекшеліктері оның бай мұрасы мен көп ғасырлық дамуынан нәр алған. Бұл поэзия өзінің әсемдігімен, күрделілігімен және терең мағынасымен ерекшеленеді, сонымен қатар қазақ халқының мәдени және тарихи дәстүрлерін бейнелейді.
Қазақ поэзиясының тілі өте бай және образды. Ол төмендегідей тілдік құралдарды қолданады:
1. Метафора және символика : Қазақ поэзиясында табиғат элементтері, халықтық наным-сенімдер және тарихи оқиғалар метафора және символ ретінде жиі кездеседі. Бұл әдеби құралдар өлеңге терең мағына және көп қабаттылық береді.
2. Аллитерация және ассонанс : Дыбыстық қайталау қазақ поэзиясының музыкалылығын арттырады, оқырмандардың назарын аударады және өлеңнің ритмін күшейтеді.
3. Паремиология : Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер қазақ поэзиясында жиі қолданылады, бұл өлеңдерге халықтық даналық пен философияны қосады.
1. 4 Қазақ поэзиясын аударудағы қиыншылықтар және тәсілдер
Поэзияны аударудағы негізгі принциптер мен тәсілдер қатарына мәтіннің мазмұнын және формасын бірдей ескеру жатады. Аудармашылар өлеңнің ырғағын, ұйқасын және сөз таңдауын сақтауға тырысады, бірақ бұл көбінесе тіл арасындағы айырмашылықтарға байланысты қиындық тудырады. Сондай-ақ, аудармашылар мәтіннің көркемдік құндылығын сақтауға баса назар аударады, бұл өлеңнің образдық жүйесін, метафораларын және символизмін дұрыс беру үшін маңызды.
Поэзияны аударуда кездесетін негізгі қиыншылықтардың бірі - тілдік және мәдени контексттердің айырмашылығы. Кейбір сөздердің немесе бейнелердің бастапқы тілде бар мағынасы мен эмоционалдық әсері аудармада толық сақталмайтын жағдайлар болады. Мысалы, қазақ поэзиясындағы табиғат бейнелері немесе ұлттық бірегейлікті білдіретін элементтер ағылшын тіліндегі оқырмандар үшін басқаша мағынаға ие болуы мүмкін. Пішін мен мазмұнның сақталуы да поэтика аудару барысындағы қиыншылықтардың бірі болып табылады. Аударма шығармаларға қойылатын басты талап - түпнұсқаның әсерін сақтап қалу. Ол әсерге аудармашының қалай қол жеткізуінің өзі бір бөлек мәселе болып табылады. Тап осы жерде аудармашы түрнұсқаны басынан аяқ зерттей отырып, басқа көркемдік құралдарды дұрыс қолдана білу керек. Келесі кезекте аудармашылар жиі кездестіретін мәселенің бірі - ырғақ пен ұйқастың сақталуы. Поэзияның жаны - ырғақ. Өлеңді оқу, түсіну, тыңдау және толқу - бәрі ырғақпен байланысты. Ұйқастың өзі қазақ поэзиясында біршама маңызды рөлді алып жатыр. Тағы қарастыратын мәселе, бұл аудармадағы көркемдік құралдар. Яғни, метафора, идиомаларды аудару мәселелері. Көркем шығармада метафораның немесе идиоманың мағынасын, аудармасын аудармашы жеткізе алмаса, ол шығарманың ажары ашылмайды.
Аудармашылар поэзияны аудару кезінде әртүрлі стратегияларды қолданады, олардың ішінде семантикалық аударма, адаптация, транскреация және лирикалық бейімдеу бар. Семантикалық аударма мәтіннің мағынасына басымдық берсе, адаптация мәтінді жаңа мәдени контекстке бейімдейді. Транскреация шығармашылық қайта жасау процесін білдіреді, онда аудармашы бастапқы өлеңнің әсерін жаңа тілде қайта құруға тырысады. Лирикалық бейімдеу арқылы аудармашы өлеңнің музыкалық және эмоционалдық әсерін сақтауға баса назар аударады.
БӨЛІМ IІ. ПОЭЗИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ АУДАРУ
Поэзияны аудару - әдеби аударманың ең күрделі және көп қырлы саласының бірі. Поэзияның әр сөзінде, жолында және бейнесінде арнайы мағына мен сезім жатыр, сондықтан оның аудармасы аса мұқият және шеберлікті талап етеді. Поэзия аудармасының негізгі мақсаты - бастапқы мәтіннің мағынасын, формасын және әсерін мүмкіндігінше дәл жеткізу.
Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
In summer, when shady
And violently flowers blossom on the meadows
And wide river banks
Lying nomadic noisy
1. «Жаздыкүн шілде болғанда»
« In summer, when shady »
Түсініктеме:
“Жаздыкүн шілде болғанда” деген бастапқы сөйлем “In summer, when shady” деп аударылған. Мұнда аудармашы жалпы жаз мезгілінің атмосферасын беруге тырысқан, алайда нақты ай (шілде) көрсетілмей, бұл дәлдікті азайтады және маусым айы деп қабылдауды өзгертуі мүмкін.
Бұл жерде кең ауқымды сипаттама қолдану арқылы атмосфераны беру бір бөліктердің жоғалуына алып келді. Яғни, бұл жерде түсіріп тастау амалы қолданылып тұр.
2. «Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда; »
«And violently flowers blossom on the meadows»
Түсініктеме:
“Көкорай шалғын” (жасыл шөп) және “бәйшешек” (гүлдер) “violently flowers blossom on the meadows” деп аударылған. Мұнда “violently” (қатты, зорлықпен) сөзі дұрыс емес сияқты, өйткені қазақ тіліндегі мәтінде табиғаттың сұлулығы мен тыныштығы атап өтілген.
Аудармашы гүлденудің қарқындылығы мен күштілігін беруге тырысқан, алайда “violently” сөзінің таңдауы контекстке сәйкес келмейді.
Жат жерді жастанғанда жазатайым,
Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым.
. . . Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын,
Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.
My eldest brother remains, to lay in lands strange,
Perhaps then, with blood - his message he did convey .
Your dignity, folk poem, I gently place in the grave.
Like the true Kazakh, you too - are plain .
3. «Жат жерді жастанғанда жазатайым,
Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым. »
«My eldest brother remains, to lay in lands strange,
Perhaps then, with blood - his message he did convey. »
Бірінші жолда аудармашы түсіру әдісін қолданып, «жазатайым» сөзі аударылмаған. Бұл түпнұсқада бар образдың аудармада жоқ болуына әкеледі, бұл оқиғаның кенеттен болғанын аудармада анық білдірме йді. Берілген шумақта тағы да бір қолданылған әдіс бұл - орын алмастыру әдісі. Екінші жолдағы «ағатайым» сөзі «My eldest brother» ретінде аударылып, ол бірінші жолға алмастырылған. Бұл жерде аудармашы түпнұсқаның құрылымын өзгертеді, бірақ мағынасын сақтауға тырысады. «Ағатайым» сөзінің орны ауыстырылғаннан кейін, аудармашы екінші жолда оны «he» деген сөзбен бұл өзгерісті компенсациялайды. Сондай-ақ, «жазды» сөзін «convey» деп аудару арқылы компенсация жасаған. Мұнда аудармашы «жазды» сөзінің бірнеше мағынасын ескере отырып, оның әрекетін және оның мағыналық ауқымын кеңейтеді. «Message» сөзін қосу арқылы аударма оқиғаның мәнін және оның астарлы мағынасын тереңдетеді.
Бабаларым, Рақмет сендерге
Балаларым болмасын деп көр-кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде.
Бабаларым, Рақмет сендерге!
Жыраулардың жазбай кеткен жырларын,
Арулардың айтпай кеткен сырларын,
Қорқытыңның қорқынышты мұң-зарын,
Қобызыңның шанағынан тыңдадым
Құлазыған сенің құла түздерің,
He білмеген, не көрмеген, ізгі елім.
Жазылмаған тарихымның жолдарын,
Ауызекі аңызыңнан іздедім
Translation into English is as follows:
Oh, my ancestors - a great many thanks to you!
When I came into this life blind, deaf and mute,
Alongside my musical instrument, you gifted me with songs and speech,
May your children not grow up bound and ignorant.
My beloved ancestors - a great many thanks to you!
The songs that by bards are yet to be writ,
The secrets yet to be uncovered of princess,
The woeful tears and grief,
Carried to me the sounds of the deep
Your lifeless, barren steppe,
What have we not survived, seen or wept through, my scared land!
The lines that are yet to be writ of my history,
I found buried in the betrayals of your utterances
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. https://kitaphana. kz/refkaz/231-kazak-adebieti/4241-2012-03-15-09-49-57. html#:~:text=Ал%2C%20әдеби%20немесе%20көркем%20аударма, стилін%20нақты%2C%20дәл%20көрсете%20білуі
2. https://adebiportal. kz/kz/genres/view/143
3. Абдрахманов С. Төлтума мен телтума, Астана: Елорда, 2007. - 464 б.
4. https://stud. kz/referat/show/19909#&gid=1&pid=25
5.
ҚОСЫМША А
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz