Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанры



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс
Пәні: Әдебиет оқыту әдістемесі
Тақырыбы: А.Байтұрсыновтың мысал жанрын таныту

Тобы: КЯЛ-31
Аты-жөні: Айдарбекова Алтынай Жамбылқызы
Тексеруші: Омарова Алма Рустемовна

Астана 2023 ж
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Ахмет Байтұрсынұлының мысал шығармаларды аудару тәсілдері ... ... ... ... ...
Мысал жанрын оқыту ерекшеліктері мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... .
Тәжірбиелік бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Ахмет Байтұрсыновтың мысалдарын оқыту әдістері ... ... ... ... ... ... ..
А. Байтұрсынұлы өгіз бен бақа, Егіннің бастары мысалдарын меңгерту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ:
Мысал - тұспалмен, ишарамен айтылатын жанр. Мұндағы ой астармен, жұмбақпен беріледі. Мысалдың басқа жанрдан ерекшелігі оған адам қатыспайды. Мысал жанрына аң, құс, өсімдік бейнесі алынады. Әдебиетті оқу бағдарламасында мысал жанрын оқыту көбіне бастауыш буындарында беріледі. Мысал жанрын сонау Эзоп заманынан бастау ала отырып, қазақ топырағында да дамыған. Жазба әдебиетінен бұрын қазақ ауыз әдебиетінде де осы жанрдың элементтері кездесіп отырған. Ақын - жыршылардан бастап, мысал жанрына ықылас білдірген әдебиет өкілдері мол болған. Мәселен, Абай, Ыбырай, Дулат, А.Байтұрсынұлы, С.Дөнентаев, С.Көбеев секілді қаламгерлер өздерінің төл шығармалары мен аударма мұраларында мысал жанрына ерекше көңіл бөлген. Зертеуші М. Әуезов: Тегінде, қазақ әдебиеті тарихына Крылов мысалдары жалғыз Абайдың аудармасынан емес, одан бұрын да кіре бастаған. Бұл және де бір Крылов емес, орыс көркем әдебиетінің өлең сөз, қара сөздегі әр алуан үлгісін өзі жазған оқу кітабына кіргізіп, алғаш аударған Ыбырай Алтынсарин болатын. - деген екен. Мысалдың басты мақсаты адам баласының бойына жақсы ізгілікті қасиеттерді сіңіру терең ғибрат пен тәлім өнеге беру. Курстық жұмыстың көкестілігі - мысал жанрын танытудағы тиімді және нәтижелі тәсілдерді ұсыну болып табылады. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде мысал тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, мысалдың балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т. б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Мысалдар бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі.
Курстық жұмыстың зерттеу мақсаты : Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрын оқыту барысында тиімді тәсілдерді пайдаланып, балалардың тілін дамыту жолдарын көрсету.
Зерттеу мақсатына орай мынандай міндеттер қойылады :
1. Түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып қазақтың мысал жанрының қалыптасуы мен дамуы тарихы туралы қысқаша мағлұмат беру;
2. Мысалдардың тәрбиелік мәніне шолу;
3. Оқушылардың тілін дамытуда мысалдардың рөлін сипаттау;
Курстық жұмыстың құрылымы : Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан , қорытындыдан, және пайдаланған әдебиеттер тізіміден тұрады.
БӨЛІМ НЕГІЗГІ

1.Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанры
XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов еді. Қазақ ауыз әдебиетінің зерттелуі А.Байтұрсынов пен Х.Досмұхамедовтан бастау алары сөзсіз. Аталмыш ғалымдардың ауыз әдебиеті жайлы алғашқы пікір-пайымдаулары кейінгі фольклорист-зерттеушілерге сара жол салды. Осы орайда аталған ғалымдардың назарынан тыс қалмаған мысал жанры да ауыз әдебиетінен бастау алғандығына көз жеткізуге болады.
Әрине, фольклорды зерттеп, жанрлық жағы сараланған еңбектерде көбінесе мысал жанры қалыс қалып жатады, дегенмен мысал жеке түр ретінде қарастырылмаса да, ол жайында азды-көпті пікірлер бар. Мысал - айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма [1, 36] деген анықтамаға ие мысалдың түп төркіні хайуанаттар туралы тұспалды мағынасы бар ертегі, қысқа әңгімелер нұсқаларымен жалғасып жатыр. Бұның қаншалықты дәлелді екенін қазақ ғалымдарының осы жанрға байланысты ой-пікірлерімен нақтылай түсейік.
Қазақ әдебиетінің көшбасшысы, ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов қазақ фольклорын сұрыптап, саралауда мысал жанрын назардан тыс қалдырмай, біраз ой толғап, анықтама береді.
Ғалым жалпы ауыз әдебиетін жұмсалуына қарай екіге бөледі:
сауықтама;
сарындама;
Сарындаманы үшке бөледі:
салт сөзі;
ғұрып сөзі;
қалып сөзі;
Мысалдарды ғалым салт жолымен айтылатын сөздер тобына жатқыза отырып, мынадай анықтама келтіреді: Адамның ғамалын, мінезін, құлқын жанды, жансыз нәрселер арқылы салт-санасына сәйкес көрсетіп өнегелеу мысалдау болады [1, 37]. Сонымен қатар ғалымның біз үшін маңызды ескертуі де бар: мысалдар көбінесе хайуандар шыққан ертегілерден алынады. Ондай ертегілерде хайуандарға адамша тіл бітіріп, адамша мінездеп, іс еткізіп, түрлі өнеге боларлық сипаттанған. Одан әрі ғалым пікірі келесідей: Мысалда аңдар, құстар, хайуанаттар, өсімдіктер іс-әрекеті, мінезі арқылы адам бойындағы мінді, кемшілікті тұспалдап, әжуә күлкі етеді... Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді [1, 37], - деп түйіндей түседі.
Мысал жайында сөз қозғау барысында жанрдың шығу тегі қандай?, қалай қалыптасқан?, қайдан бастау алады? деген сұрақтар туады.
Ахмет Байтұрсыновтың бұл орайда: Арнайы әдебиеттегі мысалдар былай шыққан: ...алғашқы адамдар басқа мақұлықтардан ұзап жарымаған. Олар түрлі табиғат, түрлі тәсілмен тіршілік ететіндерін көріп, олар да адамша ойлайды, сөйлеседі, кеңеседі, бірін бірі аңдиды, арбайды деп білген... Сондықтан адамның ісін әңгіме қылған сияқты, олардың да істерін әңгіме қылған. Одан хайуандар турасындағы ертегілер шыққан. Онан бері келе, хайуандар тіршілік еткенмен нақ адамша ойласып, сөйлесіп, кеңес етпейтіндігіне көз жеткендігінен кейін мақұлықтар турасындағы ертегілер өтірікке саналып, бірте бірте жоғалып, тек мысалдар қалған [1, 40], - деген тұжырымын негізге аламыз.
Мәселен, Сырттандар ертегісінде адамға жерік болған жалмауыз қасқыр біреудің жалғыз баласын аңдиды. Баланың әке шешесі, ауыл аймағы қатты сасады. Сол кезде бала өзімен бір күнде туған тұлпарына мініп, қасқырдан қаша жөнеледі. Құтқарам деп тұлпар тартады: Қайтсе де жеймін, деп жалмауыз қасқыр қуады. Осы тұста адамның досы тұлпар мен қасқырдың сырттаны жарысқа түседі. Сол жерде иттің сырттандары қасқырға қарсы ұмтылады, қасқырды өлтіреді [6, 26].. Мұнда жалмауыз қасқыр адам баласына қастық ойлаушы мол жауыздықтың бейнесінде алынса, ит пен жылқы жақсы жақтарынан дәріптеледі.
Бергі заманда шығарылған халық ертегілерінде хайуанаттар бұрынғы керемет бейнесінде алынбай, жаңа кейіпте, реалистік болмысқа байланысты алынады. Осы ретте хайуанаттар жайы екі түрде алынып, қазақ ертегілеріне қосылады. Онда хайуанаттардың бір тобы (төрт түлік мал, үй хайуанаттары) шаруашылыққа келтіретін пайдасы, атқаратын қызметімен суреттеледі. Хайуанаттардың екінші тобы (жыртқыш аңдар) адам баласына жасаған жауыздығы, қаскүнемдігімен бейнеленеді. Бұл соңғысы уақыт өте келе халықтық сатираға айналып, сол арқылы қоғамдық жайлар, үстемдік еткен қауымның жағымсыз қылықтары әңгімеленеді; бұлар халықтың ащы мысқылы, келеке-күлкісі түрінде келеді; таптық тартыс, күрес жайы сөз болады. Мұны біз Алтын сақа, Тепең көк, Бозінген, Жақсылық пен жамандық т.б. ертегілерден көре аламыз. Сонымен қатар, Қотыр торғай ертегісінде кекшілдікті, бірбеткейлікті, араға іріткі салуды меңзесе, Мақта қыз бен мысық ертегісінің жасөспірімдерге беретін тағылымы мол.
Халық ертегісінде жыртқыш аңдардың әрқайсысына лайықты мінездеме береді. Арыстан - асқан күштің, зорлықтың, қасқыр - қомағайлық пен қорқаулықтың иесі болып кейіптеледі. Ал түлкі - айла мен аярлықтың, бірді бірге соғып, пайдасын тауып жүрген қу, өзінен басқаға дұшпандық жасаушы, сырттай дос, іштей қас болып келеді. Айналасындағы аң атаулыны алдаушы да, өсек таратып күндеуші де, жоқ жерде пәле бастаушы да - түлкі. Бұлармен қатар, қазақ ертегілерінде ожарлық, аңқаулық кескінімен аю жүреді. Жұрттың бәріне мазақ, күлкі ретінде маймыл қатысады. Мәселен, Маймыл мен түлкі, Түлкі мен бөдене, Түлкі, тасбақа, кене, Түлкі, аю, қойшы т.б. ертегілер.
Өзімізге таныс қазақ мысалдарында да түлкі - қулық, айлакерліктің, қасқыр - қатыгез, қарақшылықтың, мысық - жалқаулықтың, есек - ақымақтықтың т.б. қызметін атқарады.
Шынында да, мысал жанры қазақ халқының ойлау өрісінің дамуымен, сана эволюциясымен тығыз байланысты, айналадағы тіршілік иелерін танып білумен қатар, олардың айрықша қасиеттерін айқындап, адамды бейнелеудегі олардың түрлі мінезін әрқилы іс-қылықтарын тұспалдап көрсетуде шебер пайдалана білген. Әрқашан сөзге ұста қазақ халқы осы мәндегі астарлы әңгіме туғызып оған мысал деп айдар таққан.
Осындай арғы тегі хайуанаттар жайлы ертегіден өрбіп, өріс алған мысал жанры көбінесе, нақтылай айтсақ, оның бір тармағы мысал ертегілер апалог деп зерттеушілер тарапынан анықтамаға ие болып жүр. ХІХ ғасырға дейін апалог және мысал бір-біріне синоним ретінде қолданылған. Апалог көбінесе қара сөзбен жазылады. Ішінара өлең сөздері кездескенімен, өлең түріндегі апалогтар біздің әдебиетімізде тек жазбаша түрде кең дамыған. Ал өлең үріндегі апалогтың жеке жанр ретінде толық қалыптасуын ғалым С.Қасқабасов ХІХ-ХХ ғасыр әдебиетінің жедел дамуы мысал жанрын әдеби арнаға бағыттады деп түсіндіреді.
2.Ахмет Байтұрсынұлының мысал шығармаларды аудару
тәсілдері.
А.Байтұрсынов ақындығының бір қайнар көзі орыс поэзиясында жатыр. Ол орыс ақындарын беріле мол оқыған. Ауыл мұғалімі боп істеген жылдарынан бастап шәкірттеріне И. А. Крылов мысалдарын оқытқан. Орыс ақындары А. С. Пушкинді, М. Ю. Лермонтовты, С. М. Надсонды оқып, кейбір шығармаларын аударған. Ақыннан қалған мұраның ішінде А. С. Пушкиннің Ат деген өлеңі, Данышпан Аликтің ажалы, Балықшы мен балық, Алтын әтеш ертегілері бар. 1901 жылдан бастап Крылов мысалдарын аударып, сол негізде өзі де мысалдар жаза бастайды. А.Байтұрсыновтың мысал жанрына ден қоюының үлкен мәні бар еді.Ондағы моральдық, адамгершілік тағылымын ол қазақ қоғамы үшін аса қажет үлгі деп түсінді. Адам бойында кездесетін намыссыздық, жігерсіздік, алауыздық, жалқаулық пен жағымпаздық, қулық пен зорлық сияқты келеңсіз мінездерді сынау, шенеуге келгенде, ақын мысал жанрын таңдады. Әр түрлі аңдардың аллегориялық бейнесін беріп, олардың арасындағы түрлі қарым-қатынас арқылы ғибратты тұжырымдар жасады.
Крылов мысалдарын аудару Ыбырай, Абай тәжірибесінен басталса, Ахмет өз кезіндегі зиялы ақын-жазушылар С.Көбеев, Б. Өтетілеуовтермен қатар жұмыс істеп, мысал, ертегілер аударып, әдеби қазынаны байытты. Бір мысалдың өзі әр қайсысының аудармасына ілікті. Оны бір ақын өлеңмен аударса, енді бірі қарасөзбен аударды. Бұл тәжірибе әдебиет тарихындағы нәзирагөйлік тәсілді байытты. Ұқсас өмір шындығын қамтып, ойға ой қосып отыратын үлгілер ұлттық әдебиеттегі мысал жанрының дамуына жол ашты. А. Байтұрсынов И.А. Крылов мысалдары сюжетін сақтағанмен, қазақ тұрмысын танытатын жаңа ойлар қосып молайтады. Мысалы, Қасқыр мен тырна түпнұсқада 19 жол болса, аудармада - 76 жол. Өгіз бен бақа түпнұсқада 17 жол болса, аудармада - 36 жол. Басқа мысалдар да осындай жолмен аударылған. Ұлттық сипат тек көлемінен ғана емес, кейіпкерлер атынан да аңғарылады. Қасқыр мен мысық мысалындағы Васька, Степан, Демьян, Трофим аттарын Ахмет Қоянкөз, Құрамыс, Көпберген бай, Қисықбас деп өзгертіпБұл тәжірибе А.Байтұрсыновтың аудармашы ғана емес, ұлттық әдебиеттегі мысал жанрын дамытушы болғанын дәлелдейді. Ахмет мысалдарының бір тобы адам бойындағы алауыздық, мақтаншақтық, қайырымсыздық, тәкаппарлық, күншілдік, зорлық, топастық, надандық, қулық, күндестік, үлкенді сыйламау, тойымсыздық, достықты қадірлемеу, жалақорлық, қанағатсыздық сияқты келе құрылады. Кейбір мысалдарда тұтас халықтық әлеуметтік мәні бар тақырыптар (отаршылдық, әкімшілдік, зорлық пен зомбылыққа қарсы халық санасына қозғау салатын, қайрат пен жігерге, намысқа шақыратын) қозғалады. Бұған Қасқыр мен тырна, Ала қойлар, Қасқыр мен қозы, Аңдарға келген індет, т.б.жатады.
Атап айтқанда, А.Байтұрсынұлы мысалдарында халықаралық сюжеттік жүйенің мазмұны қазақ өміріне бейімделгенін, сол кездегі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік сұранысына қажетті ойлармен толықтырылып тұр. Крыловтың шығармаларында он тармақтан тұратынШымшық пен көгершін атты мысалды А.Байтұрсынұлы отыз екі жолға дейін ұлғайтып, мүлдем басқа туынды деңгейіне көтереді. Ақын өз жанынан қосқан ойлары арқылы бұл мысалды қазақтың төлтума рухани мұрасына айналдырды.
Мұндай ерекшелік Өзен мен қара су мысалына да тән:
Меңзеймін қара суды, қазақ, саған, Талпынбай талап ойлап, қарап жатқан.Барады қатар жұрттың бәрі озып, Ілгері жылжымайсың жалғыз аттам.
Оянып, жан-жағыңа сал көзіңді,
Түбіңе жетпей қалмас қамсыз жатқан.Өткізіп уақытты өкінерсің,
Пәледен, басқа келмей, деймін сақтан.Қазағым, сал құлағың нақылыма, Түсініп айтқан достық ақылыма.
Сөз емес еріккенде ермек еткен, Айтамын жаным ашып жақыныма.Қозғалмай бұл күйіңмен жата берсең, Боларсың қара судай ақырында [1. 94].ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары мен жақсыжайсаңдарының ел қамы үшін белсенді саяси әрекетке баруына түрткі жасау мақсатын А.Байтұрсынұлы Малшы мен Маса мысалында былайша нақтылай түседі:Мысалы, қазақ - малшы ұйықтап жатқан, Жыланды пәле делік аңдып баққан
Пәленің түрін көрген мен - Сарымаса, Халықты оянсын деп сөзбен шаққан.Ойлаймын: Осы сөз де жетеді, - деп, Қатты айтсам, сөзім батып кетеді, - деп. Ұйқысы ашылмаған жұрт өзімді Қорқамын Сары масадай етеді деп.
Академик Р.Нұрғалиев Ақжол жинағының алғы сөзінде қазақ ақын жазушылары мысалдарының ерекшеліктерін: Абай аудармалары Крылов түпнұсқасымен көбіне-көп дәлмедәл келеді. Спандияр Көбеев 8 мысалды қарасөзбен баяндаған. Ал, Ахмет Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанымен, жаңа ойлар айтылады... Крыловтың он жолдық Шымшық пен Көгершін мысалы Ахмет Байтұрсынов аудармасында отыз екі жолдан тұратын жаңа шығарма, Өгіз бен Бақа орысшада - 17, қазақшада - 36 жол, Қасқыр мен тырна орысшада - 19, қазақшада - 76 жол, Арыстан, Киік һәм Түлкі орысшада - 35, қазақшада - 56 жол, Қасқыр мен Қозы орысшада - 37, қазақшада - 68 жол, Ағаш орысшада - 31, қазақшада - 56 жол. Бұл фактілер қазақ ақыны дәстүрлі оқиға, қалыпты бейнелерді ала отырып, ойға ой, суретке сурет қосып, жаңа ұлттық төл туынды жасағанын көрсетеді. Бұрын емеуірін, ишара, меңзеу, астар, мысалмен берілген ойлар
Маса кітабында ашық, анық, айтылады - деп анықтай түседі.
Қасқыр мен тырнада сүйекке қақалып өлгелі тұрған жерінен құтқарған тырнаға қасқыр алғыс айтудың орнына, өзін бас салып, жемек болады.Мысалдағы оқиға желісі көптеген мысалдарға ортақ болғанмен, авторлардың әр қайсысы өзінше жазуға тырысады. Ахмет мысалы ұзақ кіріспеден басталады. Қасқырдың тырнаға мақтау - монологін өз жанынан қосады. Мысал соңындағы:
Қиссасы Қасқыр, Тырна болды тамам, Мінездес, қасқырменен кейбір адам.Басына пәле түсіп, қысылғанда, Жалынып-жалпаяды келіп саған...
Қайырды қарап істе адамына, Қарайлас өзіңменен шамалыға Қасқырдай қаражүрек залымдардың Жүрмеңдер түсіп кетіп тамағына, - деген тұжырым қазақылық ұғымға сай келеді.Ала қойлар мысалында жадағай зорлықзомбылық қана емес, отаршылдық саясаттың зұлымдық бет пердесі ашылады.Ахметтің түпнұсқадағы 38 жолдық мысалды 64 жолға жеткізіп аударуы өзінің айтар ойын оқырманның тереңірек ұғынуына жол ашу еді. Мұнда Ахмет ақ патшаның құлқынқұмар саясатын, отар елдерді айлалы тәсілмен қанап отырғандығын суреттейді. Арыстан - орыстың ақ патшасы, аю мен түлкі - жақын кеңесшілері, ала қойлар - бұратана халық. Әділ патша ала қойларды көргенде көзі ауыратынын айтып, олардан құтылудың жолын кеңесшілерімен ақылдасады. Оларға өз ойын ашық айтып, беделіне көлеңке түспейтіндей болуын сұрайды. Сонда аю:
Бәрін де ала қойдың қырсаң, тақсыр, Тұқымын не бар құртып, жоймайтұғын? -
деп, бірден жауыздық ойын жеткізеді.Оны арыстан құптай қоймайды. Сонда саясатқа шебер сұм түлкі қойларды қасқырға бақтыруды ұсынады. Арыстан бұл ақылды қабыл алады. Ақыры қасқыр баққан қойдан ала түгіл ағы да аз қалады. Қойлардың таусылғанын көрген жандар оны арыстаннан емес, қасқырдан көреді. Мысал аяғында:
Бұл сөзге дегенім жоқ жылар-күлер, Адам аз алдын болжап, анық білер -Көкжалдар болса, кім біледі, Береке ала қойға кірсе, кірер,
деп, Ахмет түйінді ойды оқырманның өзіне тастайды [2.63].
Осындай саяси мәні бар мысалдың бірі -Қасқыр мен қозы.Ол түпнұсқада 36 жол болса, тәржімада 68 жол. Бұлаққа су ішуге келген қозыны қасқыр ұстап алып, кінәлап, сол кінәсі үшін жеп қоймақ болады. Қозы өзінің кінәсыздығын қанша дәлелдесе де, болмай, қасқыр оны көтеріп ала жөнеледі. Ахметтің өзіндік өрнегі мысалдың басталуы мен аяқталуындағы өзгешеліктер және қасқыр мен қозы диалогіндегі қазақы сөз саптауынан байқалады. Ахмет былай бастайды:
Бұлаққа су ішуге келді қозы, Жанында серігі жоқ жалғыз өзі.Бөрі жоқ десең, шығар бөрік астынан Пәле мен қаза алыс па келсе кезі.
Шумақтағы Бөрі жоқ десең, шығар бөрік астынан деген тармақ ерекше өң беріп, мысалдың таза ұлттық тынысын танытады.Крыловта оқиғаның қалай аяқталары басынан-ақ белгілі болса, Ахмет оқиға дамуына өзіндік әдіс қолданып, мысал кілтін соңына дейін сақтайды. Қасқырдың қойған кінәсынан қозы ақталып шыққандай болғанмен, қасқыр тағы бір бұлтарпас кінә тағады.
Алыпсың жаман әдіс қарсыласып, Сенімен тұрам ба мен мылжыңдасып.Айтайын, білгің келсе, қозым, саған, Кінәң сол - жегім кеп тұр, қарным ашып.
Ахмет мысалынан күштінің озбырлығын бірден тануға болады.Бұдан сол кездегі патшалық Ресей қазақ даласына әкелген үстемдіктің әділетсіздігі көрінеді. Отаршылдық құрсауындағы халықтың басты кінәсы қозы тағдырына ұқсас. Мысалдың негізгі түйіні - халықты ояту, ой салу.
Отаршыл әкімдердің момын халыққа істеген қулық, зорлық-зомбылық әрекетін Аңдарға келген індет деген көлемді мысалында суреттейді.Аң патшасы арыстан бар аңдарды жинап алып: Күнәміз көп болған соң, құдай бізге індет жіберді. Менің де күнәм жетерлік, талай қойды қойшысымен жеп едім. Кімнің күнәсі көп болса, жұрт үшін құрбандыққа жанын қисын, - дейді. Сонда жағымпаз түлкі: Кім оны кінә дейді, оны кінә десек, біз аштан өлеміз ғой, адамды жесеңіз де, кінә емес, қайта сауап, - дейді. Бұны жолбарыс, аю, қасқыр бәрі де қолдайды. Әркім өз сырын айтады. Өгіз тұрып:
Бұдан бес жыл бұрынғы аштықта біреудің шөбін рұқсатсыз үзіп жеп едім, - дейді.Ілешала, аю, қасқыр:
Япырмай, бұл не деген күнә, тақсыр!Шуылдап қоя берді аю, қасқыр: Былғады бір өзі емес, бәрімізді, Біреудің шөбін ұрлап қара басқыр!
Соншама не көрді екен, құдай ұрған?Обал жоқ бұл көрімге жұртты қырған. Өзгелер мұнан ғибрат алмас үшін, Жоялық жылдам көзін, етіп құрбан, -
деп, өгізді алып ұрып, құрбандыққа шалады, күнәдан тазарсын деп отқа салады.Автор адамның шөбі түгіл, өзін жеген, тісті мен тырнақтылар аман қалды, Айтуға түсін ашып қаймығамын, біреуге кетті ме деп тілім тиіп, деп аяқтайды.
Тауыса алман дүние кебін айтып, санап, Хәкім аз іс ететін ғаділ қарап.
Залымдар айран ішіп аман кетіп, Момындар тұтылып жүр шелек жалап.
Мысал Айран ішкен құтылады, шелек жалаған тұтылады деген халық мақалын еске салады.Ахмет мысалдарында ұлттық мақалмәтелдер мазмұнына қарай талғампаздықпен қолданылады. Мәселен, Әлін білмеген әлек, (Өгіз бен бақа), Бастан құлақ садаға (Қасқыр мен тырна), Халық айтса қалып айтпайды (Қарға мен түлкі), Жақсылықты басыңа қыл, басыңнан асса, досыңа қыл (Қара бұлт),
Не ексең, соны орарсың (Қасқыр мен мысық) т.б.
Ахмет мысалдары қазақ халқын бірлікке, ынтымаққа уағыздайды. Аққу, шортан һәм шаян мысалы арқылы алған жүкті үш жаққа тартқан алауыздықты шенесе, Малшы мен масада жылан шағайын деп келе жатқанда, шағып оятқан масаның достығын түсінбеген малшыны кінәлайды. Ақын өзін ұйқыдағы халқына достығын ұсынған масаға теңейді.
Ахмет Байтұрсынұлының Маса жинағындағы Сөз иесінен атты беташар өлеңінде Маса деп отырғаны өзі екенін ұқтыра келіп, автор өз шығармашылығының басты нысанасын:
Ызыңдап ұшқан мынау - біздің Маса, Сап-сары, аяқтары ұзын Маса.
Өзіне біткен түсі өзгерілмес, дегенмен, қара яки қызыл Маса. Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша, Ұйқысын, аз да болса, бөлмес пе екен, Қоймастан құлағына ызыңдаса?!
деп атап көрсетеді. Бұл жинаққа Маса, Сөз иесінен, Жазушының қанағаты, Туысыма, Қазақ қалпы, Қазақ салты, Достыма хат, Жиған-терген, Анама хат, Тілек батам, Жауға түскеннің сөзі, Адамдық диқаншысы, Бақ, Тарту, Қа... қаласына, Жұртыма, Жұбату, Н. Қ. ханымға, Ақын ініме, И. Б. Жездеме хат, Жауап хаттан, Ғылым, Замандастарыма сияқты төлтума өлеңдерімен қатар Вольтер, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Ю. В. Жадовская, С. Я. Надсон сияқты Ресей мен Еуропа ақындарының өлеңдерінен аудармалар мен автордың үш мысалы енген.
А. Байтұрсынұлы. Бес томдық шығармалар жинағы.
Мысалы, қазақ - малшы ұйықтап жатқан, Жыланды пәле делік аңдып баққан.
Пәленің түрін көрген мен - Сарымаса Халықты оянсын деп сөзбен шаққан. Ойлаймын осы сөз де жетеді деп, Қатты айтсам, сөзім батып кетеді деп, Ұйқысы ашылмаған жұрт өзімді, Қорқамын сарымасадай етеді деп.
3.Мысал жанрын оқыту ерекшеліктері мен әдістері
Мысал - аллегориялық жанр. Айтылатын ой ашық берілмейді, астарымен, меңзеумен беріледі. Жануарлар әлемі, құс, өсімдік тағы басқа мысалдар бас кейіпкер ретінде алынады. Әдебиетті оқу бағдарламасында мысалдар көбінесе оқытудың бастауыш буынында беріледі. Ең алдымен, мысал жанры, оның өзіндік ерекшелігі туралы әдеби-теориялық ұғымнан мағлұмат, түсінік берген жөн, яғни мысалда ойдың ашық, айқын берілмейтіні, жорамал, меңзеу астарлы түрде берілетіні, кекесін, мысқыл, әжуа, юмор, ащы сатира, оның негізгі көркемдік тәсілі екендігін оқушыларға әңгімелеу, баяндау әдісімен жеткізген дұрыс. Мысалдарды оқу, талдау барысында бұл түсініктерге қайта оралып, осы ұғымдарды оқушылардың өзіне аңдатып, түйіндетіп отыру керек. Алдымен, әдеби-теориялық ұғым беру, оқушыларды оқығалы отырған көркем шығарма ерекшелігін аңдауларына, ары қарай оны талдау белсенділіктерін арттыруға жетелейді. Оқығалы отырған мысалды алдын ала үйде оқып келу тапсырылса, оның тиімділігі тіпті зор болмақ. Мұғалім оқушыларға үйлестірме қағаздарын беріп, өз бетімен оқуға, талдау жасауға жетелейді.
Мысалы, 5 - сыныпта И. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуы
Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармалары
Мысал жанрының қалыптасуы
Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрын оқыту
Мысал жанрының ерекшелігі
МЫСАЛ ЖАНРЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Қазақ қайраткері Ахмет Байтұрсынов
Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының маңыздылығы мен оның зерттелу жолы
Ахмет Байтұрсынов мысалдарының тәрбиелік мәні
Ғалым, ағартушы, тілші - Ахмет Байтұрсынов
Пәндер