Бұқар жыраудың шығармаларын мектепте оқыту


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТІРЛІГІ
«ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНТИТУТЫНЫҢ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ»
БЕКІТЕМІН
Директордың ОІЖ орынбасары
С. Заурбекова
«___»2024 ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән атауы : Әдебиет оқыту әдістемесі
Мамандығы: 01140600 - «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»
Біліктілігі: 4S01140601 - «Негізігі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
Тақырыбы: Бұқар жыраудың поэзиясын оқытудың тиімді жолдары
Қабылдаған: Омарова Алма Рүстемовна
Орындаған: КЯЛ-33 тобының студенті
Архабаева Ұлбөбек Абдуғаниқызы
Астана 2024
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І ТАРАУ Бұқар жыраудың шығармашылығы
1. 1. Жырау шығармаларының зерттелу тарихы . . . 4
1. 2. Бұқар жырау шығармаларының тәрбиелік мәні . . . 11
II ТАРАУ Бұқар жыраудың поэзиясын оқытудың тиімді жолдары
2. 1. Бұқар жыраудың шығармаларын мектепте оқыту . . . 15
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Халық жадында сақталып, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа жеткен жыраулар поэзиясы ұлттық мұра, ортаймас қазына, баға жетпес құндылықтар, оларды оқыту да білім мен тәрбие берудегі маңызды мәселе. Жыраулар поэзиясының мазмұнындағы ұлттық таным-тәрбие қазіргі тәуелсіздік кезеңінде таптырмас құрал болуы керек. Қазіргі білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқытуға қойылып отырған талап - тілектер білім беруді әлемдік стандарттарға жақындату үдерісін қалыптастыруда. Осы талаптар үдесінен шығуда жыраулар поэзиясын соның үшінде Бұхар жырау толғауларын ұлттық құндылықтар мазмұнында оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдері мен оқыту жолдарын жүйелеу өзекті мәселе болып отыр. Қызғылықты, әсерлі хикая оқырман қауымның танымы мен өрісін кеңейтіп, өткен тарих шежіресіне өзге көзқараспен қарауға үндейді.
Диссертация жұмысының негізгі мақсаты.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - ұлттық әдістеме ғылымында, оның ішінде қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінде жекелеген авторлардың еңбектерінде жалпылама қарастырылып келгенімен, ғылыми әдістемелік тұрғыдан әлі де болса білім мазмұнын жаңарту жағдайында арнайы зерттеуді қажет ететін жыраулар поэзиясының ғылыми негіздерін анықтау, сапалы әрі тиімді оқыту әдіс-тәсілдерінің жиынтығын құрастыру - 9 сыныпта Бұхар жырау поэзиясын оқыту әдістемесін жасау.
Осы мақсатқа жету барысында төмендегі міндеттер қойылды:
Бұхар жыраулар толғауларындағы ұлттық құндылықтардың орнын анықтау; Бұхар жырау шығармашылығын оқытудың ғылыми педагогикалық негіздерін жүйелеу;
9 сынып оқушысында жыраулар поэзиясын оқытуда қалыптасатын құзіреттіліктерін анықтау;
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында жасалған бағдарламада берілген Бұхар жырау поэзиясын оқыту әдістерін жүйелеу.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы:
Әдебиет сабағында Бұхар жырау шығармаларын оқытудың мазмұны анықталып, тиімді әдістемелік жүйесі жасалады, жаңа инновациялық бағыттары оқу үрдісіне енгізіледі;
Әдебиет сабағында Бұхар жырау толғауларын оқытудың білімдік, тәрбиелік маңызы эксперимент арқылы тексеріліп, дәлелденеді.
Курстық жұмыстың әдістері: курстық жұмыста тарихи- функционалдық, типологиялық, салыстырмалы-тарихи әдістері пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралған
I ТАРАУ Бұқар жыраудың шығармашылығы
1. 1. Жырау шығармаларының зерттелу тарихы
Жыраудың шығармалары ХХ ғасырдың 20-30-жылдарынан бастап жинақталып, зерттелінген. Ең алғаш «Таң» журналында жыраудың «Бірінші тілек тілеңіз», «Айналасын жер тұтқан», «Ей, Абылай, Абылай», «Ай не болар күннен соң», «Ақсаңнан биік тау болмас», «Ал тілімді алмасаң», «Керей кайда барасың», «Ханға жауап айтпасам» атты толғаулары жарық көрген. Бұкар жырау шығармаларының басылып шығуына еңбек сіңірген қайраткердің бірі де бірегейі - Сәкен Сейфуллин. Ол өзінің «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» атты зерттеуінде «Ай не болар күннен соң», «Жал кұйрығы каба деп», «Керей кайда барасың», «Аскар таудың өлгені», «Қалданменен ұрысып», «Атам болған жиырма бес», «Құбылып шыққан бәйшешек», «Әй, Абылай, сен он бір жасында» толғауларын бастырып шығарған. Осыдан кейін әртүрлі хрестоматиялар мен басылымдарда жыраудың толғаулары жарияланып келді. Жырау өлендерін жинап, қағаз бетіне түсірген белгілі ғұлама, фольклорист әрі ділмар ақын М. Ж. Көпеевтің айтуынша, Бұқар жырау «қарадан шығып хан болған» өз заманының ең ықпалды билерінің бірі. Өз заманындағы жандар бұл кісіні «көмекей әулие» деседі дейді. Мәшһүр Жүсіп Көпеев жырау туындылар ел ауыздан жинаған, яғни көне көз қариялардан тыңдап, қағаз бетіне түсірген. Бұқар тоғауларын қағаз бетіне түсіріп кана қоймай, ғылыми тұрғыда Бұкар шығармашылығының зерттелуіне жол ашкан бірден-бір зерттеуші болды. Толғаулардың ғылым үшін кажетті болған туу тарихы мен айтылуын да қызықты етіп жеткізе білген. Сондықтан көмекей әулиенің жырларын зерттеушілер М. Ж. Көпеевтін жазбаларын негізгі түпнұсқа ретінде қарастырады.
Бұқар жырау мұралары 1920-1930 жылдардан бастап жиналып, зерттеліп келеді. Онын мұрасы, әр жылдарда әртүрлі жинақтарға еніп, жарық көрген. Мәселен, Бұкар жыраудың үлкенді-кішілі 49 толғауы «Алдаспан» жинағына еніп, жарық көрді. Даланың дара данасы Бұкардың шаңға көмілген Пекин архивіндегі толғауын Мұхтархан Оразбайұлының атамекеніне қайтаруы да үлкен мақтаныш әрі рухани байлығымызға косылған үлес. Бұқар жырау туындыларының дұрыс бағаланып, оның әдебиет тарихындағы орнын ашып белгілеу ісі М. Әуезов зерттеулерінен басталған. Ол өзінің XIX ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы әдебиетке арналған ертеректегі оку кітабында: «Жыраудың мақсаты, міндеті «не болса сол көңілі ашар», «әлдене» дерлік сөзді айту емес. Ол заман сыны, мезгіл, дәуір болжалын, тарихи уақиғаның мазмұн бағасын сөз кылады. Көбінесе әрі жырау, әрі би болады. Олжа, табыс, абыройлы ханмен катар үлеседі. Өзі хан касына жуан рудың - Арғынның қоскан «табан шеңгел биі» болуға лайык . . . Бұл жағынан карағанда, Бұқар, Орта жүз ханы Абылай болса соның орталық елі, жуан бел руы Арғын ішінен шыққан анық үстем тап адам болады. Бұкар сонда үлкен, қырағы саясаттың толғаушысы боп, әрбір сөзін ірі-ірі уақиғалардың ірі мәселенің тұсында ғана айтады. Сол сөздері жыраудың таптық-қоғамдық мазмұнын көрсетіп, дәуірінің тарихи сырын ашады», - дейді.
Бұқар жырларының жарияланып, басылуында Ш. Уалиханов, Г. Потанин, И. Н. Березин секілді ғалымдардың еңбегі зор. Сонымен қатар бір-екі толғау Құранғали Халидұғлының «Тауарих хамса Шархи» атты кітабында жарық көргенін айта аламыз. Әдебиеттанушы ғалым. Ж. Смағұлов ұлттық әдебиеттану ғылымында Бұқар жырау шығармашылығының алғаш зерттеліп, жиналуында «Бұқар шығармаларына Г. Потанин де ерекше көңіл бөлген екен» дей келе «Төртуылдың төрт ұлы тауды жайлап» деп басталатын өлеңінің орысша аударылған нұскасы Потанин жазбаларында жарияланғанын айтады. Бірақ, осы өлең Бұқар шығармалары жарияланған 1962 жылғы «ХVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» атты жинаққа да, «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Бес ғасыр жырлайды» (1984) аталатын жинақтарға да енбегенін айтады. «Себебі, олардың түпнұсқасы сақталмаған. Шоқан да, Г. Потанин де өз аудармаларында өлеңдердің мазмұнын беруді басты мақсат тұтып, қара сөзге жақын аударған. Сондықтан қазақша нұсқасы хатқа түспеген немесе ұмытылған. Ал, Г. Потанин өз жазбаларында кездесетін енді бір топ өлеңді арнайы тапсырма беру арқылы Имантай Сәтбайұлына жаздырып алып жариялаған (Олар жоғарыдағы жинақтарға да енген) . Бұл айтылгандар Бұқар жырау мұрасын жинап жариялаудағы, хатқа түсіру мен ғылыми тұрғыда игерудегі алғашқы қадамдар еді» деген пікір білдіреді. Және де Бұқар мұрасын бака да орыс ғалымдарының зерттеу еңбектерінде кездеспейтінін айта келе Потаниннен басқа қазақ даласын зерттеген орыстың ориенталист, фольклорист ғалымдарының еңбектерінен Бұкар туралы ешбір дерек кездеспейді» деп ойын түйіндейді.
Семей облысы, Қарқаралы уезінде Тоқырауын жағасындағы ағайындардын ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, жазып алуда талай күндерді бірге өткізіп, көп үлесін қосқан ағартушы, математик ғалым Әлімхан Ермековтің де Потанин туралы естеліктері көп нәрсеге ой салады. Әлімхан Ермеков Потанин үшін Тоқырауын жағасында арнайы киіз үй тігіп, халық ауыз әдебиеті үлгілерін жасаушылар мен айтушы ақын-жыршыларды жинап бергені туралы, тіпті, оған әнші Ғаббас Айтбаев пен Уәлидің Майрасы келгендігін, олардың айтканының бәрін хатқа өзі түсіріп тұрғанын және Потаниннің блокнотка орысша аудармасын жазып алғандығын айта келе «Сначало это были свои местные, потом приходилось посылать и в дальние волости. Рабочий день Георгия Николаевича начинался часов в 10 утра» деп, ғалымның көзі ауырып, қалжырап жүрсе де қыруар еңбек жазып алғанын еске алады.
Г. Потаниннің қазақ халық ауыз әдебиеті мен мәдениетіне әсіресе, ақындар айтысы мен шежіре, жыр-дастандарға деген қызығушылығын досы Шокан оятқан болатын. Сол кезде атағы мәшһүр болған ақын Жанак, Орынбайлар мен Абылай ханның ақылшысы болған Бұқар жырау туралы алғаш мәліметтер терген де Шоқан еді.
Г. Потанин Моңғолия сапарынан оралған соң Семей облысы, Баянауыл округындағы Шормановтар ауылында бір апта жатып, Шормановтардан аңыз-әңгіме, ертегілер мен шежіре жазып алады. Бұл Потанин үшін қиынға түспейді, себебі Шормановтар әулеті ел ішінен халық ауыз әдебиетінің құнды мұраларын жинастырып қойғанын Шоқан Уәлихановтың естеліктерінде жазып кеткен. Г. Потаниннің «Племена и поколения, населяющие Северо-Западную Монголию» атты зерттеу еңбегінде Бұқар жырау Қалқаманұлының ата-тек шежіресін тарқатып береді.
Оның Баянауылға келгендегі басты мақсаты Бұқар жыраудың немересі жыршы Құрекеден (Куреке) қазақша толық аты Құрманбай атасының жыр- толғауларын жазып алу еді. Қазақша жақсы білмейтін фольклоршы ғалымга жыраудың мұрасын хатқа түсіру ауырмашылық тудырғандықтан Құрекеге көршілес тұратын Қаныш Сәтбаевтың әкесі Имантай Сәтбаевқа өтініш қылады. Тіпті, Имантайға өтінішпен жазған хатында «Привет г. Имантаю! Прошу записать от Куреке отдельные эпизоды и повествования Бухар жырау об Аблае, в частности осуждение Аблая, восхваление его коня, эпизод отправлении сына (его) Адиля вместе с Жарылгапом в Китай . . . Рассказы о войне с калмыками . . . Для записи этих рассказов приехал товарищ Чокана Г. Потанин с супругой» деген екен. Имантай Сәтбаевтың кемегімен Бұқар жыраудың Абылай ханның атын мақтағаны «Ай айтамын, айтамын. Мінген атын айтамын», «Абылай хан калмаққа жора айт дегендегі сөйлегені», «Абылай ханның мүлкін мақтағаны», «Он екі казылық үй түндік», «Қалмақтар туралы айтқаны», «Тілек», «Абылай ханды жамандағаны», «Бұқардың зары», «Көк көгершін, көгершін», «Жал құйрығы қаба деп», «Бағаналы орда, басты орда» деген жыр-толғаулары жазылып алынады. Бұл жыр-толғаулардың барлығын Потанин қашан, кімнен, қалай жазып алғандығы жайлы мәлімет беріп отырған.
Бір қызығы, Бұқар жырау жыр-толғауларының мәтіні И Березин жазба қоры арқылы жарияланғанын айта кетуіміз керек. Ал, И. Березин бұл деректерді 1880 жылы Потаниннің Моңғолиядан оралып, Баянауыл округында бір апта Мұса Шорманның ауылында жатқанда алғандығын айтады. Бір айта кететін жайт, Потанинге дейін Бұқар жыраудың, «Ай, Абылай, сені мен көргенде» деп басталатын толғауын Ыбырай Алтынсарин өзінің 1879 жылы Орынборда жарық көрген «Кырғыз (Казак) хрестоматиясында» (1 кітап, 2-3 бет) жариялаған болатын. Алайда, кітаптың кейінгі басылымдарында бұл толғау Қожаберген жыраудың есімімен жарияланып жүр. Бұқар жырау шығармаларының кейбір мәтіндерін өзгеруінің себебін Кеңес дәуірінің ықпалы әсер етті десек, ал авторының атын ауыстырудағы мақсаты не екенін түсініп білмедік.
Сол сияқты, Г. Потаниннің алғаш жазып алған қолжазбаларындағы Бұкар жырау жыр-толғаулары кейінгі басылымдарда, кеңестік дәуірдегі әдебиет тарихында «Алдаспан», «Ақберен», «Бес ғасыр жырлайды», «Ай, заман-ай, заман-ай» ақын-жыраулар жинақтарында көп өзгеріске ұшыраған. Тіпті, әр басылымда әртүрлі берілген. Бұл жөнінде жыраулар мұрасын зерттеп, XV-XVIII ғасырдағы ақын-жыраулар мұрасынан кандидаттық диссертация қорғап, ғылыми айналымға енгізген ғалым, қаламгер Мұхтар Мағауин «Қобыз сарыны» монографиясында Бұкар жырау жырларының түпнұсқаларының кейбіреулері сақталмай өзгеріске ұшырап жоғалып кеткені туралы дерек келтіреді. Жазушы «Сол сияқты, Потаниннің жазғандарынан белгілі «Төртуылдың төрт ұлы туды жайлап басталатын өлең де ұмытылған» деп күйінішін білдіреді. Дегенмен, Г. Потаниннің қолжазбасынан алынған Бұқар жырау мұрасы 1925 жылы «Таң» журналының №2 санында 97-98 беттерде жарияланады. Бұл Бұкар мұрасының Қазан төңкерісінен кейінгі алғашқы жариялымы болды.
Потаниннің Бұқар жырау шығармашылығын жазып алу барысында мәліметтер мен түсініктерді академик Әлкей Марғұлан толықтырып отырғанан айта кетуіміз керек.
Бұқар жырау мұрасының ғылыми тұрғыда зерттелуін қарастыру барысында бізді казак әдебиетінің әдеби мұрасын теориялық негізде тексерген А. Байтұрсыновтын 1926 жылы шыққан әйгілі «Әдебиет танытқышы» еңбегінде атақты жыраудың аты аталмауы қайран қалдырды. Бұқардың бірде-бір өлең- толғауы мысал ретінде де алынбаған, Шортанбай, Молда Мұса, Шернияз, Әубәкірлер бар да, Бұқар жырау жоқ. Еңбектің толғау түрлері туралы айтқан бөлімінде Бұқар толғауларының еленбей қалуы да түсініксіз. Оған басты себеп Бұқар шығармаларының «Таң» журналынан баска жерге жарияланбауы ма, әлде «тұрпайы социологизм» теориясының әсері ме, ол жағы белгісіз. Сол секілді Х. Досмухаметов те өзінің 1928 жылғы «Қазақтың халық әдебиеті» атты еңбегінде Бұкар жырауды ақын-жыраулар тізімінде атағаны болмаса, ерекше көңіл аудармаған. Бұдан шығатын қорытынды: 1920 жылдары маркстік-лениндік методологияның басты принципі саналған, әдебиеттің таптығын қару еткен «тұрпайы социологизм» теориясының әсерінен қазақ әдебиетінің басқа да көрнекті дарындары секілді, Бұкар мұрасы да жан-жақты ғылыми зерттеу нысанасына айналмаған. Ұлы Абайдың өзін халық ақыны, классик ретінде 1934 жылы қайтыс болғанына отыз жыл толуына байланысты өткізілген мәдени шаралардың арқасында әрең танығанымыз да осының айғағы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz