Комикс жанры қазақ тілі мен әдебиетінде
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде комикс жанры арқылы оқушылардың тілін дамыту
Бимаганова Гулайым Тулендиевна
Атырау қаласы
№16 Ж.Қаражігітов атындағы мектеп-лицей
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Комикс жанры қазақ тілі мен әдебиетінде
Негізгі бөлім
1. Тілдік дағдыларды оқытуда комикстердің қолданылуы
2.Сөзден-іске: комикс жанрын сабақта қолдану тәжірибемнен
Қорытынды бөлім
Комикс оқу-кітап оқуға жасалған алғашқы қадам
Пайдаланған әдебиеттер
Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол-жаңдан жаңаны табатын өнер
Ж.Аймауытов
Қазіргі жастар Z буыны немесе мультимедиялық технологиялар дәуірінде өмір сүріп жатқан цифрлық ұрпақ деп аталады. Қазіргі ақпараттық қоғамда өмір сүргендіктен, цифрлық орта олардың жайлы аймағы боп отырғаны анық. Олар үшін гаджеттер мен электронды құрылғыларынсыз бір күн өмір сүру қиындық соқтыратыны рас. Біздің жас ұрпақ ақпаратты интернеттен алады, онлайн кітаптар оқып, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы сөйлескенді ұнатады. Ақпарат ағынын қазіргі оқушылар үзінді түрде қабылдайды. Өздерін қызықтыратын нәрсені ғана алып, қысқа мерзімде нәтижеге жетуге тырысады. Осылайша, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру - мемлекеттік білім беру стандартына қол жеткізу мақсатын көздейтін классикалық және жаңа білім беру технологиялары мен интерактивті оқытудан тұратын мұғалімнің өзіндік ізденісі.
Білім беру саласында, оның ішінде тіл үйретуде комикс жанры еуропалық білім беру кеңістігінде бұрыннан қолданылып келе жатыр. Комикстерді білім беру ресурсы ретінде кез - келген жастағы адамдарға пайдалануға болады. Комикстер шетелдік білім беруде адамның өз ойын тұжырымды берудің табиғи жолы ретінде жоғары бағаланып жүр.
Комикс дегеніміз - әртүрлі сюжетті суреттер арқылы белгілі оқиғаға студенттердің өздері құрастыратын әңгімелері.
Комикс (ағылш. comic -- күлкілі) -- идеяларды, бейнелерді сурет арқылы жеткізетін, мәтін мен визуалды ақпаратты қатар қолданатын әдебиеттің саласы.
Комикстың көптеген анықтамалары бар. Олардың барлығы ақыр соңында оның белгілі бір әңгіме туралы сөз шертетін суреттердің тізіміне сай келеді. Комикс - бұл хикая мен визуалды іс-әрекеттің бірлігі. Комикстің мәні (ағылш. Understanding comics) атты кітабында Скотт МакКлауд бірізді кескіндер іспетті қысқаша және мағыналық бірізділікте көршілес суреттердің және басқа да кескіндердің анықтама береді.
Комикстарда мәтіннің болуы қажет емес, интуициялық түсінікті сюжеті бар мылқау комикстер де бар (мысалы, Арзак Жана Жиро). Бірақ көп жағдайда комикстерде төл сөз автордың аузынан үрленіп шығатын филактердің - сөздік көпіршіктің көмегімен беріледі. Автор сөзі кадрдің үстінде не астында беріледі. Стандартты комикс 17х26 см мөлшерлі болып келеді.
Комикстер әдеби жанр бойынша, сурет салу жағынан да әр түріл болып келеді. Классикалық әдебиет туындыларының еңбектері де комикс түріне бейімделеді. [1]
Комикс - ағылшын тілінде comic - күлкілі деген мағына береді. Комикс - суретпен салынған хикая. Әдебиет және сурет өнерін ұштастырады. Бұл өнердің сан түрлі тармағы бар. Бірі графикалық роман тәрізді болса, енді бірі тіпті қысқа болады, оларды стрип деп атайды. Кей мемлекетте сурет салынған шығармалардың өзіндік атауы бар. Француз тілді елдер комиксті bande dessinée, яғни суретпен салынған лента десе, жапониялық комикс манга деп аталады. [2]
Комикстер тек Америкада ғана емес, біздің елімізде де дамып келеді. Қазір отандық QAZCOMICS.KZ компаниясы да қызықты қазақ тілді комикстерді шығаруда. Қазақстандық комикстер әр алуан және бір-біріне ұқсамайды. Мысалы, батыс елдерінің комикстерінде кейіпкер міндетті түрде жамандықпен күресу мағынасында құрылса,қазақша комикстерде адамдар арасындағы мейірімділік пен жанашырлық насихатталады. Күні бүгін QAZCOMICS.KZ сайтынан шыққан комикстер танымалдыққа ие болып тұр.
Педагогика ғылымдарының кандидаты Ш.Д.Абдиева комикс жасау арқылы адамның шығармашылық, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыратынын, қазақша сөйлеу мен жазу (сюжеттегі рөлдердің сөздерін жазу арқылы) қабілетін дамытатынын айта келе, әлемдік әдістемеде қолданылып келе жатқан комикс жасаудың мынадай жолдарын көрсетеді:
интернеттегі Paint бағдарламасымен салынған суреттер;
дайын анимацияларды пайдалану;
мультфильмдерді пайдалану;
суреттерге түсіріп, түсірілген суреттерді пайдалану т.б.
Тілді үйрету барысында комикстерді қолданудың мәні зор. Оқытушы қазақ тілін үйрету барысында төмендегі тапсырмаларды құрастыра алады:
- сұрақ қоюға үйрету;
- шағын диалог құрастыру;
- берілген суреттер арқылы әңгіме, ертегі, мәтін құру;
- өтілген тақырыпты қорытындылау т.с.с. мақсаттарды шешуге болады. [3]
Әр сабақ - бір шығармашылық үрдіс. Кітапты тек мазмұндаумен, оқумен шектелмей, шығармашылық қырын, дағдыларын дамыту арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын оятуға тырысу қажет. Ол тапсырма балаларға өте қызықты болады. Келесі комиксті қашан жасаймыз? деп асыға күтетіні сөзсіз. Бұл әдістің тиімділігі - баланың ойлауын, шығармашылық дағдысын, сурет салу қабілетін, қабылдауын, сондай-ақ кітаптағы кейіпкерді елестету арқылы оның қиялын дамыта түседі.
Комикс жанрының құндылығы неде?
* Комикстерде қарапайым сөйлеу тілі қолданылады.
* Сурет арқылы комикс мәні түсінікті болғандықтан, жаңа сөздерді есте сақтау оңайлай түседі.
* Орын тапшылығына байланысты диалогтар өте қысқа, жинақы, ықшам түрде беріледі.
* Қазақ тілін оқытуда комикстерді пайдалану сабақ пен оқулық материалдарын түрлендірудің қосымша мүмкіндігі болып табылады.
* Комикстер сөздік қорын ауызекі тілдегі сөздікпен байытады.
* Комикс мотивация құралы болып табылады, өйткені олар пәнге деген қызығушылықты арттырады.
* Шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттері қалыптасады
Қалай қолдану қажет?
* лексиканы оқытуда
* грамматиканы оқыту
* оқуға үйрету үшін
* сөйлеуге үйрету үшін
* жазуға үйрету үшін
* тыңдауға үйрету үшін
ЛЕКСИКАДА
Комикстердің лексикасы ауызекі сөйлеу тілінде терминдермен немесе күрделі грамматикалық құрылымдармен толықтырылмаған. Кейіпкерлердің сөйлеген сөздері ықшам боп келеді. Демек, оқушылар жиі кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтай алады.
Комикстер сөйлеуге үйрену үшін оңай, есте сақтауға ықпал ететін көптеген сөздер қайталанады.
Кейіпкерлердің сөйлеуінде жаргон сөздердің кездесуі де тіл үйренудің оңтайлы жолы болып келеді. Эмоция мен дыбыстық еліктеуіштерді білдіретін көптеген сөздердің кездесуі, олардың көпшілігін ана тілінде сөйлейтіндер белсенді қолданғанымен, сөздіктерде кездесе бермейді сөздер жиі қолданылады. Сондықтан комикстер сөздік қорын толықтырудың тамаша көзі бола алады.
Сөздіктерден жеке сөздер мен сөз тіркестерін жазып алу маңызды, өйткені комикстерде фразеологиялық бірліктер, қызықты жиынтық тіркестер және сөзді әсерлі жеткізе алатын жай сөздер де бар.
ГРАММАТИКАДА
Комикстердің грамматикасы қарапайым. Мұның бәрі диалог көпіршігінің көлемі жағынан өте шектеулі болғандықтан - бұл жерде ұзақ ойлар мен көп деңгейлі грамматикалық құрылымдарды жазуға орын жоқ.
Кейіпкерлері өз сөздерінде құрмалас сөйлемдерді немесе күрделі сөз құрылымдарын қолданбайды. Сөз тіркестері қарапайым болғандықтан ауызша сөйлесуде қолдану үшін есте сақтауға болады.
Сөздердің ретін есте сақтап, кейбір сөз тіркестерін жатқа үйреніп, қазақ тілінде қарым-қатынаста батыл қолдана алады.
Комикстердің басым көпшілігі белсенді сөз формаларын және қарапайымдылықты пайдаланады.
ОҚЫЛЫМ
Мұғалім шағын әңгімені таңдайды.
Комикстерді оқуды ұйымдастырады (жеке, жұппен).
Сөздік және сөйлеу үлгілері түсіндіріледі.
Оқушылар ертегіні қысқаша айтып береді, егер оларға әңгіме ұнаса, сахналайды.
Бос тұрған (диалог көпіршіктері) сөйлеу шарларын толтырып, сюжетті аяқтайды.
Дайын комикстерді оқушылар сыныпқа көрстеуге, таныстыруға тырысады.
ЖАЗЫЛЫМ
Оқушылар сөздердің жазылуын жиі қайталау арқылы және сөздіктерге жазу арқылы есте сақтайды.
Тапсырма үлгісі: кейіпкерлердің диалогтарын өз бетіңізше жасаңыз немесе жазбаша қайталаңыз, комикстің сюжетін қазақ тілінде жазбаша қайталауға тырысыңыз, жалғасын жазыңыз.
АЙТЫЛЫМ
Комиксті алдын ала оқу.
Комикс бойынша сөздік қорын талдау, айтылымға жаттықтыру, комикс туралы сұрақтарға жауап беруге дайындалу.
Комиксті қысқа, егжей-тегжейлі әңгімеге айналдыру. Осы мақсатта қосымша сөздік таңдалады.
Оқиға рөлдерде берілген.
Дайын суреттердің бөліктерін ретімен қоюды сұрап, оқушылар толық әңгіме жасауы қажет.
Тапсырма үлгісі: сөйлеу көпіршігіндегі соңғы суретті алып тастап, оқушылардан соңын ойлап табуды сұраңыз.
ТЫҢДАЛЫМ
Тапсырма үлгісі:
Сынып топқа бөлінеді.
Берілген мәтінді тыңдайды.
4-5 кадрдан тұратын комикс бөліктері топтарға ұсынылып, талқыланады.
Тыңдалған мәтін негізінде сюжетті ретімен қойып, көпіршіктерге жазып, қорғайды.
Комикс дайындаудың кезеңдері:
* Идеяның пайда болуы немесе дайын мәтін;
* Кейіпкерлерді ойлап табу немес дайын кейіпкерді қолдану;
* Сценарийді құру немесе дайын сюжет;
* Мәтінді өңдеу;
* Рет-ретімен баяндау, қорғау;
Комикстерді таңдау, оларды жасау және сабақ жоспарына енгізу оңай жұмыс емес. Тақырып бойынша комиксті дайындау, зерттеу немесе жасау үшін қосымша уақыт қажет. Бұл үлкен шығармашылықты талап ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz