Оқыту құралдарының дамыту қызметі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Жаратылыстану - гоеграфия факультеті

География кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: География сабағында негізгі оқыту құралдарымен жұмыс

Дайындаған: Крыкбаева М. С

Группа ГТ-31

Тексерген: аға оқытушы Ходжанова Б. Х

Орал 2024 ж

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

I. География сабағында негізгі оқыту құралдарымен жұмыс.

1. 2 Оқыту құралдарының оқу - танымдық маңызы мен атқаратын қызметі . . .

1. 3 Географиялық карталармен, глобуспен жұмыс . . .

1. 4 География оқулығыме жұмыс . . .

1. 5 Қазіргі заманауи электрондық дидактикалық оқыту құралдарымен

жұмыс істеу әдістері . . .

1. 6 Статистикалық көрсеткіштермен жұмыс . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер

География сабағында негізгі оқыту құралдарымен жұмыс

  1. Оқыту құралдарының оқу - танымдық маңызы мен атқаратын қызметі

Оқыту құралдарына жалпы шолу. Оқыту кұралдары окытудың негізгі міндетін шешуге сәйкес табиғат пен қоғам туралы географиялық білімді қалыптастыру үшін қажет. Олардың негізгі қызметінің бірі оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу болып табылады. Оқыту кұралдары әсіресе физикалық, экономикалық және әлеуметтік географияны оқыту барысында оқушылар тікелей көзбен көру арқылы есте сақтауды қажет ететін нысандар мен құбылыстарды түсіндіруде ерекше орын алады. Табиғи ортаны қарастыратын қандайда бір пәнді оқыту барысында оқытылатын нысанға тән белгілерді анықтау мүмкін болмайтындықтан оларды ашып көрсету үшін сызба- нұсқалар, шынайы уақыт жүйесінде жұмыс істейтін интербелсенді виртуальды үлгілер жасауды қажет етеді. Оқушылардың танымдық қабілеті дамытуға мүмкіндік беретін оқыту құралдары маңызды білім көзі қызметін атқарады.

Оқыту құралдары географияны оқытудың мақсаты мен оның мазмұнына, сонымен қатар, қазіргі талаптарға сәйкес жасалады. Олар оқушылардың оқушылар мен мұғалімдердің іс-әрекетіне бейімделіп құрылып, уақыт пен энергияны аз жұмсайтындай және білім алуға ыңғайлы болуы тиіс. Оларды ғылыми-техникалық прогрестің заманауи жетістіктерін қолдана отырып құрады. Қазіргі кезеңде табиғатта жүретін құбылыстар мен үрдістердің шынайы уақыт жүйесінде жұмыс істейтін интербелсенді виртуальды үлгісін <<Macromedia flash», «3ds max» компьютерлік бағдарламаларының көмегімен құрады.

Оқыту құралдарын жіктеумен танысу оларды дұрыс пайдалануға көмектеседі. Мектеп географиясы шынайы нысандар мен құбылыстарды және кеңістік-аумақтық жүйелерді оқытатындықтан оқыту құралдарын топтастыруға географиялық нысандарды бейнелеу сипатына қарай жіктеу қағидасына негізделу тиімді. Осыған орай оқыту құралдарын төмендегі топтарға белуге болады: нағыз нысандар:

  1. нағыз нысандар:
  • сынып жағдайында оқытылатын табиғи нысандар мен шаруашылық

әрекетінің заттары;

  • тікелей танымдық жорықтар мен экскурсиялар барысында оқытылатын

табиғи нысандар мен шаруашылық әрекетінің заттары. Бұл кұралдар оқытылатын нысандар мен құбылыстарды және олардың қасиеттері туралы ұғымды тікелей көру арқылы қалыптастыруға мүмкіндік береді.

  1. нақтылы географиялық нысандар мен құбылыстардың бейнелері:

- Жер беті мен шаруашылық нысандарының көлемді үлгілері;

- географиялық карталар, құбылыстар мен үрдістердің арасындағы бірізді

себеп-салдарлы байланыстардың, шикізаттан дайын өнім өнімдіруге дейінгі өндірістің технологиялық тізбектерінің сызба-нұсқалары, көлденең қима-сызбалар, оқу бейнефильмдері сияқты жазықтықта кескінделген көрнекі құралдар. Бұл топтағы оқыту құралдары да табиғи және шаруашылық нысандар мен құбылыстар туралы бейнелі ұғымдар мен түсініктерді қалыптастырады.

3. Заттарды шартты белгілермен (белгі, сан, сөз) бейнелеу:

- вербальды (мәтіндік негізінде басылып шыққан оқулықтар, анықтамалар, дәптерлер, мәтіндік кестелер) ;

- картографиялық құралдар (қабырға, үстел үсті, және кескін карталар, карта-сызбалар, картограммалар т. б. ) ;

- графиктік сызба-нұсқалы кұралдар (табиғаттағы және әлеуметтік- экономикалык кұбылыстар мен үрдістердің арасындағы өзара байланыстарды ашып көрсететін кұрылымды сызба-нұсқалар) ;

- графиктік-статистикалық құралдар (графиктер диаграммалар, кестелер) . Бұл топтағы оқыту құралдары ұғымдарды қалыптастыру, нысандарға, құбылыстар мен үрдістерге тән қасиеттерді, олардың кеңістіктік-аумақтық таралу ерекшеліктерін ашу мақсатында қолданылады.

4. табиғат құбылыстарын бақылап оларға талдау жасауды көздейтін заттар (жергілікті жерде өлшеу жұмыстарын жүргізуге арналған приборлар) ;

- табиғат құбылыстарының сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтауға арналған приборлар;

- картометриялық өлшеу жұмыстарын жүргізуге арналған приборлар;

- Жердің тәуліктік және жылдық қозғалысын көрсететін приборлар.

Бұл топтағы құралдардың қызметі - оқушылардың приборларды пайдалану жүргізген өлшеулерді тіркеу, жиналған деректерді талдау және өңдеу дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

Географиялық білім мен іскерлік-дағдылардың ерекшеліктеріне байланысты мектеп географиясы алуан түрлі оқыту құралдарына негізделуді талап етеді. Географияны оқу барысында оқушылар Қазақстанның, материктер мен елдердің табиғатын оқып-үйрену барысында оқушылар жер қойнауымен, атмосферамен танысып, жердің өткен тарихының құпияларына енеді. Сыныпта және жергілікті жерде алуан түрлі сарамандық жұмыстар орындайды. Мұның барлығы географиялық карталар, кестелер, интербелсенді акпараттық технологиялық құралдар, тау жыныстары мен минералдардың, өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнімдердің үлгілері, приборлар мен құрал- жабдықтар сияқты алуан түрлі оқыту құралдарын қажет етеді.

Көрнекіліктің атқаратын қызметі. Таным көзбен көріп сезінуге негізделетіні белгілі. Қазіргі ғылымға танымның екі негізгі нышаны: көзбен көру, ұстау арқылы сезінуге негізделетін сезімдік (ұғым) пен абстрактылы ойға негізделетін логикалық нышандары белгілі.

Жоғарыда аталған екі нышан бір-бірімен тығыз байланыста болады және бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.

Таным теориясына неізделіп дидактика білімді меңгертуге, әлемнің шынайы бейнесін жасауға көмектесетін оқыту әдістерін жасауда. Осы мақсатта оқытылатын нысандар мен құбылыстарды терең меңгеріп түсіну үшін географияны оқыту нысандардың нақты үлгілері «көрнекіліктің ең жоғарғы нышаны» болып саналатын көрнекі құралдарды жасауда.

Бірақ оқытылатын нақты нысандар мен құбылыстарды көрсету мүмкін болмайтындықтан және дидактикалық тұрғыдан тиімсіз екенін ескере отырып, географияны оқыту барысында белгілі бір табиғи немесе әлеуметтік- экономикалық нысандардың, үрдістер мен құбылыстардың үлгісі болып табылатын алуан түрлі жасанды көрнекі құралдар қолданылады.

Көрнекі құралдарға қойылатын міндетті талап оқушылардың жастарына сәйкес танымдық ерекшеліктеріне ескеріп бейнелейтін түп нұсқаға тән белгілерді ашып көрсететін изоморфты кескіні болуы тиіс.

Таулар мен жазықтардың құрылысы, шаруашылық салаларының құрылымы, жеке аумақтардың арасындағы экономикалық байланыстар сияқты мектеп географиясында оқытылатын көптеген нысандар мен құбылыстарды түп нұсқасынан көріп бақылау мүмкін болмайтындықтан жоғарыда аталған бұл ереже бірінші кезектегі маңызға ие болады.

Ұтымды құрылған оқу үлгісі көрнекі құралдардың көмегімен оқу- танымдық міндеттерді дұрыс шешуге көмектеседі. Мысалы, «Macromedia Flash>> және «3ds maxх» компьютерлік бағдарламаларының көмегімен құрылған «Таулардың пайда болуы мен өзгеруі» оқу бейнефильмінде терең ойыс геосинклинальдағы теңіз табанында жиналған шөгінді тау жыныстарының жер қыртысындағы тік бағыттағы қозғалыстың әсерінен жиырылып қатпарлы таулардың пайда болатынын, сыртқы күштердің ықпалынан бұзылуын, аласаруын, жаңа тау түзілу кезеңінде қайта көтеріліп, жаңғырған қатпарлы-жақпарлы таулардың түзілілетінін, геологиялық уақыт ішінде олардың аласарып біртіндеп платформаға айналуына дейінгі геосинклинальдың даму кезеңдері көрсетілген.

Оқу бейнефильмін көріп болған соң кадрлардың мазмұнына талдау жасау арқылы оқушылар қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы таулардың морфологиялық белгілерін, негізгі құрамдас бөліктерін, жер қыртысының құрылысы мен жер бедерінің ірі пішіндерінің арасындағы байланыстарды, жазықтар мен таулардың таралу заңдылықтарын анықтайды.

Көрнекілік оқушылардың географиялық ой-өрістерін кеңейтіп байқампаздығын сонымен қатар, оқытудың кол жетімділігін арттырып, оқу материалдарын біршама терең әрі жеңіл меңгертуге мүмкіндік береді.

Географияны оқытудағы көрнекілік қағидасы қазіргі кезеңдегі заманауи оқыту құралдарымен жүйелі түрде жұмыс істеуді талап етеді.

Егер көрнекі құралдар оқытылатын нысандар мен құбылыстарды жан- жақты ашып көрсете алатын болса, оқушылар оқу материалдарын терең меңгереді. Оны тау жыныстары мен минералдардың үлгілерінен бастап Интербелсенді заманауи мультимедиа материалдарына дейінгі барлық оқыту құралдарының жүйесі қамтамасыз етеді.

Оқыту құралдарының оқытылатын географиялық нысандар мен құбылыстар туралы оқушылардың білімдерін толықтыру және тереңдету қызметі. Бұл қызмет оқыту құралдарының оқу-тәрбие үрдісінде географиялық түсініктерді меңгертуде, құбылыстар мен үрдістердің түзілу заңдылықтарын ашуда білім көзі ретінде пайдалануда көрініс тапқан.

Жергілікті жерде ұйымдастырылатын оқу-танымдық жорықтар барысында жүргізілетін бақылаулар табиғи немесе әлеуметтік-экономикалық нысандарды көру арқылы есте сақтауға мүмкіндік береді.

Ойша есте сақтау оқушылардың санасында көрмеген нысандарды оқулыкты, басқа да географиялық мәтіндерді оқу барысында қалыптасады. Бұл жағдайда қойылған педагогикалық мақсатқа сәйкес тақырыптың мазмұнын ашып, оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік беретін оқыту құралдары іріктеліп алынады.

Білім көзі ретіндегі жеке ұғымдарды қалыптастыру үшін оқушыларға Алакөл, Қаратал өзені, Талдықорған аккумулятор зауыты сияқты нақтылы жеке нысандарды таныстыру немесе оларды ашып көрсететіндей оқыту құралдарын ұсыну қажет. Бұл құралдармен жұмыс істеу жеке ұғымдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жеке ұғымдардың ерекшеліктеріне қандай да бір құбылыстар мен нысандарға ғана тән белгілерді ашып көрсетуде жетекші орын алуы жатады. Бұл белгілерге сипаттама бере отырып оқушылар іс үстінде сол нысанды көздерімен көре алады немесе мәтінді оқу барысында, сонымен қатар, оқу бейнефильмдерінің, интербелсенді көрнекі құралдардың көмегімен ойша есте сақтай алады.

Мұғалімнің ұйымдастыруымен географиялық нысандар мен құбылыстар сипатталған немесе бейнеленген әр түрлі оқыту құралдарының мазмұнына талдау жасай отырып оқушылар оларға тән белгілерді ашып көрсетуі нәтижесінде тау, жанартау, өзен, гейзер сияқты жеке ұғымдар қалыптасады.

Географиялық нысандар мен құбылыстар туралы жалпы ұғым-бұл алуан түрлі оқыту құралдарының көмегімен қалыптастырылған бейне болып табылады. Жеке және жалпы ұғымдар географиялық білімнің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Олардың оқушыларда болуы географиялық түсініктерді қалыптастыруға негіз болатын алғышарт болып табылады.

Психологтардың анықтауы бойынша түсінік- бұл байланыстар мен қарым-қатынастарын жан-жақты ашып көрсету негізінде зат (нысан, құбылыс, үрдіс) туралы біршама жинақталған шынайы білім. Оқушылардың ойлауында абстракциялау денгейдегі ұғымдардан гөрі географиялық түсінік біршама жоғары сипатта болады. Сондықтан Жетісу Алатауы, Сарыарқа, Марқакөл сияқты жеке ұғымдарда басқа нысандардан айырмашылығын ашып көрсететін тек сол нысанға немесе құбылысқа ғана тән жеке белгілері ғана болады. Мысалы, Сарыарқа каледон мен герцин жасындағы қалдық таулары бар ұсақ шоқылы таулы үстірт болып табылады. Жоғарыда аталған белгілер Сарыарқаны жазықтадан ажыратады. Көл түсінігін қалыптастыру үшін көрнекі құралдарды қолдана отырып су толған тұйық қазаншұңқырдың, жағалауының болуы сиқты барлық көлдерге ортақ белгілерді анықтау қажет. Суының тұздылығы, шығу тегі, тереңдігі сияқты басқа белгілер бұл түсінікті қалыптастыруға қолданылмайды. «Көл» түсінігін толық меңгертіп оның шынайы бейнесін қалыптастыру үшін қазаншұңқырларының шығу тегі ǝp түрлі бірнеше көлді көрсету қажет.

Географиялық білімнің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын заңдылықтарды қалыптастыру тек оқыту құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Заңдылықтарды бейне түрінде беру мүмкін болмайтындықтан оқыту құралдары негізінен картографиялық материалдар мен сызба-нұсқалар қолданылады.

Оқыту құралдарының оқушылардың іс-әрекетін қамтамасыз ету қызметі. Көрнекі құралдардың бұл қызметі тәжірибелік іскерлік-дағдыларын қалыптастыруда айқын байқалады. Географияға тән арнайы тәжірибелік іскерлік-дағдылардың қатарына жергілікті жерде бағдарлау, жергілікті жердің сұлбасын (планын) түсіру, жергілікті жердің сұлбасымен, әр түрлі жалпы географиялық және тақырыптық карталармен, статистикалық-экономикалық деректермен жұмыс, танымдық жорық барысында немесе географиялық алаңда бақылаулар жүргізу жатады. Жоғарыда аталған әрбір іскерлік- дағдыларды қалыптастыру үшін әр түрлі оқыту құралдарын, приборлар мен құрал-жабдықтарды пайдалануды қажет етеді. Іскерлік-дағдылардың көбі география ғылымының әмбебап далалық зерттеу әдістерімен ұқсас болады.

Оқушылар орындайтын оқу әрекетінің сапасын айқындайтын кез-келген географиялық іскерлік-дағдылар әр түрлі күрделі іс-әрекеттер жүйесінен тұрады. Мысалы, жергілікті жерде түсіру жұмыстарын жүргізу үшін планшетпен, тұсбағдармен, нысаналы сызғышпен, ара қашықтық өлшегіш таспамен жұмыс істеу; ауа райына бақылау жүргізу үшін термометрмен, флюгермен, барометрмен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруі қажет.

Тәжірибелік іскерлік-дағдыларды қалыптастырудың жалпы заңдылықтарын педагогика мен психология анықтайды. Алдымен мұғалім окушыларға атқарылатын жұмыстың мақсаты туралы түсінік біріп, одан кейін оны орындау әдістерімен, ретін түсіндіріп үлгісін көрсетеді. Содан кейін оқушылар бірқатар жаттығулар орындап қайталау арқылы қалыптасқан іскерлік-дағдыларын бекітеді.

Тәжірибелік жұмыстар барысында атқаратын үйлесімділігін оқушылардың іс-әрекеттері дейміз.

Оқыту құралдарының оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқару қызметі. Қандай да бір оқыту құралдарын оқу үрдісінде қалай пайдалану қажет екенін мұғалім алдын-ала ойластырады. Сабақ барысында оларды көрсету, мазмұнына талдау жасау немесе тау жыныстары мен минералдардың үлгісімен сарамандық жұмыстар жүргізуі мүмкін. Мұғалім оқыту құралдарымен жұмыс істеу барысында репродуктивті немесе өзекті оқыту, ішінара ізденіс әдістерін пайдаланады. Таңдаған оқыту әдісіне сәйкес көрнекі құралдарды оқушыларға көрсету немесе қандайда бір нысанды бақылау жасату арқылы ой қорытындыларын шығартуы мүмкін. Белгілі бір құбылыстар мен үрдістерге бақылау жүргізу мақсатын қойғанда талдау- синтездеу әрекетін ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық ой әрекетінің дамуын қамтамасыз етеді.

Оқыту құралдарымен жұмыс істеу географиялық зерттеу әдістерін қолдана отырып өзекті сипаттағы тапсырмалар беру міндетін шешуге қажетті жағдайлар жасайды. Мысалы, Қазақстанның физикалық географиясы курсында Балқаш-Алакөл ойысына түсетін күн радиациясының мөлшері мен басым ауа массаларының қозғалысын көрсету арқылы мұғалім оқушыларға аталған аймақ климатының шұғыл континентті болу себептерін өз беттерімен анықтауды ұсынады.

Оқыту құралдарының дамыту қызметі. Қандай да бір оқыту құралдарын оку үрдісіне енгізер алдында мұғалім оқу ақпаратын беру нышанын, қарқынын, оқу-тәрбие жұмыстарының барысын өзгертеді. Мысалы, жаңа сабақты оқып-үйрену барысында мұғалім оны түсіндірмей оқу бейнефильмін көрсетеді де, көріп болған соң оны талдайды.

Әр түрлі оқыту құралдарын іріктеп ала отырып мұғалім оқушыларға жаңғырту, өзекті немесе зерттеу сипатындағы тапсырмаларды орындатқызады. Қабырға карталары, оқу бейнефильмдері, интербелсенді мультимедиа материалдары сияқты көптеген оқыту құралдарына оқушылардың мәнерлеп оқуы мен көңіл-күйлерінің қөтерілуіне жағымды әсер ету мүмкіндіктері тән. Сәйкес келетін тақырыптағы оқыту құралдарын іріктеп алып оқу үрдісіне қосу арқылы олардың көмегімен экологиялық, эстетикалық тәрбие беру, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану басқа да көптеген мәселелерді шешуге болады. Оқыту құралдарын дұрыс таңдау оқушылардың дүниетанымдарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оларды жүйелі түрде тиімді пайдалану оқушылардың ақыл ойының дамуын қамтамасыз етеді.

Оқыту құралдарының дамыту қызметін жүзеге асыру олармен белсенді жұмыс істеуді, тапсырмаларды біртіндеп күрделендіруді қажет етеді. Көрнекі құралдарды көрсету түсіндіруге, оқушылардың табиғи және әлеуметтік- экономикалық нысандарға бақылау жүргізуге немесе мұғалімнің басшылығымен оны оқып-үйренуге ұласады.

Жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу барысында ең бастысы оқушылар нысандар мен құбылыстарға бақылау жүргізе отырып, оларға талдау жасап өз ой қорытындыларын шығару дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

"Келесі кезең бірнеше нысандарды салыстыру арқылы ұксас белгілері мен айырмашылықтарын анықтау арқылы бақылау нәтижелерін жинақтау болып табылады. Мысалы, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясын өту барысында Орталық және Шығыс Қазакстан экономикалық аудандарының экономикалық карталарына, сызба-нұскаларға, оқулықтын мәтініне талдау жасай отырып екі ауданның ұксастықтары мен айырмашылықтарын табу арқылы оқушылардың өз беттерімен іздену ой қорытындыларын шығару дағдыларын қалыптастыруға болады. Оқушыларды экономикалық карталарға талдау жасауға тарту арқылы тапсырмаларды күрделендіру екі ауданның табиғат жағдайларының ауыл шаруашылығын дамытуға, табиғат байлықтарының шаруашылығының мамандануына тигізетін әсерін анықтатуға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, оқыту құралдарымен жұмыс істеу оқушылардың ақыл- ойының дамуына қолайлы әсер етіп, оқытылатын нысандар мен құбылыстарға деген қызығушылықтарын оятып, танымдық белсенділіктерін арттырады.

Келесі бақылау жүргізу кезең және олардың нәтижелерін талдау, синтездеу арқылы ой қорытындыларын шығару тәсілдерін үйрету болып табылады.

Бұл кезеңде оқушылар берілген үлгі бойынша жұмыс істейді.

Оқушылар оқыту құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін меңгергеннен кейін ғана өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы оқу міндеттерін шешу кезеңіне өтуге болады. Олардың қатарына төменде көрсетілген тапсырмаларды жатқызуға болады: Сарыарқаның ұсақ шоқылары қандай тау жыныстарынан тұрады? Зайсан қазаншұңқыры Солтүстік Қазақстан жазығынан біршама оңтүстікте орналасқанына қарамастан қыста еліміздің басқа аймақтарына қарағанда суық болуының себебін түсіндір.

Оқыту құралдарын пайдалана отырып жұмысты біртіндеп күрделендіру оқушылардың ойлау қабілетін дамытып танымдық белсенділіктерін арттырады.

Оқыту құралдарының дамыту қызметі оқушыларды танымдық әрекеттің рецептивті деңгейінен репродуктивті , одан ары эвристикалық және зерттеу деңгейіне дейін өткізу жолымен жүзеге асырылады.

Сонымен географияны оқыту барысында оқыту құралдарын пайдалану төменде көрсетілген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

  • география курстарында берілген оку материалдарының мазмұнының логикасын анықтауға, көлемін нақтылауға;
  • оку үрдісін білім көзімен қамтамасыз етуге және сарамандық жұмыстарды орындауға қажетті оқулықтар, құрал-жабдықтар, приборлар сияқты оқыту құралдарымен қамтамасыз етуге;
  • оқытуды есте сақталатындай біршама тартымды көркем бейнелі түрде

ұсыну арқылы сапалы білім беруге, құбылыстарды танып білу тұрғысынан алғанда оқушыларда өз беттерімен ой қорытындыларын шығаруын қамтамасыз ететін тәжірибелік іскерлік - дағдыларын қалыптастыруға;

  • Оқушыларды география ғылымының дерек көздерімен және қарапайым

ғылыми зерттеу әдістерімен таныстыруға;

  • оқушылардың танымдық және ойлау әрекеттерін басқаруға;
  • оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, ақыл - ойының

дамуына ықпал ететін оқытудың тәрбиелік әсерін күшейтуге.

Географияны оқыту құралдарының үйлесімділігі толыққанды білім алуды, іскерлік-дағдыларды қалыптастыруды, оқушылардың қамтамасыз етуі, қазіргі қоғамның мектеп географиясының алдына қоятын маңызды тәрбиелік міндеттерді шешуге көмектесуі тиіс.

  1. Географиялық карталармен, глобуспен жұмыс.

Географиялық картаның рөлін Н. Н. Баранский там. аша анықтады: «Карта - географияның екінші тілі», сонымен бірге жинақы да түсінікті. Бұл оқушылар үшін ғылыми білімнің және жан-жақты ақпараттың көзі. География мұғалімі оқушыларға географиялық картаның мазмұнын толық игеруді үйретуі керек.

Әдістемелік әдебиеттерде картамен жұмыс, оны оқу және білу туралы әр түрлі пікірлер айтылады. Бізге ең жақын теориялардың бірі Г. Ю. Грюнберг ілімі.

Картаны түсіну карталар туралы білімнің болуын көрсетеді: географиялық карта дегеніміз не, оның басты белгілері қандай, басқа жер бедерінің суреттерінен қандай айырмашылығы бар. Сонымен бірге, картаны түсіну үшін масштаб және градус торымен жұмыс істей білу керек.

Картаны оқу - іс-әрекетті, құбылысты танып білу, шартты белгілер арқылы нақты дүниені, әлемді тану, картада белгіленген территорияның сапалық және сандық мағлұматтарын сараптау.

Географиялық карталармен жұмыс істеу Жер бетіндегі елдер мен басқада аумақтарды тікелей оқып - үйренуін ауыстыра отырып, оларға тән негізгі белгілердің бейнесін қалпына келтіруге көмектесіп, кеңістіктің бейнесін көз алдына елестету арқылы есте сақтауын дамытады. Картаның мазмұнын талдап оларды бір - бірімен беттестіру ақылы логикалық ой әрекетінің тісілдерін дамытады, құбылыстардың арасыңдағы ір түрлі байланыстарды табады, салыстыруды жүзеге асырады, бірізді себеп - салдарлы байланыстарды анықтайды.

Оқу карталарын оқу үрдісіндегі қызметіне қарай жіктеу. Оқу карталарын масштабына, кескінделген аумақты қамтуына, оқу үрдісіндегі қызметіне қарай жіктейді. Оқу үрдісіндегі қызметіне қарай оқу карталары қабырға және үстел үсті карталары деп топтастырылады. Соңығысы жеке басылып шығатын, жапсырма карталар, тақырыпта басылатын мәндік карталар, жинақталып кітапша ретінде шығарылған атласындағы карталар болып бөлінеді. Мектеп тәжіртбесінде кескін каталар ерекше орын алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарих кабинетін безендіру
Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылық- тарын анықтау жұмыстары
Көрнекі құралдар түрлері
Қашықтықтан білім беру технологиясының мәні
Білімді ақпараттандырудың техникалық құралдары
Оқыту - таным процесі
Оқыту әдістері дидактикалық категорияларының бірі
Оқушыларды сабаққа әзірлеу
Жалпы бастауыш сыныпта математиканы оқытуға арналған құралдар
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz