Ағылшын тілі сабақтарында ойын технологиясын ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Қарағанды BOLASHAQ жоғарғы колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мектеп оқушыларына ағылшын тілін үйретуде ойынның рөлі.
Пәні: Шетел тілін оқыту әдістемесі

Орындаған: ШТБ 21-3(11) тобының
студенті Төлеутай Ділназ
Жетекші: Утепова С.А

Тіркеу № __________
Бағасы : __________
Қолы: __________

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I БӨЛІМ. АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ ОЙЫННЫҢ МАҢЫЗЫ. ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.1. Ойын - баланың білім білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1.2. Оқушыларға ағылшын тілін үйретудегі ойынның тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

1.3. Ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

II БӨЛІМ. ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН САБАҚ БАРЫСЫНДА ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҒЫЛШЫН ПӘНІНЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.1 Ағылшын тілі сабақтарында ойын технологиясын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

III ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

IV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру , халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Ойын- оқу үрдісіндегі оқытудың әр формасы , әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады.
Тақырыптың мақсаты: ағылшын тілі сабақтарындағы ойын арқылы оқыту әдісін, грамматикалық дағдыларды қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибелік-экспериментте тексеру арқылы қорытынды шығарып, тиімділігін анықтау.
Міндеттері:- ойын әдісінің теориялық негіздерін қарастыру;
-ойынның түрлеріне талдау жасап грамматикалық дағдыларды
қалыптастыруға бағытталган ойын түрлерін топтастыру;
- тәжірибеге ендіру;
Зерттеу нысаны: ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын, оқушылардың грамматикалық, лексикалық дағдыларын дамытуға арналған ойын түрлері және олардың тиімділігі.
Зерттеу пәні: мектептегі ағылшын тілі грамматикасы.
Зерттеу әдістері: зерттелетін мәселелер жөніндегі психологиялық- педагогикалық әдебиеттерді зерделеу, салыстыру, талдау, педагогикалық бақылау, тұжырымдау, сараптау, салыстыру, қорыту, эксперименттік әдістер қолданылды.
Жобаның гипотезасы: Мектеп оқушыларына ағылшын тілін ойын технологиясын тиімді пайдалану арқылы оқушылардың оқуға деген құлшынысын, тілдік құзыреттіліктерін арттыруға әкеледі.
Практикалық маңыздылығы: Дайын жобаға қарап мектепте жұмыс жасайтын педагогтар сабақ барысында ойынның маңыздылығын жалпылай түсініп, ойынның құзыреттіліктерін сабақ барысында пайдалануға жол ашу.
Зерттеу құрылымы: Кіріспеден, теориялық және практикалық бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе

Тұңғыш Елбасы жолдауында кез - келген орта санатты мектептің балаларының ең жоғарғы деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек делінген. Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту,шет тілін меңгертудегі басты мақсат - білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру. Бұл үшін жетілдірілген әдіс шетел ғалымдарының іс-тәжірибелерімен танысу қажет екендігі ешбір дау туғызбайтыны белгілі.
Бүгінгі таңда бүкіл әлемде болып жатқан өзгерістер адам өмір сүріп жатқан ортадағы барлық салаларына, соның ішінде, білім беру саласына да әсер тигізуде. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз деп атап көрсетті. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты - білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті, қазіргі жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімін, қажетті дағдыларын тиімді түрде жүзеге асыратын және еркін бағдарлайтын, өзін- өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға дайын қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру .
Осыған орай 12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір суруге икемді, білімді, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оның болашақ кәсіби бағдарын айқындауына игі ықпал ету болып табылады.
Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту, шет тілін меңгертудегі басты мақсат - білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру. Осы орайда ойын технологиясының шетел тілі сабағында қолдану тиімділігі шексіз. Ойын түрлері өте көп. Олар уақыт мөлшеріне қарай (ойын- сабақ), адам санына қарай (топтық, жұптық, жеке) және мақсатына қарай (дайындық, шығармашылық) т.б. болып бөлінеді. Сонымен жеке ойын технологиясының жағымды әсері туралы айтатын болсақ оқушыларды тек қана оқу - білім алуға дағдыландырып қана қоймай, сонымен қатар командада өзін - өзі ұстау, қысылтаяң уақытта амал - айла табу, жылдам шешім қабылдау және жолдастарына адамгершілік пен достық сезімдерін нығайтуға бейімдейді. Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне қадам басуда. Білім беру парадигмасының өзгеруін, білім мазмұны мен оны оқытудың әдіс-тәсілдерінің жаңаруы, оқытудың жаңа технологияларының оқу-тәрбие үрдісіне енуі, жаңа көзқарас, қарым-қатынас пайда болып, білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуы соның айғағы. Оқытудың технологияларын - оқу мазмұнымен оқушылардың жас, психофизикалық, даму ерекшеліктерін дұрыс таңдап, тәжірбиеде сынап көрудің маңызы зор. Сондықтан озық технологияларды мұғалімнің толық меңгермейінше оның жан - жақты толыққанды мұғалім болуы мүмкін емес. Жаңа технологияларды игеру мұғалімнің кәсіби интеллектуалдық, рухани - адамгершілік, азаматтық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізіп, өзін - өзі шығармашылық ізденістерін дамытып, оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді жолдарын табуға көмектесері хақ. Әлемдік тәжірбиеде оқытудың технологиялық тәсіліннің тиімділігі зерттеулер арқылы дәлелденген.Оқу жоспары мен бағдарламалары анықталған мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес білім мазмұнының, оның басым бағыттары мен оқыту мүмкіндіктеріне лайық оқыту технологиясын таңдап енгізіп мұғалімнен жоғары кәсіби дайындықты, шығармашылық ізденістері талап етеді. Ұлы данышпан Аристотель кез келген әрекеттің жемісі екі шартқа байланысты: - соңғы мақсаттың (нәтиже) дұрыс қойылуы;
Оқу процесiн жеделдетумен байланысты шет тiлдерiн оқытуда жаңа әдiс - тәсiлдердi қолданбау керек деген пiкiр тумайда. Қайта бұл жаңа методиканың дамуына негiз салады. Атап айтқанда, әртүрлi сөйлемдердi меңгерту, қайталату, текстердi жаттату, бiрнеше рет естерiне түсiрту тағы да басқа жұмыс түрлерi оқушыны жалықтырып шаршататыны мәлiм.
Сондықтан да шет тiлiн дамытуда ойын түрлерiн пайдалану, оқушының басқа тiлдi үйрене алмаймын деген сенiмсiздiгiн сейiлтiп, тiлдi үйретуге ынтасын арттырады. Мысалы: оқудың алғашқы кезiнде оқушы тiлдiк материалдарды жеңiл меңгерiп кетуi мүмкiн, ал бара - бар материалдың күрделенуiне байланысты оқушы әр түрлi қиыншылықтарға кездеседi. Ал бұған мұғалiмдер кезiнде көмек жасай алмайды.
Демек оқушы тiлдiң түрлi құбылыстарын меңгеру өте қиын деген ойға келедi. Мұндай қиыншылықтан тек сабақта ойын түрлерiн пайдалану арқылы оқушының көзiн жеткiзуге болады. Ол үшiн мұғалiммен бiрге, оқушы да ойынның шартын, ережесiн жақсы меңгеруге тиiс. Ойын түрлерiн дұрыс қолданып өткiзiлген сабақта оқушының шет тiлiн үйренуге деген ықыласы, сол тiлде сөйлеп үйренуге деген ықыласы артып, сол тiлде сөйлеп үйренуге, оның тiлiн бiлуге қызығады. Зерттеу жұмыстарына қарағанда, оқушының бiлiм алуға деген ықыласы белгiлi бiр дағдылар мен қабiлеттiлiктi қажет етедi.
Сондықтан да сабақ процесiнде белгiлi дағды мен қабiлет қалыптасуарқылы танымдық қызығушылық пайда болады. Тнымдық қызығушылық психологиялық жағынан алғанда: активиiк процестен құралады. Сондықтанда оқушының танымдық қызығушылығы екi түрлiжолмен бiрi - дамыта оқыту, екiншiсi - тәрбиелiк қызмет арқылы қалыптасады. Дамыта оқыту белгiлiзатты танып бiлу, ал тәрбиелiк қызмет - оқыту процесi арқылы затты танудағы өзгерiстiк қатынастар. Оқыту процесiнiң әр түрлi сатысында ойын түрлерiде танымдық мақсатты көздей отырып, оқушының жас ерекшелiгiне қарай түрлi формада қолданылады.
Бастауыш кезең оқушыларында заттың сыртқы түрiне қызығушылар басым келедi.
Көрнектi педагог М. Амонашивилидiң тiлдерiнше, оқушылардың қатесiн үнемi көрсете бермей, қайта олардың өзiндiк дара қабiлетiн дамыту керек). Демек, ол кiсi бастауыш кезең оқушыларын қызықтыру үшiн әртүрлi әдiс - тәсiлдердi ұсынады. Сабақ үстiнде түрлi ойын түрлерi арқылы осы әдiс - тәсiлдердiң iске асуын қажет деп санайды. Мысалы, мұғалiм тақтада бiр сөздi әдейi қате жазады: pleap. Ал оны оқушылар түзейдi. Яғни сөздi дұрыс жазып көрсетедi. Мысалы: apple.
12-14 жастағы оқушыларға танымдық қабiлеттi меңгеруде өзiндiк психологиялық ерекшелiктерi болады. Демек бұлар да әлi де болса заттың сыртқы белгiлерiне, түсiне қызығушылық басым келедi. Методистер бұл жастағы оқушыларға өз бетiнше iздендiру мақсатындағы жұмыстарды берiп ойын түрлерiн творчествалық мәнде ұйымдастыру пайдалы екенiн атап көрсетедi.
Жоғары кезең оқушыларды әртүрлi творчествалық жұмыстар жасап үйренгендiктен, олардың бойында бiлiм алудың активтiформаларықалыптасып, дамиды. Олай болса, бұл кезеңдерде ойын түрлерi творчествалық мәнде, маөсатта жүргiзiледi.
Адамның психологиялық ерекшелiктерiне талдау жасағанда, танымдық қабiлетi оның жас ерекшелiгiне ғана емес, оның жеке басына да тiкелей байланысты болатындығын айтады. Сондықтан мұғалiм сабақта ойын түрлерiн пайдалануда осы мәселеге де көңiл аударуы қажет.
Бүгінгі күні елімізде 12 жылдық білім беруге көшу қызу пікірталас туғызуда,оқытудың жаңа жүйесіне көшу-әлемдік білім кеңістігіне енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе.12 жылдық оқу мерзімінде оқытуда жалпы орта білім беру мазмұнында қазіргі білім беру салалары сақталады: тіл мен әдебиет.
Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ.
Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім.Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен ойындырды барынша қолдануда.

Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың рөлі артады.Әрине 12 жылдық білім беру жағдайында ағылшын тілін оқыту әдістемесінің бірі ойын элементтерімен іс-әрекеттер арқылы оқыту.Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады.Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын,ынтасын арттыруында болып табылады.
Келешекте жаппай 12 жылдық білімге көшетіндіктен 12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасын алып қарасақ та оқытудың ойын технологиясына үлкен мән берілген. Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады.
Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденіпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері көп. Соның ішінде бастауыш және орта буын сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар т.б. Осылардың ішінде дидактикалық
мақсаттағы ойындардың оқыту үрдісінде оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады.
Ғалымдардың пікірінше ойын мақсатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Сөз формаларын бекітетін ойын түрлері.
2. Қимылдық ойындар.
3. Сөйлесу, әңгімелесу арқылы ұйымдастырылатын ойындар.

I БӨЛІМ. АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ ОЙЫННЫҢ МАҢЫЗЫ.
1.1. Ойын - баланың білім білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы
Ойын - баланың білім білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы.
Ағылшын тілі - қазақ елін әлемге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Сол себепті ағылшын тілін үйренудің маңызы зор. Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану оқушының тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану оқушының шет тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді. Балабақшада балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мудениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым - қатынасын, мінез- құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала - балалар ойыны.
Ойын - балалар өмірінің нәрі, яғни рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде , табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болап еді деп Чуковский бала денесінің дамуы мен ой- дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамзға белгілі, ойын арқалы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс ірекеттері.
С. Торайғыров Балалаықтың қанына ойын азық деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды- бейнелі, қимыл- қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Қимыл - қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар
қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әлемділігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті - ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала ойынның психологиялық мәнін және ойға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.
Адам іс - әрекетінің ерекше бір түрі - ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс- әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шыңдықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс - әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойының шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс - әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, денешынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, еркі арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді. Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады.
Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанашын немесе ренжісін, асқақ арманың, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес. Ойын мектеп жасына дейіңгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш- жігерін жатықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.
Ойын мен еңбектің бір біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог - ғылымдар жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын - жаман жұмыс сияқты деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбәр жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр- қайрат жұмсауды керек етеді. Белсенді іс- әрекет пен күш-жігер жұмсалған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойыннын да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті өңдірудің негізгі жолы екені айқын. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді
Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарыны ұштайды. Ойын үстінде бала бейне өмірдің өздегідей қуаныш, реніші сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді беген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай сөйтейік, бүйтіп көрейік деуі, олардың ойынды ойын деп түсінуінде жатыр.
Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Мысалы, дайындық сыныптарда сан санауға заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында түрлі ойындарды ойнатуға болады. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді.
Халық ойындарын сабақтарда пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы.
Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын - өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.
Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мұғалім сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.
Оқушылардың ойын кезіндегі белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты. Оқушылар ойындағы өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Ойын нәтижелерін есепке алу түрліше: әрбір дұрыс орындалған грамматикалық ойын үшін ұпай есептеу, әрбір ұтылыс үшін кем ұпай беріледі, оқушылар тақтаға жазылған тиісті команда бағанындағы сөз немесе сөз тіркестерін жазып отыру; ол сөздерді есепке ала отыру; қол көтеріп немесе тиісті орфограммалар жазылған карточкаларды
көтеру арқылы білімдерін анықтау; жаттығуға жіберілген уақытты есепке алу.
Ойын технологиялары педагогикалық технологиялардың aжырамас бөлігі болып табылады. Білім беру процесінде ойын технологияларын педагогикалық теория мен тәжірибеде қолдану мәселесі бұрыннан өзекті. Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин және т. б. ғалымдар ойын теориясын, оның әдіснамалық негіздерін, оның әлеуметтік табиғатын, педагогикадағы оқушының дамуындағы маңыздылығын зерттеді. Қазіргі таңда ойын технологиялары ұстаздар үшін үлкен қызығушылық тудырады. Ойынды ғылыми жіктеуге және оны қандай да бір толық тұжырымдамамен анықтауға бірнеше рет әрекет жасалды. Бірақ, қазіргі уақытта ойын мен адамзат мәдениеті арасындағы байланыстар ғылыми тұрғыдан анықталған. Ойынның балa мен ересек адамның дамуына тигізетін маңыздылығы, ойынның биологиялық табиғаты эмпирикалық түрде анықталып, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен бaйланысы белгіленді.
Ойын анықтамаларына келсек: Ойын -- бұл ішкі құбылысқа, имманентті тұлғаға тән психикалық мінез-құлықтың түрі (Д. Н. Узнадзе). Ойын -- баланың ішкі әлеуметтенуінің кеңістігі, әлеуметтік нұсқауларды игеру құралы (Л. С. Выготский). Ойын -- бұл тұлға қиялындағы еркіндік, орындалмайтын мүдделерді иллюзорлық іске асыру. Ойын -- бұл нақты анықталған және болжамды нәтижесі бар бір-бірінің артынан жалғасатын жасырын қосымша трансакциялар сериясы.
Ойын -- бұл өзін-өзі басқарудағы мінез-құлықты дамытатын және жетілдіретін, әлеуметтік тәжірибені қалпына келтіруге және игеруге бағытталған ахуал шарттарындағы қызмет түрі . Ойын технологиясы мектептегі жаста кеңінен қолданылады. Өйткені осы кезеңдегі жаста ойын жетекші әрекет болып табылады. Бала рөлдік ойынды үш жасында игереді, адами қарым-қатынастармен танысады, құбылыстардың сыртқы және ішкі жақтарын ажырата бастайды, алаңдаушылық пайда болып, қоршағaн ортаға бағдарлану басталады. Бала санасында қиялдау және символдық көріністер қалыптасып, бұл оған кейбір заттардың қасиеттерін басқаларына ауыстыруға мүмкіндік береді, өз сезімдерінде бағдар пайда болады және баланың ұжымдық іс-әрекетке және қарым-қатынасқа қатысуына мүмкіндік беретін мәдени көрініс дағдылары пайда бола бастайды. Ойын педагогикалық технологиялaры ұғымы әртүрлі педагогикалық ойындар түрінде педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің кең тобын қамтиды.
Жалпы педагогикалық ойынның қарапайым ойындардан айырмашылығы және маңызды ерекшелігіне оқытудың нақты мақсаты мен педагогикалық нәтижелерін негіздеуге, aйқын көрсетуге және танымдық бағдарларын сипаттауын жатқызамыз. Сабақтың ойын формасы балаларды оқу іс-әрекетіне ынталандыру құралы ретінде әрекет ететін ойын мотивациясымен жасалады. Сабaқтарда ойын әдістері мен жағдайларын жүзеге асыру келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: дидактикалық мақсат балаларға ойын тaпсырмасы түрінде қойылады; оқу әрекеті ойын ережелеріне бағынады; оқу материалы оның құралы ретінде қолданылады; оқу іс-әрекетіне дидактикалық тапсырманы ойынға аудaратын сайыс элементі енгізіледі; дидактикалық тапсырманы сәтті орындау ойын нәтижесімен байланысты. Оқу процесінде ойын технологиясының орны мен рөлі, ойын мен оқу элементтерінің үйлесуі көбінесе ұстаздың педагогикалық ойындар қызметі және жіктелуін түсінуіне байланысты.
Педaгогикалық процестің сипаты бойынша келесі топтарға бөлінеді: оқыту, жаттығу, бақылау және жалпылау; танымдық, тәрбиелік, дамытушылық; репродуктивті, өнімді, шығармашылық; коммуникативті, диагностикалық, психотехникалық және т. б. Ойын технологиясының мақсатына бірқатар мәселелерді шешу жатады: дидaктикалық (ой-өрісін кеңейту, танымдық іс-әрекет; практикалық іс-әрекетте қажетті белгілі бір икемдер мен дағдыларды қалыптастыру және т. б.); дамыту (зейін, есте сақтау, сөйлеу, ойлау, елестету, қиялдау, шығармашылық идеяларды дамыту, заңдылықтарды құру икемділігі, оңтайлы шешімдерді табу және т. б.); тәрбиелеу (дербестікке, ерік-жігерге тәрбиелеу, адамгершілік, эстетикалық және дүниетанымдық ұстанымдарды қалыптастыру, ынтымақтастық, ұжымшылдық, әдептілікке тәрбиелеу және т. б.); әлеуметтендіру (қоғамның нормалары мен құндылықтарына тарту; қоршаған орта жағдайларына бейімделу және т. б.) .

1.2. Оқушыларға ағылшын тілін үйретудегі ойынның тиімділігі

Оқытудағы негізгі мақсат -- сөйлей білуге, өз ойын айта білуге, жаза білуге үйрету. Сөйлей білуге машықтандыратын ұтымды әдістердің бірі - ойын. Ойындар сабақтың тиімділігін, шәкірт санасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады, сөйлеу қабілетінің даму әрекетін тездетеді. Ойынды өткізудің психо-дидактикалық талаптарын мұғалім естен шығармауы керек.
Сабақ үстінде оқушылар ойынды тапсырма ретінде қабылдайды. Бастауыш сынып әдістемесінде бала ойынына ерекше мән беріледі. Сабақ үстіндегі бейнелі ойын, қатысымдық әрекеті іс жүзінде ақиқатқа айналатын кезі көп.
Ағылшын тілі сабағында ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, халықтың салтын үйретуге, табиғат құбылысын танытуға, оқуылардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытуға болады.
Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады, ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттері қалыптасады. Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Сабақ үстінде ойын технологиясын қолданудың негізгі шарттары: ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады; оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады; оқу материалы ойын құрамы ретінде қолданылады; ойын нәтижесі бірден шығарылып отырылады.
Ағылшын тілін оқытуда ойын әдісі - балаларды еңбектенуге ынталандырудың және олардың ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттырудың тиімді әдістерінің бірі. Ағылшын тілін оқытудың соңғы дамуымен сабақтағы ойындардың рөлі әртүрлі аспектілерде талқыланды. Ойынға негізделген әдіс арқылы оқу мақсаттарына оңай қол жеткізіледі. Мұғалімнің нұсқаулығы бойынша оқушылар білім алып, қабілеттерін жетілдіре алады. Сонымен, ағылшын тілін оқытудағы ойын тәсілі де оқушылардың оқу қызығушылықтарын ояту және оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында ағылшын тілін оқытуда қолданылатын маңызды оқыту әдісі болып табылады.
Ойындарды оқытудың негізгі функциясын келесідей сипаттауға болады: оқушылардың оқуға қызығушылығын тиімді түрде ояту, оқушылардың интеллектінің дамуына ықпал ету және оқушылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық технологиялардың қолданылумен жасалған сабақтардың сараптамалары
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты туралы
Ағылшын тілін оқытудағы қазіргі заманғы әдістемесі
Ағылшын тілі сабағында қазіргі заманғы оқыту технологиясын қолданудың әдістері
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану мақсаты
Шетел тілін оқытудағы тәжірибелер
Шетел тілін оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялар. Инновациялық технологиялардың қолданылумен жасалған сабақтардың сараптамалары
Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру барысындағы грамматикалық өзгерістер
Ағылшын тілі сабақтарында оқу техникасын қалыптастыру жолдары
Пәндер