Семей полигонының зардабы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Пән:Ғылыми зерттеу негіздері
Тақырып: Семей полигонының зардабы

Орындаған:Сейдилда Гаухар
Топ:АТИ-201
Тексерген:Бостекова Айнур Рахметовна

Ақтөбе 2024
Жоспар:
Кіріспе
І. Семей полигоны туралы жалпы түсінік
Негізгі бөліМ
II. Семей ядролық полигонының алғашқы жүргізілуі
IІІ.Семей өңіріндегі халықтың денсаулығы және оларға көрсетілетін көмек
Қорытынды
ІV.Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.
Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды.
Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.
Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір мемлекет ішіндегі мемлекет еді.
КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды.
Тәуелсіз өз қолымызға тигесін қыруар "проблемалар нөсерінің" астында қалғанымыз белгілі. Солардың нағыз проблема тудырып отырғандардың бірі-экология тақырыбы. Адамдардың кінәсінен қоршаған ортаға талай қиянат жасалынып келеді. Олардың зардаптары әлемге әйгілі. Осы әлемге әйгілі зардаптың бірі "Семей полигоны" болып отыр.
Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшілік назарында болды. Шын мәнінде қазақ даласының 19млн.Га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған т.б. полигондары алып жатқан әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде 1949-1989 ж.ж аралығында болған ядролық сынақтардың 27-сі атмосферада, 183-і жер бетінде қалғаны жер астында жасалды. Енді Семей қаласындағы полигонға тоқталсақ. Семей талай жыл қазақ мәдениетінің орталығы болғанымен қазір күннен-күнге семіп, азып-тозып барады. Радиациядан зардап шеккен қайсыбір аудан тұрғындары Семейге ағыла көшіп кеп жан сауғалауда. Қымбатта болса да дәрі-дәрмектерді жұрт Семейден іздейді. Оған халі жетпей, аудандарда ит өлместің күнін кешкендердің саныда біршама баршылық.
Тағы бір ашындыратын жәй, облыстық экология және табиғи ресурстар басқармасының Өскеменге ауысып, ал Семей облысының экология басқармасының игі жұмыс бағдарламалары, ұзақ жылғы ізденістерінің бүгінде ешкімге ешқандай қажет болмай, аяқсыз қалғандығы. Бұл жер кешегі әскери-өнеркәсіптік кешенннің орталығы, атомның уын қақалғанша жұтқаны белгілі. Сондықтан экологиялық жағдай Өскеменнен гөрі Семейде аса өткір сезіледі. Облыстар біріктірілгенмен ондағы құрылымдардың қажетілігіне ешқандай талдау, сұрыптау болмады.Бәрі де құр дабырамен жүргізілді.[1]

Негізгі бөлім
Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшілік назарында болды. Шын мәнінде қазақ даласының 19млн.Га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған т.б. полигондары алып жатқан әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде 1949-1989 ж.ж аралығында болған ядролық сынақтардың 27-сі атмосферада, 183-і жер бетінде қалғаны жер астында жасалды. Енді Семей қаласындағы полигонға тоқталсақ. Семей талай жыл қазақ мәдениетінің орталығы болғанымен қазір күннен-күнге семіп, азып-тозып барады. Радиациядан зардап шеккен қайсыбір аудан тұрғындары Семейге ағыла көшіп кеп жан сауғалауда. Қымбатта болса да дәрі-дәрмектерді жұрт Семейден іздейді. Оған халі жетпей, аудандарда ит өлместің күнін кешкендердің саныда біршама баршылық.
Тағы бір ашындыратын жәй, облыстық экология және табиғи ресурстар басқармасының Өскеменге ауысып, ал Семей облысының экология басқармасының игі жұмыс бағдарламалары, ұзақ жылғы ізденістерінің бүгінде ешкімге ешқандай қажет болмай, аяқсыз қалғандығы. Бұл жер кешегі әскери-өнеркәсіптік кешенннің орталығы, атомның уын қақалғанша жұтқаны белгілі. Сондықтан экологиялық жағдай Өскеменнен гөрі Семейде аса өткір сезіледі. Облыстар біріктірілгенмен ондағы құрылымдардың қажетілігіне ешқандай талдау, сұрыптау болмады.Бәрі де құр дабырамен жүргізілді.
Біздің ойымызша 40 жылғы ядролық полгонның орталығы болған жерде толыққанды экологиялық басқарма болғаны жөн. Және ол Шығыс қазақстан облыстық экологиясының Семейдегі бөлімі болса да оның дұрыс жұмыс жасауына барлық жағдайды жасау керек. Алғаш рет Семейде 1949 жылдың 29 тамыз күні ауада атом бомбасы жарылып, бұл жер-көкті күңірентті. Мен ол кезде 12 жаста едім. Зәре-құтымыз қалған жоқ. Ал 1950-ші жылы бұл жерде сутегі бомбасы сыналды. Бұл бомба сыналған кезде бомба жасаушылар жер астында қазылған үңгірге тығылып, бақылап жатты. Сол жерлерді кейін көргенімде жердің беті диаметрі 35 километр мөлшерде күлге айналыпты. Не бір өскен өсімдік жоқ, тіпті бір түйір құмырсқа, қоңыз да жоқ сұмдық көрініс болды. Аттасаң табаныңның астынан қатты қабыршықтар бырт-бырт сынады. Әскерилер "Семей қаласына ешқандай зақым келген жоқ" деген желеу қоса айтылады. Бұл қате пікір. Себебі қала сутегі бомбасы сыналған жерге іргелес тұр. Осы бомба сыналғанда бұл жерден 600 километр қашықтықта тұрған Өскеменнен "сәулеленуге ұшырадық" деген айқай шыққанын талай рет естідік қой. Бірақ семейліктер де, өскен, өнген ата-бабаларының жері туралы неше түрлі сұмдықты көріп жүрседе "сабыр түбі сары алтын" алды мемлекетіміз бізді, полигон зардабын шеккендерді ұмытпас, қамқорлар деген сенімде, үмітте болды. Сондықтан бүкіл ел-жұрт өздері отырған мекенін тастап басқа жаққа босып кетпеді. Бұл миллионға жуық адамның ортақ пікіріне айналған шындық. Семей ядролық сынақ полигонның радиациялық эквиваленттер жиынтығы 42 мың Хиросимаға пара-пар екен.
Осы жұмыспен айналысып жүрген ғалымдар есебі бойынша, ауаға 6 290 000 000 кюрм радиация таратты. Енді сутегі бомбасының атасы А.Д. Сахаровтың ядролық және жарылыстардың тікелей зиянынан 6 млн адам жарық дүниемен қоштасқан. Әзірше көздері тірі кемтары мен радиациядан зардап-зала шеккендері одан асып түседі. "Семей" атауы "полигон" ұғымымен сабақтас-синоним есебінде туып, қалыптасуы 1947 жылдың 21 тамызы күнінен басталған. Сол күні КСРО үкімет атом зерттеу полигонын жасау жөнінде қаулы қабылдады. Құрылыстың қиын да күрделілігіне қарамастан, тым тығыз уақыт арасында жүзеге асып, алғашқы сынақтарға 1949 жылдың 6 шілдесінде дайын болды. Бас-аяғы 2 жылға жетпейтін уақытта өнеркәсіп кәсіпорындары, тұрғын үйлері, жер асты лабораториялары, ұшақтар ұшып қонатын тұрақтары, терең траншеялар, тіпті өз метросы бар жеке қала құрылысын бітіріп те үлгерді. Қазақтың ғылым мен техника прогресіне қатысты қасіретті эпопеясы 1949 жылдың 29 тамызында басталған.[2]
Жарылыс болатын жерге таяу әр түрлі арақайшылықтарға тәжірибе жасалатын малдар байланған. Кейбір тағамдар, манекенге кигізілген жауынгер киім-кешектер, жанар-жағар майлар да сынаққа түсті. Тек Семей полигонында әр түрлі мақсаттағы 467 жарылыс өткізілген. 1949-1961 жылдар аралығында 26-сы жер үстінде, 98-і әуеде сынаған. Дүние жүзі бойынша да алғаш сутегі бомбасы Семей жерінде 1953 жылы жарылған. Оның қуаты, Хиросима қасіретінен 25 есе асып түседі. Қару сынаушылар өз мақсаттарына жету үшін халықты неше түрлі айла-амалмен алдап баққан.[3]
Көптеген халықтың жалпылай радоиактивтік сәуле ауруына ұшырайтындығына, адам денсаулығы мен табғаттың зардап шегетіндігіне қарамастан, қару сынала берді. Мысалы, АҚШ жарылыстары Тынық мұқиты Эневитек, Бикини және Ронгелет атоллаларында, тұрғындар саны аз, өзі ірі орталықтан аулақ жерлерде жүргізген. Демек, аталмыш елдердің басты мақсаты-өз халқын қауіп-қатерден барынша сақтау. Ал КСРО мұндай "ұсақ-түйектерді" ескере бермеген. Бұл әрине, халықтың ашу-ызасына тимей қоймады. Ашулы жұртшылық өздерінің көкейіндегілерін шым-шымдап шығара бастады. Алғаш дауыс көтергендер экология және табиғатты қорғау жөніндегі Семей облыстық комитетінің мүшесі С.Дүйсенбаев пен облыстық аурухана хирургі Б.Э.Рейш болды. Олар КСРО Халық депутаттары парламентіне "Бірде-бір ядролық жарылыс болмасын" деген жанры ашық хатқа жақын материал жариялады. Онда былай делінген: "Біз 40 жыл бойы өткізілген жарылыстар нәтижесінде, әсіресе, олар ауада жүзеге асырылған 14 жыл аралығында Семей облысының тұрғындарына, негізінен полигон орналасқан жерлерде, адам денсаулығына, экологияға айтарлықтай зиян келтіргеніне, оның зардабы кейін туған ұрпақтар өмірінде де жалғасып келе жатқанына көз жеткіздік. Мәселен, 1989 жылдың 12 ақпанында жарылыс кезінде жердің қысымынан пайда болған радиоактивті газдың жарықтан өртке айналғаны атап өтілді. Комиссия бұл аймақ осы уақытқа дейін өздеріне келтірілген зиян үшін ешқандай компенсация алмағанын анықтады. Жаңа Семей ауданының Знаменка селосында болдық. Бұл село полигоннан 40 шақырым жерде орналасқан. Саны жағынан онша көп болмаса да, ондағы балалардың дене бітімі мен ойлау қабілеті жағынан өте артта қалғаны бірден көзге шалынады. "Аурухана өте нашар" деген сипаттағы мақала "Семей таңы" газетінің 1990 жылғы 13 ақпанындағы санында жарық көрген". "Полигон маңындағы 100 шақырым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы
Семей ядролық полигонының алғашқы жүргізілуі
Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы
Семей ядролық полигоны
Семей ядролық полигоны туралы
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері
Экология жəне табиғат қорғау мəселесі
Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі
Семей ядролық полигон сынақтарының зардабы
«Қазақстанның экологиялық мәселелері»
Пәндер