Түркі әлемі мен Ұлы Жібек жолының арасындағы сабақтастық


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ӘЛЬ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
«Философия және саясаттану» факультеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Түркі өркениеті және Ұлы Жібек жолы
Орындаған: Калдыбаева А. Е.
Тексерген: Ногайбаева М. С.
Алматы 2024
Жоспар
Кіріспе
- Түркілер өркениетінің пайда болуы
- Ұлы Жібек жолының тарихы мен қалыптасуы
- Түркі әлемі мен Ұлы Жібек жолының арасындағы сабақтастық
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Әлемдік ғылым кеңістігінде “ түркілік өркениет” ұғымы толығымен қалыптаспаған деп айту өте қиын. “Өркениет” ұғымының қалыптасуы өз бастауын 17 ғасырдың басында Еуропалық қоғамдық ғылымдардан алғанын ескерсек, тарих қойнауындағы “өркениет” туралы түсінік Батыс Еуропамен тікелей байланысты дүниеге келді. Сол кезеңде Еуропа әлемдік мәдениет пен өркениеттің негізін қалаушысы, жасаушысы, әлемді жаңартушысы рөлін атқарса, керісінше, еуропалықтардан тыс басқа халықтар мен олардың мекені жабайылық пен тұрпайылықтың, анайылық пен «мәдениетсіздіктің» көрінісі деп бағаланды. Осы тұрғыдан алғанда, 17-20 ғғ. зерттеушілер тарапынан адамзаттың өркениеттілік дамуы туралы ойлары, негізінен, Еуропамен, олардың тұрақты жазба мәдениетімен, яғни өркениеттің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын - мемлекет, жазудың дамуы, материалдық құндылық және осымен байланысты экономикалық қатынастар бірінші орынға қойылды.
Түркі әлемі - тарихтың сүрлеулі соқпағында әлемдік тарихқа, мәдениет пен өркениеттің дамып, бағыт алуына ерекше ықпал еткен, сөйтіп, мызғымас мәдениет пен өркениеттің тууына негіз болған бірегей әлем. Оның ықпалы мен әсерінің негізгі себебі мынада: түркі әлемі географиялық тұрғыдан Еуразия континентінің орталық бөлігінде орналасқандықтан Шығыс пен Батыс секілді екі ұлы мәдениетті тоғыстырған көпір қызметін атқарды. Көптеген зерттеушілер түркі әлемінің осы бір рөлін атап өтуде төмендегідей қағидаларды ескере бермейді : біріншіден, өзге мәдениеттердің түркі мәдениетіне деген сөзсіз ықпалы мен әсерін ескермейді. Ал, бұл дегеніміз, мәдениеттерді игеру мен алыс-беріске түсу дегенді білдіреді. Екіншіден, түркілердің өздері сол кездің өзінде жоғары дәрежелі мәдениет пен өркениетке ие болған. Олардың мәдениеті өз көршілерінің мәдениетіне ерекше ықпал еткен. Көптеген ұлы ғалымдардың пірікінше, түркі өркениеті көршілес өркениеттердің дамуы үшін бастапқы алғашарттарды да белгілеп отырған, бұдан, әрине, еуропа мәдениеті де қалыс емес.
Көне түркі өмірдің моральдық-өнегелілік жағын қарастыратын болсақ, түркілерде қарақшылық орын алмаған және оны опасыздық пен адам өлтірумен тең санаған. «түркілер не жағымпаздықты, не өтірікті, не екіжүзділікті, не жасандылықты, не жала жабуды, не жақындарына тәкәппарлықты, не серігіне жәбір көрсетуді білмеген, олар күпірлік кеселіне ұшырамаған, заңның әртүрлі түсіндірілуі сылтауынан мүлікті иемденбеген», - дейді әл-Джахиз.
Түркілердің басты тотемі - түркілердің тегі болып саналатын бөрі(қасқыр) . Түркі халықтарының барлығында, түркі халықтарының шығу тегі ортақ екенін көрсететін ұқсастық көрсететін халық дастандары сақталған. Мысалы, қырғыздарда «Манас», қазақтарда «Қобыланды батыр», якуттарда « Олонхо», балқарлықтарда «Нарты», және т. б.
Ұлы Жібек жолының тарихы мен қалыптасуы
Ұлы Жібек жолы - елдер мен алықтардың қатынасын нығайтқан, түрлі мәдениеттерді бір-бірімен жақындатқан, Қазақстан жеріндегі қала мәдениетіне ықпалын тигізген байланыс жолы болды. Шығыс пен Батыс елдерін байланыстыратын сауда жолының бағыты ретінде бекіту үшін «Жібек жолы» атауын 1877 жылы неміс ғалымы, географ Ф. Рихтгофен ұсынған болатын. Оның «Қытай» атты еңбегінде алғаш аталған бұл тарихи термин ғылыми әдебиеттерде қалыптасып кетті. Жолдың маңыздылығы мен мыңдаған шақырымды құрайтын қашықтығына байланысты «ұлы» сөзі қосылды.
Бұл түрлі бағыттағы керуен жолы еді. Б. з. б. ІІ ғасырда Қытай жерінен басталып, Жерорта теңізіне қарай шыққан. Ұлы Жібек жолының негізгі торабы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін басып өткен. Жетісу өңірі - Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын, ал Оңтүстік Қазақстан аймағы - Батысқа шығатын қақпаларының бірі болған. Бұл тақырыпта келтірілген картада айқын көрінеді. Шығыс пен Батысты ұштастырған бұл жолда Қазақстан мемлекеттерді өзара байланыстырушы буынға айналды. Бүкіл Еуразияға осы бағытпен білім мен технологиялар, мәдениет пен дін, тауар мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат тарады. Басты тауарлары жібек, араб арғымақтары, нефрит т. б. асыл тастар мен фарфор еді. Сауда дамыған сайын өнім өндіру тәсілдері артып, елдер ара- сында өтімді тауарлар: шарап, жоңышқа, кептірілген жеміс, кілем, тұрмыстық бұйымдар ағыла бастады. Мысалы, үйсін жері арқылы асыл тастар мен жібек, фарфор артылған қытайлықтардың ірі керуені өткен.
Жібек сауданың басты тауары саналды. Ғалымдардың пайымдауынша, жібек өндіру технологиясы осыдан 6000 жыл бұрын ашылған. Жібек маталарды адамдар ерте замандарда-ақ жоғары бағалаған. Жібек - жұқа, жеңіл, жұмсақ мата. Таза және табиғи болғандықтан, зарарсыздандыру қасиеті де бар. Жібек өндіруші елдер мен оны тұтынушылар жібектен тігілген киімге жәндіктердің жоламайтынын байқаған. Жібек киімдер әдемі және ыңғайлы, сәнді еді. Сондықтан жібек жасаудың құпиясы ғасырлар бойы қатаң сақталды. Қытайдан шығарылған маталар Ұлы Жібек жолы арқылы дүниежүзінің басқа аймақтарына таралып, қазынаға мол табыс әкелген. Қытайдан кейін жібек құрты Шығыс Түркістан, Орта Азия, Үндістан, Иран, Византия елдерінде өндіріле басталды.
Алтынмен бірге жібек халықаралық валютаға айналды, айырбас өлшемі ретінде бекітілді. Жібек сыйға тартылды, жалдамалы әскерлерге және қызметкерлерге ақы ретінде төленді. Ортағасырлық түркілердің аттарын жібекке айырбастап отырғаны белгілі.
Соғыс уақытында жол тораптарында сауда бәсеңдеп, бейбіт күндері қайта жанданып отырған. Ежелгі Қытай деректерінде б. з. б. І ғасырда жібек артылған керуендердің Батыс елдеріне жеткені айтылады. VI ғасырда қуатты Түрік қағанаты құрылған кезде Қытайдан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жері арқылы өтетін Жібек жолы тармағы барынша өркендеді.
Ұлы Жібек жолы тармақтарының Қазақстан қалалары арқылы өтуі мәдениет пен өнердің дамуына септігін тигізді. Саудамен қатар, Қытай, Алдыңғы Азия, Еділ Бұлғариясы т. б. елдермен дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатқан жол болды. Жібек жолы жаңа технологиялар мен жаңалықтар, мәдени, ғылыми жетістіктер алмасу жолы да еді. Қазақстан осы жол арқылы қағаз және оқ-дәрімен танысты. Бүкіл әлем соғыс арбаларын жасауды игерді, басқа да әскери өнер жаңалықтары тарады. Сақтардың «аң стиліндегі» алтын бұйымдарының таңғажайып үлгілері осы жол арқылы бүкіл әлемге паш етілді. Жібек жолымен Қазақстанға басқа елдердің сәулет құрылыстары, бейнелеу өнері, би, музыка сияқты мәдени ауысулары ағылып жатты. Жергілікті халық киім-кешек пен қару-жарақ, сауыт-сайман, дәмдеуіштер мен кептірілген жемістер сатып алды. Батыс пен Шығысты түйістіріп тұрған сауда жолымен христиан, буддизм, ислам, манихейлік діни ағымдар тарады. Қазақстан аумағын мекендеген халықтар ғасырлар бойы әртүрлі діндер мен конфессияларға төзімді және келісімді өмір сүріп келгені - ежелден келе жатқан дәстүр.
Түркі әлемі мен Ұлы Жібек жолының арасындағы сабақтастық
Қорытынды
Түркі әлемінің Ұлы Жібек жолымен табиғи байланысы негізінен, табиғи-географиялық, саяси-экономикалық және мәдени-интерактивтік факторларға сүйенеді. Түркілер ұзақ уақыт Ұлы Жібек жолы бойында жүргізілген сауда мен мәдени байланыстардың басты қолдаушысы, қатысушысы, әрі ұйымдастырушы ортағы (түркі тіліндегі «ортақ» деген сөзді сол дәуірлердегі барлық халықтар қолданған), яғни серіктесі болған. Түркі мемлекеттері мен империялары Ұлы Жібек жолының Транс-Еуразия коммуникация жүйесі ретінде қызмет атқаруында өзінің тарихи миссиясын абыроймен атқарып, бұл жолдың 2200 тарихында белгілі бір аймақтық шекараларда оны өз бақылауында ұстаған. Жібек жолы саясаты - түркі өркениеті мен саяси мәдениетінің іргелі құндылықтары арасында ерекше орын алады. Жібек жолы түркі дүниетанымының әмбебаптануына; ал түркілердің әскери-саяси дарыны Жібек жолының кеңейіп, гүлденуіне жол ашқан. Мыңжылдықтардың өркениет жады мен құндылықтарын өзінде сақтап қалған Ұлы Жібек жолы расында да, адамзаттың дамуында маңызды рөл атқарды. Аталмыш жол алыс-жақын елдер арасындағы тек тауар айырбасын ғана емес, сонымен қатар, жаңашыл технология, дін, ғылым және өнер саласында қол жеткізген жетістіктермен өзара алмасуды да қамтамасыз еткен. Әлемнің тарихы терең осынау транс- өркениет желісі тек Шығыс - Батыс бағытында ғана емес, сондай-ақ кері бағытта да сауда-саттықты жүзеге асырып, Еуропаның көптеген жаңалықтарын Шығыс елдеріне алып келген. Жалпы алғанда, Ұлы Жібек жолы жаңа дәуірге дейін әлем халықтары мен мемлекеттерінің экономикалық және мәдени интеграциясын жүзеге асырып, олардың өзара байланыстарындағы бай тәжірибесі арқылы бүгінгі жаһандану үдерісіне қатысуын негіздейтін тарихи-мәдени процестерді басынан өткерген. Ұлы Жібек жолы Шығысты Батысқа, ал Батысты Шығысқа ішкі мазмұны мен кұрылыс ерекшеліктеріне қарай жан-жақты танытқан. Осыған байланысты, екінші және үшінші мыңжылдықтарды тоғыстырған бүгінгі тарихи кезеңде жаһандану процестерінің аса қажетті амал-әрекеті ретінде Ұлы Жібек жолы идеясын заманауи технологиялық жетістіктер базасында қайта жаңғырту мүмкіншілігі туып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz