Қазақ тілмаштарды христиан дін үгітіне пайдалану


Тақырып: 1927 - 1942жж. аралығындағы қудаланған дін қызметкерлері мен жабылған мешіттер
І - бөлім 1927 - 1942жж. жауынгерлік атеизм мен дінге қарсы террордың салтанат құру кезеңі.
- 1927 - 1942 жж. Қазақстандағы Индустрияландыру және коллективтендіру жылдарында дін иелеріне қарсы күрестің әкімшілік жолмен жүргізіле бастауы.
- Қуғын - сүргінге ұшыраған дін қайраткерлері мен діни қызметкерлері
ІІ - бөлім Дінге қарсы қиянаттың халықтың ахуалына тигізген зардаптары
2. 1. 1927 - 1942 жж. діни ғимараттар мен мешіттердің жаппай жабылуы
2. 2. Діни террордың қоғамға тигізген әсері
І - бөлім 1927 - 1942жж. жауынгерлік атеизм мен дінге қарсы террордың салтанат құру кезеңі.
1927 - 1942 жж. Қазақстандағы Индустрияландыру және коллективтендіру жылдарында дін иелеріне қарсы күрестің әкімшілік жолмен жүргізіле бастауы.
1917 жылға дейін өмір сүрген Патша үкіметі Қазақстандағы исламға қарсы «шоқындыру» саясатын жүргізді. Өйткені, діні бір өзге ұлт өкілдері дін жолында бас біріктірері анық еді. Осыған орай, ислам дінін әлсірету және оны ұстанушы халықтар арасына іріткі салу әрекеті күн тәртібіне қойылды.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Серік Мәшімбаев орыстардың қазақтарды діни отарлау ісін зерттей келе: «Отарлаушылар ислам діні шын мәнінде ұлттық тұтастықты ұстап тұратын ғаламат күш екендігін түсінді. Дінсіздік - сананы мәңгүрттікке әкеліп, жат өркениетке бас игізіп, мәдени-рухани ассимиляцияға ұшыратып, надандыққа қалдырып, халықты ұлтсыздыққа душар ететін өте қауіпті дерт екенін жақсы білді. Міне, осыдан Ресейдің шоқындыру мен орыстандыру саясатын қалыптастырудағы басты мақсаты осындай болды», - дейді. 1
- Патша үкіметінің «шоқындыру» саясатының бірнеше этаптарын атап өтсек:
- Христиан дінін тарату үшін кітаптар шығару;
- Барлық бағытта миссионерлік жұмысты күшейту;
- Қазақ тілмаштарды христиан дін үгітіне пайдалану;
- Қазақтың беделді адамдарын христиан дініне тарту;
- Қазақ даласына қоныс аударған әрбір орыс шаруасын дін үгіттеуге міндеттеу;
- Христиан дінін уағыздау үсін күш қолданбай, бейбіт жүргізу;
- Христиан дінін қазақтар өздері қабылдап жатқандай, көрніс тудыру. 2
Осылайша Патша үкіметі Қазақ даласында «шоқындыру» саясатын күшейтіп, тіпті, патша үкіметінің саяси идеологиясын арқалаған арнайы татар молдалар мен «указный молдалар» арқылы өз мүдделерін іске асырып отырды. Кейбір өңірлерде «шоқындару» ісінде әскери күштер қолданылды.
Алайда, Патша үкіметінің жауыз пиғылын Алланың қалауымен 1905 жылғы орыс-жапон соғысы, 1914 жылғы І дүниежүзілік соғыс, 1917 жылы жеңіске жеткен Қазан төңкерісі жүзеге асыртпай тастады. Бірақ, қазақты шоқынудан құтқарған Кеңес үкіметі оның есесіне халықты ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан ислам дінінен алыстатып, дінсіздікке алып келді.
Қазан төңкерісіне дейін Патша үкіметінің жүргізген «шоқындыру» саясатының әсерінен көптеген дін қызметкерлері қуғынға ұшырады.
Кейбір құжат-деректерде былай делінеді: «Ресейдегі 1917 жылға дейінгі 360. 000 дін қызметкерлері елден қуылып, 40. 000-ы ғана қалды. Мешітке қаржы бөлу және дін қызметкерлерін мемлекет есебінен ұстау тоқтатылды. Қазақ революциялық комитетінің халыққа білім беру бөлімінің «діни мұғалімдерге еңбекақыны төлеуді тоқтату туралы хаты» шығып, діни оқу сабақтарына мемлекет есебінен ақша төлеу тоқтатылды». 3
Бұл дерекке сүйенсек, Қазақстандағы дін қызметкерлерінің басым бөлігі қуғынға ұшырағанымен, діни ағартушылықпен айналысқандар түп-тамырымен жоғалған жоқ. Патша үкіметі құлаған соң, Кеңес үкіметі жүргізген «құдайсыздық» саясатына қарсы шықандығы үшін түрлі жалалармен айыпталып, қуғынға ұшырап, бір бөлігі абақтыға жабылып, жаламен атылып жатты.
Патша үкіметі құлағаннан кейін Кеңес үкіметінің билігі толық орныққанға дейін биліктің мұсылманшылыққа көз-қарасын «төзімділік» деп атауға болады. Осы кезеңде халық арасында уағыз-насихат үдеп, дін басылары саяси билікке араласа бастады.
Алайда, комунистік билік толық орныққан соң, дінге қарсы күрес жаңа бағыттармен бастау алды. ХХ ғасырдың 30 жылдары Қазақстан-дағы мұсылмандық қозғалыс аяқталды. Діни тұлғалар, оның ішінде ишандар, хазіреттер, молдалар, сопылар қудалауға ұшырап, іске араласу құқығынан айрылды, саяси көзқарас білдіргендерге «халық жауы» деген ат беріліпі, қара тізімге ілініп, ату жазасына кесілді, кейбіреулері ұзақ мерзімді абақтыға жабылды, айдауға ұшырады. Жазықсыз жапа шеккен жалпы діни қызметкерлер кеңестік биліктің қыл-мыстық баптарымен айыпталды. , Кеңестік дәуірде қасірет шеккен, құғын-сүргін құрбандарына айналған қожа-молдаларымыздың, имам-ишандарымыздың, қажы-қазіреттеріміздің қилы тағдырына, қызыл тасборанда қыршын кеткен арыстарымыз жайлы ақиқатқа қанығу ұлт ғылымы үшін де, ұрпақ тәрбиесі үшін де аса қажет. БЕл ішінде діни сананы жойып, комунистік идеологияны сіңіру мақсатында үкімет «Дінге қарсы комиссияны» құрды. Большевиктік партия мешіттер мен медреселерді жауып, дін басыларын түрлі сылтаулармен қуғын-сүргінге ұшыратып отырды.
1920-30 жылдары кеңес билігі дін қызметкерлерін, діндарларды азаматтық құқық пен еркін ойшылдықтан ажыратты, қазақ қоғамына дін мен діни тұлғалардың ықпалын жойды. Дін қызметкерлерін қоғамға қауіп төндіретін топқа, қылмыскерлерге теңестірілді. Әсіресе көпшілік мойындаған ишандар, молдалар тергеуге алынды, жеке мүліктері тәркіленді. Сайлау хұқынан айырылып, тәркілеуге ұшыраған атақты ишандар мен хазіреттердің тізімі мұрағат құжаттарында зерттеу барысында анықталды. 1927 жылдың 15 қаңтарындағы «Аса кұпиялы» деген кұжатта дауыс беру құқығынан айрылған діни қайраткерлер мен ишандар мен молдалардың тізімі жасақталған. Дощанов Габдулла, Абаниев Алекар, Айлитов Жуздубай, Актанов Шулан, Бтимбаев Абдулла, Баламбетов Сулейман, Досмагулов Жуламан, Жамансарин Айнағул, Жакебаев Абдулла, Истлеуов Cагидулла, Кошмухамедов Мухаметдин, Кұлмағамбетов Айтхожа, Куйшубаев Мирман, Наурузгалиев Ибат, Ташкенов Баймагамбет, Таубаев Теммагамбет, Сеитгазыев Дощан. Имам-Хазіреттер Шагимарданов Абдулхаким, Нуртазин Абдрахман, Кошмухамедов Хайрулла, Изтлеуов Жантлеу, Уркенов Сулейман, Тлеубаев Сафаргалий, Жумагулов Сагидулла, Исангалиев Галим, Уразалин Уразмухамед, Тюрабаев Жумагалий, Абдуллин Бисан, Абдрахманов Хажгазы, Адиев Жумаш, Дюсенов Нурмухамед, Рахманкулов Мубарак, Саркулов Абдул-Карим, Абдрахманов Хажгазы, Умбетов Нурмухамед, Исембеков Курбан, Мухамедов Тагир, Хасанов Муллагазы, Байкадам Шакиратдин, Табажанов Сальмен, Жленалин Хусаин, Абдыров Ажекарий, Исказин Самбай, Сафин Заяляги және т. б. [3] . Құжаттың алғашқы тізімінде аса қауіпті, кеңес қоғамына зиян келтіреді, шет елдермен байланыстары бар. Қазақ ауылында белсенді, мәртебесі жоғары ишандар тұрса, одан кейін молдалар мен хазіреттер тізімге кірген. Негізінен бұл діни қызметкерлердің кейбірі кеңес үкіметі құрылмай тұрып қажылық сапарына барып, парызын өтеген тұлғалар болатын. Сондықтан көптеген діни қызметкерлер кеңес үкіметі құрылмай тұрған уақыттағы өмірі, қоғамдық қызметі зерделеніп НКВД-ң бақылауында болды. Жалпы мұрағат дерегінде Ақтөбе өңірі бойынша қудалауға ұшыраған жалпы сайлау хұқынан айырылған, және тәркілелеуге ұшыраған діни тұлғалардың саны бес жүзден артады. Сондықтан да, аталған дін қызметкерлердің қоғамдық қызметі мен тарихын зерттеуді қажет етеді.
Кеңес өкіметі кезінде қоғамдық өмірдегі исламның ықпалын әлсірету саясаты қорлау мен жәбірлеу, қарапайым халық пен дін өкілдерінің дәстүрлі құндылықтарын қорғау жолындағы талпынысы қатігездікпен, күшпен басып жанышталды. Атеистік саясатты орнықтыру жантүршігерлік зорлық-зомбылық тәсілдерімен жүргізілді, уақыптар жүйесін жою, мешіттерді тартып алып, басқа мекемелерге беру, медреселерді жабу, имамдар мен ишан, ахундарды репрессияға алу арқылы жүзеге асты. Діни кітаптар өртелді, тәркіленді. Медреселердің функциясы мал қораға, базарға, конторға т. б. ауыстырылды. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап тек мұсылман дін иелері ғана емес, сондай-ақ басқа да діннің өкілдері жаппай қуғын-сүргіннің қармағына ілікті. Әсіресе 37-ші жылдары дінге қарсылық сұмдық күшейіп кетті. Сол кездегі дін өкілдері қудалауға ұшырап, ату жазасына немесе түрмеге қамалды. Осы кезеңде діндарлар «тап жаулары», «халық жаулары», «қауіпті антисоветтік элемент», «зиянкес», «салықтан бас тартушы», «банды», «шайка», «басмашы», «бандит», «бүлікші», «ағылшын тыңшысы», «шпион», «контра», «саботаж», «кеңестік билікке қарсы үгіт-насихатшы», «діни әдебиет таратушы», «түрікшіл» (пантюркист), «исламшыл» (панисламист) және т. б. жапсырмалармен айыпталды. Қазақстанда мұсылман қауымына қарсы «Сопы операциясы», «Ишандар ісі», «Құран тізбегі», «Еділ-Орал операциясы» тәрізді арнайы ұйымдастырылған шаралар ұйымдастырылды. Кеңес өкіметіне қарсы ұйымдастырылған көтерілістерінің саны 380-ге жуықтайды. Осы бас көтерулердің бәрінің рухани көшбасшысы - діни ғұламалар, ишандар мен молдалар. Солардың ішіндегі 1929-30 жылдары болған «Созақ көтерілісі» ең маңызды құбылыс болатын. Оны Сұлтанбек Шолақов бастаған екен. Осы көтеріліске қатысқандар ақ кебін киіп, маңдайларына «Алла» деген жазуды жазып, жауға шауыпты. Ал Қазалыда болған көтерілісті Ақұдайлар деп атаған. Жалпы, дінге қарсы репрессия үш бағытта жүргізілген, яғни молда, ишан, дін ғұламаларын қуғындап, ал ал діни орындарды, мешіт, медресе, кесен, қорымдарды бұзып, басқа тұрмыстық мақсатқа берген. Үшінші, діни кітаптарды, қасиетті қолжазбаларды өртеп, тәркілеген. Түпкі мақсаттары халықты салт-санасынан, дінінен айырғысы келген. Бүгінгі жалпы саны дін құбылысына қатысты зардап шеккендер саны қолға түскен ақпараттар негізінде 20 000-35 000 деп болжанып отыр. Егер осы сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмысы жалғасын табар болса, дін құбылысына қатысты деректер ашыла түспек.
- Кеңес кезінде діни сенімдегі азаматтар сол кездегі жүйеге соншалықты қауіпті болған ба әлде басқалай да себептері болды ма?
- Әрине, қауіпті болған деп айтуға болады. Кеңестік жүйе атеизмге негізделді, сондықтан олар өздерінің құндылықтарын қорғау үшін, сақтау үшін күресті. Кеңес өкіметі өз мақсатын жүзеге асыру үшін оларды түгелдей жойып жіберуді жөн санады. Мұрағат деректеріне үңілсек, Кеңес билігінің жалпы ислам дініне деген көзқарасы біркелкі болмағанын байқайсың. Бір ұрпақтың өмірін қамтыған уақытта адамдардың жан-дүниесі өзгеріске ұшырап, сана тұрғысынан дүниетаным мен рухани қағиадалардың жаңа жүйесі пайда болып, орныға бастады. Бәрімізге белгілі нәрсе ислам діні ұлттың төл мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналған дін. Қазақтар бұны ата дініміз деген. Дінді қоғам ішіндегі қоғам, бірлестік ретінде қайта құрудың арнайы саяси мақсатта жасалғандығы әуелден ақ белгілі еді. Олар діни санасы мен мәдениеті өзгерген халықтың ертеңгі күні қалай болатындығын ойлаған жоқ. Бар ойлағандағы қоғамдық құрылысты өзгертіп, елді шикізат көзі ретінде ұстау қана болған. Патша заманында оның жүргізіп отырған саясатына қарамастан қазақ ауылдарындағы мешіттердің жанында ұлт руханияты, ғылыми бағыттағы пәндердің оқытылғанын ескеру қажет. Медреседен білім алып шығатын баланың елдің тарихын, басқа да құндылықтарын біліп шығуына діни тұлғалар тарапынан да қатты көңіл бөлінген. Кеңес билігі құрылған тұста ел ішіндегі медреселердің қызметін тоқтатудың осы үшін де қолға алынғанын ескерген дұрыс.
Төл мәдениетіміз бен дінге, рулық ұжымдық шаруашылыққа негізделген қазақтардың тұрмысының эволюциялық жолмен емес, революциялық өктемдікпен жүзеге асырылуы болмысымзға күнделікті қалыптасқан әдетімізге үлкен қиянат әкелді. Халықтың өзіндік болмысы тілі мен дінінде көрініс табатынын ескерсек, Кеңестік биліктің осы екеуінен айыру арқылы ұлттық идентификацияны жойып, жаңа ұлт жасауға тырысқанын байқар едік.
1922 жылы 28 сəуірдегі Нарком Мұқановтың мектепте діни сабақтарды тоқтатпай жүрген мұғалімдерді сотқа беріп, жұмыстан босату туралы қаулысы шықты [Пр. . 52-53с. ] . 4 Тексеру барысында «молдалардың кеңес балалары мен мектептерін басынып, миларын улап, «құдай сөзі Құранды» оқытып жатқан Қостанай қаласының 2 мұсылман мектебі анықталып, мұғалімдерінің ісі сотқа берілді [Пр . . . 57с. ] . 5
Комунистік биліктің бұл саясаты қазақ жерінде жүйеленген қазылық сотқа да түрпідей тиді. Деректерде: 1922 жылы Орта Азияда 220 қазилар соты болса, 1923 жылы - 85, 1924 жылы - 58, 1927 жылы - 9, 1928 жылғы 1 тамыздағы есеп бойынша Орта Азияда бірде-бір шариғат соты қалмаған. 6
1924 жылдан кейін медреселерде жаратылыстанымдық бағыттағы ғылыми пәндер мен батырлар жыры, билердің рухани мұраларын оқытуға біржолата тиым салынды. Сол кездегі қазақтың діни адамдарының көбісі шешен, өлең шығаратын ақын адамдар болған. Балаларға үйрететін батырлар жырын олардың барлығы тегістей білген. Іштерінде халық арасындағы ауызша деректерді жинаған адамдар көп кездеседі. Мәселен Торғай уездінің 2- ші ауданының Мұхтасибі Файзулла ишанға қатысты облыстық мұрағатта мынадай дерек кездесуде. Файзулла ишан жөнінде Губерниялық әкімшілік бөлімі былай деп жазған: «В Губ. Адм. Отдел поступило заявление от Мухтасиба 2-го района Тургайского Уезда Ишанова Файзуллы, в котором он просит разрешения на открытие Богословских курсов по подготовке мусульмански служителей культа. С получением сего предлогается разяснив указанному Мухтасибу, а так-же в дальнейшем разяснять всем лицам каковые будут обращаться к Вам по этому вопросу, что Богословские курсы допускаются только в больших городах не меньше Губернского, поэтому никаких богословских курсов как в самом Тургае, а так-же в волостях дпущено быть не может . . . » [1, 64-п. ] . Бұл хат Торғайдың әкімшілік басшысына жолданған.
1925-26 жылдары Ақтөбе губерниясының әкімшілік бөлімі тарапынан Торғай, Темір, Шалқар, Ырғыз уездерінің милицияларына діни тұлғалардың білім берудегі қызметін бір жола шектеу жөнінде құпия түрде хаттар жолданған. Соның ішінде «гербсалығын» төлемей отырған мешіттерді халықтан тартып алуға, үйде бала оқытып жатқан имамдарға тиісті шара қолдануға арнайы тапсырмалар берілген. «Өте құпия» деп жазылған осы хаттарда имамдармен қаттар білім алып жатқан балалардың да есімдері айтылған. Мәселен Темір уездінің Ембі болысында Құрман Дартаевтың үйінде имам Гайлмановтың, осы Ембі қаласының №7 ауылында ишан Алдияр Абасовтың, №3 ауылда Қапан Иманғалиннің, Ырғыз болысының Қызылжар ауылында Лепес Утепбаевтың қолдауымен молда Баймағанбет Жукуновтың, Шалқар уезінің Шолақжиде болысының №1 Балапан ауылында молда Амыранов Қуанышбайдың, сонымен қатар осы уездің Қарашоқат ауылында Нәби Қуанышбаевтың, Ақтөбе уездінің Қарақобда болысының №3 ауылында Қосмұхамедов Хайрулланың үйде бала оқытып жатқандығы жазылған. Бұдан да басқа кеңес үкіметінің талабын тыңдамай халыққа білім беруін жалғастырып жатқан діни адамдарға жедел түрде қатаң шара қолданып, оның есебін жіберу сұралған. Ишандардың бала оқыту қызметін шектеуге қатысты берілген тапсырмалар Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағатының 4 қорында сақтаулы.
Кеңес билігінің ұлттың дәстүрлі діні мен дәстүрлі емес діни ағымдардың, секталардың мәртебесін тең қылуы әрине, ақылға сымайтын нәрсе. Әр адам мешітке келіп құлшылық ету үшін үкіметке салық «төлеуі» де дін түгілі дәстүрге де қайшы еді. Қазақтар үшін ата-баба діні болып есептелген ислам діні әуелі халыққа, адамзатқа қызмет етуі керек. Дініміздегі бірқана садақа берудің өзі осы ұғымға келіп тіреледі. Қиындықтан өтуде ел болып күш біріктіру бәрінен де жоғары тұрды. Мұрағат қорларындағы жергілікті халықтың діни құндылықтарын шектеуге қатысты деректерден кеңес үкіметінің ауыл молдалары мен тұрғындардан ақшаны ашық талап еткендігін де байқаймыз. Деректерде: «Нач Тургайской Умилиции. Актюб. Губ. Админ. отдел при сем препровождает утвержденные уставы религиозных обшесть №1 аула и №4 Аула Каракугинской волости №1-2-3 Аула Каратургайской волости и №1 аула тусунской волости каковые вручить по принадлежности. Кроме того предложить указанным обшествам немедленно выслать в адм. Отдел денег по 11-ти руб. 1 руб. 06 коп. Каждому. Причем в дальнейшем при приеме материалов для отсылка в ГАО и одновременно взыскивать причитаюшиеся за регистрацию таковых сборы» -деп жазылан [1, 38-п. ] .
Қызылдар елдің рухани мәдениетімен қатар әлеуметтік жағдайын да жақсы білді. Бірақ халықтың қолында ақшаның жоқтығын біле тұра салық төлеу міндеттелген. 1924 жылы Ақтөбе губкомитетінің Торғай мен Шалқар өңірінің экономикалық және саяси ахуалына қатысты жүргізген құпия зерттеулеріне сүйенсек, сол кездегі өңір халқының әлеуметтік саяси портреті былайша сипатталған: «Тургайский уезд вообще страдал и страдает безденижвем, промышленности нет, рынка забыта нет, не толко в уезде, но и поблизости, для характера приведу прошлую налоговую компанию, которая отразилась на населений очен значительно, денег у населения не было, налог взимался в денежной форме и населению благодоря отдалености соседних рынков 400-500 верст вынуждено было вырасыват скот на местной Тургайской рынок, чтоб обменять его на деньги для уплату налога продавая или вернее отдавая скот даром.
Коровы доходили до 5-7 руб., лошады 10-12 руб., а бараны до 2-х рублей от ченои безусловно скотоводчское хозяйство сильно пострадало.
В настоящее время имеется часть недоимкои Един. Сель - Хоз. Налога около 1500 рублей, но эти недоимки ликвидировать скоро не возможно, по той простой причине, что у населения совершенно нет денег и нет рынка забыта, само население охотно старается уплатить эти недоимки «говоря» берите скот и денег нет, а наш налоговой аппарат не может принят в налог натурой . . . т. к. денег не только у населения ни и у торговцев, у нашей коперации и у самого финотдела нет . . . »[3. 1-п. ] . Қоғамның игіліктерін жою үшін жасалып отырған заңсыз әрекеттердің түбі неге алып келетінін кеңес билігіндегілер жақсы білді. Бірақ халықтың қолындағыны тартып алып, оның тыныс тіршілігіне қысым көрсетуді тоқтатқан жоқ. Керісінше саяси қуғын-сүргін шаралары жылма жыл ұлғайтылып отырған. Мешіттерді қайта тіркеу үшін талап етілген салықты халықтың басым бөлігі төлей алмады. Көбісі бұны әдепсіз ереже ретінде қабылдады. Большевиктер медреселердің есігін бекітіп тастағанымен, қазақ балаларын үйде оқытқан.
Ұлттың рухани дүниелері мен тұлғаларды қуғындаудың түбі қарсылыққа алып келетінін кеңес билігіндегілер жақсы білген. Кеңес билігі құрылған тұста ақ бұған қарсы дайындық шараларының жасырын түрде басталып кеткендігін ескеру қажет. Бұған дәлел ретінде Ақтөбе губерниялық әкімшілік бөлімінің сол кездегі бюджетіне қатысты деректерді айтумызға болады. Ақтөбе губерниялық әкімшілік бөлімінің бірқана 1927-28 жылға арналған бюджетіне жаңа қару түрлерін алу, сонымен қатар штат бойынша әскери құрамның 50 пайызын жаңа қарумен қамтамасы ету енгізілген. «Актюбинский Губернский Административный Отдел при сем представляет сведения требуемые циркуляром ЦАУ КССР от 14/ІІІ -с/г за №77 о потребном количестве Дрогунских винтовок, а также сведения об имеющимся вооружении на 1-е октября сего года.
Сведения о потребном количестве винтовок состовлены согласно штатов утвержденных и принятих по бюджету 1927/28 бюджетн. Год.
В виду того, что 27/28 б/году имеется возможность приобрести оружие нового образца на 50% потребного количества, ГАО просит возбудить ходатайство об отпуске выше указанного количества винтовок в текущем операционном году» деген мазмұндағы деректер де бар [4, 152-п. ] . Облыстық мұрағат қорларында жазалаушы отрядтарды қарумен қамтамасыз етуге байланысты деректер мол.
1927 жылы кеңес үкіметінің түрлі қысымына, содан туындап отырған қиыншылыққа қарамастан жер-жерлерде қазақтың діни тұлғалары кеңестер өткізген. Олар бастарына түскен қиындықтарға қарамастан халықтың рухани деңгейін сақтап қалуға барынша күш салған. 1927 жылы 25 қазанда Ақтөбе ОГПУ басшысының Ақтөбе әкімшілік бөлім басшысына жолдаған хатта Сары ишанның баласы Қожахметов Әбдіғаниды сырттай бақылауға тапсырма берілгендігін байқауға болады. Хатта «По имеющимся сведениям 23 июля с/года в гор. Иргизе Челкарского уезда прохдил 3-й с"езд. мухтасибата с повесткой дня следуюших вопросов:
1) Отчет мухтасибата Сатубалдина и выборы мухтасиата и 2-х мушавиров.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz