СӨЙЛЕМ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

«Қазақстандық Халықаралық Колледж» ЖШС

Бекеева Жансая Дулатқызы

СӨЙЛЕМ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ

Курстық жұмыс

Жетекші Жабаева Айдана Адильхасыновна

Тапсыру күні «__»2024 г.

Қорғау күні «__»2024 г.

Бағалау

Астана, 2024

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І БӨЛІМ. СӨЙЛЕМ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗГЕРУІН ҚАРАСТЫРУ . . . 4

1. 1 Трансформация . . . 4

1. 2 Лексикалық трансформация . . . 4

1. 3 Грамматикалық трансформация . . . 5

1. 4 Комплекстік трансформация . . . 6

1. 5 . Сөйлем құрылымын өзгертудегі туындайтын қиындықтар . . . 6

II БӨЛІМ. СӨЙЛЕМ ҚҰРЫЛЫМЫ ӨЗГЕРУІНІҢ МЫСАЛДАРЫ . . . 7

2. 1 «The Love Hypothesis» by Ali Hazelwood шығармасынан алынған үзінді . . . 7

2. 2 «The Best of me» by Nicholas Sparks кітабынан алынған үзінді . . . 8

2. 3 «The Best of me» by Nicholas Sparks туындысынан келтірілген мысал . . . 10

2. 4 «Герой нашего времени» Михаил Лермонтов кітабынан алынған мысал . . . 12

2. 5 «Капитанская дочка» Александр Сергеевич Пушкин шығармасынан алынған үзінді . . . . . . 13

2. 6 «Герой нашего времени» Михаил Лермонтов кітабынан алынған мысал . . . 16

2. 7 «Мастер и Маргарита» Михаил Булгаков туындысынан келтірілген мысал. . 17

2. 8 «The Best of me» by Nicholas Sparks шығармасынан алынған мысал . . . 19

2. 9 «Герой нашего времени» Михаил Лермонтов кітабынан алынған үзінді . . . 20

2. 10 «The Big Four» by Agatha Christie шығармасынан алынған үзінді . . . 21

2. 11«Мастер и Маргарита» Михаил Булгаков туындысынан келтірілген мысалдар . . . 23

2. 12 «The young Diana» by Marie Corelli шығармасынан алынған үзінді . . . 31

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 35

ҚОСЫМШАЛАР . . . 36

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі бұл аударманың дұрыс жеткізілуіне қол жеткізу үшін трансформация арқылы өзгерістердің орын алуы- қазіргі аударма теориясының басты және жиі қолданылатын әдісі болып қала береді.

Аударма кезінде сөйлем құрылымының өзгеруі, әдетте, сөзбе-сөз аударма арқылы аударманың эквиваленттілігін қамтамасыз ете алмауымен түсіндіріледі. Кез-келген тілдегі сөйлем оның лексикалық мазмұны мен грамматикалық формасының бірлігінде қабылданады.

Сонымен қатар, грамматикалық формасын ескермей, шет тіліндегі фразаны түсіну мүмкін емес. Тек шет тілін жетік білетін адам ғана шет тіліндегі мәтінді грамматикалық формалар мен синтаксистік құрылымдардың қызметі мен мағынасын ойланбастан қабылдай алады, өйткені ол мәтінді ана тілінде оқып, түсінеді. Шет тілін үйрену барысында грамматиканы меңгеру мәтінді түсіну үшін өте маңызды. Осы мәтінді меңгерудің бір амалы аударма жүзіндегі сөйлем құрылымын өзгерту болып табылады. Сөйлем құрылымын өзгерту - сөйлемге өзара байланыс беру үшін, сонымен қатар қосымша семантикалық жүктеме беру үшін қолданылады. Өзгерістер сөйлемдердің екінші тілде дұрыс естілуі мен оқылуын қамтамасыз етіп, сөйлемді жандандырады. Сондықтан, осы тақырып елеулі болып саналады.

Бұл курстық жұмысының мақсаты берілген тақырыпта сөйлем құрылымын өзгертудің бірнеше тәсілдері мен трансформация түрлерін қарастыру.

Аударманың дұрыс орындалуы жалпы білімге, контекстті қабылдауға және аудармашының шығармашылық талантына байланысты.

Аудармашының адекваттылыққа жетудегі негізгі міндеті-аударма тілінің тиісті нормаларын сақтай отырып, аударма мәтіні түпнұсқа мәтінінде қамтылған барлық ақпаратты мүмкіндігінше дәл жеткізуі үшін әртүрлі аударма трансформацияларын шебер қолдану болып табылады. Сонымен қатар, аудармашы өзінің кәсібилігін, басты мақсатын, яғни аударып жатқан тілдің аудиториясына аударманың мәнін жеткізу үшін сөйлем құрылымын өзгертумен айналысады, себебі әртүрлі тілдер иелерінің құндылық бағдарлары сәйкес келмеуі мүмкін. Әлбетте, бір тілден екінші тілге аудару кезінде екі түрлі мәдениет, қағидалар және салт-дәстүрлер ұшырасып қалуы мүмкін. Сондықтан да, аудару барысында сөзбе сөз аударудан басқа, мәнін жеткізу үшін өзгерістер де талап етіледі.

I БӨЛІМ. СӨЙЛЕМ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗГЕРУІН ҚАРАСТЫРУ

  1. Трансформация

Егер ағылшын тіліндегі сөйлемде қазақ тілінде ресми сәйкестігі жоқ қандай да бір грамматикалық құбылыс болса, аудармада басқа құралдар қолданылатыны түсінікті. Сондықтан аударуда, сөйлем құрылымының өзгеруі барысында трансформация түрлері қолданылады. Трансформация-бұл тілдік, сөйлеу және коммуникативті факторлардың әсерінен аударма процесінде мәжбүрлі өзгеріс болып табылады. Бірақ көбінесе аудармашылардың трансформацияға жүгінуінің басты себебі грамматикалық факторлар, яғни тілдер жүйесіндегі айырмашылықтар. Трансформация түрлері: лексикалық, грамматикалық және комплекстік (яғни лексика-грамматикалық) .

  1. Лексикалық трансформация

Әр тілге тән семантикалық құрылымдар бар және екі тілдің лексикалық құрамының толық сәйкес келуі мүмкін емес, бұл аударма кезінде ерекше қиындықтарға әкеледі. Бұл жағдайда аудармашының таптырмас көмекшісі лексикалық трансформациялар қолданылады. Лексикалық трансформацияға: транскрипция, транслитерация, қосу және түсіру (алып тастау), калькалау және лексикалық-семантикалық алмастырулар жатады.

Лексикалық трансформацияның Транскрипция мен транслитерация түрлеріне анықтама: транскрипция- бұл бір тілдегі сөз дыбысын аударма тіліне әріптер және шартты белгілер арқылы жеткізу.

Мысалы: Tracy ['treısı] . Ал транслитерация дегеніміз бастапқы тілдегі жазудың әріптерін екіншісінің тілдің әріптерімен жеткізудің қатаң әдісі. Мысалы: Wensleydale-Уэнслидейл.

Қосу- бұл түпнұсқада жоқ, алайда аударма кезінде керек болған қосымша сөздерді пайдалану болып табылады.

Мысалы: the palm courts-пальма ағашы өсірілген саяжайлары. Palm-пальма, court-аула деп аударылатынын білеміз, бірақ аудармашы сөз қосу арқылы сөз тіркесін жақсырақ жеткізді.

Түсіру(алып тастау) - аудару барысында мәнге нұқсан келтірмеу үшін белгілі бір сөздерді алып тастаудан тұрады.

Мысалы: «The treaty was pronounced null and void» «Халықаралық шарт жарамсыз деп танылды» бұл жерде ағылшын тілінде берілген “жұптық синоним” бір сөзге айналады себебі бір мағаналы сөздің қайталануы керек емес және бұл аударма нұсқасы оқырмандар үшін жақсырақ және адекватты жеткізіледі.

Калькалау-бұл түпнұсқаның бастапқы лексикалық бірлігінің құрамдас бөліктерін (сөздегі морфемалар немесе тұрақты тіркестердегі сөздер) олардың лексикалық сәйкестіктерімен алмастыру үшін және түпнұсқаның бастапқы мәнін жеткізу үшін қолданылады.

Мысалы: White house-ақ үй, house of culture- мәдениет үйі.

Лексика-семантикалық алмастырулар дегеніміз-түпнұсқаның лексикалық бірліктері аударма тілінің бастапқы тілінің бірліктерімен семантикалық тұрғыдан сәйкес келмейтін, бірақ белгілі бір логикалық қайта құру арқылы жасалатын тәсіл.

Мысалы: ағылшын сөзі meal әртүрлі сөйлеу стилинде кең қолданылады, ал қазақ тіліндегі неғұрлым нақты сөзбен ауыстырылады: At seven o’clock an excellent meal was in the dining room. - Сағат 7 де асханада керемет ас берілді.

  1. Грамматикалық трансформация

Грамматикалық трансформациялар деп бастапқы мәтінді аудару кезінде пайда болатын және нәтижесінде түпнұсқа тіл сөйлемдерінің құрылымы аударма тілінің нормаларына сәйкес өзгеретін түрлендірулер түсініледі. Грамматикалық трансформациясына: сөзбе сөз аударма, біріктіру, тарату, грамматикалық алмастырулар(сөз формалары, сөйлеу бөліктері немесе сөйлем мүшелері) жатады.

Грамматикалық трансформацияның Сөзбе-сөз аудармасы-бұл әр сөздің бастапқы дәйектілікпен немесе синонимдік, ұқсас және оған жақын мағынамен тасымалдануы мен транскрипциясын қамтитын ойларды ұсынудың нақты әдісі. Мысалы: Moskow-Мәскеу, Florida-Флорида.

Тарату әдісі - бұл әдісте бір сөйлем екі немесе одан да көп сөйлемдерге бөлінеді. Осы тәсіл грамматикалық (синтаксистік жағынан қиын болса) және прагматикалық (идиомалар мен мақал-мәтелдердің аудармасымен қиындық туса) сөйлемдерде қолданылады.

Мысалы: The annual surveys of the Labour Government were not discussed with the workers at any stage, but only with the employers. Еңбек Үкіметінің жыл сайынғы сауалнамалары ешбір кезеңде жұмысшылармен талқыланбаған. Бұл тек жұмыс берушілермен талқыланды.

Бұл тәсілге қарама-қарсы- “біріктіру” болып табылады. Бірнеше жай сөйлемдерді бір күрделі сөйлем ретінде көрсетуді мақсат ететін бұл тәсіл-синтаксистік немесе стилистикалық жағынан айырмашылықтар байқалған кезде қолданылады. Мысалы: That was а long time ago. It seemed like fifty years ago. Бұл он бес жыл өткендей, баяғыда болды.

Грамматикалық алмастырулар-тұпнұсқаның грамматикалық бірлігін аударма тілінің басқа грамматикалық мағыналарымен өзгерту тәсілін айтады. Ағылшын тілінен қазақ тіліне мәтінді аудару барысында етістік шақтары қызметінің үйлеспеуі орын алады.

Мысалы, ағылшындардың тағам әзірлеу мәзірін жазу барысында императив формасы қолданылса, қазақ тілінде ауыспалы келер шақ түрінде беріледі: Bake the buns till light golden. Бөлке нан қызғыш түс пайда болғанша пісіріледі.

  1. Комплекстік (лексика-грамматикалық) трансформация

Комплекстік трансформация бұл әр түрлі трансформациялардың жиынтығы, онда аударма мәтінінің алынған ұсынысы түпнұсқа мәтіннің жалпы идеясын жеткізеді, бірақ сәйкестік бірліктерін бастапқы сөйлемнің компоненттеріне нақты баламалар ретінде бөлу қиын. Комплекстік трансформациясына: антонимдік аударма, экспликация және компенсация жатады.

Антонимдік аударма-түпнұсқадағы болымды сөйлемді аудармадағы болымсыз сөйлемге немесе керісінше лексикалық бірлікті ауыстыруды көздейтін лексикалық-грамматикалық трансформацияның түрі болып табылады.

Мысалы: Keep off the grass -Гүл еккен жермен жүруге болмайды.

Экспликация- егер аударма кезінде бастапқы тілдің сөзі немесе сөйлемі сыйымды баламамен берілмесе қолданылады.

Мысалы: Earworm (досл. ағылш. "құлақ құрты") - сіздің еркіңізге қарсы ойға оралатын әуен немесе ән.

Компенсация-бұл аудармашы бастапқы тілдің кез-келген сөзін немесе сөйлемін аудара алмай жатқан жағдайда басқа өзгертулер арқылы “компенсациялауда” қолданатын әдіс.

Мысалы: “He is at school” “Ол мектепте оқиды”.

  1. Сөйлем құрылымын өзгертудегі туындайтын қиындықтар

Сөйлем құрылымының өзгертудегі басты қиындық- осы өзгерістер барысында әртүрлі техникалар мен трансформациялардың дұрыс қолданбауы болып саналады. Онымен қоса, жұмыстың мақсаты орындалмауы мүмкін, яғни: аудармада қажет болып табылатын құрылымдық түрлендіру модельдерін зерттеу және осы негізде оның сәйкестігін қамтамасыз етудің, аудармада мәтінді қайта құрылымдау бойынша ұсыныстарды тұжырымдаудың орындалмау мүмкіндігі пайда бола алады. Әрине трансформациялардың дұрыс қолданылуымен қатар аударма маманы шығармашылық талантын іске қосу қажет.

II БӨЛІМ. СӨЙЛЕМ ҚҰРЫЛЫМЫ ӨЗГЕРУІНІҢ МЫСАЛДАРЫ

2. 1 «The Love Hypothesis» by Ali Hazelwood (шығармасынан алынған үзінді) :

Берілген үзіндіде лексикалық және комплекстік трансформация түрлерінің қолданылуы және өзгерістердің орын алуы қарастырылады:

Sadly, he seemed taken with his laptop. "Bye, Tom. It was nice to meet you. Have a safe trip home. " "Likewise, " he said, not even glancing at her. "I had lots of int She'd suspected it was too weak, but she'd been stupid and she'd sent the report anyway. Stupid, stupid, stupid. She should have beefed it up.

Өкінішке орай, Том өз ноутбугымен әлек болған сияқты. “Саубол Том. Сенімен танысқаныма қуаныштымын. Үйге аман-есен жет. ” “Мен де қуаныштымын, сен де абай бол”, деп Том оған тіпті қарамай-ақ жауап қайтарды. Ол есептеменің жақсы жазылмағаны жайлы болжаса да, ақылы аспағандықтан бәрібір де есептемені жіберді. Бұл ақымақтық, ақымақтық, ақымақтық. Әрине оған мұны күшейту керек еді.

Түсініктеме:

Біріншіден, “taken with his laptop” сөйлемі “бір нәрсеге қатты ғашық болды” дегенді білдіреді, яғни Том үшін сол кезде ноутбук маңызды болған, алайда қазақ тіліне мұны дұрыс жеткізу мақсатында бұл сөйлем “Том ноутбукпен әлек болды” деп аударылды.

Екіншіден, комплекстік трансформацияның антонимдік аударма тәсілі орын алды, яғни “she had been stupid” сөйлемі “ақылы аспағандықтан деп аударылды”. Бастапқы мәтіннің өзгермейтін мазмұнын сақтау мақсатында аудару барысында болымды сөйлем болымсыз сөйлемге ауыстырылды, себебі “ақылсыз” деп аудару оқырмандар үшін сәйкес емес немесе дұрыс емес естіледі.

Үшіншіден, “Likewise” сөзінің қазақ тілінде тура аудармасы жоқ болғандықтан лексикалық трансформацияның қосу тәсілі қолданылды және Томның жауабы оқырмандар үшін қолайлы және дұрыс болуы үшін бұл сөздің аудармасы толық жауап ретінде көрсетілді, яғни “Мен де қуаныштымын, сен де абай бол” деп аударылды. Мұндағы “да де” шылаулары күшейткіш мағынаны үстеп тұрып, Том да Оливке сол нәрсені тілейтінін айқындайды.

Төртіншіден, “She should have beefed it up” сөйлемі “ Әрине оған мұны күшейту керек еді” деп саркастикалық түрде аударылуға тырысты.

The most important thing now was to avoid crying until she was…. His gaze finally slid up to meet hers. Her heart detonated. It absolutely exploded with joy in her chest, and Olive felt a violent wave of happiness, pride, and relief all wash over her.

Қазір ең басты нәрсе көңілге берілмеу, әйтпесе ол…Том ақыры басын көтеріп, Оливтің көздеріне тура қарау үшін оған көз тастады. Оның жүрегі аттай тулады. Бұл оның жүрегінде қуаныш ойнатты және Олив бақыттың, мақтаныштың және жеңілдіктің дүрбелең толқынына бөленгенін сезді.

Түсініктеме:

Біріншіден, “avoid crying” сөз тіркесінің орнына “көңілге берілмеу” тіркесі қолданды, себебі контекст бойынша орынды, мағынасын да сақтайды, ал оның орнына “жыламауға тырысу” сөз тіркесі тым сөзбе сөз аударма ретінде естіледі, бұл эквиваленттілікке жетуге кедергі жасайды.

Екіншіден, “His gaze finally slid up to meet hers” сөйлемін аудару қиындық туғызды, себебі қазақ тілінде мұндай мағынадағы сөздер жоқ, алайда “Том ақыры басын көтеріп, Оливтің көздеріне тура қарау үшін оған көз тастады” деп аударылды, мұнда Том және Олив аттарын қосуға тура келді, өйткені оқырмандар кімдер жайлы айтылып жатқанын ұқпауы мүмкін. Сонымен қатар, қазақ тілінде жынысты анықтайтын есімдік жоқ болғандықтан кейіпкерлердің аттарын жазу дұрыс болып саналады және олардың аттарының қосылуы лексика-грамматикалық трансформацияның компенсация тәсілі болып табылады.

Үшіншіден, “her heart detonated” деген сөйлемде сөзбе сөз аудармамен “жүрегі жарылды” деп шығушы еді, алайда бұл эквиваленттікке қарсы болғандықтан бұл сөйлемге қазақ тілінен альтернатива табылып “жүрегі аттай тулады” деп аударылды, яғни тез дүрсілдеді дегенді білдіреді.

Төртіншіден, “exploded with joy” сөйлемін де сөзбе сөз аударуға болмайды, себебі “қуаныштан жарылды” деп айту дұрыс емес естіледі, оның орнына “бұл жүрегінде қуаныш ойнатты” деген сөйлеммен аударылды.

2. 2 «The Best of me» by Nicholas Sparks (кітабынан алынған үзінді) :

Аударма барысындағы өзгерістер мен үш трансформация түрлерінің қолданылуы:

After landing in Charlotte, Dawson flung his duffel bag and suit over his shoulder and walked through the terminal, barely registering the activity around him as he sifted through memories of his final summer with Amanda. They swore little would change after she left; either he’d drive to Durham or she’d come back to visit. Amanda had no doubt that they’d find a way to somehow make it work.

Шарлоттаға қонғаннан кейін, Доусон спорттық сөмкесін иығына сүйеп, қасындағы қарбаласқа мән бермей Амандамен өткізген соңғы жаз жайлы естеліктерге беріліп терминалдан өтті. Олар Аманданың кетуінен кейін өзгерістердің орын алуы екіталай болатынына сөз берді: Доусон Даремге аттанады немесе Аманда Доусонға келіп кетеді. Аманда мұны іске асыру үшін қандай да бір шешім таба алатындарына күмәні болмады.

Түсініктеме: Берілген сөйлемдерді аудара отырып, кейбір өзгерістер байқалды.

Біріншіден, бастапқы ағылшын тілінде берілген “sifted through memories” сөз тіркесіне қазақ тілінде сәйкес аудармасы болмағандықтан “естеліктерге берілу” деген сөз тіркесі қолданылды, бұл лексикалық трансформацияға жататын лексика-семантикалық алмастыру болып табылады. Лексика-семантикалық алмастыру бастапқы тілдегі және аударма тіліндегі сөз тіркестерінің мағынасы тек ішінара сәйкес келген кезде қолданылады. Бұл жағдайда аудармашының міндеті-бастапқы мәтіннің мағынасын жеткізу үшін осы контексте мүмкіндігінше қолайлы болатын нұсқаны таңдау.

Екіншіден, “either he’d drive to Durham or she’d come back to visit” берілген сөйлемде he / she есімдіктері қолданылған, алайда қазақ тілінде жынысты айқындайтын есімдік жоқ, яғни бұл сөйлемді аудару барысында “ол” есімдігін қолдану дұрыс емес, себебі әрекетті кім жасап жатқаны түсініксіз. Сондықтан, комплекстік трансформацияның компесация әдісінің арұасында аудару кезінде “ол” есімдігінің орнына басты кейіпкерлердің аттары (Аманда және Доусон) қойылды, бұл оқырмандарды шатасудан құтқарады.

Үшіншіден, грамматикалық трансформация орын алды, яғни сөйлем құрылымының тәртібі ауысты. Байқай алатындай, қазақ тілінде етістік көбінесе сөйлемнің соңында тұрады.

Her parents, however, had other plans. On a Saturday morning in August, a little more than a week before she was supposed to leave for Durham, they cornered her before she was able to escape the house. Her mom did all the talking, though she knew her father stood firmly in agreement.

“This has gone on long enough, ” her mother began, and in a voice that was surprisingly calm, she told Amanda that if she continued to see Dawson, she would have to move out of the house in September and start paying her own bills, and they wouldn’t pay for her to attend college, either.

Алайда Аманданың ата-анасының қалағаны басқа еді. Тамыздың сенбі таңында Дурхамға аттануға бір аптадай қалғанда, олар Аманданың үйден қашуына жол бермей, оны қыспаққа алды. Барлық әңгімелерді анасы жүргізсе де, Аманда әкесінің анасымен толықтай келісетінін білді. “Бұл ұзақ уақыт бойы жалғасты” деп таңғаларлықтай тыныш дауыспен анасы Амандаға Доусонмен кездесуді жалғастырса, Қыркүйекте үйден көшуге және шоттарды өзі төлеуіне тура келетінін және ата-анасы колледжде оқуы үшін де төлемейтінін айтты.

Түсініктеме:

Біріншіден, қазақ тілінде жынысты айқындайтын есімдік болмағандықтан, берілген сөйлемдерге қай кейіпкердің ата-анасы жайлы айтылып жатқаны түсінікті болу үшін кейіпкердің аты қосылды, себебі “ол” есімдігімен оқырмандарда сұрақтар туындауы мүмкін, бұл комплекстік трансформациясының компенсация әдісі болып табылады.

Екіншіден, Лексикалық трансформацияның транслитерация әдісі қала атауымен байланысты іске асырылды: “Durham” сөзі транслитерация арқылы қазақ тіліне алфавиттік тасымалдаудың арқасында “Дурхам” деп аударылды.

Үшіншіден, грамматикалық трансформация бар, яғни грамматикалық трансформациялар, ең алдымен, сөйлемді қайта құру (оның құрылымын өзгерту) орын алды.

Төртіншіден, лексика-семантикалық алмастырулар қолданылды, контекст арқылы қазақ тілінде жоқ сөз тіркестерінің орнына тілде бар және мағынасы бойынша сәйкес сөз тіркестері қойылды: “Her parents, however, had other plans. “ мұнда басты идея ата-анасының ойларынша және қалағаны бойынша басқаша болу керек еді дегенді білдіреді, сондықтан “қалағандары басқа еді” деген сөйлем қосылды, сонымен қатар “attend college” деген тіркесті “колледжде оқу” деп аударылды, себебі аударма тілде бұл дұрысырақ мағынаны жеткізеді.

2. 3 «The Best of me» by Nicholas Sparks (туындысынан келтірілген мысал) :

Лексикалық және грамматикалық трансформациялардың аудару барысында іске асырылуы:

He passed through downtown and crossed the bridge that spanned the confluence of Greens Creek and Smith Creek. As a boy, when trying to avoid his family, he’d often sit near the bridge, watching the sailboats and imagining the faraway harbors they might have visited and the places he one day wanted to go. He slowed the car, as captivated by the view as he’d once been.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көмекші мектеп оқушыларының сөйлем құрау дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік негіздері
Грамматика
Аударма кезіндегі сөйлем құрылымын түгелдей өзгерту
Балаларға арналған мәтіндердегі жай сөйлемдер құрылымының лингвостатистикалық сипаты
Толымсыз сөйлемдердің қолданылуы
Ауызша мәтін артикуляциясы
Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы
Тілдер типологиясының негізгі ұғымдары
Тіл мен ойлау
Тілдің таңбалық, құрылымдық және жүйелілік сипаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz