ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
«Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ
Иген Әнел Ерсәнқызы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ
«5В050900-Қаржы» мамандығы бойынша
Нұр-Сұлтан, 2024
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
«Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ
«Қорғауға» жіберілді
"Қаржы" кафедрасының меңгерушісі.
э. ғ. д., профессор Насырова Г. А.
«» 202__ ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ»
«5В050900-Қаржы» мамандығы бойынша
Орындады: Иген Әнел Ерсәнқызы
Ғылыми жетекші
Ғылыми дәрежесі, атағы А. Ж. Т.
(мысалы, э. ғ. д., профессор,
немесе э. ғ. к., доцент немесе PhD)
Нұр-Сұлтан, 2024
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Факультеті
Мамандығы
Кафедра
«Бекітемін»
«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі
э. ғ. д., профессор Насырова Г. А.
Хаттама № « » 20 ж.
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға
ТАПСЫРМА
Студент Иген Әнел Ерсәнқызы
курс, топ, мамандық, оқыту нысаны
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыруды талдау және оның басымдықтары»
Университет ректорының бұйрығымен бекітілген «___»___20___ж. №
2. Білім алушылардың аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі «_ »20__ж.
3. Жұмысқа бастапқы деректер (заңдар, әдеби көздер, мемлекеттік басшылардың ресми құжаттары)
4. Дипломдық жұмыста (жобада) әзірлеуге жататын сұрақтар тізбесі
5. Графикалық материалдар тізбесі (кестелер, диаграммалар және т. б. )
6. Ұсынылатын негізгі әдебиеттер тізімі
7. Жұмыс бойынша консультациялар (оларға қатысты жұмыс бөлімдерін көрсете отырып)
8. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау кестесі
Тапсырманың берілген күні «» 20___ж.
Ғылыми жетекші
қолы, А. Ж. Т., ғылыми атағы, дәрежесі
Тапсырманы қабылдады: студент
қолы А. Ж. Т.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Ауыл шаруашылығын қаржыландырудың заңнамалық аспектілері . . . 9
1. 2 Мал шаруашылығы саласын қаржыландыру мақсатында мемлекеттік қолдаулар . . . 13
1. 3 Өсімдік шаруашылығы саласын қаржыландыру мақсатында мемлекеттік қолдаулар . . . 18
1. 4 Балық аулау, омарта шаруашылығы саласын қаржыландыру мақсатында мемлекеттік қолдаулар . . . 22
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2. 1 Орталық және Солтүстік Қазақстан аймақтарында ауыл шаруашылығын қаржыландыру жағдайын талдау . . . 25
2. 2 Оңтүстік Қазақстан аймағындағы ауыл шаруашылығын қаржыландыру жағдайын талдау . . . 33
2. 3 Шығыс Қазақстан аймағындағы ауыл шаруашылығын қаржыландыру жағдайын талдау . . . 40
2. 4 Батыс Қазақстан аймағындағы ауыл шаруашылығын қаржыландыру жағдайын талдау . . . 47
3. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫН АНЫҚТАУ
3. 1 Ауыл шаруашылық экономикасы дамыған елдердің тәжірибелері . . . 54
3. 2 Ауыл шаруашылық саласында қаржылай - экономикалық тиімді ұсыныстар . . . 61
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 67
ҚОСЫМША (-ЛАР) . . . 69
КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1. Агроөнеркәсіптік кешен және оның қаржы жүйесі
1. 2. Аграрлық саланы қаржыландырудың заңнамалық негіздері
1. 3. Ауыл шаруашылығын қаржыландырудың негізгі көздері
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДЫҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ
2. 1. Коммерциялық банктердің қатысуымен агоөнеркәсіптік кешенді экономикалық қолдау операциялары
2. 2. Қазақстандағы аграрлық сектордың қаржыландыру нәтижелеріне аймақтық - экономикалық талдау жүргізу
2. 3. Ауыл шаруашылығы экономикасы қарқынды дамыған елдердің тәжірибелерін талдау
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ
3. 1. Қазақстанның ауыл шаруашылығын қаржыландырудың басым бағыттары
3. 2. Аграрлық саланың экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әлемдік нарықтық экономикада аса маңызды орын алатын салалардың бірі - ауыл шаруашылығы саласы. Біздің елімізде де ауыл шаруашылығы - ұлттық экономиканың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты - Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу болуы керектігін айтты. [1]
Егер осы агроөнеркәсіптік саланы дамытуды басты назарға алып, қарқынды жұмыс атқаратын болсақ, ең алдымен еліміздегі азық-түлік мәселесін тұрақты түрде қамтамасыз ету, ауыл-аймақтардағы жұмыссыздық деңгейін азайту сынды ішкі нарықтағы біршама проблемаларды реттей алар едік. Екіншіден макродеңгейде сыртқа экспортқа өнімдер шығарып, әлемдік экономикада өз орнымызды айқындауға зор мүмкіндік бар. Неге ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті жоғары әрі мүмкіндік көбірек? Еліміздің ұлан - байтақ кең жер көлемі, игерілмей жатқан қаншама алқаптар ең басты артықшылық деп есептеймін. Статистика бойынша Қазақстан жан басына шаққанда жайылымның көлемінен - бесінші, егістіктің аумағынан - екінші орын алады. Мемлекетіміздегі аз ғана халық санын осындай аумағы орасан зор жерден алуға болатын экологиялық таза өнімдермен, азық-түлікпен қамтамасыз ете алмауымыз экономикалық негізгі проблема. Жоғарыда мемлекет басшысы қойған стратегиялық мақсатқа жету бүкіл халықтық идеалогия болуы шарт.
Бүгінгі елдегі жағдайға анализ жасай отырып, ерекше мәнге ие бағыттарды белгілеуге болады. Мысалы, аграрлық саланы одан әрі сапалы дамыту үшін ескірген, амортизацияға ұшыраған техника мен құрал - жабдықтарды ауыстыру, қазіргі заманауи ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу арқылы өнімділік деңгейін арттыру қажет.
Сонымен қатар, өндірілген өнімді тасымалдауға жұмсалатын шығындарды мүмкіндігінше қысқарту мақсатында сол елді-мекендердің өзінде өнімдерді қайта өңдеу, қызмет көрсету және сауда-саттық интеграциялық процестерді жүзеге асыру қажет. Бұл бір елді-мекендегі өзара тиімді экономикалық қатынастарды орнатуға оң әсерін берері сөзсіз.
Аграрлық сектордың экономикалық құрылымындағы тағы бір мәселе - жеке шағын шаруашылықтардың көп болуана байланысты нарықта ауыл шаруашылығының өндірісінде ұсақ тауарлардың үлесі басым. Мәселен, ет пен сүт өндірушілердің басым бөлігі жеке шағын шаруа қожалықтары. Жеке шаруалар өнімділікті арттыратын заманауи техникаларды, құралдарды сатып алуға қаржылай мүмкіндіктері жетпейді. Бұл өз кезегінде тауар сапасының төмендеуіне және техникалық ресурстардың жетіспеушілігінен өнімділіктің аз болуына себеп болады, отандық өнімнің импортпен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне әкеледі. Менің ойымша бұл мәселенің шешімі ретінде шағын шаруашылықтарды өнімдерін өткізу, сақтау, қайта өңдеу бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру арқылы шешуге болады. Егер жеке шаруашылықтарды бір орталыққа біріктірсек оларды макродеңгейде қаржыландыру, несиелендіру мәселелері де оңтайлы шешімін табар еді.
Бұл зерттеудің өзектілігі осы стратегиялық мақсат негізінде ауыл шаруашылығы саласының ең басты дамушы күші қаржыландыру жүйесін талдау және тиімді қаржыландыру әдістерін ұсыну болып табылады. Ең алдымен жалпы агроөнеркәсіптік кешен, оның экономикалық құрылымы, қаржы жүйесінің ғылыми - теориялық аспектілері туралы толық баяндалады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыстың мақсаты Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру нәтижелерін бағалау, шетелдік тәжірбиелерге талдау жүргізу және тиімді қаржыландыру бойынша әдіснамалық негіздер мен практикалық ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыста келесі міндеттер қойылды және шешілді:
- АӨК қаржы жүйесі және қаржыландыру мәнін, функциялары мен рөлін ашу және оның құндық бағалау ерекшеліктерін анықтау;
- Аграрлық саланы қаржыландырудың заңнамалық-нормативтік және әдіснамалық базасына талдау жүргізу;
- Ауыл шаруашылығын қаржыландыру нәтижелері мен динамикасын талдау. Оның қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларын сипаттау;
- Ауыл шаруашылығы экономикасы қарқынды дамыған елдердің тәжірибелерін талдау;
- Агроөнеркәсіп саласының экономикалық тиімділігін арттыру, кешенді әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
- Қазақстандағы ауыл шаруашылығын қаржыландыру көздері мен басымдықтарын анықтау;
Зерттеу объектісі болып Қазақстанның барлық аймақтарындағы мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, омарта, балық аулау шаруашылықтарының экономикалық жүйесі табылады.
Зерттеу пәні болып Қазақстанның ауыл шаруашылығы н қаржыландырудың ғылыми - теориялық аспектілері, мемлекеттік реттеу мен экономикалық қатынастар табылады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі ретінде отандық және шетелдік аграрлық экономика саласындағы ғалымдардың ғылыми еңбектері, заңнамалық, құқықтық - нормативті актілер, ауыл шаруашылығын нарықтық экономикада мемлекеттік реттеу бойынша ҚР Үкіметінің қаулылары пайдаланылады. Ақпараттық негіз ретінде ҚР ауыл шаруашлығы министрлігінің, ҚР статистика агенттігінің материалдары қолданылады. Зерттеу барысында статистикалық, монографиялық, математикалық және басқа да экономикалық талдау әдістері қолданылады.
Қойылған міндеттерді шешу үшін автор ЗМО (зияткерлік меншік обьектісінің) маркетинг және менеджмент, бағалау қызметі және құқықтық қорғау саласындағы отандық және шетелдік мамандардың еңбектерін пайдаланды: Азгальдова Г. Г., Алдошина В. В., Алексеева C. B., Андреева Г. И., Афанасьева М. П., Барабашева А. Г., Блохина A. A., Борохович JI. H., Бромберга Г. В., Волынец-Руссета Э. Я., Герчиковой И. Н., Голубкова Е. П., Гришаева С. П., Конова Ю. П., Ломакиной О. Б., Лынника Н. В., Мельникова В. М., Минкова A. M., Мокрышева В. В., Мухопада В. И., Новосельцева О. В., Ноздревой Р. Б., Орловой Н. С., Петрова И. А., Рожкова И. Я., Санникова А. Г., Соловьевой Г. М., Чернова В. А., Аакера Д., Бенеттона Л., Дойля П., Друкера П., Дункан Т., Дэвиса С., Котлера Ф., Мерфи Дж., Портера М., Мориарти С. және басқалары.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы зерттеудің қойылған мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес анықталған. Дипломдық жұмыстың кіріспеден, үш тараудан, тұжырымдар мен ұсыныстардан, пайдаланылған әдебиеттердің библиографиялық тізімінен тұрады.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1. Агроөнеркәсіптік кешен және оның қаржы жүйесі
Аграрлық өндірістік кешендер (АӨК) - ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, тарату, алмастыру және тұтыну тұрғысынан, бір-бірімен экономикалық тығыз байланысты халық шаруашылық саласының жиынтығы. Аграрлық өндірістік кешендер - ауыл шаруашылығы және онымен қатар ауылшаруашылық техникаларды, ауылшаруашылық өнімдерді және оны өңдейтін және жүзеге асыратын экономика саласының көп салалы ішкі жүйесі.
Аграрлық өндірістік кешендер (АӨК) құрамын мыналар құрайды:
- өндірістің шеңбері алғашқы және ақырғы өнімді (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және өнімді өңдейтін өндірістер саласы) ;
- қорды құру саласы (аграрлық өндірістік кешендердің барлық салаласында еңбек құралын және мамандарды
дайындайтын жүйенің өндірістік шеңбері) ;
- аграрлық өндірістік кешендердің өндірістік инфрақұрылымы;
- пұлды және ақшалы айналымның жүйесі, ақпараттық қамтамасыз ету.
1-сурет. Аграрлық өндірістік кешендер құрамы
АӨК құрамының ең басты саласы - ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы алғашқы өнімді беру процесі арқылы АӨК-нің экономикалық үдерісі бастау алады. Бүгінгі нарықтық экономикалық жағдайда Қазақстанның аграрлық саясатының басым бағыттарының бірі оның ауыл шаруашылығын үздіксіз дамыту болып табылады. Қарастырылып отырған проблеманың өзектілігі экономикалық тұрақты жəне әлеуметтік дамыған ауылдық аумақтар мемлекеттің тұрақтылығының, азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі болып табылады. Ауыл шаруашылығы саласын тұрақты дамыту ұлттық жəне өңірлік саясаттың басым бағыты болуы тиіс.
Еліміздің ауылшаруашылығы екі саланы - өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын қамтиды. Бұлар да бірнеше тармаққа бөлінеді. Мысалы, мал шаруашылығын айтар болсақ, ет және сүт өндіруге немесе асыл тұқым өсіруге бағытталуы мүмкін. Айырмашылық өнім түрлеріне, пайдаланылатын техника мен өндіріс құралдарына қатысты болуы мүмкін. Өз кезегінде ауыл шарушылық саласы ірі екі шаруашылыққа және қосымша тағы бір шаруашылыққа жіктеледі:
- Мал шаруашылығы
- Өсімдік шаруашылығы
- Омарта, балық аулау, орман шаруашылықтары
Ауыл шаруашылығы секторында өзіндік басым рөлі бар, мал өнімдерін өндіру және мал өсірумен айналысатын ірі сала - мал шаруашылығы. Бұл сала халықты азық - түлікпен, ет, май, сүт өнімдерімен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен яғни тері, жүн материалдармен және өсімдік шаруашылығына тиімділікті арттыратын тыңайтқыштармен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығының қалдықтарынан яғни ет-сүйектерінен медицина саласына қажетті емдік дәрі-дәрмектер, биологиялық белсенді заттар алынады. Мал шаруашылығы салаларына ірі қара өсіру, қой, жылқы, ешкі, түйе, шошқа, құс шаруашылықтары жатады.
Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1, 3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады. Сүт өндіру бағытындағы ірі қара өсіру көбінесе қала маңы мен халық тығыз қоныстанған аудандарда дамыған. Әсіресе Еуропа мен Солтүстік Американың орман зонасында орналасқан елдерде жақсы жолға қойылған. Сүт өндіруден АҚШ, Ресей, Үндістан, Бразилия және Батыс Еуропа елдері ерекше көзге түседі. [2]
Қой шаруашылығы ет - жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Дүниежүзі бойынша қой саны 1, 2 млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел - Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам) . Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады. Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының басты саласының бірі. Қойдан күнделікті тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі және тағамдық өнімдер - ет, май, сүт алынады. Халық шаруашылығында қой жүнінің алатын орны ерекше. [3]
Жылқы шаруашылығы бағалы азық-түліктік ет пен сүт өңдірумен қатар өнеркәсіпке - тері, қыл, ауыл шаруашылығы жұмыстарына - күш-көлік береді, жылқы қанынан емдік вакцина, сарысу, гамма-глобулин жөне қой мен сиырдың төлділігін арттыратын буаз бие қанының сарысуын дайындайды. Кең байтақ жайылымы бар Қазақстанның көптеген аудандарында жылқы шаруашылығымен айналысу тиімді.
Қазақстанда жылқы шаруашылығы асыл тұқымды жылқы өсіру, ет, сүт өндіру, спортта пайдалану бағыттарында дамуда. Асыл тұқымды жылқы өсірумен арнайы мемлекеттік жылқы зауыттарымен қатар, соңғы уақытта жеке азаматтар мен шаруашылықтар да айналысады. Қазақстан жағдайында табиғи жайылым отын мейлінше толық пайдалануға негізделген ет, сүт өндіру бағытындағы жылқы шаруашылығын дамыту мүмкіншілігі зор. Осы ретте жекелеген аймақтардың табиғи жақсы бейімделген етті-сүтті бағытағы көшім, мүғалжар атты жаңа жылқы тұқымдары мен қазақы жылқының таза етті бағыттағы жабы атты жаңа түрі шығарылды. Соңғы кезде жылқы саны Қазақстанда қайтадан көбеюде. [4]
- Қазіргі таңда барлық сиырдың 87, 3%-ы жеке меншікте, 6, 2%-ы шаруа қожалықтарында, 6, 5%-ы мемлекеттік ауыл шаруашылығы мекемелерінде жинақталған.
- қой мен ешкі түліктері бойынша 80, 2% жеке меншікте; 12, 3% шаруа қожалықтарында және 7, 5%-ға мемлекеттік ауыл шаруашылығы мекемелерінде.
- жылқы түлігі бойынша 83, 8% жеке меншікте; 10, 6% шаруа қожалықтарында және 5, 6%-ға мемлекеттік ауыл шаруашылығы мекемелерінде,
- түйе түлігі бойынша 75, 7% жеке меншікте; 11, 3% шаруа қожалықтарында және 13, 0%-ға мемлекеттік меншікке кіреді.
Ауыл шаруашылығы мекемелерінің шаруа қожалықтарына бөлінуінің артықшылығы ретінде 2000 жылдан бастап жеке және шаруа қожалықтарында орынсыз мал шығынына жол берілмеуі нәтижесінде соңғы 3 - 4 жылда түлік түрлері бойынша мал санының орташа өсімі 3 - 10%-ға, ет, сүт өнімдерін өндіру 3 - 6, 5%-ға тұрақты артып келеді. [5]
Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығыныңның халықты азық-түлікпен, мал шаруашылығын жем-шөппен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін маңызды саласы. Мал шаруашылығымен тығыз байланысты. Өсімдік өсіруге егіншілік, шабындық, орман шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, жеміс-жидек шаруашылығы, әсемдік бақ өсіру және жабайы жеміс-жидек, саңырауқұлақ, дәрілік, т. б. пайдалы өсімдіктерді жинау шаруашылықтары жатады. Екінші жағынан өсімдік өсіру - ауыл шаруашылығы өсімдіктері түсімін молайту, өнім сапасын жақсарту, қаржы мен еңбекті аз жұмсап, көп өнім алу мәселелерін зерттейді.
Елімізде дәнді дақылдар егісінің әртараптандырылуы жүріп жатыр. Айталық, бидайдың үлесі 85, 4%-дан 74%-ға дейін төмендеп кетті, есесіне арпа (8-ден 12, 4%-ға дейін), жүгері (0, 6-дан 1, 1%-ға дейін), бұршақ дақылд ары (0, 5-тен 1, 4%-ға дейін) өсті. Майлы дақылдар, негізінен күнбағыс өсіру азайды, бірақ, майлы зығыр өндірісі керісінше, өсуде. Жалпылай алғанда, өсімдік шаруашылығында өнім өндірісі қарқын алып келеді. Мәселен, бұршақ, қант қызылшасы, күріш, мақта, рапс, мақсары, жүзім, жеміс-жидек көлемі артты.
Астық экспортындағы көшбасшылыққа ұн-жарма өнеркәсібі өнімдері мен майлы дақылдар тұқымдарын өндірудің жақсы көрсеткіштеріне қарамастан, ішкі нарықта белгілі бір өнімдер бойынша тапшылық әлі де бар. Нақты айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерінің арасында жеміс-жидек пен құс етіне сұранысты қамтамасыз ете алмай отырмыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz