ТӨЛЕН ӘБДІКҰЛЫ ШЫҒАРМА МӘТІНІНДЕГІ ТІЛДІК ІЗДЕНІСТЕР
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: ТӨЛЕН ӘБДІКҰЛЫ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ .
ТОБЫ: ҚТӘ 13 СПО
ОРЫНДАҒАН: ҚАЙРОЛЛАЕВА АСЕМ
ТЕКСЕРГЕН: МОЛДАБАЕВА ЗУХРА
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Т.ӘБДІКҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АВТОР КОНЦЕПЦИЯСЫ
1.1. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ АВТОР ТАБИҒАТЫНА ҚАТЫСТЫ КАТЕГОРИЯЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-8
1.2. ТӨЛЕН ӘБДІКҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АВТОРЛЫҚ ИДЕЯЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9-12
1.3. ТӨЛЕН ӘБДІКҰЛЫ ШЫҒАРМА МӘТІНІНДЕГІ ТІЛДІК ІЗДЕНІСТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13-15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16-18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 19
КІРІСПЕ
Төлен Әбдікұлы - қазақ әдебиетіне 60-70-жылдары келген жазушы.Жазушының шығармалары адамгершілікке, ізгілікке, мейірімге, еңбексүйгіштік сынды қасиеттерге арналған. Т.Әбдікұлы тұлғаның екіге бөлінуі сынды психологиялық мәселені де қозғаған. Оң қол, Парасат майданы, Тозақ оттары жымыңдайды атты шығармаларында тұлғаның екі ойда болуы, екі тұлғада өмір сүруі көрініс табады. Тұлғаның екіге жарылуы туралы жазылған шығармаларынан соң, автор біраз сынға да ұшыраған. Автордың Әке, Ақиқат повестері мен Қайырсыз жұма, Бассүйек, Жат перзент сынды әңгімелеріндегі жалғыздық философиясының мәтіндегі көрінісі мен идеясы анықталады.
Автордың тұлғаның екіге жарылуы құбылысы 1970-жылдары жазылған Оң қол әңгімесінде көрініс тапты. Әңгіме жарыққа шыға салысымен сындарға ұшырап, бірақ кейіннен өзінің оң бағасын алды. Сол кезден бастап Төлен Әбдікұлы шығармаларының көркемдік ерекшелігі, ұлттық құндылықтары зерттелді.Төлен Әбдікұлы - қазіргі оқырман қауымның ұсыныс қамтамасыз етіп жүрген бірден бір жазушы. Халықтың сұранысындағы автордың жазу стилін, оқырманға ұсыну жолдарын, мәтінді құрастыру ерекшелігін ашып көрсету - бұл жұмыстың негізгі мақсаты. Қазіргі таңда өзекті талқыланып жүрген жазушының өзіне тән ерекшеліктерін ашуымыздың өзі бұл тақырыптың өзекті тақырыптардың біріекенін айқындауда. Т.Әбдіков прозасындағы баяндау тәсілі мен стилі, Т.Әбдікұлы шығармаларының мәтініндегі тілдік ізденістер, Көркем шығармадағы автор табиғатына қатыстытеориялар, Т.Әбдікұлының шығармаларындағы авторлық идеялардың көрінісі,Автор-мәтін-оқырман, Оқырман түрлері мен оқырман назары деген тақырыптарға топтастырылған жұмыс нақты дәлелдермен бекітілген.
Т.ӘБДІКҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АВТОР КОНЦЕПЦИЯСЫ
1.1 Көркем шығармадағы автор табиғатына қатысты теориялар
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы, Сонда да солардың бар таңдамасы, - деп қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өлеңге қойылар талапты жіліктеп жатпай, бір ауыз сөзге сыйдырып кеткені анық.Өлең - сөз өнерінің бір бөлшегі. Сөз өнері - өнерлердің ішіндегі мағына мен мазмұнды қамтитын өнер түрі болғандықтан, әр жазушы мен ақын бұл үлестен алып қалғысы келеді. Бұл дұрыс-ақ. Әдебиеті мен тарихи дамымаған елдің алға қарай жылжуы неғайбыл. Кез келген оқиға шығармаға айналмаса, көзден таса қалып қалатынын қайтесін?! Шығарма көркем тілде жазылмаса, тағы да өз оқырманын таппайды. Бұл жерде шығарманың әдеби тілде жазылуы шарт емес, адамның әдемі дүниеге ғашықтығынан туған қажеттілік. Шығармалар жазылады, сонымен бірге зерттеуді қажет етеді. Осы уақытқа дейін әдебиет әр қырынан зерттелді. Поэзияның поэтикалық ерекшелігі, прозаның көркемдік ерекшелігі және т.б. көркемдіктің, былайша айтқанда теория, тарих, сын аясында зерттеліп, сүбелі еңбектер жарық көрді. Батыс ғалымдары әдебиетті зерттеуде көш ілгері жүрді. Ең алғаш әдебиетті Аристотель бастап зерттегені белгілі. Аристотельдің Поэтика атты еңбегінде әдебиет теориясына қатысты негізді қалыптастырды. Көркем шығарма, оқырман, автор арасындағы байланыс алғашқы рет Аристотельдің еңбектерінде зерттелді. Кейіннен Б.С.Мейлах Ой-шығарма-қабылдау, А.М.Левидов Қаламгер-образ-оқырман, У.Эко Қаламгер-мәтін-оқырман, В.В.Молчанов Ой-көркем шығарма-оқырман, В.Г.Благова Қаламгер-мәтін-оқырман деген концепцияларды өрістеп дамыды.
Автор мен қабылдаушы, автор-көркем шығарма-оқушы мәселелері кеңестік дәуірде КСРО Ғылым академиясының Әлем мәдениеті тарихы Ғылым кеңесінің жанынан құрылған Көркем шығармашылықты кешенді зерттеу комиссиясы (төрағасы академик Б.С.Мейлах) тарапынан зерттеліп, жарияланған ұжымдық еңбектерде, өнер мен әдебиеттің мәні мен қызметі жөнінде ой толғаған Л.Н.Толстой, Г.В.Плеханов, ғалымдар А.Н.Веселовский, А.А.Потебня, В.В. Жирмунский, В.В.Виноградов, М.М.Бахтин, Л.С.Выготский, Б.С.Мейлах, М.Б.Храпченко, В.В.Прозоров, Ю.М.Лотман, А.М.Левидов, Д.С.Лихачев, А.Ф.Лосев, Ю.Я.Барабаш, М.Л.Гаспаров, Ю.Б.Борев, В.Е.Хализев, В.Агеев, Ю.И.Минералов, О.А.Кривцун, Л.А.Новиков, батыс ғалымдары А.Б.Лорд, Р.Барт, П.Рикердің еңбектерінде, сондай-ақ КСРО Ғылым академиясының А.М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институты жыл сайын жариялап отырған Контекст жинағында қарастырылады.
Қаламгер мен автор, оқырман, көркем мәтін мен шығарманың ұқсастығы мен айырмашылығын көбінесе айыра алмай, шатасып жатамыз. Автор дегеніміз - өнер туындыларын дүниеге әкелуші тұлға болса, қаламгер - автор сөзінің әдебилендірілген нұсқасы. Ал енді көркем мәтін мен шығарманың ара жігін ажыратып көрейік. Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын бәрі - шығарма.Шығармаға эсседен басталып, романға дейін жалғасатын өнімдер жатады. Көркем шығарма деп әдебиеттің көркемдікке қойылатын талаптарына (образ, сюжет, композиция, мазмұн, пішін, идея, т.б.) сақтай отырып жазылған шығарма. Көркем шығармаға тек қана әдебиетке қатысты шығармаларды (поэзия мен проза өнімдері) айтамыз. Осыдан шығарманың жалпылама атау, көркем мәтін шығарманың құрамдас бөлігі екені айқындалды. Оқырманға келер болсақ, ол - шығарманың өмірін жалғастырушы. Көркем мәтін, оқырман, автор арасындағы айырмашылықтар айырылып алынғандықтан соң, олардың арасындағы байланыс өз кезегімен жалғасып дамиды.
Қаламгер - туындыны дүниеге әкелуші болса, оқырман - оның өмір сүруін жалғастыратын тұлға. Ал көркем шығарманы әдебиеттану ғылымы мәтін ретінде қарастыратындықтан, мәтін - қаламгер мен оқырманның арасындағы көпір. В.В.Савельева: Көркем мәтін - шығармашылықтың сырлы нәтижесі; талқылаудың және саралаудың нысаны; қаламгер мен оқырманның дүниеге деген өзіндік көзқарасының нәтижесі; ол белгілі бір мәдениеттанудың феномены; лингвистикалық санаты; сублимацияның нәтижесі және невропатологияның куәлігінің айғағы; архетипиялық әлемі; психологиялық нақтылық, - деп көркем мәтіннің табиғатын анықтап берген болатын.
Көркем шығарма қаламгердің өзіне негіз етіп отырған өмір шындығын, оқиға желісін, саяси ойларын бірден оқырманға жеткізбейді. Ол көптеген ақыл мен қиялдың, дүниетанымның қаламгер санасымен қорытылған нұсқасын алады. Сонымен бірге, оқырманға деген сыйлығын да өзіне сіңіреді. Шығарманың сыйлығы оқырманның оқиға арқылы өз жанын қозғауында жатса керек. Т.Әбдіковтің Оң қол шығармасындағы баяндау сырттай жақсы болып көрінсе де, автордың өтіп жатқан оқиғаларға, адам тағдырының ішкі жан дүниесінің қатысы, оқырман назарына қозғау салғысы келгені көрініп тұр. Көркемдік танымы биік деңгейдегі орыстың белгілі сыншысы В.Белинский А.С.Пушкин туралы ғылыми мақаласында: Мен қандай оқырманды қалаймын? - Мынадай: мені де, өзін де, тіпті күллі әлемді де ұмытып, тек менің шығармаммен өмір сүретін, - дейді.
Қаламгер көркемдік шеберлігімен қоғамның жағдайын ашпақшы болады. Кейіпкер р өң мен түстің ортасында отырып, жұмбақ елестің сауалдарына мүдіріп қалады. Кейін өзінің табан жолының тайғанақ, мәнсіз екенін сезген жас жазушы осы елестің сөздерінен кейін ұйқыдан ояна бастағандай болады "Құлағыма жағып кетті. Сөзі де әрі жатық, әрі жат көрінді. Магнит қуаты бардай-ақ, сөйлеген сайын ұйытып, бойымды балқытып әкетті".Қаламгердің шеберлігі - ойды астарлап жеткізуі. Көркем шығарманың құндылығы - қаламгердің астарлы ұғымын беруі.
Авторлық позиция дегеніміз - автордың өзін қоршаған ортаға, қоғамға, өмірге сырттай көзқарасы немесе пікірі ғана емес, ол автордың бүкіл жан дүниесі, сезім сүзгісінен өткен, өзі суреттегелі отырған өмірдің әр түрлі жақтарын сезініп, түйсінуінен пайда болған ой тұжырымы, авторлықұстанымы немесе авторлық тұлғасы. Авторлық позиция мен автор шығармада қатар жүріп, тұтас зерттелінеді. Авторлық позицияны ашуымыз үшін әрдайым автордың көркемдік және рухани әлеміне жүгінеміз. Себебі, автордың ой-сезімі, идеясы авторлық позиция арқылы шығарма оқиғасы мен кейіпкерлеріне енеді. Бірақ кейде шығармада көрінген ой немесе оқиға автордың өз басында өтпеуі мүмкін. Мәселен,Т.Әбдікұлының шығармаларындаЖалғыздық философиясы. Оң қол әңгімесінде жалғыз Алманың ауруы, Парасат майданында жалғыз адамның екіге бөлінуі, Тозақ оттары жымыңдайды повесінде араку тайпасынан жалғыз адамның қалуы, Қайырсыз жұма әңгімесінде өзінің жалғыз билікке жетуі, Қонақтар әңгімесінде жалғыз ұрпақтың санасыздануы - жалғыздық идеясының анық көрінісі. Парасат майданы повесінде жалғыздық былай сипатталады: Жалғыздық жайында көп ойландым. Қиындыққа да, қиянатқа да, зорлық-зомбылыққа да, жала мен бәлеге де төзуге болатын секiлдi. Төзуге қиын жалғыз нәрсе - жалғыздық. Адамның жұлын-жүйкесiнiң қайғы қасiретке төтеп бере алмауы жан азабын бөлiсетiн жақын жанның жоқтығынан. Ондай кезде жалғыз әмiршiң - Жалғыздық. Ғашығыңдай жабысқан, түнде түсiңде, күндiз iсiңде серiк болған, жатырлас сыңарың Жалғыздық - ендi сенiң тағдырың. Ғалымдардың айтуынша ғалам кеңістігіндегі ой жетпес алыс галактикаларда қара тесіктер (черные дыры) болады екен. Осынау космостық құрдымға жұтылмайтын ештеңе жоқ, бүкіл масса атаулы, тіпті оған тап болған сәуле де одан қайтып шыға алмайды. Жалғыздық та осындай космостық қара тесік секілді. Бойындағы сәулеңді, күш-қуатыңды, жігеріңді, үмітіңді, сеніміңді қайтып шықпастай етіп сорып алады. Жалғыздыққа кеткен қайратыңның жүзден біріне қыруар ерлік жасауға болар еді. Жалғыздықтан құр сүлдері қалып қажыған қанша адам ерлік жасамақ түгілі қарақан басын әрең алып жүр. Жалғыздықтың өзіме тым жақын келіп қалғанын денемнен, сыздаған жүрегіммен сезіп тұрмын. Аласұрып серік іздеймін. Әке повесінде де жалғыздық көрініс тапқан: Өлер алдында сөйлей алмады. Тек қолымды қысып, жалғыз саусағын шошайтты. Жалғыз қалдың дегені болу керек. Өзінің өсиеті бойынша ескі қорымға апарып көмдік. Дүйсеннің үйіндегі Гүлсім жеңгеміз кейін күйеуге шығып кетті. Жалғыз баланы өзімен әкетті, Ақсары кемпірдің Жорабек деген жалғыз ұлы Ермек көкемдермен бірге соғысқа кеткен.Жорабектің атын атамай сөз сөйлемейді. Өзінің сөзіне қарағанда Жорабек он екі құрсақтан қалған жалғыз ұл. Жалғыздан қалған тұяқты іздеген ақсақал туралы Қыз Бәтіш мен Ерсейітповесіндегі жалғыздық былайша суреттеледі: Белі бүгілмес-ақ, басы иілмес-ақ деген, қу тірліктен бір мойын биік азамат емес пе! Кәрі қойдың жасындай жасы қалғанда жалғыз ұлдан айырылып, қираған бәйтеректей отырған отырысы мынау ғой. Киіз үй ішінде қазаға көңіл айта жиналған қалың жұрттың осыдан басқа ойларға ойы болмай, Қожабектің жалғыз ұлын өз қолдарыңнан өлтіріп алғаннан бетер бастары салбырап, жер шұқып отыр.Әрбір адамның басында жалғыздық кездеседі, бірақ автор бұл жерде заманның ағымына қарай болған жалғыздықты сипаттауда. Кеңес өкіметінен кейінгі қаржының таршылығындағы бала санының азаюына орай Жалғыз бала, қысымның көбеюіне орай Жалғыз ұлт, билікке құмартудың күшеюіне орай Жалғыз орын сынды жалғыздықтарды ұрпаққа үлгі ретінде әкелуі арқылы, өзінің басындағы емес, заманның басындағы ойды автор позициясы арқылы жеткізе білді.Демек, автор сырттай бақылап байқаған ойды да өз шығармасының негізгі идеясы ете алады. Бұл жердегі маңызды нәрсе -шығармадағы ойдың авторда болу-болмау мәселесі емес, автордың сол ойды жүзеге асыруы.
1.2 Т.Әбдікұлы шығармаларындағы авторлық идеялар
Төлен Әбдікұлы әріптестері сынды әдебиет майданына әңгімелер жинағын алып келді. Жазушының Райхан атты алғашқы туындыларының бірі Қазақстан жазушыларының 1964 жылы шыққан Таңғы шық жинағына еніп, жазушы жолын жеңіске жетелеген еді. Бұл кез жазушының студенттік кезеңіне сәйкес болатын. Университет қабырғасында қазақ және әлем әдебиетінен сусындаған тұлғаның шығармалары да өзге болды. Әр шығармасында шетел әдебиетінің элементтері кездесіп жатты.
Жазушы қаламынан туындаған танымал болған әрі танымал еткен десек те артық емес шығармасы - Оң қол әңгімесі. Оң қол әңгімесі - 70-жылдардағы қатты сыналған әрі оқылған шығарма. Қазақ прозасын зерттеп жүрген ғалым Г.Пірәлиева: Жетпісінші жылдардың басы мен орта тұсында қазақ прозасында бір құбылыс әдеби жанрда бұрындары байқала қоймаған тың көркемдік тәсілдер туа бастады. Мәселен, роман-монолог Аңыздың ақыры - Ә. Кекілбаев, роман-диалог Ақиқат пен аңыз - Ә.Нұршайықов, әңгіме-түс көру Оң қол - Т.Әбдіков, повесть-новелла Ақ ару-ана - С.Санбаев және басқалар.Мұның бәрі қазақ сөз өнеріне өзіндікқолтаңбасымен, стильдік ерекшеліктерімен жаңаша леп әкелгендей еді, - деген пікірді айтады. Шынында да, Т.Әбдікұлы - жаңа леп әкелген жазушы.
Әңгіме жазу - жүгі ауыр өте қиын дүние. 10-15беттің ішіне мән-мағына, өнеге, тәрбиенің барлығын қамту кез келген адамның қолынан келе бермес. Бұл жерде роман, поэма жазатындардың жұмысы оңай деуден аулақпыз. Әр жанрдың өз көтерер жүгі бар. Сонда да әңгіменің орны проза үшін ерекше. Оң қол әңгімесінде Алма дейтін кейіпкердің басындағы жағдай медицинада бар ұғым. Медицина тіліндетұлғаның екіге жарылуы деп айтады екен. Ал әдебиеттануда адам ішіндегі адам деген тәсілмен көрініс табады. Қаламгер тұлғасының екіге жарылуын түсі арқылы бейнелеген. Ж.Дәдебаевтың түске қатысты пікірі мынандай: Қаламгер қай кейіпкерінің бейнесін жасамасын ол сөзге сараң, автордың ішкі сезімін сездіре бермейтін салқынқанды. Кейіпкерлері тек өз табиғатына, дәрежесіне тән сөздерді сөйлеп оларды толғайды. Шағын әңгімеде шашырап жатқан ой, оңды-солды пайдаланған сөз жоқ. Әдеби шығармада кейіпкер болмысын кесектеп, ішкі жан сырын ашуда айрықша рөл атқаратын түс ішкі монолог ретінде көрініс тапқан. Әңгімені әсерлі етіп, оқиғаны қоюлатып отырған түс - автордың үлкен табысы. Түс - мифтің бір түрі. Саналы жаратылысқа тән қасиет болғандықтан, түс арқылы жазушы аз сөзге көп мән сыйдырады. Ж.Дәдәбаевтың айтқан пікірі осыны меңзесе керек. Сонымен бірге, О.Бөкейдің де Жасын атты әңгімесін түс тәсілі арқылы жазуының сыры осында.
Оң қол әңгімесіндегі бақытсыз қыздың арғы аталарының бірі өзін-өзіөлтірмекболып, бірақ идея іске аспай қалған. Генетикалық кодқа жазылған өлім әңгімеде былай берілген: Оң қол Алмаға тек қалың ұйқы құшағына енгенде шабуыл жасайды. Яғни өзіне қанша түсініксіз болғанмен, өзін-өзі өлтіру ниеті қыздың миында бар деген сөз. Бірақ ол ниет кімнің ниеті, қайдан келген. Алманың бүкіл өткен өмірін, мінез-құлқын, адамдармен қарым-қатынасын зерттей келіп, мұны өз басынан туған ниет деуге себеп таба алмадым. Бұл қалайда қанмен, тұқым қуалап келген ниет. Науқастың шешесі, иә әкесі, иә әкесінің әкесі бір кезде өзін-өзі өлтірмек болған. енді олар әлдебір құпия заңдылықпен Алманың санасында тұрып, өздерін-өздері өлтіргілері келеді. Бірақ олардың өздері жоқ. Санасының иесі - қыз өлуге тиісті. Енді генетикалық ақпаратқа енген осы идея пәленбай ұрпақтан кейін қыздыңжадында жаңғырып, ақыры жүзеге асып қыздың мерт болуымен аяқталады. Оң қол әңгімесінде автор идеясы - жақсылық атаулымен қатар жүретін зұлымдық іс-әрекеттер мен жауыздықтың түп-төркіні - ой мен соны іске асыратын қол. Жаман істің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz