Ақша қаражаттары және есеп айырысу және несие операцияларынын есебін жүргіз


Абай облысының білім басқармасы
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК
Курстық жұмыс
Модуль: «КМ 02 ОН1. Қаржылық нәтижелердің, меншікті
капиталдың есебін жүргізу, есеп саясатын қалыптастыру»
Тақырыбы:
Дайындаған:
23ЕА ТиПО-1 тобының оқушысы
Қайратова Айым
Жетекшісі: Есеп-экономикалық пәндер циклдық комиссиясының оқытушысы М. Г. Алимгожина
Қорғаған бағасы:
2023-2024 оқу жылы
МАЗМҰНЫ
1 Кіріспе
- Қаржылық қызметті (бухгалтерия) жұмыстарымен танысу
- Ұйымның есеп саясатын жүргізу
- Ақша қаражаттары және есеп айырысу және несие операцияларынын есебін жүргіз
2. 1Дайын өнімнің есебі
2. 2 Сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы
2. 3 Тауарды сатумен байланысты кепілдік міндеттемелердің есебі
3. 1 Комиссиондық магазиндердегі тауардың операциясын есептеудің ерекшеліктері
3. 2 Сатылған тауарды қайтарып берудың, бағадан да және сатудан да жасалған жеңілдіктердің есебі
3. 3 Тауарды сатумен байланысты шығыстардың есебі
Кіріспе әңгіме.
Мен Қайратова Айым Қайратқызы өндірістік іс тәжірибемді SemeyCement ЖШС «ПК «Цементный завод Семей» нан өттім.
Семей цемент зауыты 1958 жылы салынып, кеңес заманында екі рет қалпына келтірілді. Зауытта дымқыл жұмыс істейтін 4 айналмалы клинкер пеші бар. Зауыттың қуаты жылына 1 150 000 тонна цемент құрайды. Соңғы жылдары зауытта негізгі технологиялық жабдықтарды қайта жарақтандыру бойынша терең жаңғырту жүргізілді. Бірқатар экологиялық іс-шаралар жүзеге асырылды-электр сүзгілерін күрделі жөндеу, айналмалы пештерде газ аналитикалық кешенін енгізу. Семей цемент зауытының өнімдері қазақстандық нарықта, сондай-ақ Ресей Федерациясының Батыс Сібір федералды округінің нарығында сатылады. Біздің кәсіпорынның цементін Алматы, Астана және Қазақстанның басқа да өңірлерінің тұтынушылары жоғары бағалайды, ол Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпір, Алматы қаласының әуежайы, Алматыдағы биік таулы Медеу мұз айдыны мен селден қорғау бөгеті, Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайы және «Бәйтерек»кешені құрылысында қолданылған. Зауыт Мемлекеттік жобаларды іске асыруға белсенді қатысады және «Батыс Еуропа-Батыс Қытай»жобасы сияқты жоғары жылдамдықты автобандар, Республикалық маңызы бар Жолдар салу үшін негізгі өнім жеткізушілердің бірі болып табылады.
Біздің өнімді жеткізу: цемент таситын вагондарда, жүк көтергіштігі 1 тонна «BigBag» жұмсақ контейнерлерінде және полиэтиленнен жасалған 50 кг инновациялық қаптарда шашу арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорын ГОСТ 10178-85 «Портландцемент және шлакопортландцемент» талаптарына сәйкес портландцементтің келесі түрлерін шығарады. «Техникалық шарттар», ГОСТ 31108-2020 жалпы құрылыс цементтері. «Техникалық шарттар», МЕМСТ 33174-2014 жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары. Цемент. Техникалық талаптар». МЕМСТ 22266-2013 бойынша сульфатқа төзімді цементтер.
Өндірістік тәжірибенің бірінші күні ақпараттарды жарияламау және бәсекелестік туралы келісім шартпен танысып қолқойдым және де техникалық қауіпсіздік нұсқаулығымен танысып техникалық қауіпсіздік туралы журналына қол қойдым. Яғни, SemeyCement ЖШС «ПК «Цементный завод Семей» қызметкерлері туралы жеке ақпараттарын, қызмет көрсететін кәсіпкерлердің жеке ақпараттарын, кәсіпкерлердің құжаттарын SemeyCement-ТОО «ПК «Цементный завод Семей» басшысының рұқстанынсыз алуыма тыйым салынады.
Техникалық қауіпсіздік бойынша тәжірибе өту орнында орындық үстінде бұғаттауға, куратордың берген тапсырмаларын орындайтын орынды тазалықта ұстауға, тапсырмаларды орнындайтын компьютерді тазалқта ұстауға және де қандай да бір ақаулықтар болған жағдайда SemeyCement ЖШС «ПК «Цементный завод Семей» қызмнеткерлеріне айту. Тәжірибе өту барысында сулы қолдармен техниканы ұстамау, техниканың артқы панелін ұстамау керек. Тәжірибе уақыты біткен кезінде тапсырмаларды орныдаған орынды жинау, киім ілу бөлмесімен қолданғаннан кейін свет жарығын өшіру керек
1. 1. Қаржылық қызметті (бухгалтерия) жұмыстарымен танысу
Өндірістік практика өткен кәсіпорынның негізгі қызметі - аутсорсингтік қызмет көрсету, сонымен қатар шоттар жасау және бухгалтерлік есеп саласындағы қызметтер, және салық салу саласындағы консультациялық қызметтер. Қазіргі таңда SemeyCement-ТОО «ПК «Цементный завод Семей» кәсіпорны көптеген серіктестіктер мен жеке тұлғалардың ұсынысы бойынша тапсырыс алып, қызмет жасап келеді. Қазіргі уақытта SemeyCement ЖШС «ПК «Цементный завод Семей» 5 қызметкер жұмыс жасайды.
SemeyCement ЖШС «ПК «Цементный завод Семей»-де басшы, һг-менеджер, бухгалтер және бухгалтер жұмыс атқарады.
Нг менеджердеің функциялары:
‒ қызметкерлерді іздеу;
‒ құжат айналымы;
‒ мамандарды лауазымдарға бөлу, атқаратын лауазымындағы әрбір қызметкердің тиімділігін бақылау;
‒ жаңадан бастаушыларды бейімдеу;
‒ кадрларды кәсіптік оқыту жүйесін ұйымдастыру;
‒ кадр қызметінің жұмысын жоспарлау;
‒ ынталандыру үшін жүйені және жекелеген тәсілдерді (қаржылық және қаржылық емес), сондай-ақ демотивациялық құралдарды (айыппұлдар, сыйлықақылардан айыру) әзірлеу және енгізу;
‒ қызметкерлердің жеке істері мұрағатын жүргізу;
‒ Стратегиялық жоспарлау;
‒ өзгерістерді басқа департаменттермен үйлестіру және тағы басқалар.
Бухгатердің қызметтік функциялары:
‒ бастапқы құжаттармен жұмыс (қабылдау, құрастыру, өңдеу және т. б. ) ;
‒ Жеке тұлғаларға Жеке кәсіпті ашу;
‒ Электронды цифрлық қолтаңбаны алу;
‒ Кәсіпкерлерге консультация жүргізу;
‒ бухгалтерлік есепті жүргізу (операцияларды, мүлікті және міндеттемелерді есепке алу шоттарында тіркеу) ;
‒ қызметкерлердің жалақысын есептеу және жалақы салығын есептеу;
‒ кадрлық есепке алуды жүргізу;
‒ контрагенттермен есеп айырысуды ресімдеу;
‒ салықтарды есептеу және аудару;
‒ статистикалық есеп тапсыру.
SemeyCement ЖШС «ПК «Цементный завод Семей» үшін бухгалтерлік есептің маңызы өте зор өйткені, бухгалтерлік есеп басқару ақпараттық жүйенің қаржылық орталығы. Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мән-маңызын түсінбей тұрып, ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Сондықтан, экономикалық тұрғыдан тиімді шешім қабылдау үшін, бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу мен бұларды өз орындарына қарай дұрыс қолдану, бастапқы құжаттар айналысын заңды түрде ұйымдастыру, есеп жүйесінде қолданылатын әдістемелерді сабақтастық пен пайдалану жолдарын және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттағы талаптарын білген жөн.
Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндеттерінің бірі-ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал-тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды.
Мұнда бухгалтерлік есеп қабылданған тәртіппен және қаржылық есеп беру формасына сәйкес жасалады және де атқару органына тапсырылып отырады. Қазақстан Республикасының «Салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер жайлы» Кодексіне сәйкес барлық салық түрлерін және жинамдарды есептейді және төлейді. Бухгалтерлік есепке қатысты мағлұматтар коммерциялық құпия ретінде жасырын сақталады. Есептік-бухгалтерлік құжаттар, мемлекеттік комитеттер мен министрліктер іс-әрекеті нәтижесінде пайда болатын типтік құжаттар тізіміне сәйкес сақталады.
1. 2 Ұйымның есеп саясатын жүргізу
Есеп саясаты - бұл ұйым қаржы есептілігін дайындау және ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер, ережелер және практика.
Есептік бағалаудағы өзгеріс - бұл активтің немесе міндеттемелердің баланстық құнын немесе активті кезең-кезеңмен тұтынудың активтердің және міндеттемелердің ағымдағы жай-күйін бағалау салдарынан болатын, сондай-ақ оларға байланысты күтілетін болашақ пайдалар мен міндеттерге байланысты өлшемін түзету. Есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер жаңа ақпарат алу немесе жаңа міндеттемелердің басталу нәтижесі болып табылады және тиісінше қателерді түзету болып табылмайды.
SemeyCement ЖШС «ПК «Цементный завод Семей» -дің қабылдаған есеп саясатын сол ұйымдағы бухгатерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді.
Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет.
Есеп саясатын қалыптастыру процесі - қаржылық қорытынды есепке, басқарушылық және салық есебіне тән барлық бухгалтерлік есеп элементтер мазмұнын сабақтастық жолдармен ашып көрсетуге, сондай-ақ ұйымдардың қаржы нәтижесі көлемін арттырып отыруға арналған.
Есеп саясатын жасау алдында ұйымдардың міндет атқарушы бухгалтерлері осы кезеңде басшылыққа алынған және өз қызметін атқарудың негізін құраушы ресми заң актілері мен нормативтік базаларды зерделеп, өткен жылдары жасалған есеп саясатының тиісті тараулары мен объектілерін сараптауы керек. Нормативтік құжаттар мазмұнын талдау мен іске асыру жұмыстары ұйымдар қызметінің барлық объектілері деңгейінде жүргізілуі тиіс. Егер ұйымдар заң актілеріне қайшы келмейтін бухгалтерлік операцияларын жүргізіп, алайда бухгалтерлік есеп жүргізуді реттеуші құжаттарда кейбір операциялар мазмұны көрсетілмеген жағдайда, ұйымдар өз еркімен жаңа әдістерді құру мен жасауға және мұндай операцияларды есеп саясатына қосуына құқылы.
SemeyCement ЖШС «ПК «Цементный завод Семей»-дің есеп саясаты «1С бағдарламасында орналасқан. Онжа бухгалтерлік және қаржылық есепті жүргізу үшін келесі параметрлер қойылған:
- Өндіріс құнын есептеу әдісі-бөлімшелер бойынша жүргізіледі;
- Регламенттік операцияларға арналған бөлімше-негізгі бөлімше;
- Амортизациялық аударымдар ай соңында есептеледі;
- Регламенттелген кадрлық есепке алу және жалақыны есептеу бас ұйым бойынша жүргізіледі;
- Орташа табыс коэффициенті ставка мөлшеріне қарай есептеледі;
Орташа жалақыны есептеу, егер қызметкердің жұмыс орнындағы өзгерістер тіркелген болса, индекстеу коэффициенті қолданылмайды.
1. 3 Ақша қаражаттары және есеп айырысу және несие операцияларынын есебін жүргізу
Ақша қаражаты кассадағы (теңгемен), банктегі шоттардағы ақша қаражатын, Жолдағы ақша қаражатын қамтиды. Ақша қаражаты баланста бастапқы құны бойынша есепке алынады.
Өндірістік тәжірибе өту барысында сауда саттықпен айналысатын кәсіпорындардың ай ішіндегі өткізілген кассалық чектерін түгендеп, тіктім. Сауда саттықпен айналысатын жеке кәсіпкерлердің сатушылары ай сайын қаолма қол немесе карта арқылы төленген чектерді жұмыс күні жинап, жұмыстын соңында қассалық аппараттан және қолданылған терминалдардан күндік есепті шығарып жинайды және ай соңында немесе келесі айда SemeyCement-ТОО «ПК «Цементный завод Семей» тапсырады. Чектер тігілу кезінде рет ретімен тігіледі:
-Бірінші кассалық чек (фискалдық чек) орналасады. Онда Кәсіпорын атауы, мекен жайы, қолданылған кассаның нөмері, төлем өткізілген күні, ақыты, соммасы, кәсіпорын БСК сы көрсетілуі керек.
-Екінші болып терминал чегі орналасады. Онда терминал аты, мысалы, Kaspi. Forte Bank, төлем өткізілген күні, уақыты, сомассы.
-Ең үстінде жұмыс соңындағы есеп қорытындылары терминалдан және кассадан шығарылады. Бұл чектерде жұмыс күн ішінде неше тауар сатылғаны, неше қайтарылғаны, неше тауар қолма қол, карта арқылы сатып алынғаны көрсетіледі.
Чектер күніне қарай тігіледі, яғни бір А4 бетте тек 3күннің чекттері тігіледі және астында қай күннің чектері тігілгені көрсетіліп қағаздар күннің артуымен рет ретімен қойылады. Бұл чектер 3 жыл ішінде сақталады.
Әр кәсіпорын иесінде есеп шоты болады. бұл есеп шоты арқылы карта араларымен ақша қаражаттарын аударады, жабдықтаушыларға тауарларға төлейді, салықтар төлейді, салықты уақытылы төлемегені үшін айыппұл төлейді, салықты артығынан төлегені үшін артық ақшаны қабылдайды.
Бұл операцияларды «1С бағдарламасына» енгізу үзін банктен операциялар қозғалысының тізімдемесі банк көшірмесі алаынаы.
Онда банк атауы, қолданушының атауы, қай күн аралығында алынғаны көрсетіледі, есеп шоты, кіріс операциялар, шығыс операциялар, операциялар атауы, бенифициар шоты көрсетіледі. «1С бағдарламыасына» банк көшірмесін енгізгенде шығыс операцияларға ақша қаражаттарынынң басқа есеп шотына аудару, жабдықтаушыларға төлемдер, жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы төлемі жаттады.
Ақша қаражаттарын басқа есеп шотына аудару үшін ұсталынатын банк комиссиясы «1С бағдарламасында» «ақшаны есептен шығару» бөлімінде өткізіледі. Егер, есеп шотынан ақша қаражаты шығарылып кассаға тапсырылса «кіріс кассалық ордер» арқылы өткізіледі.
Банктегі шоттардағы операциялар банк үзінділерінің негізінде көрсетіледі, олардың негізінде тиісті операциялар жүргізілген құжаттар қоса беріледі.
Жолдағы ақша аударымдары-ағымдағы шоттардан есептен шығарылған, бірақ әлі мақсатына сай есептелмеген ақша қаражаттарының әртүрлі түрлері.
Жолдағы аударымдарды есепке алу ағымдағы шоттардан үзінді көшірмелер, төлем тапсырмалары, түбіртектер, ілеспе ведомостардың көшірмелері және басқа да растайтын құжаттар негізінде жүргізіледі.
SemeyCement ЖШС «ПК «Цементный завод Семей» ақшалай қаражатын есепке алуға арналған шоттар:
1010 - "Кассадағы ақша қаражаты"
1020 - "Жолдағы ақша қаражаты"
1030 - "Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты"
1040-"карта шоттардағы ақша қаражаты"
1050 - "жинақ шоттарындағы ақша қаражаты"
- - "пайдалануға шектелген ақша қаражаты".
2. 1 Дайын өнімнің есебі
Дайын өнім - негізгі және қосалқы цехтараның сатуға арналған. Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары - міндетті түрде актімен сәсімделеді.
Дайын өнімді есептеу үшін 1320 “Дайын өнім” деп аталатын активті инветарлық (мүліктік) шот пайдалынылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады.
SemeyCement ЖШС «ПК «Цементный завод Семей»-де дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезен (ай) аяқталғаннан кейін ғана анықтайды. Ағымдағы есептік кезенде өнім тұрақты түрде қозғалыста (шығару, босату, жөнелту, сату) болады, сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін есептік бағасы бойынша шартты түрде бағаланады, ол үшін (есептік бағасы үшін) дайын өнімнің өткен айдағы нақты өзіндік құны, тіркелген бағасы пайдаланылуы мүмкін.
Есептік кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасын есептеу жолымен шығарылып, оның есептік бағасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді.
SemeyCement ЖШС «ПК «Цементный завод Семей»-де ауытқудың пайызы мен сомасы ай ішінде түскен және ай басындағы өнімнің қалдығынан есептелінеді. Ауытқу кәсіпорынның экономиясын немесе артық жұмсалғаның көрсетеді, олар да дайын өнімнің шотында есептелінеді: экономиясы (үнемделгені) - қызыл жазумен, ал артық жұмсалғаны - әдеттегі (дағдылы) - жазумен жазылады.
Ауытқудың пайызын келесі формула бойынша есептейді:
Ауытқу сомасы Ауытқудың пайызы = x 100%
Қалдық + Есептік құны бойынша түскен түсімдер
Дайын өнімді қабылдау-тапсыру накладной бойынша немесе өнімді шығару жиынтығы бойынша өндірістен қоймаға кірістіледі.
Қабылдау-тапсыру құжаты (накладной) цехта екі дана етіп жазылады. Дайын өнімді қоймаға тапсырғаннан кейін, накладнойдың бір данасы коймада, екіншісі цехта қалады. Экономиканың әр түрлі салаларында қабылдау-тапсыру құжатының ( накладнойының) арнайы (немесе арнаулы) бланкілері қолданылуы мүмкін. Солардың бірі жоғарыда келтірілді.
Қабылдау-тапсыру құжаты аспаптық, радиотехникалық кәсіпорындарында, жаппай және сериялық өндірістерде, басқа да өнеркәсіп салаларында өндіріс есебінің тапсырыстарын есептеу үшін қолданылады. Қабылдау-тапсыру құжатын өнімді шығару көрсеткіштерімен қатар, өнімді өтқізу үшін де пайдалынады. Бұл нысан жекелеген тапсырыс берушілердің бірлесіп әкелінген үлкен номенкулатурада дайындалатын өнім тетіктерін есепке алу үшін де қолданылады.
Өндірістік тапсырмалардың орындалу барысын жедел байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құның жедел есептеп отыру үшін өнеркәсіптің барлық салаларында “Өнім шығару жиынтығы” деген құжаттың нысаны қолданылады.
Осы жиынтық бойынша бір айдағы өнімді кірістеуге болады. Бұл жағдайда оған тиісті накладнойлар қоса тіркеледі.
Қоймаларда дайын өнім кесебін, материалдар есебі сияқты қойма есебінің карточкаларында жүргізіледі. Айдың аяғында карточкалардағы шығырылған қалдықтары қойма меңгерушісі дайын өнім қалдықтарының кітабына көшіреді. Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттар, оның тізімдемесімен (реестрімен) бірге бухгалтерияға түседі.
SemeyCement ЖШС «ПК «Цементный завод Семей»-де дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттарды тапсыру тізімінің деректерін келіп түсулеріне қарай дайын өнімнің жинақтау есебінің жинақ ведомасына есептік топтар бойынша шығарады. Жинақ ведомасының деректерін дайын өнім қалдықтарының кітабымен салыстырып тексереді, бұл қойма есебінің бухгалтерияда жүргізілетін синтетикалық есебімен бірдей болып шығуын қамтамасыз етеді.
Айдың аяғында есеп беру калькуляциясын жасағаннан кейін, барлық өнімнің нақты өзіндік құны және нақты өзіндік құны мен жоспалары өзіндік құнының арасындағы, немесе нақты өзіндік құны мен кәсіпорынның келісімді бағалары бойынша есептелген өзіндік құнының арасындағы айырмашылықтары анықталады. Дайын өнімді шығарғаны туралы синтетикалық деректері 1320 “Дайын өнім” шотының дебетінде жинақталып, 8111 “материалдар” және 8211 “өз өндірістің шала өнімдері”деген (егер шала өнімдердің немесе фабрикаттарының бір бөлігі сату үшін шығарылса) шоттарының кредитінде көрініс табады.
Дайын өнім - өндірістік үрдістің соңғы нәтижесі. Ұйым сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен жасалған келісім шарттардағы өнімнің сапасы, көлемі, түрлері жайлы шарттарға байланысты өнім дайындап, шығаруды ұйымдастырады. Ол өнімнің стандартқа сәйкес және техникалық шарттарға сәйкестігі техникалық бақылау қызметінен өткендігі паспорт, сертивикаты және тағы басқа құжаттарымен куәләндірылған қоймаға қабылдап алғаны және басқа жәйлары міндетті түрде АКТ пен рәсімделеді
Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «Дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлы шот пайдаланылады. Дайын өнім Кәсіпорынның айналым қаражат құрамына кіреді. Және қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша кіреді. Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең аяқталғанан кейін ғана анықталады. Есепті кезең соңында ауытқудың пайызынан сомасын есептеу жолымен шығарылып оның есептік баңасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді. Ауытқудың % мен сомасы ай ішінде түскен және ай басындағы өнім қалдығынан есептеледі. Ауытқуды мына формуламен есептейді:
Ауытқу сомасы
Ауытқу пайызы = x 100%
Қалдық + ай ішінде түскен өнім
Дайын өнімді жөнелту мен сату Дайын өнімді босату үшін бұйрық - жүкқұжаты жасалады, онда екі құжат біріктірілген: қоймаға берілетін бұйрықты және босату жүкқұжаты. Қоймада берілетін бұйрықты тиісті қызмет бөлімі сатып алушымен жасалған келісім шарттың негізінде, сатыпалушының атын, өнімнің көлемі мен түрлерін, жіберілу мерзімін көрсете отырып толтырады. Материалды жауапты тұлға әрбір бүйрық бойынша өнімдерді жинақтап, оларды босату үшін экспидиторға береді, «Жіберілді » деген графаға өнімнің саны көрсетіледі.
Құжатқа қызмет бөлімінің бастығы, қоймашы және экспидитор қол қояды. Бұйрық - жүкқұжатқа екі дана етіп жасалады: біріншісі экспидиторға беріледі, Ол тауарлы көліктік жүкқұжаты бойынша, сатып алушы қабылдап алатын стансаға дейін қанша сома тасмалдау құны төленгенін, қанша жүктің жіберілгенін, оның орнына санын көрсетеді; екінші жүктің жіберілгендігін растау үшіе қоймаға қалады, Осы құжат бойынша қойма есебінің карточкасында «Шығыс» графасында жөнелтілген жүктің мөлшері көрсетіліп, ол бухгалтерияға өткізіледі. Келесі күні экспидитор бұйрық-жүкқұжатын және көлік тасмалдау ұйымының түбіртегін, типтік формадағы және шот-фактураны сатып алушының атына жазып беру үшін ұйымның бухгалтериясына өткізеді.
Олар бұйрық - жүкқұжатынан басқа, теміржолдың, басқада тасымалдау мекемелернің стансадан жүкті жіберілгендігі туралы белгісі бар жүк тасмалдау құжаты немесе коносамент, жұмысы қабылдау актісі және басқа да тиісті құжаттар болуы мүмкін.
Дайын өнімді шығарудың және оның қоймадағы есебі
Дайын өнім өндіруді ұйым бухгалтериясы тұрақты түрде бақылап отыруға тиіс. Дайын өнім шығару туралы құжаттар бухгалтерияға күнделікті келіп тұрады, сол жерде өнімнің түрлері, көлемі жайлы натуралды түрде есеп жүргізіледі. Ай аяқталғаннан кейін шығарылған барлық өнімнің көлемі жоспарлау, сату бағасымен және нақты өзіндік құнымен бағаланады (өндірістің аналитикалық есебі бойынша) . Есеп жүргізудің журнал-ордерлік формасына сай, шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнының сомасы № 10 журнал-ордердің 1320 «Дайын өнім» деп аталатын счеттар тобының дебитінде және 8110 «негізгі өндіріс» деп аталатын счеттың кредиті бойынша көрсетіледі. Қоймадағы дайын өнімнің есебі оперативті-бухгалтерлік тәсіл бойынша жүргізіледі, яғни әрбір өнімнің номенклатурасы бойынша ТМҚ-р (ТМҚ-5) карточкасы ашылады.
Колледж білім берумен айналысқандықтан дайын өнімі болып оқушылардың оқу ақысынан тапқан табысы болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz