Жанама салықтар есебін ұымдастырудың теориялық негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім Министрлігі

Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті

Базалық Жоғарғы Білім факультеті

Қаржы және есеп кафедрасы

Мулдабекова Анар Оралқызы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Жанама салықтарды есепке алуды ұйымдастыру және ерекшеліктері

6B04118- ACCA бойынша Есеп және Аудит

Алматы, 2024
Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім Министрлігі

Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті

Қорғауға жіберілді
_____________ кафедра меңгерушісі
Н.К. Зайтенова
____________20__г., хаттама №__

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Жанама салықтарды есепке алуды ұйымдастыру және ерекшеліктері

6B04118- ACCA бойынша Есеп және Аудит оқу бағдарламасы

Орындаған: _________________ А.О Мулдабекова

Ғылыми жетекші
аға оқытушы, магистр _________________ А.А. Мырзаева

Алматы, 2024

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1.Жанама салықтар есебін ұымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Жанама салықтардың экономикалық мазмұны мен мақсаты ... ... ... ... 6
1.2 Жанама салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысудың мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
1.3 .Қостанайшинсервис жшс-нің экономикалық мазмұны мен есеп саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.Қостанайшинсервис ЖШС- де жанама салықтардың есебін ұйымдастыру
2.1 Жанама салықтарды салықтық бақылау әдістері талдау ... ... ... ... ... ... 15
2.2Акциздер бойынша есеп айырысу ерекшеліктері мен құрылымы ... ... .18
2.3 Қосылған құн салығы бойынша бюджетінен есеп айырысу есебі және салықтық есептілікті ұсыну тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
3. Жанама салықтар бойынша бюджетпен есептесуді аудиттеу және дамыту бағыттары
3.1.Қостанайшинсервис жшс-де жанама салықтардың есебін аудиттеудің тәсілдері мен әдістерін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
3.2 Салықтарды аудиттеудің мақсаты ,міндеттері мен функциялары ... ... 35

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында бүгінгі таңда салықтардың рөлі мен маңызы арттыруда және экономикалық тұрғыдан табысты дамуын жалғастыруда. Салық түсімдерінің нығаюы және олардың қоғамдағы маңызының артуы еліміздің тұрақты дамуына ықпал етті. Дамушы мемлекеттің өркендеуінің негізі - тұрақты қаржылық базаның болуы.
Жанама салықтар - бюджет тұрақтылығын қамтамасыз етуге, экономиканы реттеуге және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған мемлекеттік қаржы саясатының маңызды құралы. Бұл салықтар жеке тұлғалардың немесе кәсіпорындардың кірістеріне немесе пайдасына тікелей емес, нақты тауарлар мен қызметтерге алынады. Жанама салықтарды ұйымдастыру жинаудың, есепке алудың және бақылаудың тиімді тетіктерін әзірлеуді, сондай-ақ оларды жинаудың ашықтығын талап етеді. Жанама салыктарға қосылған кұнға салынатын салық, акциздер жатады.
Жанама салыктарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспортка жэне импортка салынатын салык түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы) жатады. Жанама салықтар мемлекеттің фискалдык мүдделерін білдіреді. Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық (жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.
Мемлекеттік салықтар: Акциздер, сатудан алынатын салықтар және ҚҚС сияқты жанама салықтар мемлекет кірістерінің маңызды көздері болып табылады. Олар сондай-ақ түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен түрлі қызметтерді қаржыландыруға болатын тұрақты қаражат ағынын қамтамасыз етеді. Жанама салықтар нарықтағы сұраныс пен ұсынысты реттей алатын тауарлар мен қызметтердің бағасына әсер ете алады. Тұтыну салықтары тұтынушылардың таңдауына тікелей әсер етуі мүмкін, өйткені олар белгілі бір тауарлар мен қызметтерге қолданылуы мүмкін және тұтыну үлгілерін өзгертуі мүмкін. Шығындарға салынатын жанама салықтарды ұлғайту көбінесе салық төлеушілер үшін аз ауыртпалық ретінде қарастырылады, өйткені бұл оларға кірістерге қарағанда шығыстарды көбірек бақылауға мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ жауапты қаржылық мінез-құлықты ынталандыруы мүмкін.
Акциздер мемлекет үшін маңызды қаржы құралы болып табылады және әртүрлі мақсаттарда қолданылады. Біріншіден, олар нарықты реттеу құралы ретінде қызмет етеді, өйткені олар белгілі бір тауарлардың бағасының өсуіне мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде олардың тұтынуының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Мысалы, алкоголь мен темекіге салынатын акциздер осы зиянды заттарды тұтынуды азайтуға және халықтың денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Екіншіден, акциздерді белгілі бір бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыруға пайдалануға болады. Мысалы, автокөліктерге салынатын акциздерді қоғамдық көлікті дамытуды немесе жол құрылысын қаржыландыруға пайдалануға болады. Бұл салық төлемдерінің ауыртпалығын халықтың әртүрлі топтары арасында олардың қажеттіліктері мен қосымша төлеу қабілетіне қарай бөлуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ акциздер импорттан қорғау құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Алайда, жоғарыда аталған барлық артықшылықтарға қарамастан, акциздерді енгізу жағымсыз салдар тудыруы мүмкін. Мысалы, тауарлар мен қызметтердің құнының өсуі халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуіне әкеліп, экономикалық өсуді тежейді. Сондай-ақ акциздерді дұрыс пайдаланбау заңсыз нарықтардың пайда болуына және заңнаманың бұзылуына әкелуі мүмкін.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Зерттеу тақырыбының өзектілігі бүгінгі таңда жанама салық есептеу шығындарды дәл есепке алу арқылы өндірісті тиімді дамытуға қабілетті және ресурстық базаны үнемдеуге ықпал ететін ең перспективалы құрал болып табылатындығына байланысты пайданы ұлғайту.
Шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау. ЖШС Қостанайшинсервис ұйымы қарқынды пайда табу үстінде, бірақ шығындардың пайдадан процентті қатынасы бойынша асуы компанияның өсуіне кедергі жасауы мүмкін.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты ЖШС Қостанайшинсервис мысалында өндіріс шығындарын есепке алуды және жанама салықтарды зерттеу, оларды жақсарту бойынша практикалық ұсыныс беру.
Қойылған мақсаттан туындайтын міндеттер:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
өндірістегі шығындар ұғымын және олардың жіктелуін, бухгалтерлік есепте көрсетілуін қарастыру;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
салық жүйесіндегі жанама салықты талдау және есептеу әдістерін, өндіріс шығындарын бөлу әдістерін зерттеу;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
кәсіпорынға есептеулерді талдау;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
өндірістегі шығындарды есепке алудың бухгалтерлік жазбаларын талдау;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
шығындарды оңтайландыру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныс беру.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі. ЖШС Қостанайшинсервисұйымының өндіріс шығындарын есепке алу және жанама салықтардың ерекшеліктерін, теориялық негіздерін талдау және негіздеу.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні. Жанама салық пәні- бюджет тұрақтылығын қамтамасыз етуге, экономиканы реттеуге және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған мемлекеттік қаржы саясатын талқылайды. Қосалқы өндірістерде - жұмыстар мен қызметтер; өнеркәсіптік өндірістерде-дайындалған өнімдер мен бұйымдардың түрлері жатуы мүмкін. Есептеу объектісі шығындарды есепке алу объектісімен сәйкес келуі мүмкін, бірақ бұл сирек кездеседі.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі. Ақпараттық база шығындарды есепке алуға және жанама салықты есептеуге қатысты нормативтік-құқықтық база, дара кәсіпкердің есепті деректері мен ішкі құжаттары, көрсетілген мәселелер бойынша мерзімді басылымдарда жарияланымдар, өндіріс шығындарын есепке алу және жанама салықты есептеу туралы ақпараттық порталдардың сайттары болды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі. Жанама салықтарды зерттеп, олардың функцияларын қолдана отырып, компанияның қаржылық проблемаларын азайту.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Дипломдық жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы. Дипломдық жұмыста ұйымдардың шығынға ұшырамауы және пайданың азаймауы бойынша ұсыныстар берілген.
Дипломдық жұмысты жазудың практикалық негізі. Практикалық негізі болып ЖШС Қостанайшинсервис компаниясының жеке ішкі деректері, есептері мен ақпараттары болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы зерттеуде қойылған мақсаттар мен міндеттермен анықталады. Кіріспеден, бөлінген үш негізгі тараудан, әдебиет көздерінен, қосымшадан тұрады.

Салықтық талдаудың әдебиетіне шолу:

"Жанама салықтардың экономикаға әсері "
- Автор: Кацюба И.
- Жыл: 2020
Бұл зерттеуде жанама және тікелей салық салу механизмдері талданады. Жанама салықтар жалпы мемлекеттік бюджет кірістерінің үлкен үлесін құрайды, бірақ тікелей салықтар да айтарлықтай үлеске ие. Жанама салықтардың өзге ерекшеліктері айтарлықтай көп брлады.
"Contribution and challenges of underect taxes in case of large taxpayers , branch office"
- Автор: Birhany Sisay
- Жыл: 2018
Бұл жұмыс нақты жанама салықтың түрлерін, ерекшеліктерін, жақсы және жаман жақтары туралы айтылады. Сонымен қатар салық салуды талқылайды. Мысалы салық салу - үкіметтер даму жобалары мен ағымдағы шығыстарды жүзеге асыру үшін қажетті кірістерді қалыптастыратын ең маңызды арна туралы айтылады.
"Optimization of forestry indirect and direct taxation in sustainable development conditions"
- Автор: O. Pavelko, L. Uhrun, M Koshchynets
- Жыл: 2023
Бұл мақалада жанама және тікелей салық салу механизмдері туралы айтылады. Жанама салықтар мемлекеттік бюджеттің жалпы кірісінде маңызды орын алатынын талқылайды.
"Қазaқстaн рeспубликaсындaғы сaлық жүйeсі"
- Автор: Сағынова С.Т
- Жыл: 2020
Бұл мақалада салықтардың қалыптасуы, олардың қандай функциялар атқаратынын талдайды. К. Маркс салықтардың мәнін былай түсіндірген Салық- бұл меншікпен, отбасымен, тәртіппен және дінмен қатар бесінші кұдай; одан әрі Салықтарда мемлекеттің экономикалық тұрғыдан айтылған өмір сүруі жүзеге асады.
"Жанама салықтардың салық жүйесіндегі рөлі"
- Автор: Турсунов У. С, Косимова Н.Ч
- Жыл: 2021
Бұл жұмыс нақты салықтар мемлекет экономиканы, өндіріс, бөлу және тұтыну процестерін реттейтін негізгі құралдардың бірі болуы.Тұтынуды реттеу үшін салықтар қолданылуын және функцияларын көрсетеді. Мысалы, акциз сияқты салықтар осы салық салынатын тауарларға қатысты халықтың сұранысы мен сатып алу қабілетіне әсер етуін қарастырылады.
"Салық салудың негізгі принциптері және олардың
жүзеге асырылуы "
- Автор: Беркимбаева А.Ш
- Жыл: 2020
Бұл жұмыс нақты салық салу принциптерін, салық салудың міндеттілігі, әділдігі , салық жүйесінің біртұтастығын талдайды. Сонымен қатар салық стратегияларының бағалайтын эмпирикалық зерттеуді қолданады.
"Қазіргі уақыттағы қосылған құн салығын алудың өзекті мәселелері "
- Автор: Тасмаганбетов А.Б, Байшукурова Ж.Ж, Кунуркульжаева Г.Т
- Жыл: 2018
Бұл мақалада Қазақстан Республикасында ерекше орын алатын қосылған құн салығын қарастырылған. Авторлар қосылған құн салығы бойынша пікірталас жүргізу бойынша көптеген сұрақтарға сипаттама берген. Сонымен қатар мақалада алғашында енгізілген ққс салық жүйесінде енгізгендігі туралы қарастырылған.
"Impact of direct and indirect taxes on economic development: A comparison between developed and developing countries"
- Автор: Jasmine David, Raina's Ginsad
- Жыл: 2022
Мақалада дамыған және дамушы елдердегі жанама және тікелей салықтардың әсері көрсетіледі, сонымен қатар салықтардың артықшылықтары мен кемшіліктері бойынша салыстырылады.
"Акциздер және олардың бағаның өсуіне әсері"
- Автор: Плеханова Г.В
- Жыл: 2017
Бұл мақалада акциз салығына қолданатын талдау бойынша тауарларға әсер ететін факторларын зерттеген. Сонымен қатар бағасының өзгеруіне байланысты өнім түрлерін талдайды.
"Қосылған құн салығын есептеу жолдары"
- Автор: Байтасова М.Б
- Жыл: 2021
Бұл мақалада ҚҚС қоса алғанда, Қазақстан Республикасында жанама салықтарды есептеу және төлеу тәсілдері келтірілген. Бюджетке төлеуге байланысты ҚҚС тауарларды немесе жұмыстарды, қызметтерді қолма-қол ақшаға айналдыру процесінде төлеуге салынатын салық сомасы мен қажетті тауарларды немесе орындалған жұмыстарды, қызметтерді төлеуге салынатын салық сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
"Жанама салықтардың даму перспективалары"
- Автор: Беркимбаева А.Ш
- Жыл: 2020
Бұл жұмыс нақты жанама салық - бұл өндірушілер тап болатын жеткізу шығындарын арттыратын үкімет салатын салық .Салық сомасы әрқашан екі ұсыныс қисығы арасындағы тік қашықтық арқылы көрсетіледі.Нәтиже - нарықтық бағаның өсуі және жаңа тепе-теңдік өнімге сұраныстың қысқаруы туралы айтылады.
12. Жанама салықтарды есепке алу
- Авторлары: Петров А.И., Сидорова Н.П., Иванов И.В.
Бұл мақалада олар төлейді сөзін қалай түсінетінімізге байланысты. Егер төлеу сіздің ақшаңызды беруді білдірсе, онда бұл салықты бір нәрсені сатып алатын азаматтар төлейді. Егер төлеу мемлекетке ақша аударуды білдірсе, онда жанама салықтарды кәсіпорын есепті кезеңнің соңында төлейді. Негізінде мемлекет жанама салықтарды жинау жауапкершілігін сатып алушыдан бизнеске ауыстырады.
13. "ҚҚС: бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және қолдану тәжірибесі"
- Авторлары: Козлова Е.М., Федоров П.С., Григорьев Д.А.
Бұл мақалада ҚҚС қызықты ерекшелігі туралы айтылады. Ол дегеніміз - шегерімдер. Бір сөзбен айтқанда, компания бұрынғы иесі тауарға төлеген ҚҚС-ты төлемеуі керек.
14. Қазіргі экономикадағы жанама салықтардың есебі
- Авторлары: Николаева Л.С., Смирнов О.В., Макарова А.А.
-Жыл: 2017
Бұл мақалада жанама салықтардың ерекшелігі туралы айтылады. Мысалы Жанама салық:
төлеу мүмкін емес - сатып алушы оны сатып алу кезінде автоматты түрде төлейді;
біркелкі емес бөлінген - салықтардың көпшілігі ең танымал тауарлар мен қызметтерден келеді;
жасырын төленген - сатып алушы қанша төлейтінін білмейді, ал мемлекет нақты кім төлейтінін білмейді;
бизнестің мойнына түседі - жанама салық сатып алушының қалтасынан төленсе де, ақшаны жинау және оны мемлекетке аудару жұмысы бизнесте;
жоғары рентабельділікті қамтамасыз етеді - бизнес өнімге неғұрлым көп үстеме баға қойса, мемлекет соғұрлым көп табыс табады;
15. Салық менеджменті стратегиялары: талдау және оңтайландыру
- Авторлары: Титова Е.Г., Кузнецов П.Н., Андреева Т.С.
Жыл: 2015
Бұл жобада жанама салықтың артықшылығы тек мемлекет үшін ғана артықшылықтар болып табылады: оны барлық тұтынушылар төлейді, одан құтылу мүмкін емес, салық түсімдері азаматтардың сатып алу қабілетінің өсуімен өседі туралы айтылады. Ұйымдар үшін жанама салық бизнестің мойнына жүктелетін қосымша міндет және баға белгілеуді қиындататын шектеуші болып табылады.
16. Жанама салықтарды есепке алудың құқықтық аспектілері
- Авторлары: Беляева М.И., Соколов А.В., Павлов Д.М.
-Жыл: 2012
Бұл жобада Жанама салықтарды есепке алу құқықтық аспектілері осы салықтарды беру жөніндегі мемлекеттік нормативтер мен құқықтық талаптарды қамтиды. Жанама салықтарды есепке алудың кейбір құқықты аспектілері:
Жанама салықтарды есепке алуды берушінің құқықты жасаушы рөлі кеңейтілген кезде, берілген кездестірмелерге сәйкес қанағатты жасаушыны өзгерту құқығы болуы мүмкін.
Салықтарды төлеу кезінде қанағатты жасаушы мен беруші арасында талдаулар, жаттығушылықтар жасау үшін құқықты аймақтама жасау керек.
Құжаттама жасаушының беру үшін жасаушының жанама салықтары мен шарттарын аяулап, салықты берушіге берген жаттама. Бұл құжаттамада жанама салықтарының мөлшерлемелері, төлемтері, құжаттама беру және басқа талаптар көрсетілген.
Салықты берушінің жасаушы үшін берген барысында жоғары құқықты бақылауы қажет. Салықты беруші жауапкерші болуы мен салықты берушінің құқықты жауапкершілігі туралы нормативтерге байланысты жауап беруі керек.
Жанама салықтары беру қосымшасында, салықтарды төлеу жаттамасы мен жанама салықтарында тура келетін өзгерістерді тұтыну құқығы бар.
Салықты беру органдарының құқықты аса міндеттері жанама салықтарын түсіндіруге көмек көрсетеді және олардың жұмыс жасау әдісі мен жағдайлары туралы білім береді.
Бұлар орнатылған мәніне көмек көрсету үшін жанама салықтарды есепке алу процесінде құқықты аспекттерді ескеру керек. Осы құқықты аспекттерге жасаушының нормативтерге сәйкес өзгертулер жасауына, өтініштер беруіне, салықты берушімен жауаптын байланыстырып көмек көрсету қажет.
Жанама салықтар бойынша әдебиеттерге шолу салық салудың осы нысанының әртүрлі аспектілерін қарастыруға болады.
Біріншіден, жанама салықтардың тарихы мен олардың әртүрлі елдерде қолданылуын талдауға болады. Әртүрлі мемлекеттер жанама салық салудың әртүрлі нысандарын пайдаланады, мысалы, ҚҚС, акциздер, баждар және т.б. Бұл салықтардың тарихы мен эволюциясын зерттеу олардың экономикадағы рөлі мен маңызын түсінуге көмектеседі.
Екіншіден, жанама салықтардың тұтынушыларға, бизнеске және жалпы экономикаға тигізетін салдарын қарастыруға болады. Мысалы, ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі тауарлар мен қызметтер бағасының өсуіне алып келуі мүмкін, бұл халықтың сатып алу қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ шолуға жанама салықтардың экономикалық өсуге, инфляцияға немесе тұтынушылық белсенділікке әсері туралы шолулар мен зерттеулерді қосуға болады.
Сондай-ақ жанама салықтардың әсерін басқару үшін қолданылатын әртүрлі стратегиялар мен құралдарды қарауға болады. Мысалы, сұранысты ынталандыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
−жанама салық нәтижелерін талдау
Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы
Салықтық бақылау жайлы
Салық салудың міндеттілігі
Басқарушылық есепті ұйымдастыру және оны жетілдіру мәселелері
Салықтық бақылаудың қарапайым мәселелері
Салық есебінің мәні
Кәсіпорын қаржысының мәні
Салықтық бақылау туралы
«Erk–trust» ЖШС–де бюджетпен қарым-қатынас есебі
Пәндер