Қазақ тіліне аударманың өзектілігі


Университет: «Тұран» университеті
Авторы: Нұртай Айым, 1курс, аударма ісі-2 топ
Тақырыбы: «Қазақ тіліне аударманың қазіргі өзектілігі мен қиындықтары»
Пәні: Академиялық жазылым
Жетекшісі: Каршигаева Айнур Арабековна
Қазақ тіліне аударманың өзектілігі
Мазмұны
- Кіріспе
- Негізгі бөлім:көркем әдебиеттегі аудармаҚазақ тіліне аударма қиындығыӨзге тілдермен грамматикалық ұқсастықАудармадағы жаңалық
- Қорытынды
- Әдебиеттер тізімі
АҢДАТПА
Қазақ тілі әлем тілдерінің арасындағы ең қиын тілдердің бірі болып табылатыны баршамызға мәлім. Шет тілден кітаптарды немесе қандай да бір жазбаларды аудару барысында түпнұсқалығын сақтай отырып тура мағынада жеткізудің өзі үлкен жұмысты талап етеді. Қазақ даласында аударма ісі бірнеше жылдар бұрын пайда болды. Көптеген шет тілдегі атақты туындылар қазақ тіліне аударылып бүгінде қалың оқырманның көңілінен шығып жатыр.
Бүгінгі жұмыстың мақсаты қазақ тіліндегі аударманың басым қиыншылықтары қандай сонымен қатар аудармашылар қандай да бір шығарманы аудару барысында қандай методика немесе тәсіл қолданады. Осы аталған сұрақтарға жауап беретін боламыз. Жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптағы кілт сөздерге кішігірім анықтама беріп өтілетін болса, тақырыпты ашушы яғни аталған сауалдарға жауап беруші болып негізгі бөлім болмақ. Қорытынды бөлімде тақырыпқа толықтай анализ жасалынбақ.
АНОТАЦИЯ
Как известно, казахский язык является одним из самых сложных среди языков мира. Даже буквальная доставка книг или каких-либо записей с иностранного языка с сохранением подлинности в процессе перевода требует большой работы. В казахской степи переводческое дело появилось много лет назад. Многие известные произведения на иностранных языках переведены на казахский язык и сегодня пользуются популярностью у широкого круга читателей.
Цель сегодняшней работы каковы основные трудности перевода на казахский язык а также какую методику или подход используют переводчики при переводе какого-либо произведения. На эти вопросы мы ответим. В вводной части работы дается небольшая ссылка на ключевые слова в теме, первооткрывателем темы является основной раздел, отвечающий на указанные вопросы. В заключительном разделе будет сделан полный анализ темы.
ANNOTATION
As you know, Kazakh is one of the most difficult languages in the world. Even the literal delivery of books or any records from a foreign language with the preservation of authenticity in the translation process requires a lot of work. Translation business appeared in the Kazakh steppe many years ago. Many well-known works in foreign languages have been translated into Kazakh and are popular with a wide range of readers today.
The purpose of today's work is what are the main difficulties of translation into Kazakh, as well as what methodology or approach translators use when translating a work. We will answer these questions. In the introductory part of the work, a small reference is given to the keywords in the topic, the discoverer of the topic is the main section that answers these questions. In the final section, a full analysis of the topic will be made.
Кілт сөздер: қазақ тілі, аудару, аударма ісі, қиындықтар, сөздер, шет тілдер.
Кіріспе
Жалпы аударма дегеніміз қысқа ғана уақытта меңгеріп ары қарай дамытып, дөңгелетіп алып кететін кәсіп түрі емес. Мұнда әр жазушының өзіндік стилі қалыптасқан. Сол стилді тура мағынасында сақтай отырып қазақ тіліне аудару үлкен еңбек пен ұзақ уақытта талап ететіні рас. Сөздерді дұрыс қолдана білу, грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық сонымен қатар стилистикалық нормаларға сәйкестендіре отырып аударудың ісі көптеген тәжірибе мен кәсібилікті, асқан біліктілікті қажет ететіндігін бірі білсе енді біре біле бермейтіні рас.
Қазақ тіліне аударылған еңбектер саны қазіргі уақта көз ілеспес жылдамдықпен артуда. Алайда олардың барлығының сапасы бірдей жоғары дәрежеде деу қиын. Дегенмен қалың оқырманның көңілінен шығып көп оқылым жинап жатқан кітаптар да аз емес. Аудармашылар орыс тіліне қалай аударылғанына қарап, мағынасы жағынан жақын, ұқсас сөздерге ауыстырып, барынша қазақиландырып аударуда. Қазақ тілінде жаңа сөзтіркестері, терминдер, тіпті жаңа сөздер пайда болды десек қателеспеспіз. Мұндайөзгерістерді кез келген жанрдағы кітаптардан байқаймыз. Қазіргі таңда аударма көлемінің артқаны соншалық жәй шолып шығу мүмкін емес. Өзге тілдердегі аударма түгілі қазақ аудармасы көпке тамыр жайып отыр. Әдебиеттен бастап саяси оқиғаларға дейін, тарих пен көгілдір экранға шығатын жаңалық, бағдарламаларға дейін аудармадан құралған. Қазақ тіліне аударманың да көпшілік көзіне түсетін уақыты болды. Әлемдік деңгейге шығып ғалымдармен зерттелетін уақыты келді.
Аударманың негізгі мақсаты- тілдік нормалардағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды, жанрлық ерекшеліктерді анықтау болып табылады. Мысалға, көркем әдебиет аудармасы, ауызша аударма сырлары және тағы да басқа кітаптар осы мақсатта жазылып, аударманың қыр сырын ақтарған.
Бүгінгі тыңда қазақ тіліне аудармаға сұраныстың артуы атап айтарлықтай таң қаларлық жайт емес. Кез келген халық тарихына көз жүгіртсек те олардың басты акцентті тіл, мәдениет пен тарихқа қойғанын аңғарамыз. Оларсыз ұлт - ұлт болмайды.
Өз мәдениетін толық сақтап, қадірін білетін ел өзгенің мәдениетін де үйреніп зерттеп бастайды. Ұлттар арасындағы мәдениет алмасып, достық орнату істерінде аударма ісінің орны елеулі болғаны бәрімізге мәлім. Қазіргі біздің жағдайдағы кез келген ұлттың тарихын болсын кітаптарын болсын біліп, қазақ тілінде оқи алуымыз тек аударманың арқасы. Қай ғасыр, қай кезең болмасын аударма ісінің өмірдегі рөлі зор екендігін турасынан айта аламыз.
Аударма ісінің жанданвуы ұлтаралық қатынастар орнату мен бейбітшілік орнатуға үлкен үлесін қосты. Өзге тілдің туындыларын өз тілімізге аудару арқылы сол халықпен не мемлекетпен автоматты түрде достық қарым қатынастар орнатып отырдық.
Мәселен қазақ жазушыларының орыс ақыны Пушкиннің еңбектерін аударғандығын бәріміз білеміз. Осы орайда аударма барасына назар аударайық:
- «Медный всадник»:
Прошло сто лет, и юный град,
Полнощных стран краса и диво,
Из тьмы лесов, из топи блат
Вознесся пышно, горделиво
(А. С. Пушкин)
Өтті жүз жыл.
Балғын қала Солтүстіктің сан-сәулеті,
Түнек нулы сол арадан,
Бойлап шығып, ірге тепті . . .
(аударған Г. Орманова)
- Жүз жылдай уақыт өтті, Жап-жас «град»
Түн жақ елдің еркесі, асем, сымбат
град - шаһар, қала (древний город)
(аударған М. Даулетбаев) .
Мұндағы аудараның басты қиындығы сөзжасам, сөз реттілігі болып келеді. Қазақ тілі мен орыс тілінің туыстас болмауының әсерінен, барлық дерлік тіл ережелері мүлдем ұқсас емес. Сәйкесінше екінші аудармадан ұқсас қиындықты көреміз. Өлеңнің не болмаса өзге кез-келген сөйлемнің түпкі мағынасын ұстап қалу үшін сөзбе сөз аударма қажет болады, бірақ бұндай аударма айтылған дүниені бар көркемдігінен айырады.
Қазақ мәдениетінің реңк палитрасында үстемдік ететін ақ және қара түсті эпитеттері қарама-қарсы соңғы екі бейнелі өрнектерге ерекше назар аударылады. Ақ эпитетінің қазақ тілінде көптеген мағыналары бар және тазалық пен пәктік, кіршіксіз сұлулық, адалдық, адалдық, сонымен қатар сүттен жасалған ұлттық өнімдердің молдығымен байланысты. Сонымен қатар, бұл эпитет фольклор мен көркем әдебиеттегі кейіпкер атауларында, ұлттық әндер мен поэмаларда, елді мекен атауларында, т. б. кездеседі. Керісінше, қара эпитеті мұң, мұң, үмітсіздік пен өшпенділіктің белгісі болып табылады. Ода «Бостандық» А. С. Пушкин:
. . . Читaют на твoем теле
Печать прoклятия нарoды,
Ты ужас мира, стыд прирoды,
Упрек ты бoгу на земле.
(А. С. Пушкин «Вoльнoсть»)
Қарa бетің қарғыс таңба басылған,
Хaлық сені қaрғап қойған жасыңнан,
Бұл дүниенің құбыжығысың сұмпайы,
Тəңірге де келтірген aнтұрған.
(аударған Қ. Аманжолов)
Бұл жырда ақынның азаттық сүйгіш ой-пікірлері, азаматтық ұстанымы мейлінше айқын аңғарылып, ақын басынан кешкен сезімдердің тұтас шеңберін, шығармадағы пафос пен пафосты жеткізу үшін Қ. бейнелі комбинациясы қара бет («жек көретін бет, ашуға толы» деген мағынадағы қара бет), жағымсыз эмоциялық коннотация бар. Сонымен стильдік баламалық тілдің экспрессивті-бағалаушы құралдарын контекстік эквиваленттермен орындарын өзгертудің арқасында орындалады, бұл аударма мәтіннің бейнелілігін жаңғыртады. Славянизмдердің стилистикалық таңбаланған архаизмдер ретінде аудармасы орыс және қазақ тілдеріндегі балама пәндік мағынасы бар сөздердің семантикалық және стильдік қызметтерін саралау тұрғысынан үлкен теориялық қызығушылық тудырады.
Осы уақытқа дейін қазақ тіліне аударылған туындылар әлемдік деңгейге шығып, ғалымдар талқысына түсуі керек.
Аудармада көп кездесетін қиындықтардың бірі жаргон, диалект және сленг сөздердің аудармасы. Бұл сөздер белгілі бір уақытқа, бір ортада ғана пайда болады содан соң аз уақытта жойылып кетеді. Сондай қысқа уақытта жойылған сөздерді 50-60жыл бұрын жазылған шығармаларды аудару барысында кездестірген қиынға соғады.
Қазақ тіліне аударманың ең үлкен қиындығы сөйлем құрылымының өзгешелігі. Ағылшын тілі мен орыс тілдерінің сөйлем құрудағы грамматикасы, сөз орындары ұқсас. Сол себепті, ағылшыннан орыс тіліне аудару оңай. Мысалы, «The girl which I met yesterday, works here» сөйлемі орыс тіліне сөзбе сөз «Девушка, которую я встретил вчера, работает здесь» деп аударылады. Қарап тұрсақ әр сөз орыны бастапқы нұсқадағыдай сақталған. Ал, қазақ тіліне аударсақ «Мен кеше кездестірген қыз осында жұмыс жасайды екен» деп, «которая, which» сөздері жойылып кетті. «Кеше мен теледидар көрдім» дейтін болсақ, орыс тілне бұл «Я вчера смотрела телевизор» болып, яғни қазақ тілімен салыстырғанда етістіктің орыны өзгеріп аударылады, ағылшын тілімен де дәл солай. Қазақ тіліне аударуға оңай туыстас тілдер болып келеді, олар: түрік, өзбек, қырғыз, татар, тәжік және тағы сондай секілді түркі тілдес тілдер. Бұл тілдер мен қазақ тілі ұқсастығы тек сөздерден емес, сөйлемдегі сөз реттілігінен байқалады. Осы тұста қоса кеткім келіп отырғаны қазақ тілі мен жапон тілдерінің ұқсастықтары.
Жапон тілімен байланысты ашып қарар болсақ, қазақ тілі мен орыс тіліне не қазақ тілі мен ағылшын тілдерінң байланысына қарағанда ұқсас тұстар көп екенін аңғаруға болады.
Уаташи уа киноу Шибуя де Эмма ту эйга о мимашта
Бұл сөйлемнің орыс тіліне сөзбе сөз аударылған күйінде мүлдем ұйқаспайтын сөйлем шығады. Дұрыс аударма «Я вчера в Сибуе смотрел кино с Эммой» болады. Ендігі кезекте қазақ тіліне тура аудармаға көз салсақ «Мен кеше Сибуяда Эммамен кино көрдім». Жапон тілінде айтылған структураға өте жақын.
Уатиши уа ашита Гинза де казоку ту суши о табемасу.
Мен ертең Гинзада отбасыммен суши жеймін. Сөз бе сөз тура келеді.
Аната уа кирей десу (Ты красивая)
Сен әдемісің.
Аната уа кирей уа аримасен. (Ты некрасивая)
Сен әдемі емессің. - Орыс тіліндегідей не- қосымшасы қолданылмайды, «емес» шылауы пайдаланылады. Жапон тілінде де болымсыздықты білдіретін «Аримасен» сөзі қолданылады. Бұл тұстағы екі тілдің де ерекшелігі сөйлемнің соңына дейін тыңдамай толық мағынасын түсіне алмау. Басынан соңына дейін болымды болып келген сөйлем соңғы шылау әсерінен болымсызға айналып кетуі мүмкін.
Жапон тілі түркі тілдес тілдерге мүлдем жақын болмаса да, сөйлем құрылысы жағынан ұқсатығын байқаймыз. Сөйлемдегі сөздердің орыны деген секілді фактор аудармаға қатты әсер ететінін байқаймыз.
Г. Х. Андерсенның «Ұсқынсыз үйрек балапаны» атты шығармасын қазақ тіліндегі аудармамен салыстырып, талдау барысында аударма сапасын көтеру мақсатында сөйлемнің бөлшектенуі, сөйлемдерді біріктіру, грамматикалық ауысулар әдістері көптеп қолданылғанын байқадық. Сонымен бірге, кейбір сөзтіркестерінің аудармаларын дакалькалау әдісі де кездесті. Мысалы, The Ugly Duckling -ұсқынсыз үйрек балапаны деп аударылған, ағылшын тіліндегі көп мағыналы сын есімнің ugly ауыспалы мағынасы қазақша «ұсқынсыз» сын есімнің ‘кесінсіз, сұрықсыз’ мағынасына ауыспалы ‘жағымсыз’ мағына қосылуда (орысша аудармасында «гадкий» сөзінің мағынасымен салыстыру осы құбылыстарды анығырақ көрсетеді) . Жоғарыда айтылғандай, аудармашының назарында түпнұсқа ертегінің терең мағынасын жеткізу болғандықтан, көбінесе модуляция әдісі арқылы мәнмәтінге сәйкестендірілген аударма десе болады. Соның негізінде аударма мәтіннің сөздер мен сөз тіркестері арасында логикалық қатынас сақталып, шығарма идеясын жеткізуші құралдар қатарында қарастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz