Ғылым таным әдістері, қалыптасу себептері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті.

Факультеті:Филология
Тобы: ФҚӘ 313f
БӨЖ

Тақырыбы: Білім,ғылым,техника және технологиялар

Қабылдаған: филос.ғ.к., доцент Шадинова.Г
Орындаған:Иген.З

Түркістан - 2023

Мазмұны.

I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
II Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Ғылым, білім, техника философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Ғылым таным әдістері,қалыптасу себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .16
Білім философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Технология философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
VҚайталауға арналған тест тапсырмалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6
VI Глоссарий ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
VII Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Кіріспе
Бүгінгі қоғам өмірін ғылым мен техникасыз көзге елестету мүмкін емес. Ғылым - дүниетану, жалпы алғанда, рухани өндірістің қалыптасқан ерекше түрі. Оның өз мекемелері (ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар т.с.с.), ғылыми қауымдастықтары, зерттеу жабдықтары, ақпарат алмасу (журналдар, конференциялар т.с.с.), қаржы орталықтары т.с.с. бар. Ғылымның негізгі мақсаты -адамзат қажеттіліктерін өтеу жолында соған керек білімді өндіріп, оны іс жүзінде өмірде пайдалануға болатындай етіп, кайта өзгерту. Екіншіден, барлық ғылым салаларынан шығатын деректер мен тұлсырымдар, теориялардың басын біріктіріп, олардың өзара байланыстарын анықтап, Дүние жөнінде ғылыми сурет жасау болмақ. Соңғының негізінде адамдардың дүниеге деген көзқарасы қалыптасады. Әрине, ғылым дамыған сайын дүниесурет те өзгеріске түседі.Мыңдаған жылдар бойы ғылым ұрықтары философияның ішінде пайда болып дамыды. Математиканың (геометрия) негіздері жер өлшеу, су каналдарын өткізу т.с.с., астрономия көшіп-қонудағы аспанға қарап бағыт алудан, Орта ғасырлардағы алхимия байлықты өсіру (корғасынды алтынға айналдыру) іс-әрекеттерінен пайда болды. Дегенмен де бүгінгі ғылым өз түп-тамырларымен Жаңа дәуірге, яғни капитализмнің тарихқа келуімен байланысты дүниеге келеді. Оның Отаны - Еуропа топырағы. Егер Батыс пен Шығыс елдерінің даму қарқыны мыңдаған жылдар бойы біркелкі болса, XVI ғасырдан бастап Еуропа ғылыми зерттеулерді дамыту барысында тез қарқынмен алға өрлей бастайды. Шығыс елдері ғылыми-техникалық салада артта қалады.
Енді мұндай өзгерістердің себебі неде деген сұрақ қойсақ, оған ғылыми әдебиеттен әртүрлі жауап аламыз. Бұл мәселені егжей-тегжейлі талдаған неміс философы К.Ясперс оның түптамырын христиан дінінің адамға беретін рухани бағытынан көреді (Библия эпосы адамнан, - ол қандай зардаптан өтсе де, - ақиқатқа жетуді талап етеді). Екіншіден, Дүниені Құдай жаратқаннан кейін, М.Лютер айтқандай, Құдайдың ісін биттің ішінен-ақ көруге болады, осы себепті, таным дегеніміз Қүдай ойының ізімен жүру болса керек. Үшіншіден, бұл Дүние зардап пен қайғыға толы болғаннан кейін, Қүдайды ақтау жолында солардың түп-тамырын зерттеп, олармен күресе білу қажеттігі.

1.Ғылым,білім,технологияға жалпы сипаттама.Қазіргі таңда қоғам өмірін ғылым мен техникасыз көзге елестету мүмкін емес. Ғылым-бұл қоғам, табиғат және ойлау қабілеті туралы жаңа білімді алу үшін бағытталған зерттеу әрекетінің сферасын айтады. Ал ғылыммен тығыз байланысты екінші техника ұғымын қарастыруға болады. Гректің техне деген сөзі алғашқыда өнер, шеберлік деген мағынада қолданылды. Бүгінгі таңда техника деп барлық қоғамның салаларында қолданылатын неше түрлі құралдарды айтамыз. Ф.Энгельсті еске алсақ, адамның өзі-ақ еңбек құралдарын жасау арқылы жануарлардан бөлініп, саналы пендеге айналған жоқ па? Егер жануар айнала қоршаған ортаға өз дене мүшелерін жетілдіру арқылы бейімделсе, адам, керісінше, өз дене мүшелерінің жалғасы ретінде неше түрлі жасанды заттарды жасайды да, оларды табиғат пен өзінің екі ортасында орналастырып қоршаған ортаны өзгертеді. Бүгінгі таңда күнбе-күнгі өмірде технология деген ұғымды да көп пайдаланып жүрміз. Қарапайым сананың деңгейінде техника мен технология ұғымдары бір мағынада қолданылады. Алайда бұл ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы бар екенін байқаймыз. Егер техникаға неше түрлі заттардан жасалған құралдарды жатқызсақ, технологияға белгілі бір жасанды затты, я болмаса құбылысты жасау жолындағы әдістерді, олардың бірінің соңынан бірі келетін тәртібін айтамыз. Олай болса, алғашқы шеберлік деген мағынаға тағы да қайтып келдік. Жоғарғы дәрежедегі технологияның негізінде жасалып шығарылған заттың сапасы биік болады. Бүгінгі таңдағы өндірістегі автоматикалық зауыттар, бүкіл дүние жүзін қамтыған интернет жүйесі, теледидар, ұялы телефондар, 2,5 дыбыс жылдамдығына жеткен ұшақтар (Конкорд), Ғарышта орналасқан станциялар мен жер серіктері т.с.с. қазіргі ғылым жетістіктеріне негізделген.Осы жетістіктерге таңырқап, сүйсіне қараған ойшылдар болашақта адамзаттың барлық қайшылықтары ғылымның даму негізінде шешіледі деген көзқарас ұстады. Мұны біз сциентистік (scientia -- лат. сөзі, ғылым), я болмаса техно -- оптимистік көзқарас дейміз. Техника философиясы - бүгінгі әлемдегі техника феноменінің философиялық методологиялық және дүниетанымдық мәселелерін арнайы зерттейтін бағыт. Оның негізгі мақсаты - техниканы, оның дамуын біртұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, техникалық іс - әрекеттің мәнін ашу, техникалық мәдениетпен, саясатпен, адам іс - әрекетінің басқа да түрлерімен байланысын анықтау. Техника философиясының негізгі мәселері ол - 1.техника табиғаты мен мәні, - 2.техниканың тарихы дамуы,- 3.техникалық мағынының ерекшелігі,- 4.техника және қоғам,-5. техника өсуінің салдары,- 6.техноэтика,- 7.технократия,- 8.техниканыңң даму келешегі. Техника философиясының көрнекті зерттеушісі неміс ғалымы Ф.Рапп оның мынадай негізгі бағыттарын көрсетеді:
1) техника тарихын және оның мәдениетпен қарым - қатынасын зерттеу;
2) қазіргі техника мен еңбектің жалпы сипатының социологиясын сараптау;
3) еңбек етудің, әлеуметтік, саяси белсенділіктің экзистенциялық мәселелерін зерттеу;
4) эпистемология тұрғысынан органикалық әлемнен техникалық әлемнің бөлуінуін қарастыру;
5) басқару мәселелері және техника мен бүкіл адамзаттық құндылықтардың өзара қарым - қатынасын зерттеу.
Техника адам өмірін жеңілдету және кеңейту, дамыту қажеттілігінен пайда болды.Техника болмысы туралы білім XIX ғасырда қалыптасты. Техника философиясының техника - болмыс қатынасын арнайы зерттейтін бөлімі техника онтологиясы, ал техника - адам қатынастарын қарастыратын бөлімі техника антропологиясы деп аталады.
Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі,ойлауды жүйелілігі мен логикалылығы.
Білім беру жүйесінің басты міндеттері - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Біздің жас мемлекетімізде білім беру саласына, оның дамуына көп көңіл бөлінуде. Білім беру, оқыту жүйесі ғылымның негізінде жүзеге асырылады.
Ғылым - дүниетану, жалпы алғанда, рухани өндірістің қалыптасқан ерекше түрі. Оның өз мекемелері, ғылыми қауымдастықтары, зерттеу жабдықтары, ақпарат алмасу, қаржы орталықтары т.с.с. бар. Ғылымның негізгі мақсаты - адамзат қажеттіліктерін өтеу жолында соған керек білімді өндіріп, оны іс жүзінде өмірде пайдалануға болатындай етіп, кайта өзгерту. Екіншіден, барлық ғылым салаларынан шығатын деректер мен теориялардың басын біріктіріп, олардың өзара байланыстарын анықтап, Дүние жөнінде ғылыми сурет жасау болмақ. Соңғының негізінде адамдардың дүниеге деген көзқарасы қалыптасады.
Бүгінгі таңдағы қоғамда технология деген ұғымы көп пайдалануда. Қарапайым сананың деңгейінде техника мен технология ұғымдары бір мағынада қолданылады. Алайда бұл ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы бар екенін байқаймыз. Егер техникаға неше түрлі заттардан жасалған құралдарды жатқызсақ, технологияғабелгілі бір жасанды затты, я болмаса құбылысты жасау жолындағы әдістерді, олардың бірінің соңынан бірі келетін тәртібінайтамыз.
Технология үғымының өрісі жыл сайын кеңейе түсуде. Ол өндірісте ғана емес, коғамның басқа салаларында да қолданылады. Бүгінгі таңда саясатта пиар-технология, коғамдық пікірді қалыптастыру жолында ақпараттык технология, білім беру жүйесінде педагогикалық технологиялар т.с.с. кең етек алуда.
Ғылыми жетістіктерге таңыркап, сүйсіне қараған ойшылдар болашақта адамзаттың барлық қайшылықтары ғылымның даму негізінде шешіледі деген көзқарас ұстады. Бұл сциентистік(scientia - лат. сөзі, ғылым), я болмаса техно-оптимистік көзқарас болып табылады. Алайда, XX ғ. 70 жж. бастап ғылым мен техниканың теріс жақтары да айқындалып, (қоршаған ортаның бұзылуы, климаттың өзгеруі, адамның техника кұлына айналуы т.с.с.) көрсетіле бастады. Антисциентистік, техно-пессимистікбағыт ұстаған ғалымдар қазіргі ғылымды құмырадан шығып кеткен жынға теңеп, енді әрі карай жаңа өндіріс кешендерін салуды тоқтату керек, әйтпесе жердегі тіршілік оған шыдамай кұрып кетеді деген пікір айтты. Сонда әрі қарай не істеу керек деген заңды сұрақ туады. Қазіргі заманда ғылым мен техниканың дамуын тоқтату мүмкін емес, бірақта, сонымен қатар, оларды дұрыс пайланып, тек жақсы жақтарын ғана алуымыз қажет. Ғылыми танымды қарапайым өмірмен салыстыру барысында оның қолданылуында көптеген зерттеу әдістері бар. Осы қасиет оның негізгі ерекшелігі деуге болады. Әдістер дегенде ондағы тәсілдер, таным ережелері, теориялық және практикалық жүзінде болатын адамның қызметтері жатады. Бұл әдістер, ережелер өзінен өзі жүрмейді, керісінше олар көп зерттелетін объектілерінің заңдылықтарына негізделіп өңделеді. Сондықтан да таным тәсілдері өмір сияқты көпқырлы. Таным тәсілдерін зерттеу және практикалық маңыздылығының ерекше мақсатын зерттейтін ғылым- методология. Әдістердің көпқырлығына сүйеніп, олар бірнеше топтарға бөлінеді:
1.Жалпы философиялық әдістер - қолданылу аясы өте кең. Олардың қатарына диалектикалық әдіс жатады.
2.Жалпы ғылыми әдістер - барлық ғылымдарда қолданылады. Басқа әдістерден айырмашылығы: барлық ағымда қолданылуы емес, оның белгілі бір процесс кезеңінде қолданылуы. Мысалы: эмпириялық кезеңде индукция басты рөл атқарса, теориялық кезеңде дедукция маңызды іс атқарады. Анализ зерттеудің алғашқысында, ал синтез - оның соңғы кезеңінде қолданылады және т.б.
3.Жеке немесе арнайы әдістер - жеке ғылымдар немесе тәжірибелік істер аясында қолданылады. Бұл химия немесе физика, биология немесе математика әдістері, металл өңдеу немесе құрылыс ісінің тәсілі болып саналады.
4.Өзгеше, жеке мәселені шешуге арналған тәсілдердің өзгеше тобын әдістемелер құрайды.
Философия жалпы методологияға жақын болады. Өйткені философиялық әдіс жүйесінде өмірді танудың теориялық және практикалық тәсілі бар және философиялық өзіндік білімнің жүйесін қалау әдісі. Философия методология ретінде де өзінің бастамасын адамның практикалық іс-әрекетінен алады. Өзінің қайнар көзін логикада және өмірдің объективті заңдылықтарының дамуынан көрініс тапқан.
Диалектика - ойлау мен таным әдісі, болмыстың әмбебап байланыстары, оның өзгеруі мен дамуы туралы ілім. Диалектика мазмұны болмыс мазмұнына сай келеді. Ой өмір шындығын дұрыс айта білгенде, ол ой шынайы айтылған болып саналады. Диалектикалық логика - дұрыс ойлау заңдылықтары туралы ғылым. Диалектика заңдары өмір шындығының дамуына ғана емес,ойдыңдамуына да әсер етеді.
Диалектиканың басты принциптері: 1.Әлемде барлық нәрселер үнемі қозғалыста, бәріне өзгеру тән. Қозғалыс кішіден үлкенге қарай, қарапайымнан күрделіге қарай жүреді. Бұл өлшемнің басты өлшемі- даму (сандық мәнде ғана емес, сапалық мәнде де өзгереді). 2.Әлемде барлық нәрсе өзара байланыста, яғни әлемде толықтай тәуелсіз бола алатын жаратылыс жоқ. Заттар, нәрселер бір-бірімен байланыста. 3.Заттардың ішкі қарама қарсылығы белгілі бір денені қозғалысқа келтіреді. Қозғалыстың басты қайнар көзі ішкі - қарама - қайшылық.
Диалектика заңдары - әлемнің негізгі заңдылықтары, мен материяның даму тенденцияларын бейнелейді. Диалектиканың үш заңы бар. Олар: 1.Қарама- қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, 2.Сандық өзгерістердің сапалық өзгеріске өту заңы, 3.Терістеуді терістеу заңы.
Тарих философиясы - тарихи процесті философиялық тұрғыдан түсіндіреді. Философияның мазмұны және тарихи мәселелері уақыт өте келе өзгеріп отырады. Қазіргі философияның тарихы негізгі мақсатының ауқымына: адамзат тарихы дамуының зерттелуі, ол қандай бір заманда, өркениеттерге, мәдениеттерге бөлінуі, қатынастың мінезіне деген нұсқайтын тарихи үдерістің ортақ пішінінің анализы; тарихи эволюциянің басты факторының байқауы Құдайдың еркінің, тарихи заңдармен тарихтың, айқындаушылық бәстің оның жүйесінің, әрекеттестікпен материалдық кіреді.Тарих философиясы ұғымын Вольтер енгізді, нақты түрде антикалық кезеңге жатады)-тарихты бағалау мен талдау философиясы, яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелері. Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға ие: біріншіден, тарихты онтологиялық және гносеологиялық талдау; екіншіден, 19-шы ғасырдың аяғы және 20-шы ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық бағыт. Тарихты басқарушы күш әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Идеалистік философияда тарихты басқаратын күш абсолютті рух (Гегель) деп қарастырылды. Рационалистер тарихты басқаратын күш ақыл-ой деп санады. Натуралистік бағыттардың өкілдері тарихты басқаратын күш табиғи заңдылық деп түсіндіреді. Қалай дегенде де бұл күштер тарихтан сыртта деп қарастырылады. Олар тарихты басқаратын күштер тарихтың өзінің ішінде құрылады деп есептемеді. Тарих философиясының классикалық жобаларында дұрыс пікірлер де болды. Мысалы, француз ағартушылары ХVIII ғасырда прогресс теориясын дайындап шығарды. Оның алғашқы авторы Кондерсе болды. Гердер процестің бірлігі туралы ілімді ашты. Сол уақытта мәдениет философиясының да ірге тасы қаланды. Оны ашқан Вольтер болатын. Вольтер мәдениет философиясын саясат философиясына қарсы қойды. Тарих философиясының рационалистік нұсқасынан романтикалық нұсқа ерекшеленді. Романтикалық нұсқада тарихи кезеңдердің ішкі байланысы, сабақтастығы, көптүрлігі ашылды. Георг Вильгелм Гегель тарихи процеске байланысты еркіндік және қажеттілік ұғымдарының қатынасын терең талдап көрсетті. Бірақ олар метафизикалық көзқарастардан арыла алмады. Тарих философиясына позитивизм де өз пікірін айтты. Позитивизм адамдардың табиғи қажеттіліктеріне, табиғи алғы шарттарға көп назар аударды. Идеалистік концепцияларда да, натуралистік философияда да реалды тарихи шығармашылық әлде бір сыртқы, тарихи емес күштерден бастау алады. Тарихқа материалистік көзқарас барлық трансцентентальды, жаратылыстан тыс, тарихи еместің бәрін ысырып тастайды. Маркстің пікірінше адамдар тарихты өздері жасайды, олар өздерінің бүкіл әлемдік тарихи драмасының актері де, авторы да өздері болып табылады. Маркс, - алдыңғы ұрпақтың іс-әрекеттерінің нәтижелері объективтілендіріліп, келесі ұрпақтың алдында алғышарт болып негізделіп жатады, - деді. Маркске дейінгі тарих философиясында басты болып келген онтологиялық проблематика ХIХ ғасырда басқа қоғамдық ғылымдарға ауысады, соның ішінде социологияға. ХIХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басы кезеңінде орын алған позитивистік эволюционизмнің кризисі тарихи айналым теорияларының жаңа варианттарының пайда болуына және кең таралуына мүмкіндіктер туғызды (Шпенглер, Тойнби, Сорокин). Тарихтың мәнінің метафизикалық проблемасы христиандық тарих философиясының басты мәселесі болып табылды (Бердяев, Маритен, Демиф, Бультман, Нибур). ХIХ ғасырдың соңында пайда болған сыни тарихи философия тарихи таным процесі мен нәтижесін талдаудың гносеологиялық және методологиялық проблематикасын алға қойды. Тарихи танымның гносеологиялық сыны мәселесін алғаш Дильтей қарастырды. Бұл ілім ақыл-ойды жаппай сынға алудан да тайынбады. Тарихи танымды гносеологиялық сынау тарихи субъект теориясын қамтымай қоймайды. Кроче деген ойшыл тарих ой ретінде де, тарих әрекет ретінде де бір-бірімен тығыз байланысты деп түйді. Неокантшылдықтың баден мектебінің индивидуалшыл әдісі құндылық философиясымен байланысты болды. Осындай ерекшелік Экзистенциализмге де тән болды. Бұл ілімдер де тарих философиясы адам философиясының бір аспектісі ретінде орын алады. Көрнекті батыс ғалымы Р.Арон өзінің "Тарих философиясы" деген еңбегінде индустриалдық қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсетеді: 1.өндірісті ғылыми түрде ұйымдастыру; 2.материалдық молшылықтарға жету; 3.ұлттық өнімде өндірістің үлесінің көбеюі және соған сәйкес ауыл шаруашылығының үлесінің кемуі; 4.баюдың көзі ретінде соғысты жою; индустриалдық қоғамда өндіріс құралдарына деген меншік формаларының еш маңызы жоқ. Р.Арон постиндустриалды қоғам туралы концепциясын кеңінен таратты. Тарихи прогресс өндіргіш күштерді жетілдіру нәтижесінде алға өрлейді. Саясат адам психикасындағы мифологиялық сенімдерге сүйенеді және өз тарапынан саяси мифтерді қалыптастырады.
Саясат философиясы - саяси теорияның әдіснамалық, жалпы дүниетанымдық және құндылық негіздерін, яғни, саясат әлемін зерттейді. Саясат философиясы саясаттың рухани өлшемі мәселелерімен айналысады. Саясат философиясы пәнін үш түрлі топқа бөлуімізге болады: саяси құндылықтар, шынайы саясатты мораль, ірі қоғамдық топтар мүддесі түрғысынан бағалау; саясаттың терең негіздері, саяси-философиялық білімдер тиімді ізденістерге негізделеді; саясатты танудың құралдары мен тәсілдерін талдау саяси түсініктер мәнін анықтайды
Саясат мәселесін философиялық тұрғыдан анықтау барлық әлеуметтік гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқыту үшін теориялық методологиялық негіз болып табылады. Саясат философиясының пәніне әлеуметтік философиялық теориялардың аса жалпы көзқарастық, құндылықтық негіздемелерге қатысты саяси әлемнің универсалийлерін зерттеу жатады. Қоғамның саяси өмірін зерттей отырып, философия саясат субъектілерінң саяси мәдениетіне, лидерлер мен бұқараның өзара қарым - қатынасына, саясатқа қатысушылардың рухани деңгейіне ерекше көңіл аударады. Философия саяси өмірдегі субъективті бастаманың жоғары деңгейін атап көрсетеді. Ол, сонымен қатар, қоғамның қаншалықты деңгейде демократиялық, яғни саясатқа қатысушылардың мүмкіндіктері бірдей ме, бірдей емес пе деген мәселелерге көңіл қояды. Саяси өмірідің институттарына әртүрлі партиялар, қоғамдық ұйымдар мен ассоциялар жатады. Дегенмен, саясаттың негізгі құралы мемлекет болып табылады.
ХХ-шы ғасырдың 2-ші жартысында әзірленді, басты бейнемен арада АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда лайықты ғылыми қоғамдар әрекет етеді, мерзімдік басылымдар шығарылады; көптеген университетте білім философиясы оқу пән ретінде оқытылды. Зерттеу барысында білім философиясы пәнаралық сипатты иеленді. ХХ ғасыр тұжырымдамасының, бас негіз бихевиоризмның дамыған ғасырларда алдын ала болған гештальтпсихология, психоанализа, және т.б. философиялық антропология, білім философиясы ХХ ғасыр білім мен дағдарысты көрініс тапты. Маңызды импульстармен білімнің философиясының зерттемесі үшін жаппай қоғамдық қозғалыстар болды.
Білімнің талдау философиясы 60-шы жылдары И. Шефлердің, Э. Маклелланның, Д.С. Солитстің (АҚШ), Р. Питерстің, Х. Херстің (Ұлыбритания) еңбектерімен негізделген. Алғашында бұл бағыттың мақсаты тексерілу критериясына сай болып келетін білімді игеру болғанды. 70-ші жылдары Херст бағыттың зерттеу аясына күнделікті жалпыадамзаттық құндылықтарды еңгізді. Питерс болса, білім философиясына адам жүріс-тұрысы мен оның моральдық тәрбиесінің негізі болып табылатын эмоционалдық және әлеуметтік құндылықтарды еңгізді.
Білімнің сыни-рационалдық философиясы В. Брецинки мен Р: Лохнердің еңбектерінде өзінің дамуын тапты. Оның мақсаты әлеуметтануды пайдалана отырып тәрбиелік ғылым жүйесін жүзеге асыру болатын. Білімнің мақсаты тұлғаның сыни ойлау жүйесін қалыптастыру.
Білім философиясының гуманитарлық бағыты да кейбір ағымдарды байланыстырады. Бұл бағыттың негізін Г. Нол, Э. Шпрангер, В. Дильтей, Литтаның еңбектерінде көруге болады. Олардың философиясының негізгі мәселелері - экзистенциалдылық, тұлғаның даралығы, тұлғаралық қатынас. Сонымен қатар, білім философиясының гуманитарлық бағытының өкілдері мемлекеттік-саяси өмірге қатысты білімнің даралығын қарастырады. Гуманитарлық бағыттың негізгі өкілдерінің ішінде үнқатысу философиясының дамуын қарастырған М. Буберді және психологиялық теорияны талдаған К. Роджерсті атап өтуге болады. Сонымен қатар, гуманитарлық бағыттың ішінде маңызды орын алған, 60-80-ші жылдары пайда болған педагогикалық антропологияны да баса айтқанымыз жөн болар.
Сыни-эмансипаторлық білім философиясының негізі Франкфурттік мектептің идеясынан көрінеді. Оның негізгі өкілдері К. Молленхауэр мен В. Клафки. Бұл тұжырымның негізінде қарастырылған білімнің қарама-қайшылықтары индустриалдық қоғамның жүзеге асуы нәтижесіндегі әлеуметтік қақтығыстар мен оның идеологиясынан туындаған факторы болып есептеледі. Сыни-эмансипаторлық білім философиясының өкілдері саясат педагогиканың қызметін бағыттайтынына қарсы шықты, яғни мектептің тәрбиесі Освенцимнің (Т. Адорно) қайталануына әкелмеуі тиіс екенін баса айтты.
70-ші жылдары күнделіктілікке қайта өрлеу қозғалысы пайда болып, Д. Ленцен, В. Фишер деген ғалымдардың еңбектерінде негіз көрді. Олардың ойынша, дәстүрлі педагогика жүйелі теориялармен сәйкес емес, өйткені адам туралы ғылыми терминдермен белгілі бір мағлұматтар беру адамзат өмірінің әралуандығын терістейді. Жүйелі түрде мектептерді құру оның негізгі мақсаттарына күмән тудырады. Егер де осы мектептерді саясаттан босататын болсақ білім қызметтері отбасы, байланыс жүйесі мен білікті мамандарды дайындау және тағы басқа әлеуметтену институттары арасында бөлінеді.
Кеңес Одағы кезеңінен кейінгі заманда педагогика мен білім реформасының теоретикалық мазмұнын жаңашалау үдерісінің жүзеге асу мақсатында ХХ - ХХI ғғ. басында білім философиясының методологиялық мәселелерін шешуге қызығушылық артты. Осының аясында жұмыстарын жүзеге асырған мынадай ғалымдарды атап өтуге болады: П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Э.В. Ильенков, Г.П. Щедровицкий, В.С. Библер.
Жеке немесе арнайы әдістер - жеке ғылымдар немесе тәжірибелік істер аясында қолданылады. Бұл химия немесе физика, биология немесе математика әдістері, металл өңдеу немесе құрылыс ісінің тәсілі болып саналады.
Өзгеше, жеке мәселені шешуге арналған тәсілдердің өзгеше тобын әдістемелер құрайды.
Философия жалпы методологияға жақын болады. Өйткені философиялық әдіс жүйесінде өмірді танудың теориялық және практикалық тәсілі бар және философиялық өзіндік білімнің жүйесін қалау әдісі. Философия методология ретінде де өзінің бастамасын адамның практикалық іс-әрекетінен алады. Өзінің қайнар көзін логикада және өмірдің объективті заңдылықтарының дамуынан көрініс тапқан.
Диалектика - ойлау мен таным әдісі, болмыстың әмбебап байланыстары, оның өзгеруі мен дамуы туралы ілім. Диалектика мазмұны болмыс мазмұнына сай келеді. Ой өмір шындығын дұрыс айта білгенде, ол ой шынайы айтылған болып саналады. Диалектикалық логика - дұрыс ойлау заңдылықтары туралы ғылым. Диалектика заңдары өмір шындығының дамуына ғана емес, ойдың дамуына да әсер етеді.
Диалектиканың басты принциптері: 1.Әлемде барлық нәрселер үнемі қозғалыста, бәріне өзгеру тән. Қозғалыс кішіден үлкенге қарай, қарапайымнан күрделіге қарай жүреді. Бұл өлшемнің басты өлшемі- даму (сандық мәнде ғана емес, сапалық мәнде де өзгереді). 2.Әлемде барлық нәрсе өзара байланыста, яғни әлемде толықтай тәуелсіз бола алатын жаратылыс жоқ. Заттар, нәрселер бір-бірімен байланыста. 3.Заттардың ішкі қарама қарсылығы белгілі бір денені қозғалысқа келтіреді. Қозғалыстың басты қайнар көзі ішкі - қарама - қайшылық.
Диалектика заңдары - әлемнің негізгі заңдылықтары, мен материяның даму тенденцияларын бейнелейді. Диалектиканың үш заңы бар. Олар: 1.Қарама- қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, 2.Сандық өзгерістердің сапалық өзгеріске өту заңы, 3.Терістеуді терістеу заңы.
Тарих философиясы - тарихи процесті философиялық тұрғыдан түсіндіреді. Философияның мазмұны және тарихи мәселелері уақыт өте келе өзгеріп отырады. Қазіргі философияның тарихы негізгі мақсатының ауқымына: адамзат тарихы дамуының зерттелуі, ол қандай бір заманда, өркениеттерге, мәдениеттерге бөлінуі, қатынастың мінезіне деген нұсқайтын тарихи үдерістің ортақ пішінінің анализы; тарихи эволюциянің басты факторының байқауы Құдайдың еркінің, тарихи заңдармен тарихтың, айқындаушылық бәстің оның жүйесінің, әрекеттестікпен материалдық кіреді.
Тарих философиясы ұғымын Вольтер енгізді, нақты түрде антикалық кезеңге жатады)-тарихты бағалау мен талдау философиясы, яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелері. Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға ие: біріншіден, тарихты онтологиялық және гносеологиялық талдау; екіншіден, 19-шы ғасырдың аяғы және 20-шы ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық бағыт. Тарихты басқарушы күш әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Идеалистік философияда тарихты басқаратын күш абсолютті рух (Гегель) деп қарастырылды. Рационалистер тарихты басқаратын күш ақыл-ой деп санады. Натуралистік бағыттардың өкілдері тарихты басқаратын күш табиғи заңдылық деп түсіндіреді. Қалай дегенде де бұл күштер тарихтан сыртта деп қарастырылады. Олар тарихты басқаратын күштер тарихтың өзінің ішінде құрылады деп есептемеді. Тарих философиясының классикалық жобаларында дұрыс пікірлер де болды. Мысалы, француз ағартушылары ХVIII ғасырда прогресс теориясын дайындап шығарды. Оның алғашқы авторы Кондерсе болды. Гердер процестің бірлігі туралы ілімді ашты. Сол уақытта мәдениет философиясының да ірге тасы қаланды. Оны ашқан Вольтер болатын. Вольтер мәдениет философиясын саясат философиясына қарсы қойды. Тарих философиясының рационалистік нұсқасынан романтикалық нұсқа ерекшеленді. Романтикалық нұсқада тарихи кезеңдердің ішкі байланысы, сабақтастығы, көптүрлігі ашылды. Георг Вильгелм Гегель тарихи процеске байланысты еркіндік және қажеттілік ұғымдарының қатынасын терең талдап көрсетті. Бірақ олар метафизикалық көзқарастардан арыла алмады. Тарих философиясына позитивизм де өз пікірін айтты. Позитивизм адамдардың табиғи қажеттіліктеріне, табиғи алғы шарттарға көп назар аударды. Идеалистік концепцияларда да, натуралистік философияда да реалды тарихи шығармашылық әлде бір сыртқы, тарихи емес күштерден бастау алады. Тарихқа материалистік көзқарас барлық трансцентентальды, жаратылыстан тыс, тарихи еместің бәрін ысырып тастайды. Маркстің пікірінше адамдар тарихты өздері жасайды, олар өздерінің бүкіл әлемдік тарихи драмасының актері де, авторы да өздері болып табылады. Маркс, - алдыңғы ұрпақтың іс-әрекеттерінің нәтижелері объективтілендіріліп, келесі ұрпақтың алдында алғышарт болып негізделіп жатады, - деді. Маркске дейінгі тарих философиясында басты болып келген онтологиялық проблематика ХIХ ғасырда басқа қоғамдық ғылымдарға ауысады, соның ішінде социологияға. ХIХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басы кезеңінде орын алған позитивистік эволюционизмнің кризисі тарихи айналым теорияларының жаңа варианттарының пайда болуына және кең таралуына мүмкіндіктер туғызды (Шпенглер, Тойнби, Сорокин). Тарихтың мәнінің метафизикалық проблемасы христиандық тарих философиясының басты мәселесі болып табылды (Бердяев, Маритен, Демиф, Бультман, Нибур). ХIХ ғасырдың соңында пайда болған сыни тарихи философия тарихи таным процесі мен нәтижесін талдаудың гносеологиялық және методологиялық проблематикасын алға қойды. Тарихи танымның гносеологиялық сыны мәселесін алғаш Дильтей қарастырды. Бұл ілім ақыл-ойды жаппай сынға алудан да тайынбады. Тарихи танымды гносеологиялық сынау тарихи субъект теориясын қамтымай қоймайды. Кроче деген ойшыл тарих ой ретінде де, тарих әрекет ретінде де бір-бірімен тығыз байланысты деп түйді. Неокантшылдықтың баден мектебінің индивидуалшыл әдісі құндылық философиясымен байланысты болды. Осындай ерекшелік Экзистенциализмге де тән болды. Бұл ілімдер де тарих философиясы адам философиясының бір аспектісі ретінде орын алады. Көрнекті батыс ғалымы Р.Арон өзінің "Тарих философиясы" деген еңбегінде индустриалдық қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсетеді: 1.өндірісті ғылыми түрде ұйымдастыру; 2.материалдық молшылықтарға жету; 3.ұлттық өнімде өндірістің үлесінің көбеюі және соған сәйкес ауыл шаруашылығының үлесінің кемуі; 4.баюдың көзі ретінде соғысты жою; индустриалдық қоғамда өндіріс құралдарына деген меншік формаларының еш маңызы жоқ. Р.Арон постиндустриалды қоғам туралы концепциясын кеңінен таратты. Тарихи прогресс өндіргіш күштерді жетілдіру нәтижесінде алға өрлейді. Саясат адам психикасындағы мифологиялық сенімдерге сүйенеді және өз тарапынан саяси мифтерді қалыптастырады.
Саясат философиясы - саяси теорияның әдіснамалық, жалпы дүниетанымдық және құндылық негіздерін, яғни, саясат әлемін зерттейді. Саясат философиясы саясаттың рухани өлшемі мәселелерімен айналысады. Саясат философиясы пәнін үш түрлі топқа бөлуімізге болады: саяси құндылықтар, шынайы саясатты мораль, ірі қоғамдық топтар мүддесі түрғысынан бағалау; саясаттың терең негіздері, саяси-философиялық білімдер тиімді ізденістерге негізделеді; саясатты танудың құралдары мен тәсілдерін талдау саяси түсініктер мәнін анықтайды
Саясат мәселесін философиялық тұрғыдан анықтау анықтау барлық әлеуметтік гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқыту үшін теориялық методологиялық негіз болып табылады. Саясат философиясының пәніне әлеуметтік философиялық теориялардың аса жалпы көзқарастық, құндылықтық негіздемелерге қатысты саяси әлемнің универсалийлерін зерттеу жатады. Қоғамның саяси өмірін зерттей отырып, философия саясат субъектілерінң саяси мәдениетіне, лидерлер мен бұқараның өзара қарым - қатынасына, саясатқа қатысушылардың рухани деңгейіне ерекше көңіл аударады. Философия саяси өмірдегі субъективті бастаманың жоғары деңгейін атап көрсетеді. Ол, сонымен қатар, қоғамның қаншалықты деңгейде демократиялық, яғни саясатқа қатысушылардың мүмкіндіктері бірдей ме, бірдей емес пе деген мәселелерге көңіл қояды. Саяси өмірідің институттарына әртүрлі партиялар, қоғамдық ұйымдар мен ассоциялар жатады. Дегенмен, саясаттың негізгі құралы мемлекет болып табылады.
Саясат дегеніміз - билікті өз пайдасына шешу, өзінің талап - тілегін жүргізіп отыруға мүмкіндік алу үшін индивидтер мен әлеуметтік топтар арасындағы айрықша іс - әрекеттің формасы. Бұл іс - әрекет адамдардың мүлдесі мен еркінің, эмоциясы мен ақыл - ойының өзара қабысуы. Саясат - бұл биліктің қатынастар жүйесі. Саясаттың философиялық анықтамасының мәні осында. Саясат индивидтер мен әлеуметтік топтардың өзара әрекеттесуінің сферасы. Өйткені олардың меншіктік, құқықтық, адамгершілік, тағы да басқа мүдделері өзара бәсекеге түседі. Саясат әрқашан да күрделі және шатасқан іс - әрекет, одан не нәрсе күту керек екенін айту қиын. Саясат - мемлекетті және қоғамды басқарудың өнері, сондықтан ол саналы іс - әрекеттер саласы. Саясатта саналы іс - әрекет етіп, көрнекті табыстарға жету үшін көптеген қасиеттер қажет.Білім философиясы - білім теориясының тарауы, осы әлеуметтік мекеменің мәнін, қоғамдағы маңызын және адамның дамуындағы рөлін зерттейді. Білім философияның маңызды міндеті - ұзақ перспективаға есептелген білім беру стратегиясының базалық принциптерін жасау. ХХ-шы ғасырдың 2-ші жартысында әзірленді, басты бейнемен арада АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда лайықты ғылыми қоғамдар әрекет етеді, мерзімдік басылымдар шығарылады; көптеген университетте білім философиясы оқу пән ретінде оқытылды. Зерттеу барысында білім философиясы пәнаралық сипатты иеленді. ХХ ғасыр тұжырымдамасының, бас негіз бихевиоризмның дамыған ғасырларда алдын ала болған гештальт психология, психоанализа, және т.б. Философиялық антропология, білім философиясы ХХ ғасыр білім мен дағдарысты көрініс тапты.Маңызды импульстармен білімнің философиясының зерттемесі үшін жаппай қоғамдық қозғалыстар болды.
Білімнің талдау философиясы 60-шы жылдары И. Шефлердің, Э. Маклелланның, Д.С. Солитстің (АҚШ), Р. Питерстің, Х. Херстің (Ұлыбритания) еңбектерімен негізделген. Алғашында бұл бағыттың мақсаты тексерілу критериясына сай болып келетін білімді игеру болғанды. 70-ші жылдары Херст бағыттың зерттеу аясына күнделікті жалпыадамзаттық құндылықтарды еңгізді. Питерс болса, білім философиясына адам жүріс-тұрысы мен оның моральдық тәрбиесінің негізі болып табылатын эмоционалдық және әлеуметтік құндылықтарды еңгізді.
Білімнің сыни-рационалдық философиясы В. Брецинки мен Р: Лохнердің еңбектерінде өзінің дамуын тапты. Оның мақсаты әлеуметтануды пайдалана отырып тәрбиелік ғылым жүйесін жүзеге асыру болатын. Білімнің мақсаты тұлғаның сыни ойлау жүйесін қалыптастыру.
Білім философиясының гуманитарлық бағыты да кейбір ағымдарды байланыстырады. Бұл бағыттың негізін Г. Нол, Э. Шпрангер, В. Дильтей, Литтаның еңбектерінде көруге болады. Олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік жұмыскер
Ғылымтану деңгейлері мен әдістері
«Философия көзқарас ретінде»
Философия, оның пәні. Философия тарихы
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастық
Дамуынды ауытқуы бар балалардың жалпы психикасына сипаттама
Философиялық дүниетаным және дүниетанымның тарихи түрлері
Картаны пайдалану деңгейі
Саяси дау жанжалдардың мәні мен негізгі себептері
Жаңа уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия
Пәндер