Жеке тұлға тәрбиесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті.

Факультеті:Филология
Тобы: ФҚӘ 313f
БӨЖ

Тақырыбы: Жеке тұлға қалыптасуы.

Қабылдаған:Нурынбетова.С
Орындаған:Иген.З

Түркістан - 2023

Мазмұны.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Жеке тұлғаны қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Жеке тұлғаның даму мен қалыптасуына әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ...5
Жеке тұлға тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
Жеке тұлғаның шыгармашылыкка баулу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

Кіріспе

Тәрбиенің негізгі мақсаты қалыптасып келе жатқан тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан.
(Э.РоттердамскийЯ.А.Коменский, К.А.Гельвеций, С.Л.Рубинштейн, В.В.Давыдов т.б.).
Адам өзіне тән биологиялық құрылысы бір тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етедіҚоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. Әлеуметтік мұрагерлік адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты. екі бағыт- биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иенсі болып туады, алайда өз дамуы барысында гана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.Жеке тұлға бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың езегі бар деп мойындайды, олар оны Мен-жүйе немесе жай ғана Мен деп белгілейді. Жогарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұгым болып табылады.Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығыЖеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қогамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда адам, жеке тұлға деген ұғымдардың қатары даралық деген ұғыммен толықтырылуы қажет.

1.Жеке тұлғаны қалыптастыру.
Жеке тұлғаны қалыптастыру дегеніміз - оны мәдениетке үйрету, білім беру, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту. Жеке тұлғаның белгілі бір мәдени ортада болып, оның тұлғалық және танымдық дамутына ерекше әсерін тигізеді. Қалыптасуына қарай жеке, тұлғаның белгілі бір мәдениетінің субьектісі ретінде екі түрлі фактор бар: біріншісі - сол халықтың мәдени ерекшеліктері, екіншіден - танымдық процестері, темперамент, мінез-құлқын сапалы түрде танып ажырата білу. Әлеуметтік жеке адамды әсер етуші субъект ретінде қарастырады. Әлеуметтену процесінде ие болған жекелік қасиеті, әлеуметтік бағдары бір орында тұрып, қатып қалған жоқ, бірақ жеке адам нақты топта, шынайы әлеуметтік ортада үнемі түзетулерге ұшырайды. Шынайы, нақты топтың ролі өте күшті, маңызды орын алады. Адам баласының мінез-құлықтық айналасындағы адамдарының тұрмыс қалпы, іс-әрекет, қылықтарының көрінісі болып табылады. Өйткені қоғамда өмір сүрген индивид қай уақытта болса да физикалық жағынан басқа адамдармен қатынаста болады. Сол адамдар арасындағы қатынас уақыт пен кеңістік аралығында күрделі немесе көп қырлы болып келеді. Адамдар қандай да болмасын, әлеуметтік мәртебеге ие индивидтен өзіне тиісті міндет пен нақты мінез-құлықты күтеді. Мысалы: мұғалім мәртебесі - оған дәрісті жақсы ұйымдастыру, өз пәнін жақсы білуді, тындаушыларына сұрақ қоя отырып қызықтыруды, жастар үшін тәрбиенің үлгісі болуын, жоғарғы мәдениеттілікті, т.б. талап етеді. Әлеуметтік қатынастың объектісі ретінде тұлғаның өзін ұқсастыру процесінің 3 түрі бар: 1) Ойдан шығарылған адамға өзін ұқсату; 2) Өзін белгілі бір әлеуметтік топқа ендіру; 3) Нақтылы әлеуметтік топқа, ұжымға жатамын деген сезіммен өзін соларға қосу. Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір орынды иеленеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни, белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Әлеуметтік рөл адамның үлкен топтың өкілі ретінде қоғамдағы орны. Жеке мәртебе индивидтің шағын топтағы орнын айтады, бұл индивидті осы топ мүшелерінің бағалауы мен қабылдауына байланысты болады. Адамның - тұғалық жетілу үрдісі, сана мен өзіндік санасының бөлінбейтін компоненті ретінде қалыптасуы тұлғаның даму үрдісі. Тұлға саналы субъект ретінде қоршаған ортаны ғана емес, сонымен қатар айналасындағылармен қатынаста өзін де түсінеді. Тұлғаны өзіндік санасымен менін бөлмей қарастырған жөн. Сана өзіндік санадан, мен-нен туындамайды, керісінше өзіндік сана тұлға санасы мен оның дербес субъект ретінде даму барысында дамиды. Практикалық және теориялық іс-әрекеттің субъектісі боларда, оның мен-і сол үрдісте қалыптасады. Өзін түсініп және Мен ұғымының қалыптасуы, заттарға және ситуацяларға қатынасы оның оқу іс-әрекетіне, еріктік сферасына, болашақ өмірлік жолының анықталуына септігін тигізеді. Өзіндік сана үрдісін зерттеуге арналған көптеген жұмыстар бар. Ол зерттеулер екі топқа бөлінген сұрақтар аумағында шоғырланған. Б.Г.Ананьев, Л.И.Божови, А.Н.Леонтъев, С.Л.Рубинштейн, А.Г.Спиркин И.И.Чеснокова еңбектерінде өзіндік сананың дамуы туралы сұрақ тұлға дамуының мәселелері контексінде жалпы теориялық және әдіснамалық тұрғысынан талданған. А.Бодалевтің зерттеулерінде әлеуметтік перцепцияға бағыттталған басқа адамдарды және өзін тануға байланысты сұрақтарға қызығушылық танытқанын көруге болады. И.С.Конның еңбектерінде философиялық, жалпы және әлеуметтікпсихологиялық, тарихи-мәдени аспектілер, теориялық мәселелер мен нақты эксперименталды алынғандарды талдаулары жоғарыда аталған психологиядағы бұрыннан қарастырылып келген сұрақтың жаңа қырлары ашылған. Сана психологиясына шетел ғалымдарының У.Джеймс (сананың түрақты және айнымалы күйлері бар деп түсіндірген), К.Роджерс (тұлғаның өзінің ұғымы мен өмірлік тәжірбиесінін тұрақтылығы конгруэнттік (сәйкестік) мәселелері туралы зерттеулер жүргізген), Р.В.Бернс (Ментұжырымы мен өзін-өзі тәрбиелеуге байланысты пікірлер айтқан), Э.Берн еңбектерінде де өзіндік санаға қатысы бар әр түрлі көзқарастар жеткілікті. Өзіндік сана сананың ең жоғарғы деңгейі. Өзіндік сана пікірлер мен әрекеттердің қалыптасуына негіз болатын ақыл-ойдың іс-әрекеті. Өзіндік сананы өзі және өзіне қатынасы туралы бейнесі деп анықтауға болады.
2.Жеке тұлғаның даму мен қалыптасуына әсер ететін факторлар.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторлар Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасу фокторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан. Адам-өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты екі бағыт - биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, иғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтіктұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы- оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім берудің алар орны ерекше. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет, ал тар мағынада тәрбие дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастыру. Материалистік философия қоршаған орта мен биологиялық бейімділіктер қатарында тәрбиеге ерекше орын бөледі, тәрбие - жеке тұлғанын дамуы мен қалыптасуының үшінші факторы. Бұндағы айта кететін жағдайлардың бірі - материалисттік түсінікте жеке тұлға тек объекті ретінде ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы, тәрбиенің субъектісі ретінде, өзіндік қайта құру қызмет - әрекетінің субъектісі ретінде қарастырылады. Тәрбие - жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы ретінде. Тәрбие - жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі, бұл процесте тұқымқуалаушылық бейімділік пен микроортаның өзгерістері жөнге келтіріледі. Қазіргі ғылыми көзқарас бойынша баланың жеке тұлғалығы тәрбиенің обьектісі ретінде де, субьекісі ретінде де қарастырылады. Оның обьект болу себебі оның қалыптасуы сыртқы ықпал-әсерлерге, әсіресе, тәрбие секілді мақсатты әсерлерге тәуелді. Субьект болу себебі жеке тұлғаның белсенділігінсіз, сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсенді ықпалынсыз даму ілгері жүрмейді; тағы бір себебі: адамның дамуы өзін-өзі дамыту процесінде ғана жүзеге асады, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеудің де алар орны ерекше (сол субьект қалағанындай жеке тұлғаға тән белгілі бір қасиеттерін қалыптастыру мақсатында өз бетінше жұмыс). Адам психикасының сырттай көріністерінің қасиеттері өмір барысында қалыптасады, сондықтан оларды ата- ана, педагогтар және баланың өзі қадағалап, реттей алады. Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оны жанжақты дамыту. Ал бұл міндеттердің нәтижелі болуы жеке адамның қалыптасуына қандай жағдайлардың ықпал ететінін білумен байланысты. Тәрбие қоғамдық өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі үрдісі.Педагогика үшін мәнді мәселенің бірі - "жеке тұлға" түсінігінің өзін айқындап алу. Адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі - биологиялық, екіншісі - әлеуметтік. Шетел педагогикасы мен психологиясы жеке тұлғаның даму мәселесін үш негізгі бағытта қарастырады, яғни олар: биологиялық, әлеуметтік және биосоциологиялық. Осы бағыттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемесі
Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесі
Дене тәрбиесінен білікті мамандар даярлаудағы педагогикалық ізденістер
Бастауыш мектепте тұлға - аралық қатынасты қалыптастыру тәжірибелері
Дене тәрбиесінің қоғамдағы маңыздылығы
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Дене шынықтырудың міндеттері
Дене мәдениеті мен спорттың қоғамдағы орны
Оқушылардың дене тәрбиесін қозғалыс-қимыл жаттығулары арқылы ұйымдастыру ерекшеліктері
Пәндер