Ғалым Құдайберді Жұбанов отбасындағы тіл білімін зерттеуші ғалымдар


Ғалым Құдайберді Жұбанов отбасындағы тіл білімін зерттеуші ғалымдар
Мазмұны
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов (19 желтоқсан 1899 жыл, Темір ауданы, Ақтөбе облысы - 25 ақпан 1938 жыл) - тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры (1932), түркітанушы, педагог . Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан. Алғашқыда Оспан ишанның мешітінен дәріс алып, араб тілін үйренеді. 1918 жылы Електегі екі кластық орыс-қазақ училищесін бітірген. Темір-Орқаш болысының әуелі хатшысы, кейін төрағасы болады. 1920 жылы Орынбор қаласындағы Құсаиния медресесін бітіреді. Араб, парсы, орыс, латын, түрік, жапон, француз, ағылшын, неміс тілдерін меңгереді. 1920 жылы “Ай” атты журнал ұйымдастырып, оның бетінде М. Горькийдің “Сұңқар туралы жыр”, “Дауылпаз туралы жыр”, “Хан мен ұлы”, т. б. шығармаларын қазақ тіліне аударып жариялаған. Ақындық, жазушылық өнерімен де танылып, өлең, пьеса, т. б. жазған. Мысалы, “Мақпал - Сегіз” дастанының желісі бойынша Жұбанов Тілепбергеновпен бірігіп жазған пьесасы Ақтөбедегі кеңес-партия мектебінің, педагог техникум оқушыларының қатысуымен сахнаға шығарылып, қала жұртшылығына көрсетіледі. “Ай” деген өлеңі жоғарыда аталған журналдың беташары ретінде жарияланды. Көпшілік көкейіне тез қонатын сықақ, фельетондары сахнада, сауық кештерінде айтылып жүрсе, кейбіреулері “Еңбекші Қазақта” жарияланған. 1925 жылы Жұбановтың режиссерлігімен Ақтөбе қаласында М. Әуезовтің “Еңлік - Кебек” пьесасы қойылады. 1920 - 22 жылдары ауылда мұғалім болып істейді. 1922 - 24 жылдары Темір уездік оқу-ағарту бөлімінде басшы. 1924 - 29 жылдары Ақтөбе губерниясы оқу-ағарту бөлімінде басшы қызметтер атқарды, сонымен бір мезгілде Ақтөбе педагогикалық техникумында сабақ берді. Қызметтен қолы бос уақытта өз бетімен білімін толықтырған.
Түркі тілдес республикалардың жаңа әліпбиге көшуіне арналып, 1925 жылы Мәскеуде өткізілген кеңеске қатысып, онда сөз сөйледі. Жаңа әліпбиді енгізу мәселелерімен айналысқан Әзірбайжан ғалымы Ағамалы оғлымен жиі хат жазысып тұрды. 1927 жылдан бастап Жұбанов Санкт-Петербургтегі орыс ғалымдарымен байланыс жасады. Түркі тілдерін зерттеуші академик А. Н. Самойлович, шығыстанушы В. В. Бартольд, тілші ғалым А. В. Щерба, т. б. еңбектерін алдырыпоқыды. 1928 жылы Санкт-Петербургтегі Шығыстілдері институтының (Шығыстану институты) толық курсын бітірді. 1929 жылы осы институттыңакадемигі Самойлович басқаратын “түркітанусеминарийіне” оқуға түсті. 1930 жылы КСРО Ғылым Академиясының Тіл білімі институтыныңаспиранты болды. Н. Я. Марр, И. И. Мещанинов, А. В. Богородицкий, т. б. белгілі тілші ғалымдардандәріс алды. 1932 - 37 жылдары ҚазПИ-де(қазіргі Алматы ) профессор, қазақ тілі мен әдебиетікафедрасының меңгерушісі болды.
Өз қаламының құдіретін ерте байқатқан алғашқы өлеңдері мен фельетон, мақалалары Қазан төңкерісінен бұрынғы басылымдарда Құдайберген «шекті», «Қараша бала» деген лақап атпен жариялаған болатын. Сонымен қатар Қ. Жұбанов жас қазақ зиялылары машық еткен бірнеше қолжазба журналдың шығуына ұйытқы болған көрінеді. Мәселен, Күйік Қалада жүріп ол «Тез», ал Темірде «Ай» деген қолжазба журналдар шығарған. Бұл журналдарда ол орыс әдебиетінің өкілдері М. Горькийдің, В. Г. Короленконың шығармаларын да жариялаған. Төңкерістен бұрынғы үлгілі романтизм шығармаларын халыққа жеткізуде, оны түсіндіріп беруде Құдайберген мен редакция алқасының мүшелері көп жұмыс атқарған. «Ай» деген эпиграфтың өзінен-ақ журналдың ол кездегі ағартушылық-демократиялық идеямен астасып жатқаны, нені мақсат тұтқаны айқын аңғарылатын. Әсіресе Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары журнал идеясына дөп келетін. Қ. Жұбанов журналдың беташары етіп жазған шағын ғана «Ай» деген өлеңнен бұл журналдың көздегені - халықтың көзін ашып, көңілін ояту сияқты асыл іс екені елес береді. Толған айдай боп отанының бір түпкіріне өз жарығын түсіру - журналдың символикалық бейнесі есепті.
Оқумен қабат Қ. Жұбанов өз бетімен ғылыммен шұғылданады: жалпы тіл білімі, түркология салаларымен айналысады. Латын әліпбиіне көшу жөніндегі барлық жұмыстарға белсене араласады. 1929 жылы ғылыми емле мәселесіне арналған мәслихатта ұзақ сөз сөйлеп, қазақ емлесінің негізгі принциптері қандай болмақ деген жайдан әңгіме қозғайды. Осы Қызылорда мәслихатына қатысқандар түркі тілдердің емле ережелері «морфологиялық» және «фонетикалық» принципке негізделу керек дегенді ұсынды. Бұл келісімдердің морфологиялық, фонетикалық деп атап отырғаны - бұл принциптер жөніндегі біздің қазіргі түсінігімізден мүлдем басқашалау еді. Морфологиялық принципті жақтаушылардың бірі Чобан-заде (Баку) бұл термин тек этимологиялық мән берді. Бірімен-бірі жарыса қолданылатын бір аффикстің әр түрлі фонетикалық нұсқаларының ішінен этимологиялық ең бастапқы нұсқа деген бір аффиксті ғана таңдап алып, соны ғана ережесімен заңдастырып, қалғандарын тек ауызша тілдің игілігі деп қана тану керек дегенді айтты. Құдайберген Жұбанов бұл ұсынысқа қарсы шығып, өз жобасын ұсынды, өзі ұсынған принципті ол фонетикалық принцип деп атады. Бұл терминге Құдайберген жүктеген мағына біздің қазіргі емлеміздің принципімен, соның мазмұнымен толық сәйкес келеді десек болады. Өз принципін фонетикалық деп атағанымен, бұл кісі ұстанған бағыт сөз ішіндегі дыбыстарды қалай естіп, қалай айтсақ, солай жазайық дегендік емес еді. Оның фонетикалық деп отырғаны сөзге жалғанатын қосымшалардың сингармонизм заңына бағынып құбылуын жазуда да сол күйінде сақтау болатын. Бұл жөніндегі пікірін ол кісі былай деп тұжырымдаған-ды: «Бір сөздің жазылу нұсқасында әрізділік болмасы үшін, морфологиялық принципке үнемі бас шұлғи берудің қажеті бола қоймас, сәл бір құбылуларын былай қойғанда, біздің тілімізде түбір аса үлкен құбылысқа түсе бермейді. Түбірден гөрі өзгеріске көбірек ұшырайтын қосымшалар.
Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орналасу тәртібін зерттеуге арналған еңбегінде тіліміздің қазіргі синтаксистік құрылымындағы сөздердің орын тәртібін бар ынта-жігермен құлшына зерттеп, синтаксистің бұл саласының тарихи даму ерекшелігін, сөздердің орналасу тәртібінің қалыптасуы мен қазіргі жай-күйін бұлтартпас фактілермен талдап, түсіндіріп береді. Сөйлем мүшелерінің барша түркі тілдерге ортақ бұлжымас заңдылығын былай көрсетуге болады - деп жазады Қ. Жұбанов, - анықтауыш анықтайтын сөздің алдында, толықтауыш толықталатын сөздің алдында, ол сөйлемнің барлық мүшелері баяндауыштың алдында тұрады .
Орта мектептің 5-6 кластарына арналған қазақ тілі оқулығын терген алғашқы авторлардың бірі осы кісі болғанын еске сала кетудің де орайы бар. Бұл кітабында автор қазақ тіліндегі сөздің құрылымын, фонетикалық құбылыстардың жай-жапсарын жүйелі түрде әңгіме етеді. Ғалымның бұл оқулығы қазақ тіліне арналған одан кейінгі оқулықтардың жасалуына игі ықпал етті. Грамматиканың пәнін түсіндіре келіп, Қ. Жұбанов мұнда қазақ синтаксисі жөнінде оқушыларға түсінікті тілде мәлімет береді, қазақ лексикасының негізіне талдау жасайды. Ең қажетті деген материалды оқушыларға қарапайым тілмен түсіндіріп береді. Осының арқасында кітап алғашқы еңбектердің ішіндегі маңыздысының бірі болды. Кітаптан республикадағы сол кездегі лингвистикалық білім берудің деңгейін, шама-шарқын аңғаруға болады. Қазақ фонетикасының өзі зерттеген өзекті мәселелерін де автор кітабында қамтуға тырысқан. Мұны қазақ фонетикасы саласындағы бас-аяғы бар тәмамдалған еңбек десек болады. Кітаптан үндестік заңы, екпіннің сөз ішіндегі орны туралы қысқа да болса нұсқа түсінік алуға болады. Оқулықтың авторы қазақ тілі дыбыстарының құрамын дауысты, дауыссыз және үнді (сонор) дыбыстар деп аталатын үш топқа бөледі. Тілдің сөйлеген кезде жоғары көтерілу, төмен түсу ыңғайына қарай а/ә, о/ө, е дауыстыларын толық дауысты, ы/і, ұ/ү дауыстыларын келте дауысты деп атайды. Yнсіз дауыссыздарды екі жікке ажыратып, б, д, ж, з, ғ, г дауыссыздарын ұяңдар тобына, п, т, ж, с, қ, к дауыссыздарын қатаңдар тобына жатқызады. Жасалу жолына қарай п-б, т-д, қ-ғ, к-г дегендерді үздікті дауыссыз, с-з, ш-ж дегендерді үздіксіз дауыссыз деп бөлген. Yнсіз дауыссыздарды жасалу орнына қарай көмей, тіс, ерін дауыссыздары деп аталатын үш топқа ажыратады. Оқушылардың түсінуіне жеңіл келу үшін дыбыстардың өзара жіктелісін әдейі қарапайым үлгіде жеткізуге тырысқандығы көрінеді. Yнді дауыссыздарды Қ. Жұбанов алдымен тура жолды сонорлар, айналма жолды сонорлар деп екі топқа бөліп, оның алғашқысына ү, и, кейінгісіне р, л, м, н, ң дауыссыздарын жатқызады. Соңғы топтағы сонорларды әрмен қарай ауыз жолды, мұрын жолды деп екіге айыра көрсетеді.
Ұзын сөздің қысқасы, Қ. Жұбанов дыбыстардың жасалу жолдарын жан-жақты қарастыра келе, олардың толық топтастыру жүйесін жасап берген. Лингвист ғалым өзінің бір тиянақталған еңбегін қазақ сөзінің буынын зерттеуге арнады. Буын жасауға қатысатын дыбыстарды санына қарай қазақ тіліндегі буынды төртке, ал дыбыстардың буын ішінде орналасу тәртібіне қарай үшке бөледі. Қазақ сөзіндегі буын санының сөз ішіндегі дауыстылардың санымен бірдей болатындығы жөнінде толық мағлұмат береді. Буынның түрлері оның құрамына енетін дыбыстардың бір-бірімен тіркесу ыңғайына тәуелді. Буындардың бірімен-бірінің бірігіп, жымдасып кететіні де, бірімен-бірінің орындарының ауысып қолданылатын кездері де бар. Қазақ тілі буын құрылысының бұл да бір ерекшелігі деуімізге болады.
Халық ағарту ісіне жан-тәнімен берілген тамаша педагог Қ. Жұбанов көптеген мектеп мұғалімдерімен толассыз хат жазысып, хат алысып тұратын. Хаттарында методикалық кеңестер беретін, ана тілін қалай оқытудың әдістерін түсіндіретін, грамматиканың, методиканың, терминологиялық сан қилы мәселелері туралы сөз қозғайтын. Осындай хаттарының бірінде қазақ тіліндегі көнеріп, ізі өшіп кеткен тұлғаларды балаларға үйретудің жолын былай нұсқаған-ды. «Кейде оқыту ісіндегі қиындықтың оқулықтың кінәсіне байланысты болмай, мұғалімнің өз басына байланысты болатын кездері бар. Сенің оқулыққа қойып отырған кінәратың, маған кінә сенің өзіңнен емес пе екен деген ой салды, өйткені бұл жайында маған сенен бөтен ешкім жаза қойған жоқ. Қандай қиындықтарға душар болсаң да маған хат арқылы жазып тұр. Егер менен кеткен кемшіліктер болса, дәлелде, мен де өз дегеніме бұрып, қарыса бермеспін». Педагогтік институттың құрметті профессоры бір ауыл мұғаліміне жазған хатында осылай деген еді. Осындай бір үзік сырлар Қ. Жұбановтың қазақ мектептері тарихында алатын орнының ерекше екенін дәлелдесе керек.
Ең алдымен бұл кісінің нағыз еңбеккер адам болғанын айта кету қажет. Әріптестері мен шәкірттері ол кісіні қатты сыйлап, зор ізет, құрмет тұтатын. Өзі қаншалық зор білімдар, асқан мағлұматты адам болғанымен, өзін әлбетте пәс ұстайтын, ғажайып сыпайы адам болатын, бір нәрсеге дауысын қаттырақ көтеріп, күйгелек мінез көрсеткенін өз басым байқаған емен. Бірақ өз пікірін дәлелдеуге келгенде зор айтыскер адам еді. 20-30 жылдардағы қазақ тіл білімінің проблемалары жөніндегі барлық істің басы-қасында жүретін. Қазақ тіл білімінің практикалық мәселелері болсын, теориялық мәселелері болсын бұлардың дамуына бұл кісінің игі ықпалы мейлінше зор болды. Тіл жөніндегі айтыс-тартыстардың бәрінде де, түптеп келгенде, осы кісінің пікірі өтетін. Ешкіммен қатты сөзге бармай-ақ білімінің арқасында үнемі жеңіп шығатын. Ауызша сөйлегенде де, жазып сөйлесе де ойларын қысқа тұжыратын. Ойының дәлелділігінен болуы керек бұл кісімен сөз жарыстырған қарсыластары тез келісетін. Осы секілді қасиеттері мен зор білімдарлығы ол кісіні қазақ зиялылары арасында зор ізет-ілтипатқа ие етті. Қ. Жұбанов біреумен дүрдараздыққа еш уақыт барған адам емес. Кісіге еткен жақсылығын әсте міндет етіп көрген емес. Адамның білімге деген құштарлығы мен басына біткен қабілеті, дарыны - ол кісі нағыз қастер тұтатын нәрселер болатын. Бір жастың бойынан ғылымның, я өнердің бір саласына деген бейімділікті, талпынысты сезе қалса, соған көмектесуге, қалай да шылбыр ұшын беруге даяр тұратын. Қ. Жұбанов өзінің студенттерінің арасынан ең қабілетті дегендерін таңдап алып, осыдан бірдеме шығады-ау дегендерін ірі оқу орындарына орналастыруға көмектесетін. Осы кісінің көмегі арқасында республикамызға бұл күнде аты мәлім ғалымдар Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор М. Балақаев, филология ғылымының докторы, профессор М. Қаратаев Петерборға аспирантураға жіберілген еді.
Өзінің отбасы, ошақ қасына деген сүйіспеншілігі ғаламат болатын. Балаларына еміреніп тұратын. (Ол кісінің үш ұл, үш қызы бар) . Балаларының бәрі де жоғары білім иелері. Олардың білім алып, ер жетуіне көп еңбек еткен адам - Құдайбергеннің зайыбы Раушан Жұбанова.
Тіл біліміндегі еңбектері
Жұбанов тіл білімі мәселелерімен 1920 жылдан бастап шұғылдана бастады. Ол қазақ мектептері мен жоғары оқу орындары үшін қазақ тілін оқыту бағдарламаларын жасап, оқулықтар мен әдістемелік құралдар жазды. Сондай-ақ, оның “Қазақ тілінің ғылыми грамматикасының материалдары” (1-том), “Фонетика” (орыс тілінде), “Қазақ тілі фонетикасының тарихын зерттеуге кіріспе”, “Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар”, “Буын жігін қалай табуға болады”, “Қазақ тілінде біріккен сөздің жазылуы”, “Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі”, “Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан”, т. б. іргелі ғылыми жұмыстары қазақ тіл білімін қалыптастыруға қосылған елеулі үлес болды. 20 ғасырдың 20 - 30-жылдарында Жұбанов қазақ халқының рухани-мәдени өмірінде саяси-әлеуметтік, халықтық мәні зор проблемалардың бірі - жазу, емле, термин мәселелерімен де шұғылданды. 1929 жылы Қызылордада өткізілген тұңғыш ғылыми-терминологиялық конференцияда Жұбанов қазақ тілінің емлесі жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар жасады. 1935 жылы қазақ әліпбиі мен емлесін жақсартудың жобасын ұсынды. Онда халықаралық және орыс тілінен енген терминдерді орысша жазылуына жақындатып таңбалау, кейбір қосар дыбыстарды жалаң әріппен беру, біріккен сөзді қосып жазу туралы пікір айтты. Жұбанов 1933 жылдан саяси қуғын-сүргінге ұшырағанға дейін Қазақстанның Мемлекеттік терминологиялық комиссиясының төрағасы болды. Бұл салада ол термин жасау ісіне мамандарды жұмылдырып, олардың дайындаған материалдарын ғылыми тұрғыдан реттеп, жұртшылық талқысына салып, тәжірибеге енгізуді қадағалады. Жұбанов - 1935 жылы Қазақстан мәдениет қызметкерлерінің съезіне Мемлекеттік терминкомның атынан ұсынылған жобаның негізгі авторы. Ол ұсынған принциптер қазақ терминологиясын жасаудың үлгісі ретінде әлі күнге дейін қолданылып келеді. 1936 жылы ғалымның “Қазақ сөйлем мүшелерінің орны тарихынан” деген кітабы баспадан шықты. Бұл кітабында ол қазақ тіліндегі сөйлем мүшелерінің тарихын басқа түркі тілдерінен бөліп қарамай, өзі еркін игерген түркі халықтары тілдерін бір-бірімен байланыстыра зерттеп, тарихи салыстырмалы әдісті шебер қолданды. Бұл еңбегімен Жұбанов қазақстандық түркітану ғылымының қалыптасуына зор үлес қосты. “Ауыл мұғалімі” (қазіргі “Қазақстан мектебі”) журналында мұғалімдерге арнап қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы, кітапты қалай пайдалану, оқулықтағы материалдарды оқушыларға қалай нәтижелі игерту мәселелерін көтеріп отырды. Осы журналда “Жаңа грамматиканың жақсылықтары”, “Шылаулар”, “Қос сөздер”, “Біріккен сөздер”, “Әдіс, бағдарлама мәселелері”, т. б. мақалаларын жариялады. Жұбанов қазақ әдеби тілі мен музыкалық өнері туралы да келелі пікірлер айтты. Ол өзінің “Абай - қазақ әдебиетінің классигі” (“Әдебиет майданы”, 1934, №11 - 12) атты аяқталмай қалған әдеби-публицистикалық еңбегінде Абайдың қазақ әдеби тілін дамытудағы, әлеуметтік ой-санадағы орнын, ақындық шеберлігін, композиторлығы мен өлең құрылысына енгізген жаңалығын тұңғыш көрсетіп, әділ бағалады. “Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы жөнінен” (1936) деген зерттеуінде “ән”, “би”, “бақсы”, “жыр”, “домбыра”, “күй”, “қобыз”, “сыбызғы”, “толғау” сөздерінің этимологиясын ашу арқылы қазақ музыка мәдениетінің тарихы ертеден басталатынын көрсетті. Жұбанов тек ғылыммен ғана шұғылданып қоймай, Қазақстанның Оқу-ағарту халық комиссариаты жанындағы әдістеме, бағдарлама, оқулықтар секторының меңгерушісі міндетін атқара жүріп, бар ынта-жігерін аз уақыттың ішінде қазақ мектептерін ғылыми негізде жазылған оқулықтармен қамтамасыз етуге жұмсады. Мұғалімдердің білімін жетілдіру курстарында, семинарларында дәріс оқып, ақыл-кеңес беріп отырды. Ол қазақ тіл білімі мамандарын баулып, тәрбиелеуде де мол еңбек сіңірді. Республикадағы көрнекті тіл мамандары М. Балақаев, Ғ. Мұсабаев, А. Ысқақов, Ә. Шәріпов, Т. Қордабаев, т. б. өздерін Жұбановтың шәкіртіміз деп санады. Жұбанов республикамыздың саяси-әлеуметтік өміріне де белсене қатысты. 1935 жылғы Қазақстанның мәдениет қызметкерлері съезін ұйымдастыру комитетінің төрағасы, 1935 жылдан Қазақстан КСР ОАК-нің мүшесі болды. 1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалып, ату жазасына кесілді. 1957 жылы 3 қазанда КСРО Жоғарғы Соты Әскери алқасының шешімімен ақталды. Ақтөбе мемлекеттік университетіне, осы қаладағы бір көшеге Жұбанов есімі берілген
Ағайынды Жұбановтар. Қазақта бір әулеттен шығып, еселі еңбегімен елге танылған атақты тұлғалар аз болмады. Соның бірі - атақты Құдайберген мен Ахмет Жұбановтар болатын. Б ұл әулеттің бастауында тұрған Жұбан Батырбайұлы жастайынан мұсылманша оқыған, аздап орыс тілін де білген сауатты кісі екен. Оның екі ұлы болған: Қуан және Тәңірберген (Тәпен) . Екеуі де мұсылманша, орысша сауат ашқан. Тәпенқазіргі Ақтөбе облысының Темір өңіріне беделдікісі болыпты. Одан бір ұл мен екі қыз (Нұредин, Бәтима, Рахима) қалған. Қуан да ел ағасы болған, беделді кісі болған екен. Қуаннан Құдайберген, Ахмет, Мұхаммеди деген үш ұл мен Аққат, Дәмет, Ақиба деген үш қыз тараған. Осылардың ішіндеелге қызмет етіп, алты Алашқа танылғаныҚуаннан тараған Құдайберген мен Ахмет Жұбановтар болатын. Қуанның бір қасиеті басқалар секілді мал жимайтын. Балаларын мал соңына салғысы келмеді, олардың білім алғанын қалады. Бар тапқанын солардың оқуына жұмсады. Сондай-ақ ол қазақ, орыс және татар тілдерінде шығатын газет-журналдарға жазылатын. Жаңа кітаптарды алдырып оқитын, балаларына да оқытатын.
Қуан заманның ағымын байқай білетін. Содан болар, балаларын жасынан оқу-білімге, өнерге баулып, жаңа өмірге дайындады. Өзі молда болмаса да, мешіт-медресе салдыруға бір кісідей атсалысты. Мешітке ағайынды Омар, Оспан деген молдаларды алдырып, қазақ балаларының білім алуына жағдай жасады. Құдайберген мен Ахмет Жұбановтар алғашқы білімді осы молдалардан алған екен. Қуан мұнымен тоқтамай, Темір өңіріндегі орыс-қазақ училищесін ашуға мұрындық болыпты. Орынборға барып рұқсат алып, оқу мерзімі үш жылдық училищенің бірін өз ауылынан аштырады. Жаңаша білім беретін училищеге «Үміт» мектебі деген атау бергізіп, «Ғалия» медресесін бітірген Әбділлә Беркінов, Троицкідегі мұғалімдер семинариясын бітірген Хұсайын Ашығалиев секілді білімді мұғалімдерді алдырады. Қуан мен Тәпенніңбалалары осы училищеде білім алады.
Әбділлә Беркінов бұл жайында:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz