Мәшһүр Жүсіп шығармаларында ұлттық құндылық көрінісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Бағыты: Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы
Секциясы: Қазақ әдебиеті
Тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп шығармаларында ұлттық құндылық көрінісі

Авторы: Боранқұл Сабрина
Шымкент қ., `JOO High School' мектебі, 11 `К' сыныбы
Жетекшісі: Бекбосунова Мадина

Шымкент қаласы 2024

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Ұлттық құндылықтар Мәшһүр Жүсіп қаламында ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...5
1.1. Мәшһүр Жүсіп шығармашылығы адамзаттың асыл қазынасы ... ... ...5
1.2. Ұлттық құндылық - ұлт тірегі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2. М.Жүсіп туындысы ұлттық құндылықтың бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1. Мәшһүр жинақтаған халық ауыз әдебиеті үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Мәшһүр Жүсіп һәм Наурызнама
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Ғылыми жұмыс тақырыбының өзектілігі. Еліміз егемендік алғаннан бері ұлттық мәдениетіміздің, құнды жәдігерлеріміздің басым көпшілігі өзінің бағасын алып, ел арасына танылуда. Әсіресе, Елбасының қолдауымен басталған Мәдени мұра бағдарламасының негізінде ұлттық құндылығымыз болып табылатын асыл мұралар, сонымен қатар Кеңес дәуірі тұсында жарық көрмей, тұншығып жатып қалған дінімізге қатысты жазылған дүниелер жарыққа шығып, халыққа танылуда. Сондай мұралардың қатарында көзі тірісінде-ақ алты алашқа аты танылған, Қазан қаласында үш кітабын бастырып шығарған ғұлама ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұралары да бар. М.Ж.Көпеевтің шығармаларының жан-жақты, сан-салалы екендігі белгілі. Сондықтан да біздің зерттеу нысанасына алған ғылыми жұмысымыздың тақырыбы Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы ұлттық құндылықтардың көрінісі деп аталды.
Ұлттың ұлт болып қалыптасып дамуы үшін ұлттық құндылығымыздың маңызы орасан зор. Ұлттық құндылыққа - ұлтымыздың мәдениеті, әдебиеті, ұлттық спорт ойындары, өнері мен музыкасы, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары жатады. Сондай-ақ, қазақта ата-қоныс деген ұғым бар. Яғни, ата-қоныс қазақ үшін киелі жер болып саналады және осы көшіп-қонып жүрген жерлерінің тау мен тасы, өзендері мен көлдері, орманы мен даласы қазақ халқының шығармашылығына, өлең-жырларына, аңыз-әңгімелеріне, дастандарына арқау болған десек қателеспейміз. Соның негізінде қазақ халқы өз алдына тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуымен қатар тілі, мәдениеті мен әдебиеті де қалыптасып дамыған.
Осындай ұлттық құндылықтарды ұлт санасына, болашақ ұрпақтың санасына сіңіруде Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармаларының, туындыларының алар оны ерекше. Қазақ халқындағы ұлттық құндылықтардың көпшілігі дерлік Мәшһүр Жүсіп туындыларында орын алады.
Ғылыми жобаның мақсат-міндеттері. Оқыту мен білім беру, тәрбиелеу үрдісінде болашақ ұрпаққа Мәшһүр Жүсіп шығармалары негізінде ұлттық құндылықтарды таныту. Мәшһүр Жүсіп поэзиясындағы ұлттық құндылықтардың жасөспірім тәрбиесіндегі тәлім-тәрбиелік маңыздылық ерекшелігін көрсету.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Мәшһүр Жүсіп поэзиясын құндылықтың бастау ретінде қарастыру.
Ұлттық құндылықтардың Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы түрлерін көрсету.
Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы ұлттық құндылықтардың тәлім-тәрбиелік маңыздылығын айқындау.
Ұлттық құндылықтардың Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы психологиялық ықпалдастығын қарастыру.
Қазақ әдебиетінде Мәшһүр Жүсіп жинақтаған ауыз әдебиеті үлгілеріндегі ұлттық құндылықтарды айқындау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу жұмысының барысында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығы турасында түрлі тұжырымдар мен пікірлер, ғылыми еңбектер, мақалалар, сілтемелер пайдаланылды. С.Негимов, А.Конарбаев, Д.Ысқақұлы, Д.Аңсабаев, С.Дәуітұлы, Ә.Пазылов, Ж.Алиханұлы секілді қазақ ғалымдары мен мәшһүртанушылардың еңбектері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы - өз заманының ойшылы. Зерттеу жұмысында ойшылдың шығармашылығы кеңінен зерделенеді. Зерттеудің жаңалығы ретінде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларындағы ұлттық құндылық көрінісін көрсетіп талдау. Адам жанының сырын ашудағы, ұрпақ тәрбиесіндегі Мәшһүр Жүсіп шығармаларының маңыздылығын айқындау.
Ғылыми жобаның құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

1. Ұлттық құндылықтар Мәшһүр Жүсіп қаламында

1.1. Мәшһүр Жүсіп шығармашылығы - адамзаттың асыл қазынасы
Қазақтан шыққан көрнекті ақын, публицист, тарихшы, этнограф, жиһанкез, ағартушы, көріпкел, шежіреші, аудармашы, ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармалары кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Мәшһүр Жүсіп қазақ әдебиетінің әр түрлі саласында қалдырған мол мұраларымен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихынан ерекше орын алады. Ол - қазақтың ауыз әдебиетін өзіне дейінгі ірі ақындардың шығармашылығын білумен қатар, Шығыстың әйгілі классиктері Фирдоуси, Науаи, Сағди шығармаларымен де жете таныс болған. Олардан көп нәрсе үйрене отырып,өзіндік ізденіспен жеткен мол білімнің арқасында көркем шығармашылықтың биігіне көтерілген ақын.
Бес жасынан бастап ауыл молдасынан дәріс алған. Жастайынан еті тірі, зерек бала Хамар Хазірет деген үлкен оқымысты молданың алдынан жеті жыл бойы сабақ алады. Молда бір ғана дін сабағын емес, араб, парсы, шағатай тіліндегі кітаптарды да қатты қадағалап оқытады. Кітаптың тек қарасын танытып қоймай, ішкі мазмұн, мән-мағынасына дейін тәптіштеп түсіндіреді. Арабтың, парсының тілін үйтетеді. Мәшһүр бір жыл ішінде хат танып, өнер-білімге, әдебиетке құмар болып өседі. Жеті-тоғыз жасында Ер Тарғын, Қозы Көрпеш - Баян Сұлу сияқты халық жырларын, шығыс қиссаларын жатқа айтқан. Сол себепті де Мәшһүр деген атқа ие болады. Он бес жасында медреседе оқып жүріп өлең жаза бастайды. Он бес жастан кейінгі өмірінің бәрін дерлік өлеңмен сөйлеген деседі. Ол туралы ақынның өзі былай дейді:
Жабысты маған өлең он бес жаста,
Жұрт айтты: Не қыласың - деді баста
Дегенмен қоя алмадым үйренген соң,
Мінім жоқ қылған жұртқа мұнан басқа.
Шүкірлік, бергеніңе, құдай патша,
Он бесте шабыттандым жүйрік атша.
Бір күндер ұйықтап жатқан мезгілімде,
Кеудеме өлең толды сызған хатша.
Мәшһүр Жүсіп туралы М.О. Әуезов: Ал, өз шығармаларын былай қойып, басы ашық үлгілерді жазып алып, біздің дәуірімізге жеткізген еңбек Мәшһүрде мол екенін және естен шығармау керек. Сондықтан, қазақ ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің ғылымдық бір саласы историяграфия бөлімінде Мәшһүрдің ол түрдегі еңбегіне әрдайым орынды баға берілуі шарт десе (Әдеби мұра және оны зерттеу, Ғылым баспасы, 1961), С. Мұқанов өз ойын былайша түйіндепті: XVIII ғасырда жасаған ақындардың ішінен жыры мол сақталғаны - Бұқар жырау. Бұқардың жырларын сақтап, тарих алдында ерекше еңбек сіңірген адам - Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Бұқардың жырларын жазып алған Мәшһүр Жүсіп: Бұқар-екең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткені тамыры ғана дейді. Мес жинағына қарасаң көңілің тояттайды, оқысаң көзің қуанады. Cиясы әсем көшірілген қолжазба Мәшһүр махаббатына лық толы. Ол көне қолжазбаның әрбір сөзіне дейін жеткізуге, қазақ тілінің алтын қорын шашпай-төкпей сақтауға тырысқан (Халық мұрасы, Қазақстан баспасы, 1974). Академик М. Қаратаев та ХХ ғасырдың бас кезіндегі ақындардың творчествосын саралай келіп: М. Көпеевтің қазақ әдебиетінде әрі ақын, әрі жинаушы ретінде алатын орны ерекше - деп бағалапты (Қайта қарауды қажет ететін мәселе, Қазақ әдебиеті, 1956).
Ғажайып мұраларымен халқының көңіліне ұялап Мәшһүр атанған Жүсіп Көпейұлы 1858, қой жылы, қыс мезгілінде қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданының Қызылтау өңірінде Найзатас деген жерде дүниеге келген. Нәрестеге ата-баба салтымен азан шақырып, атын Жүсіп деп қояды. Өзінің Мәшһүр атқа ие болуы жайы Өмірбаян атты өлеңінде былай баяндалады:
Жасымда қойылған ат адам Жүсіп,
Жұрт кеткен сүйгенінен Мәшһүр Жүсіп.
Қолыма қағаз, қалам алған шақта,
Кетемін қара сөзге желдей есіп, - деп еске алады.

Бес жаста бісміллә айтып жаздым хатты,
Бұл дүние жастай маған келді қатты.
Сегізден тоғызға аяқ басқан күнде,
Мұса еді қосақтаған Мәшһүр атты.

Ақын өзі айтқандай, тоғызға енді толған шағында қалың топтың алдына шығып, ауыз әдебиетінің озық үлгілері Қозы Көрпеш - Баян Сұлу, Ер Тарғын, т.б. сияқты лиро-эпостық жырларды мүдірместен жатқа оқиды екен. Оның өлеңіне риза болған Шорманның Мұсасы Жүсіпке Мәшһүр атағының таңылуына себепкер болыпты.

Ол есейе келе ел ішіндегі ауыз әдебиеті үлгілерін жинайды, сонымен қатар бала оқытумен де айналысады. Ел көріп, жер көріп, өз білімін әрі қарай тереңдету мақсатында Ташкент, Бұхар, Түркістан сияқты ірі қалаларға бірнеше рет сапар шегіп, Шығыс мәдениеті, Шығыстың ғұлама ғалымдары мен ақын, ойшылдарының шығармаларымен жақыннан танысады. Осы сапары жөнінде ақын:
Мәшһүрден келе жатыр өнер қайнап,
Бұлбұлдай қапастағы тұрған сайрап.
Самарқан, Бұхар, Ташкен - бәрін кезген
Жасында бір кем отыз тәңірім айдап - деп хабар бере кетеді.
1888 жылдан бастап жас ақынның өлеңдері мен мақалалары қазақ тіліндегі тұңғыш баспасөз үні Дала уәлаятының газетінде жиі жариялана бастайды. Мәшһүр Жүсіп 1905 жылғы патша манифесінің жалғандығын әшкерелейді, елдің уақытша көзін бояу үшін шығарылған жалған бұйрық екенін де ешнәрседен тайсалмай қазақ ақындарының ішінде алғашқысы болып толғайды. 1907 жылы Қазандағы Хұсайыновтар баспасынан Мәшһүр Жүсіптің Сарыарқаның кімдікі екендігі, Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз, Хал-ахуал деген үш кітабы бірінен соң бірі басылып шығады. Бұл кітаптарында қазақ халқының басына түскен ауыр хал мен тұрмыс тауқыметтері, жоқшылық пен теңсіздік шынайы көрсетіліп, әлеуметтік өмірдегі келеңсіздіктер мен қайшылықтар өткір сынға алынады, жастарды оқу-білімге, өнерге шақыру үні айқын сезіледі. Осы әрекеті үшін де ақын қуғынға ұшырайды. Профессор Ә.Қоңыратбаевтың: Мәшһүр Жүсіптің жоғарыдағы үш кітабының заңға ілігіп, таратылмауы, оны басып шығарған Хұсайыновтарға 12 мың сом ауыр айып салынуы, ақынның қамалушылар тізіміне ілігіп, ел ішінде бұғып жүруі осыдан деген сөзі өте орынды (Қазақ КСР Ғылым Академиясы кітапханасының қолжазбалар қоры, П-№1173, 16 бет).
Мәшһүр Жүсіп өлеңдерімен бірге көптеген уытты мысалдар, шығыс үлгісіндегі бірнеше дастан жазып қалдырды. Оның қазақ ауыз әдебиеті мұраларын жинаудағы еңбегі орасан зор. Бұл ретте ел аузынан көптеген батырлық, ғашықтық жырларды, тарихи жырлар ман айтыстарды, шежірелер мен аңыздарды, атақты ақындар мен жыраулар мұраларын жинап, хатқа түсірді. Ұлы Абайды өзіне ұстаз тұтып, оның ағартушылық идеясы мен ақындық дәстүрін жалғастырушылардың бірі болды. Абай өлеңдерін жаттап алып, ел ішінде таратуда, насихаттауда берік ұстаным тұтынды. Ол Абай соқпағымен тас қияға өрлегендердің бірі еді. Абайдың тірі кезінде оның өлеңдеріне алғаш рет талдау жасап, баға берген де Мәшһүр Жүсіп болды. Дала уәлаятының газетінде 1989 жылы жариялаған Баянтаудан хабар: Абай творчествосы туралы мәлімет деген мақаласында Абай шығармашылығы туралы өз ойларын ортаға салады. Мәшһүр Жүсіп өз туындыларында Абай сияқты сол кезде әлеуметтік топ ретінде пайда болған ел ішіндегі пысықтарды, ұлықтарға арқа сүйеген жағымпаздарды аяусыз сынайды, ел бірлігін ойлап, Абай жолын таңдайды. Абай туралы : Бұл - біздің соңғы пайғамбарымыз деп жоғары баға береді (Абай, Энциклопедия, Атамұрабаспасы, 1995, 403-404 беттер).
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармаларымен орыс тілді оқырмандар алғаш рет Түркістан уалаятының газеті арқылы танысты. Бұл газеттің белсенді авторларының қатарында Ш. Құдайбердиев, А. Байменов, С. Шорманов, Б, Сырттановтармен бірге М.Ж. Көпеев те болды. Бұл органды қазақ халқының рухани жетекшісі болды деп есептеуге болмайтын еді, ол негізінен орыс империясының саясатын жүргізуші арқау ретінде де қызмет етті. Газеттің 323 нөмірінде басылған 633 мақаланың үштен бірі империяның сыртқы саясатына арналған болатын. Алайда, патша өкіметінің саясатына қарамастан бұл газет өлкедегі қоғамдық өмірдің, қазақ халқының қалыптасуына зор ықпал етті -деп ҚР ҰҒА академигі С.Зиманов пен Қабдыкәрім Ыдырысов өте орынды атап өтті. М.Ж. Көпеев 1910 жылдан бастап жарық көре бастаған Айқап журналының да белсенді авторларының бірі. Айқап журналы Қазақстандағы шыққан алғашқы демократиялық бағыт ұстанған ұлттық журнал еді. Мәшһүр ақын көпшіліктің берекесін алатын, жарастығын бұзатын озбырларға үнемі қарсы тұрып келіпті. Жан-жағын жұтып жіберердей алара қарайтын бай-шонжарлар, қысы-жазы ауыл маңы айғай-шу, бос дүрмек, оқу іздеп, өнер қуып жүрген бірде-бір жастарды көре алмаған ақын халыққа қарап:
Қазағым, өнерсізден, ұрлық-зорлық,
Қыласың бір-біріңе неге озбырлық?
Болғаннан алты ауызды ынтымақсыз,
Басыңа келген жоқ па талай қорлық? - деп ел ішінің ауыр жағдайын, береке-бірлігі жоқ жүдеу қалпын ашына айтады. М. Көпеев өлеңдерінің айрықша бір қасиеті - қарапайымдылығында. Ол ерекше бояу, тыңнан жаңалық іздемейді, жұртты таңырқата қояйын деген ой ақында атымен жоқ. Ақынның сөзі - жүрек түбінен шыққан сөз. Ақын сөз өнерін өте жоғары бағалаған. Адам баласы мен адам баласының табыспайтын, жақындаспайтын, ұғыспайтын кезі болмайды. Өйткені, бірінің ішкі жан сырын бірі сөйлесу арқылы түсінеді дей келіп:
Кем емес кейбір сөзім жанған шоқтан,
Әркімге ауыр тиер атқан оқтан
Ұшқан құс, жүгірген аң-жануарлар,
Атанды бәрі хайуан - тілі жоқтан, -
деп, адамның ғажайып құдіретін, оның жарық дүниенің қожасы екенін әдемі сипаттаған. Мәшһүр Жүсіптің бөліп айтуға тұрарлық бір ерекшелігі - өлеңдерін жазып шығарған. Ол әрбір жырын мұқият қағаз бетіне түсіріп, рет-ретімен тәртіптеп, шашау шығармай ықтияттап ұстаған. Ақынның осындай ұқыптылығына дәлел келтіре кетейік: Сәбит Мұқановтың зайыбы Мәриям апамыз Сағынышым Сәбитім деген Сәбең туралы естелік кітабында: Ерте кезде Мәшһүр Жүсіптен хат келді деп әбігер болғанын білем. Мен ол кезде тым жаспын, ол кісінің кім екенін қайдан білейін. Мәшекеңнің тапсырмасын орындау керек деп жан-жаққа сұрау салып жүргенін ұмытпаппын. Бұл хат 1931 жылы жазылған хат екен. Яғни қайтыс болар жылы. Сол хатта Мәшһүр Жүсіп: Бұл Мәшһүрде өзі жазған бір шежіре кітап бар, әдебиет тарихы болуға толық, үлкендігі табақ қағазға табақ бойынша жазылған, ауырлығы қадақ жарым... Бұл Мәшһүр Юсуф (естелікте солай - К.М.) сөзін бастырамын деп Торайғыров алып кетіп, аяқсыз шашылып, әр жерде қалған. Онан сұратып Тәшкенге алып барып бастырамын деп Уәлихан Омаров алып кетіп о да аяқсыз қалдырған. Қызылорда баспаханада он екі азаматтың бірімін деп Зияш Алдабергенов алып кетіп о да аяқсыз қалдырған. Мәскеуде тұрамын деп Әлкей Марғұланов поштамен алдырып, о да аяқсыз қалдырған. Содан соң бұл аузы күйгендей боп сөзін қолдан шығармайтын болған.
Осы күнде өзі жетпіс екі жаста отыр. Үш жүзден шыққан ақындардың, өрнекті хан, үлгілі билердің, батырлардың тарихы, әңгімесі өзінде түгел. Мен сөз үйренетін кісі емеспін. Уәлихан Омаров пен Зияш Алдабергеновтен Мәшһүр Юсуф сөзін қайда жібердіңдер, бары болса маған жіберіңдер, жоғы болса оны айтыңдар деп, екеуінің опасыздығына бір жауап алып берсең (Мәриям Мұқанова, Сағынышым Сәбитім, 2000, 73-75 беттер). Мәшһүр Жүсіптен Сәбеңе келген хаттың қысқаша мазмұны осы. Ал, сол жоғалып жүрген Мәшһүр-Жүсіп сөзінде Күдері қожа мен Ұлбике қыздың жүз ауыз айтыс өлеңі, Ұмсын қыз бен Заман қожаның елу ауыз айтыс өлеңі, қарақалпақ Жәнкіл ақын мен Ұлбике қыздың он ауыз айтыс өлеңі, Қаракесектен шыққан Тоғжан қыз бен Сүйіндіктен шыққан Сақау ақынның жетпіс тоғыз ауыз өлеңі, Балта ақын мен Шөженің жиырма бір ауыз айтыс өлеңі және көптеген ел аузына ілігіп жүрген танымал және ақындық жолына енді түсіп жүрген талай ақындардың айтыс өлеңдері бар екен. Қандай құнды дүниелер десеңші! Дүниеден озғалы жатқан адамның әдебиетке, асыл мұраға деген жанашырлығы деп осыны айт! Мәшһүр қазақтың көптеген білікті адамдарымен кездескен, сырлас болған. Солардың ішінде 1925 жылы атақты балуан Қажымұқанмен таныс-біліс болып, екеуі Баянауылда бірнеше күн бірге жүріпті. Бірі ақын, бірі балуан - өнер адамдары іштей түсінісіп, қыл ажырамас дос болып, қимай-қимай ажырасыпты. Жолмұрат Жүсіпұлы (М.Ж. Көпеевтің туған жиені, ақынмен бірге жүріп творчествосын хатқа түсірген) қолжазбасында атақты Бөгенбай батырдың немересі Саққұлақпен Мәшһүр Жүсіптің тығыз қарым-қатынаста болғанын, ол адамнан ақынның халқымыздың әдеби мұраларын көшіріп алғандығын айтады. М. Көпеев Ақан серімен бірнеше рет кездескенін, онымен сырласып, пікір алысқанын айта келіп, былайша тебірене сөз етеді: Ақан серінің Құлагері өлген соң бұрынғы серілік мінезді қалдырып, көп бас қосатын ас, жиын-тойға жүрмейтін, бармайтын болып, дүние махаббатынан мүлде көңілін суытты. Ақан сері адамзаттың сұңқары, қызыл тілдің ділмәрі еді, жігіттің құлпы жібегі еді - деп Ақан серінің басындағы қайғылы жағдайымен қоса, оның ақындық өнері жайлы да толғамды ой айтқан. Мәшһүр Жүсіптің игі істеріне қанық қазақтың зиялы қауымы оны ерекше құрметтеп, бағалаған, ақындардың пайғамбарына теңеген, әруағына сыйынған.
Жұма күні, қой жылы аштың есік,
Қазақтың кең даласын қылдың бесік
Дәл сондай жұма күні, қой жылында,
Көз жұмдың жалғаныңа қош бол десіп (К.М)
Мәшһүр Жүсіп Көпеев 1931 жылы дүниеден өтті. Өмірден өзі озса да артына өлмес мұра қалдырған қасиетті Мәшһүр Жүсіп бабамыздың мұраларының бізге, келер ұрпаққа берері мол екеніне ешкімнің де күмәні жоқ. Ендеше, сол мол мұраны көздің қарашығындай сақтап, кейінгі буын үлгі аларлық кәдеге жарату - біздің парызымыз.

1.2. Ұлттық құндылық - ұлт тірегі

Кез-келген ұлттың толыққанды ұлт болып қалыптасып, дамуы үшін оның ұлттық санасы, ұлттық мүддесі және ұлттық құндылықтары болуы керек. Бір ұлтты екінші бір ұлттан ерекшелендіріп тұратын оның тілі, діні, ділі, өнері, ертегілері, лиро-эпостық жырлары, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, мәдениеті, ұлттық қолөнері мен бұйымдары, ұлттық тағамдары мен ойындары, т.б. өзгеге ұқсамайтын қасиетттері. Осылардың барлығын ұлттық құндылықтарға жатқызамыз. Кеңес дәуірі кезінде осы ұлттық құндылықтарымызды ескінің қалдығы деген сылтаумен көзін құртпақ болған. Солайша ұлтымыздың көзін жоюға тырысқан. Ұлтымыздың беріктігі үшін ұрпақтарымыздың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, ел қамын, жер қамын ойлайтын азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық тәрбиені ұрпақ бойына дарытуда Елбасымыз Н.Әбішұлының мына бір ұлағатты сөзі бағдаршам болмақ: Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екенінді ұмытпа!.
Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының ішінде ұлттық өнер ерекше дамыған. Өнердің дамуы негізінен сол ұлттың күнделікті өмір салтына байланысты халықтың тұрмыс тіршілігіндегі қажеттіліктен туындайды. Сондай қажеттіліктерден туындаған құндылық ретінде қолөнерді айтуға әбден болады. Оның ішінде - ағаштан, теріден жасалған ыдыс-аяқтар; жүн мен теріден тігілен киім-кешек; асыл тастармен әшекейленіп, алтын күмістен жасалынғанзергерлік бұйымдар; кілем, алаша тоқу, киіз басу, т.б. сонымен қатар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің әлеуметтік көзқарастары
МӘШҺҮР - ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ
Мәшһүр Жүсіп Көпеев философиясындағы Алла мен адам арақатынасы
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының педогогикалық мұрасындағы отбасы және әйел тәрбиесі мәселелері
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық еңбектерінің ерекшеліктері
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы ұлттық таным
Мәшһүр Жүсіп шығармаларын лингвостилистикалық талдау
Қазақ руханиятындағы ислам құндылықтарын дінтану тұрғысынан талдау
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДӘСТҮР
Вильгельм Блейк, Джордж Гордан Байрон, Гете мен Мөшһүр-Жүсіп шығармаларындағы үндестік
Пәндер