Есім сөздерге жалғанғанда, жіктік жалғаулары заттың кім


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі: Мектепте оқылатын қазақ тілі курсының бағдарламасында зат есімнің грамматикалық категорияларының алатын орны мен оны оқытудың мәні зор.

Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту - оқушының сөйлеу, жазу тілі дағдысының, мәнерлі оқуының, орфографиялық, пунктуациялық білім дағдыларының қалыптасуының, дамуының негізгі кілті болып табылады. Бұл тақырыпты оқыту арқылы оқушыларға зат есімнің грамматикалық категориялары танытылады. Осы тақырыптан берілетін теориялық білімінің аясы кең. Атап айтқанда, оқушылар мынадай білім алады:

  1. Зат есімнің грамматикалық категориялары туралы түсінік;
  2. Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқудағы мақсат;
  3. зат есімнің грамматикалық категорияларының өзіндік белгілері мен ерекшеліктері.

Зат есімнің грамматикалық категориялары тақырыбынан оқушыларға тиянақты білім мен дағды беру үшін, ең алдымен, материалды неше сағатта өтуге болады., әр сағатта өтілуге тиісті материал көлемі мен мазмұны және оқушыларға бұрыннан таныс, таныс еместігі, ең соңында оқушылардың қабылдай алу қабілеттілігі, өресі, дағдыларының бар-жоғы сияқты мәселелерді күн ілгері ойластыра, жоспарлап алу қажеттілігі туады.

Осылай өткізілетін материал көлемі анықталып алған соң, сол материалды толық меңгерту, әрбір минутты бос жібермеу, ол үшін оқушылардың өзіне жұмыс істеу, ой қорытындысын жасату сияқты мәселелер мақсат етіледі.

Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту принципі педагогиканың дидактикалық принциптеріне негізделіп оқытылады. Мәселен, дидактиканың берілетін сабақ тақырыбы өткен тақырыппен байланыстырылып отырылуы керек және өтілетін материалдар бірімен-бірі тығыз байланысты болсын деген ережесіне негізделіп отыратын болса, зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту оның алдында өтілген сөз құрамымен байланысты өтіледі.

Зерттеу мақсаты: зат есімнің түрленуінен алған білімдерін кеңейтіп, сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету, мәтін ішінен тауып, талдауға баулу

Зерттеу пәні:

Мұғалім зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытуда оның мынадай екі жағына көңіл аударады:

Бірінші, зат есімнің грамматикалық категориялары туралы жаңа тақырыпты бастамастан бұрын, оқушылардың бастауышта мектепте одан өткен материалдарын есіне түсіріп, соны Ү сынып көлемінде өтілетін материалды білгізуге жетек ете отырып түсіндіреді. Ол үшін бастауыш мектепте өтілетін зат есім түрленуінің бағдарламалық көлемін жақсы біліп, оны қандай жолдармен байланыстырудың тәсілдерін белгілеп қояды. Ондай тәсілдер әр түрлі болады:

Кейбір мұғалімдер бастауышта өтілген зат есімнің категорияларының негізгі ерекшеліктерін қамтитын сұрақтар қойып, сол сұрақтарға оқушылардың өздеріне жауап бергізіп, мысалдар келтіру жолымен қайталап барып, жаңа тақырыппен байланыстырады.

Кейбір мұғалімдер бастауышта өтілген зат есімнің грамматикалық категорияларының бағдарламалық көлемін қамтыған мәтіндерді талдатып айтқызып, соны жаңа тақырыппен байланыстырады.

Екіншіден, мұғалім Ү сынып көлемінде оқылатын зат есімнің грамматикалық категорияларының ерекшеліктерін оқушыларға жүйелі және дәл түсіндіру үшін, тіліміздегі сөздердің құрамына, лексикалық мағынасына қарай алуан түрлі өзгеретіндігін байқатады.

Оқыту тек білім беру ғана емес, сонымен бірге балаларды жан-жақты жетілдіру және тәрбиелеу, шеберлік және дағдымен қаруландыра түсу болып саналады. Сондықтан да зат есімнің грамматикалық категорияларын меңгерту үшін іріктеліп алынатын материалдар оқушыларға тәрбие беру жағынан да маңызды, бағалы болуға тиіс. Ал сабақ жүргізу процесінде қолданылатын методикалық әдіс-тәсілдер тақырыпты оқушылар түсіну үшін жағдай жасап қана қоймай, соған сәйкес балалардың жан-жақты дамуына әсер ететіндей болғаны жөн.

І ТАРАУ Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың мақсаты мен міндеті

  1. Зат есімдерінің сөз таптарымен байланысы

Зат есімнің басқа сөз таптарынан ерекшеленетін бір белгісі - көптік, тәуелдік, септік, жіктік категорияларының болуы. Зат есімнің грамматикалық категорияларын шығармашылық тұрғыда жүйелі оқыту және оны оқушыларға сапалы білгізіп, тиянақты меңгерту оған керекті әдістемелік әдіс-тәсілдерді дұрыс қолданып отыруға бойланысты. Ол үшін мұғалім зат есімнің грамматикалық категорияларына тән белгілерін бағдарлама бойынша жоспарлап, одан ұйымдастырылатын сабақ түрлері мен өтілетін иатериалдардың көлеміне қарай әдістерін белгілейді. Ол әдістердің жеке тәсілдерін ұтымды қолданудың нәтижесінде зат есімнің грамматикалық категорияларына тән белгілері шығармашылық тұрғыда түсіндіріледі.

Бағдарлама бойынша зат есімнің морфологиялық белгілері ІІ сыныптан бастап оқытылады. Бастауыш мектептің ІІ сыныбында зат есімнің жекеше, көпше түрі, көпшенің морфологиялық белгісі өтіледі де, ІІІ -ІҮ сыныптарда бұл қайталанып оқытылады. Ү сынып оқушыларына зат есімнің жекеше, көпше түрлері бастауыш мектептің өзінде таныс болғандықтан, енді оларды грамматикалық тұрғыдан түсіндіру қажет. Бұл үшін бірдей заттың жеке және бірнешеуі бейнеленген суреттерді пайдалануға болады. Мұғалім солардың мағынасын түсіндіру арқылы зат есімнің жекеше, көпше түрі болатынын аңғартады. Зат есімдердің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатыны, заттың көптігін білдіру үшін көптік жалғауы жалғанатыны туралы ережемен таныстырады. Сонымен қатар оқушыларға көптік жалғауының қосымшаларын, олардың сөздерге жалғану варианттарын шатастырып алушылық және неліктен бір жалғаудың түрленіп вариантқа бөлініп кету заңдылықтарын мектеп қабырғасынан үйретудің маңызы зор. Ол үшін буын үндестігі мен дыбыс үндестігі еске түсіріліп қайталанылады да, үндестік заңына байланысты сөздердің соңғы буынының жуан, жіңішке әуеніне қарай үйлесіп келуіне байланысты екендігі түсіндіріледі.

Көптік жалғауының қосымшаларын, олардың сөздерге үндестік заңының заңдылығына бой ұсына жалғанатын ерекшелігін мынадай көрнекілік арқылы түсіндіруге болады.

Көптік жалғау

-лар, -лер

балалар

кемелер

-дар, -дер

қыздар

өзендер

-тар, -тер

кітаптар

мектептер

дауысты

р

й -лар, -лер

у

з

ж

л

м -дар, -дер

н

ң

қатаң

дыбыстан -тар, -тер

соң

Бұл көрнекілікті түсіндіру жолы мынадай:

Алдымен көптік жалғау деген тіркеске түсінік беріледі. Көптік жалғауы жалғанған сөзіне көптік мағына беріп, оны екінші бір сөзбен жалғастыратын болғандықтан, бұл қосымшаға берілген атау өзінің атқаратын қызметіне толық сай келіп, өзінің мазмұнының қандай екенін бірден-ақ аңғартып тұрғанын ескертеміз.

Екінші ретте, көптік жалғауының арнаулы -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер тұлғалы жалғауының барын және бұлардың буын үндестігіне байланысты жуан, жіңішке вариантта айтылатынын, сол тұлғада жазылатынын балалар, кемелер, көлдер, кітаптар, мектептер сөздері арқылы түсіндіреміз.

Үшінші ретте, көптік жалғауының қосымшаларының басқы дыбыстарының л, д, т, дыбыстарынан басталатын септерінің сырын ашамыз. Бұл жайды мұғалім көрнекіліктегі үшкіл сызық арқылы түсіндіреді. Көптік жалғауы жалғанатын сөздердің соңы дауысты, сонор р, у, й дыбыстарының біріне аяқталса, көптік жалғауы үнді л дыбысынан басталып, -лар, -лер тұлғасында жалғанатындығын сұрақ-жауап әдісімен өздеріне жинақтатып, осы тәрізді мысалдар айтқызамыз. Міне, осындай жолмен көптік жалғауының д, т дыбыстарынан басталатын себебін түсіндіріп, мысалдарды өздеріне тапсырамыз. Осы жолмен түсіндірілген жаңа материалды оқушылардың қаншалықты дәрежеде түсінгендіктерін байқау үшін, магнитофонды пайдалана отырып, мынадай жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады:

Біріншіден, оқушыларға мынадай мазмұнда жазылған кеспе қағаздарын үлестіріп береміз:

  1. Дауысты дыбысқа біткен екі сөз ойлап, оған көптік жалғауын жалға.
  2. Өнерпаздар, егіншілер сөздеріндегі көптік жалғауы неліктен -дар, -лер болып тұр?
  3. Күректер, кілемдер сөздеріндегі көптік жалғауының түрлеріне талдау жаса.
  4. Көптік жалғауы қандай жағдайда д дыбысынан басталады, мысал келтір.
  5. Көптік жалғауы қандай жағдайда т дыбысынан басталады, мысал келтір.

Бұл сияқты кеспе қағаздарын үлестіріп берген соң, «Тыңдап отырыңдар, қатесі болса, түзейсіңдер» деген ескерту айтып, мұғалім кеспе қағазы арқылы жауап беретін оқушылардың жауабын үнтаспаға жазып алады да, өздеріне қайта тыңдатып, оқушы жауабының дұрыс не теріс екенін тексереді. Жаңа материалды бұлайша бекітіп, жаттықтыру - сабақты жандандырып, түрлендірудің бір түрі және балалардың ынта-жігерін арттыру үшін қолайлы.

Сондай-ақ, зат есімнің сөздерінің кейбір тобы лексика-семантикалық мағынада қолданылып, оларға көптік жалғауы жалғанбайтынын да ескеру керек. Көптік жалғауда қолданбайтын зат есімдер нақты мысалдар төңірегінде мынадай жүйемен түсіндіріледі:

  1. Сұйықтық ұғымды білдіретін зат есімдердің атаулары: су, шай, сорпа.
  2. Газ тектес зат есімдердің атаулары: бу, түтін, шаң.
  3. Уақ, ұнтақ, майда зат есімдердің атаулары: қант, ұн, құм.
  4. Дерексіз зат есімдердің атаулары: қуаныш, шындық, өкініш.
  5. Табиғат байлығы, кен атаулары: алтын, мыс, алмас.
  6. Табиғат құбылыстарының атаулары: жел, боран, қар.
  7. Жұптық ұғымды білдіретін затесім атаулары: көз, қол, аяқ.

Көптік категориясының негізгі грамматикалық мағынасы - заттың көптігін білдіру. Осы негізгі мағыналарымен бірге көптік жалғау басқа да мағыналық реңктерді, мәндерді білдіруі мүмкін екендігін мысалдар арқылы түсіндіру керек. Мысалы, көптік жалғауы сан есімге, үстеуге жалғанып, сол сөз білдіретін ұғымның жалпы мөлшерін, болжамын білдіреді: жасы қырық-тарда. Абстракты зат есімдерге жалғанып, оның көптігін емес, әр түрлілігін немесе салмақ, мөлшер, көлем есебін білдіреді: ой-лар, су-лар. Даралық мәндегі зат атауларына, жалқы есімдерге жалғанғанда, олардың өзінің көптігін емес, көпке ортақ екенін және онымен бірге топтау ұғымын білдіреді: әке-лер, шеше-лер. Заттың өзінің көптігін емес, көпке ортақтықты да білдіреді: ас-тарыңды ішіңдер дегенде астың көптігі емес, оны ішетін адамның көптігін білдіреді. Осындай әр жақтық мағынада, мағыналық реңкте жұмсалатындықтан, көптік жалғауы әр түрлі стильдік қызмет атқаратындығын да айта кеткен жөн.

Көптік жалғауы кейде зат есімнен басқа да сөз таптарына жалғанса, оларға заттық мағына үстеп, заттандырып тұрады. Көптік жалғаудың бұл қасиеті әрқашан дұрыс түсініле бермейді. Бұл «Көптік жалғауының бұл жердегі қызметі жұрнақ қызметімен пара-пар дерлік» - деп жалпы жалғаудың табиғатына терең үңілмегендіктен туып отыр. 1 Біріншіден, басқа сөз таптарын заттандыру қасиеті тек көптік жалғауда емес, септік, тәуелдік жалғауда да жиі кездесіп отырады: Еріншектің ертеңі таусылмас, Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез. (Абай) . Екіншіден, көптік, тәуелдік және септік жалғауларының бұндай қасиеті, басқа сөз таптарынан жасалғанда, оларды заттандырып жіберу қасиеті, бұл тұлғалардың зат есімге тән түрлену жүйесі екендігін, зат есімнің таза грамматикалық категориясы екендігін дәлелдейді.

Бір заттың екінші бір затқа тәуелді, меншікті, қатысты болуы - тілдегі

1 Исаев С. Қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. 62 бет.

ақиқат құбылыс. Бұндай заттар арасындағы меншіктілік-тәуелдік қатынас қандай тілде болса да бар. Бірақ ондай ұғымдардың грамматикалық мәні мен сипаты, берілу амал-тәсілдері барлық тілдерде бірдей, біркелкі бола бермейді. Қазақ тілінде бұл мән тәуелдік жалғау арқылы және меншіктелуші зат атауы мен буын үндестігіне бағынбайтын -нікі, -дікі, -тікі қосымшалы сөздің тіркесі арқылы беріледі. Осы арқылы, яғни, жақ түрлеріне байланысты тәуелділік

грамматикалық формалар негізінде берілуі арқылы қазақ тілінде тәуелдік категориясы грамматикалық категория болып қалыптасқан. Бағдарлама бойынша бұл категория ІІ сыныптан бастап, ҮІІ сыныпқа дейін оқытылады. ІІ сыныпта оқушылар зат есімнің тәуелдік жалғауы, тәуелдік жалғауының І, ІІ жақтары тек адамға айтылатыны жайлы мағлұмат алса, ІІ, ІҮ сыныптарда бұл мағлұматтарды қайталап өтеді.

Ал Ү, ҮІІ сыныптар аралығында «зат есімнің тәуелденуі» тақырыбын оқыту барысында мынадай мақсат қойылады: Тәуелдік жалғауының тәуелдік ұғымын білдіріп, үнемі ілік жалғаулы сөзбен байланыста келетінін түсіндіру; тәуелдік жалғауының арнаулы үш жағы болатынын және олардың І, ІІ жақтары тек адамға ғана меншікті айтылса, ІІІ жақ адамға да, басқа заттарға да қатысты екенін білдіру; тәуелдік жалғауының арнаулы қосымшаларын меңгерту.

Зат есімнің тәуелдік категориясын түсіндіру көптік категориясына қарағанда, күрделі де, қиынырақ. Сондықтан тәуелдік категориясын түсіндіруде мұғалімнің үлкен шеберлігі керек. Мұны мұғалім шеберлігіне байланысты әр түрлі жолмен түсіндіруге болады. Зат есімнің тәуелдік категориясы да сөздері өзара байланысқа түсіретін категория екенін ескерте отырып, нақтылыдан нақтысызға, белгіліден белгісізге қарай үйрету, таныту әдістері арқылы баяндалады.

Мұғалім күні бұрын өзіне тән кітабын, қарындашын, дәптерін ала келуі керек. Ол күндегі әдетінше, сабақтың мазмұнын бірден ашып кетпей, ең алдымен, меншік және тәуелді деген сөздердің ұғымын оқушыларға түсіндіргені дұрыс. Оқытушы өзінің алып келген заттарын көрсете отырып, бұл заттың иесі өзі екенін, заттың басқаға емес өзіне ғана тән, меншікті екенін балалардың көру қабілеті арқылы, әрі ойландыру процесі арқылы түсіндіргені жөн. Мұнан соң заттың иесін менің, сенің, сіздің, оның деген ілік жалғаулы сөздер білдіретінін, жеке тәуелді заттар кітабым, кітабың, кітабыңыз, кітабы деген тұлғада айтылатынын айтып, тақтаға:

Менің кітабым Біздің кітаптарымыз

Сенің кітабың Сендердің кітаптарың

Сіздің кітабыңыз Сіздердің кітаптарыңыз

Оның кітабы Олардың кітаптары

деген мысалдарды жазып, ілік жалғауының қосымшасы мен тәуелдік жалғауының қасымшаларынының байланысын ойыс сызықтар арқылы түсіндіреміз. Бұл жерде ілік жалғаулы тәуелдік жалғаулы сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, үнемі бір тіркесте айтылатынын аңғарту керек. Сонымен қатар, ІІ жақта қолданылатын тәуелдік жалғауының анайы және сыпайы түрлерінің болатындығы туралы да оқушыларға көрнекі түрде салыстырып түсіндірген жөн.

анайы түрі сыпайы түрі

ІІ жақ (сенің) қарындаш ың (сіздің) қарындаш ыңыз

(сенің) үй ің (сіздің) үй іңіз

Мұнан кейінгі ретте төменде көрсетілген кесте арқылы тәуелдік жалғауының арнаулы үш жағы бары, оған лайықты қосымшаларының болатыны түсіндіріледі. 1

Зат есімнің тәуелденуі
Зат есімнің тәуелденуі: жақ
жекеше
Көпше
Зат есімнің тәуелденуі:

І

(мен, біз)

-м, -ым, -ім

әкем, үйім

-мыз, -міз, -ымыз, -іміз

қозыларымыз, үйлеріміз

Зат есімнің тәуелденуі:

ІІ

(сен, сіз)

-ың, -ің

әкең, қозың

-ың, -ің, -ыңыз, -іңіз

үйлерің, үйлеріңіз

Зат есімнің тәуелденуі:

ІІІ

(ол, олар)

-сы, -сі, -ы, -і

қозысы, үйі

-ы, -і

қозылары, үйлері

Бұл кестенің көмегімен мұғалім тәуелдік жалғауының І, ІІ, ІІІ жақтары болатынын көрсете отырып, І, ІІ жақтардың үнемі адамға қатысты айтылатынын, ал ІІІ жақ адамға да, басқаға да қатысты айтылатыны түсіндіреді. Осыдан кейін тәуелдік жалғауының үш жаққа тән арнаулы қосымшалары барлығы, жекеше, көпше түрде тәуелденетіндігін осы кесте арқылы оқушылардың өздерін қатыстыра отырып әңгімелейді.

Тәуелдік жалғауы ілік септік пен тәуелді сөздердің арасын байланыстырады. Сондықтан да тәуелдік жалғауы қосылған сөз тәуелденуші сөздің ілік септік жалғауда тұруын керек ететіндігін

Колхоз + дың мал + ы

Оспан + ның киім + і

Ахмет + тің бала + сы

деген сияқты мысалдар арқылы түсіндіріп және тәуелдік жалғауы қосылғанда, сөздердің соңындағы кейбір қатаң дауыссыздар ұяңданып кететіндігін де (кітап - кітабым) оқушыларға түсіндіре кеткен жөн.

Тәуелдік жалғауын танытқаннан кейінгі күрделі мәселе - түбір сөзге дауысты дыбыстан басталған тәуелдік жалғауы жалғанғанда, түбір сөздің соңындағы «ы», «і» дыбыстарының түсіп қалатындығы (бөрік+ім - бөркім, халық+ым - халқым, ауыл+ым - аулым) берілген ұғымды бекіте түсу мақсатында мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады:

Зат есімнің морфологиялық көрсеткіштерінің келесі бір түрі - жіктік жалғауы. Мұнан бұрынғы өтілген жалғаулар сияқты жіктік жалғау да сөз бен сөзді байланыстырады. Жіктік жалғауы септік жалғаулары сияқты кез-келген сөз арасын байланыстыра бермейді, тәуелдік жалғауы тәрізді арнаулы бір тіркесті ғана байланыстырады. Атап айтсақ, бастауыш пен баяндауышты өзара қарым-қатынасқа түсіреді. Тәуелдік жалғауы өзі жалғанып тұрған сөзін ілік жалғаулы сөзге тәуелді етіп тұрса, жіктік жалғаулы сөз өзі жалғанып тұрған сөзінің кім? не? қандай? қаншасыншы? екендігін білдіретіні, сонымен қоса, іс-әрекеттің, қимылдың қай жақта істелгенін, істелетінін білдіретіні салыстыру әдісі арқылы түсіндіріледі. Тақтаға мұғалім деген сөзді жазып, оған тәуелдік жалғауын қосып, мұғалім сөзінің оқушыларға тәуелді екені айтылады. Осыдан кейін мұғалім сөзін тақтаның орта тұсына жазып қойып, оған ең алдымен -мін қосымшасын жалғап, мұғаліммін сөзінің кіммін? Деген сұраққа жауап болып тұрған мағынасын аңғартамыз. Мұнан соң -мін қосымшасынан мен сөзінің ұғымы туып тұрғанын түсіндіріп, мен сөзін мұғаліммін сөзінің алдынан жазып қойып, мұғаліммін деген сөздің астынан мұғалім сөзін қайта жазып, оған -сің қосымшасын қосып жазып, қандай өзгеріс болғанын оқушылардың өздеріне айтқызып, -сің қосымшасынан сен деген ұғымның туып тұрғанына көздерін жеткізіп, сен сөзін мен сөзінің астына мұғалімсің дегеннен бұрын жазып қоямыз. Жіктік жалғауының қалған жалғауларын да түсіндіріп І, ІІ, ІІІ жақтарға бөлінетінін білдіреміз. Сөйтіп бұл мысал арқылы жіктік жалғауы жалғанған сөзінің кім? не? қандай? қаншасыншы? нешінші? екендігін аңғартатын категория екенін танытсақ, келді, оқыды деген етістіктерді үш жаққа қойып:

І жақ мен келдім, оқыдым

ІІ жақ сен келдің, оқыдың

сыпайы сіз келдіңіз, оқыдыңыз

ІІІ жақ ол келді, оқыды

деген тұлғаларда түрлендіріп айтуға болатынын көрсетіп, жіктік жалғаулары қимылдық ұғымды білдіретін сөздерег жалғанғанда, қимылдың, іс-әрекеттің қай жақта болатынын, не болмағандығын білдіретінін айтамыз.

Сөйтіп, жіктік жалғауы сырттай қарағанда тәуелдік жалғауына ұқсас болғанымен, бір-біріне ұқсамайтын мынадай айырмашылықтарына тоқталу керек:

  1. Тәуелдік жалғауы мағына жағынан меншіктілікті, тәуелділікті білдірсе, жіктік жалғауы заттың кім? не? қандай? нешінші? екендігін білдіреді.
  2. Тәуелдік жалғаулы сөз үнемі ілік жалғаулы сөзбен байланыса, жіктік жалғауы үнемі атау септігіндегі есімдіктермен қарым-қатынасқа түседі.
  3. Тәуелдік жалғауы кез-келген есім сөздерге жалғана береді, ал жіктік жалғауы тек қана адамға, мамандыққа байланысты ұғымды білдіретін сөздерге ғана жалғанады. Сонымен қоса, қимылды білдіретін етістік сөздерге талғамсыз жалғана береді, мұндай қасиет тәуелдік жалғауыныда жоқ.

Жіктік жалғауының ең басты мазмұны тілшілік болмысы қазақ тілінде айқын. Оның ең басты болмысы қазақ тілінде тек адамның іс-әрекетімен, адамның жеке басының қасиет, сапасына, адамның құндылық қырларын айқындай алатын сөздердің ғана жіктеле алатындығы. Жансыз заттардың жіктелуі жанды болса да адамдық тұлғаға тән болмағандықтан, сөздердің жіктелуінің де жіктік жалғауының өзіне тән табиғаты бар екендігін айғақтайды. «Мен кітаппын», «Мен дәптермін» деп айту мүлде саналы ойға жат болар еді. Ал «Мен ұстазбын», « Сен ұстазсың» деу тек адамға ғана тән екенін аңғарамыз. Бұдан шығатын қорытынды - жіктік жалғауы қазақ тіліндегі кез-келген сөзді жіктей бермейді. Белгілі бір мағына бірлігін талғау жіктік категориясының еншісіне енген. Мысалы, ұстаз, шебер, оқушы деген сөздердің өз ішінен мағыналық жіктелуі бар. Ұстаз - ұстаз болып, еңбек еткен адам; шебер - шеберлікке жетудегі еңбек үлесі; оқушы - оқу оқитын әрекеті бар; яғни адамға тән әрекет етушілік бар. Ал шөп өсті, егін шықты жіктеуге тән емес екендігі айқын. Мұнда өсімдіктің шығу әрекеті бар болғандықтан, жіктелу бар. Сол себепті жіктік категориясында қимылдық әрекеттің негізінен туған сөздер ғана жіктеледі деген тілші, ғалымдардың пікіріне сүйенуге тура келеді. Ал қоғамдағы қарым-қатынас адамдар арасындағы бір тұлғадан екінші тұлғаға бағытталғандықтан, қарым-қатынас, іс-әрекеті аталып отырған жіктік категориясы арқылы көрініс табады.

Жіктік жалғауының есім сөздер мен етістік сөздерге жалғану ретін және олардың қосымшаларын төменде берілетін кесте арқылы түсіндіреміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көптік жалғаудың сөзбен сөзді байланыстырушылық қызметі
Қазақ тілінде сөздердің жіктелуі
Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту
Көптік жалғауларының даму тарихы
Негізгі зерттеу нысаны - туынды сөз
Жіктік жалғауын оқыту әдістемесі
Жалғаулардың түбірге кірігуінің жайы
Етіс түрлеріне қатысты ұстанымдар
Көптік жалғауын дамыта оқыту технологиясының әдістері
Жалғаулы сөздердің классификациясы және олардың сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz