БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ АРҚЫЛЫ ХИМИЯҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ

ӘОЖ 57:004

САНДИБЕКОВА АЛЗИРА АСКАРКЫЗЫ

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ АРҚЫЛЫ ХИМИЯҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

7М015 - Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау

«7М01510 - Химия» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін орындалған диссертация

Ғылыми жетекшісі: Жармагамбетова А. К. д. х. н., профессор

Қорғауға жіберілді:

Институт директоры Каймулдинова К. Д., г. ғ. д, профессор

«___» 2024 ж.

Кафедра меңгерушісі Мукатаева Ж. С. х. ғ. к., қауым. профессор

Ғылыми семинар төрағасы .

Алматы, 2024ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
КІРІСПЕ . . .:
:
КІРІСПЕ . . .: 1 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ АРҚЫЛЫ ХИМИЯҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
:
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Білім алушыларға экологиялық білім берудің педагогика-психологиялық бағыттары
:
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Білім алушыларға экологиялық білім берудің ерекшеліктері, маңызы, ролі
:
КІРІСПЕ . . .: 1. 3 Білім алушылардың экологиялық білім арқылы химияға қызығушылығын арттырудың жолдары
:
КІРІСПЕ . . .:
:
КІРІСПЕ . . .: 2 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ АРҚЫЛЫ ХИМИЯҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
:
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Мультимедиялық технологияларды және интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану әдістемесінің негізгі компоненттері
:
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Мультимедиялық технологияларды қолдану арқылы білім алушылардың экологиялық білім арқылы химияға қызығушылығын арттырудың дағдыларын қалыптастырудың әдістемесі
:
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 Тәжірибелік- жұмыстың
:
КІРІСПЕ . . .:
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
:
КІРІСПЕ . . .:
:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
:
КІРІСПЕ . . .:
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОСЫМША . . .
:

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл диссертацияда келесі стандарттардың сілтемелері қойылған:

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. №319-ІІІ. - Астана, Ақорда. 27. 07. 2007.

Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы. №407-IV. -Астана, Ақорда. 18. 01. 2011.

ҚР Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Бакалавриат. 13. 05. 2016. №292

ҚР Үкіметінің қаулысы. Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының заңы Заңы. 11. 07. 2007. № 217.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. 2017.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ««Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 14. 12. 2012 ж.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспары бaғдapлaмacы. - Астана, 20 мaмыp, 2015.

ҚР Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Магистратура. Докторантура. 13. 05. 2016. №292 ҚР Үкіметінің қаулысы.


АНЫҚТАМАЛАР

Бұл магистрлік диссертацияда келесі терминдер анықтамаларымен бірге қолданылады:

Ақпараттық білім беру ресурсы - білім беру сипатында қалыптастырылған ой мен білім, әртүрлі деректер, оларды жинақтау, сақтау және ақпараттар көзі мен тұтынушылар арасындағы алмасу әдістері мен құралдары.

Виртуалды аудитория - байланыс арналарымен біріктірілген және қашықтан оқытуды ұйымдастыруда қолданылатын жұмыс кеңістігі.

Мультимедиа - пайдаланушыға диалогтық режимде деректермен онын ішінде графика, мәтін, дауыс, бейне жұмыс істеуге мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені.

Электронды оқулық - білім берудің негізгі міндеттері компьютер мен компьютерлік желілердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып шешілетін оқулы

Силлабус - білім беруде пәнінің қысқаша сипаттамасы бар, оқытылатын пәннің негізгі тақырыптары көрсетілген білім алушыға арналған білім беру бағдарламасы

Әдістеме - оқу үдерісінде пайдаланатын әдістер жиынтығы және білім беру ұстанымдарын зерттеу саласы.

Химиялық білім - студенттердің химия ғылымының жүйесіндегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының жиынтығы.

Химик маман - элементтердің өзгеруі, олардың бір-біріне әсері, көптеген формулалармен және сынауықтармен жұмыс істейтін зерттеуші. Ол материал негізінде зерттеу жасап, сынақ жүргізе отырып, алынған нәтижелердің практикада қолдануын ұйымдастыратын тұлға.

Интерактивті мультимедиялық курс - дыбыстық, анимациялық компьютерлік графика, мәтін, бейне тізбектері бар бір мезгілде түрлі медиа құралдарын қамтитын оқу бағдарламасы.

Интернет технологиялар - интернеттегі ақпараттық телекоммуникация, мультимедиа және басқа да салалардағы технологиялар немесе интернеттегі ісшаралардың көмегімен ұйымдастырылған қызметтерді ұсынады.

АТАУЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Бұл магистрлік қысқартулар қолданылады:

ЖОО жоғары оқу орны

Абай атындағы ҚазҰПУ Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық

университеті

ББ Білім беру бағдарламасы

МЖМБС Мемлекеттік жалпығаміндетті білім беру

стандарттары

БТ Бақылау топ

ЭТ Эксперименттік топ

СӨЖ Студенттердің өзіндік жұмысы

КАТ Компьюетлік ақпараттық технология

ҚР БҒМ Қазақстан Ресепубликасының Білім және

ғылым министрлігі

ҒЗЖ ғылыми-зерттеу жұмысы

ҚОТ қашықтықтан оқыту технологиялары

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. ХХІ ғасырға адамзат экологиялық қауіппен еніп отыр, яғни планетаның өмір сүруінің өзіне қауіп төніп отыр. Сондықтан жастарда экологиялық мәдениетті қалыптастыру өте маңызды, осы жастардың алдына болашақ әлемнің экологиялық қауіпсіздігінің негізін қалау мәселесі қойылып отыр.

Қазір экологиялық білім мен тәрбие беру маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің біртұтас ұлттық жүйесі жасалуда.

Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау туралы заңына (12 бөлім, 63-65 бап), «Табиғи және техногенді төтенше жағдайлар туралы» заңына, «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік концепциясына», «ҚР жоғары білім беру туралы» заңдарына (3 бап( негізделе отырып экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясы жасалды /1, 2, 3/.

Қазір Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты мен экологиялық дамуындағы негізгі құжаттар - «Тұрақты даму үшін қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жұмыс жоспары», «ХХІ ғасырдың ұлттық күн тәртібі» және т. б. әзірленді.

Экологиялық дағдарыстың негізгі себебі тек тиімсіз технологиялар, табиғат қорғау қызметінің және заңдарының жеткіліксіздігі ғана емес сонымен қатар адамдардың мәдениетінің төмендеуінде болып табылады.

Экологиялық мәдениет дегеніміз - бұл экологиялық білімділік, табиғатқа саналы көзқарас және табиғатты пайдалануға іс жүзінде қатысу.

Экологиялық тәрбие үш жақты міндет түрінде қарастырылуы тиіс:

  1. Адамның табиғатпен қарым-қатынасын анықтау;
  2. Қазіргі және болашақ ұрпақ алдына табиғаттың сақталуы үшін азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
  3. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін дұрыс шешуге үйрету.

Экологиялық тәрбие беру жаңа адамды тәрбиелеудің бөлінбес құрамды бөлігі болуы қажет. Халыққа экологиялық білім беру орталықтары ретінде мәдениет орындары, кітапханалар, ботаникалық бақтар, зообақтар, ерекше қорғауға алынған территорияларды тиімді пайдаланудың комплексті іс-шараларын жасау қажеттілігі туып отыр.

Экологиялық білім беру базалық білім берудің бөлінбес бөлігі екендігін түсіну қажет. Экологиялық білім беру процесі адамның бүкіл өмірі барысында, мектепте және одан тыс барлық азаматтарға білім берудің барлық түрлері мен деңгейлерінде жүзеге асырылуы тиіс.

Мына сызба бойынша нақты координацияны жүзеге асыру керек: отбасы - бала бақша - мектеп - жоғары білім беру - мамандарды қайта дайындау - халыққа жаппай экологиялық білім беру.

Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жасаудың мақсаты - экологиялық білімдердің біртұтастығы, табиғатқа оң эмоционалды - бағалық қатынас және қоршаған табиғи ортадағы нақты қызметінің негізінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздіксіз білім беру жүйесіне жаңа экологиялық ойлауды, өмір сүрудің жаңа стилін қалыптастырудың негізінде қарап, әлеуметтік және экологиялық тұрақты даму, сондай-ақ түбегейлі жаңа технологиялық саясатты қалыптастырудың негізі ретінде қоғамның интеллектуалды потенциалын арттыру құралы ретінде қарау қажет /4/.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту Тұжырымдамасы» отандық білім саласында соңғы жылдары қордаланып қалған басқа да көптеген мәселелерді түбегейлі шешуге бағытталған, олардың нақты ұстанымдары мен бағыттарын анықтап беруші құжат болып отыр.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының негізгі міндеттерінің бірі де оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану болып табылады[1] .

Сондай-ақ, әлемде жаңа индустриалды ақпараттық технологияның етек алуына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілген. Бағдарламаның мақсаты орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау болып табылады. Ал, міндеттерінің бірі орта, техникалық, кәсіби, жоғары білім беруде цифрлық сауаттылықты арттыру [2] . Яғни, өзінің кәсіби іс-әрекетінде сандық технологияны тиімді қолдана алатын қоғам мүшелерін даярлау маңыздылығы артып отыр. Бұл жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде информатика және ақпараттық технология саласы бойынша ғана емес, сондай-ақ кәсіби педагогикалық іс-әрекеттерінде жаңа технологиялар мен құралдарды қолдана алатын мамандар даярлау дегенді білдіреді [3] .

Білім беру жүйесін дамытудың заманауи үрдістері оқу үдерісіне компьютерлік технологияларды ендіруді көздейді, қоғамдық өмірдің барлық салаларына белсенді түрде қатысатын, өздігінен жұмыс істей алатын, шығармашылығы мол тұлғаны қалыптастыру білім беру ұйымдарының негізгі міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған . Мемлекеттік бағдарламасында электрондық оқытудың мақсаты: «Білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздіксіз білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету» - деп атап көрсетілген. Мұнда әрбір пән мұғалімі сабақта мультимедиялық технологияны тиімді қолдана алуы тиіс деген мәселе қаралды. Қазіргі уақытта ҚР Білім беру жүйесінде ашық білім беру кеңістігін қалыптастыруға ықпал ететін білім беру жүйесінің жетістіктерін заманауи ақпараттық технологиялармен біріктіру мақсатында ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарын, оқу процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және ғылыми зерттеулерді біріктіру жүзеге асырылуда. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен және заманауи компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялардың пайда болуымен, заманауи мультимедиялық жүйелер мен тиісті әдістемелік инновациялардың актуализациясымен қатар, білім беру қызметін жүзеге асырудың тәсілдерін түбегейлі өзгерту, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде мамандарды даярлау процестерін күшейту тенденциялары бар. Оқу процесінде мультимедиялық элементтер кешенін қолдану түсінуді, есте сақтауды, оқу үлгерімін, шығармашылықты дамытуға ықпал етеді, дерексіз материалды игеруге көмектеседі, объектілер арасындағы қатынасты орнатуға мүмкіндік береді, ұйымдастырушылық қабілетін арттырады, материалдың негізгі тұстарын белгілейді Мультимедиялық құралдар студенттерге oқу материалдары бойынша өз бетінше жұмыс істеуге және оларды қалай және қандай ретпен оқуға, мультимедиялық бағдарламалардың интерактивті мүмкіндіктерін қалай пайдалануға, оқу тобында бірлескен жұмысты қалай ұйымдастыруға болатындығын шешуге мүмкіндік береді. Осылайша, студенттер оқу процесінің белсенді қатысушыларына айналады және оқу процесіне әсер ете алады, оны жеке қабілеттері мен қалауына бейімдей алады, бұл оқу ақпаратын жеке қабылдауға ықпал етеді. Жоғары сапалы мультимедиялық технологияны қолдану оқу процесін студенттердің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне, олардың жеке стильдері мен оқу қарқынына, қызығушылықтарына бейімдеуге мүмкіндік береді [5] .

Қазіргі заманғы ашық білім беру жүйесі оқытуды ұйымдастырудың жаңа формаларын іс жүзінде жүзеге асыруға негізделген, оның ішінде қашықтықтан оқытуды ерекше атап өту керек, бұл білім беру мекемелеріне заманауи электронды байланыс құралдарын енгізу арқылы пайда болған білім беру процесінің маңызды нысаны болып табылады. Инновациялық, соның ішінде компьютерлік технологияларды оқу үдерісіне енгізу арқылы болашақ мамандардың дайындық сапасын арттыру мәселелерімен ресейлік ғалымдар В. И. Загвязинский, М. М. Левина, Н. Е. Стенякова, Е. М. Баранова т. б. айналысқан. Биологиядан белсенді оқытудың тиімділігінің теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеуші ресейлік ғалымдар Н. М. Верзилин, В. М. Корсунская және т. б. Биологиялық білім мен тәрбие берудің әдістемелік мәселелері отандық биолог-әдіскер ғалымдар Қ. А. Аймағанбетова, Н. Торманов, Ж. Б. Чилдибаев, К. Жүнісова, Р. Әлімқұлова, Қ. Ә. Жұмағұлова, С. Е. Қуанышеваның еңбектерінде жан-жақты зерттеліп, талданған. Инновациялық, соның ішінде компьютерлік технологияларды оқу үдерісіне енгізу арқылы болашақ мамандардың дайындық сапасын арттыру мәселелерімен ресейлік ғалымдар А. Г. Абросимов айналысқан, ал жалпы және жоғары білім беру жүйесінде қашықтықтан білім беру технологиялары және электронды білім беру ресурстарын дайындау және қолдануды И. Б. Готскаяның, қашықтықтан оқыту технологияларын қолданудың педагогикалық және ұйымдастыру шарттарын Ю. И. Капустиннің зерттеулерінен көруге болады.

Жоғарыда келтірілген авторлардың еңбектерін зерделей келе ақпараттық- коммуникациялық технологияның болашақ химик мамандарының зерттеу дағдыларын қалыптастыруда маңыздылығы күмән тудырмайтыны анық болды. Оның үстіне, қоғамның қазіргі даму кезеңінде ақпараттандыру үдерісі де кең етек алуда.

Жалпы ілім беру жүйесін ақпараттандыру мәселелеріне арналған зерттеу жұмыстарына жасалған талдаулар бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру жүйесінде маңызы зор екеніне қарамастан, ғылыми зерттеулерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың болашақ химиктердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудағы рөлі айқындалмағаны анықталды.

Осыған орай болашақ білім алушылардың экологиялық білім арқылы химияға қызығушылығын мультимедиялық технологиялар қолдану арқылы арттыру жайлы толыққанды нұсқаулықтың жоқтығы, зерттеулердің тек теориямен шектелгендігі, ақпараттар жалпы мамандықтарға берілгендігі зерттеу тақырыбын « білім алушылардың экологиялық білім арқылы химияға қызығушылығын арттыру » деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: Білім алушыларға мультимедиялық технологияларды пайдалана отырып, экологиялық білім арқылы химияға қызығушылығын ояту және экологияға жаңа көзқарас қалыптастыру, әдіcтeмeсін жacaу және оны эксперимент арқылы тексеру

Зерттеудің міндеттері:

- мультимедиялық технологиялар ұғымына теориялық талдау жасау;

-мультимедиялық технологиялар арқылы білім алушылардың экологиялық білімі арқылы химияға қызығушылығын арттыру дағдыларын қалыптастыру әдістемелік негіздемесін дайындау;

- химия сабағын оқыту барысында, табиғатта болып жатқан экологиялық проблемалардың негізгі себептерін интербелсенді әдіспен аша білу;

- химиялық зертхана сабақтарын жасау кезінде, табиғатқа экологиялық зардабын тигізіп жатқан факторларды нақтылау;

- экологиялық білімді қалыптастыра отырып, білім алушылардың химияға қызығушылығын арттыру;

- химиялық-экологиялық ұғымдарды басқа жаратылыстану ғылымдарының жүйесімен ұштастыру;

- химиялық экологиялық білімді қалыптастыру кезінде жергілікті өлкелік материалдарды кеңінен пайдалану.

Зерттеу пәні: жоғары орнында химиялық экология пәнінде химик мұғалімдерді даярлау үрдісі.

Зерттеу нысаны: химия пәні мұғалімдерінің мультимедиялық технологияларды қолдану арқылы білім алушылардың экологиялық білімін қолданып химияға қызығушылығын арттыру үдерісі.

Зерттеу әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда төмендегідей әдістер кешенді түрде қолданылды:

- теориялық (талдау және синтездеу, қорытындылау және салыстыру, абстракциялау және нақтылау) ;

- эмпирикалық зерттеу әдістері (сауалнама жүргізу, әңгімелесу, оқу процесін бақылау, оқу-әдістемелік құжаттарын талдау, педагогикалық міндеттерді шешу, консультациялар беру, тестілеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс) .

Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:

- мультимедиялық технологиялар ұғымына теориялық талдау жасау нәтижесі;

- мультимедиялық технологияларды қолдану арқылы білім алушылардың экологиялық білім арқылы химияға қызығушылығын арттыру әдістемесі;

- тәжірбиелік - эксперименттік жұмыстар арқылы, оның тиiмдiлiгiн экcпepимeнт жүзiндe дәлелдерінің қорытындысы мен нәтижелері қорғауға ұсынылатын қағидаларын дұрыстығын растайды.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі: ғылыми таным мен оқыту үдерісіндегі мултимедиялық технологиялар туралы философиялық бiлiм, мультимедиялық технологияларды қолданумен қатар білім алушылардың экологиялық білім арқылы химияға қызығушылығын арттыру дағдысын қалыптастыру туралы теориялар мен идеялар, дидактикалық және әдiстемелiк көзқарастар.

Зерттеу нәтижелерінің апробациясы: зерттеудің нәтижесі республикалық ғылыми басылымдарда және ғылыми конференцияларда жарық көрді:

«Экологиялық білім берудің бүгінгі таңдағы қажеттілігі» // «Тағылым» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №8 (115) Тамыз 2023 жыл, Астана қаласы, 24 -26 б.

«Білім алушылардың экологиялық білімін мультимедиялық технологиялар арқылы химияға қызығушылығын арттыру» // «Химия мектепте», №2 (128) Наурыз- Сәуір, 2024 жыл, Алматы қаласы, 3-10 б.

Жұмыстың құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ АРҚЫЛЫ ХИМИЯҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ АРҚЫЛЫ ХИМИЯҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ: 1. 1 Білім алушыларға экологиялық білім берудің педагогика-психологиялық бағыттары

Қазіргі кезеңде қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасындағы қайшылықтар бастауыш мектеп пен педогогиканың алдына бірқатар жаңа міндеттерді қойып отыр. Оларды шешу қазір мектепте оқып жүрген ұрпаққа, табиғатқа деген теріс әсерлерді жоюға және болашақта бұл қатынасты тиімді ортаға бұруда нақты талап бере алады.

Классикалық педагогика табиғат туралы ғылыми білімдердің мазмұны, оларды ашу әдістері, табиғатты тану процесінде көзқарасты қалыптастыру, бастауыш мектеп оқушысын табиғаттың әсерімен адамгершілік-эстетикалық дамыту, баланың табиғатпен өзара қарым-қатынасының оған білім беру жүйесіндегі орны мен маңызы туралы қағидалар тұжырымдалған. Табиғаттың әсерімен балада гуманистік сезімдерді бекітудің педагогикалық құндылығын ұлы педагогтар Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, Ф. А. Дистерверг ерекше атап көрсеткен /5, 6, 7/.

Табиғатты және онымен қарым-қатынасты тек сөз жүзінде тар практицизм мен утилитаризм шеңберінде зерттеуге қарсы орыс ағартушылары: В. Г. Белинский, А. И. Герцен, Н. А. Добролюбов, Д. И. Писарев, Н. Г. Чернышевский қарсы болды. Олар мектепте табиғат туралы толыққанды білімдерді енгізуді талап етті. Олар аталған білімдердің жеке адамның адамгершілік моральдық қасиеттерінің қалыптасуына, баланың табиғаттағы мінез-құлқын анықтайтынын атап көрсетті.

Ұлы орыс педагогы К. Д. Ушинский баланың табиғатпен ара қатынасын кеңейтіп, табиғаттың тәрбиелеушілік әсерінің педагогикада төмен бағаланып отырғанына таңданыс білдірді.

Қазіргі кезеңдегі экологиялық білім беру табиғат пен қоғамның біртұтастығы туралы, олардың тарихи өзара байланысы, адамның табиғатқа қатынасының әлеуметтік себептілігі туралы ілім әдістемесі негізінде құрылған.

Қоғам мен табиғаттың өзара әсерінің көпжақтылығы экологиялық білімнің комплекстілігін анықтайды. Жалпы әдістемелік және теориялық қағидалар экологиялық білім берудің төменгі принциптерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

  1. Бастауыш мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға пәнаралық тұрғыдан қарау, әр пәннің жалпы экологиялық білім беру жүйесіндегі қызметін, пәнаралық байланыстарды анықтау мен оларды қамтамасыз етуді талап етеді. Экологиялық білім берудегі пәнаралық байланыстарды анықтау әр түрлі оқу пәндерінде оқытылатын, экологиялық білімдердің әр түрлі деңгейлеріндегі қоғам мен табиғаттың өзара әсерінің тиімді әдістері мен принциптерін, заңдарын ашу әдістері мен олардың мазмұнының өзара үйлесімділігін қажет етеді. Сонымен қатар қандай да бір оқу пәнінің мазмұнына кіретін идеялар мен ұғымдардың даму логикасын, экологикалық идеялар мен ұғымдарды тұжырымдау мен тереңдетуге пайдалану керек.
  2. Кіші мектеп жасындағы оқушыларға экологиялық материалды оқытудың жүйелілігі мен үздіксіздігі.

Қоршаған орта мәселелері бойынша білім берудің мақсаты мен міндеттерін орындау мазмұн жүйесін, оқу-тәрбие процесінің әдістерімен ұйымдастыру түрлерін жасауды талап етеді. Осы тұрғыдан қарау кіші мектеп жасындағы оқушылардың экологиялық білімдерінде ақтаңдақтарды болдырмауға экологиялық өзара қарым-қатынастардың әр алуан түрлерінің белгілі бір уақыттың және кеңістік шекараларында бірқалыпты оқытуға, аталған байланыстардың биологиялық жүйелердің әр түрлі деңгейлеріндегі динамикасын оқушыға көрсету мүмкіндік береді. Жүйелеу принципі экологиялық білім беруді алуан түрлі білім беру көздері мен ақпараттық құралдардың үйлесімділігінің негізінде құруды талап етеді.

  1. Қоршаған табиғи ортаны зерттеу мен сауықтыруға бағытталған оқушының әрекетіндегі интеллектуалды және сезімдік-қаржылық негіздердің бірлігі.

Экологиялық білім мен тәрбие берудің бұл принципі табиғатпен тікелей қатынасы есепке ала отырып рационалды танымды көркемдік-образдық таныммен үйлестіруді талап етеді. Бұл принципті бағаламау не таза интеллектуализмге, не есепке негізделген практизмге әкелуі мүмкін.

Практикалық қызметтегі, рационалдық пен эмоционалдықтың арасындағы байланыс динамикалық және көпжақты болып табылады. Егер оқушы тірі және өлі табиғаттағы объектілердің арасындағы заңды байланыстыра білсе, экологиялық жүйелердегі үйлесімдіктің әсемдігін сезіне білсе, онда оның әрекеті де табиғатты сақтау, оны бұзылудан қорғауға бағытталады.

  1. Оқу процесінде экологиялық мәселелердің ғаламдық, ұлттық және өлкетану байланыстарының ашылуы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы саралап оқыту
Демонстрациялық эксперименттің мәні
Орта мектепте химияны оқыту үдерісіндегі саралап оқыту технологиясы
Жаңартылған білім беру бағдарламасы
География пәнінің сабақтары
Арнайы химиялық тек химияны оқыту кезінде
Ішкі саралап оқыту
Химиялық тәжірибелерді жүргізу дағдысын қалыптастыру
Мектеп кезеңі
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz