Бүгінгі күні кез келген қай бағытты алып қарасақта ақпараттық даму, ақпараттық креативтілік бөлімі жылдам әрі тез қарқынмен даму үстінде


Қазіргі таңда ақпарат ағыны жеке адамның дамуымен салыстырып қарағанда күн санап артып келеді. Және көлемі үлкен теориялық ақпаратты ұғыну мен біліп қана қою қазіргі таңда білікті маман үшін жеткіліксіз шеберлік болып саналады. Яғни осы ақпарат ағыны жаңа нəрсені жасай алуға, сол нәрсені үйренуге деген ұмтылысқа бағытталған. Бүгінгі күні кез келген қай бағытты алып қарасақта ақпараттық даму, ақпараттық креативтілік бөлімі жылдам әрі тез қарқынмен даму үстінде. Негізгі бағыттарға ғылыми, өндірістік, əсіресе педагогикалық бағыттарды жатқыза аламыз.
Қазіргі таңда жоғары білім беру оқу орындарында білім беру жүйесінің алдында əдістемелік жүйені түсіну, ұғыну, игеру қажеттіліктері туындайды. Осы бағыт маңызды қажеттілік ретінде туындаған себебі соңғы бірнеше жылдарда болып жатқан жалпы білім беруді ақпараттандыру және компьютерлік модельдеу қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды. Соның ішінде физика пәнін оқытуда ақпараттық және компьютерлік модельдеу технологияларын пайдалануға ерекше назар аудартып отыр. Физика пәнін оқытуда компьютерлік модельдеудің теориялық негіздемесі, табиғаты, техникасы, физикалық құбылыстарды зерттеуі қазіргі күні маңызды болып табылады.
Қазіргі кезде физиканы оқытуда ақпараттық технологияларды оқу үдерісінде қолдану, əсіресе мектеп оқу орындарында жасөспірімдердің тұлғалық мықты маман даярлауда шексіз көлемде оқу ақпаратын игеріп, əлемдік ақпараттық білім беру кеңістігіне қосылуды қамтамасыз етеді. Сондықтан, білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында физикалық кəсіби білім негіздерін оқытуда, кəсіби білім деңгейін бағалауға қажетті электрондық ресурстарды, оқу-əдістемелік жəне виртуалдық зертханалық кешендерді жетілдіру, оны жасаудың мəселелеріне баса көңіл аударған жөн.
Қазіргі кезде барлық жоғары оқу орындарында білім беру үдерісінде компьютерлік модельдеуді қолдану күн санап артуда. Əсіресе, компьютерлік модельдеуді қолдану физика пәнін оқыту үдерісінде сабақтардың кез келген түрінде сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында жəне экспериментті басқару, графиктерді құру, формула бойынша есептеу, лабораториялық практикум жасау, физикалық есептерді шығару, «сандық» эксперимент жасау, лабораториялық сабақтарда бақылануы қиын болған физикалық құбылыстарды модельдеу, экранға шығару, оқушының ақпаратты сақтау қоры, электрондық оқулық, электрондық анықтамалар секілді маңызды мəселелерді шешіп және осы мәселелерді жетілдіріп, автоматтандыруға әкеледі.
Демек, білім беру жүйесінде компьютерлік модельдеуді қолдану оқушылар сабақ ретінде өткен объектілер мен құбылыстарды, процестерді, олардың арасындағы өзара байланысты модельдеу негізінде қабылданған шешімдердің іске асуын бағалау, оқу жəне практикалық есептер шешімін іздеу қабілетін қалыптастыру, оның белсенділік деңгейін көтеру, жеке тұлғасын дамыту мақсатында жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін өзекті етеді. Физикалық есептерді шығару физика сабақтарының түгелдей барлық түрлері мен кезеңдеріне жəне аудиториядан тыс жұмыстарында орындалады. Есеп шығару физиканы оқыту үрдісінің ұдайы бөлінбес құрамды бөлігі болып саналады, есеп шығару, физиканы оқытудың əдістері, тəсілдері, амалдары ретінде əр жақты мағынада қолданылады.
Физикалық есептерді шығарудың маңыздылығы: студенттердің логикалық жəне физикалық ойлауын дамытады, математикалық амалдар мен түрлендірулерді орындауға жаттықтырады, физикалық заңдар мен эксперименттің сандық жəне сапалық мағыналарын ашады; физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың практикалық маңызына жəне өмірмен байланыстылығына көз жеткізеді; студенттерді тапқырлыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, еңбек сүйгіштікке қиындықты жеңу төзімділігіне үйретеді, еңбек-жігерлерін қайрайды; физикалық ұғымдарды, студенттердің практикалық іскерліктері мен дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады; студенттердің алған білімдерінің тереңдігі мен беріктігін тексереді; студенттердің физикаға деген қызығушылығын арттырады. Ақпараттық технологиялардың дамуы - физикалық есептерді түрлі компьютер бағдарламалары көмегімен шешуге жол ашты. Физиканы оқытуда есептерді компьютер арқылы шешудің ерекшелігі, студенттердің физикалық құбылысты жан-жақты талдауға, сол құбылыс негізделген физикалық формулаларды зерттеуге, алгоритмдер құруға, жəне физика, математика, информатика пəндері арасындағы байланысты құра алуға үйретеді. Физикалық есептерді компьютер арқылы шығару, негізінен, есептеу жолдары қайталанатын, есептің жауабы графикалық түрде алынатын жағдайларда тиімді болып саналады. Əрбір шығарылған есепте студенттерге əр түрлі проблемалық жағдайларда дұрыс модель құруға, есепті шығарудағы ыңғайлы əдісті таңдай алуына үйрету қажет. Студенттің стандартты білім деңгейін жоғарылату үшін жүйелі түрде есеп шығару тəжрибесі болуы керек. Бұл кейбір физикалық есеп шығару əдістерін мысалдарымен жүйелендіру жəне анықтамаларын тұжырымдау əрекетінен туындайды. Есеп шығарудың синтетикалық əдісі төмендегі суретте келтірілген. Жоғарыда аталған есеп шығару əдістер спектрі айтарлықтай кең жəне кездейсоқ арттыру əдісінен бастап калькуляторлық əдіске дейін таралады. Кейбір əдістердің іргелі айырмашылығы бар, ал басқалары программаны жазуға дайындық немесе қарапайым аналитикалық шығару бөлігіне қосқан үлесімен ғана бір-бірінен ерекшеленеді. Сол себепті, əдістер мен жүйелендірулер шартты түрде сипат беріп отырады.
Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді:
1. Қолданылу аймағы.
2. Модельде уақыт факторын ескеру.
3. Білім саласына қарай топтау.
4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.
Қолданылу аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру масатында: оқу, тәжірибелік, ғылыми-техникалық, ойын, имитациялық тәрізді топтарға жіктеледі.
Оқу моделі
-
көрнекі оқу құралы, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші, программалар түрінде болуы да мүмкін. Тәжірибелік модель жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады. Бұл модельдер - объектіні зерттеу, қасиеттерін болжау, зерттеу мақсатында қолданылады. Мысалы, үлкен теңіз кемесінің моделін алдын ала бассейнге жіберіп, оның тез қозғалған кездегі ауытқуын, шайқау кезіндегі ұстамдылығын анықтайды
Ғылыми-техникалық модельдер
- процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады. Оған мысал ретінде электрондардың жылдамдығын үдеткіш- синхротрон, найзағайдың разрядын бақылаушы құрал және теледидар тексеруг арналған стендтерді айтуға болады. Ойын модельдеріне
-
әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады. Бұл модельдер әр түрлі жағдайда объектіні бақылауға жаттықтырады. Сондай-ақ қарсыласы немесе одақтасы тарапынан болатын іс-әрекетке қарай алдын алу шараларын анықтауға көмектеседі. Ойын модельдері адамдарға әр түрлі жағдайларда психологиялық көмек көрсетеді. Имитациялық модель - шын мәніндегі нақты объектіні өте жоғары дәлдікпен бейнелеп алады. Тәжірибе нақты объектіні зерттеу, бағалау мақсатында бірнеше рет қайталанады немсе бір мезгілде әр түрлі жағдайда бірнеше ұқсас объектілермен қатар жүргізеді. Дұрыс шешім таңдаудың мұндай тәсілі байқау және қатенің әдісі деп аталады. Мысалы, жаңа дәрілердің әсері мен қабылдау мөлшерін бекіту үшін оны алдымен тышқандарға беріп, тәжірибе жасайды. Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.
Статистикалық модель деп - объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. Мысалы, тіс емханасында дәл сол уақыт мезетіндегі оқушылардың тістерінің жағдайы туралы мәлімет береді: бастауыш сыныптағылардың сүт тісі, орта және жоғары буын оқушыларының емделген, емделуге тиісті тістердің саны т. б.
Динамикалық модель - уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. Мысалы, жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасын динамикалық модель деп айтуға болады. Өйткені, осы кітапша бойынша жыл сайын олардың денсаулығындағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мүмкіндігі бар. Үй салу кезінде оның іргетасының қабырғалары мен тіреулерінің үнемі түсіп тұратын күшке шыдамдылығын тексеру керек. Бұл-үйдің статистикалық моделі. Сондай-ақ дауылға, жер сілкінісіне т. б. уақыт факторына байланысты болатын өзгерістерді де ескеру қажет. Бұл мәселелерді динамикалық модельге сүйене отырып анықтауға болады.
Жоғарыдағы мысалдардан байқағанымыздай бір объектіні статистиклық және динамикалық модельдерді пайдалана отырып, зерттеу мүмкіндігі бар.
Модель көрсетілу әдісіне қарай материалдық және ақпараттық болып үлкен екі топқа жіктеледі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz