Орталық жүйке жүйесінің бөлімдері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті
Мектепке дейінгі және бастауыш кафедрасы

6В01303 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні бойынша
БӨЖ №1
Тақырыбы: ОЖЖ медиаторлары

Қабылдаған: Полатбекова Қарлығаш
Орындаған: Юнусова Наима
Тобы: ППМ-313

Қысқартулар
ОЖЖ - Орталық жүйке жүйесі
ШЖЖ - Шеткі жүйке жүйесі
ЖЖ - Жүйке жүйесі

Мазмұны
Анықтамалар
Кіріспе
1. Орталық жүйке жүйесі
1.1 Орталық жүйке жүйесі жайлы түсінік
1.2 Орталық жүйке жүйесінің бөлімдері
ОЖЖ орталықтарының қызметі
2. ОЖЖ медиаторлары
2.1 ОЖЖ тежелу, қозу механизмі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Библиография

Кіріспе
Жүйке жүйесі - адам мен жануар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекс арқылы іс жүзіне асады. Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тер, сілекей, сүт, қарын сөлінің бөлінуі және т.б. Осы әрекеттердің барлығы да тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді. Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің байланысы үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшықеттерінің жұмысы күшейетіндіктен, зат алмасу үдерісі қарқынды жүреді; тыныс алу мен жүрек соғысы жиілейді; қан аз баратындықтан, асқорыту мүшелерінің жұмысы баяулайды.
Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Сыртқы ортаның әр түрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке жүйесінің әсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті (машина, трамвай, тролейбус және т.б) өтіп кеткенше тоқтап күтіп тұру; аса ыстық немесе суықтан қорғану, денені зақымдайтын заттарға жоламау және т.б. Адамның ойлауы саналы мінез-құлқы жүйке жүйесінің күрделі дамуына тәуелді.
Жүйке жүйесінің маңызы:
мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, ағзаның біртұтастығын іске асырады;
денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін реттейді;
ағзаны сыртқы ортамен байланыстырады;
сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына ағзаны бейімдейді;
денедегі барлық жасушалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл ағза тіршілігін қамтамасыз етеді;
Адам денесінде болатын жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі. Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары құрайды. Жүйке жасушалары нейронның денеден, ұзын және қысқа өсінділерден тұратыны сендерге жүйке ұлпасынан таныс. Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады. Ұзын өсіндісі аксон ми мен жұлынның дененің кез келген бөлімімен байланысуын қамтамасыз етеді. Аксонның сырты май текті ақ қабықшамен қапталған. Бұлар шоғырланып ми мен жұлынның ақ затын түзеді. Нейронның тарамдалған көптеген қысқа өсінділері - дендриттердің сыртында ақ қабықша болмайды. Бұлардың жиынтығы мен нейронның денесі сұр зат түзеді. Нейронда ұзын әрі тарамдалмаған (тек ең ұшы сөл ғана тарамдалады) бір аксон болады.
Жүйке жүйесінің құрылысы: адамнын жүйке жүйесі орталық және шеткі немесе перифериялық жүйке жүйесі болып бөлінеді.
ОЖЖ-сі дегеніміз адам мен омыртқалы жануарлар жүйкесінің жұлын мен мидан құралған бөлімі. Ол жеке торшалардың, ұлпалардың, мүшелердің қызметін реттеп, оларды өзара үйлестіріп, организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді. ОЖЖ-сі ішкі және сыртқы әсерлерді қабылдап, оған жауап беру арқылы организмді қоршаған ортаның құбылмалы жағдайларына бейімдейді, жеке мүшелер мен бүкіл организмнің күрделі әрекетін басқарып, түрлі физиологиялық процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді.
Орталыққа тепкіш өткізгіш жалдар сыртқы немесе ішкі орта әсерін қабылдайтын импульстерді құрылымдарына жіңішке және рецепторлардан мидың әртүрлі жеткізеді. Оларға сына тәрізді шоғыр, латеральдық және вентральдық жұлын- таламустық жол, дорсальдық және вентральдық жұлын-мишық жолы жатады.
Орталық жүйке жүйесінен жұмыс мүшелеріне қозу өткізеді. Олар эфферентті (ортадан тепкіш немесе қозғалтқыш) жүйке деп аталады. Нервтердің басқа тобы біздің денеміздің әртүрлі бөліктерінен және орталық жүйке жүйесіне әртүрлі мүшелерден қозу жүргізеді. Нервтердің алдыңғы тобына қарағанда, олар афференттік (орталық және сезімтал) деген нервтердің атауын алды. Жүйке жасушасы орталық жүйке арқылы перифериядан түсетін қозу импульстерінің әсерінен қозғалады. Дегенмен,көптеген жүйке жасушалары тіпті рецепторлардың импульстерінің әсері жоқ болсада қозуы мүмкін. Бұл жасушаларда қозу гуморальды әсерлердің әсерінен пайда болкв мүмкін. Мысалы, функциясына қан температурасы әсер ететін жылу орталығының қызметі және т.б. Орталық жүйке жүйесі жасушалардың, ұлпалардың және ағзаның, жекелеген мүшелердің өзара байланысын және оларды біртұтас қамтамасыз етеді.
Шеткі жүйке жүйесі - барлық ішкі мүшелерді, қантамырларды, жүректі жүйкелендіреді. Шеткі жүйке жүйесінің орталықтары ми бағанасында, Соматикалық жүйке жұлынның көкірек, жүйесі организмнің бел және сегізкөз сыртқы мүшелерін және бөлімдерінде қаңқа бұлшық еттерін орналасқан. жүйкелендіреді. Соматикалық жүйке жүйесінің орталықтары жұлынның барлық сегменттерінде, мидың барлық бөлімдерінде (аралық мидан басқасында) орналасқан. ШЖЖ ми мен жұлыннан тарайтын барлық жүйкелер мен мүшелерде (жүректе, асқазанда, бұлшық етте, тісте және т.б) болатын барлық жүйке жасушаларынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі арқылы ОЖЖ барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін реттеп отырады. Шеткі жүйке жүйесін аралас жүйке деп атайды. Себебі құрамында соматикалық сезімтал және қозғалтқыш талшықтардан басқа вегетативті талшықтар да кездеседі. Шеткі жүйке жүйесін құрайтын нервтер шын мәнінде нейрондық жасушалардан аксондар мен аксон байламы болып табылады. Жүйке талшықтарының шоғыры дәнекер ұлпалы қабықпен қоршалған жүйкені (жүйке бағаны) түзеді. Жүйкеде әр түрлу ұлпалар мен мүшелерді жүйкелендіретін көптеген қимылдық, сезімтал талшықтар кейде вегетативтік талшықтар да болады.

1. Орталық жүйке жүйесі
1.1 Орталық жүйке жүйесі жайлы түсінік
Орталык жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Жұлын омыртка өзегінде орналаскан, ұзындығы жарты метрге жуық, салмагы 37- 38 г. Жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да, төменгі ұшы шашақтанып 1 және 11 бел омыртка тұсында бітеді. Жұлын арасы косылып кеткен симметриялы оң және сол жак екі жарты бөлімдерден түрады. Адамнын жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшак бөлімдері. Әрбір бөлімнен қос-қостан шыккан жүйке (нерв) түйіндері екі жұлын жүйкесіне айналады (орталыкка тебетін немесе сезгіш жә не орталықтан тебетін немесе қозғаушы нервтер). Жұлын омыртқа жотасынан қыскалау болгандыктан аталған бөлімдер омыртканын аттарына сәйкес келмейді. Жұлын жүйкелері жұлын өзегінен шығып (1 жұптан басқасы) де ненің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының еттерін жүйкелендіреді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән аймақтарын жүйкелендіреді.
Жұлын омыртқа жотасының қуысында орналасқан. Жұлын рефлекторлық және өткізгішті қызмет атқарады. Афференттік талшыктар жұлынның арттқы түбірлеріне келіп жанасады да, эфференттік талшықтар оңың алдыңғы түбірінен шығып таралады. Адамда байқалатын көптеген рефлекстер жұлыннын кызметіне байланысты. Мысалы, тізе рефлексі. Бұл рефлексті санның төрт басты бұлшық етін тітіткендіріп байқауға болады. Тізе рефлексінің жасқа тәуелді айырмашылықтары болады. Бір жастан кейін жасқа әруақытта пайда болуы мүмкін, бірақ та айқын болмайды. 8-23 жас аралықтарында тізе рефліксін әруақытта байқауға болады.
Жұлын өткізгіштік қызмет атқарады, соның нәтижесінде ми мен барлық органдардың арасындағы байланыс жүзеге асады. Қозу импулстерін өткізетін екі түрлі жол болады: жоғары көтерілуі жолы және төмен түсу жолы. Жоғары көтерілу жолы арқылы шеткі органдардан (теріден, бұлшық еттерден т.б.) импульстер жұлынға және миға барады. Соның нәтижесінде ми қыртыстарында және оның жеке аймақтарында әртүрлі сезім түйсіктері пайда болады: жылыны сезу, суықты сезу, ауыртуды сезу т.б...
Адамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 кұйымшақ бөлімдері. Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан жүйке (нерв) түйіндері екі жұлын жүйкесіне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш жә не орталықтан тебетін немесе қозғаушы нерв- тер). Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған бөлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын жүйкелері жұлын өзегінен шығып (1 жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының еттерін жүйкелендіреді. 1-сурет

10 жасқа келгенде жұлын екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашкы жылы өте күшті болады да, 2-3 жаска келген баланың жұлыны 14 г болады (жаңа туған нәрестеде 2,8-2,9 г), 4-6 жаска келгенде жұлынның дамуы аяқтала туған деуге болады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жасқа жуықтағанда аяқталады, Осы мерзімде жұлын 8 есе көбейеді.
Жұлын - жүйке жүйесінің маңызды бөлімдерінің бірі. Түрлі жүйкелер әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жұлын арқылы іске асады. Себебі жұлын өткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің барлық жерінен миға нерв импульстері тасылады, ал мидан бүкіл дененің еттерін қозғайтын нерв импульстері мүшелерге барып, олардың кызметін реттейді. Бұларға қоса жұлында аламның карапайым рефлекстерінің орталықтары орналаскан (мысалы, тізе рефлексі). Адам өмірі үшін манызды зәр шығару, жыныс мүшесінің эрекциясы, тауһет шығару (эякуляция), т.с.с. рефлекстер жұлынның қатысуымен орындалады.
Дене қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын сақтайтын ағза үшін аса маңызды рефлекстер де осы жұлындағы орталықтарының қатысуына байланысты. Жұлынның қозғаушы орталықтарының үнемі келіп тұратын нерв импульстеріне байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала алады.
Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жұлын арқылы орындалады (жүрек-кан тамырлары, асқорыту, зәр шығару, т.б. рефлекстер). Адамның миы орталық жүйке жүйесінің ең негізгі маңызды бөлігі. Одан 12 жұп жүйке шығып, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келетін мәліметтерді жеткізеді. Бұларға 1 иіс, ІІ көру, III көз кимылдатқыш, IV шығыршық, Ѵ үштүбірлі, ѴІ бұру, VII бет, VIII дыбыс, ІХ тіл-жұткыншак, Х кезеген, ХІ қосымша, XII тіл асты жүйкелер жатады.
Адамның миы ми сауытында орналасқан. Ми сопақша ми, көпір, мишык, ортаңғы ми, аралық ми және екі ми сыңарларынан тұрады (2-сурет).

Жаңа туған сәбидің миының салмағы орта есеппен 360-390 г. Жаңа туган ер баланың миының салмағы қыздардың миынан салмақтылау болады. Алғашқы жылы мидың салмағы екі есе, 3 жаста үш есе ұлғаяды. Бастауыш сынып оқушыларының миының салмағы 1250-1300 г, ересек адамда 1400-1450 г. Алғашқы 6-7 жылдың ішінде баланың миының салмағы ересек адамның миының салмағы ересек адамның миының салмағының 4\5 бөлігіндей болады. Мидың толық жетілуі 17-20 жаста байқалады. Адамның ақыл-ойы оның миының салмағымен тікелей байланысты емес. Дегенмен мидың физиологиялық қалыпты қызмет атқару қабілеті оның салмағы 900 грамнан төмендегенде және 2100 грамнан асқанда бұзылады.

1.2 Орталық жүйке жүйесінің бөлімдері
Үлкен ми сыңарлары. Ми сыңарлары екі бөлімнен тұрады: оң жақ және сол жақ. Ол ақ және сұр заттан құралған. Сұр заттан мидың сыртқы қабаты-қыртыстары түзіледі. Ақ зат ми қыртыстарының астында болады. Ақ заттың ішінде жүйке клеткалары топтасып орналасқан. Олар- ядролар. Әрбір ми сыңарлары маңдай, төбе, самай және шүйде бөлімдеріне бөлі неді. Ми сыңарларының үстіңгі ж ағында ми қатпарлары, олардың арасында терең сайлар жатады. Ми қыртысының шүйде жақ бөлімі үлкендеу болып келеді, онда терең сайлар жатады. Ми қыртыстары клеткаларының тез өсіп-жетілуі бала өмірінің алғашқы үш жылында байқалады. Содан кейін олардың өсіп-жетілуі баулайдыда, 5 жаста сыртқы ұқсастығы оның ішкі құрылысының күрделі жағдайына байланысты сипатталмайды. Ми қыртысының толық дәрежесінде дамуы 12 жаста байқалады.
Сопақша ми - жұлынның үстінгі жагында орналаскан. Оның ұзындығы 2,5-3 см, тік. Сопақша мида так скі түрлі қызмет аткарады: рефлексніктелу, түшкіру, сілекей шығару, карын және карнизы сойник шыгаратын нерв орталықтары және ІХ-ХІІ ми жүйкелердің ядролары орналаскан.Сопақша ми ми сауытында орналасқан. Төменгі жағы жұлынмен, жоғары жағы ми көпіршесімен жалғасады. Онда жүйке клеткалары шоғырланып, ядролар құрайды. Сопақша мидың атқаратын қызметі жұлынға ұқсас, ал бірақ бұның реттеу қызметінің әсері күрделірек. Мұнда тіршілік әрекетіне өте қажетті көптеген орталықтар бар. Мысалы, тыныс алу, қан айналу, ас қорыту т.б. Тыныс алу орталығынан импульстер жұлынға барып, қабырға аралық еттер мен диафрагманы (көк ет) қозғалтады. Соның нәтижесінде тыныс алу еттерінің жұмысы бір қалыпты жүзеге асып, өкпе ырғақты тарылып, кеңейіп тұрады. Жүрек рефлексі де ядромен байланысты. Бұл рефлекс жүректің жұмысын өзгертеді.
Сопақша мида еттің тонусын реттейтін орталықтар бар. Тонус рефлексі балалар дүниеге келген күннен пайда болып, жас жоғарылаған сайын жетіле түседі. Балаларда тері рефлексі де жасалады. Мысалы, санның ішкі жағынан тітіркендірсе, аяқ бүгіледі.
Вароли көпірі - сопақша мидың үстінде орналаскан. Оның ұзынлыны 2,5 см. үстіңгі жағында организирактарында мишыкпен шек теселі. Сопактна ми мен вароли көпірін артқы ми деп те атайды. Мұның кызметі де сопақша ми тәрізді рефлекстік сопақша мидың арасынан VII, VIII ми жүйкелері шығады. Жаңа туған нәрестенің сопақша миы мен көпірінің жалпы салмағы 8 г. 7 жасқа келгенде артқы мидың дамуы аяқталуға жақындайды.
Сопақша мидың арт жағында мишық орналасқан. Мишық үш бөлімнен тұрады: мишықтың құрты деп аталатын ортаңғы бөлім және мишықтың екі жарты шары. Мишықтың жарты шарларының үстінгі сырткы қабаты сұр затты мишықтың қыртысынан тұрады, оның қалыңдығы 1-2,5 мм. Мишыктын кыртысы үш қабаттан тұрады: 1 сырткы, молекулярлық; 11 ортаңғы, ганглиялык, ІІІ - ішкі, түйіршік қабаттары. Мишықтың жарты шарларының қалған жері ак заттан құралған. Ақ затында сұр заттың түйірлері тісті, тығын пішінді және шар тәрізді ядролар орналасқан. Мишықтың сыртында сұр заттан құралған екі ядро бар.
Ересек адамның мишығының салмағы 150 г, оның негізгі қызметі белгілі бір қозғалыска қатысатын бұлшық еттердің жиырылуының жылдамдығын үйлестіру арқылы барлық қозғалыстарды реттеу, яғни қозғалыстар кезінде бұлшық еттердің тонусын сактау. Қорытып айтсақ, мишық тонустық рефлекстердің жоғары дәрежелі реттеушісі болып есептеледі. Бұған қоса мишық тыныс алуды, жүректің соғуын кимылдың түріне байланысты лайықтап отырады.
Ортаңғы ми вароли көпірінің үстіңгі жағында орналасқан. Мұндағы сұр заттар 4 төмпешік түрінде шоғырланған: көзді қозғаушы және шығыршых нервтерінің, қызыл мен қара затынан тұрады. 4 төмпешіктің алдынғыларында алғашқы көру орталығы, артқы төмпешіктерінде алғашқы дыбыс орталықтары орналаскан. Олардың қызметіне қарай бағдарлау реакциялары орындалалы Кара зат үйлестірілген жұтынуға, шайнауға, саусақтардың нәзік қимылдарын реттеуге қатысады. Қызыл ядрода еттің ширығуы реттеледі. Ортаңғы ми мен ми сынарларының арасында аралық ми орналаскан. Ол 2 төмпешіктен не төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді таламус, ал төмпешік асты аймагын гипоталамус деп атайды. Таламус арқылы мидың барлық семи жолдары өтеді. Гипоталамус дененің жоғары дәрежелі вегетативтік орталығы болып саналады. Мұнда зат алмасуын, дененің температурасын, ашығу не шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталыктары бар Мұнда нейросекреттер түзіліп, ол нейросекреттер гипофиз безінде белсендіріледі. Сондықтан гипоталамус пен гипофизат алмасуын реттейтін біріккен.
Аралық ми. Аралық ми ортаңғы мидың алдыңғы жағында орналасқан. Ол көру төмпешегінен (таламус) және төмпешік асты аймақтан (гипоталамус) тұрады. Мидың бұл бөлімі, әсіресе, адамда жақсы жетілген.Аралық мидың негізгі массасы-көру төмпешігі. Бұл қабаттала келіп, бірнеше ядроға бөлінеді (алдыңғы, ішкі, сыртқы және артқы). Көру төмпешігі арқылы ми қыртыстарына баратын афференттік импульстер өтеді.Гипоталамус көру бөлімінен, емізік тәрізді денеден және меншікті аймақтан тұрады. Көру бөліміне зат алмасу мен дене температурасын реттеуге байланысты сұр төбешік жатады. Сұр төбешік клеткаларының дифференциялануы және пісіп жетілуі ертерек басталып, 6 жаста аяқталады. Клеткалары мен өткізгіш жолдары содан кейін де, әсіресе, жыныстық жетілу кезінде өседі. Емізік тәрізді денеде екі төбешік болады және ол мидың төменгі бет жағында орналасқан. 2-3 жастан жоғары кездерінде олардың ядролары баяу дамиды, сондықтан дифференциялау 7-8 жасқа дейін созылады. Ал 14-16 жаста ересек адамның ядроларынан айырмашылығы болмайды. Гипоталамус әртүрлі және күрделі қызмет атқарады. Дене температурасының өзгеруі, зат алмасу процесі.

1.3 ОЖЖ орталықтарының қызметі
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Симпатикалық жүйке жүйесі
Вегетативті жүйке жүйесінің бөлімдері
Мидың бөлімдері Жүйке жүйесінің вегатативтік бөлігі
Үлкен ми сыңарларының қызметі мен бөлімдері жайлы
Мүше ретіндегі сүйектің құрылысы
Мидың жеке сипаттамасы
Жүйке жүйесі жайлы
Сүйектің мүше ретіндегі құрлысы
Орталық жүйке жүйесінің жеке физиологиясы
7.4 Омыртқалылардың және хордалылардың жүйке жүйесінің эволюциялық дамуы
Пәндер