Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік Университеті
Қылмыстық құқық және процесс кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қылмыстық құқық бойынша жаза жүйесі ұғымы және маңызы

Пәні: Қылмыстық құқық
Білім беру бағдарламасы 6В04201 Құқықтану

Орындаған: Омаров І.С., күндізгі оқу
нысанының 1 курс студенті

Тексерген: аға оқытушы, з.ғ.м. Оразбаев О.С.

Курстық жұмысты қорғауы
болған күні___ ___________ 20___ж.
Бағасы__________________________

Қостанай, 2024

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУ
1.1 Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі ... ... ..4
1.2 Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері ... ... ... ... ... ... .. .8

2.ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ... ... .10
2.2 Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.3 Жәбірленушімен татуласуына байланысты жауаптылықтан босату
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.4 Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.5 Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.6 Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату ... ... ... ... ... 16
2.7 Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату ... ... ... ... ... ... ... . .17
2.8 Төтенше мән - жайлардың салдарынан жазадан босату және жазаны өтеуді кейінге қалдыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.9 Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

КІРІСПЕ
Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық тағы басқа. Мұның өзінде қылмыстық жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады. Қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылық та болмайды. Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады. Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі. Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді. Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары). Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады.
Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы мінеушілігін (айыптаушылығын) айтамыз.

1.ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУ
1.1 Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі
Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады.Бірақ кейбір реттерде қылмыстылықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай - ақ немесе оған жаза тағайындап, бірақ оны жазаны нақты өтеуден босату арқылы, сондай - ақ жаза өтеуден мерзімінен бұрын босату, өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін.
Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау туралы институтты белгілейді.Мұның әрқайсысы тәжірибеде кеңінен қолданылады.Сонымен бірге ескерілетін жағдай, қылмыстық жауаптылықтан, жазадан босатуды кеңінен пайдаланудың да зиянды жағы бар.Бұл институтты практикада жиі қолдану қылмыстық құқықтағы жауаптылықтың сөзсіз болуы принциптерін аяққа басады.Сондықтан да көрсетілген мәселелерді қолдану заңға негізділген және тиімді болған жағдайда ғана қылмыспен күрес мақсатының қылмыстық жауаптылық немесе жазаны қолданбай - ақ жүзеге асырылуы жағдайында ғана қолданылуы қажет. Қылмыстық жауапкершілік -- құқықтық жауапкершіліктің бір түрі; қылмыстың құқықтық салдары -- қылмыскерді жазалау түрінде көрініс табатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.
Қылмыстық жауапкершілікке тарту қылмыстық іс қозғаудан, тергеуден және сот талқысынан тұрады. Қылмыс жасау -- кінәлі адам мен сот төрелігін атқарушы мемлекет арасында арнаулы қатынас тудыратын құқықтық факт. Мұндай фактіден кейін екі тарап үшін де міндет пайда болады. Мемлекет үшін өзінің арнайы органы арқылы қылмысты тергеу, қылмыскерді тауып, қылмыстық жауапкершілікке тарту міндеті, ал қылмыскер үшін Қылмыстық жауапкершілікті өтеу міндеті туындайды. Қылмысқа дайындалғаны, қылмыс жасауға оқталғаны, қылмыс жасауға қатысқаны үшін де адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қылмыс жасаған адамға қолданылатын жаза немесе басқа да қылмыстық құқықтық шара қылмыстың табиғаты мен қоғамға қауіптілігінің деңгейіне, қылмыс жасалу кезіндегі жағдайға сай болуы тиіс. Ешкім бір қылмысы үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Жалпы тәртіп бойынша қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасау кезінде 16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс адам тартылады. ҚР Қылмыстық кодексінің 14-бабында көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады.
Ішімдік, есірткі немесе басқа да уытты заттардың әсерінен мас күйде қылмыс жасау Қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Қылмыстық іс бойынша сезіктіні немесе айыпталушыны прокурордың, тергеушінің не анықтаушының Қылмыстық жауапкершіліктен заңсыз босатуы сот төрелігіне қарсы қылмысқа жатады.
Осы тарауда жасы толғандардың қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері қараомайды.Жасы толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату мәселелері арнаулы тарауда қарастырылады.
Қылмыстық заң бойынша кнәлі деп танылған адам жаза өтеуден жазаны өтеуді жалғастырудан босатылуы немесе оның жазасының жеңілірек жазамен ауыстырылуы мүмкін.
Қылмыстық жауаптылықтан босату, жазадан босату немесе жазаны одан әрі өтеуден босатудың бір - бірінен айырмашылығы оларды қолдану негіздеріне байланысты болады.Әдетте, қылмыстық жауаптылықтан босату ( қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі ескіруге байланысты жауаптылықтан босатудан басқасы) істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі онша көп болмаған және оны істеген адамның түзелуі, жаза қолданбай - ақ мүмкін болған жағдайларда қолданылады.Жазадан немесе оны одан әрі өтеуден босату сот үкімі бойынша белгілі - бір жазаға тағайындалып, соны өтеу баррысында өздерінің түзелгендігін дәлелдеген адамдарға қолданылады.Мұндай жазадан босату тек заңда белгіленген тәртіппен сот арқылы ғана жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылудың кейбір түрлері жұртшылық өкілдіренің қатысуы арқылы жүзеге асырылады.Мысалы, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату жазаны өтеу мекемесінің және бақылау комиссиясының бірлескен ұсынысы болған жағдайда ғана сот арқылы жүзеге асырылады.Қылмыстық жауаптылықтан босату,айыптау үкімін орындаудың мерзімі ескіруге байланысты жазадан босату жұртшылық өкілінің пікірін ескермей - ақ қолданыла береді.
Соттың қылмыс жасаған деп таныған адамын, сот тағайындаған жазадан босату -- жазадан босату деп танылады. Қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босату көзделген. Жаза тағайындалған адам жазаны өтеу мерзімі біткенге дейін түзелуі мүмкін, сондықтан жазаны әрі қарай орындау мақсатсыз және қажетсіз болып қалады. Осыған байланысты қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын -- шартты түрде босату институты көзделген, ол бірқатар шартты жағдайлар болғанда адамды жазаны өтеуден одан әрі босатудан көрінеді.
Барлық жаза үшін мерзімінен бұрын -- шартты түрде босатуға жол берілмейді, тек түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға ғана таралады. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын -- шартты түрде босатылуы мүмкін.
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын -- шартты түрде босату шартсыз емес, өйткені жазаның өтелмеген бөлігінде, сотталушы сот жүктеген талаптарды орындауға міндетті. Сотталушының сот тағайындаған жазаның белгілі бір бөлігін өтеуі жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың міндетті белгісі болып табылады. Егер айыпты өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса шартты түрде мерзімінен бұрын жазадан босату алынып тасталады.
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды алып тастау дегеніміз -- сотталушының жазаның өтелмей қалған бөлігін одан әрі өтеуі үшін жаза өтейтін жерге қайтарылуын білдіреді.Мерзімінен бұрын шартты түрде босатумен қатар Қылмыстық кодексте басқа да жазадан босатудың түрлері қарастырылған, олар: жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру; ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату; жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердіц жазасын өтеуін кейінге қалдыру, төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мән жазаны өтеуді кейінге қалдыру; айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату.
Жазаны өтеуден босату - құқық саласының әр түрлі нормаларымен реттеледі: қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару құқығы.
Жазаны өтеуден босату деп азаматтың құқық жағдайын өзгертетін заңның ақиқаты айтылады. Оның пайда болуымен әдетте түзету құқық қатынастары тоқтатылады да азаматтың құқықтық мәртебесі орнына келтіріледі.Жазаны өтеуден босату егер де ол басқа жазаны өтеуге байланысты болатын болса, толық болмауы да мүмкін. Жазаны өтеуден әрі қарай босатудың негізі - ол сотталғанның тиісті дәрежеде өзінің түзелгенін көрсеткені, болмаса Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары көрсеткен басқа негіздер, ал босатудың өзі қылмыстық іс жүргізу және түзеу заңдарының нормаларында көрсетілгендерге сәйкес іске асырылудың өзі негіз болады.
Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу мен қылмыстық атқару құқықтарының нормалары өзара тығыз байланыста, қылмыстық құқық нормалары бастаушы рөл атқарады, сондықтан қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару құқытарының жалпы иниституттарының бірлігі байқалып тұр. Солардың бірі өтеген, немесе өтеп жатқан жазадан босату иниституты болып табылады. Бұл иниституттың негізінде қылмыстық құқықтың нормалары жатады. Сонымен бірге күші бар қылмыстық заңдарда жазадан босатудың барлық негіздерін түгел реттеп беретін арнайы нормалар жоқ. Мұндай негіздерді белгілейтін нормалар қылмыстық-атқару заңдарында бар(ҚР ҚАК 168 бабы).
Жазаны өтеуден босатудың негіздері болып мыналар есептеледі:
Сот үкімі бойынша тағайындалған жаза мерзімін өтеу;
Іс бойынша ақтау үкімі шығарылған немесе іс жүргізудің қысқартылуына байланысты сот үкімінің күшінің жойылуы
Жазаны өтеуден шартты - мерзімінен бұрын босату;
Жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру;
Кешірім жасау немесе рақымшылық ету;
Ауыр науқастану немесе мүгедектік;
Заңда көзделген өзге де негіздер.
Жазаны өтеуден босатудың ең көп тараған түріне сот үкімімен белгіленген жаза мерзімін өтеу кіреді.Жазадан босатудың бір түрі - мерзімінен бұрын босату, ол тек заңда тікелей көрсетілген кейбір жағдайда рұқсат етіледі. Бұл жазаның мақсатына жеткенінде, әлде басқалай жаңадан пайда болған жағдайда ғана мүмкін.Сотталғандарды жаза өтеуден босатудың негіздерін 3 топқа бөлуге болады.Одан кейін мерзімінен бұрын босатылғандар тобын атауға болады, оған кіретіндер: шартты - мерзімінен бұрын босату немесе бас бостандығынан айыруды бас бостандығынан айырмауға байланысты емес жазамен ауыстыру, ауырлығы мен мүмкіндігіне байланысты жаза өтеуден босату, кешірім жасау мен рахымшылық етуге байланысты, үкімнің жойылуы мен істің қысқартылуына байланысты; үкімді өзгертіп жазаны шартты мерзімінен бұрын ауыстыру немесе ең аз шектеуге дейін төмендету себебіне байланысты.

1.2 Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық жауаптылық екi жолмен: жаза тағайындаумен байланысты жəне жаза тағайындау мен байланысты емес жүзеге асырылады. Бiрiншi жағдайда қылмыстық жауаптылықтың мазмұны болып жаза табылады, ал екiншi жағдайда қылмыстық жауаптылық адамға жаза тағайындамай тоқтатылады.
Гуманизм жəне əдiлеттiлiк принциптерiне сүйенiп ҚР Қылмыстық заңы кiнəлi адамдарды жазадан ғана емес қылмыстық жауаптылықтан толық босатуды реттейтiн нормаларды да бекiткен. Алайда, қылмыстық жауаптылықтан босату белгiлi бiр шамада қылмыстық құқықтың арнайы прициптерiнiң бiрi - жауаптылықтан құтылмайтындық принципiне қайшы.
Қылмыстық жауаптылықтан босату институтының қылмыстық құқықтық маңызына келсек, ең бастысы ол қылмыстылықтың алдын алу қызметiн атқарады. Мысалы, шын өкiнуiне байланысты немесе жəбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормалары кiнəлi адамдарды ынталандыруға шақырады.
Сонымен, кейбiр жағдайларда қылмыстылықпен күресу мақсатына қол жеткiзу кiнəлi адамды қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ немесе оларды соттаған кезде жазаны өтеуден босату арқылы да мүмкiн болады. Осыған байланысты қылмыстық құқықта қылмыстық жауаптылықтан жəне жазадан босату институты енгiзiлген.
Қылмыстық жауаптылықтан босату - қылмыстық жəне қылмыстық-iс жүргiзу заңдарына сəйкес жүргiзiлетiн мемлекеттiң өкiлеттi органдарының қылмыстық-құқықтық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қылмыс жасаған адамға қолданудан бас тартуы. Қылмыстық жауаптылықтан босату анықтау, алдын ала тергеу сатысында немесе айыптау үкiмi шыққанға дейiн сот талқылауы кезiнде орындалуы мүмкiн.
Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың негiздерiне мына жағдайлар жатқызылады:
- шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 65 бабы);
- қажеттi қорғану шегiнен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 66 бабы);
- жəбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 67 бабы);
- жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 68-бабы);
- ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 69-бабы);
- рақымшылық жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 76-бабы);
Жоғарыда көрсетiлген қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлерi мiндеттi жəне факультативтiк болып бөлiнедi.
Қылмыстық жауаптылықтан мiндеттi босатылу болып ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты босатылу танылады.Қылмыстық жауаптылықтан босатудың басқа түрлерi факультативтiк белгiлердi қамтиды, яғни заңмен қарастырылған жағдайларда формальдi негiздi қолдану мiндеттiлiктi тудырмайды. Қандай да болмасын қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрi қылмыс құрамының белгiлерi, қылмыстық жауаптылықтың негiзi бар болған жағдайда ғана қолданылады. Сот, прокурор, тергеу, анықтау органдары қылмыстық жəне қылмыстық iс жүргiзу заңдарын негiзге ала отырып қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешiмге келедi. Қылмыстық жауаптылықтан босату тек қана адамның қылмыстық жазалануға жататын əрекеттерi болған жағдайда ғана қарастырылады. Сөйтiп, қылмыстық жауаптылықтан босату - қылмыстық-құқықтық қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн толық жүзеге асыру деген сөз, ендеше қылмыстық жауаптылықтан босатылғаннан кейiн жасалған қылмыс қайталанған қылмыс ретiнде есептелмеуi керек.

2.ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған
адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе немесе қылмыс келтірілген зиянды өзгеше түрде қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Қылмыстық жауаптылықтан бостудың бұл түрі ҚК ерекше бөліміндегі жеке қылмыс құрамының санкцияларында көрсетілген реттерде ғана қолданылады. Мұның өзінде шын жүректен өкіну деп тану үшін кінәлінің кінәсін мойындап, өз еркімен келуі, шын жүректен өкінуі қылмысты ашуға жәрдемдесу және келтірілген зиянның орнын толтыруы белгілері болуы шарт.
Кінәсін мойындап келу деп біткен немесе дайындық арасындағы қылмыстарды істегеннен кейін кінәлі адамның өзінің айыбын мойындап келу көп жағдайларда аяқталған қылмысты істегеннен кейін орын алады.Шын жүректен өкіну деп, істеген кінәлінің қылымысы үшін ағынан жарылып өкініш білдіруі, өзін - өзі айыптауы, істеген ісі үшін қандай да болсын жазаны адал өтеуге даяр екендігіне көз жеткізу, іштей қатты күйзеліп, қайғылануы сияқты әрекеттерін айтамыз.Келтірілген зиянның орнын толтыру деп кінәлінің өз еркімен ешкімге айтқызбай - ақ келтірілген материалдық зиянның орнын толтыруы, жәбірленушіден келтірілген моральдық зияны үшін кешірім сұрап, істеген іс - әрекеті үшін өзінің айыбын толық мойындап, болашақта оны қайталамауға уәде беруі және тағы басқа әрекеттер жатады. ҚК 65б 1бөлігі бойынша шын жүректен өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату біріншіден, айыптының бірінші рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орта қылмысты істеуі, екіншіден, қылмыс істегеннен кейін: А)айыбын мойындап өз еркімен келуі;
Б)Қылмысты ашуға жәрдемдессе;
В)Келтірілген зиянның орнын қалпына келтірсе ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Сондай - ақ қылмыс жасаған адамды сот егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық ( қылмысты ұйым ) жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық ( қылмысты ұйым ) жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.65 - баптың 2 - бөлігі жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыс істегендерге қолданылмайды. Демек, бұдан басқа қылмыстарды жасаған адамға сот осы көрсетілген қағидаға сәйкес егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты ұйым жасаған қылмыстарға қарсы заңда көрсетілген іс - әрекеттерді шын жүректен жасағанда ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.Қылмыстық кодекстің осы 65 - бабының бірінші және екінші бөлігінде көзделген жағдайлар болған кезде басқа санаттағы қылмыс жасаған адам тек Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында арнайы көзделген реттерде ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.Мысалы, Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің кейбір баптарының санкцияларында шын жүректен өкіну қылмыстық жауаптылықтан немес қылмыстық жазадан босатудың негізі ретінде көрсетілген.Мысалы, пара бергендігі жөніндегі, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, тасу, тұтыну іс - әрекеттері үшін.
Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заңда бекiтiлген бiрқатар шарттар болған кезде мүмкiн:
а). егер адам бiрiншi рет ауырлығы онша емес немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасап, осы қылмысты жасағаннан кейiн кiнəсiн мойындап өз еркiмен келсе - адам өзi қылмыстың жасалу фактiсi жөнiнде оның тергеуденн, соттан қашуға мүмкiндiгi бола тұра, мемлекеттiк билiк органдарына не құқық қорғау органдарына өз еркiмен хабарлауы.
б). егер адам бiрiншi рет ауырлығы онша емес немесе ауырлығы орташа қылмысты жасап, осы қылмысты жасағаннан кейiн қылмысты ашуға жəрдемдессе - кiнəлi адамның тергеу, анықтау немесе сот органдарына жасалған қылмысты ашуға маңызды болып табылатын мəн-жайларды анықтауға, жасалған қылмыстың iздерiн, қылмыстық жолмен табылған заттарды сақтау орнын, қылмыстың басқа қатысушыларын iздестiруге бағытталған əрекеттер жасауы. Мұнда кiнəлiнiң жəрдемдесу əрекеттерi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы
Қылмыстық жауаптылықтың басқа құқықтық жауаптылықтардан айырмашылығы
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
ЕСКІРУ МЕРЗІМІНІҢ ӨТУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Жекелеген түрлерi бойынша қылмыстық жазадан босатудың негiздерi мен тәртiбi
Қылмыстық құқықтың қысқаша сипаттамасы
Қылмыстық жауаптылық
Пәндер