Қазақтың әже тәрбиесін насихаттау


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

«ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДА БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ӘЖЕНІҢ ОРНЫ»

Сагатова А. К., қосымша білім беру мұғалімі, «Қанат Болатұлы Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі», Павлодар қ.

Сағат Д. Қ., Кәрібай М. А., «Қанат Болатұлы Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі», халық этикет тобының тәрбиеленушілері, Павлодар қ. .

Мақсаты: жасөспірімге бала тәрбиесіндегі әженің рөлін, маңыздылығын көрсетіп, дәлелдеу. . Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдар ды құрметтеуге үйрету.

Міндеттері:

1) Бала тәрбиесіндегі әженің рөлі туралы мәлімет жинау.

2) Қазақтың әже тәрбиесін насихаттау.

3) Әженің қолында өскен атақты тұлғалар туралы мәліметтерге тоқтап, жақсы ерекшеліктерін көрсету.

4) Әже туралы мақал-мәтелдермен таныстыру.

Мазмұны

1. Кіріспе . . .

2. 1 Әже - . . . .

2. 2 Әже тәрбиесінің өзіндік орны . . .

2. 3 Әже тәрбиесін көрген қазақтың ұлы тұлғалары . . .

2. 4 Әже тәрбиесінің артықшылықтары . . .

2. 5 Біздің әжеміз . . .

3. Қорытынды . . .

4. Қолданылған әдебиеттер . . .

Аннотация. Тәрбиеленушілер зерттеу жобасында қазақ халқының баланы тәрбиелеудегі әженің орны туралы жалпы мағлұмат береді. Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау.

Бұл жұмыста әже рөлі бала тәрбиесінде толық зерттеліп, тақырып кең ауқымда қорғалуға ұсынылады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі таңда қазақ қоғамында балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де отбасы ішіндегі қариялар. Әсіресе, әжелерді ұлттық құндылықтарды қалыптастыратын, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын ұлттық мәдениетті тәрбие арқылы тасымалдаушы орта ретінде қарастыруға болады. Әже - бала бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар бұлағы, бастауы.

Кіріспе:

Әр отбасы өзі бір жеке мемлекет сияқты. Ол мемлекеттің іргетасын қалаушы, басқарушы - отағасы, ата немесе әке. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы осы адамдарға байланысты десек, ал бала тәрбиесіне келгенде көп жағдайда отанасы (әжесі мен анасы) белсенді қатысады.

Ата-әже - біздің байлығымыз, берекеміз. Қолда бар алтынның қадірін білуіміз керек. Кез келген бала ата мен әженің мейірім-махаббатын аңсайтыны бәрімізге мәлім. Себебі ата-әженің немересіне деген махаббаты ерекше болады.

Әже - отбасының алтын қазығы. Жанұяда қарым-қатынасты реттейді, балаларды мейіріммен, ақылымен өмірге бейімдейді. Әжелер үнемі "өзге адамның ала жібін аттама, үлкеннің жолын кеспе, біреуді жамандама" деген сияқты адамгершілікке үйрететін сөздерді қайталап жүреді.

Әже үлгісі - ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы құндылық, тәрбиенің қайнар көзі.

Негізгі бөлім:

Әже бала өмірінде баға жетпес рөл атқарады, махаббат пен сыйластық, тәжірибе мен қолдау ұсынады. Осы өзара қарым-қатынас арқылы балалар отбасылық байланыстарды бағалауды үйренеді, эмоционалды түрде дамиды және болашақтары үшін құнды сабақтар алады. Олар немерелерінің ой-өрісін кеңейтіп, олардың өмірін сенімді, қауіпсіз және тұрақты етеді.

Әже шыдамдырақ. Аға ұрпақ асықпайды, балалардың еркелігіне төтеп беруге төзімділігі жоғары. Әжелер ашуланбайды. Көбінесе балалар өз құпияларын әжелеріне сенеді, өйткені олар тыңдауды және естуді біледі. Психолог рөлін әжелер алады. Әжесімен сенімді қарым-қатынаста болған балалар шығармашыл, өзіне сенімді адамдар болып өседі.

Әже тәрбиесі тек қазақ халқында емес, әр ұлтта өзіндік орын алады. Бұған "бала қымбат, немере ыстық" деген түсінік себеп болса керек. Ал қазақ ұлтының тәрбиесінде әжелердің рөлі қандай?

Қазақтың халықтық педагогикасының өзіне тән бір ерекшелігі - қазақ отбасында дүниеге келген сәбиді әке-шешесі өз баламыз демей, ата-әжесінің баласы деп, бала тәрбиесін үлкендерге жүктеген. Бұл ежелден келе жатқан үрдіс. Әженің немереге деген көзқарасы өзгеше екенін аңғарған белгілі ақынымыз М. Мақатаев:

Бостан - босқа боздамашы, жыламашы, қарағым,

Ей, шешесі! Бір тілегін орындай сал баланың! Не сұрайды?

Жылатпашы, сұрағанын берсеңші.

Енді мұның жылағанын естімей - ақ өлсемші . . . - деп жырлағандай, әке- шешеден гөрі әже балаға көп көңіл бөліп, көп еркелетеді. Ол баланың өзіндік «менің», өзіне деген сенімділіктің қалыптасуына зор ықпал етеді. Еркелету дегеніміз - баланы бетімен жіберу ғана емес, оның пікірімен санасу, айтқанын орындау ғана емес, оны сыйлаудың бір көрінісі. Ұлттық тәрбие баланың бойына құрғақ уызбен, үгіт - насихатпен сіңбейді. Бала оны іс-жүзінде, отбасында сезіне білуі керек.

Алдымен, әже тәрбиесін көрген қазақтың ұлы тұлғаларын еске алып көрейік. Тобықтының анасы саналған Зере әже бүкіл халықтың данасы атанған Құнанбайұлы Абайды өсіріп, жеткізді. Тағылымын берді. Нақты дәлел ретінде ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолынан» үзінді келтіре кетейік. Роман-эпопеяның «Қайтқанда» дейтін тарауында: «Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі бір түрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады. …Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ - Жайық», «Жұпар қорығы», «Құла мерген» - бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да Абай айтқыза беретін болды. » делінген.

Осылайша Зере әже немересі Ибраһимге қызығы мол әлемнің есігін ашуды өзі бастаған. Ұрпағына деген сүйіспеншілігі әрі ұлттық болмысымен ол тек бір адамның ғана емес, бүкіл қазақтың ұлы анасы атанды.

Қазақ әжелері жайлы сөз айтқанда, қазақтың тұңғыш ғалым, зерттеушісі Шоқан Уалихановтың Айғаным әжесі жайлы айтпау мүмкін емес. Сәбит Мұқанов «Аққан жұлдыз» романында Айғаным ананың парасатты бейнесін шебер жеткізген. Уәли ханның жары Айғаным - текті жерден шыққан, ақсүйек ұрпағы.

Бұл екі мысал арқылы әже тағылымының қандай биік рөл алатындығын дәлелмен түсінуге болады. Әже алдын көріп, тәлімін алған, тарихта есімі қалған ұлылар көп. Зере әжесінің зерделі аңыз-әңгімелері мен жыр-дастандарын тыңдап өскен бала Абай дана Абайға айналды. Ал Айғанымдай әженің тәрбиесін алған Шоқан қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы болды. Бұдан өзге Біржан сал, Мұхтар сынды қазақтың біртуар азаматтары да әженің тәрбиесін көріп, әженің алақанынан түлеп ұшқан. Яғни, қазақтың нар тұлғалы азаматтарының көбі әже мектебінен сусындап өскен адамдар, -Ал егер жіктеп қарайтын болсақ, әже тәрбиесінің қандай артықшылықтары бар?

1. Әже тәрбиелеген баланың ең алдымен тілі тез шығады .

Өмірден көргені мен түйгені мол ата-әжесі тәрбиелеген баланың ең алдымен тілі тез шығады. Өйткені олар баламен үлкен адамша сөйлеседі. Сол себепті әже тәрбиелеген бала сөздің қадірін біледі.

2. Ата-бабасының тарихынан хабардар .

Ал әжелер батырлар жырын айтып баланы ерлікке баулып қана қоймайды, ата-бабасының тарихынан хабардар етіп отырған. Бала үнемі үлкендермен бірге жүріп, олардың өнегелі әңгімелерін, тарихтан шерткен сырларын, ән-жырларын, шежірелерін тыңдап өседі.

3. Ойы мен пікірін еркін жеткізетін баланы әже тәрбиелейді

Ойы мен пікірін еркін жеткізетін балаға батылдық қасиет қажет. Бұл қасиетті үйрететін дәл әженің мектебіндей қуатты орталық жоқ. Себебі бала айналасын алғаш тани бастағаннан оның қабілеті, дарыны қалыптасады.

Еркіндікте өскен бала әдетте өз пікірі мен ойының басшысы бола біледі. «Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді» деген мақалды да осы кезде еске алған жөн тәрізді.

2. Әже баласы көпшіл болады.

Бұл мейірімді, махаббатты көріп өскен бала ағайын-туысты ешқандай жасандылықсыз жақсы көре біледі, оларды шынайы сыйлауды үйренеді. Әже - ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы қуатты тұлға.

3. Әже баласының ұстамы мықты

Әже - тәжірибесі мол ұстаз. Ол келініне қарағанда өмірді көбірек көрген. Сол себепті де «көпті білгеннен емес, көпті көргеннен сұраған» қазақ ұлт тәрбиесінде әжені жоғары қоя білді. Ол ашуға да, баласына деген көзсіз махаббатына да тыю сала біледі.

4. Дені сау баланы өсіру - әже қолында

Немеренің денсаулығына туған шешесіндей алаңдайтын адамның бірі - әжесі. Ол - бала денсаулығына құрсақтағы сәтінен қамқор болатын шынайы жанашыр. Келінінің өзін күтінуіне де жағдай жасайтын тұлға - әже. Сәбиі қырықынан шықпаған анаға ауырды көтерткізбей, суықты ішкіздіртпей қадағалайтын қатал ене. Ана денсаулығы дұрыс болмаса, баласының да денсаулығы жақсы болмайтынын түсінетін «ананың анасы». Бұл - ене мен келін арасындағы сыйластықты берік ететін мейірімділік.

Осындай әже тәрбиесін біз де алып жатырмыз.

Менің әжем менің өмірімдегі ең маңызды және ықпалды адамдардың бірі. Әжем - еңбек пәнінің мұғалімі, құрметті зейнеткер, ардагер ұстаз. Көпбалалы ана, мейірімді әже. Ол отбасының қамын ойлайды және қиын жағдайда көмектесуге дайын. Осындай керемет әжем барына қуанамын.

Сүйікті әжем - өмірінің жылдарында жиған білімі мен даналығы мол әйел. Ол әрқашан өз тәжірибесімен және басшылығымен бөлісуге дайын. өпбалалы ана, ардагер ұстаз. Ол он саусағынан өнер тамған қолөнер шебері де. Әженің өнері жайлы бұған дейін газет бетінде бірнеше мақалалар жарияланған. Ол кісі ауылдық, ауданның қоғамдық өмірінің бел ортасында жүретін. Әжелер байқауы дейсіз бе, аудандық қолөнер көрмесі дейсіз бе, “Әжелер” ансамблінің концерті дейсіз бе барлығы да әжемсіз өтпейтін. Бізді де сондай белсенді болуды тәрбиелейді. «Өмірде бәрі керек! Білгенің өзіңе, істегенің маған жақсы»- дейді әжем. Оның сөздері мен ақыл-кеңестері отбасымызда әрқашан бағаланады. Менің әжем маған өмірде басқаларға мұқият болу және басқаларға қамқорлық көрсету маңызды екенін көрсетіп отырады. .

Әжемнің ең бір қасиеті - шыдамдылығы. Ол ешқашан ашулануға немесе ренжуге жол бермейді. Оның өмірге деген байсалды және дана көзқарасы мені шабыттандырады да шыдамды адам болуға көмектеседі.

Әже - отбасы тарихын дарынды сақтаушы. Ата-бабамыз туралы талай қызық әңгімелерді есіне алып, бізге жалықпай айтып береді. Оның арқасында мен өзімнің тамырымды, қайдан шыққанымды білдім.

Ол- тамаша аспаз. Ол бізге дәмді тағамдарын дайындаса, мен әрқашан қуанамын. Оның аспаздық өнері, әсіресе, қазақ ұлттық тағамдары (құрт, қоспа, бал-қаймақ, ет асу, жент) ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді және мен осы ерекше дәмдерден дәм тата алатынымды және кейбіреуін дайындай алатыныма мақтан тұтамын.

Мен үшін әжем - отбасылық құндылықтардың, даналық пен махаббаттың тұлғасы. Мен әжеммен әрқашан мақтан тұтамын, әр «сабағы» үшін алғыс айтамын. Әжемнің тәлім-тәрбиеде берген маңызды құндылықтарын болашақ ұрпаққа беру арқылы мұрасын жалғастыра аламын деп үміттенемін.

Қорытынды.

Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы өзінің бір естелігінде: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын. Немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын. Дәмді, дәстүрді білмейтін балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ» деп айтып кетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әжелер өнегесі
Ұрпақ тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың ролі
Отбасындағы қыз бала тәрбиесі
Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге ұлттық салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Ұлт азаттығы, тәуелсіздік мәселесі
Халықтық педагогика идеяларын жанұя тәрбиесінде пайдаланудың әдістері
Ұлттық салт-дәстүрлер негізінде бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі әдістемелік нұсқау
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларға имандылық тәрбиесін беру педагогикалық проблема
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу
Сағи дауысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz