Ясауи ілімінің негіздері және Мұхаммед пайғамбар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Экология және химия кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Ясауи ілімінің негіздері және Мұхаммед пайғамбар

Тобы:ЖХМ-211
Орындаған:Өтеген Г
Қабылдаған:Бейсенов А

Түркістан-2023 жыл

Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Ясауи ілімінің негіздері
Ислам діні
Мұхаммед пайғамбардың өмірі
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Кез келген мәдениеттегі қоғамдық өзгерістер саяси күш арқылы емес, сол қоғамдық дүние - таным ұстындары мен категорияларының жаңа мазмұндық сипатқа ие болуы арқылы жүзеге асатын құбылыс. Бұл философиялық, дүниета - нымдық концептуалдық қағида. Тарихымызда көшпелі рулық, тайпалық одақ - тарды біріктіріп тұрған қандық-генетикалық бай - ланыстың ыдырап, орнына діни-идеялық-үммет - тік мұсылмандық байланыстың орнауын - да Ясауи ілімінің тікелей ықпалы болды. Ясауи ілімі трансформациялық-трансляциялық тәсілдер арқылы өз болмысын көрсететін дәстүрлі түр - кілік дүниетанымның аксиологиялық-мазмұндық түлеуіне алып келді. Бұл процесс ислам дінінің дәстүрлі түркілік дүниетанымдық кеңістігіне тарауы, сол мәдениет негізінде қалыптасқан мифологиясына, аңыз-әңгімелері желісіне, жыр дастандарына, қандық-туыстық шежірелеріне, жалпы мәдени құндылықтары негізінде жаңа рух, жаңа кеңістік бере білуімен қоса қабат жүріп жатты. Бұл түркілік дүниетанымдық құндылықтар мен тұғырлардың мазмұндық жағынан түлеуіне әкеліп соқты. Бұл рухани түлеу, санадағы жаң - ғыру құбылысы көшпелілердің табиғатқа, қо - ғамға, әлемге, адамға деген көзқарасының көкжиегін кеңітті. Бұл "көзқарас көкжиегі" түркілер үшін Ясауи ілімімен сомдалып, өзіндік ойлаудың жаңа теориялық-практикалық, этико-психоло - гия - лық саяси-эконо - микалық, қоғамдық-әлеуметтік құн - дылықтар жүйе - сінің қалыпта - суына ықпал етті. Сондықтан бүгінгі қазақ болмысының мәнін - дегі мазмұн исламдық өркениеттік тұғыр Ясауи ілімі арқылы трансформацияланған деуге ғылы - ми тұрғыдан толық негіз бар. Ясауи мәдениеті ислам дінінің ішкі (батини) мәні, рухани психотехникалық этикалық кемел - денудің өзіндік әдістемелік қағидасы мен ережелері қалыптасқан дәстүрлі түркі сопылық ілімнің қазақ түсінігіндегі, діни танымындағы көрінісі. Осы мәдениет кешегі жетпіс жылдық қызыл импе - рияның темір құрсаулы қыспағынан құты - лып, ғылыми атеизмнің көздеген синтезі мен көрі - гінен ерімей аман сақталды. Қазақ өз болмы - сынан алыстамай, ұлттығы мен дәстүрлі тарихи сабақ - тастығынан қол үзіп қалмайынша Ясауи мұрасы мен мәдениеті тіршілігін жалғастыра береді. Кешегі коммунистік режим тарихтағы калам мен суфизмнің улама мен суфилердің қақты - ғыстары мен түсініспеушіліктерін зерделеп, өте нәзік ұсталықпен өз мүдделеріне пайдалана білді. Жалпы ориенталистика шығысты аңдып, сырттай бақылап өте арзан әрі оңай олжа қылып келген. Бұл мәселе тарихтан белгілі. Мұндай әрекет бүгін де басқа формада жалғасын табуда. Сондықтан егер біз өткенімізден тағылым, тарихтан сабақ алуды үйренгендей болсақ, онда Сіз, біз деген халайықтан қаштым мен деп ескертіп кеткен Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың аманат-өсиетін жадымызда сақтап, кеңпейілділікпен, төзімділікпен өзіміздің біртұтас қазақы мәде - ниетімізді зерделеуде, зерттеуде өте мұқият әрі сергек болуды сезінгеніміз абзал. Қазіргі таңда қоғамымызда аруақ, әулие, сопы - лық зікір арқылы қалыптасқан қазақ мұсыл - - мандығын исламға жат дүниетанымдағы жеке ағым ретінде көрсету белең алып барады. Қазақтың дәстүрлі діни түсінігін сынап, оның негізгі ұстанымдары мен идеяларын жоққа шығару әрекеті Құран мен хадис шеңберінде жүріп жатыр. Яғни, діни танымдағы әрбір ұғым, категория, символдар мен тұғырлардың Құранда орын алған-алмағандығы негізгі өлшемге айналды. Бұл жерде тек салафилер ғана емес, исламдағы барлық ағымдар өздерінің негізгі өлшемі ретінде Құранды таниды. Қазақ мұсылмандық түсінігінің негізінде ілім жатыр. Сонымен Менің хикметтерім Құран мәні - деген Ясауи ілімі, мәдениеті тарихи санада жатыр. Қазақ мұсылмандығы да Ясауи мәдениеті арқылы Құранға негізделген. Өкінішке орай, бүгін оны мақсатты түрде басқаша түсіндіріп, танытуға тырысушылық тенденциясы жоқ емес. Бұған қоғамдағы дін мәселесі, діни таным мен ғылыми таным ара - сындағы үйлесімділік пен тепе-теңдіктің бол - мауы себеп болса, екінші жақтағы, яғни бүгінгі қазақ мұсылман өкілдерінің өздерін қоғамға тиісті дәрежеде түсіндіре алмауы және олардың Ясауи мәдениетін жетік меңгермеуі де осы құ - былыстың басты компоненті дер едік. Бұқа - ралық ақпарат құралдарының дін мен саясат арақатынасына немқұрайлы қарауы және дінді жекелеген топтардың құралына айналдыруы да негізгі фактор. Әлемдік жаҺандық құбылыспен бірге келе жатқан исламофобия, террорлық әрекеттің дінге, исламға негізделуіне көзжұму - шылық, түсіне алмаушылық сияқты психоло - гиялық кедергілердің барлығы жалпы алғанда діни танымға тіреліп отыр. Сопылыққа, әулие түсінігіне қарсы шығу деген Ясауиға, бүкіл тарихымызға, мәдениетімізге, сайып келгенде, қазақ халқының тарихына қарсы шығу болып табылады. Өйткені, Ясауиден бастап Асан Қайғы, МәшҺүр Жүсіпке дейінгі қазақ даналары сопылық мәдениет негізінде ой толғады. Бұл - қазақтың дәстүрлі мұсылмандық түсінігінің айнасы - сопылық философия деген сөз.

Ислам діні

Ислам араб тiлiнде бағыну, мойын ұсыну, жамандықтардан аулақ болу т.б. деген мағыналарды береді. Жалпы бұл дiн - Хазiретi Мұхаммедке (ғ.с.) Аллаћ тарапынан уахи арқылы түсірілген соңғы және кемелденген діннің аты. Аталмыш дінді ұстанатын адамды мұсылман немесе мүсілім деп атайды.
Мұсылмандық негiзi Аллаћтың барлығына, бірлігіне, одан басқа тәңiрдiң жоқтығына, Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) оның құлы, әрі елшісі екендігіне сенуден тұрады.
Құран Кәрімде: "Аллаћтың қасында шынайы дін ислам" (Әли Ғимран-29), "сендерге ислам дінін қоштап ұнаттым" (Мәидә-3) - дегені сияқты бұл діннің атын Ұлы Жаратушымыздың өзi берген.
Мұсылмандық сенім бойынша бүкіл пайғамбарлардың адамзатқа жеткізген діні - ислам діні. Бірақ бұл есім осылай бүкіл илаћи діндердің жалпылық аты болғанымен, Хазіреті Мұхаммедтің 23 жылдық пайғамбарлығынан кейін оның үмбеттері ұстанатын діннің атына айналды.
Осы дiннiң қасиеттi кiтабы - Құран Кәрім Аллаћ тарапынан Хазіреті Мұхаммедке (ғ.с.) уахи етілген илаћи кітап және оның ешбір сөзі өзгеріске ұшырамаған, бұл жайында да Аллаћ оны өзі қоритынын ескерткен. Бұл кітап ардақты пайғамбарға 23 жыл бойы уахи етілген, оны пайғамбар сахабаларға жаттатқан, жаздыртқан және өзі тексеріп отырған. Осылай Құранның түпнұсқасы сақталып, күнімізге дейін жеттi.
Ислам - монотеистiк дін. Бұл дінде Құдайды екілеу, үштеу, оған ортақ қосу деген нәрселер - атымен жоқ. лы Аллаћқа берілген сипаттар адамдарға, жануарларға, жанды-жансыз жаратылыстарға берілмейді. Бұл дінде Аллаћтан басқа ешбір табиғатқа, табиғат құбылыстарына, қолдан жасалған мүсіндерге, рухтарға т.б. нәрселерге табынуға тыйым салынған.
Аталмыш дін бойынша монахтық, құдай мен адамдар арасына дәнекер қою, миссионерлік деген нәрселер жоқ. лы Аллаћ пен құл арасында фетиш, пұт, елші, монах, періште сияқтылар арашашы бола алмайды. Керісінше құдайдың пендесi тікелей Аллаћқа жалбарынып, қалаған нәрсесін сұрай алады, дұға жасай алады.
Исламдағы сенімдер мен негіздер - адам ақыл-есiне түсінікті, анық, қабылдауға оңай, ақыл мен қисынға қонымды. Бұл дінде хулүл (аватара), танасух (реинкорнация), тумысынан күнәћар болу сияқты адамның өмір сүруіне қиындық туғызатын сенімдер кездеспейді, керісінше адамның жаратылысына сай. Ардақты пайғамбар Хазіреті Мұхаммед (ғ.с): оңайлатыңыз, қиындатпаңыз, сүйіншілеңіз, жек көрсетпеңіз - деп, жоғарыдағы сөзімізді қуаттайды (өмір бойы үйленбеу, ажыраспау т.б. сияқты қиыншылықтар исламда жоқ).
Мұсылмандықта адамның барлығы тең хұқылы. Бұл дін - адамның іші-тысын таза ұстауға көңіл бөлетін дін.
Баяндалып отырған дінінің басты негізі, әрі мұсылмандықтың кілті - Аллаћтың барлығын, бірлігін мойындау, оған еш серік қоспау және Хазіреті Мұхаммед (ғ.с.) оның елшісі екенін естен шығармау. Сондықтан ислам діні бір дәстүр ретінде: Лә илаћә иллаллаћ Мұхаммадур-расулу-л-лаћ, яғни мағынасы Аллаћтан басқа тәңiрi жоқ, Мұхаммед оның елшісі, - деген сөйлемде жинақталған. Осы қасиетті сөйлемді айтып, көңiлiмен мойындаған адам ислам дініне кірген болып есептелінеді. Мұны біз кәлимә тәухид деп атаймыз. Қорыта айтсақ ислам діні - Хазіреті Адамнан Хазіреті Мұхаммедке дейінгі барлық пайғамбарлардың әкелген діні.
Ислам дінінің ерекшеліктері:
Ислам - соңғы дін. Осы дінді насихаттаған Хазiретi Мұхаммед те (ғ.с.) соңғы пайғамбар. Ислам дінінен кейін басқа дін де, пайғамбар да келмейді.
Ислам - әлемдiк дін. Әуелгі пайғамбарлардың үгіттеген діні белгілі қауымға жіберілген болса ислам діні бүкіл адамзатқа жіберілген дін.
Ислам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ясауи ілімінің негіздері
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ «РИСАЛА ДАР АДАБИ ТАРИҚАТ» ЕҢБЕГІНІҢ МАЗМҰНДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ясауидің еңбектеріндегі алла сүйіспеншілігі
Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, саяси жағдайлар. Ислам діні
Дін тану жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған оқулық
Имам Раббани Ахмед Сирхинди
Әлемдік діндер
Ясауи жолы – дініміз бен діліміздің темірқазығы
Кітаби ақындар шығармашылығындағы сопылық ілімнің жырлануы. Автораферат
Қожа Ахмет Яссауи туындыларының әдеби-көркемдік қуаты туралы ғылыми-теориялық пікірлер
Пәндер