Тәрбие мақсаты


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті

Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы

БӨЖ

Пән: Бастауыш білім педагогикасы

Тақырыбы: Жеке тұлғаны тәрбиелеу, қалыптастыру және оны дамытуы

Орындаған: Амангелді Ұлағат

Тобы: ППМ-314

Қабылдаған: Жанар Шалабаева

Түркістан-2023

Жоспар.

I Кіріспе

1. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы.

2. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы отбасы құндылығы.

3. Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі әлеуметтік педагогогтың рөлі.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.

Веб саиттар.

Кіріспе

Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз-ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, иғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік- тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы- оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім берудің алар орны ерекше.

Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет, ал тар педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз- өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндалақтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата- аналар арасындағы бірлескен іс- әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.

  1. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы.

Тәрбиенің негізгі мақсаты- қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтіктәжірибені меңгеруі, оның жан- жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның. ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы қадір - қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс - әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер менқасиеттердің айқын және спетцификалық көрініс табуы арқылы, оның іс - әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгі“Даралық” ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпа мен жекеден тұрады. Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым “индивид”. Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы “жекелік”. Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады.

“Жеке тұлға” ұғымы мен онымен байланысты біртектес ғылыми категориялардың мәні осында. Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықан жеке тұлғаның “дамуы” мен “қалыптасуы” ұғымдарының мәнін ашу педаггика үшін маңызды мәселе болып табылады. Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз- төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарвай қозғалыс. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң, дене жағынан үлкейеді, яғи оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молайады. Бала көптеген әлеуметтік- тұрмыстық және моралдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Даму - бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген әлеуметтік - тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалы өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген қөзқарас пен наным - сенімдер орнығады. Еліктеушілік мінез - құлық бірте - бірте белсенді - жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық - әрекетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті көркейеді. Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.

2. Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі әлеуметтік педагогтің рөлі.

Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, тарих т. б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Жеке тұлға деген не, оның тұлғалық ерекшеліктері неге байланысты, әр адамның айналасын танып білуінің сыры неде деген мәселелерге тоқталамыз. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымының, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға. Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайды қарайтын кейбір қоғам мүшелері басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстанғанымен, шын мәнінде өмірде олай емес. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз - ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.

Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер сын көзімен қарап, ой қорытуы, сын-пікірлер айтуы мүмкін. Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Мәселен, біреулердің бір нәрсені жасауға іскерлік қабілеті болса, екінші адамда оның болмауы, біреудің ұйымдастырушылық қабылеті күшті болса, екінші бір адамның ұйымдастыру ісіне қабілетсіз болуы, біреуі білімді тез қабылдаса, екінші адамның білімді сылбыр, баяу қабылдауы, біреудің дене күші дамыған болып келсе, екінші адамның абстракциялық ойлау қабілетінің баяу дамуы, біреулердің сурет салуға немесе ән салуға бейімділігі болуы мүмкін. Жеке бастың бұл ерекшеліктері адамдардың басқалармен ұжымдық қарым-қатынасында байқалады.

Сонымен бірге, адамның өмірде үздіксіз тәрбие құшағында болатынын, бұрынғы игерген білім, білік, дағдылары біртіндеп көмескіленіп, оның орнына жаңа білім, білік, дағдыларды меңгерумен шұғылданатынын ескеруге де тура келеді. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруіңде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс. Бұған қоса, әлеуметтік ортаның, отбасы мүшелерінің, жолдас-жораларының, таныстары мен достарының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ескерсек, жеке тұлғаның ерекшелігінің басым болуына оның да ықпалының зор болатынын байқамыз.

Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болуы мүмкін. Ал олардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемдік, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше дараланған жеке тұлға деп қараймыз. Бір қоғамда өмір сүрушілерге ортақ әлеуметтік, моральдық-этикалық заңдардың ортақтығына қарамастан, жеке тұлғалардың әлеуметтік қарым-қатынаста айна қатесіз бірдей болуы да мүмкін емес. Олай болса, «жеке тұлға» деген түсінікке не кіреді? Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерінің қандай түрлері жеке тұлғаны анықтай алады дегенге, ол сана мен өзін-өзі саналандыру қасиеттері деуге тура келеді. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бірін-бірі бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Олар көбінесе өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады. Абайдың өмірде «Көре алмас іші тар, несі артық менен»деушілердің көп болатыны дөп басып айтуы да осы ойға саяды. Сонымен бірге, жеке тұлға өзін-өзі бағалауға да, өзінің іс-әрекетін, оның нәтижелерін басқалардың бойындағы қасиеттермен салыстырып көре, тани білуге, соған теңелсем, сондай болсам екен деп ұмтылыс, іс-әрекет жасауға да қабілетті.

Жеке тұлғаға тән қасиет - ақыл, ес, яғни өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу дегеніміз - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.

Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оқығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады, толықтырады.

Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардын қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін - өзі тәрбиелеуі деп атайды.

3. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы отбасы құндылығы.

Отбасы тәрбиесінің жеке тұлғаның қалыптасуында маңызы зор. Отбасы тәрбиесі жеке тұлғаның рухани өміріне, сана-сезіміне ұлттық психологиялық белгілерді ендірудің жолдары мен тәсілдерінің бірі болып есептеледі. Ұлттық салт-дәстүрлердің деңгейін, олардың сан жағынан әр ұлттағы аз немесе көптігінен емес, жеке тұлғаның қалыптастыру процесіндегі атқаратын қызметімен, келер ұрпаққа тигізер әсерімен айқындауға болады. Ұлттық психологияның жеке тұлғаға әсер етуінің түрлі формалары бар және әр түрлі арналар арқылы енеді. Мұндай арналарға жататындар тек қана отбасы емес, сонымен қатар ұлттың тарихи-мәдени тәжірибесін жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекемелер мен мектептер жатады. Және де бұл арналар жеке тұлғаның тұлғалық бейнесін қалыптастырып тәрбиелеу функциясын атқарып, ұлттық мінез-құлық пен ұлттық ерекшелік белгілерін жеке тұлғаның бойына тәлім-тәрбие арқылы біртіндеп сіңіріп жүзеге асырып отырады. Ұлттық мінез-құлықтағы этникалық белгілер дегеніміз қоршаған әлеуметтік-экономикалық, табиғи және мәдени-идеологиялық ортамен ұзақ қарым-қатынаста болудың нәтижесінде адамдар психологиясында қалыптасатын тұрақты өзіне тән белгілер мен қасиеттердің жиынтығы. Басқаша сөзбен айтқанда ұлттық мінез-құлық белгілері дегеніміз-этникалық бірлік ерекшеліктерінің оған қатысты адамдардың психологиясында бейнеленуінің ерекше түрі. Әлемдік мәдениетті қалыптастыру өзара байланысты екі топтан тұратын біртұтас жүйе ретінде беріледі: 1) оқушылардың ұлттық сана-сезімін өз ұлтының мәдениеті мен ана тілінің орталығы негізінде дамыту; 2) дүниежүзілік мәдениет жетістіктерін, жалпыадамдық қасиеттер жүйесін меңгерту. Бұл міндетті шешу үшін: біріншіден, өз халқының тарихы мен мәдени дәстүрлерін үйренуі, оқушылардың ұлттық мәдениет шеңберінде бір мақсаттағы бағытта, интеллектуалды, эмоционалды дамуы; екіншіден, оқушылардың әлем халықтары мәдениетінің әр алуан еркіндігін және олардың даму барысында бір-біріне әсер ететіндігін терең түсіне білуін қалыптастыру қажет. Қазіргі кезде білім берудің мемлекеттік стандарттары оны этномәдени компоненттермен толықтыруға мүмкіндік береді. Ұлттық сана-сезімді дамытуға бағытталған өзгерістерге берілген талдауларға сүйенсек, қазіргі кезеңде мектептер көп қиыншылықтарға кездесіп отырғаны байқалады. Берілетін ұсыныстар көбіне идеалды концепция түрінде болып келеді; мектептерде болып жатқан өзгерістерге байланысты әртүрлі пәндерге қосымша аспектілерді ұсыну енгізеді, бірақ мұндай үзік-үзік, әрі кездейсоқ түзетулер, проблемалар эволюциясын толығымен түсінуге кедергі жасайды. Оның үстіне, мұндай қосымша аспектілер үстеме жұмыс ретінде қабылданып, педагогтар арасында реніш туғызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сынып-сағатының, тәрбиенің мәні мен мағынасын ашу
Тәрбие және оның мақсаттылығы
Тәрбиенің ұзаққа созылатын процессі
ТӘРБИЕ ПРИНЦИПТЕРІН ТАЛДАУ
Тәрбие мақсатының әлеуметтік негіздері
Тәрбие үрдісі екі жақтылы
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Сыныптағы тәрбие жүйесі және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері
Тәрбие құралдарына түсінік беру
Тәрбие мақсатының мәселесі педагогикалық ойлар тарихында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz