Қазақстан полимәдениетінің құрылымы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қазіргі Әлемдегі Қазақстан 12 "С" сынып Ауғанбай Айғанымның зерттеу жұмысы

Бағыты:
Қазақстан полимәдениетінің құрылымы

Тақырып:
Қазақстанның полиэтникалық қоғамының маңызы неде?

Орындаған: Ауғанбай Айғаным Сәкенқызы (қолы)

Жетекші: Утегенова Камила Орақбаевна (қолы)

Тараз-2024

Кіріспе
Полимәдениеттілік - бұл тарихи жағдайлармен байланысты әртүрлі этникалық топтардан тұратын қоғам[1]. Қазақстан-қазақтар, орыстар, өзбектер, ұйғырлар, татарлар және басқа да көптеген этникалық топтардың өкілдері тұратын көп этникалық және көп мәдениетті мемлекет. Қазақстандағы полимәдениеттілік әлеуметтік мәдениеттер мен этникалық топтардың алуан түрлілігін көрсетеді. Полиэтника тұңғыш рет жаһандық әлеуметтік, экономикалық, этникалық және рухани-адамгершілік проблемалардың шиеленісунен пайда болды[2].
Қазақстан қатарлы дамушы елдегі поликультуризмнің мақсаты көпқырлы. Ол әдетте мәдени және этникалық әртүрліліктен пайда алуға қабілетті ашық, құрметті және үйлесімді қоғамның қалыптасуымен байланысты. Алайда, 130-дан астам этникалық топ өмір сүретін Қазақстан контекстінде құрмет пен толеранттылықтың мәнін атап өту маңызды. Бұл адамдар бір-бірінің мәдени және діни ерекшеліктеріне құрметпен қарай алатын біртұтас ұлттық қоғамдастықтың қалыптасуына ықпал етеді.
ҚР Президенті Қ. Тоқаевтің айтуынша: "Полиэтникалық бірлік пен тұрақтылықсыз саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру мүмкін емес"[3]. Саяси және экономикалық реформалар кең қоғамдық қолдау мен келісімді қажет етеді. Егер қоғамда этникалық айырмашылықтарға байланысты шиеленістер, қақтығыстар немесе тұрақсыздық болса, бұл реформаларды сәтті жүзеге асыруға кедергі болады.
Полиэтникалық бірліктің маңызды тұстарының бірі - ұлтаралық салада саясаттану және әлеуметтанулық зерттеулерді жүйелі жүргізу болып табылады[4]. Тілдік жағдайды, көші-қон процестерін, Конфессияаралық қатынастарды, социологиялық ақпарат пен мониторинг негізінде этносаралық және әлеуметтік-мәдени өзара іс-қимылдың жанжалды факторларын кешенді зерттеу әдіснамалық тұрғыдан маңызды болған соң, Қазақстан қоғамдық мәдениеттің алуантүрлілігін сақтауда тиісті стратегиялар мен жобаларды жүзеге асыруда.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан мәдениеттің тарихи қалыптасу мен географиялық жағдайына, әлеуметтік мәдени ерекшеліктеріне байланысты полимәдениетті қолдайды. Қазіргі Қазақстан аумағында 130-ға жуық мәдениеттер мен этникалық топтар бар және де мемлекет осы полимәдениетті орнатуда стратегиялық жоспарларды атқарады. Тіл саясаты, Рухани жаңғыру, Сапалы білім, Білімді ұлт, Этносаяси сөздік мемлекеттік мәдениетті нығайтуға бағытталған бағдарламалар бүгінгі күні өзектілігін жоймағандықтан, полиэтникалық қоғамның дамуы маңызды.
Зерттеудің жоспары:
Зерттеу жұмысына қатысты деректер жинау;
Жиналған ақпараттарды талдап, көтерілген мәселелердің өзектілігін анықтау;
Тақырыпқа талдау жасау;
Мәселелердің шешу жолын анықтау;
Зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды жасау.
Жобаның мақсаты: Қазақстанның дамуына полиэтникалық қоғамның маңызын бағалау
Зерттеу барысында келесі сұрақтар қарастырылады:
Ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда Қазақстандағы полиэтникалық қоғамның рөлі қандай?
Қазақстандағы полимәдениеттің мемлекет дамуына қандай оң және теріс әсерлері бар?
Көпұлтты қоғамда ынтымақтастықты сақтау үшін қандай шаралар қабылдануы керек?

Негізгі бөлім. Зерттеу сұрақтары
Полимәдениет - этникалық топтардың өзара қарым-қатынастың маңыздылығын зерттейтін тұжырымдама. Қазақстанға қатысты "полиэтнос" термині кеңестік кезеңнің басынан бастап қолданылады. Оған себеп - мемлекеттегі халық көші-қоны мен депортация салдарынан ел тұрғындарының этникалық құрамының күрт өзгеруі[5]. Қазіргі полимәдениет орнаған қоғамда Қазақстан толерантты және инклюзивті кеңістікті интеграциялауды көздейді. Қазақстан ұлт пен этнос өкілдеріне өз тілін білуге, салт-дәстүрлер мен ділін дәріптеуге, мемлекеттің тәуелсіз азаматы болуға, дәстүрлі дінін ұстануға заң жүзінде құқық береді. Мәдениеттің алуантүрлілігін жақтайтын қоғам этникалық топтардың байланысы бір-бірінің мәдениетіне әсер ету арқылы орнайтынына сенеді[6]. Көпмәдениетті саясат мемлекетке экономикалық және саяси-дипломатиялық жетістіктерге қол жеткізуге ықпал етеді. Этносаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы бірнеше ұлт өкілдерін біріктіріп, білім алмасу және қоғамның перспективті даму процессінің қарқынын арттыруға болады.
Полиэтникалық қоғам Қазақстанның даму факторларының қатарында ерекше орынға ие. Тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаев: Жан-жақты мәдениетті қалыптастырудың мақсаты - саяси-экономикалық және рухани дағдарысты жеңіп шыға алатын, іскер өмірге икемделе алатын тұлғаларды қалыптастыру - деп айтады [7]. Әсіресе, көпұлтты мемлекеттегі ұлт өкілдерінің арасындағы бірегейлік деңгейі полимәдениеттің белгілерінен қалыптасады.
Қазақ этнологы Ж.Ж.Наурызбайдың айтуынша полимәдениет орнаған қоғамда әртүрлі этностар арасында үйлесімді қатынастар байқалады [8]. Өйткені, ұлттың алуантүрлілігі қоғам азаматтарына басқа мәдениеттер мен дәстүрлерді түсінуге және қабылдауға алып келеді. Сәйкесінше, мемлекет те елдегі көпұлттылықтың өмірін зерделеп, әрбір ұлт өкілдің ұстанымдары мен ерекшелігін ескереді. Ұлттардың мәдениеттері туралы түсінік қалыптастыру және ортақ белгілер мен құндылықтарды анықтаудың нәтижесінде ел ішіндегі этностар арасындағы қатынастар нығаяды [9]. Ұлттардың болмыстық және рухани өзгешелікті құрметтеу және толерантты көзқараспен қарау арқылы көпмәдениетті орта этникалық топтар арасындағы қақтығыстар мен келіспеушіліктердің санын азайтуға ықпал етеді. Полимәдениеттің азаматтары конфликтті ашық және бейтіт түрде шешетін қоғам құрады. ҚР Президенті Қ. Тоқаев: "Елдің ұраны: бірлік - әртүрлілікте. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар, этникалық топтар, шын мәнінде, біртұтас ұлт" [10].
XXI ғасырда полимәдениет, Қазақстандағы өмірдің іргелі аспектісі ретінде, мемлекеттің дамуы үшін оң да, теріс те әсер етеді. Қазақстан көпұлтты ортаны қалыптастыруды қолдағандықтан, Қазақстанға полимәдени саясатты жүргізу тиімді екені айқын, алайда, Қазақстанның жан-жақты мәдениеті қоғамдық қиындықтардан өтетінін ескеру жөн.
Бүгінгі таңда техногендік даму және жаһандану дәуірінде басқа мәдениеттермен диалог жүргізуге қабілетті жастарды тәрбиелеудің тиімді шарттарын іздеу процесінің жандануы байқалады [11]. Қазақстан осы мақсатты көздеген жұмыстардың қатарына қоғамға арналған стретегиялық бағдарламалар аясында атқарылған істерді айтуға болады. Мысалы, Полимәдени білім беру саясаты азаматтардың қазақстандық менталитетті, жалпыадамзаттық білімді, мәдени құндылықтар жайлы білімді қалыптастыруға бағытталған [12]. Полмәдени білім беру саясаты көпмәдениетті ортада бәсекеге қабілетті, белсенді және тиімді өмір сүруге икемді, басқа мәдениет өкілдерімен бейбітшілік пен келісімде өмір сүре алатын коммуникативті позитивті тұлғаны қалыптастырады [13]. Сонымен қатар, полимәдениеттік ахуал мемлекеттегі әрбір ұлт өкілдің ұстанымдары мен ділін сақтау мақсатында заңға өзгерістер енгізуге әкелді. Мысалы, 1993 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі ресми статусты алғанмен, ұлтаралық қатынас тілі - орыс тілі болып қалды [14]. Бұл заңның басқа да ұлт өкілдеріне өз тілінде білім алуға, қарым-қатынас жүргізуге құқық бергені Қазақстанның толеранттылық идеологиясына сәйкес. Сонымен қатар, полимәдениет - жаһандық экономикаға кірігудің себепшісі. Әртүрлі ұлттардың бір мемлекетте шоғырлануы басқа мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынастарды тиімді жүргізуге ықпал етеді. Еуразиялық тамырлары бар қазақстандық халық Шығыс, Азия, Батыс, Еуропа ағындарын біріктіру полимәдениеттің экономикаға ерекше әсерін тигізеді[15].
Полиэтнолог Звонова Е.В.-ның айтуынша: Мәдениеттердің өзара әрекеттесуі мәдени байытуға алып келгенмен, полимәдениет ұлт өкілдерінің араларындағы түсініспеушіліктен туындаған қақтығыстардың кеңеюіне алып келуін де ескеру керек. Мәселен, көпмәдениетті басқару - түрлі мәдениеттер мен дін өкілдерінің қоғамдық-саяси процессіне қатысуды қажет ететін күрделі процесс [16]. Сондықтан да, этнос, ұлт, этно-конфессиялар, этнолингвистикалық одақтар мен өркениеттердің бір-бірімен қарым-қатынасын бақылау - көп уақыт пен тәжірибені қажет ететін ұзақ мерзімді процесс. Тіпті, кей жағдаяттарда оның мүмкін еместігі полимәдениеттің артықшылықтарынан тыс қақтығыстардың, азаматтық соғыстардың пайда болуына алып келеді.

Негізгі бөлім. Зерттеу әдістері
Полимәдениет қазіргі таңда Қазақстанның өзекті даму тірегі болғандықтан, полимәдеиенттің қағидаттары мен заңдылықтары күнде өзгеріске ұшырайды. Сондықтан да, полимәдениет жайлы қазіргі түсінікті қалыптастыру мақсатында зерттеудің керекті әдістері жүргізіліп, ізденіс жұмысы жүргізілді. Зерттеу барысында тақырыпты мүмкіндігінше ашу үшін тек полиэтника мамандарының монографияларынан ғана емес, басқа мәліметтерден де ақпараттар алынды. Сонымен қатар, бүгінгі мәдениеттің ахуалына қатысты ақпаратты жинау мақсатында халықтың полимәдениетке көзқарасын бағалау үшін сауалнама жасалды.
Біріншіден, Интернет желісінен жұмыстың тақырыбына қатысты сенімді ақпарат көздер қоры жиналды. Сәйкесінше, ТМД елдерінің полиэтнология мамандарының статьялық, диссертациялық және монографиялық жұмыстары назарға алынды. Қазақстандық ресми БАҚ-ынан Қазақстандағы полимәдениетке қатысты орнап жатқан жаңалықтар мен заңға енген өзгерістерді сараптау маңызды деп табылды. Сонымен қатар, жұмыс барысында ҚР Президентінің ресми сайтынан Президенттің жолдауларынан құнды ақпаратты қолдану шешілді.
Екіншіден, ҚР халқының ойы мен көзқарасын анықтау және анализ жасау мақсатында Google Forms желісі арқылы құралған 52 респонденттің қатысуымен онлайн сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесінің дәлдігін нығайту мақсатында респонденттер қатарында әртүрлі ұлт өкілдері таңдалды. Сауалнама 6 сұрақтан құралды. Сауалнаманың бастапқы сұрақтары респонденттердің жас ерекшеліктерін анықтауға қатысты болды. Мәдениет әрбір ұлт өкіліне ортақ тақырып болғандықтан, көзделген аудиторияның жас ерекшелігі оқушы жасынан (18-ден кіші) және 40 жас аралығы таңдалды. Сауалнама қарапайым халықтың Қазақстандағы орнап жатқан полимәдениеттің ахуалы жайлы ойын білуді көздеді. Онлайн сауалнама Тараз, Шымкент және Алматы қаланың тұрғындарына жіберілді, өйткені бұл қалаларда көпмәдениеттілік белгілері ерекше байқалады. Нәтижесінде, респонденттер өз ойларын білдіріп, зерттеу құнды және сенімді ақпаратпен жұмыс жасалынды.
Сауалнамадан алынған деректерге статистикалық-салыстырмалы өңдеу арқылы анализ жасалады.

Негізгі бөлім. Сандық зерттеу нәтижелері
Сауалнаманың бастапқы екі сұрағы респонденттің жас ерекшелігі мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк саласындағы мемлекеттік басқару, оны жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың құқықтық жағдайы
Муниципалды құрылым
Коммерциялық банктердің басқару құрылымы
Муниципалды құрылымдар әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде
Бюджет жүйесінің экономикалық мәні мен құрылымы
Коммерциялық банктердің делдалдық қызметі және олардың дамуы
Республикасының құқыққа қарсы жекелеген әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңдары
Ұлттық экономика және экономикалық жүйелер
Дүниежүзілік экономикалық байланыстағы Қазақстанның орны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Пәндер