Жыныстық жетілу кезеңіінде



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті

Тарих кафедрасы

6В01615 -Тарих білім беру бағдарламасы
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні бойынша

БӨЖ №1

Пән:Оқушылардың физиологиялық дамуы
Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуына өмір сүру жағдайларының әсері

Орындаған: Адырбай Айгерім
Қабылдаған:Полатбекова Қ
Тобы:ТТА-311

Түркістан-2024
Мазмұны
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
Әдістеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
II.Негізгі бөлім
Баланың өсу және даму көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Балалар мен жасөспірімдер организімінің өсу және даму заңдылықтары,олардың гигиеналық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Генетикалық және сыртқы орта факторларының маңызы ... ... ..7
Балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру ... ... ... ... 13
Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .17

Кіріспе
Балалар мен жастардың организімі үнемі өсіп дамуда болады.Организімдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды.
Организімнің негізгі үш дене көрсеткіші бар:
1.Бойы
2.Салмағы
3.Кеуде шеңберінің өсуімен қатар организмде даму жүріп жатады.
Даму-сапалық көрсеткіш.Организімнің дамуы-деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып,ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін,организім мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын,баланың ақыл ой өрістерінің молаюы айтады.Организмнің дамуы екі түрлі болады:физикалық және функциялық даму.
Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей:мүшенің ұзындығы,ені,тереңдігі,көлемі,аумағ ы,салмағы,алып жатқан орны.
Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі.Мысалы жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минуттық көлемін өлшейді.
Aдам өмірін негізінен үш кезеңге бөлуге болады:өсіп даму және жетілу,кемелдену,қартаю.Бұл үшеуінің айырмашылығы дене көрсеткіштерін өлшеп организімнің даму дәрежесін анықтап және сыртқы ортамен байланысын тексеру арқылы білуге болады.
Кәмелетке келу немесе дамып жетілу дегеніміз ең алдымен жастардың жыныстық жетілуі және өзінің ұрпағын жалғастыру қабілетінің пайда болуы,яғни тұқыммен жалғастыруды қамтамсыз ету.Бұған қоса,әлеуметтік қызметтерді атқару,рухани және мәдениет қазыналарын жасау,еңбек ету қабілеттері жатады.
Жыныстық жетілу қыздарда 11-12 жаста,ұлдарда 13-14 жаста басталады да жынысына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 18-20 жаста толық жетіледі.Осыған байланысты адам организімінің толық,жетілуі яғни кәмелетке келу,анықталып кемелдену басталады.
Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше заңдылықтары бар:
1.Өсу мен даму гетерохронды болады,яғни үнемі біркелкі болмайды;
2.Мүшелер мен олардың жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі;
3.Өсу мен даму баланың жынысына байланысты;
4.Функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;
5.Өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі;
Әдістемелік бөлім
Мен өзімнің жазған бөж де теориялық және статистикалық әдістерді қолдана отырып жасадым. Теориялық әдісте талдау мен мәліметтерді саралай отырып ақпарат көздерін жинауды мақсат еттім. Бұл әдіс зерттеу үшін ең қолайлы әдістердің бірі болды. Статистикалық әдісте салыстыра отырып ақпараттың маңыздылығын білеміз.
Әдістерді қолданудағы мақсат: тақырыпты толық ашу, әртүрлі зерттеу әдістерін қолдана отырып біліктілікті арттыру болып табылады.

Балалардың физилогиясын зерттей отыра барлық жағынан мәліметтерді жинақтап жаздым.
Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуына мынандай жағдайлар әсер етеді:
1. Балалар мен жасөспірімдер организімінің өсу және даму заңдылықтары,олардың гигиеналық маңызы

2. Генетикалық және сыртқы орта факторларының маңызы

3. Балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру

4.Денсаулық сақтау жайыттары

5.Салауатты өмір салтын дұрыс жағдайда ұстану,зиянды әдеттерден аулақ болуы.

Негізгі бөлімі
Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады.Тіпті бір жылдың ішіндегі бойдың өсуі бірдей емес:бала жазда тез өседі,ал қыста нашар немесе түнде бой көбірек өседі,күндіз аз өседі.Мұны өсу мен дамудың гетерохрондылығы дейді(гетероc-әртүрлі,хронос-уақыт) .
Өсу кезінде адам өмірінде үш рет күшейеді:
1.Туғаннан үш жасқа дейін.
2.3-7 жас арасында.
3.Жыныстық жетілу кезеңіінде.

Сонымен қатар, бала организміндегі жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің өсіп дамуы да гетерохронды түрде өтеді. Баланың алғашқы жылғы өмірінде миы тез өседі: бір жылдың ішінде салмағы 2 - 2,5 есе артады (жаңа туған бөбекте миының салмағы 360 - 390 г). 7 жасқа жеткенше оның миы ересек адамның миының 80 - 90 % шамасында болады. Мұның себебі - баланың сыртқы ортамен байланысы негізінен ми арқылы іске асады, барлық мүшелердің қызметі жүйке жүйесінің, әсіресе, орталық жүйке жүйесінің қызметіне тікелей байланысты. Ал лимфа ұлпаларының өсіп дамуы 10 - 12 жаста күшейеді, жыныс мүшелерінің өсіп жетілуі 12 жастан әрі қарай болады. Сол сияқты, бір мүшенің өсуі мен қызметінің дамуы да кезектесіп отырады: мүше өскенде қызметі онша дами қоймайды, мүшенің қызметі дамығанда ұзындыққа өсуі баяулайды.
Осыларға байланысты бала организмінің қажеттері үнемі өзгеріп отырады. Мысалы, мидың өсуі күшейгенде организм белокты көбірек қажет етеді. Сөйлеу қабілеті дамитын кезде бала басқа адамдармен қарым-қатынасты көбірек талап етеді, қимыл-қозғалыстары дамитын кезде мазасыз болады, көп қозғалады, көмірсутегісі көп тағамды талғайды.
Бала организмінің түрлі әрекеттерге бейімділігі, оның сыртқы ортаның жағдайларына қарсы тұру қабілеті дамып жатқан функциялық жүйелерге байланысты. Айталық, бала миының оқуға бейімделуі 6 - 7 жастан басталады. Сондықтан бұл мезгілден ерте оқыту оның басқа мүшелер жүйесіне зиян келтіреді, олардың дамуын төмендетеді.
Организмнің ұлпаларына қажетті оттегін тасу қабілеті де біртіңдеп дамып, 16 - 17 жаста жетіледі. Сондықтан бала организміне әсер ететін ауыр жұмысты, дене еңбегін, спортпен шұғылдануды ұйымдастырғанда осыны ескерген жөн.
Қорытып айтсақ, бала организмінің еңбектің түрлеріне бейімділігі үнемі бірдей болмайды. Сондықтан оқу, еңбек, спорт жұмыстарын сыртқы ортаның жағдайына сәйкес етіп, өсіп-даму мезгіліне байланысты мөлшерлеген жөн.
Былайша айтқанда, өсу мен дамудың гетерохрондылығын сыртқы ортаның жағдайлары мен бала еңбегін дұрыс мөлшерлеудің ғылыми негізі деп есептеуге болады.
Бала организмінің жыныстық айырмашылықтары қыздар мен ер балалардың денесінің өсіп дамуында, олардың қарқынды, жеке мүшелер жүйесінің жетілуінде көзге түседі. Айталық, жыныстық жетілгенге дейін ер баланың антропометрлік көрсеткіштері, әсіресе денесінің ұзындығы қыздардан жоғары болса, жыныстық жетілу басталған кезде, керісінше, қыздардың салмағы, бойы, кеуде шеңбері анағұрлым жоғары болады. 15 жастан әрі қарай ер балалар тез өсіп жетіледі де олардың көрсеткіштері қайтадан қыздардан жоғары келеді. Ересек адамдарда осындай жыныстық айырмашылық сақталады. Яғни барлық балаларға ортақ зандылықтардан басқа өсу мен дамудың баланың жасына байланысты ерекшеліктері байқалады. Жыныстық айырмашылықты оқу-тәрбие, спорт, қара жұмысты ұйымдастырғанды еске алып, жынысына қарай мөлшерлейді. Кейбір спорт түрлерімен қыздарға шұғылдануға болмайды, айталық, ауыр атлетика т. б. олардың болашақ ана екенін естен шығармау керек. Қандай да болмасын мүшелер жүйесінің қызметі өмірдегі кажеттіліктен анағұрлым артық мөлшерде болады. Бұған қоса, көпшілік қызметтердің бірнеше мүшелерде қосарланып орындалуы байқалады (мысалы, зәр шығару, өкпе, бүйрек, тері, ас қорыту жолы арқылы қосарланады; баланың өсуіне қажетті жыныс гормондары жыныс безі мен бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатында түзіледі, т.с.с.). Мұндай ұйымдасу организмге қауырт жағдайларда тірлігін сақтап қалу үшін қажет. Дегенмен балалар мен жас өспірімдердің оқуын, дене еңбегін, спортпен шұғылдануын шектеп отырған жөн. Әйтпесе бала организмі жан-жақты дамымайды. осыған байланысты ғалым гигиенистер оқу-тәрбие жұмыстарының өсіп келе жатқан бала организміне лайықтандырылуы туралы қағида ұсынды. Бұл қағидаға сәйкес оқу, еңбек, спорт жүмыстарын баланың жынысына және жасына лайықтау мөлшерлері көрсетілген

Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы
Адам организмі толық ер жетіп, кемеліне келгенге дейін ұзақ өсіп, күрделі даму жолынан өтеді. Осыған байланысты адам өміріндегі 4 кезеңді айыруға болады: құрсақтағы даму, балалық шақ, ер жету және қартаю. Бұл түсінік бойынша өсу дегеніміз, тіндер мен органдардың сан жағынан ұлғаюы, ал, даму дегеніміз олардың сапалы түрде дифференциациялануы мен қызмет қаблетінің жетілуі болып табылады. Құрсақтағы даму мен балалық шақтағы дамуды бір кезеңге біріктіріп, ер жету кезеңі десе де болады, өйткені осы уақытта адамның жыныстық жетілуі, репродукцияға қаблеттілігі және әлеуметтік қызметтерді орындай алу мүмкіндігі қалыптасады.Адам баласының жыныстық жетілуі, әлеуметтік қызметке жарауынан ертерек қалыптасады яғни біріншісі-13-15, ал екіншісі-17-18 жас аралықтарында жетіледі. Қазіргі кезде қыз балалардың етеккірінің пайда болуының орташа мерзімі 12 жас 7 ай деп алуға болады. Толық ер жету 20-21 жаста деп есептелінеді. Сәбидің туған күнінен бастап ер жеткенге дейінгі өсу және даму процессінде байқалатын заңдылықтар: Өсу мен даму қарқынының біркелкі еместігі; Өсу мен даму процессінің біркелкі жүрмейтіндігіне байланысты "баланың жасы" деген сөздің өзін дәлелдеу қажеттігі туады. Осыған байланысты төмендегідей жастарды айыруға болады:
Хронологиялық жас (немесе күнтізбе жасы) - дүниеге келген уақытынан бастап, бақылау жүргізіп отырған күнге дейінгі аралық. Жастың мұндай түрін айыру күнтізбе арқылы анықталатындықтан ешқандай қиындық туғызбайды.
Биологиялық жас. Әрбір сәбидің жеке өсу және даму дәрежесіне байланысты болатын, организмнің морфофункционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы. Биологиялық жасты анықтау - бой ұзындығы көрсеткішіне, бой ұзындығының жылдық қоспасына, тұрақты тістердің санына, екінші жыныстық белгілеріне байланысты жүргізіледі.
Әр түрлі органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының бір мезгілде орындалмауы; Организмнің бір бүтін жүйе екеніне қарамастан, онтогенез процессінде жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуы бір мезгілде болмайды (гетерехронды). Жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының гетерохрондылығы қоршаған орта факторларының, балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекеттерін жеке нормалаудың ғылыми негізі болып табылады.
Өсу мен даму процессінің жыныстық айырмашылығы (жыныстық ди-морфизм); Жыныстық диморфизм - өсу және жеке функционалдық жүйелер мен бүкіл организмнің даму қарқынының зат алмасу процессінің ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, жыныстық ер жетуге дейін, ер балалардың негізгі антропометриялық көрсеткіштері қыз балаларға қарағанда жоғары болып келеді. Ал керісінше, пубертатты кезеңде қыз балалардың бойының өсу параметрі, салмағы, кеуде шеңбері ер балаларға қарағанда жоғары болады.
Яғни, осы көрсеткіштер балалардың жас-жыныс ерекшелігіне сәйкес бірінші қиылысуы болады. Ал 15 жаста ер балалардың өсу қарқыны үдей түседі де, олардың антропометрлік көрсеткіштері қайтадан қыз балаларға қарағанда жоғары болады. Сөйтіп, екінші қиылысуды анықтауға болады. Бойдың өсуіндегі осы екі қиылысу - дене бітімі дамуының қалыпты жағдайдағы дамуына тән. Сонымен қатар көптеген функционалдық жүйелердің әсіресе бұлшық ет, тыныс алу және жүрек, қан-тамыры жүйелерінің даму қарқынының бірдей жүрмейтіндігі байқалады.
Органдар мен жүйелердің биологиялық сенімділігі; Организмнің әрбір қызмет етуші жүйелеріне сәйкес биологиялық сенімділікті анықтайтын потенциалды мүмкіндіктердің генетикалық қоры берілген. Бұған өкпе, бүйрек, көз, құлақ сияқты бірқатар органдардың жарыса қызмет етуі мүмкіндік береді, яғни тірі организмдегі негізгі жүйелердің көбі бірінің қызметін бірі қайталай алады және организмге қажетті элементтердің қоры шексіз деп есептеуге болады. Жүйелердің осындай биологиялық сенімділігі және тіршілік мүмкіндігінің молдығы болмаса, өмірге тұрақты түрде төнетін қауіптен организмнің өсіп, дамуы қорғана алмас еді.
Генетикалық және сыртқы орта факторларының маңызы; Балалардың дамуына әсер ететін барлық факторлардың жиынтығын екі үлкен негізгі топқа бөлуге болады: Биологиялық (генетикалық) және қоршаған орта(қоршаған орталық және әлеуметтік) факторлары. Биологиялық факторларға тұқым қуалау заңдылықтарын анықтайтын генетикалық белгілердің барлық кешені жатады. Қоршаған орта факторлары деп, сыртқы әсердің нәтижесінде пайда болған өзгерістерді айтады. Олардың ішінде абиотикалық (қоршаған орта) және биотикалық (әлеуметтік орта) факторларды бөлуге болады.
Биологиялық және қоршаған орта факторларының өсіп келе жатқан организмдердің дамуына тигізетін әсерін зерттеуге көптеген іздену жұмыстары арналған. Бірақ, қандай да бір топты бөліп, басқалардан артығырақ етіп көрсетуге мүлде болмайды. Мысалы, тұқым қуалаушылық ролін артығырақ бағалау даму процессінің артығырақ екенін мойындауға мәжбүр етеді. Олай болса, сәбиге ата-анасының барлық жаман, жақсы қасиеттерінің бәрі (соның ішінде аурулары да) міндетті түрде берілуі керек. Солай десек те, тұқым қуалағыштықтың бағыт беруші роль атқаратынын ешкім жоққа шығара алмайды.
Қоршаған орта және әлеуметтік себептердің әсерін артығырақ көтермелеу, екінші бір қиыншылыққа әкеліп соғуы мүмкін. Егер осындай болжамдарға сенетін болсақ, организмнің мүмкіншіліктері шексіз бола отырып, қоршаған ортаның әсері арқылы кез келген баладан "вундеркинд" жасап шығаруға болады. Сондықтан екі фактордың да әсерін естен шығармау керек.
Акселерация; латынша (accelarae) - жылдамдық деген сөзден шыққан. Акселерация қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді, табиғаты көп факторлы болып келеді. Көптеген гигиенистердің пікірлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің қызмет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын болғандықтан және қызмет қаблетін азайта-тындықтан акселерация балалар организмі үшін қолайсыз болып табылады. Сондықтан, өсіп келе жатқан балалардың дене бітімінің дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлінуі керек.
Организмнің өсіп, даму заңдылықтары балалар мен жасөспірімдердің қалыпты өсіп, дамуы үшін, қоршаған орта факторларын гигиеналық нормаландырудың теориялық негізі болып табылады. Бұл заңдылықтарды білу, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің дәрігеріне жеке органдар мен жүйелердің баланың әртүрлі жас кезеңдерінде бүтін организм ретінде қызмет етуін, оның қоршаған ортамен байланысын анықтауға және осы жағдайдың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын, даму жағдайын бақылау кезінде жиналған мәліметтерге, санитарлық дәрігер, өсіп келе жатқан организмнің жас ерекшеліктерін терең ескеру негізінде ғана дұрыс анықтама бере алады.
Яғни, осы заңдылықтарды терең түсініп алмайынша балалардың күн тәртібін ұйымдастыру, тәрбиелеу, оқыту процесстеріне, тамақтану жағдайына ғылыми негізделген талаптар қою және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу мүмкін емес.

Генетикалық және сыртқы орта факторларының маңызы.
Балалардың дамуына әсер ететін барлық факторлардың жиынтығын екі үлкен негізгі топқа бөлуге болады:Биологиялық және қоршаған орта факторлары.Биологиялық факторлаға тұқым қуалау заңдылықтарын анықтайтын генетикалық белгілердің барлық кешені жатады.Қоршаған орта факторлары деп,сыртқы әсердің нәтижесінде пайда болған өзгерістерді айтады.Олардың ішінде абиотикалық және биотикалық факторларды бөлуге болады.Биологиялық және қоршаған орта факторларының өсіп келе жатқан организімдердің дамуына тигізетін әсерін зерттеуге көптеген іздену жұмыстары арналады.Бірақ, қандай да бір топты бөліп басқалардан артығырақ етіп көрсетуге мүлде болмайды.Мысалы,тұқым қуалаушылық рөлін артығырақ бағалау даму процессінің артығырақ екенін мойындауға мәжбүр етеді.Олай болса, сәбиге ата-анасының барлық жаман,жақсы қасиеттері бәрі міндетті түрде берілуі керек.Солай десек те, тұқым қуалаушылықтың бағыт беруші рөль атқаратын ешкім жоққа шығара алмайды.
Қоршаған орта және әлеуметтік себептердің әсерін артығырақ көтермелеу,екінші бір қиыншылыққа әкеліп соғуы мүмкін. Егер осындай болжамдарға сенетін болсақ, организімнің мүмкіншіліктері шексіз бола отырып, қоршаған ортаның әсері арқылы кез келген баладан вундеркингжасап шығаруға болады.Сондықтан екі фактордың да әсерін естен шығармау керек.Акселерация латынша accelare-жылдамдық деген сөзден шыққан.Акселерация қазіргі замандағы адамдарың биологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді, табиғаты көп факторлы болып келеді.Көптеген гигинестердің айтуы бойынша балалар мен жасөспірімдердің қызмет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын болғандықтан және қызмет қабілетін азайтатындықтан акселерация балалар организімі үшін қолайсыз болып табылады.Cондықтан өсіп келе жатқан балалардың дене бітімінің дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлінуі керек. Организімнің өсіп, даму заңдылықтары балалар мен жасөспірімдердің қалыпты өсіп, дамуы үшін, қоршаған орта факторларын гигиеналық нормаландырудың теориялық негізі болып табылады.Бұл заңдылықтарды білу,балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің дәрігеріне жеке органдар мен жүйелердің баланың әртүрлі жас кезеңдерінде бүтін организм ретінде қызмет етуін,оның қоршаған ортамен байланысын анықтауға және осы жағдайдың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын,даму жағдайын бақылау кезінде жиналған мәліметтерге,санитарлық дәрігер,өсіп келе жатқан организімнің жас ерекшеліктерін терең ескеру негізінде ғана дұрыс анықтама бере алады.Яғни,осы заңдылықтарды терең түсініп алмайынша балалардың күни тәртібін ұйымдастыру,тәрбиелеу,оқыту просцесстеріне,тамақтану жағдайына ғылыми негізделген талаптар қою және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу мүмкін емес.
Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануының гигиеналық негіздері.
Балалар организімі үнемі дамып өсу үстінде болатындықтан олардың зат алмасу процестері елеулі өзгерістерге ұшырап отырады.Мұнда төмендегідей ерекшеліктерді бөліп қараған дұрыс:
Балаларда өсу,даму процестері өте қарқынды жүретіндіктен,зат алмасу процесі ересектерге қарағанда үдемелі түрде жүреді және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнімді бұрмалаудың әдістері және түрлері
Көбеюдің мәні
Жыныстық және физиологиялық жетілу
Аталық малдың жыныстық рефлекстері
Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасы
Жыныстық жетілу
Жыныстық жетілу, жыныстық тәрбие
Жыныстық циклдің қалыптастыратын факторлар
Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық-гигеналық және жыныстық тәрбиелеу
Оогенез және сперматогенез
Пәндер