МЕДИАНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4-5 1. МЕДИАНЫҢ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ . . . 6-8 1. 1. МЕДИАСФЕРА . . . 9-10 1. 2. ҚОҒАМДЫҚ СФЕРА . . . 11-14 2. АҚПАРАТТЫҚ-МЕДИА МӘТІННІҢ ДАМУ ТАРИХЫ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ . . . 15-18 2. 1. АҚПАРАТТЫҚ-МЕДИА МӘТІННІҢ ӨЗІНЕ ТӘН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 19-22 2. 2. АҚПАРТТЫҚ-МЕДИА МӘТІН ТҮРЛЕРІ, ЖАНРЛАРЫ . . . 23-24 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 25
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі 21 ғасыр - ақпарат дәуірі деп айтамыз. Біздегі ақпарат көздерін бұқара халыққа тарату үшін, журналисттер қауымы бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) қолданады. Бір сөзбен айтқанда, медиа термині кез келген ақпаратты тарату мүмкіндігіне ие. Яғни, хабар таратушы ретінде «БАҚ» пен «медиа» мерзімді баспасөз, телерадио, кино және телекоммуникация желілер көмегімен WEB-сайттарды қоса алғанда көпшілік аудиторияны қамтуды көздейді. Бұқаралық ақпарат құралдарын тек ақпарат тарату көзі ретінде қабылдамаған дұрыс. Медиа тек қана ақпарат алмасу құралы емес, сонымен қатар байланыс механизм құралы бола да алады. Яғни, жалпылама айта келе «медиа» атауының өзіндік бір құпиясы мен ерекшелігі бар. Бұл ұғым сөзбе-сөз байланыс ортасын білдіреді. Латын тілінен аударғанда «медиа» «белдік орта» деген мағынаны білдіреді. Журналистика саласы бойынша БАҚ-тың және медианың маңызды нысаны бола отырып, жаңа, яғни қоғам жаңа ақпаратқа ие бола алады. Сондықтан болар, журналист - бұл қоғам мен мемлекет арасындағы алтын көпір деп айтатынымыз. Жаңа тың ақпараттардың өзіндік бір орындары бар. Мәселен, қоғам үшін: биліктің таралуы, атақты адамдардың өмірі, террористік оқиғалар, сыбайлас жемқорлық, танымал әншілердің жаңа альбомын шығару немесе спорттық саланың кейбір жарыстардағы жетістіктерін көпшілікті ақпараттармен таныстыру. Медиа 1. 0 моделінде телекоммуникация саласынан медиа индустрияға әртараптандырылған термин (себебі телекоммуникация саласы жалқыдан жалпыға дейін созылатын сала, ал медиа жалқыдан ақпарат тарату құралы ретінде жалпыға бірдей танылған) дұрыс қолданылғаның есте сақтаған жөн. Қазіргі уақытта медиа «бұқаралық» деп болып саналмайды. Себебі медиа саласы конвергенциясы мен жаңа инновациялардың бірігуін айтамыз.
Медиа саласы туралы журналистің білуі маңызды. Себебі өз саласы туралы хабары жоқ журналист жөнді жұмыс атқара алмайды деп айтсақ болады. Сол себепті тек ақпарат жазумен ғана шектелмей, жан-жақты ізденісте болып, зерттеген жағдайда жемісі мен нәтижесі шығатыны аңық. Бұл мәселе бойынша Австрияның журналист, ғалымдары арасында пікірталасқа ие болды. Айтыс «медиа-соғысы» деген атпен танымал. Белгілі авторлардың пікірен орай бұл теория белгілі журналистердің тәжірибесінде қолданылмайтынына қорытынды тұжырымға келді. Авторлардың айтуынша, коммерциялық ұйымдар ұсынатын медиа курстарда ешқандай «теориялар» есепке алынбайтының мәлімдейді. Сол себепті медиа саласында теорияның қажеттілігі мүлдем керек емес екені туралы айтылады. Бұл жағдай бойынша әрине жас журналист жоғарғы оқу орнын бітіріп, медиа саласында жұмыс іздеуді бастаған әрбір жас маман үшін осы жұмысқа белгілі бір дайындықтан өтуі керек. Ол үшін оның мықты портфолиесі болуы керек және түрлі медианы өзімен бірге алып жүре алуы қажет. Сондықтан журналистика саласын әр қырларын білумен қатар зерттеуі маңызды: баспөз, теледидар және интернет журналистика. Практикалық дағдыны қолдану үшін жаһандық медиа саласының кәсіби қызметі туралы түсінік пайда болуы керек. Сонымен қатар, журналистика мен қоғаммен байланыс этикалық әдістердің қоғамдағы рөлі туралы кеңінен білуі маңызды. Сондықтан оқыту тәсілдері ХХI ғасырдағы медианың талаптарына сәйкес болуы тиіс. Автор тек өзі оқып қана қоймай, өз аудиториясының сауаттылығына қадам жасауы үшін әртүрлі және жан-жақты әдістерді қолдану керек. Қазіргі таңда екінің бірі монтаж жасайды, бірақ олардың көпшілігі тек дайын шаблондарға еті үйреніп қалған кезде, олар шаблон жасауды жөн санамайды. Сондықтан, егер аудиторияңызды блог жүргізгісі келіп жүрген немесе өзіңің шағын бизнесін ашқан болса, онда ол курсты арзан қолжетімді бағамен ұсына алады. Болашағыңызға инвестиция құйып отырыңыз деген цитатаны алсақ, демек олар сіздің біліміңізді сатып алу арқылы бір оқпен екі қоянды атып алуы мүмкін.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Курстық жұмыстың мақсаты-Қазіргі таңда медиа саласы заман талабына сай, өзгерістерге ұшырап жатқаның айтамыз. Бірақ журналистика мамандары өзгеріске ұшырағанына қарамастан, осы жағдайды өз пайдасына қалай қолдану керектігін біледі. Себебі, әр журналисттің өз оқырмандары, яғни әлеуметтік желілерде аудиториясы бар екені рас. Автор аудиторияға сапалы және өтімді болу үшін жаңалықтарды жеткізуді қадағалап отыруы тиіс. Ол сондай-ақ ақпарат қоғамда өз орнын алатындай жауап таба алады. Бұл оның тарихтағы орны сияқты мұрағаттар жинағына енуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, жастардың назарын қоғамдық мәселелерге аударуға септігін тигізеді. Осы мақсаттарды орындау үшін келесі міндеттер арқылы анықталады:
-Қоғам үшін заманауи бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен негізі қызметі жайлы айту;
-Газеттерде, теледидарда және әлеуметтік желілерде мәтіннің дұрыс ережеге сай жазылуын үйрету;
-Медиа мәтіндерді жазар алдында оларды оқудың маңыздылығын түсіндіру;
-Медиа мәттіндерінің түрлеріне нақты келіп тоқталу;
Курстық жұмыстың нысаны: Медиа журналистика индустриясы үшін өте қажет болғандықтан, оны журналистер білуі керек және медиа мәтіннің дұрыс жазылуының қыр-сырын, түрлерін ашуы қажет.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: Зерттеу кезінде салыстыру, талдау, жалпылау сияқты ғылыми әдістермен қатар ойша сыни ойлауға байланысты әдістер қолданылады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. МЕДИАНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ
Медиа қазіргі таңда қоғаммен тығыз байланысты деп айтауға болады. Сондықтан, жалпы айтқанда «масс-медиа» туралы айтуды жөн көрдім. «Масс-медиа» дегеніміз бұлақпарат тарату құрылғысы, ақпарат жинаушы, өңдеуші және арнайы техникалық құралдардың көмегімен, қоғамға әртүрлі мәліметтерді ашық түрде жариялауға арналған технологиялық кешен. Мысалға алып қарасақ, тележүргізуші микрофонның алдында, яғни камераның алдында еркін түрде сөйлеп, ал қабылдаушы өз үйінде отырып ақпаратты еркін қабылдап отырады. Бұрынғы медиа саласын салыстыра келе белгілі ақын, белгілі жазушы, не қаламгер болсын, жазушы машинкасы, не компьютердің өзі сіздің кабинетіңізде қажет емес болып қалады. Бірақ осыған қарамастан, сіздің жазып отқан ақпаратыңызды немесе жазған дүниеңізді мыңдаған оқырмандар мен көрермендердің ойында қалып, есте сақтап қалады. Сондықтан масс медиа жазуы, ең алдымен көпшілік бұқара халыққа арналған. Сіздің ұсынған жұмысыңыз аудиторияңыздың болмыс-бітімі басты негіз ретінде тұру керек. Қарапайым тілмен түсіндіре айтсақ, сіз әлеуметтік желілерде орналастырылған бейнеролик немесе жазба (пост) болсын, оқырман оны төрүйде, мектеп немесе жатақхана ауласында, кейбір адамдар автобуста, метрода, сапармен көлікте саяхаттап жүрген адам және т. б. отырып та тамашалап отыра алады. Интернеттің бір жақсы жағы уақытқа қарамай кез келген дүниені еркін түрде көруге мүмкіндігі көп.
Қазіргі таңда адам бір смартфонда немесе қандай да бір гаджетте байланып отыратыны рас. Күнделікті көріп, естігеніңіздей бұл көпшілік бұқара қауымға пайдасымен бірге қоса зиян жағын алып келіп отыр. Мысал ретінде айтсақ, халықтың көпшілігі қазір мемлекет пен саясат туралы тақырыптық жаңалықтарға қызығушылық танытпайды. Қоғамда дүрбелең оқиғалар басым: жанжалдар, мерекелер, басқа адамдардың жеке өмірі, қаржыға байланысты заттарға қызығушылықтары көп. Егер сіз көпшілік қауымға жазсаңыз, сол аудиторияңызға көңілінен шығатын нәрсені табу қиындық тудырады. Мысал ретінде алып қарасақ, көрермен өз ойында жүрген жерге бардық делік: ол нәрсе кинотеатр немесе театр болуы мүмкін. Ол міндетті түрде ақшасы мен төлеммен бірге кіргендіктен, театрдағы қойылым қызықсыз болып немесе егер кинотеатрдағы фильм көңілінен шықпаса, қарама-қайшы қарсы пікір мен ойда болып шығады. Ал керсінше, теледидардағы, әлеуметтік желідегі
аудиторияда біз көрген немесе тыңдайтын және көргіміз келетін нәрселер арасында бірден ауыстырып көру мүмкіндігіміз бар. Бағанағы мысалға көз жүгіртсек, спектакльге немесе киноға баратын адам оны бір күн бұрын алдын ала сол туралы пікірлерді көріп, оларды жарнама немесе басқа адамның ұсынысы арқылы біле алады. Керісінше қарасақ, теледидар көретін көрермендер әдеттегі бағдарламаларды жиі көреді. Солардың ішінде: реалити-шоулар, кешкі сериалдар немесе фильмдер, жергілікті ақпарат, жаңалықтар және т. б. Бірақ осы жағдайға қарамастан, егер сіз көріп отырған бағдарламада қызықты арнаны іздеп, ештеңеге назар аудармай тыңдай алмайсыз. Қазіргі уақытта байқап қарасаңыз әлеуметтік желінің бірін ашып қарасаңыз іші толған жарнамаларға тап боласыз. Бұл жұмысты телеарнада жарнаманы жарнамалай алады. Бағдарламаның келешегін көркемдік немесе әлеуметтік мәселе емес, қаражат шешеді. Продюсерлер мен жарнама берушілер аудиторияның басым көп бөлігін қамтуға және сақтап қалуға күш жұмсайды. Бұл телевизиядағы арнайы аудиторияны табудың ең қарапайым және тиімді әдісі. Бірақ әлеуметтік желідегі таңдау мүмкіндігі күннен күнге өсіп келе жатыр. Тиісінше, кез-келген адам қажетті деректер көздерін табады. Сондықтан автор әрдайым аудиторияның назарын аударудың әртүрлі тәсілдерін тауып, қалт жібермей тыңдата алуы керек. Әр материалды жазу кезінде артық керек емес дүниелерді алып, қиып тастап жазғаны жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz