ҚҰРАННЫҢ ҒАЙЫП ХАБАРЛАРЫН ҚАМТУЫ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
Ислам ілімдері факультеті
Исламтану кафедрасы

Құран мұғжизалығы: Уақыттың салыстармалығы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Өмірзақ Амангелді

Исламтану

Алматы-2024

Мазмұны

Құранның мұғжизалы жайында сөз қозғалғанда, бұл тақырыптың қаншалықты кең, көпжақты саланы қамтитынын сондай-ақ, ғылымның, әдебиеттің, мәдениеттің басқа да көптеген салаларды қамтитынын білеміз. Сондай ақ әрбір салаға негіз бола алатын, оның негізгі қағидаларын құрушы иләһи кітап. Осы дипломдық жұмысымда ... ... .
Иә, төбеміздегі бас айналдырар танғажайып үйлесім- ді жүйемен жүрген сансыз жымыңдаған жұлдыздар мен жан-жағымызды коршап жатқан мың бір мағына- хикметке толы жалпы жаратылыс Ұлы Жаратушымыз- ды танытатын ерекше алып кітап. Аспан әлемінің әрбір кабаты бұл үлкен кітаптың жеке-жеке беттері, әрбір галактика сол беттегі жеке-жеке мағыналы сөйлем, сол галактикалардағы әрбір жұлдыз том-том кітаптарға пара- пар мағыналы жарық сөз. Жер шары бұл үлкен кітаптың мазмұнын қамтитын негізгі беті болса, адам баласы сол беттің негізгі мазмұн-мағынасы. Барлығы Ұлы Жаратушы Алланы өз болмысымен танытып, Оның бар екендігін һәм бір екендігін күллі әлемге әйгілеп тұр.

Жалпы жаратылысқа қарағанымызда ондағы әр нәрсенің орын-орнында тұрғанын, арнайы өзіндік мән- мағынамен безендіріліп, әркайсысына белгілі бір міндет жүктелгенін көреміз. Әр нәрседен сұлулық, кемелдік, жүйелілік байқаймыз. Жалпы жаратылыс сағат сиякты керемет есеппен, нәзік жүйемен істеп тұр. Тіпті біздер сағатымызды осы жалпы жаратылыстағы жүйеге қарай есептейміз. Ендеше, өзіндік мағына-міндеті бар кішкентай иненің де белгілі бір ұстасының болатыны секілді, жаратылыстағы сұлулықтың, кемелдіктің, жүйенің, мән- мағынаның да бір жаратушысы, қоюшысы болуға тиіс.
[22:47, 23.03.2024] Amangeldi: Кейбіреулер айтатындай, бұл элем өз-өзінен, кездейсоқ пайда болған жоқ. Неге дейсіз бе? Өйткені кездейсоқтык мына өте керемет жүйемен, нәзік те галамат есеппен істеп тұрған ұшы-қиыры жок шексіз элемді, жаратылысында еш міні жоқ түрлі-түсті, сан ал- уан жан-жануарды, көздің жауын алатын сансыз өсімдік әлемін және мың бір сырлы, ғажайып жалпы жаратылы сты жасайтындай күш пен ақылдан мақұрым.

Аспан әлемі

Алла Тағала Тәбәрак сүресінде: Жеті қабат аспанды бір-біріне үйлесімді етіп жаратқан Ол Алла. Рахманның жаратуында ешбір ақау, жүйесіздік көре алмайсың. Сал көзіңді, көре аласың ба бір ақау? Со- сын көзіңді қайта-қайта бұрып қара! Көзің ешбір ақау таба алмағандықтан шаршап, талған күйде саған қайта оралады деп аспан әлеміндегі керемет жүйені, ақаусыздықты баяндайды.

Аспан әлемі, Яғни сансыз планеталар мен жымындаған жұлдыздар бір-бірімен қақтығыспай өте нәзік есеппен, өте керемет жүйемен миллиардтаған жылдар бойы істеп тұр. Бұларды бір-бірімен қақтығыстырмай, осынша жылдар бойы іске қосып тұрған күш қандай күш? Тартылыс күші делік. Тарты- лыс күшіндегі нәзік те ғажайып тепе-теңдікті қойған тыл- сым күш қандай құдірет? Егер бір планетанын тұрақты тартылыс күші бір мезет кездейсоқтықтың әсерінен азайса немесе көбейсе, көк әлемі қалай тас-талқан бо- ларын бір сәт ойландыңыз ба? Барлық планеталар мен жұлдыздардың үлкенді-кішілі көлемдері мен бір-бірінің ара-қашықтықтарына қарай өзіндік тартылыс күштері бар. Тартылыс күшіндегі бұл есеп, кездейсоқтықтың емес, арнайы бір Ұлы Құдіреттің жаратканын меңзейді.
Жер шары

Біз отау тігіп, өмір сүріп жатқан жер шары мен жылуын күлімдей төккен күннің арасы жаз және қыс мезгілдеріне байланысты 135 немесе 149,5 миллион шакырым. Еrep осы аталмыш арақашықтық кездейсоқтықтың әсерінен аз мөлшерде азайса, тоңып, мұз болып қатып қалатынымызды немесе аз мөлшерде көбейсе күйіп-жанып кетерімізді бір мезет ойладык па? Ойланып, Жер мен Күннің арасындағы осы ыңғайлы арақашықтықты белгілеп, оны ғасырлар бойы бұлжытпай ұстап тұрған құдіретті күшті тани алдық па?

Аспандағы әрбір дененің өзіне тән белгілі, тұрақты айналу орбитасы, козғалу жылдамдығы бар. Мысалы, Жер шары сағатына 1670 шақырым жылдамдықпен өз-өзін ай- налса, Күнді сағатына 108 000 шақырым жылдамдықпен айналады. Егер осындай жылдамдықпен жүретін көлік жасалған жағдайда жалпы дүниенің шеңберін 22 минутта айналып шығуға болады екен. Көрсетіліп отырған бұл сан- дар тек Жер шары үшін, ал Күн жүйесінің жылдамдығы мүлде таң қаларлық. Ғарыштық (космоста) жүйелердің көлемі ұлғайған сайын қозғалу жылдамдықтары да арта түседі. Күн жүйесінің Құс жолы галактикасы орталығын айналудағы жылдамдығы сағатына тұп-тура 720 000 шақырым. Ал, шамамен кұрамында 200 милли- ард жұлдызды камтитын осы Құс жолы галактикасының ғарыштағы жылдамдық мөлшері сағатына 950 000 шақырым³. Мұндай бір-бірімен тығыз байланыстағы әрі өте жоғары жылдамдықтағы жүйелердің соғысып, қақтығысуы әбден мүмкін бола тұра ғарышта ешбір акауға куә болмадық. Иә, миллиардтаған жылдар бойы
[22:49, 23.03.2024] Amangeldi: жылдамдықтарындағы тұрақты мөлшер еш өзгерместен жалғасуда. Мысалы, біз автокөлікпен сағатына 200 шақырым жылдамдыкпен келе жатып, окыс тоқтатсак, терезе әйнегін быт-шыт кып сыртка тесіп шығарымыз анық. Ал енді біздің сенімді бесігіміз Жер шары бір мезет оқыс тоқтамай-ақ қойсын, тұрақты жылдамдығын аз ғана азайтса, жер бетіндегі күллі зат атаулы ғарышка тарыдай шашылып кетер еді. Демек, миллиард жыл- дар бойы Жер анамызды және басқа да жұлдыздарды бір мезет токтатпастан, әрқайсысын өзіндік тұрақты жылдамдыктарымен айналдырып, тербетіп тұрған Ұлы Жаратушы болуға тиіс. Егер мұның бәрін кездейсок жүзеге асып жатыр десек, неге біз тағы да сол сенімсіз кездейсоқтықтың әсерінен Жер анамыздың токтап немесе жылдамдығында кідіріп қалуынан еш корыкпастан, уа- йымдамастан, үстінде жайбарақат жүрміз?

Бейтаныс бір адам қолындағы механикалык жүйемен істейтін кол сағатын бізге таныстыру барысында: Өз-өзінен, кездейсоқтықтың әсерінен, яғни, жердің астындағы минералдар өз-өзінен еріп, темірге айналып, одан жіңішке есепті ішіндегі әр түрлі кертік-кертік құралдары, көрсеткіш сандары және бетіндегі әйнегі өз- өзінен жасалып, іске қосылып пайда болды десе, сенер ме едік? Әрине, сенбес едік. Ал енді жай бір уақытты ғана көрсететін кішкентай қол сағаттың өз-өзінен, кездейсок пайда болғанына сенбейміз де, жүйе жағынан сағатпен салыстыруға мүлдем келмейтін мына керемет ұшы-қиыры жок шексіз әлемнін өз-өзінен пайда болғанына қалай сенбекпіз?

Аспан әлемі үнемі кеңеюде

Ең жақын бес-алты галактикадан басқа барлык галак- тикалар бізден өз қашықтықтарына сай жылдамдықпен тоқтамастан ұзақтап жатқанын 1922 жылы астроном Хабл (Hubble) зерттеп тапқан болатын. Оның айтуына қарағанда, жарық жылдамдығымен есептегенде бізден миллион жылдай қашықтықта орналасқан бір жұлдыз бізден жылына 168 км жылдамдықпен, екі миллион жыл ұзақтағы жұлдыз екі есе жылдамдықпен, үш миллион жыл ұзақтықтағы үш есе жылдамдықпен токтамастан алыстауда.

Иә, 1922 жылы ғана зерттеп білінген Big-bang Үлкен жарылыс заңын Құран осыдан 1400 жыл бұрын, яғни астрономия ғылымы дамымаған, телескоп сияқты құралдар болмаған ғасырда: Аспанды құдіретімізбен біз жараттық және оларды үнемі кеңейтудеміз (Зарият47) деп анық айтып кетуі күмәнсіз толғанған ақыл иесін Құранға бас идірері сөзсіз.
ҚҰРАННЫҢ ҒАЙЫП ХАБАРЛАРЫН

ҚАМТУЫ

Ислам ғалымдары Құранның ғайып хабарларын қамтуын оның Аллаһ сөзі екендігіне бір мұғжиза ретінде кабылдаған. Жалпы ғалымдар осы ғайып хабарын өткен шақ және болашақ етіп екіге бөліп, ғылыми зерттеулер жасаған. Десек те кейбір ғалымдар осы тақырыпты үшке бөліп талдаған 27. Біз де осы көзқарасты қисынды санағандықтан үшке бөліп қарастырамыз.

1. Өткенге қатысты ғайып хабарлары.

2. Болашаққа тиісті ғайып хабарлары.

3. Илаһи ақиқаттар, әлем, болмыс пен ақырет әлеміне байланысты ғайып хабарлары.

ӨТКЕНГЕ ҚАТЫСТЫ ҒАЙЫП ХАБАРЛАРЫ

Құран умми һәм сенімді хазіреті Мұхаммедтің (с.а.с.) тілімен хазіреті Адамнан бастап, өзінің түскен ғасырына дейінгі көптеген пайғамбарлармен үмбеттеріне қатысты оқиғаларды ашық баян еткен. Әрі Құран өзінен бұрынғы Тәурат, Інжіл секілді кітаптардағы бұзылмаған ақиқаттарды айқындап, адамдардың колдарымен бұрмаланып, бір-біріне карама-қайшылыққа түскен жерлерін дұрыстап, ұмытылған оқиғаларды қайта жарыққа шығарған. Ендеше, Құран өткен кітаптардың ақиқаттарын растаушы һәм бұрмаланғандарын түзетуші. Алайда осы ақиқаттарды ашу ақли жолмен білінетін нәрсе емес. Хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) өткенді зерттейтіндей хат таныған адам емес. Оның өткен кі- таптардан алмағандығын жоғарыда баяндап өткенбіз.
Мәңгі мұғжиза

Құран өткен шақтағы оқиғаларды көріп тұрғандай айқын баян етуде. Өйткені, ол ұзақ бір оқиғаның ең маңызды тұсы мен мәйегін алып, мақсатына кіріспе еткен. Ендеше, Құранның бір оқиғаны осыншалықты әрі қысқа, әрі нұска баян етуінен оның өткеннің бәрін көретіндігін аңғарамыз. Мысалы, Жүсіп сүресін оқып отырсаңыз, оның бастан кешкендерін бейне бір экран- нан байқап тұрғандай сезінесіз. Тіпті, дауыстарының өзі құлакка келіп жатқандай болады. Бірақ бұл әлбетте Құранның өзіне тән стилі мен араб тілін терең меңгергенде ғана білінбек. Онымен қоса Құранға шын ықыласпен жақындап, рухына бойлағанда ғана сезіл- мек. Алайда қазіргі бұрмаланған Тәурат пен Інжіл тәрізді өткен кітаптарда дәл бұлай баяндау стилі жоқ. Ешбір адам көрмеген нәрсесін бейне бір көргендей бүге-шүгесіне дейін айқын баян ете алмайды. Әсіресе, ақылдан тыс ғайыпқа қатысты оқиғаларды мүлдем баян ете алмақ емес. Ол тұрмақ, асқан зерттеуші де үйінде отырып, ойша Африканың қалың орманында ғұмыр кешкен тайпаның түр-түстерін, салт-дәстүрлерін, мінез-құлқын айқындап, ғылыми жұмыс жасай ал- майды. Алайда сіз Құранға жетік болсаңыз, Адам ата- дан бері қарай ғұмыр кешкен қоғамдардың барлык өміріне қанық болар едіңіз. Тіпті, ол қоғамдардың бір-бірін психологиялық айырмашылықтарына дейін айқындағанына таңданысыңызды жасыра алмас едіңіз. Осыдан барып, сіз Құранның хазіреті Мұхаммедтің (с.а.с.) өз сөзі еместігіне тағы да сене түсер едіңіз. Өйткені, сонау өткенді құдды бейнетаспаға жазғандай етіп баяндау, олардың өмірлеріне бүге-шүгесіне дейін қанық Біреудің ғана қолынан келмек. Ол Біреу - күллі заман мен сол заман-керуеннің жолаушыларының

[22:53, 23.03.2024] Amangeldi: Иесі болмақ ләзім. Ендеше, Құран - өткенді көріп, баян еткен заман мен мекеннің Жаратушысы Аллаһ Тағаланың сөзі. Құранда (Мұхаммед) міне бұл саган Біз уахи етіп отырған ғайып хабарлары. Олардың қайсысы Мәриямға ие боламыз деп жеребе тастаған кезде, сен қастарында жоқ едің. Сондай-ақ олар таласқан сәтте де алдарында емес едің 128 дейді. Осы аятта қастарында жоқ едің, алдарында емес едің деп екі окиғадан да хабарсыздығын баян етуі хазіреті Пайғамбардың ғайыпты біле алмайтындығын, әсірece, ғайыпты ақылмен біле алмайтындығын меңзеуі. Ен- деше, осы оқиғаны қашанда қасында, алдында болған заманның тізгінін ұстаған Ұлы Жаратушы баян еткен деген сөз. Басқа сүредегі Нұх пайғамбар жайлы хабарда Міне, бұлар Біздің саған уахи арқылы білдірген ғайып хабарлары. Бұдан бұрын оны сен де, елің де білмейтін еді 129 дейді. Қасас сүресінде хазіреті Мұса хақында баян еткен соң Біз Мұсаға әмір бергенде, сен батыс тарапта емес едің. Сондай-ақ көріп тұрғандардан да емес едің. Алайда қаншама нәсілдер жараттық. Олар- дан кейін қаншама өмір өтті. Сен Мәдян елімен бірге болып, аяттарымызды оқыған да емессің. Бірақ ол ха- барларды жолдаушы Бізбіз. Біз Мұсаға дауыстаған кез- де, Тұр жақта емес едің. Бірақ сенен бұрын ескертуші пайгамбар келмеген бір елді ескертуің үшін Раббыңның бір шарапаты ретінде сол жерде болған жайтты саган білдірдік. Мүмкін ойланып, ғибрат алар 130 дей- ді. Аталмыш аяттарға көз салсақ, Хақ тағаланың гайыптан білдірген хабарларын сол заманның ешбірі

Әли Имран, 3\44

білмегендігін аңғарамыз. Егер бұл хабарлар бұрынғы кітаптардан алынғанда, сөзсіз христиан мен еврейлер дауласып, сынар еді. Алайда олар осы аяттарды есті- генмен сырттай жөнсіз сын таққанмен, Аллаһ Елшісі- мен жүзбе-жүз кездесіп, Құрандағы ғайып хабарларын жоққа шығара алмаған. Дауласа қоярдай, көптеген ғайып хабарлары олардың кітаптарында жоқ еді. Тіп- ті, олардың кейбірі Құрандағы хабарлардың бұрынғы кітаптармен сәйкеспегендігін айтып, жоққа шығармақ болғанда Құран олардан өз сөздерін дәлелдеулерін та- лап етіп: Егер сөздерің жөн болса, онда Тәуратты әкеліп оқыңдар деген. Ақыры олар үнсіз қалған. Әһли кітаптан иманға келгендер болса, имандары одан сайын арта түскен.

Құран ежелгі заман адамдарының хал-ахуалынан баян етіп қана қоймай, Ұлы Жаратушыға иман етпей, карсы шыққандардыңақыры немен біткенін көріп, ғибрат алмақ мақсатымен олардың тарихи жерлерін зерттеуге шакырып: Жер бетін аралап, күнәһарлардың ақыры қалай болғанын көріңдер 133 дейді. Әлемнің түкпір- түкпірінде бұрынғы халықтардың ғаламат сарайлар са- лып, дүниеге батып, жіберілген пайғамбарларды теріс- ке шығарып, акырында өздері Қаhhap 154 Жаратушынын қаһарына ұшырап, жермен-жексен болған мекендер аз емес. Демек, тарихтың тереңінде қалған елдерді зертте- уге ат салысқан тарихшылар да Құранды негізгі қайнар көз етіп алуға мәжбүр. Мысалы, қазіргі зерттеушілер

[22:55, 23.03.2024] Amangeldi: Нұх пайғамбардың кемесінің қайда тоқтағаны хақында әр түрлі көзқараста болғанмен, әлі нақты пікірге келе алған жоқ. Негізінде, Құранға көз салсақ, оның кемесі бір емес, бірнеше кеме болғаны байқалады. Және басқа да тарихи деректер келешекте толығырақ ашылғанда Құрандаайтылғандарменсәйкестігін аңғарып, оныңпен- де сөзі бола алмайтындығын тағы бір рет ұғынып, Ұлы Жаратушыға илана тағзым етер. Иә, аятта айтылғандай жер бетін аралап, өткен заманның мұрағаттарын ашып, ондағы қоғамдардың қаншалық өркениеттілікті бастан кешіргендеріне талдау жасау ләзім. Бірақ мұның бәрі өмір сүріп жатқан қоғамға ой тастау мақсатындағы ғибрат болуы керек. Тек қана, мәдениеттілік тұрғыдан қарамаған абзал. Болмаса, олардың таңғалдырған мәдениетімен бірге күйреп, қалың қасіреті де сол қоғамға келуі әбден мүмкін.

БОЛАШАҚҚА ҚАТЫСТЫ ҒАЙЫП

ХАБАРЛАРЫ

Құрандағы келешекте болатын жайттарды баян ет- кен аяттар - Құранның Ұлы Жаратушының сөзі екен- дігіне айқын дәлел. Өйткені, келешекті заман мен ме- кеннен тыс Хақ Тағала ғана білмек. Құрандағы ғайып ха- барлары тұтас ақиқаттар. Оның болашаққа байланысты айтқан хабарлары мерзімі жеткенде тура келіп отырған. Бұдан кейін де туған айдай ілгері заман көгінен көрініп, қияметке дейін Құранды растай бермек. Біз оның мы- салы ретінде бірнешеуіне ғана тоқталайық. Алдымен Рұм сүресінің 2-6 шы аяттарымен басталық:

РУМ СҮРЕСІНІҢ ХАБАРЛАРЫ

Римдіктер ең жақын бір жерде жеңіліске ұшырады. Бірақ олар осы жеңілістен кейін бірнеше

(үш пен тоғыз арасы) жылдан кейін сөзсіз жеңіске жетеді. Бұрын да кейін де жарлық Аллаһ Тағаланыкі. Сол күні мұсылмандар Аллаһтың жәрдемімен қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Аллаһ қалағанына жәрдем етеді. Ол аса құдіретті де рақымды. Бұл Аллаһтың берген уәдесі. Аллаһ берген уәдесін бұзбақ емес. Бірақ адамдардың басым көпшілігі бұл шындықты білмей- ді.

Бұл оқиға 613 жылы болған. Рим мен Сасанидтер им- периясы бір-бірімен соғысып, Рим империясы жеңіліп, әбден кансыраған. Сасанидтер империясы жеңумен тынбай, Римнің қол астындағы Палестина, Сирия, Еги- пет, Ирак пен Анатолияны басып алды. Ирандықтар басып алған жерлерін канды қырғынға айналдырған. Әсіресе, Кудусты басып алғанда, барлық шіркеулер мен діни гимараттарды жермен-жексен етті. Сасанид- терге косылған жиырма алты мың еврей алпыс мыңнан астам христианды қанға бояған. Сасанидтердің патша сарайы отыз мыңнан астам адамның кесілген басына толған. Сасанидтер басып алған жерлерінің бәріне отка табынатын пұтханалар жасап, христиандардың жеріне зороастризм дінін жайды. Шығыс Рим империясынын осы жеңілгенін пайдаланып, қол астындағы көптеген аймақтар бас көтеріп, Африкадағы өлкелер мен Еуропа жағындағы аймақтар тіпті Ыстанбұлға жақын қалалар да Римнің қармағынан шықпақ болып, ақырында мұраттарына жеткен. Қысқасы, Рим империясы он иығымен жерге құлаған еді. Рим императоры са райын тастап қашпақ та болған. Иран империясы болса, әбден дандайсып, онымен былайша келісім шарт жасауды ұсынды: Рим императоры Сасанидтердің барлык талаптарын орындайды. Мың жүк алтын, мың жүк күміс, мың жүк жібек, мың жылқы, мың әйел береді. Басқа шарасы қалмаған Рим императоры өзін корлаған осы шарттарды қабылдауға мәжбүр болып, келісім шартқа қол койып, өкілдерін жібереді. Өкілдер Иран патшасының алдына барғанда ол: Бұл жеткілікті емес. Императордың өзі алдыма аяқ-қолдарын шынжырлап келіп, крестке асылған құдайын тастап, от пен күнге та- бынуы керек, -- деп одан сайын паңданады. Міне, алып Рим империясы Сасанидтерден жеңіліп қана қоймай, әбден қорланған еді. Олардың мына жеңілісінен кейін, бірнеше жылда өзіне-өзі келіп, жеңетіні былай тұрсын, үміттенудің өзі қисынсыз жайт еді. Рим көп ұзамай-ақ есін жинап, ескі қуатын қайта жиюы мүмкін дейтіндей, Рим императорында ешбір қауқар қалмаған болатын. Римдіктердің осы жеңілген хабарын естіген меккелік пұтқа табынушылар қатты қуанып, мұсылмандарға: Сендер мен христиандар әһли кітапсыңдар. Біз бен ирандықтар бірміз. Біздің бауырлар сендердің бауырларыңды жермен-жексен етті деген еді.

Римнің осындай бір қилы заманында Аллаһ Тағала Елшісіне ғайыптан аталмыш аятты түсірген. Құран айтқандай, осы жылдар ішінде Римдіктер қайта есін жи нап, Сасанидтерді ойсырата жеңіп, алынған жерлерін қайта алды. Құрандағы бірнеше жыл сөзі бид деп берілген. Оның мағынасы Пайғамбарымыз айтқандай үш жыл мен тоғыз жыл арасы. Хазіреті Пайғамбар ишарат еткендей тоғыз жылдан кейін Римдіктер жеңіске жетеді.

Негізінде осы аяттарда бір емес бірнеше ғайып ха- бары бар. Біріншіден Рим империясының Сасанидтер-
уды ұсынды: Рим императоры Сасанидтердің барлык талаптарын орындайды. Мың жүк алтын, мың жүк күміс, мың жүк жібек, мың жылқы, мың әйел береді. Басқа шарасы қалмаған Рим императоры өзін корлаған осы шарттарды қабылдауға мәжбүр болып, келісім шартқа қол койып, өкілдерін жібереді. Өкілдер Иран патшасының алдына барғанда ол: Бұл жеткілікті емес. Императордың өзі алдыма аяқ-қолдарын шынжырлап келіп, крестке асылған құдайын тастап, от пен күнге та- бынуы керек, -- деп одан сайын паңданады. Міне, алып Рим империясы Сасанидтерден жеңіліп қана қоймай, әбден қорланған еді. Олардың мына жеңілісінен кейін, бірнеше жылда өзіне-өзі келіп, жеңетіні былай тұрсын, үміттенудің өзі қисынсыз жайт еді. Рим көп ұзамай-ақ есін жинап, ескі қуатын қайта жиюы мүмкін дейтіндей, Рим императорында ешбір қауқар қалмаған болатын. Римдіктердің осы жеңілген хабарын естіген меккелік пұтқа табынушылар қатты қуанып, мұсылмандарға: Сендер мен христиандар әһли кітапсыңдар. Біз бен ирандықтар бірміз. Біздің бауырлар сендердің бауырларыңды жермен-жексен етті деген еді.

Римнің осындай бір қилы заманында Аллаһ Тағала Елшісіне ғайыптан аталмыш аятты түсірген. Құран айтқандай, осы жылдар ішінде Римдіктер қайта есін жи нап, Сасанидтерді ойсырата жеңіп, алынған жерлерін қайта алды. Құрандағы бірнеше жыл сөзі бид деп берілген. Оның мағынасы Пайғамбарымыз айтқандай үш жыл мен тоғыз жыл арасы. Хазіреті Пайғамбар ишарат еткендей тоғыз жылдан кейін Римдіктер жеңіске жетеді.

Негізінде осы аяттарда бір емес бірнеше ғайып ха- бары бар. Біріншіден Рим империясының Сасанидтер-

айтылады. Яғни, екі түрлі оқылған аяттың мағынасын қорытындыласақ, Бәдірде алғаш рет жеңіске жетіп, алып мемлекет болуға бет алған мұсылмандар, кейін- нен Ислам байрағын көкке желбіретіп, Аллаһтың қалауымен өзінен әлденеше есе үлкен алып империя Римді жеңетінінен хабар берген. Ишарат етілгендей, кейіннен Рим әскерлері Халифа Әбу Бәкір заманында Йәрмук соғысынан бастап, Ыстанбұлға дейін женіс жалғасып, мұғжиза толықтай жүзеге асқан 136. Аяттың жалғасында Бұл Аллаһтың берген уәдесі. Аллаһ бер- ген уәдесін бұзбақ емес деп айтылады. Сондықтан, Оның уәдесі сөзсіз орындалды. Оның уәдесі екеу еді. Бірі Римнің пұтқа табынушыларды жеңуі, екіншісі мұсылмандардың Бәдірде алғаш рет меккелік пұтка табынушыларды жеңуі. Осы екі уәде көп ұзамай бір- неше жылда іске асқан. Қарап отырсаңыз, бұл жерде ойланарлық нәрсе бар. Біріншіден екі әһли кітаптың яғни, Ұлы Жаратушыдан кітап алғандар, жалпы пұтқа табынушыларға һәм шірк атаулыға қарсы бір күнде соғысуы. Ендеше, бұл жерде Ұлы Жаратушы христиандарға жеңіс беріп, мұсылмандармен бір- дей қуанышқа бөлеу аркылы, оларды өз ішіндегі көп кұдайшылықты доғарып, мұсылмандармен бірігy- ге шақырғандай. Екіншіден, әбден құлдыраған Рим империясын қайта өркендету арқылы римдіктер мен Рим императорын кейіннен Елшінің өкілі арқылы Исламға шақырып, оның сол бір пұтқа табынушыларға деген күресін әрі қарай жалғастыруға үндегендей. Яғни, сол жеңіс арқылы оларға екі дүниеде бақытты болудың жолын нұсқағандай. Алайда император Аллаһ Елшісінің жіберген өкілінен шақыру хат алып, жылы

қабылдағанмен тағынан айырылып қалмау үшін, Ис- ламды қабылдамаған. Демек, ол және серіктері Ұлы Жаратушының берген жеңісінің хикметін бағалай алмаған. Алайда мекен мен заманның Жаратушысы Аллаһ Тағала осыны алдын ала білгендіктен, олардың осы мүмкіндіктен айырылған соң, қайта құрдымға ке- тетінінен хабар берген. Иә, өмірде небір дәулеті мен мансабы тасыған жандар бар. Кейде олар бір күнде құлдырап, бәрінен айырылып, далада қалады да, артын- ша кенеттен қайта тұғырына қонады. Бірақ олар беріл- ген дәулет пен мансабтың неге берілгенін ойланбай, Құдай тағаланың берген аманатын орынсыз шашып, төгеді де, қайта тұра алмастай шыңырауға құлайды. Осы аят ойлы жандар үшін басқа ғибраттарға да толы. Бірақ адамдардың басым көпшілігі бұл шындықты білмейді аятының астары да осыны құптағандай.

Осы аяттарда айта кетер тағы бір мұғжиза бар. Осы мұғжизаның жеке өзі-ақ Құранның Аллаһ кітабы екен- дігіне кепілдік ете алады. Римдіктер ең жақын бір жерде жеңіліске ұшырады. Бұл екінші аят пен үшінші аяттың бас жағындағы сөздердің қосылып, бір сөйлем етіліп берілген түрі. Егер 2-3 аятты жеке-жеке етіп, мағына беретін болсақ онда былай айтылады: 2-аят: Рим жеңілді. 3-аят: Бірақ олар осы жеңілістен кейін жердің ең төменінде сөзсіз жеңіске жетеді. Осы аяттағы Ең жақын жерде сөзіне тәпсіршілер әр қалай тәпсірлеп, түсіндірген. Бірі Араб түбегіне жақын жерде десе, енді бірі Рим астанасының жанында де- ген көзқараста болған. Негізі осы екі мағына да дұрыс. Өйткені, олар сол екі жерде де жеңіліске ұшыраған. Бірақ Жердің ең төменінде аятының мағынасын қазіргі заманда ғана біле алған. Тарихшылар жеңілген
Рим империясы тоғыз жылдан кейін Сасанидтермен Өлі көлдің жанында шайқасып, алғаш рет жеңген. Бірінші- ден, аят олардың қай жерде соғысатынын баян етсе, екінші жер бетінің ең төмен ойпаты Өлі көлдің аймағы екендігін айтқан. Қазіргі кезде географтар жердің ен ойпат жері - Өлі көл екенін тапқан. Ол теңіз деңгейінен 395 метр төменде орналасқан. Алайда осы аят бұдан он төрт ғасыр бұрын умми адамнан оқылған. Оку, жазу білмеген бір адам он төрт ғасырдан кейін табылатын жердің төменгі деңгейін қайдан білсін?! Мұндай жердін қыр-сырларын оны жаратқан Ұлы Жаратушы ғана біл- мек. Демек, Құран Оның сөзі.

Әбу Хаййан әл-Бахрул-Мухит атты тафсир кіта- бында Әбул Хакам ибн Бәррәжанның мұсылмандар-дың Кудусты алатын жылы мен күнін Рұм сүресінің алғашқы үш аятына қарап тауып, алдын ала хабарлағанын баян- дайды. Алайда ол кісі Кудус алынбай тұрып қайтыс бо- лады да, хабар берген уақытта мұсылмандар Кудусты алады Ендеше, аталмыш аяттар баска да біз білмей- тін құпия сырларға толы.

Құранның мұғжизалығы ... .
Біріншіден: Құранның әрбір сөзі орнына басқа сөзбен орнын алмастыруға келмейтіндей көркем әдебиеттің жоғары шыңында келген. Әрбір сөз, тіпті, әрбір әріп өз орнына келген және одан басқа әріптің тұруы мүмкін емес. Меккелік аяттардың өзіне тән ерекшеліктері бар, ол аятттарда ақидалық, яғни сенім мәселесі көбірек қамтылған. Ал Мәдиналық аяттарға келсек, оның ерекшеліктері Ислам мемлекетін қалыптастыруда шариғи үкімдерді ескере отыра әлемге жаңа жүйені енгізу. Сондай-ақ, Құран Кәрімнің өзіне тән ерекшеліктері бар және ол қиямет күніне дейін қалады, оны басқаша Құранның мұғжизасы деп айтсақ болады.
Екіншіден: Құранның мұғжизалығы көптеген саланы қамтитынын анық. Содан мысал ретінде өткен үмметтердің басынан өткерген оқиғалары. Сондай-ақ, сол уақытта, яғни Пайғамбарымыздың көзі тірісінде, кейбір оқиғалардың Құран аяттарымен жүзбе жүз келуі немесе болашақта орын алатын оқиғалардың Құранда айтылуы Құран мұғжизалығына мысал бола алады.
Рум сүресі (2-5). фатх 28.
Һуд 49.

فِىٓ أَدۡنَى ٱلۡأَرۡضِ وَهُم مِّنۢ بَعۡدِ غَلَبِهِمۡ سَيَغۡلِبُونَ : غُلِبَتِ ٱلرُّومُ
فِى بِضۡعِ سِنِينَۗ لِلَّهِ ٱلۡأَمۡرُ مِن قَبۡلُ وَمِنۢ بَعۡدُۚ وَيَوۡمَئِذٍ يَفۡرَحُ ٱلۡمُؤۡمِنُ
بِنَصۡرِ ٱللَّهِۚ يَنصُرُ مَن يَشَآءُۖ وَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ

Әлиф, Ләм, Мим.
Румдықтар жеңіліс тапты.
[(Арабстанға) ең таяу жерде (жеңіліс тапты). Алайда олар осы жеңілістен кейін жеңіске жетеді.
Бірнеше жылда (яғни, ары кетсе тоғыз-он жылда жеңіске жетеді). Әр істің һәм оқиғаның алдында да, соңында да бар билік бір Аллаға тән. Сөйтіп, (Румдықтар жеңіс туын көтерген) күні мүміндер қуанышқа бөленеді.
(Олар) Алланың жәрдемімен (келген жеңіске қуанады). Алла қалағанына жәрдем беріп, мерейін үстем қылады. Ол - Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Рахим (әсіресе, Өзіне бет бұрып, иман келтірген құлдарына) ерекше мейірімді. (Рум, 1-5)

: تِلۡكَ مِنۡ أَنۢبَآءِ ٱلۡغَيۡبِ نُوحِيهَآ إِلَيۡكَۖ مَا كُنتَ تَعۡلَمُهَآ أَنتَ وَلَا قَوۡمُكَ مِن قَبۡلِ هَـٰذَاۖ فَٱصۡبِرۡۖ إِنَّ ٱلۡعَـٰقِبَةَ لِلۡمُتَّقِينَ
(Уа, Мұхаммед!) Міне, бұлар - ғайыптан хабарлар, Біз саған оны уахи арқылы жеткізудеміз. Өзің де, қауымың да бұдан бұрын олар жайлы еш нәрсе білмейтін едіңдер. Ендеше, (Алла жолында басыңа түскен ауыртпалықтарға мойымай) сабырлылық таныт. Шүбәсіз, жеңіс Алладан шын именетін тақуаларға тән. Һуд: 49

هُوَ ٱلَّذِىٓ أَرۡسَلَ رَسُولَهُۥ بِٱلۡهُدَىٰ وَدِينِ ٱلۡحَقِّ لِيُظۡهِرَهُۥ عَلَى ٱلدِّينِ كُلِّهِۦۚ وَكَفَىٰ بِٱللَّهِ شَهِيدًا
(Хақ дінді) бүкіл діндерден үстем ету үшін пайғамбарын тура жол және хақ дінмен жіберген бір Өзі. Ендеше, (Исламның хақ дін, Мұхаммедтің хақ пайғамбар екеніне) куә ретінде бір Алла жеткілікті.
әл-Фәтиһ: 28

Осы дипломдық тақырыбымызда Құран мұғжизалығының бірі болып табылатын уақыттың салыстырмалылығы жайында болмақ. Яғни, уақыт барлық санақ жүйесінде уақыттың жүруі әркелкі, мутлақ емес.Алдымен осыған қатысты Құран аяттарын келтіріп, одан кейін осы аяттар турасында мұсылман ғалымдарының көзқарастарын келтірсек, кейін қазіргі кездегі техника ғылымдарының тапқан жаңалықтарын келтіру арқылы тақырыпты кенінен ашуға тырысамыз. Хаж 47, сәжде 5, мағариж 4, бақара 209.
Кахф. 9-12. 19. 25. 26.

وَيَسۡتَعۡجِلُونَكَ بِٱلۡعَذَابِ وَلَن يُخۡلِفَ ٱللَّهُ وَعۡدَهُۥۚ وَإِنَّ يَوۡمًا عِندَ رَبِّكَ كَأَلۡفِ سَنَةٍ مِّمَّا تَعُدُّونَ
(Уа, Мұхаммед!) Олар сенен (өздеріне уәде етілген) азапты тез арада келтіруіңді сұрайды. Ендеше, қам жемей-ақ қойсын, (оларды азаптаймын деп уәде еткен) Алла уәдесінен әсте таймайды. Біліп қойыңдар, Раббыларыңның құзырындағы бір күн сендердің есептерің бойынша мың жыл сияқты. әл-Хаж: 47
يُدَبِّرُ ٱلۡأَمۡرَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ إِلَى ٱلۡأَرۡضِ ثُمَّ يَعۡرُجُ إِلَيۡهِ فِى يَوۡمٍ كَانَ مِقۡدَارُهُۥٓ أَلۡفَ سَنَةٍ مِّمَّا تَعُدُّونَ
Ол барлық істерді (болмыстағы барлық оқиғалар мен құбылыстарды) көктен жерге қарай бағыттап, жүзеге асырады. Кейін барлық істер сендердің жыл санауларың бойынша мың жылға пара-пар бір күнде (яғни, қиямет күні) Оған көтеріледі. әс-Сәждә: 5

:
: تَعۡرُجُ ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةُ وَٱلرُّوحُ إِلَيۡهِ فِى يَوۡمٍ كَانَ مِقۡدَارُهُۥ خَمۡسِينَ أَلۡفَ سَنَةٍ
Міне, (сол сатылар арқылы) періштелер және Рух елу мың жылға созылатын бір күнде Оған (яғни, Аллаға) көтеріледі. әл-Мә'ариж: 4

: أَوۡ كَٱلَّذِى مَرَّ عَلَىٰ قَرۡيَةٍ وَهِىَ خَاوِيَةٌ عَلَىٰ عُرُوشِهَا قَالَ أَنَّىٰ يُحۡىِۦ هَـٰذِهِ ٱللَّهُ بَعۡدَ مَوۡتِهَاۖ فَأَمَاتَهُ ٱللَّهُ مِاْئَةَ عَامٍ ثُمَّ بَعَثَهُۥۖ قَالَ كَمۡ لَبِثۡتَۖ قَالَ لَبِثۡتُ يَوۡمًا أَوۡ بَعۡضَ يَوۡمٍۖ قَالَ بَل لَّبِثۡتَ مِاْئَةَ عَامٍ فَٱنظُرۡ إِلَىٰ طَعَامِكَ وَشَرَابِكَ لَمۡ يَتَسَنَّهۡۖ وَٱنظُرۡ إِلَىٰ حِمَارِكَ وَلِنَجۡعَلَكَ ءَايَةً لِّلنَّاسِۖ وَٱنظُرۡ إِلَى ٱلۡعِظَامِ كَيۡفَ نُنشِزُهَا ثُمَّ نَكۡسُوهَا لَحۡمًاۚ فَلَمَّا تَبَيَّنَ لَهُۥ قَالَ أَعۡلَمُ أَنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَىۡءٍ قَدِيرٌ
Немесе (Алланың өліге жан бітіріп, уақыты келгенде оны қайта алатынына тағы бір дәлел) мына бір адамның жағдайы: Ол (Үзәйір) үйлерінің шаңырағы ортасына түсіп, асты-үстіне келіп қирап, құлазып жатқан елді мекенге ат басын тірегенде, (Алланың шексіз құдіретіне таңғалып): Алла бұл мекенді һәм халқын мұншама астан-кестені шығып, күлі көкке ұшқаннан кейін қалай тірілтеді екен? - деген еді. Сол кезде Алла оны (таң ата) жүз жылға өлтіріп, тура жүз жылдан кейін (кеш батуға айналғанда) қайта тірілтті. Сөйтіп Алла одан: Қанша уақыт өліп жаттың? - деп сұрағанда, ол: Бір күн немесе одан да аз уақыт, - деп жауап берді. Сонда Алла оған: Жо-жоқ, сен тура жүз жыл өліп жаттың. Азығың мен сусыныңа қарашы, мүлдем бұзылмаған. Енді есегіңе қара (шашылған құр сүйектері ғана қалған). Сондай-ақ сені де адамдарға тірі дәлел болсын деп, жаныңды алып, қайта тірілттік. (Есегіңнің) шашылған сүйектеріне қарашы, оларды қалай жинап, орын-орнына қойып, буын-буынын келтіріп, содан кейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аспан әлемі үнемі кеңеюде
Пайғамбарымыздың өмірбаяны
Хазреті Пайғамбарымыз
“Тафсир” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Құран - Аллаһ тағаланың мәңгі кітабы
Қажылық
Ханафи мазһабының қалыптасуының діни-тарихи алғышарттары
Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегі
Мұхаммед Хайдар Дулати-өмірбаяны
Пәндер