Музыка саласында сіңірген еңбегі


“Д. Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейі”
Ғылыми жоба
Тақырыбы :”Қаныш Сәтбаев мұрасы”
Бағыты :тарих, әдебиет, музыка
Орындаған: Болатхани Балауса
Сыныбы: 11
Жетекшісі: Уаханова Назерке Ерлановна
Астана, 2024
Мазмұны:
1. Кіріспе3
2. Негізгі бөлім:
2. 1. Қаныш Сәтбаев кім?4
2. 2. Қаныш Сәтбаевтың өмірбаяны4
2. 3. Музыка саласында сіңірген еңбегі7
2. 4. Әдебиет саласында сіңірген еңбегі
2. 5. Тарих саласында сіңірген еңбегі
2. 6. Қаныш Сәтбаев еңбектерінің Қазақстан мәдениетіндегі рухани-мәдени маңызы
2. 7. Қазіргі Сәтбаевтану ғылымы
3. Қорытынды
3. 1. Қолданылған әдебиеттер
Аңдатпа
Аннотация
Annotation
1. Кіріспе:
Қаныш Сәтбаев есімін естіген сәтте, көпшіліктің ойына Қазақ Ғылым академиясы, геология мен металлургия салалары түсуі мүмкін. Әлбетте, Қаныш атамыз қазақстандық ғылым саласында аса көп еңбек сіңірді. Оның жер саласы бойынша ашқан жаңалықтары қазіргі ғалымдар үшін де аса құнды дерек болып табылады. Алайда, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жаратылыстану ғылымдарымен қатар, қазақтың тарихы, әдебиеті мен музыкасын зерттеуге де үлкен үлес қосқан.
2. Негізгі бөлім:
2. 1. Қаныш Сәтбаев кім?
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - профессор, геолог-ғалым, академик, минералогия ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым Академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, қазақтың тұңғыш академигі.
“Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойланбаған адамды қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпас” - Қаныш Сәтбаев.
2. 2. Қаныш Сәтбаевтың өмірбаяны
Белгілі ғалым 1899 жылы 12 сәуірде қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында Имантай деген кісінің отбасында дүниеге келген. Қаныштың әкесі, Сәтбайұлы Имантай Шоқан Уәлихановпен дос болған деседі. Бірі білсе, бірі білмес, Қаныш Сәтбаевтың азан шақырып қойған аты - Ғабдулғани. Есім араб тілінде “Барша жаратылыс иесінің (Құдайдың) құлы” дегенді білдіреді. Анасы кенже ұлын “Ғани”, “Ғаныш” деп еркелеткен, кейіннен туыстары да “Қаныш” деп атап кеткен. Мектепке де осы атпен қабылданған.
Алғашында ауыл молдасынан сауат ашқан ғалым кейіннен Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында, Томсктағы технология институтының тау-кен факультетінде оқыған. Семейдегі семинарияда Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов сияқты белгілі қоғам қайраткерлерімен бірге білім алған. Қаныш Сәтбаев “Алаш” қозғалысы мен қайраткерлері іс-әрекетіне қолдау көрсеткен, Алаш идеяларын жоғары бағалаған.
1932 жылы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қазақ геология ғылымында маңызды рөлге ие « Жезқазған мыс-кен ауданы және оның минералды ресурстары » атты алғашқы ғылыми еңбегін жариялайды. Бұл еңбегінде ол Жезқазған кен орындарының аса байлығын ашып көрсетеді.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1930-жылдары ашаршылық кезінде елдің қиын жағдайына бей-жай қарамады. Әпкесінің ауылына кездейсоқ барған кезінде Қ. Сәтбаев киіз үйлерде аштықтан көз жұмған адамдарды, әлсіреген балаларды көріп, қатты қаймыққан болатын. Арасында өз жиендері де болатын. Бұл жағдай ғалымға аса күшті әсер етті, сондықтан ол сол балалардың барлығын өз қамқорлығына алуға шешім қабылдайды. Олардың қамқорлығына алынғандардың бірі, Кемал Ақышев кейіннен белгілі археолог ғалым болып шығады. Ол ғылым докторы атанып, Алматы маңында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде әлемге әйгілі "Алтын адамды" табуға үлес қосқан.
2. 3. Музыка саласында сіңірген еңбегі
Қаныш Сәтбаев қазақ халқының әдебиеті мен тарихына, сонымен қатар музыкалық мұрасын зерттеу мен сақтауға үлкен үлес қосты. Ол Александр Викторович Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына қазақ ауыз әдебиетіндегі 25 әнді өзі орындап, оларға орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп, енгізген.
1915 жылы 13 ақпанда Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов және Жекей деген кісі үшеуі Семейде семинарияда оқып жүрген уақытта қалалық театрлардың бірінде қазақша әдеби кеш ұйымдастырады. Оны бастап қоюшы - семинарияның оқытушысы Назифа Құлжанова. Кеш төрт бөлімнен құралады.
1. Біржан мен Сараның айтысы;
2. Батырлардың айтысы:
3. Қазақ әндері;
4. Абай әндері
Бұл кеште Сәтбаев атамыз алдымен Қобыланды батыр бейнесінде өнер көрсетсе, кештің екінші жартысында әндердің біразын өзі орындап, өзі сүйемелдеп шығады.
Қаныш Сәтбаевтың хатшысы болған Сіламхан Жаппарханов оның музыкаға деген әуестігі жайлы былай дейді:
“Қанекең сегіз қырлы, бір сырлы болатын. Павлодар, Семей жақтың әндерін керемет орындайтын. Қаныш Имантайұлының әнге әуестігі де атаның қанымен берілген қасиет болса керек. Атасы Сәтбай да, әкесі Имантай да өнер десе ішкен астарын жерге қойған. Өз заманының жыршы-жыраулармен талай дастархандас болған. Бала Қаныш, Бозбала Қаныш қазақтың ән-жырын кішкентайдан құлағына сіңіріп өскен. Жаяу Мұса мен Естайды бала күнінен білген. Жаяу Мұсаның әндерін өзінен тікелей үйренген. ”
Академик Қ. И. Сәтбаев 1926 жылы жазылған өз мақаласында «Қазақ халқының неше алуан және өте бай халық музыкасы бар. Қазақ халқы адамның махаббатын, ерлігін, неше түрлі жан сезімдерін бейнелейтін көп күйлер, әндер шығарған» деген. Бұл еңбек шын мәнінде қазақ көркем өнері туралы ең алғашқы теориялық зерттеу ретінде осы күнге дейін маңызды.
2. 4. Әдебиет саласында сіңірген еңбегі
Қаныш Имантайұлы кітап оқығанды ерекше жақсы көрген. Бос уақытының барлығын кітапханада өткізген деседі. Ол кісі Томск қаласында қазақ тілінде «Ер Едіге» кітабын жарыққа шығарған. Сонымен қатар, ол институт қабырғасында аударма саласында да өзін сынап көрді. Қазақ халқының ән және әдеби шығармашылығы жайлы баяндамалар жасады.
“Ер Едіге” жырымен ол алғаш Томск қаласында институтта оқып жүргенінде танысады. Қолына түскені - Шоқан Уәлихан мен Платон Мелиоранскийдің нұсқасы екен. Сәтбаев жырдағы қателерді түзеп, қазақ оқырманға түсініксіз болатын араб, татар сөздерін өзгертіп, қазақтың емлесіне сай өңделген нұсқасын жасайды. 1927 жылы Мәскеуде Кеңес Одағы халықтары орталық баспасында жырды басып шығарады. Қаныш Сәтбаевтың немересі, Нұрлан Жармағамбетовтың айтуы бойынша, “Ер Едіге” жырының басылып шығуына Алашорда көсемі Әлихан Бөкейхан да көмек көрсеткен екен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz