Ұлы Карл империясының ішкі саясаты
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министірлігі
A.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті
Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты
Тарих кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ұлы Карл империясының негізінің қалануы, оның халықаралық және ішкі жағдайлары.
Мамандығы:
Орындаған:Сакенов С.Е
Тексерген:
Курс жұмысының қорғалуы:
__ ___20__ж.
Баға ___
Қостанай,2024
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І.ҰЛЫ КАРЛ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ДАМУЫ ... ... ... ... ..7
1.1.Каролинг әулетінің таққа келуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2.Ұлы Карл империясының құрылуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...10
ІІ.ҰЛЫ КАРЛ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ІШКІ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1.Ұлы Карл империясының ішкі саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2.Ұлы Карл империясының сыртқы саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тарих қойнауында көптеген әйгілі ғалымдар, атағы жер жарған билеушілер, шаңырағы шайқалмастай болған мемлекеттер жатыр. Көргенде үрей тудырған, қабырғасы нық тұрған небір-небір империялар мен патшалықтар тарих тауқыметіне шыдай алмай, қабырғасы қисайып құлдырағандары қаншама. Осындай империяларға Апенин түбегіне сыймай бүкіл Жерорта теңізін жаулап әмірін жүргізген Рим империясы, сол Римдіктерді құлатқан, бүкіл Еуропаға үрей тудырған Ғұндар мемлекеті де, нәтижесінде құрылған Франк державасыда, қаһарлы Түрік қағанатыда, олардың ата жауы Қытай империясыда, қытайлықтардан Талас өзені бойындағы қантөгіс шайқаста жеңіп шыққан Араб халифатыда, жарты әлемді жаулаған Моңғол империясыда, оларды Айн-Джалутта тоқтатқан Сұлтан Бейбарыс бастаған Мамлүк сұлтанатыда, мамлүктерді тізе бүктірген, Солтүстік Африкамен қатар барлық Кіші Азияны, Еуропаның оңтүстік-шығыс бөлігін бағындырған Осман империясыда, тарих сахнасында өзіне берілген уақыт өмір сүріп әртүрлі себептермен өмірін тоқтатқан. Бұл заңдылық әрі қарай айтылған сөздерге дәлел. Әр елдің өзінің құрылу тарихы, гүлденуі және шарықтау шегі болады. Сондықтан бұл империялардың тарих сахнасынан бір жолға жойылуы тек уақыт еншісінде еді. Осындай империяның бірі I Карлдың құрметіне аталып кеткен Ұлы Карл империясы болатын. Карлдың империясы Франк державасымен тығыз байланысты. Тіпті кей деректерде бұл империяны Франк державасының жалғасы деп те қарастырады. Ал кейбір ғалымдар империяны жоққа шығарып "миф" деп те қарастырады.
Ұлы Карлдың билік еткен жылдары ғылымда өзекті мәселе болып қала береді. Неміс тарихшысы Арно Борст ХХ ғасырдың 70-жылдарында Карлдың өмірін былайша сипаттады: Ұлы Карл қазіргі таңда Еуропа тарихымен айналысатын ғалымдардың қызығушылығын тудыратын империяның негізін қалады; бұл жерде Еуропалық халықтардың өзара қарым - қатынасы, мемлекетті басқару жүйесі мен қоғамдық құрылыс туралы, діни мораль мен ежелгі білім туралы, әдет ғұрыптар жайында айтып отырмыз.[11, Б., 5.] Себебі Ұлы Карлдың жасаған өзгерістері тек бір мемлекетті ғана камтып қоймай, бүкіл Еуропаға ықпалын тигізді. Осы қалыптасқан деректер негізінде толыққанды мәлімет беру бұл ғылыми жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Ұлы Карл ерте ортағасырларда Еуропаның ең танымал билеушілерінің бірі болды. Оның есімі қазіргі деректерде де, бұрынғы деректерде де кездеседі, ғасырлар бойы тарих қойнауынан өшпеген есімі оның танымалдылығына дәлел ретінде де қарастыруға болады. Карл тұлғасы жайында деректер ерте ортағасырлардан бері жалғасын табуда, яғни Карлды көзі көрген замандастарының Карл жайында жазған еңбектері бар. Алайда, Карл туралы ең алғашқы деректерді біз Франк патшалығының жылнамалары (аннал) есімді құжаттардан кездестіре аламыз. Бұл франк патшалығының жыл бойына болған негізгі оқиғалары мен билеушілерінің есебін жүргізетін шежіре. Ұлы Карл есімі бұл құжаттарда VIII ғасырдан бастап кездеседі, ал Карлдың өзі болса 768 жылдан бастап таққа отырады.
Карл жайында маңызды деректер қалдырған келесі автор жоғарыда айтылғандай оның замандасы, әрі ең жақын кеңесшілерінің бірі болған Эйнхард есімді тұлға танушы болған. Ол өзінің Ұлы Карлдың өмірі атты еңбегінде Карлдың өмірбаяның, билік еткен жылдарын баяндап жазған. Бұл өмірбаян Карл қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай жазылды, яғни IX ғасырдың бас кезіне жатқызуға болады. Жазылған жылына қарамастан бұл еңбек қазіргі таңға дейін өзінің өзектілігін жоғалтқан емес, осы күнге дейін тарихшылар мен әдебиетшілер бұл еңбекті мақалаларында, курстық және димпломдық жұмыстарында және тағы да басқа еңбектерді жазар уақытта пайдаланады.
Англо-саксон шежіресі - Англияда 5 ғасырдан 12 ғасырға дейінгі оқиғалар туралы есеп беретін англо-саксон шежіресі, бұл шежіреде де Ұлы Карл мен оның істері туралы айтылған. Әрине, бұның алдындағы еңбектерге қарағанда бұл шежіре көп мәлімет бермегенмен, тарихшыларға Ұлы Карл империясына басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді және сол замандағы саяси жағдайды тереңірек түсінуге жол ашады.
Неміс тарихшысы Леопольд фон Ранке Роман және герман халықтарының тарихы (1824) еңбегінде Еуропа халықтарының симбиозы,олардың ортақ тарихының пайда болуы Ұлы Карлдың империясымен байланысты деген. Кейінірек, Арно Борст 1868 жылы "тарихты зерттеу туралы ескі дәрістер схемасы" кітабында Каролинг әулетінің дәуірінде Еуропаның батысы франк патшаларының басшылығымен пайда болған христианық империя ретінде қалыптасуының аяқталғанын және Византиядан алыстағанын атап өтті. Борстың пікірінше, икондарды қастерлеу сияқты саяси және теологиялық дауларда Ұлы Карлдың беделі маңызды рөл атқарған, бұл жағдай Батыс шіркеуінің бөлінуінің алғышарттары болған, кейін түбі христиан діні 1054 - ші жылы екіге бөлінуімен аяқталды. [11, Б., 8.]
XII ғасырларда француз және герман монархтарының жазбаларында Карлдың шығу тегі пайымдалады. Кейбір деректерде оны қазіргі француздардың арғы ата бабалары деп жазылған болса, кейбірінде германдықтардың ата бабалары делінген. Бұл жөнінде 1935 жылы неміс тарихшыларының сегіз жауабы туралы. Ұлы Карл және Шарлеман атты еңбек жарияланған. Негізінде Карл өзін франк санағанымен бұл сұрақ талқылануын тоқтатқан жоқ. Бұл жөнінде 1956 жылы Теодор Хайстың, Герман Хаймпельдің және Бенно Райфенбергтің бірлесе жазған Ұлы немістер атты бес томдық еңбегі жарық көрді. Өз еңбектерінде көпшілікті таңғалдырып Ұлы Карл неміс болмаған, неміс халқы ол кезде өмір сүрмеген деп жариялады. Олар Ұлы немістер қатарына неміс халқының құрылуына қандай да бір ықпалы тиген жандарды жатқызған дұрыс деген тұжырым жасайды.
Батыс әдебиетінде бұл мәселе жақсы зерттелген. Ұлы Карл империясының өмір сүруі туралы Левандовский А.П., Лэмб А.Г., Хэгерманн Д., Хейзинг Й., сынды ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізген. Бұл тақырып Ұлы Карлдың сыртқы саясатын барлық жағынан сипаттаған В.А. Рогожин, М. М. Гореловтың еңбектерінде теориялық көрініс тапты.
1996 жылы Ганс Дельбрюктің Әскери өнер тарихы жарияланды, онда Каролинг дәуіріндегі дереккөздердің мәтіндерін пайдалана отырып, Ұлы Карл империясының әскери құрылысына, франктердің әскери істерінің дамуы және басқа еуропалық халықтарға тоқталған.
1996-1997 жылдары Карл Фердинанд Вернердің "Еуропаның франктері" атты екі томдық еңбегң жарық көрді, оған сол жылдары Мангейм мен Парижде өткен Каролингтер мен Карл империясының дәуіріне арналған екі тарихи тақырыптық көрменің материалдары кірді.
Аталған авторлардың еңбектері егжей-тегжейлі зерттелді, талданды, белгілі бір сөздер мен дәйексөздер осы жұмыста қолданылды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Ұлы Карл империясы тарихын кешенді түрде зерттеп, өзекті сұрақтардың басын ашу. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына келесі міндеттер қойылды:
-Каролинг әулетінің таққа келуін қарастыру
-Ұлы Карлдың империя құрудағы жолын талдау
-Империяның халықаралық жағдайларын зерттеу
-Ұлы Карлдың жүргізген ішкі саясатынмен танысу
-Феодалдық және діни мәселелерді қозғау
Тақырыптың әдістері мен әдіснама:Қурстық жұмыстың методологиялық негізін айқындауда жүйелілік әдіс, салыстырмалы әдіс, хронологиялық әдіс, теориялық таным мен типтендіру сияқты жалпы тарихи зерттеу тәсілдері қолданылды.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері:Зерттеу жұмысы VII ғасырдың екінші жартысы мен IX ғасырдың бірінші жартысы аралығында болған Ұлы Карл империясының тарихын баяндайды.
Тақырыптың құрылымы:Курстық жұмыс кіріспeдeн, eкі тaрaудaн төрт бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.
Кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, тарихнамасы, зерттелу әдістері мен әдіснамасы, мақсаты мен міндеттері, хронологиялық шеңбері мен құрылымы қарастырылады.
Бірінші тарау екі бөлімнен тұрады. Онда Каролинг әулеті мен Ұлы Карлдың таққа келуі және Ұлы Карл тұсындағы империяның дамуы талқыланады.
Екінші тарау екі бөлімнен тұрады. Онда Ұлы Карл империясының ішкі және сыртқы саясаты пайымдалады.
Сілтемелер әдебиеттер тізімімен сәйкес келеді.
І. ҰЛЫ КАРЛ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1. Каролинг әулетінің таққа келуі.
VII ғасырдың соңында Франк мемлекетінде Хлодвигтің құрған Меровинг әулетінен шыққан корольдері биліктен біртіндеп айырыла бастады. Ел ішінде король атағы тым төмендеп кетті. Халық пен король арасы алшақтап,елде жалқау корольдер деген мазақ сөздер тарап кетті. Нақ осы кезде саяси сахнаға Майордомдар шықты. Майордом деген сөзге бірнеше мағына бар,олардың ішіндегі ең танымалы сарайдың немесе үйдің үлкені және король шаруашылығын жүргізуші.[1, 278 - бет]
Бастапқы кезде Майордомдар осы қызметте жұмыс істеген. Бірақ кейін олар ірі жер иеленушілеріне айналып,қуатты болып кетті. Нақты билікті өз қолында ұстаған меровинг әулетінің соңғы королі I Дагоберд болды. Оның өлімінен кейінгі корольдер жалқау атанды және нақты билік майордомдарға көшті. I Дагоберд көзі тірісінде Франк мемлекетінің Австразия, Нейстрия, Бургундия аймақтарының майордомдарының орнына бүкіл елге бір майордомды тағайындады. Бұл ісімен ол өзінің жеке дара билігін күшейтуге тырысты, алайда істеген ісі кері айналып, керісінше жағдайды ушықтырып алды. Шартты түрде билік басында корольдер тұрғанмен, нақты билік майордомдардың қолында болды. Олар тіпті өз еркінше биліктегі адамдарды ығыстырып немесе өздері қалаған адамдарды отырғызып отырған. Осындай беделге ие болған әулеттің билік басына келуі таңғалдырарлық жағдай емес еді.[2, 83 - бет]
Өзінің қарсыластарын тізе бүктіріп, Геристальдық Пипин 687 жылы бүкіл Франк мемлекетінің майордомы атанды. Бұл жаңа билеуші әулеттің құрылуына жақсы бастама болды. Геристальдық Пипин Ұлы Карлдың арғы атасы болатын. Пипин барлық герцогтарды мойындатқан және франк мемлекетінің жоғарыда айтылған үш бөлігінде өз қол астына бағындырған. Бұл кезде меровингтер әулетінің өкілдері елдегі бірінші адам болудан мәңгілікке алшақтады. Алайда, Пипиннің өлімінен кейін мемлекет ішіндегі алауыздықтар мен қырқыстар қайта жанданды. Тіпті азамат соғысының басталуына дейін барды.[3, 54 - бет]
Бұл қырқыстарды Геристальдық Пипиннің баласы, Ұлы Карлдың атасы Карл Мартелл тоқтатты. Ол да әкесі секілді барлық герцогтарды мойындатып, жеке дара майордом атанды. Кейбір тарихшылардың пікірі бойынша Каролингтер әулеті деп аталу себебі Ұлы Карлдан емес, Карл Мартеллден қалған деген пікірлері бар. Себебі, Карл Мартеллдің де елге қосқан үлесі көп. Айта кетейік, лақап аты да Мартелл,яғни балға жай қойылған жоқ. 732-ші жылы араб басқыншылары Испания арқылы барлық Еуропаға ықпалын жүргізбек болып, Аквитанияға баса көктеп кіргенде Пуатье түбіндегі шайқаста Карл Мартелл басқарған жаяу және атты әскер арабтарға тойтарыс берген. Осы жеңістің құрметіне Карл Мартелл атағын алған болатын. Карл Мартелл тарихта тек осы шайқаспен ғана қалған жоқ, оның әскери реформасы елдің сыртқы жауларынан қорғануға үлкен көмек берді, алайда осы реформаны жүргізудің басты себебі сол арабтардың басқыншылық әрекеті болатын. Бұл тұста саяси факторлардың бір-біріне ықпалы көрінеді. Әскери реформа негізінен атты әскерлерге қатысты болды. Атты әскер қатарына қабылданғандар Карл Мартеллден сыйлыққа тұрғылықты шаруалармен, жер үлестерін алды. Жер үлестерін сыйға беру феодализмнің құрылуының алғышарттары болатын. Алғашында майордом жерді жалға берген болатын, яғни жауынгер әскери борышын өтеу барысында жерге уақытша иеленіп, сол жерден түсетін пайдаға өзіне жылқы мен қару-жарақ алуға міндетті болған. Алайда, кейін бұл жерлер мұрагерлік жолмен әкеден балаға мұра ретінде қалатын болды, сөйтіп жауынгердің баласы да әскери міндеткерлікті атқаруға міндетті болды. Әскерді өзгертуден басталған реформа кейіннен феодализмнің қалыптасуына және шіркеумен Франк мемлекетінің арасындағы жанжалға алып соқты. Франк мемлекеті мен шіркеу арасындағы жанжалдың туындауына, шіркеу жерлерінің тартып алынып, әскерилерге табысталынуы басты себеп болды.
Каролинг әулеті билік басында VII ғасырдың аяғынан бастап IX ғасырдың орта кезіне дейін билік етті. Алғашында майордом болып, кейін 751 жылдан бастап король атағын алып билікті жалғастырған болатын. Бұл уақытқа дейін Геристальдық Пипинде, баласы Карл Мартелл де король атанатын құқығы болмады, олар билікте тек майордом лауазымымен ғана шектелді. Соңғысының король атағын алуға мүмкіндігі болды, король атану үшін шіркеудің заңдастыруы қажет еді. Шіркеу папасы Георгий III Карл Мартеллге бұл мүмкіндікті ұсынды. Шіркеу үшін Франк мемлекеті секілді одақтас сол кезде ауадай қажет болатын. Шіркеу Лангобардтармен күресте жеңіліс тауып жатқан болатын және осы себеппен Карлдың қолдауын сұрады, бірақ Карл өз тарапынан көмек бере алмады. Бұл кезде Франк мемлекеті Лангобардтармен достық қарым қатынаста болатын. Осылайша Карл Мартелл король лауазымын қабылдамады.[2, 18 - бет ]
Карл Мартелл қаза тапқан соң билік мұрагерлік жолмен оның баласы Қортық Пипин мен Карломанның қолына түсті. Карломан Австарзия мен рейннің арғы жағындағы Германияны иеленді, ал Қортық Пипинн болса Нейстрия, Бургундия мен Аквитанияны мұра етіп алды. Карл Мартелл күңнен туған баласы Грифонға да мемлекеттің әртүрлі өңірлерінен жер бөліп берген болатын. Бірақ ағайынды Пипин мен Карломанн Грифонды түрмеге тастап жерлерін тартып алды. Бұл тым асығыс қадам болатын, себебі түрмеден қашқан Грифон майордом билігіне наразылық тудыратындарға көтеріліс ұйымдастыруға жақсы мүмкіндік болатын. Грифонды мемлекеттен бөлінгісі келетін мазасыз магнаттар, Бавария, Алемения, Аквитания герцогтері қолдады. Елді тыныштандыру мақсатында монастырьде жатқан Меровинг әулетінің соңғы королі Хильдерик III алып шығып, оны король жариялайды. Осы әрекеттен кейін Бавария герцогтігі өз еркімен бағынады, аквинтандық одақтасы елден қашады, ал Аквитания болса қан төгістен кейін екіге бөлінеді, сөйтіп екі бөлігін басқаруға шенеуніктерді отырғызады. Ағайынды екеуі елді 744 жылға дейін бірге басқарды. Карломан тақ мұрагерлігінен бас тартып, шіркеуге кетті. Жалпы, Каролингтер тұсындағы Франк мемлекетінде ағайындардың билікті бірге билеуі кеңінен қолданылған. Король дүние салар алдында елді балаларының арасында бөліп беріп отыратын болған. [2, 20 - бет]
Жеке дара билікке ие болған Қортық Пипинн бұрыннан ойластырған арманына кірісті. Ол әкесінің қолынан келмеген істі мойнына алды. Шіркеу мен қарым қатынасты реттеген соң, өзің патша жариялауды көздеді. Бұл істі Қортық Пиппин қанды жолмен корольді өлітіріп те шешуге болатын еді, алайда ол саяси жағынан тиімді жолды таңдады. Іс жүзінде билік басында Пипиннің отырғаның бұқара халықта, көрші елдерде түсінген. Патша лауазымын ресми қабылдау үшін тек бір ғана қадам қалған болатын. Сол қадамды орындау мақсатында Пипин шіркеу папасы Захарияға хат жіберіп, хатта былай деп астарлы сұрақ қойды. Қасиетті әке Францияда биліктен айырылған патшаларға қалай қарайды екен? Осынау саяси жағдайды құптайды ма екен? деген астарлы сұрақ қойды. Шіркеу папасы бұл сұрақтардың астарында қандай ой жатқаның түсінген болатын. Бұны түсіну қиын емес еді. Папа жауап ретінде Пипинге жолдаған хатында Іс жүзінде билікті қолында ұстап отырған адамды патша деп атаған, биліктен қол үзген адамды патша деп атағаннан дұрыс деп хаттайды.
Шіркеу қолдауын сезінген Пипинн 751-ші жылдың қараша айында Суассон қаласына барлық франктерді шақырып, жиналыста өзін патша жариялайды. Осы әрекетімен Пипин Франк мемлекетіндегі жаңа әулеттің қалыптасуының ірге тасын қалады. Яғни Пипиннен кейінгі ел билегендер тек Каролинг әулетінен шықты. Осы уақытта Меровинг әулеті толығымен тарих сахнасынан жойылды. Уәделескендей Пипин патша атануы үшін шіркеуге көмек қолын созуға тиісті болды . Өз кезегінде ол әкесі бас тартқан соғысқа бас сұғып, лангобардттар тартып алған жерлерді шіркеу қарамағына қайтаруға уәде берді. Өз уәдесінде тұрып лангобардтарға 754-756 жылдары жорық жасады. Нәтижесінде ол Шіркеу папасына 22 қаланын кілтін қолына берді. Осылайша, Папа мемлекеті құрылып, 870 жылға дейін өмір сүрді. Апеннин түбегіндегі қазіргі Ватикан мемлекеті сол Пипин сыйлығының мұрагері болып табылады. Қортық Пипин енді патша атағымен 768 жылға дейін өмір сүріп, ұзаққа созылған соғысты жеңіспен аяқтап, қайтыс болды.[4, 13 - бет]
1.2. Ұлы Карл империясының құрылуы мен дамуы.
742 жылдың 2 сәуір күні Франк королі Пипиннің шаңырағында қуанышты жағдай орын алды. Дүниеге болашақ император, әйгілі жаулаушы Карл келді. Оның қай жерде, қандай жағдайда дүниеге келгені нақты белгілі емес. Одан қалды оның 2 сәуір күні туылғаны да расталған мәлімет емес. Ұлы Карлдың есімі шамасы атасының құрметіне қойылған да болуы мүмкін.
Мен оның балалық кезі, тіпті жастық шағы туралы ештеңе таппадым, кітаптарда және қазіргі уақытта оның балалық шағы туралы білетін ешкім жоқ, сондықтан мен ол жайлы сөз қозғамағанды құптаймын Карлдың замандасы Эйнхард осылай деп жазды.
Алайда, Эйнгард бұл жөнінде толық зерттемеген сыңайлы. Себебі, деректерге сүйенсек Карл бала кезінен бастап әкесінің қолдауымен мемлекеттік істерге араласып отырған. Тіпті, он бір жасында Карл Рим папасы II Стефанды күтіп алуға жіберілген. Бала кезінде және жастық шағында ол мемлекеттік жиналыстарға мүше болды. 761 және 762 жылдары ол әкесімен бірге Аквитанияға жасалған жорықтарға қатысты. Жалпы оның бұл істердегі рөлі қандай болғаны белгісіз, біз тек болжам жасай аламыз, болжамымыз бойынша оның рөлі қарапайым пассивті болды. Араға алты жыл салып Аквитания жорықтарын сәтті аяқтап, Пипин дүниеден озады. Ол жан тапсырар алдында мұрагерлікке Франк жерлерін екі баласына бөліп береді. Бұндай мұрагерлік бөлініс бұл мемлекетте ерекше жағдай емес екенін қайталап өтелік. Үлкен ұлы Карл Аквитаниядан Тюрингияға дейін, теңіз жағалауында, Рейн мен Майнның орта ағысында үлкен жарты айға созылған бөлікті алды, Кіші ұлы Карломан Рона бассейні мен Луара, Сена, Маас және Рейннің жоғарғы ағыстарын қамтитын осы жарты айдың ішінде қоршалған жинақы аумақты алды. [10, 24 - бет]
Сол жылы 9 қазанда Карл Нойонда, ал Карломан Суассонда салтанатты түрде франк патшалары болып жарияланды. Алайда олардың арасында махаббат та, келісім де болған жоқ және олардың қарым-қатынасы бірден мемлекеттің тыныштығына қауіп төндіретін сипатқа ие болды. Франк мемлекетінің жаулары бұл жағдайды өз пайдасына шешуді ойластырды. Оңтүстікте жаңа бағындырылған аквитандықтар бас көтерсе, елдің батысы мен солтүстігінен жабайы бриттер мен сакс тайпалары шабуыл жасау қаупін төндірді, ал оңтүстік - шығыста елдің бұрынғы халықаралық беделіне күмән келтіретін мықты коалиция құрыла бастады. Бұл саяси тақтада басты рөл лангобард королі Дезидерийге тиесілі болды. Үлкен қаражат пен мықты әскері бар Дезидерий бүкіл Италияны біріктіруді бұрыннан армандаған болатын. Ол бір кездері Пипинмен жасалған келісімді бұзып, Папа ауданын қыса бастады. Оңтүстіктегі Лангобард герцогтерімен қарым қатынасты жақсарту үшін өзінің бір қызын қуатты Беневент герцогына тұрмысқа берді. Екінші қызын Бавар герцогі Тассилонға берді. Бұл өте жақсы саяси қадам болды. Бавария Пипин кезенінен бері Франк мемлекетінін құрамында болатын, бірақ бұл тек Франктердің пікірінше еді. Шын мәнінде Бавария герцогі өзінің Франктерге берген антын тек формальдылық деп тапты. Жалпы Баварияда ежелден өз заңдары мен сейм, синодтары болған. Ал Лангобардтардың қолдауымен герцог өзін жеке мемлекет басшысындай сезініп, өзі шешімдер қабылдап отырды. Бавария мен Лангобард коалициясы Франк мемлекетін әлсіретіп қана қоймай, мемлекет өміріне қауіп төндірді. Таққа жаңа отырған король бұл жағдайға алғашында бейтарап қарады. Билік құрған жылдарының алғашқы үш жылын қарастыратын болсақ, осы уақыт бойы тек аңшылықпен, той тойлатып өткізген.[9, 139 - бет]
769 - шы жылы елдің батысында Пипин бағындырған Аквитанияда бостандық оты қайта тұтанып, Гунальд есімді жергілікті басшы бас көтерді. Карл бұл жаңалыққа бірден жауап қатты. Бас кезінде Карл Карломанның күшіне сеніп, көмек сұрамақ болған. Алайда, Карломан бұл істен бас тартқаннан кейін, Аквитанияға өзі аттанды. Көтерілісті басу ойлағаннанда оңайға шықты. Көтерілісті ұйымдастырған Гунальд Гаскония герцогінің айласына түсіп қалды. Гунальд Гаскония герцогінің көмегіне сенген болатын, бірақ герцог оны тұтқандап Карлға табыстады. Осылайша Аквитаниядағы көтеріліс басылып қалды.
Карл ел билеуде тәжірибесі аз болатын, әрі сол кезге әлі жас болатын. Корольдің тәжірибесінің жоқтығын анасы пайдаланып, билікті өз қолына алғанды. Карлдың анасы Бертрада ең алдымен екі ағайындыны татуластыруды ойластырды. Содан кейін елге төнген қауіпті сейілтуге көшті, 770 жылдың жазында Дезидериймен кездесіп ұзақ уақыт бойы келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде Бертрада елге Дезидерийдің қызымен оралды, Карлдың сол уақытта әйелі және бір баласы барына қарамастан, әйелінен бас тартуға мәжбүрледі. 770 жылы Майнцта жаңа жылдың қарсанында Карл Дезидерийдің қызымен үйлену тойын тойлайды. Осылайша Бертрада бейбітшілік арқасында өз беделін көтеріп алуды көздейді, бірақ оның барлық жоспарларының күл талқаны шықты.
Солтүстіктен енді ешкім қауіп төндірмегенін түсінген Дезидерий, папаға қыспақ жасап, жерлерін тартып алды. Рим папасы Стефан III Франк корольдеріне хат жазып, көмек сұрап, үміттенді. Көмек келмейтінін түсінген Рим папасы ендігі Франктердің орнына Лангобардтарды қолдап, солардың сөзін сөйледі. Осы тұста Карломан өзінің жендеттерін Рим папасына жолдап жеке ойын жүргезбек болды.
Осы тұста Карл барлық жағдайды түсінді. Анасы Бертраданы биліктен шеттетіп, Дезидерийдің қызын үйіне қайтарып жіберді. Бұнын бәрі соғыстын алғышарттары еді. Карломан соғысқа дайын екенін бірден көрсетті. Бірақ ағайындылар арасында қантөгістін болмауын 771 - ші жылы Карломанның аяқ асты қаза табуы тоқтатты. Карл болса Франктердің жеке дара билеушісі атанды.
Карлдың билік құрған келесі жылдардың барлығы жаулаушылық соғыспен өтті. Лангобард королі өзінің қызымен болған жәйттан кейін қатты ашуланып Франк жақтаушыларының барлығын қуғынға ұшыратты. Карломанның баласы мен әйелі пана іздеп, осы Дезидерийдің қол астына келді. Дезидерий бұларды құшақ жая қарсы алып, Рим папасының күшімен Карломанның баласын Франк тағының мұрагері деп жариялауды көздеді. Бұл екі тарапқада тиімді келісім болар еді, бірақ Рим папсының өзгеруі Дезиндерийдің барлық жоспарларын құрдымға шығарды. Стефан III орнына Адриан есімді адам келіп Дезидериймен бір байламға келісе алмай, Карлдан көмек сұрады. Карл болса көп күттірмей 773 жылдың наурыз айында Лангобардтарға қарсы жорыққа аттанды. 774 жылы Карл Дезидерий мен барлық Лангобард корольдігін өз қолында ұстады. Сөйтіп, Франктер мен Лангобардтар королі атанды. Ал Дезидерийдің одақтасы Бавария герцогі Тассилонды 778 жылы бағындырып, Баварияны автономия құқығынан айырып, өз иеліктеріне қосып алды. Лангобард тағына өзінің ұлы Пипинді қалдырды. Осылайша, Карл өзіне қарсы жылдар бойы ойластырылған коалицияны тізе бүктірді. [2, 42 - бет]
Ұлы Карл енді қорғаныстан шабуылға көшті. Ол Испанияны жаулап алған арабтарға қарсы жорыққа аттанды. Бірінші жорығын 778 - ші жылы жасады. Бұл жорықта ол Пиренейден асып Сарагоссаға дейін жетті, алайда бұл қаланы ала алмай Пиренейдің арғы жағына қайтуға мәжбүр болды. Осы жорықтың нәтижесі Песнь о Роланде есімді ортағасырлық француздардың эпосының жарыққа шығуына себепкер болды. Эпостың басты рөлінде Карлдың қолбасшысы - Роланд болды. Ол басктармен болған шайқаста франктердің арьергардымен бірге Ронсельваль шатқалында франк әскерінің негізгі күшінің шегінуін қамтамасыз ету үшін жаның берген болатын. Бірінші жорығында болған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz