Ескі қыпшақ тілі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті
БӨЖ
Тақырыбы: Қыпшақтардың тілі мен әдеби ескерткіштері
Қабылдаған: Жолсеитова М.А
Орындаған: Мұханбетжан Гүлсім
Тобы: ФАТ-311В
Түркістан-2024
ЖОСПАР:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қыпшақ тілі туралы
2. Ескі қыпшақ тілі
3. Қыпшақ жазба ескерткіштері
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған Әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.
Қазақ халқының құрамына қосылған ежелгі тайпалардын бірі -- қыпшақтар қазақ халқынын этнос ретінде қалыптасуы мен тілінің қалыптасуында, этногенезінде елеулі роль атқарды. Қазақ сөзінің өзі қыпшақтар мекендеген аймақта пайда болды деуге негіз бар. "Қазақ" терминінің алғаш рет таралған аймағы шығыс Дешті Қыпшақпен қазіргі Қазақстан аумағымен байланысты болды. Осы терминнің еш күмән келтірмейтін бірінші рет қолданылуы 1245 ж. Мысырдағы Мәмлүк мемлекетінің қыпшақ ортасында кұрастырылған көне қыпшақ шығармасында айтылады. Онда "қазақ" сөзіне еркін, кезбе деген мағына беріледі. Бұл айтылып отырған Мысыр мәмлүктері - Мысырға құл болып сатылған қыпшақ Бейбарыстың онда билікті тартып алып, қыпшақ туын көтеріп, Мәмлүктер мемлекетінің негізін қалағаны тарихымыздан баршаға мәлім. Ал қыпшақ деген атаудың өзі түрліше тілдердегі деректерде әр алуан формада кездеседі еліміздің ерте заманғы деректерінде хуша, уже түрінде айтылса, орта ғасыр деректерінде шықса, араб-парсы деректерінде қыпшак, қифшак, қыпчақ, т.б. түрінде, Батыс Еуропа жазбаларында коман, куман делінсе, орыстар "половецтер' деп атады. Әйгілі ғалым А. Бернштам: қыпшақтар-қаңлы, үйсін сияқты ежелгі елдердің бірі. Қыпшақтар туралы алғашқы деректер жұңғоның б.з.6.201ж."тарихи жазбалар" еңбегінде кездеседі дегенді айтады. Қыпшақтар VІІ ғасырда Ертіс өзенінің басы мен Алтай тауларын мекендеп түрік қағандығының құрамында болды. Түрік кағандығы әлсіреген кезде тарих сахнасына ұмтылған қыпшақтар VIІІ-Х ғ.ғ қимақ қағандығының құрамында болып ХІ ғ.оғыздарды құлатып, билікті өз қолдарына алды. Осыдан бастап олар көптеген тайпалар мен жерлерді бірінен соң бірін басып ала бастады. Сөйтіп, ХІІ ғасырдың басында күшейген қыпшақтардың территориясы Ертіс өзенінен Дон өзеніне дейін, Орал тауынан Қара теңізге дейін жетіп, астанасы Сырдарияның бойындағы Сығанақ қаласы болды.
Тақырыптың зерттелуі.
Зерттеудің нысаны ретінде қыпшақтардың тілі мен әдеби ескерткіштері туралы деректер қамтыған бірқатар еңбектерді пайдаландым.Ең көп қолданылған дереккөз ретінде Х.Мадановтың Ұлы Дала тарихы еңбегін пайдаландым[2]. Кітаптағы мәліметтерді қолдану барысында тарихи деректер арқылы өткенді біліп, анализ жасап, белгілі бір заманнан қалған деректер арқылы сол заманның тарихын білуге болатынын түсіндім. Сонымен қатар Қазақ ССР тарихы[3] Бартольд В.В Кичаки[4] Кудряшев К.В. Половецкая степь [6] еңбектерін пайдалану арқылы ертедегі жазба деректердегі Қыпшақ тарихы, тілі, мәдени ескерткіші жайлы деректермен таныстым. Халықаралық Шыңғыс хан академиясының академигі, түркітанушы Қ.Сартқожаұлы былай дейді: Түркология ғылымында айырықша орны бар құнды мұраның бір шоғыры, ертедегі Сақ, Ғұннан кешегі Қазақ хандығына дейінгі тұтас тарихты айғақтайтын құнды жәдігердің көбі қазіргі Монғолия жерінде. Тас бітіктегі жазуды маған дейінгі бірнеше ғалым Көне ұйғыр тілінде деп топшылаған. Мен ұзақ жылғы зерттеуіме сүйеніп, ежелгі ескерткіштегі жазу Қыпшақ тілінде екенін дәлелдедім. Ол Тас кітаптың құпиясы атты еңбегімде кеңінен айтылған. Ұлт тарихын зерделеуде тілдің қалыптасу үдерісін ескермей алысқа ұзамаймыз. Тіл экстралингвистикалық жағдайға тәуелді, халық тарихымен йүзук, тұтынған ыдыс-аяғын - айақ, бычақ, қашуқ, үй мүлкін - бешик, кийиз, килим, киім-кешегін - тон, чапан, бөрк, башпақ, еңбек құралын - балта, бурғу, көрүк, тамағын - аш, ет, бал, йоғұрт, туз, ун, қаймақ, сүт деп атаған екен. Бұл - этномәдени сабақтастық. Бұдан тұтас бір ұлттың бет-бейнесі анық көрінеді.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері.
Ескі қыпшақ жазба ескерткіштеріндегі шылау сөздердің ерекшеліктерін айқындау. Қыпшақ мәдениеті мен ұлы ғалымдардың қыпшақ тіліндегі еңбектерімен танысу. Көзделген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:
oo Қыпшақ тіліндегі жазба ескерткіштер туралы түсінік;
oo Қыпшақ жазба ескерткіштеріне тоқталу;
oo Қыпшақ жазба мұраларындағы шылау сөздерді, түркі жазба ескерткіштері тілімен және қазіргі қазақ тілімен салыстыру арқылы ерекшеліктерін айқындау;
Негізгі бөлім
Қыпшақ тілі туралы
Қыпшақ - қазақ халқының т.б. түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орталық Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі тайпалар бірлестігі. Мұсылман деректерінде оларды қыбшақ, кипчак, батыс еуропалықтарды коман, ал орыс жылнамаларында половцы деп атаған. Алғаш рет Қыпшақ атауы ежелгі түркінің Шине Усу ескерткішінде (760 ж.) кездеседі. 1496 жылға дейін орталығы Каменец - Подольск қыпшақтары болған бұл қоныста іс қағаздары үш тілде (поляк, қыпшақ, украин) жүргізіліп, XVII ғасырларға дейін қыпшақ тілінде көптеген грамматикалық оқулықтар, қыпшақ-армянша сөздіктер, Інжілдің қыпшақша аудармасы, кеңсе қағаздары мен тарихи шежірелер т.б. еңбектер жарық көрді.
Қыпшақтану - орта ғасыр қыпшақтары мен қазіргі қыпшақ тілдес халықтар туралы зерттеулердің ғылымдағы жиынтық атауы. Француздың атақты түркітанушысы Жан Дени мен поляктың белгілі ғалымы Е.Триарский армян жазуымен қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштерді (ол кезде қыпшақ тілінде сөйлеп, қыпашқ тілінде құдайға құлшылық ету дұғасын оқитын армяндар болған) Армян-қыпшақ әдебиеті деп, өз алдына бөліп алып зерттейді.
Жазба деректерде қыпшақтар VIII ғасырдан бастап жеке бір халық есебінде аталады. Одан бұрын олар жалпы түркі тайпаларының бірі болып саналған да, солардың тарихымен араласып бірге өмір сүрген. Көне түркі тілдерінің бір эпитафиялық (мола басына қойылған) ескерткішінде қыбчақ сөзі жазылып қалған: Ұйғыр қағанатын (744-840) ұйымдастырушылардың бірі Элетмиш Білге-қаған (747-759) қабірінің басына қойылған. Онда түрік мемлекентінде қыпшақтар бізді елу жыл билеп тұрды делінген (қ. Мойун-Чур ескерткіші). Араб авторларының ішінде Ибн Хордадбех (820-912) бірінші болып осы қыпшақтардың өзінің Китаб-ал-масалик ва-л-мамалик (Мемлекеттер,жол қатынастары туралы кітап) деген еңбегінде атап өтеді. Мәліметтерге қарағанда, қыпшақтартон-ұйғырлар басқарып тұрған тоғыз-оғыздардың 691-742 ж. сюзерендік (басшылық) жоғары өкімет билігін қолында ұстап тұрған. Осы кезден бастап Қимақ қағанатының белді бір тайпасы болып саналатын қыпшақтардың тарих сахнасындағы өзіндік өмір жолы өрістей бастады.
Бұдан әрі қыпшақтар үлкен бір іргелі ел есебінде Орта ғасырдағы түрік халықтары мен басқа да жұртшылықтың арасында көзге түсіп, көрнекті рөл атқарған. Жалпы Шығыстану ғылымында қыпшақтар (олардың тарихы мен тарихи ескерткіштері, этнографиясы мен генезисі, қоғамдық-әлеуметтік өмірі мен халықаралық қатынасы, тілі мен әдебиеті, рухани тіршілігі мен діні т.б.) туралы мәселелер әр жерде, әр елде көптен бері сөз болып келеді. Мысалы, дүниежүзі түркологиясының көрнекті өкілдері қосылып жазған Түркі филологиясының негіздері деген екі томдық кітапта немістің көрнекті түркітанушысы А.М.фон Ғабен Кодекс Куманикус тіліндегі жұмбақтар мен діни тексттери Коман әдебиеті деп зерттесе, енді бір түркітанушы Қыпшақ әдебиеті деп басқа түрлі ескерткіштерді сөз етеді. Ол Қыпшақ әдебиеті екі топқа бөліп қарайды: а) Хорезм мен Алтын Орда әдебиеті; ә) Мәмлүк-қыпшақ әдебиеті. Соларды бір жерге жинастырып, қыпшақ кітапханасын ұйымдастыруға да болады. Әр саладан өзінше қор жина қажет мысалы, Қыпшақ тілінің қазынасы, қоры сияқты.
Б.Көмековтың еңбектеріне байланысты бұл бағыттың салдарлы нұсқасы да айқындала бастады. Қыпшақтанудың тілге байланысты саласы академик Н.Т.Сауранбаевтың еңбектерінде көрініс тапқан. Қазіргі дүниежүзілік түркітанудың бір тармағы ретінде қыпшақтану ғылымының өз алдына отау тігіп алғаны айқын құбылыс. Ол (қыпшақтану) - қыпшақ тілдерінде сөйлейтін (және бұрын сөйлеген) халықтардың тілдерін, тарихын, әдебиетін, фольклорын, мәдениетін зерттейтін гуманитарлық пәндердің жиынтығы. Осы жерде қыпшақтардың музыка өнеріне байланысты бір мысалды айта кету керек: Кодекс Куманикус қолжазбасының 149-150 беттерінде нота жазулары бар, олардың ара-арасына діни өлеңнің мәтіні келтірілген. ҚР ҒА-ның корреспондент-мүшесі Б.Ерзаковичтің зерттеулері бойынша, бұл нотация Римдегі католик шіркеуінде Құдайға құлшылық ету үстінде айтылатын хоралдың бір дауыспен айтылатын түрі болып шықты. Ол қазақ тіліндегі Елім-ай әнімен өзектес келеді екен. Екі әннің профессионалдық ерекшеліктері мен өзара тамырлас, қандас, біртұтас бір ән екендігін Б. Ерзакович үлкен шеберлікпен дәлелдеп берді. Оны Казахстанская правда газеті Духовные ценности деген айдармен орынды жариялады. Бұл іспеттес материалдар, әрине, қыпшақтану саласының бір тармағы есебінде өз алдына жеке талдап, зерттеуді қажет етеді. Қапшақтану ғылымының өсіп-өркендеу барысында көпетеген елдердің түркітанушылары тынбай атсалысып келеді.
Қыпшақ тілдері - Орта Азия мен оған шектес жатқан бірқатар түркі халықтарының тілі. Қалыптасу тегіне, аймақтық таралым өрісіне, тілдік ерекшеліктеріне байланысты және жалпы түркі тілдеріне қатысты тұрғысынан алғанда қыпшақ тілдерінің классификациялануы әрқилы:
1. а) Поволжье-Орал маңы тобы. Негізгі тілдік ерекшеліктері еи, оу алмасуы болып келетін татар, башқұрт тілдері осы топқа жатады; ә) Орта Азия тобына негізгі тілдік ерекшелігі ретінде шс алмасу анық байқалатын қазақ тілі, дауыстылар үндестігі толық сақталған қырғыз тілі, сондай-ақ дауыстылар үндестігі толық сақталмаған өзбек, қарақалпақ, ұйғыр тілдері жатады; б) Оңтүстік-батыс тобы құмық, гагауыз тілдерінен тұрады.
2. В.В.Радловтың пікірінше бірқатар Батыс Сібір диалектілері, қазақ, қырғыз, башқұрт, татар, қарақалпақ, тілдері қыпшақ тілдерінің батыс тобына, ал азербайжан тілі, кейбір қырым татарлары сөйленісі қыпшақ тілдерінің Орта Азиялық тобына жатады;
3. Қыпшақ тілдеріне жататын қазақ, қарақалпақ, ноғай, қырғыз, құмық, қарашай-балқар, қарайым, татар, башқұрт тілдері, сонымен қатар жазба ескерткіштерде сақталған құман тілі түркі тілдерінің Батыс тобын құрайды. Аталмыш бағамды И.Бенцинг және К.Менгес пікірлері де қуаттайды.
4.Қыпшақ тілдерінің қалыптасу ерекшеліктеріне байланысты классификациясы: 1) Қыпшақ тобы: а) Қыпшақ-половецтер тармағы. ә) шақ-қырғыз тобы осы қатардың түзеді. Қыпшақ тілдерінің табиғатына байланысты әрқилы классификациялық бағымдардың ұсынылуы себебі түркі халықтарының түрлі тарихи, әлеуметтік-қоғамдық құбылыстар әсерінен туындаған. VI-IX ғ. Және XI-XIII ғасырдағы миграциялық ағымдарына және тілдік ерекшеліктерінде жатса керек. Қазіргі қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қарайым, қарашай-балқар, құмық, қырым татарлары тілдері қыпшақ тілдерінің негізгілері болып саналады. Қыпшақ тілінің зерттелу тарихы әйгілі ғалым, филолог, қоғам қайраткері - Хас Хаджиб Махмуд ибн әл-Хусейн ибн Мухаммед әл-Қашқаридың атымен байланысты. Ол өзінің Диуани лұғат-ат-түрк (Түркі тілдерінің сөздігі) деген еңбегінде көптеген түркі тілдерімен қатар қыпшақ тілін де қатты қадағалап зерттеген. Жалпы түркі тілдерінің ішінде әрдайым көбірек зерттелінген және басқа түркі тілдерінен гөрі көбірек және жиірек, кейде тіпті тұрақты түрде қолданылған тіл қыпшақ тілі болып қалыптасты.
Ендігі жерде ескі қазақ тілі мен ескі қыпшақ тілдері жайында тоқталып өтейік. Сонымен, ескі қазақ тілі өзінің бастау көзін орта ғасырдың орта кезеңінен алады. Ол кездегі халықтар түрк, түрік сияқты жалпы атаумен, ал жазба мұралары ескі түркі жазба ескерткіштері деген атпен белгілі. Әрине қазіргі қазақ тілі өзінің ескі түрі арқылы ескі түркі тілдерімен де, көне түркі тілдерімен де тарихи тұрғыда өзектесіп жатады. Көне түркі тілдерінің кезінде қазақ деген сөз дәл қазіргі мағынасында айтылмаған, ал ескі түркі тілдерінің кезінде қазақ деген сөз жазылып қалғанымен, оның беретін мағынасы дәл қазіргідей болмаған, яғни ол этникалық термин емес, бейтарап сөз болған. Оның көнелік сипаттары көне түркі жазба нұсқаларының тілінен айқын байқалып отырады. Жалпы алғанда, ескі қазақ тілі өз дамуында үш дәуірді басынан кешірді:
а) қалыптасу дәуірі (ХI-XV ғ.ғ.);
ә) даму мен жетілу дәуірі (XV-XIX ғ.ғ.);
б) жаңа дәуір, яғни оның одан әрі де өркендеген уақыты (XX ғ.)
Ескі қазақ тілі - орта ғасырларда қолданылған қазақ халқының тілі. Бұл кезде белгілі бір бөлігі қыпшақ аталған түркі тайпаларының бірлестіктері Алтын Орда мемлекетінен бөлініп шығып, қазақ деген этникалық атқа ие болып, хандық мемлекет ретінде өз алдына этнос болып қалыптасқан. Ескі қазақ тілі өзінің бастау көзін орта ғасырдың орта кезінен (ІХ-ХІІ ғғ.) алады. Ол кездегі халықтар түрк, түрік, түркі сияқты жалпы атаумен аталып, сол дәуірдегі жазылып қалынған мұралар ескі түркі ескерткіштері деген атпен белгілі болған. Алғашқы орта ғасырдан қалған жадыхаттарды көне түркі ескерткіштері деп есептейді. Әрине, қазіргі қазақ тілі өзінің ескі түрі арқылы осы айтылған тарихтың қойнауына қарай үңілсек, ескі түркі тілдерімен де, көне түркі тілдерімен де тарихи өзектесіп жатады. Оның кейбір ерекшеліктері мен тамырлары алтай тілдерімен араласып кетеді, демек, біз өз тіліміздің пайда болу табиғаты мен өзгеруінің эволюциялық жолдары антикалық дәуірден іздеуіміз керек. Кезі келгенде көне қазақ тілін тіпті ежелгі қазақ тілі деп те айта беруге болар, бірақ көне түркі тілдерінің кезінде, әрине, қазақ деген сөз дәл қазіргі мағынасында айтылмаған, ал ескі түркі тілдерінің кезінде қазақ деген сөз жазылып қалғанмен, оның беретін мағынасы дәл қазіргідей болмаған, яғни ол этникалық термин емес, бейтарап сөз болған. Алайда қазақ тілінің көне, ескі тіл екендігін теріске шығаруға болмас-ты. Оның көнелік сипаттары көне түркі жазба нұсқаларының тілінен айқын байқалып отырады. Тарихи дәстүр жалғастығына байланысты қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына үлес қосқан рулар мен тайпалардың, ұлыстар мен халықтардың өз заманында қолданған тілдері - қазіргі қазақ тілінің қалыптасуы мен дамуының қайнар көзі, ретроспективті жалғасы болып табылады. Олар V-XV ғасырларда өмір сүрген бұлғар, қыпшақ, оғыз және қарлұқ сияқты басты- басты тайпа одақтарының құрамына еніп, солардың тілінде сөйлеген.
Басты бір фонетикалық заңдылықтар д-з-е ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz