Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті Филология факултеті

БӨЖ
Тақырыбы:Экологиялық дағдарыстар және Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптары

Қабылдаған: Жолсейтова М.
Орындаған:Әмет Айдана
Тобы: ФАТ-311 Б

Түркістан 2024
Мазмұны.

I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
II Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1. Экологиялық дағдарыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Семей полигонының ашылуы және ядролық сынақтар ... ... ... ... ... ... ... .6
2.1.Сынаққа қарсы халықтың қозғалысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .10
2.2.Жарлыққа сәйкес сынақ алаңының жабылуы, ядролық сынақтардың зардаптары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
IV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: КСРО заманына Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысында адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.
Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында орасан зор ядролық арсенал болды. Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір мемлекет ішіндегі мемлекет еді.
КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды ядролық қаруды сынау, жаңғыру және өндіру циклын жүзеге асырмау мүмкіндігін алды.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Бұл тақырыпты алудағы мақсатым Қазақстан жерінде орын алған экологиялық дағдарыстарды анықтау. Соның ішіндегі ең күрделі дағдарыс Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарымен жан-жақты зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер қойдым:
-Қазақстан жеріндегі экологиялық дағдарыстарға сипаттама беру;
-Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсерін анықтау;
-Ядролық сынаққа байланысты халықтың қандай қарсылық білдіргенін нақтылау;
-Жарлыққа сәйкес ядролық сынақ алаңының жабылуына сипаттама беру.
Тақырыптың зерттелуі: Бұл тақырыпты ашу мақсатында көптеген тарихи, ғылыми ақпарттаармен таныстым. Экологиялық дағдарыс туралы және де Семей полигонындағы ядролық сынақтар еліміз үшін күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Н.Ә.Назарбаев Бейбітшілік кіндігі [1] ,Аймақов (Махмут) Мүтәнның Көргендерім [2] атты еңбектерде Семей жеріндегі ядролық жарылыстардың зұлмат зардаптары және еліміздің ядролық қарусыз болашақта дамуы баяндалады. О.Жанайдаровтың Менің елім - Қазақстан [3] , Медеу Сәрсекенің Семей қасіреті [4] , Е.Байғабыұлы Ядролық зұлмат [5], Т.Қасенова Атом улаған дала (1 бөлім) [6] , К.Бозтаев Қайнар қасіреті [8] тағы да белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлеймонов еңбектері Семей полигонының зардаптарымен қазақ халқына тигізген нәубетін толықтай сипаттап жеткізе алды. Роза Мұқанованың Мәңгілік бала бейне [7] драмасы бар. Бәрінде жер бетінде ашық сыналған атом бомбасының әсерінен тірідей сынаққа ұшыраған адамдардың күйзелісі, табиғаттың тартқан зияны суреттеледі. Ел тәуелсіздігін алғаннан кейін сол шығармалар там-тұмдап шыға бастады.

Негізгі бөлім
1.Экологиялық дағдарыстар.
Экологиялық дағдарыс - қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарда қарама-қайшылықтың күрт шиеленісуі. Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі халықаралық конференциялар (Стокгольм, 1972, Рио-де-Жанейро, 1992) Экологиялық дағдарысты қазіргі заманның ғалами мәселелерінің бірі деп ресми түрде таныған. Экологиялық дағдарыс 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап күшейе түскен шектен тыс антропогендік ықпалдың салдарынан жаратылыста табиғи үдерістердің бұзылуынан (ғылыми-технология революцияның болжап білуге болмайтын зардаптары, энергияны тұтынудың көбейе түсуі, қазба отынды жағу, демографиялық дүмпу, қарулы қақтығыстар) пайда болды.
Экологиялық дағдарыстан экология апатты ажырата білу керек: дағдарыс адамның белсенді әрекетінен болатын қайтымды күй, апат - қайтымсыз құбылыс, адам мәжбүрлі түрде енжар, зардап шегуші тарап (мысалы, ұзаққа созылған қуаңшылық, малдың жаппай қырылуы). Қоршаған ортаның ластануы адамның, әсіресе өндірістің әсері нәтижесінде түрлі нысандарда көрініс табады. Олар: контоматация (ортаның инертті материалдарға қанығуы), уыттану (хим. активті субстанциялармен қанығу, радиациямен ластану, ұзақ жасайтын радионуклидтермен ластану), электро-магниттік детериорация, деструкция (табиғи құрылымдардың бұзылуы), пейоризация (ландшафт әсемдігінің бұзылуы), т.б. Бұл нысандар көбінесе кешенді түрде әрекет етіп, табиғи үдерістерді қатерлі түрде бұзады, сөйтіп, сайып келгенде, биосфераның түгел азып, өркениеттің опат болуына апарып соқтырады. Қазіргі жағдайда ғалами қауіпті үш үрдіс байқалып отыр. Олар: атмосфера құрамының өзгеруі; осының салдарынан "парникті әсердің" күшеюі және климаттың жыли бастауы, мұның өзі мұздың еріп, мұхит деңгейінің апатты түрде көтерілуіне апарып соқтыруы мүмкін; жер төңірегінің ғарыштық аппараттардың қалдықтарымен ластануы. Бұдан басқа қосалқы ғалами ауқымдағы төрт үрдіс те қатерлі. Олар: әлемдік мұхиттың мұнай қабыршағымен ластануы, мұның өзі гидросфера мен атмосфера арасындағы энергия алмасу мен масса алмасуды бұзады; жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесінің түрлік құрамының және олардың зәузаттық қорының қысқаруы; Жер бетіндегі тіршілікті Күннің қатал ультракүлгін сәулесінен қорғайтын озон қабаттың қысқаруы; оттектің басты "фабрикасы" орманды шабу, кесу (дамушы трофикалық елдерде) салдарынан да, қышқыл қалдықтарынан зақымдануы салдарынан да оның азып-тозуы. Кейбір аймақтарда Экологиялық дағдарыс экология қасірет деңгейіне жетті (Арал өңірі, Семей полигоны аймағы, Чернобыль, Гималай аймағы, Амазония, көптеген индустриялық агломерациялар). Қазіргі кезде Экологиялық дағдарыстың жай-күйі ұғынылды, тиісті ғылыми орталықтар, әлемдік ауқымдағы институттық, ұлттық деңгейдегі органдар - министрліктер дәрежесіндегі органдар құрылды. Тиімді экология саясаттың ғылыми негіздері тұжырымдалды, Экологиялық дағдарысты шиеленістіретін бірқатар әрекеттерге жол бермеу (қазба отынды тұтыну көлемін қысқарту, энергияның экология қауіпсіз көздерін пайдалануға көшу, озон қабатын бұзатын заттардың шығарылуын қысқарту, кит тәрізді жануарлар мен басқа да жануарлардың түрлерін аулау кәсіпшілігіне тыйым салу, т.б.) жөніндегі халықаралық уағдаластыққа қол жеткізілді. Табиғатты қорғау жолындағы, қауіпті технологияларға қарсы халықаралық қоғамдық қозғалыстар кең ауқымды сипат алды. Экологиялық дағдарысты еңсеру шараларының жүйесіне елеулі нышан ретінде халыққа экология тәрбие беру енгізілді.
2. Семей полигонының ашылуы және ядролық сынақтар
Семей ядролық полигон сынақ алаңы - КСРО Қорғаныс министрлігі және Атом өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен құрылған, ядролық қаружарылыстары жүргізілген сынақ аймағы. Полигон бұрынғы Семей облысы, Павлодар және Қарағанды облыстарының біраз аймақтарын қамтыды. Ядролық сынақ аймағында 1949-1989 жылдар аралығында 470 тей қуаты әртүрліядролық жарылыстар жасалды . Әуеде 90, жер үстінде 26, жер астында-26.
КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысында адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астында жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. Алғашқы атом сынағы үшін әскери құрылысшылар көлемі 300 шаршы километр тәжірибе алаңын дайындады. Алаңның қақ ортасындағы 30 метрлік темір мұнараның төбесіне қуаты 20 килотонн ядролық заряд орнатылды. Айнала темір бетон қорғаныштар, бронды мұнаралар мен доттар бой көтерді. Орталықтан әр түрлі қашықтықта әскери техника, артиллерия қаруы, танктер, ұшақтар, автомобильдер, бронемашиналар орналастырылды. Салынған пана-жайлардың көпшілігіне тәжірибе жасалатын хайуанаттар - қойлар, шошқалар, иттер, атжалмандар кіргізілді. Одан сәл қашықтау тұтас бір қалашық - үш қабатты тұрғын үйлер, өнеркәсіп орындары, жер асты жолы, теміржол және автомобиль көпірлері салынып, оларда жанар май құйылған вагондар мен цистерналар тұрды. Алаңға әскери форма кигізілген адам кейпіндегі заттар, азық-түлік салынған жәшіктер қойылды. Мұның бәрі ядролық жарылыстың алапат күшінің, қуатын зерттеу үшін дайындалды.
1949 жылы 29 тамызда таңертеңгі сағат 6.30-да Абай және Абыралы аудандарында халыққа алдын ала ескертілместен қуаттылығы 30 килотонна болатын бірінші жарылыс жасалды. Мұнда 1951 жылы 18 қазанда уран бомбасы, 1953 жылы 12 тамызда жер үстінде дүние жүзінде алғаш рет қуаттылығы 500 килотонна болатын сутек бомбасы сыналды.
Семей ядролық полигонында 1961 - 1962 жылдары әуеде және жер үстінде 50-дей ядролық бомба сыналды, 1963 - 1988 жылдары жыл сайын 14 - 18 сынақ өткізіліп, Жер астында барлығы 343 ядролық жарылыс жасалды. Осы жарылыстардың әсерінен радиоактивті шөгінділер жарылыс болған эпицентрден бұлттар мен жел арқылы таралды. Сынақ жүргізілген жерлерде радиацияның деңгейі 448 Бэр ге жеткен. Семей ядролық полигонында ауада және Жер бетінде сыналған ядролық зарядтардың қосынды қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 мың есе асып түсті. Сынақ аймағын радияциялық тексеруден өткізгенде, ондағы радиоактивтік заттардың (цезий-137, стронций-90, плутоний-239; 240, кобальт-60) мөлшері қалыпты мөлшерден бірнеше есе жоғары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы
Семейдегі ядролық полигон сынақтары және оның зардаптары
Семей ядролық полигон сынақтарының зардабы
Қазақстандағы атом полигондары
Семей полигонының инфрақұрылымы
Ядролық сынақтар хронологиясы
Семей ядролық полигонының алғашқы жүргізілуі
Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы
Семей ядролық полигоны
Семей ядролық полигоны туралы
Пәндер