Қазақтың ұлағатты діни ойшылы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ракуша ауылы
"Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің "Жалпы білім беретін
М.Өтемісов атындағы орта мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Оқушының аты-жөні: Айдынұлы Жанарыс
10-сынып оқушысы
М.Ж.Көпеев - діни ағартушы ақын
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар
саяхат маршруттары
Секция: Әдебиет
Жетекшісі:Сарбалина Гүлсім Меңдіханқызы -
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Атырау қаласы
2023 - 2024 оқу жылы
Атырау облысы Ракуша ауылы
Жалпы білім беретін М.Өтемісов атындағы
орта мектебінің 10-сынып оқушысы
Айдынұлы Жанарыстың
М.Ж.Көпеев - діни ағартушы ақын
атты ғылыми жұмысына
Пікір
Х1Х ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиеттің белді де беделді өкілі - М.Ж.Көпейұлы артына қыруар мол мұра қалдырды. Мәшһүр мұрасы жанрлық, тақырыптық жағынан көпқырлы, әрі сырлы. Сонымен қатар шығармашылығы да көп қырлы. Мәшһүр Жүсіп шығармашылығында дін мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Оның бәрін бір еңбек көлемінде қамтып, жүйелі талдап шығу мүмкін емес. Сондықтан да зерттеу еңбегінде қаламгердің таңдаулы әрі көлемді туындылары ғана тілге тиек етілді. Сондай - ақ М.Ж.Көпейұлының ислам діні туралы еңбектері арнайы сөз болады.
Бұл ғылыми зерттеу жұмысына оқушы Айдынұлы Жанарыс төл туындыларында қазақ арасында қайнап өскен халқының іс-әрекетін, әдет-ғұрпын, салт - санасын, жақсы білген ақынның діни көзқарастары туралы тұжырымдарды сараптай отырып, оның адамды адам ретінде биіктете түсетін исламдағы амалдар мен ілімдерін ғылыми тұрғыда қарастырған.
Оқушы Айдынұлы Жанарыс бұл ғылыми зерттеу жұмысын өз жас ерекшелігіне сай зерттеп, мақсатына жеткен, ғылыми жоба жарысына ұсынуға болады деген пікірдемін.
Айдынұлы Жанарыс - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен түрлі байқауларға, дебатқа қатысып, өзінің тіл байлығымен, сөз шеберлігімен көзге түсіп, сонымен қатар мектепішілік, сынып аралық тақырыптық шығармашылық жұмыстарда өзінің интеллектуалдық қасиетін көрсетіп жүрген оқушы. Талабына сәттілік тілеймін.
Жұмысты қалалық Мәшһүр Жүсіп оқуы байқауының Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы номинациясы бойынша ғылыми жобалар жарысына ұсынамын.
Мектеп директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ж.М.Ермахашева
Жетекшісі: Г.М.Сарбалина
Аннотация
Зерттеу мақсаты:
Шығармаларында қазақ халқының іс-әрекетін, әдет-ғұрпын, салт - санасын, жақсы білген ақынның діни көзқарастары туралы тұжырымдарды сараптай отырып, оның адамды адам ретінде биіктете түсетін исламдағы амалдар мен ілімдерін ғылыми тұрғыда қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
- Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы - ұлтжанды, діни, гуманист ақын - дініңді де, өзіңді де қорлатпа өзгеге деп, адамдық, ұлттық, діни намысты қорғауға үндеуі; - Діннің адам өміріндегі аса маңызды қызметін жоғары бағалауы және оның тазалығы үшін күреске шақыруы; - қазақ сөз өнерінің көрнекті тұлғаларының бірі М.Ж.Көпейұлының дүниетанымының күрделілігін айқындау. - ақынның діни тақырыпқа қалам тартқан шығармаларын мысалдар арқылы дәлелдеу.
Зерттеу әдісі:
Жұмыс салыстырмалы - методологиялық, талдау, сараптау және тұжырымдама жасау әдістеріне сүйеніп жасалған.
Зерттеу жаңалығы:
Ақынның өмірбаянын жазғаннан гөрі мен оның діни көзқарасын танытуды жөн көрдім.
Қорытынды:
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы - терең ойлы, ұшқыр қиялы, өткір тілді, шешен сөзді, көріпкел ақын. Оның шығармаларынан терең тарихты, бай мұраны, ізгі салт-сананы, шынайылықты байқаймыз. Мәшһүр Жүсіптің Алланың ғылымын, хикметтерін, кемеңгерлік істерін, Құран қағидаттарын, шарттарын, түркілік-сопылық дәстүрлерін жетік, мүлтіксіз білетіндігін, ғаламды, адамзатты, мақұлықтар дүниесін қалай Алла мінсіз келістіріп жаратқанын білгірлікпен дәлелдеп түсіндіргенін білеміз.
Аннотация
Цель исследования:
Анализируя в своих произведениях поступки, обычаи, традиции и сознание казахского народа, а также выводы хорошо знавшего поэта о его религиозных взглядах, научно рассмотреть его практики и учения в исламе, возвышающие человека как персона.
Научно-исследовательские цели:
- Знаменитый Жусип Копейули - поэт-националист, религиозный, гуманист - призывает защищать человеческую, национальную и религиозную честь, призывая других не оскорблять свою религию или самого себя; - признание важнейшей функции религии в жизни человека и призыв к борьбе за ее чистоту; - выяснение сложности мировоззрения М.Ж.Копеиули, одного из видных деятелей казахского искусства речи. - подтвердите произведения поэта на религиозную тематику примерами.
Метод исследования:
Работа основана на сравнительно-методологических, аналитических, аналитических и концептуализирующих методах.
Новости исследования:
Вместо того, чтобы писать биографию поэта, я предпочел изложить его религиозные взгляды.
Вывод:
Знаменитый Жусип Копейули - глубокомыслящий, сообразительный, острый на язык, красноречивый поэт. В его работах мы видим глубокую историю, богатое наследие, добрые традиции и искренность. Мы знаем, что знаменитый Юсуф знал науку, мудрость и гениальность Бога, принципы и положения Корана, тюрко-суфийские традиции и объяснял, как Бог создал вселенную, человечество и мир существ в совершенной гармонии. .
Annotation
Purpose of the study:
Analyzing in your works the actions, customs, traditions and consciousness of the Kazakh people, as well as the conclusions of the poet who knew him well about his religious views, scientifically examine his practices and teachings in Islam, which elevate a person as a person.
Research goals:
- The famous Zhusip Kopeyuli - nationalist poet, religious, humanist - calls for the defense of human, national and religious honor, urging others not to insult their religion or themselves; - recognition of the most important function of religion in human life and a call to fight for its purity; - clarifying the complexity of the worldview of M.Zh. Kopeiuli, one of the prominent figures in the Kazakh art of speech. - support the poet's works on religious themes with examples.
Research method:
The work is based on comparative methodological, analytical, analytical and conceptualization methods.
Research news:
Instead of writing a biography of the poet, I chose to present his religious views.
Conclusion:
The famous Zhusip Kopeyuli is a deep-thinking, quick-witted, sharp-tongued, eloquent poet. In his works we see deep history, rich heritage, good traditions and sincerity. We know that the famous Yusuf knew the science, wisdom and genius of God, the principles and provisions of the Koran, the Turkic-Sufi traditions and explained how God created the universe, humanity and the world of creatures in perfect harmony. .
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
Қазақтың ұлағатты діни ойшылы
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. М.Ж.Көпеев - діни ағартушы ақын
2.2. М.Ж.Көпеев - дүниетанымы.
2.3.М.Ж.Көпеев дін туралы
ІІІ.Қорытынды бөлім
Ислам діні - бұл адамның ахуалын кемелдендіруге арналған дін
Кіріспе
Қазақ халқымызға Алла тағалам аса талантты да өнерлі, қасиетті де кемеңгер адамдарды көптеп берген. Сондай адамдардың бірегейі - ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген, Баянауыл өңірінен шыққан данышпан атамыздың бірі Мәшһүр - Жүсіп Көпейұлы.
Ұлтымыздың дана перзенті - Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы ағартушы, шежіреші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, көрнекті ақын, ойшыл, рухани қайраткер болған. М.Ж.Көпейұлы 1858 жылы қыстың түнінде, Баянауылдағы Қызылтаудың Найзатас деген жерінде ережеп айында, жұма күні бесін кезінде Көпей шаңырағында дүние есігін ашқан. Ата-ана - сының азан шақырып қойған есімі - Адамжү - сіп. Бұл туралы ақын:
Жасымда қойылған ат Адам Жүсіп,
Жұрт еткен сүйгенінен Мәшһүр Жүсіп.
Қолыма қағаз, қалам алған шақта,
Кетемін қара сөзге желдей есіп[2.504],-
деп баяндаған. Қаршадайынан (9 жас) қисса-дастандарды жатқа айтып, ел көзіне түскен баланы бірде аға сұлтан Мұса Шорма - нов шақырады. Алқалы жиында тарихтың тамырынан тартып, талай жыр-дастанды төгілте орын - даған балаға риза болған ел ағасы: Өз заманында халқына мәшһүр болатын бала екен, деп есіміне Мәшһүр атын қосыпты. Асылында, мәшһүр сөзі араб тілінде танымал дегенді біл - ді - реді. Айтқанындай-ақ, жақын жұртынан төрткүл дүниеге дейін танылады. Ақынның:
Бес жаста біссіміллә айтып жаздым хатты,
Бұл дүние жастай маған тиді қатты.
Сегізден тоғызға аяқ басқан күнде,
Мұса еді қосақтаған Мәшһүр атты[2.504],-
деп жырлайды.
1861 жылы М.Ж.Көпейұлы 3 жасқа толған кезде, әкесінің малы жұтқа ұшырап, ақ сирақ болып шығады. Жер - төледегі жемінен қорадағы малына дейін айырылады. Сонда жет - кіншек Жүсіптің көреген әкесі Көпей: Адам - ға мал жолдас болмас, ғы - лым жолдас деген шешімге келіп, баласын оқытуға бел буады. Тарихи деректерге сүйенсек, бес жасында Баянауылдағы Байжан Смағұлұлының медресесінде Нәжімалдин хазіреттен, кейін 8 жасында Қамариддин хазіреттен оқи бастайды.[1.18]
Болашақ ақынның кішкентай кезінде жұт болып, бар малынан айырылып, бір ат, бір сиырмен ғана қалған әкесі Көпей баласын оқыту үшін Баянауылға көшіп келеді. Бұл туралы Мәшһүр Жүсіп:
Жылым қой, тауық жылы мен үш жаста,
Ғаріптік бұл жалғанда біздің баста.
Айырылып ел-жұртынан көшіп әкем,
Қыстаған Қызылағаш, Бұзаутасқа,-
дейді. Сол уақытта аға сұлтан болған Мұса Шорманов Баянауылға медресе салдыртып, медресеге сабақ беруге Омбы қаласында тұратын, Бұқара
қаласында білім алған Қамариддин хазіретті көшіріп алып келеді. Молда тек дін сабағын ғана емес сонымен бірге араб, парсы, шағатай тіліндегі кітаптарды да қатты қадағалап оқытқан. Кітаптың тек қарасын үйретіп қана қоймай, сонымен қатар ішкі мазмұн, мән-мағынасына дейін тәптіштеп түсіндірген. Арабтың, парсының тілін үйретеді. Қамариддин хазіреттен білім алған Мәшһүр Жүсіп өзінің алғырлығымен, білімге деген құштарлығымен бірден ұстазының назарына ілінеді. Ол өте зерек болып, бір жыл ішінде хат танып, өнер-білімге, әдебиетке құмар болып өскен.[1.17]
Болашағынан зор үміт күттіретін бала өте ыжда - ғат - тылықпен оқып, көп ұзамай ерек - ше табиғи ақыл-ойының, та - бан - дылығының, тәртіптілігінің арқасында медреседегі барлық мол - даның назарын өзіне аударады. Зейіні мықты, зерек Жүсіп өзінен үл - кен балаларды да басып озады.
Жылдар жылжып, бала Жүсіп дана Жүсіптің алғашқы бас - - - пал - - дағын аттайды. Мәш - һүр-Жүсіп 1872 - 1874 жылдар ара - лы - ғында Бұхарадағы Көкілташ медресесінде оқып, араб, парсы тілдерін жетік меңгеріп шыға - ды. Ол Низами, Науаи, Сағди, Хафиз, Физули және басқа да Шығыс әдебиеті өкіл - - дерінің шығар - ма - ла - рын түп - - нұсқадан еркін оқи алатын дең - гейге көтеріледі.
Мәшһүр-Жүсіп жас кезінен-ақ халық ағарту ісі мен ғылым сала - сына ден қоя бастайды. Туған жері Қызылтауда жерлестерінің ба - ла - ларына арабша тіл сындыртып, дәріс беріп, олардың білім мен ғылымға деген құштарлығын арттырып, қолөнер, егіншілік, сауда, мал шаруашылығымен бі - лек түре шұғылдануға шақырды. Зама - нының заңғары Мәшһүр-Жү - сіп Білім алып, өмірлік қажетті іскер - лік пен дағдыларды меңгеру - ұлттық ояну мен өркендеудің бір - ден-бір жолы деп білді.
Мәшһүр - Жүсіп Көпейұлының шығармашылығына ден қойып, терең үңілген сайын оның әдебиетімізге қосқан орасан зор үлесі айқын аңғарылып тұрады. М.Ж.Көпейұлы әр туындысында сөз зердесіне үлкен көңіл бөлгендігін айқын аңғаруға болады.
Қазақтың кең даласында туып өскен, дархан мінезді, дуалы ауыз, әулие Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, бөгеліп қалған бұлақ көздерін ашып, кейінгі өсіп келе жатырған жас ұрпаққа таусылмас рухани азық, жұтамас байлық қалдырып кетті. Мәшһүр Жүсіп қазақ халқына тек қана ақындығымен ғана емес, ауыз әдебиетінің түрлі асыл үлгілерін жинап, өмірге деген ерекше бір философиялық көзқарастарымен, сол сияқты ғажайып болжамдарымен танымал болған жиһанкез - ғұлама ғалым. Мәшһүрдің тағы бір ерекше қасиеті өзінен бұрынғы, не тұстас ақын - жыраулардың сөздерін жинақтап, зерттеуі, оны ел игілігіне айналдыра білуі.
М.Ж.Көпеев - діни ағартушы ақын
Дүние бір нәжіс - жаман шіріген нәрсе,
дүние аламын деп, пенденің пендесі болма,
жаратқан бір құдайдың пендесі бол.
Шығыстың классикалық әдебиетін жетік меңгерген ғұлама ғалым өзінен кейінгі ұрпақтың жан азығына айналар өшпес мұра қалдырды. Әсіресе, ислам құндылықтары туралы өлеңдерінде дін тарихы терең баяндалады.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығы көп қырлы болып келеді, соның ішінде дін мәселесіне ерекше ден қойған. Ақынның өлең-әңгімелерінің, мақалаларының арқауы - жеке адам болмысы мен қоғам өмірінің байланысы, одан туындайтын әр түрлі мәселелер болып табылады.
Нақтысын айтар болсақ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ұлттық идеяға таза ағартушылық бағытты ұстанды. Ұлттық сана-сезімді ояту мақсатында жазылған шығармаларында ақын ар тазалығына, имандылыққа үндеді. Оның ұғымында дін - адам баласының рухани дүниесін қалыптастырады, құдайды тану адамшылыққа, әділдікке бастау болып табылады. Құдайға сенетіндігін жасырмай: Мен құдайды пір деп білемін. Осы бұл куәлігі туралы белгілі ғалым Ы.Дүйсенбаев мынадай қорытынды жасайды: Сөйтіп, құдай деген ұғымға үлкен мән беріп, ол адам ойы жетпейтін не шырқау биік, яғни тұңғиық терең деп қарау ертеде ойлы адамдардың тәжірибесінде көп ұшырасып келген. Олар көбіне құдай деген түсінік арқылы адамгершілік қасиетті, әділдікті, жақсылықты, ізгілікті беруге талпынған. Сөз жоқ, бұлардың бәрінің туы негізінде дүниені, өмірді, идеалистік тұрғыдан танып жатыр [Ы.Дүйсенбаев, Ғасырлар сыры. А.Жазушы, 1970, 9-бет]. Бұл пікірдің мән-мағынасына көз жүгіртетін болақ, Мәшһүр Жүсіптің ой - топшылауы алдыңғы қатарлы ағартушы - демократтардың талғамдарымен сабақтасып жатқандығын көреміз.
Жасынан құранды жаттап, діни тәлім - тәрбие алған Мәшһүр Жүсіп шариғат ережелерін бұрмалаған қожа - молдаларға қарсылығын білдіріп, өмір бойы күресіп келді. Құранның сөздерін түсінбейтін, әліпті таяқ деп білмейтін дүмше молдалардың іс - әрекеттерін шенеп, онсыз да жоқшылықтың тауқыметін тартқан халықтың ішіне іріткі салып, одан сайын, бүлдіріп отырған қожа - молданың қылығын бетіне басты. Ол дін өкілдерін, құран қағидаларын дұрыс ұстай алмадың, шарттарын жақсылап атқара алмадың деп жазғырды. Бұл шығармаларды талдау барысында Мәшһүр Жүсіп дінді тәңіріні адамның этикалық адамгершілік табиғатын шектейтін тылсым күш емес, оған керісінше тазартуға ықпал ететін фактор ретінде толғады.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының - ірі суреткер ақын, оның қазақ фольклорын жинаудағы, тарих, педогогика т.с.с ғылым салалары бойынша жазғандары біршама зерттелді деуге негіз толық.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы-ұлтжанды, діни, гуманист ақын.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының еңбектерінде дін дегеніміз Исламның ақиқаттығы, құндылығы, қадір-қасиеті, адамзат өміріндегі пайдалары деп уағыздалған. Ол кісіні тек ақын, жазушы, тарихшы ғана деп шектеуге болмайды. Себебі, еңбегінің күллісі - біздің дініміз, тіліміз, тарихымыз, әдет-ғұрпымыз, салт-дәстүріміз. Ақынның айтуынша, елдің елдігін сақтап қалатын, қандай қиындық болса да алып шыға алатын - дін. Сондықтан да:
Құдайдың шын нансаңдар бірлігіне,
Ерлердің күш қосыңдар ерлігіне.
Сарт демей, ноғай демей, қазақ демей,
Тілек қыл дін мұсылман бірлігіне.
Азаттық бәріне бар, дінде болса -деп білген ақын:
Шариғат низамменен қатарласып,
Бірдей боп келсе екен деп теңбе - теңге.
Шариғат ортамызда тұрса екен деп,
Бір дүкен дін ислам боп құрса екен деп.
Мешіт пен медресенің тексеруі,
Құран кітап жөнімен болса екен деп - жырлайды.
Дін-халықтың рухани сенімі. Сенімінен айрылған халықтың болашағы жоқ. Сол себепті де отаршылдар басқа ұлттарды бағындыру үшін оның болашаққа деген сенімінен айырады. Бұл мақсатқа жетудің басты құралы болып табылатын ол - дінінен айыру. Патша үкіметінің де қазақтарға шоқындыру саясатын жүргізгені аян. М.Ж.Көпеев осындай арам пиғылдарға қарсылығын білдіріп, оларға қарсы шығып барынша қазақ елінің елдігін сақтап қалу үшін айырылмау қажеттігін әрдайым еске салып отырды. Сенің дініңді қорлағаны қазақ халқын қорлағаны, мына өзіңді қорлағаны деп білген ақын:
Дініңді кім қорласа - сол өш қасың,
Қорлықтан ақпап па еді көзден жасың - деп, ашына айтады. Дініңді де, өзіңді де өзгелерге қорлатпа, адамдық, ұлттық, діни намысыңды қорғай біл деп айтады.
М.Ж.Көпейұлы сыртқы дінбұзарларға да қарсы дәл солай аяусыз күресе білген. Соның ішінде өсек пен дүние аңдыған дүмше діндарлардың жағымсыз іс-әрекеттерін ел алдында әшкерелейді:
Өсекті қожа менен молда айтады,
Басқадан олар тіпті оңды айтады.
Арасын ағайынның балдай тәтті,
Дау-жанжал ырыс пенен молайтады - деп, дінді күнкөрістің кәсібіне айналдырғандарды халық алдында масқара қылады. Солай діннің адам өмірінде алатын аса маңызды қызметін жоғары бағалаған Мәшһүр Жүсіп оның тазалығы
үшін күресе де білді. Ақын жырларында халықты өз дінін қастерлеуге шақырды; қазақ халқын өз дінінен айырғысы келген миссионерлерге қарсы күресе білді; дінді жеке бастың қамына пайдаланып жүрген пысықайлардың дінбұзарлық қылықтарын аяусыз әшкереледі.
Ислам діні адамды рухани тәрбиелейтін жол. Қазақ халқымыздың дүниетанымына айтарлықтай ықпал еткен философиялық жүйе - сопылық. Сопылықты екінші сөзбен суфиз деп те атайды. Сопылық Орта Азияға ІХ-Хғасырларда келген. Тарихшылардың айтуына қарағанда ең бірінші Иранға, сонан кейін Орта Азияға тараған. Сопылық араб тілінде Тасаууф, оны ұстанған адамға мутасаууф дейді екен. Қазақ халқы суфизм немесе сопылық дейді. Қазақ жұрты да, өзге түркі халқы сияқты сопылыққа жат болмаған. Ахмет Яссауй бабамыз, одан кейінгі Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, ақын Әбубәкір сынды рухани тұлғалардың осы жолды ұстанғаны дәлел бола алады.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының дүниетанымы.
Сөз өнерінің көрнекті тұлғаларының бірегейі М.Ж.Көпейұлының дүниетанымы өте күрделі. Ақынның өлеңдері, әңгімелері мен мақалаларының арқауы - жеке адам болмысы мен қоғам өмірінің байланысы одан туындайтын әр түрлі мәселелер болып табылады. Мәшһүр Жүсіп тәңірге табынып, құлшылық еткен, бес уақыт ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz