Сенсорлық тәрбие ұғымы
Астана Халықаралық Университетінің
Педагогикалық колледжі
Мектепке дейінгі бөлім
Мектепке дейінгі пәндер
Әбжан Ділназ Сәбитқызы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӨНІМДІ
ІС-ӘРЕКЕТТЕ СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ
Курстық жұмыс
Ғылыми жетекшісі:
А.М.Койшыманова
Мектепке дейінгі
Педагогика және
Жеке әдістемелер пәнінің
Оқытушысы,магистр
Астана 2024
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.МЕКЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӨНІМДІ ІС-ӘРЕКЕТТЕ СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1.Сенсорлық тәрбие ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуында М.Монтессори әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӨНІМДІ ІС-ӘРЕКЕТТЕ СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ... ...
2.1.Мектеп жасына дейінгі балаларда дидактикалық ойындар арқылы сенсорлық тәрбие беру әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларда М.Монтессори ойыны арқылы сенсорикалық тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..25
ГЛОССАРИЙ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
КІРІСПЕ
Баланың сенсорлық дамуы - бұл заттардың сыртқы қасиеттері туралы ойларының қалыптасуы және оны қабылдай білуі: олардың пішіні, түсі, көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дәмі т.б. мектепке дейінгі жаста сенсорлық дамудың мәнін бағалау қиын.Дәл осы жаста сезім мүшелерінің әрекетін жетілдіру, қоршаған орта туралы білімін жинақтауға қолайлы кез.Сенсорлық даму, бір жағынан баланың жалпы ақыл-ойының дамуының іргетасын құрайды, бір жағынан өзіндік мәні бар, өйткені толыққанды қабылдау баланы балабақшада, мектепте оқыту үшін қажет. Қоршаған орта құбылыстары мен заттарын қабылдаудан тану басталады. Танудың басқа түрлері - есте сақтау, ойлау, елестету - қабылдау негізінде құралады. Сондықтан қалыпты ақыл-ойдың дамуы толыққанды қабылдауға сүйенусіз мүмкін емес.Балабақшада бала сурет салуға, жабыстыруға, құрастыруға үйренеді, табиғат құбылыстарымен танысады, математика мен жазу негіздерін меңгере бастайды. Суретте бейнеленген затпен ұқсастықты алу үшін бала оның пішіні, түсінің ерекшеліктерін нақты меңгеруі тиіс. Құрастыру заттың пішінін, оның құрылымын зерттеуді қажет етеді. Бала бөлшектердің ара-қатынасын кеңістікте анықтайды және үлгінің қасиеттерін қолдағы материалдың қасиеттерімен сәйкестендіреді. Заттардың сыртқы қасиеттеріне ұдайы бағдарсыз табиғаттың тірі және өлі құбылыстары туралы нақты ақпарат алу мүмкін емес. Қарапайым математикалық элементтердің қалыптасуы геометриялық пішіндермен танысудан, көлемі бойынша заттарды салыстырудан басталады.Баланың мектепте оқуға дайындығы оның сенсорлық дамуына байланысты болады. Сенсорлық қабілеттің бастауында ерте жаста жететін сенсорлық дамудың жалпы деңгейі жатыр. Сенсорлық тәрбиелеудің басты бағыты -баланы сенсорлық мәдениетпен азықтандырудан тұрады.
Тақырып өзектілігі: Сенсорика бағдарламасы мектепке дейінгі жастағы баланың барынша жан-жақты дамуына септігін тигізеді.Сенсорика бағдарламасының негізі-ойын әдісі болып табылады. Түстермен,пішіндермен,өлшемдермен берілген ойындар мектепке дейінгі баланың дамуында міндетті болып табылады және балаларға үлкен қызығушылық тудырады. Біздің зерттеу мәселесінің өзектілігі мектепке дейінгі ұйымдарды сенсорикалық тәрбиені күнделікті өнімді іс-әрекетте қолдануда жеткіліксіз деңгейде жүзеге асыру.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың өнімдік іс-әрекетте сенсорлық тәрбиенің маңыздылығын,әдіс-тәсілдерін анықтау
Міндеттері:
-Сенсорлық тәрбиені өнімді іс әрекетте қолдануға байланысты теориялық материалдар жинақтау,әдебиеттерге шолу;
-Сенсорлық тәрбиені өнімді іс әрекетте қолдана отырып зерттеу жүргізу,талдау;
-Зерттеулер нәтижесі бойына сенсорлық тәрбиені өнімді іс әрекетте қолданудың тиімділігін анықтап, қорытынды шығару.
Зерттеу нысаны:Кіші топтың балалары
Зерттеу пәні:Мектепке дейінгі педагогика
Зерттеудің болжамы: Егер сенсорикалық тәрбиелеуді өнімді іс әрекетте күнделікті қолданатын болсақ, онда балалардың таным қабілеті және ақыл ой деңгейін арттырады.
Зерттеу әдістері:Ғылыми әдебиеттер,баспа сөз материал,журналдар,озат тәжірибелерді қолдану
Жұмыстың практикалық маңызы: Зерттеуде әзірленген әдістемелік ұсыныстарды,ойындарды сенсорикалық өнімді іс-әрекетте пайдалану үшін тәрбиешілердің практикалық қызметінде қолдануға болады.
Зерттеудің теориялық маңызы:Сенсорика ұғымы туралы жалпы мәлімет жинақталды. Балалар үшін пайдасы туралы ақпарат берілді.
Зерттеу құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен,қорытынды,глосарий,қосымша және әдебиеттер тізімінен тұрады
1.Мектеп жасына дейінгі балалардың өнімді іс-әрекетте сенсорлық тәрбиелеу
1.1Сенсорлық тәрбие ұғымы
Сенсорлық тәрбие процесі сезімдік танымнан нағыз танымға, қабылдаудан ойлауға жетуге дайындайды және баланың күнделікті тәжірибедегі іс-әрекетін жетілдіруде маңызды орын алады. Сенсорлық тәрбие баланың көру, есту, иіс, дәм сезімдерін тәрбиелейді.Сенсорлық тәрбие заттың түрін, көлемін, зат пен заттың арасындағы арақашықтықтың қатынасын, түстерді ажырату, музыканы түсіну қабілетін, ана тілінің дыбыстық талдауларын жетілдіріп, бұлшықет сезімдерін дамытып, қалыптастыруды көздейді. Сенсорлық мәдениет дегеніміз баланың түйсігі мен қабылдауының даму дәрежесі, бұл - таным әрекетінің табысты өтуінің алғышарты.Сенсор латынның сезім, түйсік, қабылдау, түйсіктің қабілеті деген сөздерінен шыққан. Сенсорлық тәрбие сенсорлық процестерді (түйсік, сезім, қабылдау) мақсат көздей дамыту, жетілдіру. Сенсорлық тәрбие - ақыл-ой тәрбиесінің негізі. Сенсорлық процестер мен таным - ақыл-ой тәрбиесінің алғашқы сатысы. Сенсорлық тәрбиенің басты міндеттері - ақыл-ой дамуының негізін салу және эстетикалық тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде көріну. Айналадағы дүниені тану түйсік пен қабылдаудан басталады. Сенсорлық тәрбие дегеніміз түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта тәрбиеленуі.Сенсорлық тәрбие 3 жасқа дейін өте қатты қажет. Бұл - баланың түйсігің, қабылдауың, түсіну процестерінің қалыптасатын шағы. Баланың сенсорлық процестерінің бұл кезде дамымауы мектеп жасына келген кезде үлкен кемшілікке, қателікке әкеліп соғуы мүмкін, себебі оны кейін дамыту қиын, кейде мүмкін емес те болады. Сенсорлық процестердің дамымай қалуы мектеп жасындағы баланың даму кемшілігі ретінде көрініс тауып, білім негіздерін меңгеруіне кедергі жасайды. Мысалы, егер бала заттың түрін, сәйкестігін, арақашықтығын тез және дәл қабылдап, ажырата алмаса, онда география, геометрия, сызу пәндерін меңгеруде кедергілер болады. Ал,баланың фонетикалық естуінің (фонеманы, сөз дыбыстарын есту арқылы қабылдау қабілеті) нашар дамуы сөзді меңгеруіне кедергі жасайды.Баланың қарау, бақылау, сипау, таңдау сияқты сенсорлық іс-әрекеті күнделікті мазмұнды ұйымдастырылған белсенді қызметінде қалыптасады.Жаңадан өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылық негізінде жетілдіру біздің қоғамның алдында тұрған ауқымды істердің бірі. Сол себепті мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ақыл ойын дамыту небір жаңа көзқарастар негізінде талдау күттірмейтін ісМектеп жасында дейінгі баланың бойына ақыл ой күштерін,ойлауын дамытудағы және ақыл ой еңбек мәдениетін дамыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады.Балаларға сенсорлық тәрбие беру мәселелерімен көптеген ресейлік және шетелдік ғалымдар айналысты. Сенсорлық тәрбие беру мәселесіне өз үлесін қосқан орыс ғалымдары: А.П.Усова, А.В.Запорожец, А.Г.Рузская, Н.А.Ветлугина, Л.А.Венгер, В.П.Зинченко және т.б. Мектепке дейінгі педагогика тарихының даму кезеңдерінде бұл мәселе бойынша көптеген ғалымдар балаларды заттардың қасиеттері мен ерекшеліктерін таныстыратын көптеген дидактикалық ойындар мен жаттығулар жасады.Сенсорлық тәрбиені Кеңес педагогикасы бейнелеу,құрастыру, балаларды қоршаған ортамен таныстырғанда жүзеге асыру керек деп есептейді.Мысалы, Е.И.Тихеева сезуді жетілдіру жұмысын баланың тілінің дамуымен,қоршаған заттармен таныстырумен байланыстырады. Тихеева жасаған ойындар,дидактикалық материалдар да түсті,көлемді,форманы ажырата білуге бағытталған.Мектепке дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру,заттардың формасын,көлемі мен түсін және де басқа ерекшеліктері мен қатынастарын зерттеуге бағытталған қабылдау әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан түсініктер,келешекте кейіп мәніне айналу керек. Бірақ бұл жеткіліксіз. Себебі, көптеген заттардың әртүрлі ерекшеліктерінің ішінен салыстыра отырып,ортақ белгілеріне қарай заттардың қасиеттерінің басты негізгілерің айқындай білуі қажет.Баланың дамыуы мен тәрбиеленуінде сезім тәжірибесінің рөліне ең алғаш баға берген Я.А.Коменский болған. Аналар мектебі еңбегінде сөзбен тәрбиелеуді іс-әрекетпен тәрбиелеуге қарсы қоя отырып, сыртқы дүние құбылыстарын барлық сезім мүшелерінің қатысуымен қабылдауын есепке алған.И.Г.Песталоцци Көріп қабылдау әліппесі атты еңбегінде баланың сезім тәжірибесіне сүйенеді (санау мен есептеуді меңгерту).Сенсорлық тәрбие міндеттерін біраз талдаған - Ф.Фребельдің Сыйлықтар атты құралы болды. Ол балаға заттың түрін, түсін, көлемін, т.б. сапаларын қабылдау арқылы танытуды көздеген. Балаға заттың белгілі бір қасиеттерін таза метафизикалық жолмен танытуды мақсат қылған.Мектепке дейінгі педагогикада әсіресе сәбилік жаста ерекше назар аударылатын тәрбиенің түрі - сенсорлық тәрбие.Сенсорлық тәрбие әр-түрлі:ақыл-ой, эстетикаклық, патриоттық, дене,адамгершілік т.б. тәрбие түрлерімен қатар жеке тұлғананың дамуына да негіз болады.Соған байланысты сенсорлық тәрбиені осы сәбилік жастағы балаларға берілетін тәрбиенің құрамды бір бөлігі деп айтуға болады. Сенсорлық тәрбие ең алдымен қоршаған ортадағы болмысты қабылдау мен түйсікке негізделеді.Айналадағы қоршаған ортаны,заттар мен құбылыстарды көру,есту қабылдау арқылы өзіндік үрдістер: ес,қиял ойлау пайда болады.Бір нәрсені еске түсіру үшін алдымен оны не көру немесе есту керек.Бұрынғы тәжірибедегі алған әсерлері бұл үдерісте жаңа мазмұнда көрінеді. Ақыл - ой және дене еңбегінің барлық түрлерінде, баланы болашақта қоғамдық іс әрекетке даярлауда,оның сенсорлық қабілетін дамыту керек,түстерді, пішіндерді, дыбыстарды дұрыс және дәл айыра білуге үйрету, қоршаған ортадағы құбылыстарды өзіндік қассиеттерін дұрыс қабылдау қажет. Сәбилік жаста айналадағы қоршаған ортаның үдемелі дамуы өте маңызды мәнге ие болады. Осы шақта балaның психикалық дамуының негізі қаланады. Балабақшадағы сенсорлық тәрбие ақыл - ой тәрбиесінің негізі болып табылады,себебі,ол баланың сенсорлық тәрбиесінің дамуын және баюын қамтамасыз етеді,заттардың қасиеті және сапасы туралы түсінігін қалыптастырады. Сенсорлық тәрбие бaланың көру,есту,тату,сипау дәм,иіс сенсорларын тәрбиелейді. Осы алтауы бізді сыртқы ортамен таныстырады.Олардың түсі,түрі,дәмі,иісі және басқа сындарын адам жанына осы алты сенсорлық сaпаларды береді. Сыртқы сенсор адамның жан тұрмысы үшін қымбaт болғандықтaн, баланың бұл сенсорларын аса жақсы тәрбиелеу қажет.Ең алдымен,бұл сенсорлардың сау және берік болуына,екінші сол сенсорлардың терең,дұрыс болуына жағдай жасау керек. Ойын арқылы оқыту технологиясы бойынша оқу іс-әрекетінде ойындар қолданылады.Әсіресе,сюжетті-мазмұнд ы ойындар және дидактикалық ойындар жиі қолданылады.Балаларға сенсорлық тәрбие беру оқу іс-әрекетін дидактикалық ойын арқылы өткізу тиімді.Баланың сенсорлық дамуының бір-бірімен байланысты екі жағы бар:Біріншісі - заттар мен құбылыстардың әр трүрлі қасиеттері жөніндегі түсініктерді меңгеруі;Екіншісі - қоршаған ортаны толықтай және жекелей қабылдауға жаңа әрекетін игеруі.Сенсорлық тәрбие - түйсік пен қабылдаудың бірдей дамуы.Сәбилік шақтың алғашқы күндерінен бастап-ақ өзін қоршаған заттардың қасиетін түсініп,талпыныс пайда болады. Қабылдаудың ерекше қасиеті балалар жақын адамдарды тани алатындығы.Бөтен адам көрсе жатырқап жылайды.Ал заттарды қабылдау дағдысы ұмтылу іс-әрекеттері арқылы жасалады. Сенсорлық тәрбие баланың сезім мүшелерінің дамуына,дүниені түсініп тануына әрекет жасайды.Сенсорлық тәрбиені ойын арқылы дамыту өте қолайлы.Өйткені ойын - тәрбие құралы.Ол балалардың дүние танымын дамытудағы ең тиімді амалдардың бірі.Ойын арқылы балалар айналасындағы нәрселердің атын,болмысын ғана танып қоймайды, түр түсін, не үшін керектігін білетін болады.Сонымен бірге, ойын арқылы іс-әрекетін іске асырады.Ойын кезінде ғана балалардың өзін қоршаған ортаға қатынасы дамып, танып біледі.Ойын арқылы заттың қалай пайдаланатынын түсінеді.Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп,А.С.Макаренко:Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың маңызы болса, олар үшін ойынның да маңызы бар.Бала ойында қандай болса, өскенде жұмыста да көп жағынан сондай болады.Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады.Ойынның мазмұны түпкі ниеті - балалардың нені және қалай ойнайтыны, ойын әрекеттері тәрбиешілер ұсынатын ойын ережесі.Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ынтаны қоздырады.Ойын кезінде балалардың білімі мен ұғымы тереңдей түседі.Ойын - өзінше бір мектеп, сол арқылы бала дүние туралы түсініктерді игереді.Көптеген ойындардың мазмұнына әндер,тақпақтар енгізіледі.Осының бәрі баланың сенсорлық тәрбиесінің әсерленуіне мүмкіндік береді.Бала ойын арқылы күш жігерін жаттықтырып,қоршаған заттар мен құбылыстардың сырын ұғынып,еңбек дағдысына үйрене бастайды.Ойын баланы тек дене жағынан жетілдіретін қимыл-қозғалыс,іс- әрекет қана емес,оларды ой еңбегіне баулу,түсініктерін дамыту құралы болып табылады. Балалар үйіндегі балалардың сенсорлық төрбиесін дамыту үшін біздің міндеттеріміз:мәдени - гигиеналық машықтарға тәрбиелеу, ой - қиялын белгілі дәрежеде өсіру, бастаған ісін аяқтай білуіне жағдай жасау, айналамен таныстыру, ойын, еңбек машықтарына тәрбиелеу.Мәдени-гигиеналық машықтарға тәрбиелеуде балалардың заттармен іс-әрекет жасауы арқылы сенсорлық дамуы өседі.Оларды не үшін қолданатынын біледі.Мысалы: тамақ ішкен кезде(тарелкеге тамақ құяды, тамақты қасықпен ішеді, шайды кесемен ішеді.) Сонымен бірге жуынған кезде (су суық немесе жылы, су сылдырайды, сабын қатты,төртбұрыш, көпіреді, иісі бар)Ой қиялын белгілі дәрежеде өсіру үшін балаға көп сөйлеу,әртүрлі тақпақтар,тапсырма беру керек.Әрдайым бос отыруға мұрша бермеу керек,тапсырма беріп,бастаған ісін аяқтай білуге үйрету керек.Аюды алып келші, Арай қоянды Еламанға берші, Аян қоянды орындыққа қойшы Бұдан балалар заттың,ойыншықтың атын,оның орналасу орнын біледі.Айналамен таныстыру, табиғатпен таныстыру баланың сенсорлық дамуының бір құралы.Оны Белинский былай деп айтқан?:Баланың алғашқы тәрбиешісі табиғат және оның мейірімді әсері...Ағаштың жапырағының сыбдыры, су толқынының тербелісі оның өз тілінде сөйлеп тұрғандай әсер етеді.Заттармен жүргізілетін әрекеттерді күннен күнге күрделендіре берген жөн.Әртүрлі қобдишаларды ашып жабуға, біліктен сақиналарды шығарып,қайта салуға, кубиктерді бірінің үстіне бірін жиюға, бір затты екінші заттың ішіне салып,қайтадан шығара білуге үйрету керек. Шариктерді немесе доптарды шашып жинау,ермектікойындар ұста ұста ауа шарларын ұшыру арқылы балалардың кеңістікті бағдарлауы дамиды.Арайлымға машинаға жіп байлап үстіне бір екі кубик салып, қолынан жетектеп жүрсең қатты қуанады,күліп сүйретіп мәз болады.Затпен қимыл жасағанына қуанады. Қалған балалар Арайлымға қарап үн түнсіз отырып қалады.Содан барып балалардың көру, түсіну қабілеті дамиды. Олар Арайлымның жасағанын көріп, өздері де солай жасауға тырысады. Балалардың ойынын дидактикалық ойыншықтармен, қимылды ойындармен, құрылыс материалдармен жасайтын әрекеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлу керек. Ол үшін қимылды ойындарды көп ойнату керек. Мысалы: Көбелекті ұстаймыз.
Көбелек сияқты ұшамыз.
Көбелек гүлге қонады.
Түрлі-түсті көбелекпен таныстырамыз. Оның қалай қимыл жасайтынын көрсетеміз. Көңіл күйлерін көтеру арқылы ойын ұйымдастырамыз. Көбелек сияқты ұшамыз. Екі қолымызды созып,қолдарымызбен қимыл жасаймыз. Бірнеше рет қалай үшатынын көрсетеміз. Балалардың қолдарынан ұстап қимыл жасатамыз. Бұдан баланың көбелектің қалай қимыл жасайтынын біледі.Сабақты күрделендіре түсеміз. Келесі сабақта түрі -түсі, құрылысы туралы ұғымын қалыптастырамыз.Балаларға алғаш жекеленген заттарды,жануарларды,құстарды бейнелейтін суреттерді көрсетіп, оларды атай білуге уйрету қажет.Сергіту кезінде бөлменің әр жерінде ілулі тұрған суреттерді Аю қайда?,көгершін қайда? Әтеш қалай дауыстайды? деген сөздерді айтсаң балалар көздерімен іздейді.Қолдарын шошайтып көрсетеді.Бұдан балалардың есте сақтау,көру,бақылау қабілеттері дамиды. Заттың формасын,түсін ажыратып,форманы өзіне лайық қуысқа орналастыруда мынандай ойын ұйымдастыруға болады.Ыдыстың ішіне салынған заттарды сылдырлату.Балалардың назарын,есте сақтау қабілетін тудыру.Шыққан дыбысқа бала назарын аудару,ыдыс ішінен алып көрсету.Мынау - төртбұрыш,төрт бұрышы бар.Домаламайды.Төртбұрышты өзіне лайық ойылған ыдысқа салып көрсету.3-4 рет қайталау.Балаға салғызу.Дөңгелекпен таныстыру. Қабырғасы жоқ,доп домалақ,сондықтан домаламайды,сондықтан домаламайды,доп сияқты. Оны да дөңгелеп ойылған ыдысқа салғызу.Үшбұрышпен таныстыру сабағы да солай өтеді.Енді формаларды бір бірімен салыстыру, заттарды атай білуге, есте сақтау қабілетін дамыту сабағын үйретіп барып, әрекет жасауға үйретеміз.Сабақтың мазмұны қарапайым болуы керек.Ендігі осы балалармен сенсорлық тәрбиесін дамытудағы алдағы істелетін жұмыстар:Балаларды бірыңғай заттарды сенсорлық белгілеріне қарай топтауға үйрету.Үлгі бойынша және ауызша берілген тапсырмаларды орындауға үйрету.Балаларға жеті түсті (қызыл,қоңыр,сары,ақ,көк,жасыл,қара ) форманы (дөңгелек, төртбұрыш,үшбұрыш) үйрету қажет.Жарты дөңгелек,жарты алма,жарты төртбұрыштың екінші жартысын табуға, бірте бірте кішірейе беретін заттарды жинауға үйрету қажет.Сенсорлық ерекшелігі әр түрлі іс -әрекетте,бейнелеу өнерінде, құрастыруда, түрлі құбылыстарды бақылау кезінде заттардың қасиеттеріне қалай қолдана білуге үйрету.Заттармен құбылыстардың сенсорлық ерекшеліктері мен сапаларын іс- әрекет үстінде бекіту.Құрылыс материалдарын байланыстыра орналастыру білуге Машықтандыру.Құрастыруды аяқтаған соң матириалдарды ұқыпты түрде орын орынына жинап қоюды үйрету. Балалардың сенсорлық тәрбиесін ең алдымен бала айтқан сөзіңді,тапсырманы түсіну керек.Сөзіңді түсінбей бала ешқашан айтқаныңды істемейді. Ата- бабамыз жасаған асыл мұраны меңгерту, айналасына жүрек сезімін оятып,ана тілін түсінуге үйрету,оның музыкалық әуезін санасына ұялатып,зердесіне жеткізудің барлығы - баланың нәрестелік шағынан басталатыны баршаға аян. Ендеше сол нәрестелік шағын ана тілінде сіңіру біздің міндеттіміз.Мамандардың айтуынша, балалардың сенсорлық дамуы - олардың айналасындағы заттарды алдымен сыртқы қасиеттеріне, яғни заттың түсіне, пішініне, көлеміне, дәміне, иісіне қарай қабылдауы. Мектеп жасына дейінгі кезең - балалардың сезу мүшелерін дамытуға ең қолайлы шақ.
1.2. Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуында М.Монтессори әдістемесі.
ХХ ғасырдың басында Монтессори талдап жасаған сенсорлық тәрбие жүйесі балалардың түстер мен реңктерді,пішіндер мен көлемдерді ажырату дәрежесі жоғары болуына қол жеткізуді өз алдына мақсат етіп қояды.Ол пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған,сезімдік органдардың дамуы тіл дамуымен,өнімді қызметпен байланысты болған жоқ.Баланың сенсорлық дамуы- ол заттың сыртқы құрамын: формасын, түсін, өлшемін, қоршаған ортадағы орнын, сондай-ақ иісін, дәмін және т.б. құрамдарын қабылдауы және елестете білуі.Бала ерте жасында сезіну органдарының қызметі жақсы жетіледі, қоршаған орта жайында өзіндік елестері пайда болады. Сондықтан, сенсорлық тәрбиелеу- мектеп алды тәрбиенің негізгі бағыттарының бірі.Сенсорлық даму баланың жалпы дамуының негізін құрайды, ол баланың оқу барысында жетістіктерге жетуіне көмектеседі.Баланың сенсорлық дамуы арқылы оның мектеп оқуына дайындығы анықталады.Заттардың өлшемін анықтауға қажетті сенсорлық эталондар ретінде геометриялық фигуралар қолданылады.Заттардың формалары, түстері және өлшемдері баланың елестету қабілетінің дамуына зор үлесін қосады. Бала ұзақ уақыт аралығында сенсорлық эталондарды елестету құралы ретінде қабылдайды және бұл процесс өзіндік бөлімдерге ие.
1-бөлім- эталон алдындағы шара, баланың 3 жасында жүргізіледі. Бала бір заттың атын атау барысында екінші затты үлгі ретінде қабылдайды. Өз ойыншықтарымен ойнау барысында бала олардың түстерін, өлшемдерін есте сақтайды.
2- бөлім- есте сақтау заттары ретінде нақты заттар емес, олардың құрамының белгілі бір үлгілері қолданылады және олар өзіндік атауға ие. Балалар негізгі түстермен күнделікті өмірде және дидактикалық ойын барысында танысады.
3- бөлім- 4-5 жасында бала сенсорлық эталондарға ие бола тұра оларды жүйелендіруге талпынады. Тәрбиеші балаға түстерді анықтай отырып, оларды кезек бойынша қоюға көмектеседі. Заттың өлшемін үйрену жақсарған кезде, бала оларды ұзындығы, биіктігі, көлемі бойынша қатар бойынша қоюға үйренеді. Осыған байланысты дидактикалық ойындар да қиындай бастайды.
Сенсорлық даму, бір жағынан баланың жалпы ақыл-ойының дамуының іргетасын құрайды, бір жағынан өзіндік мәні бар, өйткені толыққанды қабылдау баланы балабақшада, мектепте оқыту үшін қажет. Қоршаған орта құбылыстары мен заттарын қабылдаудан тану басталады. Танудың басқа түрлері - есте сақтау,ойлау,елестету - қабылдау негізінде құралады. Сондықтан қалыпты ақыл-ойдың дамуы толыққанды қабылдауға сүйенусіз мүмкін емес. Балабақшада бала сурет салуды, жабыстыруды, құрастыруды үйренеді, табиғат құбылыстарымен танысады, математика мен жазу негіздерін меңгереді. Суретте бейнеленген затпен ұқсастықты алу үшін бала оның пішіні мен түсінің ерекшеліктерін нақты меңгеруі тиіс. Құрастыру заттың пішінін мен оның құрылымын зерттеуді қажет етеді. Бала бөлшектердің ара-қатынасын кеңістікте анықтайды және сонымен қатар үлгінің қасиеттерін қолдағы материалдың қасиеттерімен сәйкестендіреді.Қарапайым математикалық элементтердің қалыптасуы геометриялық пішіндермен танысудан, көлемі бойынша заттарды салыстырудан басталады. Баланың мектепте оқуға дайындығы оның сенсорлық дамуына байланысты. Кеңестік психологтармен жүргізілген зерттеулердің көрсетуі бойынша, бастапқы оқу (әсіресе 1 сыныпта) барысында балаларда туындайтын қиындықтар қабылдау дәлдігінің жеткіліксіздігіне байланысты екен. Нәтижесінде әріптерді жазу, суретті салу кезінде қисықтық, еңбек сабағында жасаған заттарында дәлдік жоқ болады. Кейде бала дене шынықтыру сабағындағы қимылдарды қайталай алмайтын жағдайлар болады. Бірақ мәселе тек мұнда емес. Музыкант, суретші, сәулетші, жазушы, құрастырушының табысын қамтамасыз ететін ерекшеліктерінің қатарында сенсорлық қабілеттер маңызды орын алады. Сенсорлық қабілеттің бастауында ерте жаста жететін сенсорлық дамудың жалпы деңгейі жатыр. Сенсорлық тәрбиелеудің басты бағыты -баланы сенсорлық мәдениетпен азықтандырудан тұрады. Сенсорлық мәдениет ұғымы мектепке дейінгі педагогикаға М.Монтессоридің жұмыстарының арқасында енді. Бірақ, ол мұндай мәдениетке қол жеткізу үшін баланың сезім мүшелерін заттардың түсін, көлемін, пішінін ажыра білуге жаттықтырып отыру жеткілікті деп санаған. Мұндай көзқарас қате еді, ол баланың дамуы түбегейлі жануарлар баласының дамуынан айырмашылығы барын ескермеді. Баланың сенсорлық мәдениеті - адамзат жасаған (заттардың түсі, пішіні туралы жалпыға ортақ қабылдаулар) сенсорлық мәдениетті меңгеру нәтижесі. Бала өмірде де заттардың алуан түрлі пішіндері, түстері және басқа қасиеттерімен, әсіресе ойыншықтар және тұрмыстық заттармен кездеседі. Ол өнер туындыларымен де танысады: музыка, жазба өнері, скульптура. Әр бала мақсатты бағытталған тәрбиелеусіз осының бәрін қабылдайды. Бірақ егер меңгеру ересектердің педагогикалық басшылығынсыз өзінен өзі болса, ол толыққанды емес болады. Мұнда адамзаттың сенсорлық мәдениетімен жоспарлы таныстыратын сенсорлық тәрбиелеу көмекке келеді. Сенсорлық тәрбиелеу кезінде балаларда сенсорлық этоландары туралы - заттардың сыртқы қасиетінің жалпыға ортақ үлгілерінің қалыптасуы үлкен мәнге ие. Сенсорлық үлгілер ретінде қанықтығы бойынша орналасқан жеті түс пайдаланылады. Сенсорлық үлгілерді меңгеру - ұзақ және қиындау процесс. Бұл қандай да бір затты дұрыс атауға үйрену деген сөз емес. Әр қасиет туралы дәл нақты білу керек, және ең бастысы оны әртүрлі заттардың қасиетін әртүрлі жағдайда пайдалана білу қажет. Басқа сөзбен айтқанда, сенсорлық үлгілерді меңгеру - бұл оларды заттардың қасиеттерін бағалау кезінде өлшем бірлік ретінде қолдану. Осы оқулықта пішін, көлем және түсті қабылдау аясында балаларды сенсорлық тәрбиелеу туралы сөз болмақ. Осы қасиеттермен таныстыру балабақшадағы сенсорлық тәрбиелеудің негізгі мазмұнын құрайды. Бұл түсінікті, өйткені дәл пішін, көлем және түс заттар мен құбылыстар туралы көруді қалыптастыру үшін маңызы зор. Пішін, көлем және түсті дұрыс қабылдай білу мектептегі көптеген пәндерді меңгеруге қажет. Әр жаста сенсорлық тәрбиелеу алдында өзіндік мақсаттар тұрады, сенсорлық мәдениеттің белгілі бір бөлігі қалыптасады. Бір жас кезінде негізгі міндет балаға заттардсырың қасиеттеріне назар аударуын дамыту, жеткілікті байлықты және сыртқы ортаның алуан түрлілігін ұсыну болып табылады. Балада ұстау қимылдары қалыптаса бастағанда , бұл мақсатқа тағы бірі қосылады- балаға заттың пішіні, көлемі және кеңістікте орналасуына ұмтылу қимылдарын дағдыландыру қажет. Ақырындап мұндай дағдылар бала үшін нақты мән бере бастайды (кішкентай-бұл бір қолмен ұстауға болатын нәрсе, үлкен- екі қолмен, домалақ- толықтай алақанмен ұсталады, төртбұрыш -- затты саусақпен екі жағынан ұстайтын нәрсе т.б.). Осы кездегі сенсорлық тәрбиелеу - жалпы тәрбиелеудің негізгі түрі. Барлық жаңа әсерлер түсімін қамтамасыз ете отырып, ол тек сезім мүшелерінің дамуына ғана емес, баланың қалыпты тұлғалық және психикалық дамуы үшін өте қажет. Әсерлер түсімі шектеулі болса, балалар жалпы дамуын кідіртетін сенсорлық ашығуға тап болатыны белгілі. Екі-үш жасқа келгенде сенсорлық тәрбиелеудің міндеттері күрделене бастайды. Жас баланың сенсорлық эталондарды меңгеруге дайын емес болса да, онда заттардың түсі, көлемі, пішіні туралы ақпараттар қорлана бастайды. Бұл ұғымдардың әр алуан болғаны маңызды. Бұл дегеніміз-баланы қасиеттердің барлық негізгі түрлерімен - алты түспен (көгілдір түсті алып тастаған жөн, өйткені балалар оны көк түспен шатастырады) , ақ және қара түспен, шеңбер, төртбұрыш, сопақ, тіктөртбұрыш сияқты пішіндермен таныстыру деген сөз. Мектепке дейінгі тәрбиелеу тәжірибесінде балаларды екі-үш түспен және пішінмен таныстырып, балалардан оларды есте сақтап, дұрыс атауын талап ету сияқты ескірген беталыс әлі де кездеседі. Қазіргі заманғы зерттеулер көрсеткендей, мұндай оқыту баланың сенсорлық дамуына аз себеп болады, заттардың қасиеттері туралы ақпараттардың аясын шектейді. Онымен қоймай, әртүрлі қасиеттерді жаттау олардың басқа түрлеріне балалар назар аудармайды. Нәтижесінде қабылдаудың өзіндік қателіктері пайда болады: егер бала мысалы, сары түсті білсе, бірақ қызыл сары түсті білмесе, ол қызыл сары түсті қателесіп сары деп қабылдайды. Балаларды заттардың әртүрлі қасиеттерімен таныстыра отырып, есте сақтауларын және олардың атауларын қолдануды талап етпеген жөн. Бастысы, бала заттардың қасиеттерін олармен әрекеттесу барысында ескере білсе болғаны. Егер ол үшбұрышты бұрыштама немесе шатыр деп атаса, оқасы жоқ. Тәрбиеші балалармен жұмыс кезінде пішіндер мен түстер атауын қолданады, бірақ мұны балалардан талап етпейді. Балалар мынадай сөздерді түсінсе жеткілікті: пішін, түс, мынадай. Мұнда заттардың көлемімен таныстыру артық. Көлемнің мүлдем маңызы жоқ. Ол басқа заттардың көлемімен салыстыруда қабылданады. Баланың назарын заттардың қасиеттеріне аудару үшін заттармен мынадай әрекеттер ұйымдастырған тиімді: қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін заттарды пішіні, көлемі бойынша орналастыру керек, олардың ұқсастығы немесе ұқсамайтынын анықтау керек. Мұны балалар алғашында көзбен орындай алмайды. Сондықтан оларға заттарды пішіні мен көлемі бойынша салыстыру үшін бірінің үстіне бірін қою ұсынылады. Сыртқы салыстырудан балалар біртіндеп көзбен салыстырға ауысады. Үш жастағы балалар қарапайым өнімді әрекеттерді орындай алады (мозаика құрастыру, құрылыс материалдарынан қарапайым ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz