Мектепке дейінгі мекемелерде Мария Монтессори әдістемесінің колданылуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСТИТЕТІНІҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Мектепке дейінгі бөлім
Мектепке дейінгі пәндер бірлестігі
Бахытбол Берікгүл

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН БАРЫСЫНДА М.МОНТЕССОРИ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ.

Курыстық жұмыс

Ғылыми жетекшісі:
А.А.Кусаинова
Мектепке дейінгі
психология және
жеке әдістемелер пәнінің
оқытушысы

АСТАНА, 2024 ж
МАЗМҰНЫ
КІРСПЕ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН БАРЫСЫНДА М.МОНТЕССОРИ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ.
1.1Мария Монтессори педагогикалық жүйесінің негізгі қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Мария Монтессори ойын технологиясының маңызды ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН БАРЫСЫНДА М.МОНТЕССОРИ ОЙЫН ТЕХГОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ.
2.1 Түрлі түсті цилиндр дидактикалық ойыны арқылы баланың математикалық дағдысын зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 М.Монтессори Қызыл башня дидактикалық ойыны ... ... ... ... ... ... ... .. ..18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...23
ГЛОССАРИЙ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
Баланы дамытуға арналған бағдарламалар өте көп.Бірақ М.Монтессори әдістемесі қазіргі таңда баланың танымдық белсенділігін, сенсорлық эталондарды қалыптастыруда негізгі тиімді әдістері болып табылады. Баланың сенсорлық тәрбиесі-бұл заттардың сыртқы қасиеті туралы көзқарастарын қалыптастыру және қабылдау тәрбиесі, яғни олардың формасы пішіні,түсі, көлемі. Кеңістікте орналасуы, сонымен қатар иіс және дәм сезу т.б. Ерте жас сезім мүшесінің іс-әрекетін жетілдірудің сәтті кезеңі.Қоршаған ортаға деген көзқарасының жиынтығы.Cондықтан сенсорлық тәрбие бұл мектеп жасына дейінгі тәрбиенің аса маңызды жағы. Сенсорлық тәрбие жалпы ақыл-ой дамуының негізін қалайды, ол баланың сәтті оқуының қажеттілігі. Заттарды қабылдау, және қоршаған ортаға деген танымдық айғағы.
Тақырыптың өзектілігі. Мектепке дейінгі ұйымдарда Монтессори әдісін қолдану арқылы баланың небір қасиеттерін ашуға болады.Баланың сөйлеу тілі 6 жасына дейін қарқынды дамиды.Яғни ол тек қана сөйлеп қоймай,заттарды ұстап,сипаттап,көріп,танып,ойланады .Және де қоршаған ортамен тығыз байланыста болады.Ол үнемі ізденісте,жаңа бір ұғымды танып білуге осы әдіс арқылы құштар болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Дидактикалық ойын барысында М.Монтессори ойын технологиясын қолданудың тиімділігін анықтау.
Міндеттері:
- Монтессоридің дидактикалық ойын технологиясына байланысты теориялық материалдар жинақтау, әдебиеттерге шолу;
- М.Монтессори технологиялары арқылы әдіс тәсілдер қолдана отырып зерттеу жүргізу, талдау;
- Жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша Монтессоридің дидактикалық ойын технологиясының тиімділігін анықтап, қорытынды шығару.
Зерттеу нысаны. Мектеп жасына дейінгі мекемелердегі Мария Монтессори тобы.
Зерттеу жұмысының пәні: Мектепке дейінгі мекемелерде Мария Монтессори әдістемесінің колданылуы.
Зерттеудің болжамы: Егер М.Монтессори ойын технологиясының дидактикалық ойын барысындағы тиімділігін анықтасақ, онда балалардың ақыл-ой және зейін деңгейін арттырады.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, баспа сөз материалдары, журналдар, озат тәжіибелерді қолдану.
Жумыстың практикалык маныздылығы: Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиешілер осы Мария Монтессори әдісін сабақ барысында қолдана алады.
Зерттеудің теориялық маңызы: Дидактикалық ойын барысында М.Монтессори ойын технологиясын қолданудың тиімділігін анықтап, балалар үшін пайдасы туралы ақпарат берілді, мәліметтер жинақталды.
Зерттеу құрылымы:Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, глоссарий, қосымша және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН БАРЫСЫНДА М.МОНТЕССОРИ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ.
1.1 Мария Монтессори педагогикалық жүйесінің негізгі қағидалары.
Италяндық атақты педагог-гуманист, философ Мария Монтессори 1870 жылы 31 тамызда дүниеге келді. Әкесі үлкен қызметте, ал шешесі оқымысты Мария кішкене кезінен білімге, әсіресе математикаға құштар болып өсті.Ол 12 жасында ерлерге арналған техникалық мектепке түседі, ол кезде әйелдерге оқуға рұхсат етілмеген болатын. Ол ерлермен оқып қана қоймай, оны үздік бітіріп шығады. 1890 жылы жаратылыстанумен қатты әуестенген Мария Мантессори балалар дәрігері болуды армандайды.Бірақ та Италияда Медициналық білім алуға XIX ғасырдың аяғында әйелдерге мүмкін емес еді. Медицинамен айналысып, университетте білім алуға тек еркектер ғана құқылы болатын. Алдына мақсат қойған қайсар қыз өз дегеніне жетіп, университет студенті атанады. Оған оқу оңай соқпады, курстас ер балаларға күлкі болмас үшін түнделетіп жалғыз өзі моргта жұмыс істеді. Оқуға төленетін ақыны табу үшін университет клиникасында еңбек етіп, сол жерде алғаш рет дамуында кемістігі бар, қимыл-қозғалысы нашар дамыған балаларды көреді. Осы балаларға күнделікті бақылау жасаудың арқасында Мария Монтессоридың педагогикалық жүйесі дүниеге келеді. Оның ойынша мектеп жасына дейінгі жастағы балаларды айналаны қоршаған ортамен таныстыруда, баланың ой-өрісін дамытуға арналған арнайы орталықтар болу керек. Осы және басқа тақырыптарды көп зерттеп, диплом жұмыстарын да осы тақырыпқа арнаған Мария Монтессор Италиядағы алғашқы дәрігер-әйел болды. Сан-Ажиованни клиникасында дәрігер ассистент болып еңбек жолын бастап, университетте лекциялар оқиды, оның шығармалары европалық журналдарда жариялана бастайды. 1897-98 жылдары педагогикалық лекцияларға қатысып, білім беру жүйесіндегі кемтар балалармен жұмыстар және олардың қабылдау терапиясы негізін зерттейді. Атақты франсуз психиаторлары -- Жан-Поль Гаспар Итара мен Эдуард Сегеннің еңбектерімен танысады, оларды өзі аударып, пайдалана бастайды. Сол Эдуард Сегеннен арнайы әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып жүргізілген тәрбиеден жүз тентектін жиырма бесі қалыпты адамға айналатының біледі. Монтессори еңбектері бағаланып, 1898 Италия үкіметі ақыл есі кем балаларды оқытатын мұғалімдерді даярлайтын Ортофреникалық институтын ашады, оны Мария Монтессори басқарады.1901 жылы М.Монтессори Рим университетінің философия факультетіне оқуға түсіп, экспериментальды психология мен педагогикамен айналысады, антропологиялық кафедраны басқарып, Психологиялық антропология атты еңбегін жазады. 1907 жылы италяндық миллионер Эдуарда Таламоның көмегімен алғашқы Балалар үйі ашылады. М.Монтессори өмірінің сонына дейін дені сау балаларды тәрбиелеу мен білім
беру жолында еңбек етті. Балалар үйіндегі жұмыс түбегейлі Монтессори принциптеріне бағытталған, онда әр жас ерекшелігіндегі балаларға ыңғайлы етіп жасақталған болды. Онда алғашқы сенсорлық, математикалық және тілдік материалдардың жиынтығы құрылды. Балалардың табиғи даму заңдылығын түсіну, тендесі жоқ автодидактикалық орта, балаларға деген махаббат пен құрмет, материалдарды ұсына білу, топтардағы балалардың әр түрлі жас ерекшелікте болуы - осының барлығы тамаша нәтижиені көрсетті.Осылайша Балалар үйіне жан-жақтан, бүкіл әлемнен қонақтар келе бастайды, Монтессоридің жолын қуушылар мен шәкірттері пайда болды. 1910 жылы Балалар үйіне Лев Толстойдың қызы Татьяна Сухотина Толстая келеді. Ол Монтессори мектебінде өзінің әкесінің арман-ойларының орындалып жатқаның көреді. Ал 1914 жылдан бастап Россияның халық ағарту министерствосы осы Балалар үйіне балалар тәрбиесіндегі халық ағартушылар тобын жібереді, оның арасында Юлия Фаусек болды. Ол кейін өмірінің 30 жылын осы Монтессори әдістемесін Рессейге таратуға арнады. Италия өкіметі Мария Монтессориді 1922 жылы мектептердің мемлекеттік инспекторы етіп тағайындайды. Кейін 1929 жылы Мария баласымен бірге Халықаралық Монтессори Ассоциациясын (АМI) ұйымдастырады, ол осы кезде де жұмыс істеуде. Жылдар өткен сайын Монтессори әдістемесінің беделі өсіп, оны Испанияға, кейін Англияға шақырады. Ол сонда 1932 жылы Индира Гандимен танысады. Монтессори курстарына атақты психологтар да қатысады, олардың арасында Фрейд, Жан Пианс, ал Эрик Эриксон оның оқушысы болды. 1934 жылы Монтессори мен фашистік үкімет арасындағы қатынасы бұзылып, ол біржолата Италияны тастап кетеді. Оны Америкаға достары шақырады, ол ешкімге тәуелді болғысы келмеді өзін әлем адамы санады. Мария Испанияда, кейіннен Голландияда тұрады. Екінші дүние жүзілік соғысты басталғанда ол Англияда болатын, оны жау елінің өкілі ретінде ол елден қуады. Оны Индияның философтар қоғамы шақырып, ол баласымен ол елде 7 жыл тұрады. Ол елдін үлкен қалалары Мадраста, Карачиде лекцияларын оқып, Кодайканалда өз мектебін ашады. Ол осы елде ғана оның әдістемесін қабылдауға адамдар рухани дайын екендігін айтты. Осында ол өзінің 6-12 жастағы балаларға арналған әдістемесін бастады. Мария Монтессори адамзатқа: Біздің басты кемшілігіміз - үлкендер өркендеудің, дамудың ортасында жүреді. Егер үкімет өз көзқарасын балаларға, олардың жан-дүниесіне көңіл аударса біз бейбіт өмір құра алар едік. Білім беру - бейбітшілік қаруы -- деген ұранды арнады. Соғыстан соң ол Европаға қайта келіп Нидерландыға қоныстанды. Соңғы қорытынды жұмыстары Разум ребенка атты еңбегінде (1952 ж) М.Монтессори педагогика саласында жаңа бағыт - баланың 3 жасқа дейінгі дамуын жасап қана қоймай, үлкендерді балалардың басқа жағынан көруіне жол ашты. М.Монтессори 1952 жылы Голландияда, Нордвейкте қайтыс болды. Ол тірі кезінде Нобель сыйлығына
ұсынылды. Бірінші Монтессори ұйымдары АҚШ (1915 ж), Голландияда (1917 ж), Аргентинада (1927 ж), Швейцарияда (1932 ж), Англияда (1933 ж), Индияда (1940 ж), Пакистанда (1949 ж) құрылды. М.Монтессоридің баласы Марио АМИ - ассоциациясын өмірінің соңына, 1982 жылға дейін басқарды. Қазір Монтессори ассоциациясы Германияда, Италияда, Францияда, Россияда, Қытайда, Жапонияда және т.б. елдерде бар. Бүкіл әлемде мыңдаған Монтессори мектептері жұмыс істейді. 1988 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша XX- ғасырдағы педагог ойшылдардың төрттігіне кірді. Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі XX ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагог, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағым мен ырғақта дамиды. М.Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады. Бұл әдістің мақсаты - балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу. Өзімнің жасауыма мүмкіндік бердейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 3 пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасауы бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т.б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі - ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды. Жалпы, Монтессори технологиясы балабақша тәрбиеленушілеріне, педагогтарға үлкен көмекші құрал ретінде қолдануға зор мүмкіндік беретін әдістеме. Монтессори түсінігінің негізгі ерекшелігі балалардың ересектерге тәуелді болмауы.М. Монтессори жүйесінің ең басты принципі: әрбір бала жеке жоспар бойынша арнайы дайындалған ортада жеке өз бетінше дамиды, жетіледі, ал негізгі ұраны: Мен өзім жасауыма көмектес. Ересек адамның атқаратын қызметі; әрбір балаға жеке даму жолын тауып беріп, олардың табиғи қабілеттерін ашу; М.Монтессоридің жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі: ересектер дамитын орта, дидактикалық құралдар.
Тәртіп пен еркіндіктің үйлесімі арқылы:

:: қарапайым ережелерді сақтап тәртіпке үйренеді;
:: дербестікке үйренеді;
:: жан - жақты, ықыласты болады;
:: саналы таңдау жасауға үйренеді;
:: бақылағыштыққа үйренеді;
:: өзін және басқа адамдарды қадірлеуді үйренеді;
:: тұлға ретінде өзін - өзі қалыптастырады;
:: сенің құқығың басқалардың құқығы басталатын жерде шектеледі;
:: келісім жасасып, бірге әрекеттенуге үйренеді;
:: жауапкершілікті сезінуді үйренеді.
Педагогтың міндеті:
:: Ең негізгі міндеті - балаларға өзін - өзі дамыту жұмыстарында көмек беру, оның өз бетімен білім алуына жағдай жасау;
:: Балаларды топта сақталатын ережелермен таныстыру;
:: Балалардың іс - әрекетін бақылап, тек қажет кезінде көмек көрсетеді;
:: Дидактикалық материалдарды қалай дұрыс қолдану керектігін үйрету;
:: Топтағы жағымды атмосфераны қалыптастыру, келіспеушілікті шешу; :: Баланың әрі қарай өзін дамытуда бағыт береді;
Топта сақталатын ережелер:
:: еркін жүріп тұрады;
:: қолданған затын ескертусіз жинап орнына қояды;
:: қажет кезде тәрбиешіден көмек сұрау;
:: үлкен балалар жаңа келген балаларды үйретеді;
:: жіберген қателіктерін тауып оларды түзетеді;
:: бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізу;
:: басқа балаларға бөгет болмау;
:: тыныштықты сақтайды;
Мария Монтессори өсиеттері:

♦ Қандай жағдай болмасын, бала өзі көмек сұрағанша оған тиіспе;
♦ Ешқашан бала туралы жаман айтпа,оның көзінше және ол болмағанда да;
♦ Баланың жақсы қасиеттерін дамытуға бағыттал, сонда жаман қасиеттер біртіндеп азая түседі;
♦ Танымдық ортаны дайындағанда белсенді бол. Әрқашан оны талаптар мен ережеге сай дайында. Баланың бұл орталықта дұрыс іс - әрекет жасауына көмектес. Әр дамыту материалының орнын және оны қалай дұрыс қолдану керектігін көрсет;
♦ Сенің көмегіңді қажет ететін балаға көмектесуге және оның сұрақтарына жауап беруге дайын бол;
♦ Қате жіберіп алып оны қазір немесе сәлдең соң түзете алатын баланы қадірлей біл. Бірақ баланың іс - әрекеті немесе материалды дұрыс қолданбаған жағдайында, өзінің немесе басқа балалардың денсаулығына, дамуына қауіп төндіретін болса жұмысты тоқтат;
♦ Демалып отырған немесе біреудің жұмысын бақылап отырған, немесе қандай іс - әрекет жасағанын әлде жасайтынын ойлап отырған баланы қадірлей біл. Осы сәтте оны ешқашан басқа әрекет жасауға мажбүрлеме;
♦ Немен айналысатынын білмей, іс - әрекет түрін іздеп жүрген балаға көмектес;
♦ Балаға жаңаны игеруге, бұрын бас тартқан материалдарды қалай дұрыс
қолдану керектігін көрсетуден жалықпа. Қоршаған ортаны мейіріммен,
шыдамдылық пен тыныштықпен, қайырымдылық пен махаббатпен толтыр. Ізденіс үстіндегі балаға өзіңнің көмек көрсетуге дайын екеніңді көрсете біл, және басқа балаларға оны білдіртпе;
♦ Баламен қарым - қатынаста тек жақсы әдеп - қылықтарыңды көрсет және өзіңдегі ең жақсы қасиеттеріңді ұсын.

1.2 М.Монтессори ойын технологиясының маңызды ерекшелігі.
Монтессори әдістемесінің маңызды ерекшелігі - баланың жеке қабілетін көрсете алатын және көрсеткісі келетін арнайы ортаны құру. Бұл Монтессори ортасы деп аталады. Бұл ортада психологиялық жайлылық, таңдау еріктілігі және педагогтің сабырлы адамгершілігі салтанат құрады. Монтессори бөлмесінде Барлығымен еркін айналыс, бірақ басқаларға кедергі жасама деген ереже үнемі сақталады. Бүгінде осы әдіспен жұмыс істейтін балабақшалар көптеп ашылып жатыр. Балабақшадағы ұстаздар міндетті түрде дайындық курсынан өтеді.Монтессори әдісінде сыныптық сабақ системасы жоқ,мектеп партасының орнына жеңіл қозғалатын столдар мен отырғыштар, кілемшелер қолданылады. Монтессори ұстаз баланың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалайды.Монтессори әдісі үш негізгі бөлімнен тұрады: бала, қоршаған орта, ұстаз. Монтессори ұстазының міндеті: балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу; негізгі түстерді айыра білуге үйрету; ұсақ моториканы дамыту; алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру; зейінін тұрақтандыру; тәртіпке үйрету;
Монтессори бөлмесі 5 аймаққа бөлінген:
1.Сенсорлық аймақ.
2.Математикалық аймақ.
3.Күнделікті өмір жаттығулары аймағы.
4.Тілдік аймақ.
5.Ғарыштық аймақ.
М.Монтессори технологиясын қолданудың әдіс тәсілдері
ХХІ ғасыр табалдырығын біліммен ғылымды инновациялық Технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән мағыналы, өнегелі тәрбиемен білім беру - бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі.Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы. Өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой - өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз.Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар,тумысынан-ақ өсуге,жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтанда қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартыпотыруы заңдылық.

Жаттығулардың негізгі мақсаты: баланы қоршаған ортаға деген жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулардың түрлері:
1.Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құю.
2.Металды тазалау.
3.Кесілген гүлдерді күту жолдары.
4.Бір сызықтың бойымен жүру.
5.Тыныштандыру жаттығулары.
6.Қоғамдық өмірге қатысы бар жаттығулар.
Сезім мүшесін дамытатын материалдар:
Сезім мүшесін дамытаты материалдар: әр сезім мүшелерін дамытуды ұсынады.Бұл материал арқылы заттардың көлемін, түсін, өлшемін, дыбысын ажырата алады. Жеңілден ауырға көтеру ұғымы қолданылады. Бала моторикасымен сенсорикасын жаттықтыру үшін материалды қайталауға тура келеді. Материалды қолданған соң бала жоспарлау,дайындау, бір тапсырманы соңына дейін орындауға тырысады.
Сабақ 3 құрылымнан тұрады:
1. Көлемін анықтауға арналған материалдар;
2.Бір сызықтың бойымен жүру;
3. Тыныштандыру жаттығулары.
Математикалық материалдар математикалық материалдар ойлау қабілетінің дамуына көп септігін тигізеді.Бала ең алғашқыда көптеген заттар мен жұмыс жасау арқылы өз білімін жетілдіреді.Монтессори материалы сезімді дамытады, оған қоса математика әлеміне жетелейді.Бала мұнда математикалық ұғымдарды тез игереді.Сан және онға дейін санау жүйесін тез игереді.Математикалық монтессори материалы баланы сенсоматорлық ішкі қажеттілігіне сүйене отырып қанағаттандыру жолдарын іздеуге тырысады.Математикалық материалды пайдалану жүйесін білген соң, түрлі қиын тапсырмаларын қиындықсыз орындайды. Мысалы:ашық түсті моншақтарды пайдалану арқылы сан құрамымен пішін туралы түсініктері пайда болады.Ойынның аты:Сылдыр қағаздағы сандарКеректі құралдар: ағаш кестелер, сылдыр қағазға 0-9-ға дейін сандардың атауларымен таңбаларымен таныстыру.Қол икемділіктерін дамыту. Жас мөлшері: үш жастағы балалар.Педагогикада мектепке дейінгі әсіресе сәбилік жаста ерекше назар аударатын түрі- заттық орта. Заттық орта әртүрлі: ақыл-ой, эстетикалық, елжандық,дене,адамгершілік т.б тәрбие түрлерімен қоса жеке тұлғаның дамуына негіз болады.Соған байланысты заттық ортаны мектепке дейінгі педагогикалық құрамның бір бөлігі деп айтуға болады. Балалардың ойындарын және олардың табиғи дамуын байқап, белгілі ғалым және философ Мария Монтессори баланы өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі тануына ынталандыру идеясына негізделген балаларды тәрбиелеудің бірегей жүйесін жасады. Әрбір бала бірегей және оның туған күнінен бастап тәуелсіздікке ұмтылады, ал ересектердің міндеті оның мүмкіндіктерін ашуға көмектесу болып табылады, бұл Монтессори мектептеріндегі балалармен жұмыс істеу принципі - ұлы гуманистік педагогтың әдістемесі бойынша ізбасарлары. Бұдан басқа, осы жоспардың оқу орындары өздері әзірлеген және жасөспірімдерге арналған мотоциклдерді және сенсорлық құралдарды дамытуға арналған дидактикалық материалдарды пайдаланады. Мария Монтессоридің ойындары мен артықшылықтары әртүрлі. Мұғалім өз балаларын бүкіл өмірін үйретуге арнады, ал сынақ және қателіктермен ол ең жақсы және ең тиімді жаттығуларды, ойындар мен материалдарды таңдайды. Ол барлық мәліметтерді соңғы бөлшекті ескерді. Жиһаздың ыңғайлылығы, кеңістікті тиісті түрде ұйымдастыру, ережелер мен тәртіпті сақтау, балалардың жасы - оның кішкентай бөлшектері жоқ. Бүгінгі күнге дейін әдіснаманы қолдайтын алтын материал Монтессори - ойындар мен дидактикалық даму материалдары туралы не айтуға болады. Олардың негізінде заманауи ойыншықтар құрылуда, ал аналар қолөнері өз қолдарымен өз ұқсастықтарын жасайды. Мысалы, заманауи пазлдар, сұрыптаушылар, кілемдер дамып жатыр - мұның бәрі Мария Монтессоридің мұрасы. Олар жеке тұлғаның дамуына үлес қосады, айналаңыздағы әлемді білуге ​​көмектеседі, сондай-ақ сатып алынған дағдылар мен білімді жүйелейді. Кішкентай мотоциклдерді дамытуға және сенсорлықты дамытуға баса назар аудара отырып, ол балалардың рухани бастамасын дамытуға тырысты, өйткені оның пікірінше, бұл толық, еркін және өзін өзі қамтамасыз ететін адамның негізі. Баланың өз мінез-құлқы, өз іс-әрекетін басқаруға көмектесетін, қағида, өз-өзінің шебері болу, Монтессори-ортасындағы сабақтарда да жеткілікті: Әрбір бұйым, ойыншық немесе затты алған орнына қайтадан қою қажет, Бастаған істі аяғына дейін жеткізу маңызды, Басқаларға кедергі жасамайтындай етіп, жұмыс істеу қажет және т.б. Бала үшін Монтессори-материалдары әлемнің есігін ашатын кілт болып табылады,соның арқасында өзінің әлем туралы бейберекет және өңделмеген әсерін ретке келтіреді және сезінуге үйренеді. Олардың көмегімен бала мәдениетке және заманауи өркениетке ұштасады. Өз тәжірибесімен табиғатты түсінуге және онда бағыт алуға үйренеді. Монтессориға сәйкес әзірленген дайындалған ортада бала барлық дене және рухани қызметтерін жаттықтыра алады, өзінің рухани тұтастығын қалыптастырады және жан-жақты дамиды. Дайындалған ортада ретке келтіру құралы арқылы ол өзінің алдыңғы тәжірибесін жүйеге келтіруге үйренеді. Материалдар балалардың әрекет ету ұмтылысына жауап береді. Кішкентай бала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ МАРИИ МОНТЕССОРИ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Мектеп жасына дейінгі балаларды математикаға оқытуда пайдаланылатын дамытушы ойындар ерекшеліктері
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН М. МОНТЕССОРИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПАРАДИГМАСЫ
Монтессори тобындағы шеңбер
М.Монтессори педагогикасының жүйесі
Ресейде М.Монтессори жүйесінің даму және қалыптасу тарихына зерттеу
МОНТЕССОРИ МАТЕРИАЛДАРЫМЕН ЖҰМЫСЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
М.Монтессори жүйесі бойынша балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру
Мария Монтессори технологиясы туралы мәлімет
Ойындардың балаларға сенсорлық тәрбие берудегі мүмкіндіктері
Пәндер