Отбасы - баланың азамат болып өсуінің негізі


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
« Әлеуметтану» пәнінен
БӨЖ
Тақырыбы: Отбасының рөлі мен маңыздылығының адам өмірінің әр түрлі кезеңінде өзгеруін қарастырыңыз және талдаңыз. Отбасыңыздың мүшелері негізінде қарастырыңыз
Қабылдаған : Джаппарова Р.
Ор ындаған :Хасанова С.
ФАТ-213 А тобы
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
I. Отбасы -әр адам үшін ең жақын әлеуметтік ортасы
II. Отбасының даму кезеңдері және қызметтері
III. Өз отбасымның мүшелері негізінде отбасының даму кезеңдері және қызметтері
IV. Отбасында тұлғааралық шиеліністер және оның себептері
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер және сайттар тізімі
Кіріспе
Әрбір жеке адам өмірінің маңызды бастауы, рухани өзегі - отбасы. Мұндағы негізгі мақсат - отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасы ұғымының қоғамдық санамен сабақтасқан ішкі үйлесімін қалыптастыру, әлеуметтік мемлекеттің негізі болар бала мен оның құқығын қорғау. Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы - баланың азамат болып өсуінің негізі.
I. Отбасы - әр адам үшін ең жақын әлеуметтік ортасы.
Отбасы - әр адам үшін ең жақын әлеуметтік ортасы, қоғамның маңызды бір бөлшегі. Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда алғаш рет қарым-қатынас түрлеріне үйренеді, қоршаған ортамен танысады, мінез-құлық нормаларын меңгереді, адамгершілік қасиеттері қалыптасады және дамиды. Сондықтан да келер ұрпақты тәрбиелей отырып, оларды өмір жолында кездесетін қиыншылықтарға қарсы тұра білуге үйрете білу керек. Отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды, оларға қарап бой түзейді, үлгі алады. Балалық шағында отбасында алған, меңгерілген қасиеттер бала бойында өмір бойы сақталады.
Жас адамды саналы, есті, мәдениетті, сергек етіп тәрбиелеу - отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Яғни, балаларды тәрбиелеу тек ата-ананың жеке ісі емес, бұған барлық қоғам қызығушылық танытуы керек. Өйткені «Ес түзелмей, ел түзелмейді», олай болса егемен еліміздің болашағы отбасында тал бесіктен бастау алып, оқу тәрбие орындарында тәрбиеленген саналы ұрпақтың қолында.
Бұл мәселе еліміздің Заңдарында да көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының ата заңында «Біздің мемлекеттің ең басты байлығы, қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген. Осыған сәйкес елімізде адам және оның өмірі үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр. Ата заңымызға сүйенсек «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінген. Мемлекеттің бұл саясатын жүзеге асыру үшін бізге бірлік керек.
Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас ең басты іс-әрекеттердің бірі болып табылады. Қарым-қатынас - адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесіде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас - тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты.
Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше тұлға арасында рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар, келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады.
Отбасылық қарым-қатынаста оның осы функциялары толық орын алады. Егер тартыс-талас, қарама-қайшылық, түсінбеушілік басым болса отбасында балаға дұрыс тәрбие беру мүмкіндіктері төмендейді.
Қарым-қатынасы бұзылған отбасыларына психологиялық және психотерапиялық көмек көрсетуге көптеген психотехникалар пайдаланылады. Отбасының екі тармағы - ерлі - зайыптылар мен ата - ана - бала қатынасы кеңінен қарастырылып, олардың ерекшеліктері, артықшылықтары және қиындықтары талданып, одан шығару жолдары көрсетілді.
Л. С. Выготскийдің, А. Н. Леонтьевтің, Д. Б. Элькониннің, Л. И. Божовичтің зерттеулерінде баланың тұлға ретінде дамуы тұлғалық жаңа қасиеттердің біртіндеп қалыптасуымен анықталады. 7-8 жасқа дейінгі кезеңді Л. И. Божович баланың «әлеуметтік индивид» ретінде қалыптасуымен байланыстырады. «Онда жаңа өмірлік позиция пайда болып, осы позицияны қамтамасыз етуші қоғамдық-маңызды қызмет қажеттілігі туады». 12-14 жасқа таман «нысананы көздеу қабілеттілігі» калыптасады, яғни саналы мақсаттарды анықтау және қоя білу, ал 15-16 жаста - «өмірлік болашақ» қалыптасады. Сондықтан да жасөспірім шақта отбасылық қарым-қатынастың психологиялық ықпалы аса зор.
II. Отбасының даму кезеңдері және қызметтері
Дегенмен отбасы даму процесінде болады, нәтижесінде ойламаған жағдайлар туады және отбасы мүшелеріне осы өзгерістерге жауап беруге тура келеді. Олардың әртүрлі жағдайлардағы жүріс-тұрысына темперамент, мінез және жеке тұлғаның өзі әсер етеді. Әрбір отбасындағы мүшелер арасында әртүрлі кикілжіңдер болатындығына таң қалмаймыз. Ұзақ уақыт мерзімінде бірге болған әрбір отбасында шиленісті жағдайларды тудыруы мүмкін маңызды өзгерістер болатын кезеңдер кездеседі. Олардың ішінде негізгілерін атап өтейік.
Бастапқы кезең - жұбайлардың бір-біріне бейімделу жүреді. Статистика бойынша бір жылдық бірге тұру кезінде некенің 30 пайызына дейінгі мөлшерде бұзылады.
Екінші кезең - көп уақытты арнауға қажет ететін балалардың пайда болуы жұбайлардың професионалды өсу мүмкіндіктерін, бұрынғы қызығушылықтарын қанағаттануын шектейді, балалардың професионалды бағдарлануы оларды тәрбиелеу бойынша мәселелерде қарама-қайшы ойлар пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдай жеке тұлғааралық шиеленістерге әкелуі мүмкін.
Үшінші кезең - жаңа отбасы мүшелерінің- келін, немере және келесі жақтын ата-аналардың отбасына қосылуы. Қартайған шақ және үлкен жастын ұлғаюы өзінді проблемалар туғызады. Әрбір осы кезеңдер өзіндік арнайы шиеленістік жағдайлар мен шиеленіспен сипатталады. Отбасының дамуының кез-келген шағында жеке тұлға аралық шиеленістердің пайда болуына әртүрлі сыртқы факторлар әсер етуі мүмкін. Ең алдымен бұл қоғамда жүретін өзгерістер, мысалы, моралдық және мәдениеттік критерилердің өзгеруі, культың дұрыстығы және сезімдік қажеттіліктердің (уақыт және ішкі энергияның шығының қажет ететін интелектуалдыққа қарама-қайшылық) қанағанттандыруды бағдарлау, отбасының әлеуметтік қорғаныштың және т. б. болмауы.
III. Өз отбасымның мүшелері негізінде отбасының даму кезеңдері және қызметтері
Жалпы менің отбасымда әр адамның өзіндік жасайтын қызметтері және отбасында өзіндік орны бар. Жеке жеке тоқталып айтып өтсем:
Әке әрбір отбасының темірқазығы, ұйтқысы, қорғаушысы және тірегі. Әке отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Біздің отбасымызда әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкем тек қана отбасын асырап қана қоймай, біздің тәрбиемізменде шұғылданады, әрдайым бізге уақыт бөліп, отбасымызбен қызықты уақыт өткіземіз. Жалпы мен үшін әкенің орны ерекше және әкемнің пікірі ерекше маңызды. Әкем бізді әрқашан қолдап, оқыңдар дамыңдар деп үгіттеп отырады. Жалпы бұл сөздер кез келген перзент үшін әсіресе қыз бала үшін қажет сөздер, қолдау.
Ана - адамзат баласының дүниеге келуіне себепкер болатын аяулы жан. Менің анам үй жұмыстарын, жасап тамақтарымызды дайындап біз үшін бәрін жасайды. Одан бөлек біздің тәрбиемізге ерекше көңіл бөледі әкем екеуі. Анам біз үшін керек кезде дос, керек кезде сырлас, керек кездеу қолдаушы, жанашыр адам.
Біз үйде 4 бауырмыз. Біздің атқаратын жұмысымыз қазіргі кезде тек оқу, өзімізді дамыту. Және әрине ата-анамыздың көмекшісі болып ата-анамызға жәрдемдесу. Біз мейлінше қыздар болып анамызға тамақ дайындауға, ұй жұмыстарын жасауға көмектесеміз тіпті анамызға жұмыс істетпей өзіміз бәрін жасауға тырысамыз. Ал інім әкеме ауладағы жұмыстарды жасауға көмектеседі. Ал болашақтағы мақсатымыз, қызметіміз ата-анамыз үмітін ақтап, олардың арман мақсаттарын орындауға тырысып, олардың разылығын алу, олардың көз қуанышы болу.
IV. Отбасында тұлғааралық шиеліністер және оның себептері
Шиеленістің себеп-салдары.
Бірінші кезеңде, яғни жұбайлардың тану кезеңінде көбінесе шиеленістің себебі болып осылар болып табылады:
- Жекетұлғааралық сәйкес келмеушілік;
- Лидерлікке ұмтылу;
- Жоғары болуға ұмтылу;
- Үй жұмыстарын басқаруға ұмтылу;
- Тумаластардың және достардың кенестеріне сүйену;
Жеке тұлғааралық сәйкестік бір-бірінің құндылық бағдарлануының, әлеуметтік ойларының, қызығушылықтарының, мотивтерінің, қажеттіліктерінің, мінездерінің, темпераментерінің, жеке тұлғалараның даму деңгейінің ұқсас болуының негізінде құрылады. Жекетұлғааралық сәйкесіздік осы жеке-психологиялық сипатамаларға әрбір жақтың басқа жаққа қарама-қарсы ойларының болуының әсерінен пайда болады. Бұндай шиеленістерден құтылу жолы бір-бірінің мінездерінің ерекшеліктерін білу және оларды ұстауды бірге үйрену. Екі пішінделген «мен» нен бір «бізге» келу оңай емес. Дегенмен бір-бірінің әдеттеріне төзімді қарым-қатынас, өзінің мінезінмен бірге төзімді жұмыс жасау арғы қарайғы өмірде шиеленіссіз байланысқа әкеледі.
Отбасындағы лидерлік.
Әйелі немесе күйеуі (немесе екеуінде) некеге дейін лидерлер болуы мүмкін, бұндай бағыттың сақталуы отбасында шиеленістер тудырады. Лидер отбасында сәтті басқара отырып, ішкі қарама-қайшылығын тудыратын ашық немесе жасырын шиеленістерге әкелетін басқаның инацитиваларын басады.
Жоғары болу.
Отбасы өмірінің алғашқы кезеңінде жұбайлардың біреуі жоғары екенің көрсетуге ұмтылады. Э. Берннің «Қымбаттым» новелассында осында жүріс-тұрыс сипатталады. Күйеуі қонақтардың көзінше әйеліне ойға сыйымсыз сипаттамалар береді және келісу үшін «ия, қымбаттым?» деп қалжындайды. Әйелі күйеуінің бұндай жүріс-тұрысынан жағымды жағдайға түспейді, оның көңіл-күйі бұзылады. Күйеуінің (әйелінің) бұндай жүріс-тұрысы жақын адамға деген тәртіпсіздігенен болады. Қалыпты отбасында күйеуі және әйелі тепе-тең қатынаста болады. Сәйесінше жұбайлар бір-бірін төмен түсіретін жоғары болудан неғұрлым тез бас тартса соғұрлым олардың әрі қарайғы қарым-қатынасы жағымды болады. Әрқашан бір-бірінің жақсы жақтарын іздесе, айтса бұндай жағдайларда кері реакция әрқашан жағымды болады.
Отбасындағы жұмыстар.
Кейбір отбасында жұбайлар үй жұмысын әйелдікі және ер адамдікі деп бөледі. Осы проблема ерекше инсиденттер шақырмайтын отбасылар кездеседі. Бірақ үй жұмыстарын бөлу - көп отбасылар үшін шешілмейтін проблема және шиеленісті жағдайлардың себебі. Бұл жағдайға жеке тұлғалардың типтері және жұбайдың біреуі немесе екеуінінде еріншектіктері әсер етеді. Әрқашан келісу мүмкін емес, үйде ойламаған жағдай - «кім есікті жабады?» кездеседі. Сондықтан келісімнің арқасында жеке тұлғалық шиеленістерден қашып құтылу мүмкін емес. Проблеманы өзіне жақсы көруші күйеуі алу керек. Егер күйеуіне кандайда бір оңай жұмысты атқару керек болса оған бұйрық ретінде емес, өтініш ретінде айтуы керек, . Егер келіспесе әртүрлі «қарсылықтармен» жағдайды ушықтырмау керек. Мүмкін бұндай жүріс-тұрыс шиеленістің себебі болуы мүмкін, бірақ бұның негізінде тіптен басқа себебтер жатыр.
Отбасылық бюджет
Күйеуінің және әйелінің арасында проблемалар егер әйелі күйеуінен көп ақша тапса, әрқашан күйеуінің қадырын түсіруге ұмтылып, осыны ойына сала берсе проблемалар пайда болады. Шиеленістік жағдайлар мынандай жағдайларда да пайда болуы мүмкін егер жұбайының біреуі екіншісі ақшасын көп шашып, керек емес заттар сатып алады деп ойлаған жағдайда. Отбасы жағдайларында отбасылық проблемалар қарама-қарсы болғанда емес, бірге шешілетіне үйрену керек. Егер шығындар жұбайлар арасында әрқашан сәйкестендірілсе шиеленістер азырақ болады. Бұндай жағдайларда бюджеттің мүмкіндіктері әрқайсысына белгілі болады және олардың араласуынсыз ешқандай шығындар болмайтындығын біледі. Қымбат сыйлықты басқа жақтан алдын ала сөйлесумен алмау керек.
Тумаластар және достар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz