Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: ИНФОРМАТИКА САЛАСЫНЫҢ БАСҚА САЛАЛАРМЕН
БАЙЛАНЫСТЫҒЫ
МАЗМҰНЫ:
I. Кіріспе
1.1. Информатика және информатика пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4
II. Негізгі бөлім
2.1. Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-9
2.2. Информатика мен математика пәнінің байланыстылығы ... ... ... ... ..9-1 5
2.3. Бағдарлама құруда математикалық заңдылықтарды пайдаланудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15-18
2.4. Физика мен информатика пәндерінің арасындағы өзара байланыс ... 18-25
2.5. Информатика пән аралық байланыс сабақтары арқылы оқыту (іс-тәжірибеде қолдану) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5-29
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29-30
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30-31
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңда есептеу техникасы жылдам дамып, оны ғылымның кез- келген саласына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты біз "Кольерлендіру ғасырына" бет бұрып отырмыз. 22 қыркүйек 1997 жыль закстан Республикасы Президентінің өкімімен Казакстан Республика орта білім жүйесін "информатикаландыру" туралы мемлекеттік бағдарлама бекітілген. Ғылыми-техникалық прогресс заманында білім беруді демократияландыру мен ізгілендірудің басты факторларынын бірі -"информатикаландыру" болып табылады.
"Информатикаландыру" деп оқытудың және оқу процесін басқарудың әсерлілігін арттыру мақсатында техникалық және материалдық ресурстарды, идеяларды, ғылыми-әдістемелік материалдарды үнемі пайдалану және интеграциялау процесін айтамыз.
"Информатика" жалпы орта білім берудегі негізгі пәндердің бірі болып табылады. Орта білім беру жүйесіндегі оның рөлі ақпараттық білімнің, ақпараттык opp га мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жана подраттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы, сондай-ак оның әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі,
Информатиканың мектепке енуі сонымен бірге педагогикалык
ғылымдардың парадигмалық және методологиялық өзгерістерін талап ететін қазіргі қоғамдағы түбегейлі әлеуметтік алмасулар кезеңіне сәйкес келіп отыр. Оны жүйелі пайдалану саласында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Солардың қатарында жаңашыл педагогтардың тәжірибелерін ұштастыра
отырып, оқытып жүрген мұғалімдер де бар. Бұл курстық жұмыста осы "пәнаралық" байланыстардың ішінде "Информатика" пәнін басқа пәндермен байланыстыра оқытудың тиімділігі қарастырылған.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазіргі кезде "Информатиканың" маңызы күн өткен сайын еселеп өсіп келеді. Осыған байланысты оқытудың жана технологиясын қолданудың басқа пәндерді оқытуда пайдаланудың тиімді
тәсілдерін қарастыра отырып, сабақта өткен материалды жана оку материалымен ғана байланыстырып қоймай, "пәнаралык" байланыстарды қолдану тиімді екендігін дәлелдеп, ерекшеліктерін ескеру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Оқытудың бұрын қалыптасқан стандартты жүйесіне қарағанда әртүрлі пәндерді оқытуда компьютерлерді пайдалану мынадай бірқатар артықшылықтар береді:
1. окушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
2.оқу процесінің қарқынын жоғарылату;
3окушылардың шығармашылық белсенділігін көтеру;
4. Оқытудың сапасын арттыру және тағы басқалар;
Дербес компьютерлерациялық мүмкіндіктері өте зор екендігі белгілі. Басқа пәндерді оқытула компьютерді пайдалану нәтижесінде компьютердің мынадай дидактикалық мүмкіндіктерін көруге болады:
1. окушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне, әсіpece кұбылыстарды зерттеуге, басқаруға мүмкіндік береді;
2. Окушылардың өзін-өзі бақылауына және өз жұмыс әрекетінеөзінің түзету тізе білуіне үйретеді;
3. баска пәндерден алған білімдерін бекітуге көмектеседі және жалпы танымдық қабілеттердің дамуына әсер етеді;
4. өткен материалдардағы негізгі кұбылыстармен заңдылықтарды көре отырып, сабақты пысықтауға мүмкіндік береді;
5. материалды тез меңгеруге, сонымен бірге уақыт ұтуға, пәнді интеграциялап оқуға жағдай жасайды, пәннің сапасымен мазмұнына да өзгерістер енгізеді;
6. табиғи жағдайда көзге көрінбейтін кейбір кұбылыстарды экраннан көруге мүмкіндік береді
Компьютерлік оқыту жағдайында оқушылардың белсенді шығаршы іс-әрекеті жүзеге асады. Көптеген үйрету программалары окушылардың ізденімпаздығына түрткі болады, сұрақтың шешімінен қателескен жағдайда компьютер бағыт-бағдар береді. Атап айтқанда, оку мотиві мен оқушылардың таным қызметін қалыптастырудың тиімді жолдары проблемалық ситуация туғызумен байланысты. Компьютерлендіру жагдайында проблемалық оқытудың психологиялық-педагогикалык заңдылықтары пайдаланылуы қажет, бұл заңдылықтар үйретуші программаларын жасағанда компьютердің көмегімен сәйкес келетін педагогикалық ситуацияларды қолданғанда сақталуы керек.
Проблемалық оқыту окытудың белсенділік принципін жүзеге асырумен байланысты. Белсенді танымдылық іс-әрекеті таным және қажетті-мотивтік компоненттерін кызметтерінде адамның ойында проблемалық ситуацияларын туғыза С Рубинштейнның тұжырымдарына сүйенсек, проблемалық ситуация онлау процесінің алғашқы кезеңі" болып табылады.
Кез-келген іс-әрекет оны іске асыру құралын сипаттайды. Оқу әрекетін талдау барысында, әрекет құралы мен оку міндеттерін шешу құралын ажырата білу қажет. Осы мағынада біз компьютердің оку үйрету әрекетін біртұтас деп қарастырамыз. Егер компьютер оку әрекетінің құралы ретінде гана пайдаланылса, онда ол "тұтынушы компьютер" схемасының аумағында болады. Компьютер оқу әрекетінің баскару функциясын атқарса, үйрету құралы ретінде қолдануды мойындаганы.
Электрондық есептеу техникаларын қолдану оны компьютерді оқыту құралы ретінде пайдалану мүмкіндіктерімен байланыстырады, компьютер оку қондырыәне білім берудің мазмұнды объектісінің бірі ретінде қарастырылады. Бірінші бағыты компьютер оқыту құралы ретінде әртүрлі қиындықтағы үйретуші программалар арқылы, әсіресе, автоматтандырылған үйретуші жүйелерде жүзеге асырылады. Оқу әрекетінің ондай компоненті үйретуге ықпал ету функциясының міндетін атқарады ін атқарады. "Оку міндеті" деген түсінік дидактика мен педагогикалық психологияның негізгі ұғымы. Компьютердің оку процесінде қолданыла бастауы, мектепте оқыту практикасының міндеттеріне әлеуметтік жағдайды модельдеуші және т.б. мәселелердый келді (екінші бағыты).
Үйретуші жүйені жасағанда оқу міндеттерін шешу мен оқудың мақсатқа жетуі арасындағы байланысты белгілеуді қажет етеді. Электрондық есептеуіш техника жеке оқушының физика курсында өзінің практикалық қызметін реттеуші, физика есептерін шығаруға пайдалануға керемет құрал болып табылады.
Курстық жұмыстың теориялық маңыздылығы: Ұлағатты ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың Мұғалім қандай болса мектеп те сондай деген сөзінде терең мағына жатыр. Сол үшін де қазіргі ұстаз - ертеңгі болашақ кепілі. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік туын бекем ұстап, өздерінің білімдері мен тәрбиесін келер алдыңғы буынға тапсыру міндеті тұр. Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы - ақпарат тандырылған жан жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт сомдауы. Сапалы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек. Оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруі шарт.
Курстық жұмыстың практикалық маңыздылығы: Интеграциялық оқытудың мүмкіндіктерін толық пайдалану, педагогикалық жаңалықтарға, қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамудың перспективалы құбылыстарға бейімделуге мүмкіндік береді.
Колледждегі білім берудің қазіргі таңдағы міндеттерінің бірі оқушыны ақпараттың кең ауқымын талдау және тез қабылдауға дайындау, әр түрлі пәндік саладағы жұмысы кезінде оны қазіргі құралдар және технологиялармен қамтамасыз ету, оқушыда ақпараттық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
Осы міндетті іске асырудың біздің пікірімізше мынадай екі жолын анықтауға болады.
Жалпы білім беретін пәндерді зерттеу барысында ақпараттық қатынас технология құралдарын жүйелі қолдану.
Информатиканың пәнаралық қатынастарын басқа пәндермен өзара байланыста жүзеге асыру.
Курстық жұмыстың нысаны
Қазіргі таңдағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың ерекшеліктерін қарастыра отырып, информатика пәні мен дербес компьютердің басқа пәндермен байланысынын тиімді жақтарын зерттеуді дамыту.
1.1. ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ
Информатика ұғым ретінде біздің өмірімізге берік енген, ғылыми-техникалық үдеудің синонимдердің біріне айналды. Бұл сөз ХХ ғасырдың 60 жылдарының басында француз тілінде (information- ақпарат және automatioque- автоматика) қоғамда ақпаратты автоматты түрде өңдеуді белгілеу үшін пайда болады.
Ғылымның, техниканың және өндірістің көптеген салаларының одан ары дамуы ақпаратты өңдеудің сандық және сапалық мүмкіндіктерінің өсуін, адамның ақыл - ой әрекетінің артуын қажет етті.
Информатиканың қалыптасуы мен дамуында ғылыми-техникалық даму басты бағыттарының бірі, оның нақты катализаторы- ЭЕМ мен қазіргі компьютерлік техниканы жасау негізгі рол атқарады.
Ғылым ретінде информатиканың құрылымында келесі салалар аталады:
алгоритмдік,
программалық
техникалық
Информатика сегіз негізгі әрекеттер бағытттарын қамтитын ғылыми техникалық пәндер кешені. Информатика - электрондық есептеуіш машинасы арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Қазіргі информатика курсы дүниежүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ құбылыс болып саналады.
Информатика туралы бүгінге дейінгі түсінігімізді жалпылай келе, мынадай жұмыстық анықтаманы тиянақтауға болады: информатика дегеніміз - табиғаты әртүрлі жүйелердегі ақпараттық үрдістер ағымының заңдылықтары туралы, ақпараттық үрдістерді автоматтандыру әдістері, құралдары мен технологиялары туралы, ақпараттық жүйелердің жасалуы мен жұмыс істеу заңдылықтары туралы ғылым.
Информатиканың маңызды ерекшелігі оның қоғамдық қызметтің барлық негізгі түріне қолданылуы: өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде, жоспарлауда және сауда операцияларында, қоршаған ортаны қорғауды, криминалистік медицинада және т.б қолданылуы. Информатика көптеген нақты информациялық процестердің, технологиялардың барлығына ортақ мәселелерді зерттейді. Осы технологиялалар информатиканың обьектісі болып табылады. Информатика іргелі және қолданбалы ғылым түрінде өндірістік күшті дамытудың және жаңа ақпараттық технология базасы ретінде адамзат білімі жүйесіне өз үлесін қосып отыр және дербес меңгеруді талап етеді.
Информатиканың, айталық, физикадан ерекшелігі, ол математикалық модельдерді ғана емес, сонымен қатар әртүрлі тұрпаттар мен түрлердің модельдерін де (мәтін, кесте, сурет, алгоритм, бағдарлама - бәрі де модельдер) пайдаланады. Атап айтқанда, ақпараттық модель ұғымы қалыптастырылуы негізгі мектеп информатика курсының негізгі міндеттерінің бірі болып табылатын пәнаралық байланыстардың осы курстағы кең спетрін анықтайды. Ал ақпараттық модельді құрудағы іс әрекеттің өзі, яғни ақпараттық модельдеу тек информатиканы сипаттайтын қызметтің жалпыланған түрі болып табылады. Құрылған ақпараттық модельді ары қарай жаңа ақпараттық нысан ретінде қарастыруға болады. Бұл қажетті ақпараттық үрдісті басқара отырып, мақсатты түрде басқа нысанға түрлендіруге болады. Егер ондай басқару компьютерде жүзеге асырылатын болса, онда сөз ақпараттық үрдісті автоматтандыру туралы болғаны. Мұндай автоматтандырылған үрдіс ақпараттық технология деп аталады.
Қазіргі кезде әлемнің өркениетті елдерінде қоғамды ақпараттандыру барынша кең өріс алды. Осыған байланысты ақпараттану мен жаңа ақпараттық технологиялар кәсіби қызмет пен адамзат мәдениетінде де, мектептегі білім беру процесінде де ерекше мәнге ие болып отыр. Осыған орай, қазіргі кезде егемендік алған Қазақстанда ғылым мен техниканы бүгінгі күн талаптарына сай дамытатын дарынды, талантты жастар тәрбиелеп шығару ісі мектепте оқытылатын жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің алдына үлкен міндеттер қоюда.
Қазіргі уақытта оқушыларға сапалы білім беруде компьютердің атқаратын рөлі ерекше. Мұғалімнің кәсіптік деңгейі мен оқушылардың қызығушылығын арттыруда бірден-бір құрал - компьютер. Компьютер арқылы түрлі графиктер, суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді әрі әсерлі. Мұғалімдер сабақта ауызша өз мәнінде меңгертілуі қиын ұғымдарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырсам бұрынғыға қарағанда әрбір жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы мейлінше көп оянады.
Информатика ғылымының дәстүрлі қалыптасқан ғылымдар (техникалық, табиғи, гуманитарлық және т.б.) жүйесіндегі орнын қарастырайық. Ол информатиканың жалпы білім беру курсынының басқа оқу пәндері қатарындағы орнын анықтауға мүмкіндік береді.
А.П.Ершовтың айтқанындай, информатика -- фундаменталды табиғи ғылым. Академик Б.Н.Наумов информатиканы ақпараттың жалпы қасиеттерін, оны өңдеу үдерістерін, әдістерін және құралдарын зерттейтін табиғи ғылым деп айтқан.
Фундаменталды ғылымға негізгі ұғымдары жалпы ғылыми негізде қарастырылатын, көптеген басқа ғылымдар мен қызмет түрлерінде қолданылатын ғылым жатады. Мысалы, математика мен философияның фундаменталдылығы туралы еш күмән жоқ. Осы қатарға информатика да жатады, себебі ақпарат, ақпараты өңдеу үдерісі ұғымдары күмәнсіз жалпы ғылыми мәнге ие. Физика, химия, биология және басқа табиғи ғылымдар біздің санамыздан тәуелсіз болатын әлемнің объективті мәндерімен байланысты. Информатиканы осы қатарға жатқызу алуан түрлі жүйелерде (жасанды, биологиялық, қоғамдық) ақпаратты өңдеу заңдарының бірлігін көрсетеді.
Дегенмен, көптеген ғалымдар информатика тағы да басқа ғылымдар тобына техникалық және гуманитарлық (немесе қоғамдық) тән қасиеттерге ие деп тұжырымдайды.
Ғылым ретінде информатика ақпараттық үдерістерге тән жалпы заңдылықтарды зерттейді. Ақпарат жаңа тасушылар, байланыс арналары, кодтау тәсілдері, ақпаратты визуалды бейнелеу және де тағы басқалар жасап шығарылғанда осы ақпараттың нақты табиғатының мәні ешқандай әсер етпейді. Деректер базасын басқару жүйесін (ДББЖ) құрушыға көптеген қолданушылар осы базаға қандай деректер енгізетіндігі емес, деректерді ұйымдастыру мен іздестірудің жалпы қағидалары маңызды. Осы жалпы заңдылықтар ғылым ретіндегі информатиканың негізі.
II. Негізгі бөлім
2.1. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасының Білім беру мазмұны мен деңнейлері - деп аталатын 4-тараудың 4.3.1.- тармағында: Білім беру мазмұнында информатика негіздері мен шет тілін ерте жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудің негізгі бағыттары көрсетіліп белгіленген. Сондықтан заман талаптарына сай информатиканы бастауыш мектептерден бастап алғашқы дайындық курсы ретінде ендірудің қажеттілігі бүгінгі күнгі педагогика саласындағы іргелі тың мәселелердің бірі болып отыр.
Орта мектепте информатиканың жеке пән ретінде оқытылуы, көптеген педагогикалық ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне алып келді. Информатиканың бүгінгі қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, ғылыми зерттеулердің ішінен С.Пейперт, Ж.Пиаже, Ю.Первин, Е.Коган, О.А.Красноперова, А.Витухновская мен А.Семенованың және отандық ғылымдарымыздан Е.Бидайбеков пен Ж.Караевтың тұжырымдары мен Қ. Әбдиев, Ж.Сардарова және Г.Абдулкаримованың зерттеу жұмыстары бастауыш мектептерде информатика элементтерін пайдаланудың теориялық негізі бола алады.
Алайда, бұл зерттелген жұмыстарда бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру жөніндегі мәселелер жеткілікті дәрежеде зерттелген жоқ.
Сондықтан, бастауыш мектеп оқушыларына информатиканы алғашқы түсініктері мен ұғымдарын беру. Сонымен қатар басқа пәндерді оқып үйренуде пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет болатын біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыру және жастарды ақпараттық қоғамда қызмет етуге дайындауды осы кезеңнен бастау қажеттілігі басты назарда болып отыр.
Мұндай келелі мәселелерді шешу бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруды теориялық, психолгиялық және педагогикалық жағынан негіздеуді қажет етеді. Жоғарыда аталған мәселелер зерттеу жұмысының көкейкестігін анықтайды. Бірақ, бүгінгі таңда информатика элементтері пәнаралық байланыс негізінде бастауыш мектепте оқытудың қажеттілігі мен оны оқу үрдісінде жүргізуге тиімді оқу-әдістемелік құралдардың, оқыту бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қарама-қайшылық бар. Осы қарама-қайшылықтан, бастауыш мектепте информатика элементерін пәнаралық байланыс негізінде оқытуды енгізу арқылы оқушыларда алғашқы білім, іскерлік, дағдыларды қалай қалыптастыруға және оның қандай теориялық, психологиялық-педагогикалық алғы шартын анықтауға болады? - деген зерттеу мәселесі туындайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты - бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыстар негізінде оқыту әдістемесін жасау.
Бүгінгі күні дидактикада оқыту әдістерін талдап, іріктеуді түрліше байқаулары өтіп жатыр. Оқыту әдістерін талдап, ретке келтіру белгілі бір әдістерді жүйеге келтіру заңдылықтарын және ортақ сипаттамалары мен ерекшеліктерін ашуда үлкен аңызды рөл атқарады.
Зертеу жұмысымызда бастауыш мектепте информатика элементерін оқыту әдістеріне тоқталатын болсақ, төмендегіше көкейкесті мәселелер туындайды: - әрбір пәндер бойынша жүргізілетін оқу материалын оқушылардың санасына қалай жеткізу керек? - Балалар білімді, іскерлік пен дағдыларды игеруі үшін, олардың белсенді танымдылық қызметін қалай ояту керек? - Оқушылардың оқуға қызығушылығын тудырып, олардың білімді болуына қалай көмектесу керек? - Ынтасы бар мен ынтасы жоқ балаларды қалай оқыту керек?
Дәл бүгінгі күні ғылыми-техникалық үрдістің жоғарғы дәрежеде дамуы, оқытудың жаңаша, тиімді әдістерін іздестіруді талап етуде. Оқыту әдістері ұғымын қалай түсіну қабылданған?
Оқыту әдістері дегеніміз - бұл оқыту міндеттерін шешуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың біріккен іс әрекеттерінің жүзеге асу тәсілдері. Оның негізгі атқаратын қызметі, білімдерді жай бере салу емес, мектеп оқушысының танымдық қабілеттерін қалыптастыру мен сабаққа деген ынтасын ояту болып табылады.
Бізде бастауыш сынып мұғалімдері басшылыққа алатын және заман талабына сәйкес жазылған информатика курсы бойынша оқу құралдар, әдістемелік жинақтар, теориялық зерттеулер жазылған кітаптар жоқтың қасы. Сондықтан біз білімді жетілдіре түсудің бағыт-бағдарын психолгия мен педагогика жетістіктерін зерттеп, информатиканың шексіз мүмкіндіктерін пайдалану арқылы сабақ беруді жандандыруда түсуге болады деген тұжырым жасап, жалпы орта мектептерде қалыптасқан әдістемелік жүйені негізге ала отырып, оған сәйкес Оқыту әдістерінің құрылымын келесі түрде беруді ұсынамыз.
Оқыту әдістерінің құрылымы - бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың әдістемесіне қатысты анықталады. Әдістемені жаңарту барысында, оқыту құралдарының алатын орны ерекше.
Ал, біздің оқыту әдістемемізге қолданылатын негізгі техникалық құрал - компьютерлік техника болып есептеледі.
Оқыту әдістері
Сөйлеу әдістері
Көрнекілік әдістер
Практикалық әдістер
Оқыту әдістері
Сөйлеу әдістері
Көрнекілік әдістер
Практикалық әдістер
Қабырға газеті
Бақылау
Компьютер
Әңгімелеу
Түсіндіру
Оқулықпен жұмыспен істеу
Ауызша және жазбаша жаттығулар
Графикалық жұмыстар
Лабораториялық және практикалық жұмыстар

Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға пайдалану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізді. Оның оқыту үрдісінде даралап және топтап оқыту тәсілдерінде, өзіндік танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізуге, зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденді.
Сонымен қорыта келгенде, зерттеу барысында бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың бағдарламасы жасалды. Бағдарламаға сай 1-3 сыныптарға арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар жасалды. Мұнда әрбір сыныпта информатика элементтерін оқыту аптасына бір сағат, жыл бойына 34 сағаттан, жалпы 94 сағатты қамтыды. Мұнда бірінші сыныпта оқытылатын сабақтың сағат саны 26,ал қалған сыныптарда 34 сағаттан оқытылады.(бірінші сыныпта информатика курсының екінші тоқсаннан бастап оқылудың себебі,олардың әлі оқып,жазуды меңгере алмайтындығынан.)
Бастауыш мектепте информатика элеметтерін пән аралық байланыс негізінде оқыту әдістемесін теориялық, психалогиялықжәне педагогикалық жағынан негіздеу мен тәжірибелік эксперимен жүргізу барысында келесі нәтижелер алынады:
Бастауыш мектепте информатика элеметтерін пән аралық байланыс негізінде оқытудың мазмұны анықталды;
Бастауыш мектепте информатика элементтерін пән аралық байланыс негізінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері, оқу-әдістемелік және бағдарламалық құралдары жасалады;
Бастауыш мектепте информатика элементтерін пән аралық байланыс негізінде оқытудың әдістемесі жасалып ұсынылды және оның практикада қолдану тиімділігі тәжірибие жүзінде тексерілді.
Жүргізілген тәжірибие нәтижиесі біздің болжамымыздың дұрыстығын растайды.
Демек бастауыш мектепте инфоматика элементтерін пән аралық байланыс негізінде жүзеге асыру, оқушылардың информатика элементтерін оқып үйрену бойынша алған алғашқы білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және олардың сауат ашу, әліппе, ана тілі, қазақ тілі, математикамен бейнелеу өнері пәндерінен алған білімдерін нақтылап бекітуге мүмкіндіктер туғызды,
Бұл зерттеу жұмыстарын келешекте информатика элеметтерін пән аралық байланыстар негізінде оқытуды орта мектептің жалпы білім беретін пәндеріне пайдалана отырып, оқушылардың екі жақты пәндерден алатын білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын жетілдіру бағытында дамытуға болады.
Информатика - практикалық ғылым. Оның жетістіктері іс жүзінде дәлелденулері қажет. Яғни ол тиімділікті жоғарылататын болса ғана қабылданылуы керек. Информатикада барлығы да тиімділікке қатаң бағытталған. Қайсыбір амалды орындау информатика үшін маңызды, бірақ негізгі емес. Негізгі болып сол амалды қалайша тиімді ету мәселесі саналады
2.2. ИНФОРМАТИКА МЕН МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ
БАЙЛАНЫСТЫЛЫҒЫ
Әрбір мұғалім сабақта пәндер арсындағы өзара байланыстылықты дамытуды ойлайды. Өйткені мұндай сабақтар оқушылардың серпілісін тудырып, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Мысалы, оқушылар функцияның аналитикалық көрінісін программаға енгізіп оның графигін экранда көрсе, яғни болмаса анық интегралды есептеуде программаға интеграл астындағы функцияны және оның төменгі және жоғары шекараларын және анықтықты енгізіп оның нәтижесін компьютер арқылы алса сабақтың тиімділігі байқалады. Мұғалімнің, тақырыпты қаншалықты меңгергеніңтақырыпты қаншалықты меңгергенін білумен қатар уақытында үнемделеді. Төменде соларды есепке алып, функцияның графигін жасау және анық интегралын есептеу (Симпсон әдісі) программасын ұсынып отырмын.
Функцияның графигін жасау
10 REM Функцияның графигін жасау
20 SCREEN 9: GOLOR 11, 12
30 DEF FNF (X) = ... ... .. : REM
Бұл жерде графигі жасалуы керек болған функцияны аналитик көрінісі QBASIC қағидалары негізінде жазылады.
40 REM Абсцисса өсін жасау (1-сурет).
50 LOCATE 12, 79: PRINT "X"
60 LOCATE 12, 39: PRINT "0"
70 LOCATE 12, 49: PRINT "1"
80 LINE (0,175)-(640,175)
90 LINE (635,170)-(640,175)
100 LINE (635,180)-(640,175)
110 LINE (385,172)-(385,178)
120 REM Ординат осін жасау
130 LOCATE 1, 42: PRINT "Y"
140 LOCATE 8, 42: PRINT "1"
150 LINE (320, 350)-(320,0)
160 LINE (315, 5)-(320,0)
170 LINE (325, 5)-(320,0)
180 LINE (317, 123)-(323,123)
190 REM Функцияның графигін жасау
200 FOR X=0 TO 640
210 PSET (X, 175-52*FNF((X-320)65)), 14
220 NEXT X
230 END
У
(320,175)
521координата
-11Х
0 -1
бірлік62
1-СУРЕТ
Бұл жерде K=YX=5265=0,8 экранның пропорционалдық коэффициенті. Мысалы, бұл прогамма жәрдемінде y=2x2-4x+1 функциның графигін жасауымыз керек болса, ол кезде отыз қатарын төмендегі көріністе жазамыз:
30 DEF FNF (X) =2*X^2-4*X+1 және программаны Shift+5 пернелерін басу арқылы жұмысқа түсеміз (2-сурет).
Y
1
0 1 X
2-СУРЕТ
Бұл программа 32065≈5 болғаны үшін, -5x5 аралықта үздіксіз болған кез-келген функцияның графигын экранда кескіндеу мүмкін.
Егер берілген функция -5x5 аралықта үздіксіз емес (анықталмаған) болса, не істеу керек?
Мысалы, y=1x функцияның графигін жасау керек болсын (3-сурет).
Бұл фунция х=0 (яғни х=320) де үздіксіз емес.
Ол екзде программаға төмендегідей өзеріс енгіземіз:
30 DEF FNF (X) =1x
200 FOR X=0 TO 640
205 IF X=320 THEN GOTO 220
210 PSET (X, 175-52FNF((X-320)65)), 14
220 NEXT X
230 END
У
1
0
1Х
3-СУРЕТ
Анық интегралды есептеу. Енді берілген анық интегралды қателікті бағалаған кезде Сипсон (парабола) әдісі бойынша есептеу прогаммасын құрып, мысал ретінде ∫п0 sin xdx - ты E1=0,000001 анықтықпен есептейміз.
CLS: E1:0,000001.
INPUT "Интегралдың төменгі және жоғары шекараларын енгізіңіз: А,В": A,B
S2=1:H=B-A: X=A: GOSUB M4
S=F:X=B: GOSUB M4
S=S+F
M1:S3=S2: H=X2: S1=0: X1=A+H
M2: X=X1: GOSUB M4
S1=S1+2*F:X1=X1+2*H
IF (XB)=(H0) THEN GOTO M2
S=S+S1: S2=(S+S1)*H3: X=ABS(S3-S2)15
IF XE1 THEN GOTO MI ELSE GOTO M3
M4: F=SIN(X): REM Интеграл астындағы функция
RETURN
M3: PRINT "Интеграл="; S2
PRINT "Анықтамалық=": X
END
Shift+F5
Интегралдың төмендегі және жоғары шекараларын енгізіңіз: A,B? 0,3.14159 (Enter)
Интеграл=2
=4.768372E-08
Енді сол программа жәрдемінде 1) ∫ х2 dx және 2) ∫ (3-2х-х2)dx-ты есептейміз.
1) M4: F=X^2 өзгерту енгіземіз және shift+F5 Интегралдың төменгі және жоғары шекараларыненгізіңіз:A,B?-1,2 (enter)
Интеграл=3
Анықтық=0
2) M4: F=3-2*X-X^2 енгіземіз және shift+F5. Интегралдың төменгі және жоғары шекараларын енгізіңіз: A, B-2,1 (Enter)
Интеграл=9
Анықтық=0
Енді информатика және геометрия пәндерін байланыстырып, бинарлық сабақтың сабақ жоспарын талдап көрелік.
Тақырыбы:
1) Қарапайым геометриялық фигуралар және олардың құрылымы.
2) MS Office бағдарламасында жұмыс.
Мақсаты: Қызықты етіпөткізу барысында оқушылардың информатика пәнінен геометриялық білімдерін тексеру, тереңдету. Оқушылардың арасында сенімділік, адамгершілік қарым-қатынастық қасиеттерін жасау.
Сабақ түрі: бинарлық сабақ
Оқыту әдісі: конкурс сабақ
Көрнекілік: Дербес компьютер, карточка, приз, калькулятор.
Пәнаралық байланыстар: сурет, математика, информатика, қазақ тілі.
Ұйымдастыру кезеңі: а) кезекші хаттамасын тыңдау;
б) сабақта жоқ балаларды белгілеу.
Сабақ өткізу барысы:
Мұғалім сөзі: Бүгін біздің сабақ өте өзгеше, сабақ барысында екі пәнмен, яғни геометрия, информатика пәндерінен білімдеріңді көрсетесіңдер. Сабақ Білгірлер турнирі деп аталады. Әрбіреуіміз тек қана оқушы емес, информатика, математика сабақтарын толық білетін білгір азамат боламыз.Біздің турнир бірнеше кзеңдерден тұрады. Білгір оқушыларымыздың әр кезеңдегі білім нәтижесі тақтадағы шаршыда белгіленіп отырылады.
1 кезең: Білгірлеріміздің білімдерін көрсететін бірінші тақырып, ол геометриялық фигура құрылымдары. Дұрыс жауаптар жетон арқылы көрсетіліп, ең көп жинаған білгір өзінің нәтижесін тақтаға жазады.
2- кезең: (Дербес компьютермен жұмыс)
Тапсырма: білетін, әрі таныс геометриялық фигураларды компьютерде салу, оларды бояу және атын жазу.
3-кезең: Гео-инф деп аталады. Мұғалім тапсырмалары бар карточкалар көрсетіледі. Оқушылар жауабын дербес компьютерде дәлелдеу арқылы орындайды.
Үш нүкте арқылы және бір-бірімен қиылысқан кесінділер арқылы геометриялық фигура құра.
АВС үшбұрышы берілген АВВСАС болатындай фигура сал.
Бірін-бірі қиған екі түзуде қанша ортақ нүкте болады.
АВС үшбұрышының А бұрышы - 50 градус болса, АВС үшбұрышы доғал үшбұрыш па? Жоқ, әлде сүйір үшбұрыш па?
АВСД тіктөртбұрышы берілген. АВ=СД, ВС=АД, АВ қабырғасы ВС қабырғасынан ұзынырақ. Осы тіктөртбұрышты сал.
4-кезең: Ретсіз сөздер деп аталады. Тапсырма: мұғалім сөздер оқиды, ал оқушылар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz