МЫСАЛ ЖАНРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1 МЫСАЛ ЖАНРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
5
1.1 Мысал жанрын оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер ... ... ... ... ... .. ... ... .
5
1.2 Мысал жанрын оқытудың инновациялық жолдары ... ... ... ... ...
14
1.3 Мысал жанрын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы оқыту
19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... .: ... ... ...
26

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі. Әдебиет ғылымында көптен бері қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша көркем шығармалар өз ара үш салаға бөлінетіні, яғни эпос, лирика, драма болып үш текке жіктелетіні белгілі. Осыған орай әрбір әдебиеттік жанрдың өзін өзгеден айырып танытатын айырықша белгілері, ерекшеліктері бар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы өзінің шындық болмысты бейнелеп көрсету жөнінде қолданған көркемдік әдіс-амалдары, композициялық өзгешелігі арқылы белгіленеді. Айталық, лирикада өте қысқа, тұжырымды түрде жеке адамдардың көңіл күйінің әр алуан қалыптағы бейнесі беріледі: эпоста адамдардың өмірі туралы әңгімеленеді, ол - жазушының алға қойған мақсатына қарай бірде тар, бірде кең көлемді шеңберде көрсетіледі: драмада кейіпкерлер тек өздерінің іс-әрекеттері, сөздері арқылы ғана көрінеді. Мұнда оқиғаны автор тарапынан немесе кейіпкерлердің біреуінің тарапынан баяндау, әңгімелеу деген болмайды. Сөйтіп, жанр дегеніміз шығарманың композициясын құраудың өзгеше бір түрі болып табылады. Міне, осыған орай бұл үш жанрдың әрқайсысына жататын шығармалардың өзінше құрамы, бітімі, өзінше композициялық құрылысы болады. Мектепте әрбір көркем шығарманы оқып үйренуде, талдауда оның осы секілді өзіне тән жанрлық ерекшелігі есепке алынады.
Білім берудің екі қыры болады: біріншісі ˗ нені оқыту, екіншісі ˗ қалай оқыту. Нені оқытуға білім мазмұны (базалық білім) жатады. Ал, қалай оқыту дегеніміз ˗ әдістеме. Яғни, әдістемеде орта мектепке арналып өлшеніп берілген базалық білімді бүгінгі инновациялық технологиялар мен жаңаша әдіс˗тәсілдерді қолданып, оқушыға қалай тиімді жеткізу мәселесі қаралады?
Иә, бүгін бізге заман талабына сай тақта мен бордан, қағаз бен қаламнан артық жаңаша оқыту құралдары енуде. Әдістер жаңарып, тәсілдер жетілуде.
Зерттеу мақсаты: Жалпы орта білім беретін мектептерде әдебиеттің кіші жанры болып саналатын мысалды оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін айқындап, балаға тәрбие берудегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
әдебиетте мысалды оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттерін айқындау;
мысал жанрының өзіндік ерекшеліктерін саралау;
оқыту үрдісінде әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін танытудың жолдарын зерделеу;
мысал жанрын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы оқыту әдістемесін талдау.
Жұмыстың әдістері мен дереккөздері. Түсіндіру, баяндау, салыстырмалы талдау, ғылыми пікірлерді зерттеу, жүйелеу, тәжірибелік, теориялық және жалпылау тәрізді әдістер мен тәсілдер қолданылды.
Әдістемеші ғалымдардың, педагогтардың еңбектері, инновация туралы ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасы Конститутциясынан Білім туралы заңы және Білім берудің мемлекеттік бағдарламасы. Бүгінгі заманның педагогика және қазақ әдебиетін оқыту әдістемесіне арналған тәжірибелер, соңғы жылдарда кеңінен қолданылып жүрген оқытудың жаңа инновациялық әдіс-тәсілдері, ғылыми еңбектер, әдеби білім берудің мемлекеттік стандарты, оқу тұжырымдамалары, бағдарламалар, оқулықтары.
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

МЫСАЛ ЖАНРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1 Мысал жанрын оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Мысал - сюжетті шағын көлемді көркем шығарма.
Мысал жанры сонау Эпос заманынан бастау ала отырып, қазақ топырағында да дамыған. Жазба әдебиетінен бұрын қазақ ауыз әдебиетінде осы жанрдың элементтері кездесіп отырған. Ақын жыршылардан бастап, мысал жанрына ықылас білдірген әдебиет өкілдері мол болған. Мысалы, Абай, Ыбырай, Дулат, А. Байтұрсынов, С. Дөнентаев, С. Көбеев секілді қаламгерлер өздерінің төл шығармалары мен аударма мұраларында мысал жанрына ерекше көңіл бөлген. Зерттеуші М. Әуезов: Тегінде, қазақ әдебиеті тарихында Крылов мысалдары жалғыз А. Байтұрсынұлы аудармасынан емес, одан бұрын да кіре бастаған. Бұл және де бір Крылов емес, орыс көркем әдебиетінің өлең сөз, қара сөздегі әр алуан үлгісін өзі жазған оқу кітабына кіргізіп, алғаш аударған А.Құнанбайұлы болатын. А. Құнанбайұлы, Ы. Алтынсаринді жақсы білген де, зор бағалаған,-дейді.
А. Байтұрсынұлының Крылов мысалдарынан оның заманындағы әлеуметтік, саясаттық ерекшеліктерінен туған әжуа, сатира жақтарын көп алмай, оның орнына өз оқушысына оңай, ұғымды боларлық мысалдарды алғанын айтады. Мәселен, Есек пен бұлбұл мысалында Крылов бір ауыз сөзбен ғибрат айтса, оны Ахмет төрт жол өлеңмен береді.
Әрине, фольклорды зерттеп, жанрлық жағы сараланған еңбектерде көбінесе мысал жанры қалыс қалып жатады, дегенмен мысал жеке түр ретінде қарастырылмаса да, ол жайында азды-көпті пікірлер бар. Мысал - айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма деген анықтамаға ие мысалдың түп төркіні хайуанаттар туралы тұспалды мағынасы бар ертегі, қысқа әңгімелер нұсқаларымен жалғасып жатыр. Бұның қаншалықты дәлелді екенін қазақ ғалымдарының осы жанрға байланысты ой-пікірлерімен нақтылай түсейік.
Қазақ әдебиетінің көшбасшысы, ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов қазақ фольклорын сұрыптап, саралауда мысал жанрын назардан тыс қалдырмай, біраз ой толғап, анықтама береді.
Ғалым жалпы ауыз әдебиетін жұмсалуына қарай екіге бөледі:
сауықтама;
сарындама.
Үшке бөледі:
салт сөзі;
ғұрып сөзі;
қалып сөзі:
Мысалдарды ғалым салт жолымен айтылатын сөздер тобына жатқыза отырып, мынадай анықтама келтіреді: Адамның амалын, мінезін, құлқын жанды, жансыз нәрселер арқылы салт-санасына сәйкес көрсетіп өнегелеу болады, - деген. Сонымен қатар ғалымның біз үшін маңызды ескертуі де бар: мысалдар көбінесе хайуандар шыққан ертегілерден алынады. Ондай ертегілерде хайуандарға адамша тіл бітіріп, адамша мінездеп, іс еткізіп, түрлі өнеге боларлық сипаттанған. Одан әрі ғалым пікірі келесідей: Мысалда аңдар, құстар, хайуанаттар, өсімдіктер іс-әрекеті, мінезі арқылы адам бойындағы мінді, кемшілікті тұспалдап, әжуә күлкі етеді... Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді , - деп түйіндей түседі.
Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский бұл жанрды: Сатираға суарылған поэзияның нағыз ерекше жанры десе, академик З. .Қабдолов Мысал адамгершілік мұқтаждығын өтеу мақсатында жанр ретінде әдебиет арнасына тоғысты,- дейді.
С.И. Радцигтың Көне грек әдебиетінің тарихы атты оқулығында мысалға мынадай түсініктеме берілген: Мысал − көне халық ауыз әдебиетінің жанры болып есептеледі. Себебі, мысалдардың мазмұнында хайуанаттар эпосының сарқыны сақталып қалған. Дегенмен тарихи тұрғыдан алғанда мысал жанры күнделікті өмірдегі келеңсіз жағдайлар мен адамгершілік, ізгілік мәселесін насихаттауға арналған.
Ал, академик Зейнолла Қабдолов мысал жанры турасында мынандай пікір ұстанған: Мысал - эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатты, көбіне аң, хайуанат, кейде зат түрлері жазылады да сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік, күлкіге, келекейге, мазаққа айналдырып, сықақпен саналады. Мазмұны бүкпелі болғанымен, идеясыз, астарсыз, ашық, тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр келеді. Ежелгі Грециядағы аты шулы Эзоп (б.э.б. VІғ.) шығармаларын өз алдына қойғанда, мысал көне дүниеден күні бүгінге дейін көбіне өлеңмен жазылып келеді: Италияда Федр, Францияда Лафонтен, Германияда Геллерт, Англияда Мур, Россияда Крылов, қазақта Абай - бәрі солай жазған. Біздің тұсымыздағы мысалшылардан Сергей Михалков пен Асқар Тоқмағамбетовты бөліп айтуға болады, - дейді.
Кейіннен жарық көрген доцент М.М. Иманғазиновтың Антика әдебиеті атты еңбегінде автор: Мысал - әріден келе жатқан, эпостың шағын да өткір жанры. Мысал жанры көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі әлемнің іргелі ақын жазушыларының назарында болған, қызықты форма, ұғымды идея, халық тұрмысына ет жақын суреттеулерге толы әдеби жанр деген тұжырымдама ұсынады.
Десек те, ауыз әдебиетін оқытуда мысал жанры қарастырылмай келеді. Бұл жөнінде Ш.Ыбыраев былайша жазады: Шынын айту керек, қазақ ауыз әдебиетіне арналған зерттеулер мен оқулықтарда айтыс пен шешендік сөздерден басқа аты аталып, ел танығаны жеті сегіз жанрлар болса, ол Еуропа халықтарының фольклорында кездесетіндері. Ал мұның сыртында аты аталмай, аталса да қатарға кірмей, күні бүгінге дейін халық жадында сақталып келген ондаған жанрлар мен жанрлық түрлердің не зерттеушілер, не жинаушылар тарапынан ілтипат көрмей келгенін немен түсіндіруге болады? .
Ғалым Ш.Ыбыраев осылайша мысал жанрын ауыз әдебиетінің өзге де түрлерімен қатар қойып, бөлек топтайды. Сонымен қатар ол мысалды бұрын соңды кездеспеген жаңаша түрде жіктеуді ұсынады:
А) Мысал (мысал өлеңдер, мысал сөз, мысал айтыс)
Ә) Апалог
Б) Тәсіл.
Ертегі жайында сөз қозғау барысында жанрдың шығу тегі қандай?, қалай қалыптасқан?, қайдан бастау алады? деген сұрақтар туады.
Ахмет Байтұрсыновтың бұл орайда: Арнайы әдебиеттегі мысалдар былай шыққан: ...алғашқы адамдар басқа мақұлықтардан ұзап жарымаған. Олар түрлі табиғат, түрлі тәсілмен тіршілік ететіндерін көріп, олар да адамша ойлайды, сөйлеседі, кеңеседі, бірін бірі аңдиды, арбайды деп білген... Сондықтан адамның ісін әңгіме қылған сияқты, олардың да істерін әңгіме қылған. Одан хайуандар турасындағы ертегілер шыққан. Онан бері келе, хайуандар тіршілік еткенмен нақ адамша ойласып, сөйлесіп, кеңес етпейтіндігіне көз жеткендігінен кейін мақұлықтар турасындағы ертегілер өтірікке саналып, бірте бірте жоғалып, тек мысалдар қалған , - деген тұжырымын негізге аламыз.
Халық ертегісінде жыртқыш аңдардың әр қайсысына лайықты мінездеме береді. Арыстан - асқан күштің, зорлықтың, қасқыр - қомағайлық пен қорқаулықтың иесі болып кейіптеледі. Ал түлкі - айла мен аярлықтың, бірді бірге соғып, пайдасын тауып жүрген қу, өзінен басқаға дұшпандық жасаушы, сырттай дос, іштей қас болып келеді. Айналасындағы аң атаулыны алдаушы да, өсек таратып күндеуші де, жоқ жерде пәле бастаушы да - түлкі. Бұлармен қатар, қазақ ертегілерінде ожарлық, аңқаулық кескінімен аю жүреді. Жұрттың бәріне мазақ, күлкі ретінде маймыл қатысады. Мәселен, Маймыл мен түлкі, Түлкі мен бөдене, Түлкі, тасбақа, кене, Түлкі, аю, қойшы т.б. ертегілер.
Осы ертегі тәріздес өзімізге таныс қазақ мысалдарында да түлкі - қулық, айлакерліктің, қасқыр - қатыгез, қарақшылықтың, мысық - жалқаулықтың, есек - ақымақтықтың т.б. қызметін атқарады.
Шынында да, мысал жанры қазақ халқының ойлау өрісінің дамуымен, сана эволюциясымен тығыз байланысты, айналадағы тіршілік иелерін танып білумен қатар, олардың айрықша қасиеттерін айқындап, адамды бейнелеудегі олардың түрлі мінезін әр қилы іс-қылықтарын тұспалдап көрсетуде шебер пайдалана білген. Әрқашан сөзге ұста қазақ халқы осы мәндегі астарлы әңгіме туғызып оған мысал деп айдар таққан.
Осындай арғы тегі хайуанаттар жайлы ертегіден өрбіп, өріс алған мысал жанры көбінесе, нақтылай айтсақ, оның бір тармағы мысал ертегілер апалог деп зерттеушілер тарапынан анықтамаға ие болып жүр. ХІХ ғасырға дейін апалог және мысал бір-біріне синоним ретінде қолданылған. Апалог көбінесе қара сөзбен жазылады. Ішінара өлең сөздері кездескенімен, өлең түріндегі апалогтар біздің әдебиетімізде тек жазбаша түрде кең дамыған. Ал өлең үріндегі апалогтың жеке жанр ретінде толық қалыптасуын ғалым С. Қасқабасов ХІХ-ХХ ғасыр әдебиетінің жедел дамуы мысал жанрын әдеби арнаға бағыттады деп түсіндіреді.
Мысалдың басты мақсаты - адам баласының бойына жақсы, ізгілікті қасиеттерді сіңіру, терең ғибрат пен тәлім өнеге беру. Мәселен, ақын, сатирик Асқар Тоқмағамбетовтың Бидай мен қаңбақ мысалын алып көрейік. Мысалдың мәні-адам бойындағы міншіл, күншіл қасиеттерді болдырмау, еңбекке жақын болып, қоғамға пайдалы болуды насихаттау. Осы ретте, мысал кейіпкерлері бидай мен қаңбақтың диалогі беріліп, екеуінің өздерінің қасиеттерін санамалап, кімнің мағыналы өмір кешіп жатқаны сарапқа салынады. Қаңбақ:
Ашып айтсақ дұрысын,
Осы қай тұрысың?
Жүрмейсің, кірмейсің, кезбейсің.
Не бар, не жоқты да сезбейсің.
Көктемде шығып.
Күз болса бұғып,
Бастарың салбырап,
Тұрғандардың маужырап,-
Деген күншіл қаңбақ бидайды сөгіп, өзінің таяз ойының таразысына салады. Өзін асқақ Өзін асқақ ұстап, жөнсіз әрекет тірлігін дәріптейді:
Мен болсам міне,
Күні мен түні
Ұшарымды жел біліп,
Қонарымды сай біліп,
Сайран салып жүргенім,
Қызық өмір сүргенім.
Қаңбақтың бұл есірген мінезіне шыдамаған бидай оны ащы сөзбен түйрей жөнеледі:
Ашып айтсақ дұрысын,
Осы қай жүрісің?
Белгілі тұрағың жоқ,
Бас түгіл құлағың жоқ.
Қаңғырған қаңбақсың,
кімге пана болмақсың?
Бидай өздерінің дән мен әнге, бақ пен даңққа, ерлік пен жеңіске толы мағыналы өмірін қарсы уәж етеді. Қаңбақ пен бидай дауының дұрыстығын саралауды ақын оқырманның өздеріне салмақтауды тапсырады. Осы мысалы талдауда жиі қолданылатын рөлге бөліп оқыту арқылы, мұғалім оқушылардың адамның мінез-құлқы, кәсібі, іскерлігі туралы пікірлерін ашық айтуға бейімдейді. Ол үшін мынадай сұрақтар қоюға болады:
Бидай мен қаңбақтың таласынан не түсіндіңдер?
Қаңбақ секілді өмір сүруді дағды еткен адам кездесе ме?
Сәнді, абыройлы өмір сүру дегенді қалай түсінесің?
Өмірдің мағынасы неде?
Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер келтіріп мәнін ашқызуға болады. Мысалы: Кәсіп, кәсіп түбі - нәсіп, Ердің атын - еңбек шығарады, Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес. Осыдан соң, мысалда кездесетін астарлы ой, ишарат мағынаның ерекшелігін ашып, мәтіннен дәлел келтіреді.
Қорыта айтқанда, мысалдың бірінші қызметі - тәрбие беру, содан кейін танымдық. Сондықтан баланың бүкіл ықыласы мен ынтасын жас кезінен бастап еңбексүйгіштік қасиетті бағалай білуіне аударуымыз керек. Ал осы терең мағыналы халық шығармалары арқылы жүзеге асады.
Мысалдарды оқыту барысында мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі:
1) Мысалдарды оқыту алдындағы дайындық жұмысы. Мысалды оқудан бұрын алдын-ала дайындық жұмыс жүргізіледі. Дайындық әңгіме оқиғасын оқылатын мысалға байланысты болуы керек.
2) Түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру. Оқулықта ертегі мен мысал ішінде кездесетін кейбір қиын сездердің алдын-ала түсіндіру қажет. Бірақ мағынасын түсінуге ауырлық етеді-ау деп ойға алған сөздердің барлығын тізіп алып, шетінен түсіндіре беру керек деген ұғым тумасқа тиіс. Оқуға дайындық кезінде мысалды жалпы мәнін ұғынуға қиындық келтіретін сөздер ғана іріктеліп алынады.
3) Суреттерді қарау. Мысалдың мазмұнына сай суреттер берілсе, оларды
оқуға дайындық кезеңінде пайдалануға болады. Мұнда есте болатын жай -
оқулықта берілген суреттерді алдын-ала көрсетіп, оқылатын мысалдың
мазмұнын айтып қоюға болмайды. Ол суреттер мысалды оқуға дайындау
үшін емес, мысалды оқып шыққан соң немесе оқу барысында оның мазмұны
жөніндегі түсінікті тереңдете түсу үшін беріледі.
4) Мысалмен танысу. Дайындық кезеңі біткеннен кейін балалар
мысалмен мазмұнымен таныстырылады. Мұнда мұғалім ауызша айтып береді.
Мысалдың мазмұнын айтқанда тыңдаушының көкейіне қондырып, санасына
жеткізу үшін, ал нақышына келтіре үлкен шабытпен айтылуы тиіс.
Бала психологиясының нәзік сырларын жете білген атақты кеңес педагогы А.С.Макаренко баланың жан-жүйесіне әсер етуде дауыс ырғағының ерекше маңызы бар екенін көрсеткен болатын. Ұлы педагог: Егер менімен жұрт тек бір қалыпты дауыспен сөйлесетін болса, мен бір жылдан кейін дарға асылып өлер едім - деп, дауыс ырғағына өзінің қаншалықты мән беретінін білдіре келе: қайткенде де сіздің сөзіңізден еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің ерекшелігіңізді сезіне алатындай болсын - деп көрсетеді.
Балаларға нақышына келтіре сөйлеген сөздің өзі теңдесі жоқ әсер ететіні, олардың есту сезімін дамытып, санасын оятатыны, ертегінің психикалық мәнін түсінуге мүмкіндік беретіні жөнінде әдістемелік әдебиеттерде айтылады.
Мысалмен танысқаннан кейін оқыту жұмысы жұргізіледі. Оны кейде мұғалім өзі оқып көрсетеді, кейде мәнерлеп жақсы оқитын оқушыға оқытады. Оқығаннан кейін бөлімге бөліп, әр бөлімге ат қоюға, жоспар жасатуға болады. Мұғалім бағыт беруі керек.
5) Мысалды оқыту барысында біз баланы дұрыс белгілі бір дәрежеде шапшаң оқытуға жаттықтырамыз. Кей жағдайда ертегіні шапшаң оқимын деп, өзінің мөлшерлі оқу қарқынынан шығып кетіп, қателер жіберуі мүмкін. Сондықтан шапшаң оқытамын деп, дұрыс оқудың ережесін бұзбауын сақтықпен қадағалаған жөн.
Мысалды дұрыс, мәнерлеп рөлге оқу дегеніміз - сазына келтірген оқу деген сөз. Бұл, ең алдымен, сөздерін дұрыс оқу, түсініп оқу және белгілі дәрежеде жылдам оқу шарттарын сақтап окуды талап етеді. Оқушылар осы шарттарды толық орындап, оқу жылдамдығын меңгергенде ғана ертегіні келістіріп, мәнерлеп оқи алатын болады. Мысал немесе ертегіні болсын мәнерлеп оқи білу оқушылардың оқығанын дұрыс ұғуға, түсініп оқуға машықтандырады.
Мұғалімнің басшылығымен оқушылар кіші жанр түрлерін мәнерлеп оқып дағдыланады. Оқылатын шығармаға байланысты мүмкіндігінше оқу түрлерін таңдап, сұрыптап, ойластыра отырып ала білсек, сабақ бір сарынды болмай оқушының сабаққа қызығушылығын, оқу машығының арттары сөзсіз деп ойлаймыз. Оқу кезінде алған білім-дағдылары олардың тіл мәдениетін арттырып, сөзін мазмұнды, мәнерлі етіп сөйлеуге үйретеді.
6) Мысалды рөлмен оқу балалардың жаңа сабаққа қызығушылығын
арттырып, кейіпкер бейнесін дұрыс суреттеуге жәрдемдеседі. Ол үшін
мұғалім сыныпта бір-екі рет қалай оқу керектігін көрсетеді. Содан кейін
балаларға роль бөлініп беріледі. Әрбір оқушы өз ролін оқығанда ертегінің
тұтас қалпында қандай дауыспен, үнмен оқылуына сәйкес ой екпін, кідіріс,
дауыс ырғағы сияқты мәселелерді қарастырады. Осы айтылған жұмыстар
мүлтіксіз орындалса, оқушылардың рольмен келістіріп оқуы дұрыс шығуы
сөзсіз. Мұндай оқу оқып тұрғандар үшін де, тыңдаушылар үшін де пайдалы.
Кей жағдайда оқылатын ертегі мазмұнына байланысты хорға қосылып оқуға
да болады. Хорға қосылып оқуды да мұғалім өзі үйретуі қажет. Мысалды былай оқытудың бұл түрі де сабақтың мазмұнды өткізілуіне көмектеседі. Оқылатын ертегі өзінің мазмұнына, құрылыс ерекшеліктеріне қарай оқушыларға бөлініп беріледі. Ертегінің бір жерін жеке оқушылар, екінші жерін бір топ оқушы, үшінші жерін барлық оқушы қосылып оқуы мүмкін. Демек, хорға қосылып оқу ертегі мәтініне қарай түрлі-түрлі болуы ықтимал. Ертегінің қай жерін дара, хормен, қандай дауыспен оқу керектігі үйретіледі.
7) Мысал кейіпкерлеріне мінездеме беру. Қандай мысалдың болса да
кейіпкері болады. Сол кейіпкерге мінездеме беру мысалдың тәрбиелік мәнін
аңғартуға көмектеседі. Кейіпкерге талдау бергенде, мазмұндау мен
мінездемені шатастыруға болмайды. Мазмұн желісінде оқиғаның мәтін реті
бойынша әңгімеленеді. Ал мінездеме топшылау, бағалаудың элементі
болады. Онда оқиғаның реті сақталмайды, кейіпкердің мінезі логикалық
байланыс арқылы сұрыпталынып, әлденеше белгілерге бөлініп, кейде
салыстырыла баяндалады.
Мінездеменің өзі дара, салыстырмалы және топтамалы болып үш формада жасалады. Дара мінездеме жасау бастауыш форма болуға тиіс. Жеке кейіпкерге мінездеме жасап үйренген соң балалар оларды салыстырады, топтайды, жіктейді. Сондықтан мінездеме жеңілден (дарадан) бастап, сол дағдыны жетілдіре отырып қана күрделі (сапыстырмалы) мінездемелерге көшуге болады.
Дара мінездемеге мұғалім әуелі өзі жасаған жоспармен балаларға мінездеме жасатады. Төменгі сыныптарда қарапайым мінездеме - мінез-құлқы мен істеріне, реніші мен қуанышына, өздерін қоршаған ортаға көз қарастарын талдау нәтижесінде ертегінің кейіпкерін қандай екенін ажыратады.
8) Мысалдың көркемдік қасиетін таныту. Балаларды мысалдың қарапайым, жеңіл тіліне, бейнелі сөз тіркестеріне көңіл аударып, аңғартып отыруын қадағалаған жөн. Мұғалім талдануға тиіс сөздер мен ұғымдарды іріктеп алып түсіндіреді. Кейде суреттеу құралын пайдалануға болады.
9) Оқылған мысал бойынша қорытынды әңгіме. Көлемі қандай мысал
болса да окушылардың тілін дамыту мақсатымен ауызша мазмұндату
қорытынды әңгіме мақсаты жүргізіледі. Бұл тек тіл дамыту ғана емес ертегіні
оқу, мазмұнын ұғу мақсаттары көзделеді. Ауызша мазмұндау бірнеше түрге
бөлінеді: толық мазмұндау, қысқартып мазмұндау.
10) Мысалдың мазмұнын ашу, талқылау мақсатына қойылатын сұраулар
оқушылардың ертегіні тереңірек, саналы меңгерулеріне жәрдемі тиетін,
оқылған ертегінің мазмұнын толық қамтитындай жүйелі түрде
ойластырылған, негізгі түйініне көңіл аударатындай шағын қорытынды
сұрау болуы қажет. Яғни әңгіме қызу жүру үшін сұраулар ұсақталмай,
балаларды ойлануға мәжбүр ететіндей, ертегідегі бірнеше оқиғаны бірақ
қамтитындай, тұжырымды, бір-бірін толықтыратын болуға тиіс. Жақты
ауысытырып әңгімелеу ертегіні тереңірек меңгеруге мүмкіндік туғызса,
екіншіден, өз беттерімен ойланып жұмыс істеуге талпындырады. Мұнда
ертегі кімнің атынан баяндалса, өзін соның орнына қойып айтуы тиіс. Бұл
жұмыс ертегінің мазмұны мен оқиға желісін толық меңгерсе ғана іске асады.
Мектепте өтілетін идеялық мағынасы - моральға ататын мәселелердің бірі туралы үгіт айту, насихаттау, жақсылықтан үлгі-өнеге, ғибрат алу, жамандықтан безу, жирену. Мысалдан шығатын қорытынды пікір, идея автордың немесе кейіпкерлердің сөзі арқылы, не мысалдың тұтас мазмұны арқылы беріледі. Сондықтан алдымен өтілгелі тұрған мысалдың идеялық мағынасы осы үш жолдың қайсысы арқылы айқындалып тұрғаны анықталады. Осыған орай әрбір мысалдың идеялық мағынасын ашуға лайықты әдіс-амалдар қолданылады. Егерде мысалдың идеялық мазмұны автордың сөзі арқылы айқындалып тұрса, ол уақытта оқушыларға: Жазушы осы мысалда суреттеліп отырған оқиға туралы не деп отыр? Немесе автор мысалдарға кейіпкерлер жайында не айтып отыр? деген сияқты сұрақтар қойылады.
Мысалы, жазушының:
Қайтсын қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де билей бер!
(И.Крылов, Шегіртке мен құмырсқа)
деген сөзін қалай түсінуге болады? Шегіртке мен құмырсқаның қайсысының сөздері мен істері орынды, қайсысынікі орынсыз?
Егерде мысалдың идеялық мағынасы қатысушы кейіпкерлердің біреуінің сөзі арқылы берілсе, ол уақытта оқушыларға мысалда не нәрсе айтылғаны, оның дұрыс не бұрыстығы туралы сұрақтар қойылады. Мәселен, Бидай мен қаңбақ (А.Тоқмағамбетов) мысалын өтуге байланысты бидайдың:
Қаңғырған қаңбақсың,
Кімге тұлға болмақсың?..
деген сөзін қалай түсінуге болады? Оның бұлай деуі орынды ма? деген сөздерін іздендіретін сұрақ қойылып, оған Бидайдың қаңбаққа айтқан бұл сөзінен осы мысал өлеңнің идеялық мағынасы ашылып тұр. Демек, бидайдың қаңбаққа былай деп айтуы дұрыс, орынды деген жауап алыну керек.
Егер мысалдың негізгі идеялық мағынасы қатысушы кейіпкерлердің мінез-құлқы, ісі арқылы айқындалып тұрса, ол уақытта оларға дара немесе салыстырмалы түрде мінездеме жасалады. Мәселен, Шегіртке мен құмырсқа мысалындағы кейіпкерлерге осындай мінездемелер беріледі. Сондай-ақ, бұл мысалда кейіпкерлер мен шығарманың идеялық мағынасы арасындағы қарым-қатынастың қандай екені бірден көрінеді.
Жапырақтар мен тамырлар (И.А.Крылов) мысал өлеңінің соңғы шумағында:
Жаз сайын жапырақтар жаңарады,
Егерде десек тамыр суалады.
Болмаймыз біржолата сіз де, ағаш та
Қопарыла құлауға қуарады...
деген идея екі кейіпкерді, яғни жапырақтар мен тамырларды салыстырғанда айқындалады.
Бұл мысалдан автордың өмір шындығына қарым-қатынысының қандай екені де байқалады: мысалдың идеясын ашуда бұл мәселенің де мәні бар. Автор жапырақтардың мінез-құлқына, ісіне наразылық білдіреді, ажуалайды. Сөйтіп, жазушы өз заманындағы ақиқат шындықтың бет пердесін ашады.
Мысал өлең IV-VI класс оқушыларына кейіпкерлердің өзіне тән мінез, сипат ерекшелігін таныта отырып, жеңіл түрде көркемдік түйін туралы ұғым беруге де қолайлы. Өйткені ондағы қаһармандардың кейіпі, мінез-құлқы оқушылардың түсінуіне жеңіл және олардың ерекшелік жақтарын жинақтап көрсетуге мүмкіндік береді.
Мысалдарда бейнеленген мінез-құлықтар мен істер кейде басқа шығармаларда да суреттеліп, белгілі бір тұрмыста, қоғамдық ортада көрсетіледі. Мұндай ретте мысал өлең мен сол шығарма оқиғасының ұқсастығы жақтарынан өзара салыстырылады. Кейде мысалдарда кездесетін қанатты, ұтымды сөз, сөйлемдер мен ұғымдар оқушылардың өз өмірінде кездесетін, болатын оқиға жайттарға қолдана білуге үйретеді.
Өзі қаңбақ болсың,
Онда қайдан салмақ болсын?..
Дұрысын айтқан
Бидай ма, қаңбақ па?
Оны өздерің салмақта...
деген сияқты өрнекті сөз, сөйлемдердің қолдану үшін керекті кейбір фактілерді кейде мектеп тұрмысынан да, оқушылар өмірінен де кездестіруге болады.
Мысал өлеңдер автор мен кейіпкерлер сөздерінің мәнін шын, идеясын ұғуға жәрдем етеді. Өйткені мысалдың идеялық мағынасы тек қана кейіпкерлердің ісі, мінез-құлқы, айналаға қарым-қатынасы арқылы ғана емес, олардың сөйлеген сөздері арқылы да көрініп тұрады. Крылов әрбір қаһарманды өзінің ісіне, мінез-құлқына лайықты тілмен сөйлетеді. Мәселен, есектің бұлбұлға:
Іш пыспай-ақ тыңдарлық бар екенсің,
Әттеген-ай, білмейсің әтешті өзің.
деген сөзі оның топастығын, надандығын көрсетіп тұр. Бұл мысалдың менмендік пен надандықты әшкерелеу сияқты негізгі идеясымен қоштасып жатыр. Сонымен қатар мысал өлең оқушылардың сөздік жұмысына да үлкен пайда келтіреді. Қашаннан бері халық тілінде қалыптасып қалған өткір, дәл айтылатын сөздер мен ұғымдарды үйренуге көмектеседі.
Мысал өлеңдер - оқушыларды дара түрде де, рольмен де, хормен де мәнерлетіп, жаттықтыруға қолайлы материалдардың бірі. Мысалдағы айқын бейнелер, оқиғаның диалог түрінде баяндалуы, дауыс ырғағын, мағыналық екпіндер мен кідірістерді қалай сақтап қалу керектігін үйретуге мүмкіндік береді. Сөйтіп келгенде, мысал өлеңдер оқушылардың өмір құбылысын кеңінен тани білу ісіне көмек етеді. Сондықтан да оқушылар үшін мысалдың білімдік-тәрбиелік мәні өте зор.

Мысал жанрын оқытудың инновациялық жолдары

Білім беру мазмұнына зер салсақ, күн сайын жаңа толықтырулар мен жаңа өзгерістер орын алуда. Бұл өзгерістер қазақ əдебиетін оқыту əдістемесіне де өз ықпалын əкелуде. Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі жаңа технологиялар мен жаңа оқыту əдіс-тəсілдерімен ерекшеленеді. Бүгінгі таңда қазақ əдебиетін оқытудағы басты міндеттердің бірі - адамды зерттеу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЫСАЛ ЖАНРЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрын оқыту
Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының маңыздылығы мен оның зерттелу жолы
Әңгіме жанрын оқытудың негізгі әдістері
Мектеп бағдарламасында әдеби-терминдердің берілуі
Ертегілер мен мысал жанрын оқыту әдістемесі
Эпикалық шығармаларды оқыту
Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуы
Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанры
Бастауыш сыныптарда мысалдарды оқыту
Пәндер