Электр энергетикасы


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
М. Дауленов атындағы орта мектеп
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Электр энергетикасы
Орындаған: Чакеева Ақбөпе
11 - сынып оқушысы
Тексерген: Байғожина Салтанат
Зайсан қаласы, 2014 жыл
Тақырыбы: Электр энергетикасы.
Жоспар.
- Электр энергетикасы.
- Қазақстан электр энергетикасының дамуының негiзгi кезеңдері.
- Алғашқы электр станциясылары.
- Қазақстан Республикасының электр энергетикасың секторлары.
- Электр энергиясын өндіру секторы.
- Электр энергиясың негізгі өндірушілері.
- Жел электр станциясы. ( Қордай ЖЭС)
- Су электр станцияссы. (Бұқтырма СЭС)
I. Электр энергетикасы.
Электр энергетикасы - энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті - электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру.
Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі.
Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі - оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болаты.
II. Қазақстан электр энергетикасының дамуының негiзгi кезеңдері.
Жалпы электр станциялары қуатының артуына, электр қуатының өндiрiлуiне, экономиканы электрлендiру деңгейiне жасалған талдау негiзiнде кеңестiк дәуiрдегi Қазақстан электр энергетикасының даму жолын негiзгi үш кезеңге бөлуге болады:
Бiрiншi кезең 1918 - 45 жылдарды қамтиды, бұл кезеңде сол уақыттың өлшемi бойынша iрi электр станциялары салынып, алғашқы энергетикалық тораптар пайда болды.
Екiншi кезеңде (1946 - 58 ж. ) аймақтық электр станцияларында электр қуатын бiр орталықтан өндiру күрт артты, алғашқы энергетикалық жүйелер құрылды.
Үшiншi кезеңде (1959 - 90 ж. ) республиканың энергетикалық базасы жедел қарқынмен дамып, аймақтық энергетикалық жүйе қалыптасты.
Сөйтiп, Қазақстан өзiнiң электр қуаты жөнiндегi мұқтаждарын толық қамтамасыз ететiн әрi оны өзге елдерге шығаратын ахуалға жеттi. Бұл кезеңде Алматыда, Қарағандыда, Петропавлда, Жамбылда, Шымкентте, Павлодарда iрi аймақтық су электр станциялары (АСЭС) салынды. Ертiс өзенінде Өскемен және Бұқтарма су электр станциялары (СЭС), Iледе Қапшағай СЭС-i жұмыс iстедi. Аса iрi Ақсу АСЭС-ы Екiбастұз кенiшiнiң арзан көмiрiн пайдаланды. 1990 ж. КСРО экономикасының құлдырауы қарсаңында республика электр станцияларының қуаты 18 млн. кВт-тан асты, ал Қазақстанның жалпы электр энергиясын тұтынуы 104, 8 млрд. кВт/сағатты құрады, оның 87, 4 кВт/сағаты меншiктi электр станцияларында өндiрiлдi. 1990 ж республикада 131, 5 млн. т көмiр, 25, 5 млн. т мұнай мен газ конденсаты және 6, 8 млрд. м3 газ өндiрiлдi. Өндiрiлген көмiр мен мұнайдың едәуiр бөлiгi республикадан тысқары шығарылды. 1990 ж. басқа елдерге 10 млн. т кокстелетiн және 46, 6 млн. т энергет. көмiр (42, 9%), 21 млн. т мұнай мен газ конденсаты (82, 4%) шығарылды. Республиканың отын балансындағы газдың үлесi 15% болды. 1990 ж. республиканың ұлттық табысындағы үлестi энергия сыйымдылығы 1 сомға шаққанда 4, 01 кг болды, мұның өзi өзге одақтас республикалармен салыстырғанда 28%-ға көп. Қазақстан электр энергетикасы 1991 жылдан дағдарысты жағдайды бастан кешiрдi. Республиканың қолданыстағы энергетикалық қуаты 1990 жылдың басында 17000 мВт-қа жуық болса, 1998 ж. ортасына қарай бұл қуат 1 мВт-қа дейiн қысқарды. 2000 жылдың қорытындысы бойынша электр қуатын тұтыну көрсеткiшi 8560 мВт-қа дейiн төмендедi. Қазақстан энергия өндiрушi қуаттардың тапшылығы және артық электр қуаты бар аймақтардан оны жеткiзе алатын электр желiсiнiң жоқтығы себептi оңтүстік және батыс аймақтар үшiн электр қуатын сырттан алды. ҚР Үкiметi 1996 ж. электр энергетикасының қуат өндiрушi және электр тораптары активтерiне мемлекеттік монополияны реформалау, сөйтiп электр қуатының бәсекелi рыногiн жасау қажеттiгi туралы шешiм қабылдады. Осы мақсатта электр энергетикасын құрылымдық жағынан қайта құрудың үкiметтiк бағдарламасы әзiрлендi. Бұл бағдарламаны iске асыру электр энергетикасының бәсекелi бөлiгiн (электр қуатын өндiру және оны тұтыну) табиғи монополистерден ажыратып алу (электр энергиясын беру және бөлу) қамтамасыз етiлдi. Iрi электр ст-лары (МАЭС) инвесторларға сатылды, ал аймақтық жылу электр станциялары (ЖЭО) жергiлiктi басқару органдарының меншiгiне берiлдi. 1120, 500 және 220 кВ кернеулi негiзгi тораптардың активтерi негiзiнде Электр тораптарын басқару жөнiндегi қазақстандық компания («КЕGOC» ААҚ), 110 - 35, 6 - 10 және 0, 4 кВ кернеулi аймақтық электр тораптары негiзiнде бөлу электр тораптық акционерлік компаниялары (АЭК АҚ) құрылды.
III. Алғашқы электр станциясылары.
Кеңестiк билiк дәуiрiне дейiнгi кезеңде өндiргiш күштердiң даму деңгейi төмен болуы себептi оның энергетикалық базасы Қазақстанда тым кенже қалды. Деректер бойынша, қазақ жерiнде барлық электр станциялардың қуаты 2, 5 мың кВт/сағ-тан аспаған, оларда жылына 1, 3 млн. кВт/сағ электр қуаты өндiрiлген.
Кен кәсiпорындарына қызмет көрсету үшiн ұсақ локомобильдi немесе екi тактiлi мұнай электр станциялары қолданылған. Успенск сияқты кенiштiң барлық электр қуаты 32 кВт болған, ал Спасск зауытында 455 кВт-тан аспаған. Тек 6 қалада ғана қуаты шағын қалалық электр станциялары болған.
Қарағанды алабындағы таскөмiр кенiшiнен алғаш көмiр өндiру 1856 ж. басталғанымен Қазақстанда отын өнеркәсiбi де нашар дамыды. 1917 жылға Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде мұнда 1182 мың т көмiр өндiрiлдi. Ленгiр қоңыр көмiр кенiшiн (1869 жылдан), Екiбастұз тас көмiр кенiшiн (1898 жылдан) және басқа кенiштердi қосқанда Қазақстанда төңкерiске дейiнгi 67 жылда 1, 6 млн. т көмiр өндiрiлген. 1900 - 18 ж. Ембi мұнай кенiшiнен 1377 т мұнай, соның iшiнде Доссор кенiшiнде (1911 жылдан) 1332 т мұнай өндiрiлген.
Кеңестiк дәуiрдiң бас кезiнде қабылданған ГОЭЛРО жоспарының (1920) елдi электрлендiрудегi экономикалық және саяси мәнi зор болды. Бұл жоспардың Қазақстанға да тiкелей қатысы бар. Онда Сiбiр темір жолы бойындағы iрi сауда-өнеркәсiп орталықтарының қатарында Петропавлды, Ертiс өзенінiң бойындағы Павлодар ауданын бiрiншi кезекте, ал Дала өлкесiн екiншi кезекте электрлендiру, Павлодарда қуаты 15 мың кВт электр станцияларын салу межеленген. Осы жоспарға сай 1925 ж. Қарсақбай электр станцияларының құрылысы басталып, 1928 ж. мұнда мыс қорыту зауыты iске қосылды. Осы жылы Жоғ. Харуиз СЭС-i пайдалануға берiлiп, соның негiзiнде Риддер қорғасын зауыты iске қосылды.
1925 - 26 ж. Доссорда мұнайдың 41, 2%-ы, Мақатта 87, 8%-ы электр қуатын қолдана отырып өндiрiлдi. Осы жылдары мұнай оқпандарын бұрғылау және мұнайды барлау үшiн КСРО-да тұңғыш рет электр қуаты қолданылды. Қазақстандағы отын-энергетика қорларды iздестiру жұмыстарының нәтижесiнде көмiр мен мұнайдың iрi кенiштерi табылды. Қазбалы отын қорлары бойынша Қазақстан Кеңес Одағында екiншi орынға шықты.
IV. Қазақстан Республикасының электр энергетикасың секторлары.
Қазақстанда электр энергиясын өндіруді меншік нысаны әр түрлі 63 электр станциясы жүзеге асырады. Қазақстан электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 18 992, 7 МВт-ты, мүмкіндігі - 14 558, 0 МВт-ты құрайды. Электр станциялары ұлттық маңызы бар электр станциялары, өнеркәсіптік мақсаттағы электр станциялары және өңірлік мақсаттағы электр станциялары деп бөлінеді. Ұлттық маңызы бар электр станцияларын электр энергиясын өндіруді және Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығында тұтынушыларға сатуды қамтамасыз ететін ірі жылу электр станциясы жатады:
- «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС;
- «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ;
- «Еуразия Энергетика Корпорациясы» АҚ (Аксу МАЭС) ;
- «Қазақмыс корпорациясы» МАЭС» ЖШС;
- «Жамбыл МАЭС» АҚ;
сондай-ақ қосымша және ҚР БЭЖ жүктеме кестесін реттеуге пайдаланылатын қуаты күшті электр станциялары:
- «Қазцинк» АҚ Бұқтырма МЭК;
- «AES Өскемен ГЭС» ЖШС;
- «AES Шульба ГЭС» ЖШС.
Өнеркәсіптік мақсаттағы электр станцияларына электр және жылу энергиясын қатар өндіретін ЖЭО жатады, олар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жақын орналасқан елді мекендерді электрмен және жылумен жабдықтайды:
- ЖЭО-3 «Қарағанды-Жылу ЖШС;
- ЖЭО ПВС, ЖЭО-2 «Арселор Миттал Теміртау» АҚ;
- Рудненский ЖЭО («ССГПО» АҚ) ;
- Балқаш ЖЭО, Жезқазған ЖЭО «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС;
- Павлодар ЖЭО-1 «Қазақстан алюминийі» АҚ;
- Шымкент ЖЭО-1, 2 («Оңтүстікполиметал» АҚ) және тағы басқа.
Өңірлік мақсаттағы электр станциялар - бұл аумақпен біріктірілген, өңірлік электр тораптық компаниялар мен энергия жеткізуші ұйымдардың торабы бойынша электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын және жақын орналасқан қалаларды жылумен жабдықтайтын ЖЭО.
V. Электр энергиясын өндіру секторы.
- электр энергиясын өндіру;
- электр энергиясын жеткізу;
- электр энергиясымен жабдықтау;
- электр энергиясын тұтыну;
- электр энергетикасы саласындағы өзге де қызмет.
VI. Электр энергиясың негізгі өндірушілері.
- Жел электр станциясы.
Жел энергетикасы - жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын энергетиканың саласы.
Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергия-сы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады. Республикамыздың барлық өңірлерінде жел қуаты жеткілікті. Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылықтары көп.
Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады. Жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет. Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймақтарында су электр стансалары мен жел электр стансаларын біріктіріп электр энергиясын өндіру өте тиімді. Қыс айларында жел күші көбейсе, жаз айларында азаяды, ал су керісінше, қыс айларында азайса, жаз айларында көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға болады.
Алматы облысының Қытаймен шекаралас аймағындағы 40-ендікте, Еуразия мегабассейніндегі орасан зор ауа массасының көлемі ауысатын - Орталық Азиядағы «жел полюсі» деп аталатын Жетісу қақпасындағы желдің қуаты мол. Ол екі таудың ең тар жеріндегі (ені 10 - 12 км, ұзындығы 80 км) табиғи «аэродинамикалық құбыр» болып табылады. Қақпа Қазақстанның Балқаш - Алакөл ойпатын Қытайдың Ебінұр ойпатымен жалғастырады. Осы жердегі жел ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде оның электр энергиясын өндіруге өте тиімді екені анықталды. Қыс кезінде желдің соғатын бағыты оңтүстік, оңтүстік-шығыстан болса, жаз айларында солтүстік, солтүстік-батыстан соғады.
Желдің орташа жылдамдығы 6, 8 - 7, 8 м/с, ал жел электр стансалары 4 - 5 м/с-тен бастап энергия бере бастайды. Желдің қарама-қарсы бағытқа өзгеруі сирек болуына байланысты мұнда турбиналы ротор типті жел қондырғысын орнату тиімді. Желдің жалпы қуаты 5000 МВт-тан астам деп болжануда. Бұл өте зор энергия көзі, әрі көмір мен мұнайды, газды үнемдеуге, сонымен қатар қоршаған ортаны ластанудан сақтап қалуға мүмкіндік береді .
Қордай ЖЭС
Жамбыл облысының Қордай ауданында бірінші жел электр станциясы қолданысқа енгізілді.
«Изен Су» қазақстан компаниясының инвесторлары осы жобаға 370 млн теңге салған. Енді оның жұмыс істеуі үшін көп шығын кетпейді, өйткені станция жел энергиясымен жұмыс істейді, әрі ол жерде тек қана 10 адам қызмет етеді», - деді мекемеде.
Әкімдіктің мәліметінше, Қордай ЖЭС-нің қуаты қазір 1, 5 мың КВт құрайды, бірақ инвестор оның қуатын 10 МВт дейін көтеруді жоспарлауда.
«Бұл жоба Жамбыл облысы әкімдігінің осы өңірде отандық және шетелдiк инвесторлар үшiн тартымды инвестициялық ахуал жасауға белсенді қолдау көрсеткенінің арқасында жүзеге асты. Бірер жылда энергия көздерінен жалпы қуаты 60 МВт құрайтын нысандарды жаңғырту құрылыстары бойынша 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінде.
- Су электр станцияссы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz