Қой қазақ ұғымындағы өте қасиетті мал
ҚР ОҚУ - АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
ОРАЛ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ
№20 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ КММ
Автор: Марат Назерке
ҚҰНДЫЛЫҚҚА ТОЛЫ - КӘРІ ЖІЛІК
Секциясы: Этномәдениеттану
Жетекшісі: Габдуалиева Зарифа Гарифуллаевна
Орал, 2022 жыл
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе
1. ҚҰНДЫЛЫҚҚА ТОЛЫ - КӘРІ ЖІЛІК
1.2. АТА-БАБА МҰРАСЫ - ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. ТІЛ ЖЕТКІЗБЕГЕНДІ ҮН ЖЕТКІЗЕДІ
2.2. КӘРІ ЖІЛІКТЕ ШАҢЫРАҚТЫҢ ҚҰТЫ БАР
2.3. ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
2.4. КӘРІ ЖІЛІК БЕЙНЕСІН СӨЗБЕН СОМДАҒАН - ПОЭЗИЯ
ІІІ. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3.1. САУАЛНАМА
3.2.ШАҢЫРАҚТЫҢ КИЕСІ КӘДЕСЫЙЫНЫҢ ЖАСАЛУ ТЕХНИКАСЫ
ІV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
VІ. ҚОСЫМША №1
VІІ. ҚОСЫМША №2
Аңдатпа
Жобаның мақсаты:
Рухани - мәдени құндылықтар мен дәстүрлерді дәріптеу арқылы Кәрі жіліктің құпиясын зерттеп, өз ойымыздағы Шаңырақтың киесі кәдесый макетін жасау және осы негізде арман-жобамызды құру.
Жобаның міндеттері:
1. Кәрі жіліктің философиясын ашуда аңыз-әңгімелер желісіне сүйеніп өз қиялымыздағы ертегі нұсқасын поэзия жанрында жариялау;
2. Кәрі жілікті босағаға ілудегі құндылықтың сырын ашып, өз ойымыздағы Шаңырақтың киесі атты кәдесый үлгісін жасау;
Жобаның өзектілігі:
Ұлы даланы мекен еткен, төрт түліктің өнімдерін сүйегіне дейін дәріптеген ата - бабамыздан қалған қолөнер туындысын жаңғырту, өз замандастарымызды сүйектен өнім жасауға, оның сырын танып білуге, үйренуге баулу, өнерге жақын бала ешқашан жамандыққа бармайтынын, ой-қиялының ұшқыр болатынын дәлелдеп, қазіргі кезде кейбір берекесі қашқан отбасын сақтап қалуға осы киелі кәдесыйдың құндылығын рухани жаңғыру бағдарламасымен үндестіру
Нәтижесі:
*Өнерлі болу - құндылықтың бастауы екенін түсінеді
*Қолөнер үйірмесінде сүйекпен жұмыс жасау техникасын түсініп, қызығып, жасап үйренеді.
*Демалыс күндерін тиімді пайдаланып, шеберлермен кездеседі
* Ескерткіш сыйлық ретінде кәдесый (сувенир) жасайды.
*Өнерге баулу - құндылықтың бастауы екенін түсініп, мәдениеті дамиды. *Отанға, еліне деген сүйіспеншілік қасиетін арттырады.
Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Зерттеу объектісі: Қазақ елінің ұлттық қолөнерінің сырын меңгеріп құпиясын жаңғырту, ата - бабамыздан келе жатқан қазынаны сақтап, өз қолымызбен жасаған кәдесыйдың құндылығын ұғындыру .
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: сараптау, ой қорыту, жалпылау, салыстыру, жинақтау және талдау.
І. Кіріспе
Атың барда жер таны желіп жүріп,
Асың барда ел таны беріп жүріп.
Ұлы дала перзенті - дана халқың,
Шығармаған тегін салт, тегін ғұрып-
деп, ата-бабамыздан бізге жеткен асыл мұраларды жаңғыртып, жариялау мақсатында Құндылыққа толы-кәрі жілік атты ғылыми жобаммен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Күнделікті өмірде әр нәрсеге таңдану арқылы түрлі ойлар пайда болады, сұрақтар туындайды.
Құпиясы көп, ерекше әдемі заттарды қызықтап, жасалуын, құпия-сырын білгіміз, көргіміз келіп тұрады.
Қазақ мәдениеті - ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Халық мұрасы, құндылығы этностық ерекшеліктерге байланысты дамып қалыптасқан. Бұл құндылық бізге аңыз-дастан арқылы жеткенін зерттеп, өз табиғатымызға жақын Көктен түскен көкқошқардың пірі - Шопан ата кәрі жілігінің құпиясы, адам өміріндегі маңызы, ерекшелігі Құндылыққа толы - кәрі жілік атты ғылыми жобаны таңдауымызға себеп болды.
Ұлттық құндылықты бойына ерте сіңірген жеке тұлға-еліміздің ертеңі
Қазақ халқы сонау замандардан бері мал шаруашылығымен айналысып келеді. Төрт түліктің сүті мен етін қорек етсе, жүнінен ішік, шәркей тігіп киетін болған. Халқымыздың басты тағамы да - ет. Қазақ ұлты мал сойған соң, жіліктеп, әр жілікке ат қойып, табақ тарту дәстүрін жасаған. Үйге келген қонаққа, жайылған дастархан басындағы әрбір адамның жасына, қадір-қасиетіне қарай табақ тартқан.
Қазақ мал сойғанда оны 12 жілікке бөлшектейді. Сол бөлшектердің бірі - кәрі жілік. Етті, өте мығым, оңайлықпен шағылмайтын қатты сүйек болғандықтан оны тұрмыстық дүниелерге пайдаланады.
Бабаларымыз төрт түлік мал бағып және малдың өнімдеріне аса құрметпен қараған. Ертеректе ас-ауқаты, әрі көлігі, әрі киімі болған қазақ үшін мал аса қымбат. Етін, сүтін, терісін пайдаланып қана қоймай, сүйегіне дейін пайдаланған. Малды тек пайдаланып қана қоймай, олардың бабын тауып бағып-күтудің де жай жапсарын, қасиетін, ерекшелігін өте жақсы білген.
Қой қазақ ұғымындағы өте қасиетті мал. Қой момын, жуас, асыл тұқымды мал. Қазақта Қойдың сүті - қорғасын, қойды қырған оңбасын - дейді. Сондықтан қойдың жүні де, терісі де, еті де, сорпасы да, майы да, сүйегі де, жүні де, тұяғы да - барлық нәрсесі кәдеге жарайтын, терісі құнға тұратын, бағаға келетін, өте асыл мал.
Қойдың сорпасын ішіп, сүйегін мүжіген адамның екі беті алмадай, қол аяғы балғадай болып 24 сағат қарны ашпайды, қызыл шырайлы, әдемі батыр болатыны тағы бар. Баяғы батырларымыздың бәрі сол қойдың сүтін ішіп өскен адамдар. Қойдың етінен, сүтінен жасалатын тағам таптырмайтын ас және емдік қасиеті ерекше екені әлемге аян. Сондықтан да балаларды еркелеткенде де қозым, қошақаным, қой аузынан шөп алмас момыным десе мінезіне қарай қойдай қоңыр, жылқыдай торы жігіт екен деп жатады. Сонымен бірге Қойға тас лақтырып бағуға болмайды - құт кетеді, ырыс қашады, адамның басындағы бағы кетеді деп ырымдайды.
Қойға топалаң деп қарғыс айтуға болмайды, егер айтса сөз арқылы жазылмас дерт, айықпас ауру содан болады деген де бар. Бұл ырымдар малды қадірлеуді білдіреді. Бағып, шөбін беріп, кезі келгенде ақ батаңмен сойып жесең бойыңа жұғымды болады, еңбек етсең ырысты болады дейді.
Қой бақтым,
қоңырау тақтым.
ешкі бақтым,
еңіреп бақтым - дегенде қойдың соншалықты жағымды, соншалықты адамға жақындылығы, төрт түлік малдың ішіндегі жуастығы, әдемілігі айтылса керек. Қойдың атасы - шопан ата, қой жылы-той жылы, табысты жыл деп, қасиетін ерекше бағалаған.
Бүгінгі жобама да себеп болған табиғатыма жақын төрт түлік малдың момыны Көктен түскен көкқошқардың пірі Шопан ата малының кәріжілігі туралы болмақ.
Бабаларымыз кәрі жілікті қаржілік деп те атаған. Бұлай аталуының себебі мынада: малдың қолындағы ең төменгі, жерге тік шаншылған, тоқбас жілікке тұтасатын жілік. Ол малдың алдыңғы кеуде бөлігін көтеріп, жерге табан тіреп таянақтау, кәрі жілік бұлшық еттері арқылы қолдың бүгіліп, жазылуына қозғаушы күш қалыптастырады. Әрі оның Қаржілік деп аталуы қолдың, білектің қарына ұқсатудан болса керек. Бұл жіліктің кәрі деп аталуы оның сыртқы тұрпатында болса керек. Сүйектің еңкейген қартқа ұқсайтындығына байланысты кәрі деп атау берілген. Кәрі жіліктің сыртқы тұрқы бүкірейген ақсақалды кісінің тұрқына ұқсаса, айдар басымен иіліп келген көрінісі бейне адырналы садаққа ұқсайды. Ол мал жіліктерінің ішіндегі ең қатты, шағылмайтын сүйек. Ондағы бұлшық еттер сіңірлі көрінгенімен, жегенде тым жұмсақ келеді.
Қазақта кәрі жілік кәделі сый саналады. Етті, өте мығым, оңайлықпен шағылмайтын қатты сүйек болғандықтан оны тұрмыстық дүниелерге пайдаланады. Сүйектерінің өзінен әдемі әшекейлі бұйымдар жасаған. Пышаққа сап та жасаған.
Тарихи-архелогиялық зерттеулерге негізделгенде, ертедегі тайпалар садақтың жебе ұшын ірі малдың тісі мен осы кәрі жіліктің сүйегінен де жасаған.
Кәрі жілік - малдың басқа мүше сүйектеріне қарағанда ең қаттысы, шағылуы да қиын. Тарихи-археологиялық зерттеулерде кездескен мәліметтерге сүйенер болсақ, осы сөзімізді мына дүниелер растайды. Алтын адамның садағы мен жебесінің ұшы осы кәрі жіліктің сүйегінен жасалғаны дәлелденген.
Халқымыз ертеден ырым-тыйымдарға қатты мән беретінін білеміз. Соның ішінде бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтпаған үлкендер жастарға ескертіп айтып отыратын ырымдар бар. Олардың қасиеті туралы бүгінгі ұрпақтың бірі білсе, екіншісі біле бермейді. Мәселен, қазақ халқының тұрмыс-салтында кәрі жілікті босағаға ілу наным-сенімі болған екен.
Жалпы салт-дәстүр дегеніміз барлық ұлтта да бар. Ол ұлттың болмысы, ол-ұлттың қалыптасуы, ол-сол халықтың жүрген жолы. Салт болу үшін қандай болу керек? Мысалы бір амал-әрекет жасап жатыр, осыны салт екен деуіміз үшін, оның артында ғылыми дәлелденген тарихи-археологиялық дүниелер немесе қисса, аңыз-әңгімелер болу керек. Ал дәстүр белгілі бір уақытта қалыптасып, кейін жоқ болып кететін нәрселер, яғни қоғамның ыңғайлығына, заманның талабына байланысты дүниеге келеді де, бір кездерде жоқ болып кетеді.
Кәрі жілік дегенде оның жіліктігі және ілдіргісі болады. Енді осы кәрі жілік барлық жіліктердің ішінде уақыт өткен сайын қатая беретін жалғыз жілік. Басқа сүйектер кеміктеле беретін болса бұл керісінше қатая беретін жілік. Осыны 5-6 жыл қатайтып, жіліктігінен үскіге сап, пышаққа сап жасайды, ілдіргісінен білтекеш жасайды, мәймөңке жасайды, қайыс біз деген бар соны жасайды, яғни тұрмыстық керектілікке пайдаланады.
Мысалы Есік қаласынан табылған Алтын адаммен бірге табылған садақтың жебесінің ұшы осы кәріжіліктен жасалғаны анықталып, дәлелденіп отыр. Мұны этнограф ғалым Сәкен Алдашбаев пен Болат Бопайұлы өздерінің Қазақ кәдесі атты ғылыми еңбегінде дәлелдеме келтірген болатын. Кейін темір басқа да металдардан жасалған бұйымдар келе бастағасын бұл керектіктен ығыса бастады.
Бұл кәріжілікті яғни қарыжілікті көшпенді қазақ елі көшіп-қонып жүргенде осы жіліктің қасиеті бар деп үйдің босағасына, қораға іліп қоятын болған. Кәрі жіліктің жіліктік тесігі болады, соған ши өткізіп әскер сияқты қораны күзетіп тұрады деп ойлаған. Қарап тұрсаңыз шынында мынау басындағы бөркі, көз салсаңыз кәдімгі тура адамнан аумай қалады. Осы кәріжіліктің ілдіргісінен ілгек бізді жасадық. Бұл қолға ұстауға да өте ыңғайлы, әрі берік болады. Бұл тоқымаға өте ыңғайлы. Бұл жоқшылықтан емес, бұл атам қазақтың ысырап болмасын, обал болмасын деп малдың барлық өнімін керегіне жаратып отырған. Осы ілгекті бізбен қаншама балаға киім тоқып, алаша тоқып отырған. Қолға кіріп кетеді немесе қажайды деп те қорықпайды, сынып та кетпейді, өте ыңғайлы, берік болған. Кескіш біз де жасаған, онымен тон, киіз, аяқ киім тіккен кезде алдымен тесіп алған, себебі кәріжіліктің қатты, мығым сүйек екенін жоғарыда айтқан болатынбыз. Осындай дүниені халқымыз өздері ойлап жасап алған, бұл ысырапшылық болмасын деп отырған. Бұдан шығатын қорытынды осы кішкентай ғана сүйек қаншама нәрсеге жарап жатқаны мені таң қалдырды.
Сондықтан да қазақ халқы адамын алтынмен аптап, арғымағын күміспен күптеп кереметтей байлықты өздері ойлап-тауып, иемденіп келген.
Кейін енді осы ата-бабамыз пайдаланған құндылықтың астарында қандай аңыздар бар екен деп іздестіргенде бірнеше аңыздардың шығу тарихын оқығанда бұл құндылықтың қазіргі уақытта ұрпақ тәрбиесіне бірден-бір керек әрі пайдалы білім болатынын дәлелдедік.
Жақында атамнан кәрі жілікті босағаға іліп қою қажет екенін естідім. Бұл әңгіме қызықтыра түскендіктен себебін сұрауға тырыстым. Себебі біз де кейінгі ұрпаққа ата-бабадан қалған өнегені өсиет етіп жеткізуге, баба дәстүрін сақтауға міндеттіміз.
Кәрі жілікті босағаға не үшін іледі?. Бұл сұраққа кәрі жілік үйді бәле-жаладан, жын-шайтаннан қорғайды немесе кәрі жілік көрсең, қораңа байла, малыңа қорған болады деген тиісті жауаптар алдым. Сонымен қатар халық арасында Кәрі жіліктің ұрының көзіне 40 қарулы әскер болып көрінгені туралы кеңінен таралған аңыз-әңгіме де бар екенін естіп, тағы да қызығушылығым арта түсті.
Кәрі жілік ел жұртты апат-бәлекеттен сақтауға септеседі деген де сенім бар. Оны үйдің оң босағасына, қорасының айналасына байлап іліп қояды. Оны киесі туралы ел ішінде мынадай қызықты аңыз бар.
1. Кәрі жілік көрсең, қораңа байла. Малыңа қорған болады
Ертеде бір байдың қорасын қырық қарақшы торуылдайды. Бірақ, қанша тырысса да, малын ала алмаған екен. Байдың қорасын қарулы жасақ күзетіп тұрыпты. Бірақ, таң ата қарауылдар көзден ғайып болады екен. Ұрылар тылсым жайды түсінбейді. Ертесіне біреуін тыңшылыққа жұмсайды. Ол байға жолаушы кейпінде келіп сыр тартады. Байдың жалғыз ұлы мен бәйбішесінен өзге ешкімі жоқ екен. Тыңшы қайта келіп: - Байдың малын күзететін не жалшы, не күзетшісі жоқ. Бәрін барладым. Көршілерінен де сұрадым. Ешбір жасағы жоқ. Бізге елестеген болуы керек, - дейді. Ұрылардың басшысы: - Ендеше, бүгін шабамыз, - деп атқа қонады. Бұл жолы да ұрылар қораға тақап келгенде қарулы жасаққа кезігеді. Ұрылардың бірнешеуі жараланып, кейін шегінеді. Ертесіне ұрының басшысы байға өзі барып:
- Байеке, мен ұры едім. Он күн болды сіздің малыңызды торып жүргеніме. Бірақ, қораңызды күзеткен қалың әскер алдырмайды. Күндіз көзден ғайып болады. Не сыр, не киеңіз бар, айтыңызшы? - деп ағынан жарылыпты.
Бай ұрыны ертіп алып, қорасында ілулі тұрған кәрі жілікті көрсетеді:
- Әкем марқұм дүниеден өтерінде: Кәрі жілік көрсең, қораңа байла. Малыңа қорған болады деуші еді. Өсиетін орындап, кәрі жілік іліп қойдым. Содан бері малға қасқыр да шаппады, ұры да түспеді, бірде-бір малым жоғалмады, қайта мыңғырып өсіп келеді. Соның шарапаты болмаса, менде басқа кие жоқ, - дейді.
Құдіретке бас иген ұрылар баймен дос болып, ниетінен қайтып, адал кәсіпке көшіпті деседі... Міне, кәрі жіліктің қасиеті.
Кәрі жіліктің қасиетін, ата-бабаларымыздың көрегенділігін дәріптейтін осындай аңыз-әңгімелер елде көп. Біз соның тек біреуін ғана айтып өттік. Мақсатымыз ата дәстүрді жас ұрапаққа насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру.
Кәрі жілік малдың сүйектерінің бірі болғанымен, оның өзіндік қасиетіне ерекше маңыз берген жөн. Бүгінде ұмыт болған бұл наным, сенімге көпшіліктің бейжай қарайтыны рас. Бұл ретте ата-бабамыз қастерлі санаған жілік туралы тағы мына бір аңызды да ұмытпаған жөн. Түсінікті болуы үшін оны да айтып бергенді жөн көріп отырмын.
2. Ер жігітті қырық қауіптен қорғайды
Ертеде байдың жалғыз ұлы болыпты. Ол керуен тартып, қалаға саудаға аттанады. Сапарға шығар кезде әкесі:
- Балам, мына кәрі сүйекті қойныңа салып ал. Қауіп-қатерден аман боласың, - дейді.
- Әй, әке-ай, сенің-ақ ырымың таусылмайды екен, - деп ұлы селсоқ қарайды. Бірақ, әке көңілін қимай, көп қапшықтың біріне лақтыра салады.
Межелі жеріне аман-есен жетіп, саудасын жасап елге қайтады. Жолда керуенге қарақшылар шабуылдайды. Бала не ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz